- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 343
https://www.youtube.com/embed/7eKvu1BgKDo?si=Qs2maYiTERo3dhkb"
Қазақта «Атаның салған жолы бар, Ананың тіккен тоны бар»-деген қанатты сөз бар. Бұл сөз Қордай ауданы Кенен ауылында бар ғұмырын ел игілігі үшін еңбек еткен қазақ әйелдері арасынан шыққан алғашқы киномеханик әйел Рәпия Халыққызы мен ауыл баласына әліппені үйретіп 40 жылдай мектепте сабақ берген Ордабай Сәдібековтерге арналған секілді. Ордабай ата мен Рәпия ана сонау Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейін қос өзендей қосылған тағдырларында қилы қиын күндер көп болса да мойымай қарсы тұрып 7 баланы аялап өсірген бақытты отбасы деуге болады. Жамбыл облысы Қордай ауданында орын алған игі шара осы азаматтарға арналды.
Қазақтан шыққан тұңғыш киномеханик әйел, КСРО Киномоторграфиясың үздігі, «Құрмет белгісі» және «Октбярь революциясы» ордендерінің иегері, Қазақстанға еңбегі сіңген Мәдениет қызметкері. Жамбыл облысының құрметті киномеханигі, ел құрмет еткен ана Рәпия Халыққызының атында Қордай ауданы Кенен ауылында мұражай кабинет ашылды. Мұражайдың ішіне ардақты анамыздың көзі тірісінде қолына ұстаған заттары мен тарихи құнды жәдігерлер қойылған. Сонымен қатар мұражайдың бір бұрышына Рәпия анамыздың өмірлік жары Қазақ СССР Оқу-Ағарту ісінің үздігі, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қордай аудынында алғаш болып құрметті азамттығын алған жанның бірі, 40 жыл ұстаздық етіп бала оқытқан ардақты жан Ордабай Сәдібеков туралы да мұржай көрермендердің назарына ашылып отыр.
БІРЖАН ӘЛІМБЕТОВ ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ АҚСАҚАЛДАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Елі үшін еңбек еткен жандарға арналған игі шараға Қордай ауданы әкімінің орынбасары, аймақтың ақсақалдар алқасының төрағасы, ауыл халқы мен Алматыдан арнайы ат терлетіп келген қонақтар қатысты.Мерекелік шараның екінші бөлімі ауылдың талантты, өнерлі ұл-қыздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.Салтанатты шарада атақты режиссер Ораз Әбішев түсірген "Рәпия" атты деректі фильм көрсетілді.
ДАМИРА МАРАТҚЫЗЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ҚОРДАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Шара барысында Рәпия анаға арналып сахнада жыр шумақтары оқылып, ауыл таланттары өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ ұрпақтары да әжелеріне деген сағыныштарын өлең шумақтарымен жеткізіп жатты.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 295
https://www.youtube.com/embed/spkkFGcEOTg?si=Sycjaw3dFxw2AcSR"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 334
https://www.youtube.com/embed/VjpZ7eqNpPQ?si=bl4G4OiJ8PKeCvyo"
2039 жылға қарай Ақтау теңіз айлағында жылына 20 футтық 200 мыңдай контейнер өңделеді. Бұған еліміздің батысында салынатын ірі хабтың көмегімен қол жеткізілмек. Осыған орай порттың жүк тиеу паркін жаңарту көзделіп отыр. Бұл контейнердің сыйымдылығын бірнеше есеге арттырып, жүктерді тиеу терминалдарын дамытуға мүмкіндік береді.
Транскаспий халықаралық көлік маршрутының бір бөлігі – Ақтау сауда порты. Айлақта жылына 20 футтық контейнердің 70 мыңы өңделеді. 2 жылдан кейін бұл көрсеткіш бірнеше есеге артуы тиіс. Себебі мұнда ірі хаб қолданысқа беріледі. Жобаның жүзеге асуына Қытай мен Араб Әмірлігі, Сингапур мен Германия сияқты елдер қызығушылық танытқан.
ҚАЙРАТ ҚАЛИОЛЛА - АҚТАУ ТЕҢІЗ САУДА ПОРТЫ КӨЛІК ЛОГИСТИКАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ: «Контейнерлік хабта қызмет көрсету мен жүкті өңдеуге бағытталған барлық қызмет түрлері көрсетіледі. Кешен аумағында қоймалар, рефрижератор контейнерлерге арналған тоңазытқыш камералар салу жоспарланған. Жөндеу жұмыстары да қарастырылады. Жүкті авто және теміржол көлігіне әзірлеп тиеу қызметін де ұсынамыз».
Маңғыстау облысында 2025 жылы ірі көлік-логистикалық кластер құру көзделген. Оның құрамына Құрық порты да енуі тиіс. Ол үшін теңіз табанын тереңдету жоспарланып отыр. Нәтижесінде Каспий теңізіндегі тереңдігі жағынан кемелер үшін ең оңтайлы айлаққа айналады.
СЕРІК АХМЕТОВ - ҚҰРЫҚ ПОРТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ «Жобада көрсетілген максималды тереңдікке дейін қазуды жоспарлап отырмыз. Бұл қазіргі деңгейден 1,5 метрге төмен түседі деген сөз. Қазір Балтық белгісі қолданылып отыр. Теңіз табаны мұхит деңгейінен 35 метрге төмен. Болашақта 36,5 метрге жетеді».
2024 жылы бұл кешенді жобаны зерттеу жұмыстары аяқталып, мемлекеттік сараптамадан өтуі тиіс. Содан кейін теңіз табанын тереңдету жұмыстары басталады. Күз айларына дейін толық аяқтау көзделген.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 296
https://www.youtube.com/embed/ARmwHe5txUQ?si=N_EUbO2QLPrjexvV" t
2023 жылы ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарлары бойынша бағаның 7,7%-дан 57,3%-ға дейін айтарлықтай өсуі тіркелгені анықталды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі абоненттердің бағаны көтеру туралы өтініштерін қарау аясында ағымдағы жылы тарифтік жоспарлардың шарттары мен ұялы байланыс қызметтеріне бағаның өзгеру динамикасын талдадаған.Ресми мәліметтерге сәйкес, 2023 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында ғана ұялы байланыс операторлары өздерінің ресми сайттарында ақпаратты жариялап, ай сайынғы абоненттік төлеммен 30-дан астам тарифтік жоспарда көрсетілетін қызметтердің құнын бірінен соң бірі көтерген.
Осыған байланысты, Кәсіпкерлік кодекстің 199-бабының 3-тармағын ескере отырып, бір күнтізбелік жылда бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттердің белгілерін қайта анықталуына байланысты Агенттік Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы бойынша қазіргі уақытта бірқатар ұялы операторларына қатысты тергеп-тексеруді бастады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 341
https://www.youtube.com/embed/mbxojjQbbMk?si=cT2U3LWPa89razSM"
Бүгін Алматы облысының Талғар ауданында балаларға арналған “Нұр” өнер-сауықтыру мектебі ашылды. Шараға қатысып қайтқан тілшіміз тарқатып берсін.
Талғар ауданының Белбұлақ ауылында бой көтерген мектепті тыныстыру салтанатына Respublica партиясының Алматы облыстық филиалы, Алматы облыстық білім, мәдениет, спорт және дене шынықтыру басқармаларының басшылары, облыстық Мәслихат төрағасы, Талғар ауданының әкімі, Белбұлақ ауылының әкімі,тұрғындар және бірнеше қоғам қайраткері қатысты. Салтанатты шарада лента қиылып, шашу шашылды,қазақы дәстүрге сай ақ бата берілді.
ТАҢАТ АЙДАРБЕКОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Мектеп Алматы облыстық Мәслихатының депутаты, өнер жанашыры Гүлжан Нұрбекқызының жеке қаржысына тұрғызылды. Қос қабатты ғимарат соңғы үлгідегі техникалармен, құрылғылармен, жиһаздармен жабдықталған. Өнер және сауықтыру орталығында ән-күй, би, шахмат, тоғызқұмалақ, шет тілдері үйірмелері жұмыс істейді.
ГҮЛЖАН ТУСИБИЯНОВА АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, МЕКТЕП ЖЕТЕКШІСІ
Жаңа ашылған орталық ауыл тұрғындарының игілігі үшін қызмет атқармақ.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 340
https://www.youtube.com/embed/aoxHRG3hQw0?si=Vp67toesE36LwSFf"
СҚО өңір басшысы жаңа жыл мерекесі қарсаңында Петропавлдағы отбасылық үлгідегі балалар ауылында болды. Кездесу барысында Ғауез Торсанұлы мұндағы балалардың әрқайсысына велосипед сыйға тартты. Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында 7 жастан 18 жасқа дейінгі 40-қа жуық бала тұрады. Мұндағы тәрбиешілер оларға ана орнына ана,әке орнына әке болып отыр. Жақында жиһаздар жаңасына ауыстырылды. Бұл жерде балалардың сүйікті ісімен айналысуға барлық жағдай жасалған.
ОЛЕГ ЛЕОНТЬЕВ ОТБАСЫЛЫҚ ҮЛГІДЕГІ БАЛАЛАР АУЫЛЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ: «Мен баскетболды жақсы көремін. Бұл спорт түрімен айналысып жүргеніме 2 жыл. Өткенде біз Алматыда өткен сайысқа қатысып жақсы нәтижелерге қол жеткіздік».
Өңір басшысы балаларды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап жылы лебізін білдірді.
ҒАУЕЗ ТОРСАНҰЛЫ СҚО ӘКІМІ: «Мен сіздерді келер жаңа жылмен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық тілеймін . Ең бастысы сабақтарыңызды жақсы оқыңыздар. Барлықтарыңыздың арман мақстаттарыңызға жетулеріңізге тілектеспін.»
Кездесу барысында балалар арнайы келген өңір басшысына өздерінің жаңа жылдық костюмдерін көрсетті.
Балалар келер жылға қойған жоспарлары және мақсаттары жайлы айтты. Әңгіме барысында олар Ғауез Торсанұлының балалық арманы туралы да сұрап білді.
Облыс әкімі балаларға құр қол келген жоқ. Ол мұндағы әр балаға велосипед сыйлады және күйсандық тарту етті.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 322
https://www.youtube.com/embed/rWxh8Bo0Etw?si=BCz6V0Ka4l27OWnX"
Жаңа жыл қарсаңында Ақмола облыстық полиция департаментінің автокөлік паркі су жаңа 44 көлікпен толықты. Автомобиль кілттерін облыс әкімі Марат Ахметжанов салтанатты түрде департамент басшылығына табыстады.
Полицейлердің жұмысы қашан да қиын. Әсіресе мереке күндері оларға жүктелетін міндеттің еселеніп кететіні бар. Бұл ретте, қызметке сай көліктердің болуы өте маңызды. Облыс әкімі Марат Ахметжанов тәртіп сақшыларының жұмысының қиын да, жауапты екенін атап өтті.
МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «Полицияның ең басты міндеті халықтың сеніміне ие болу. Сондықтан, бүгінгі сіздерге беріліп жатқан құралдар сіздердің қиын қызметтеріңізге оң септігін тигізіп қылмыстардың, құқыбұзушылықтардың болдырмауына өзінің оң септігіні тигізеді деген сенімдемін. Әрқашан да осындай үлкен сенімге ие болып, халықтың алғысына ие болып өздерің берген антқа берік болыңдар».
Жалпы, облыстық полиция департаментіне 44 көліктің кілті берілді. Оның ішінде патрульдік полицейлерге арналған 25 «Chevrolet Cobalt», «Jac» маркалы 5 автозак, 1 эвакуатор және қызметтік иттерді тасымалдауға арналған 1 автомобиль мен арнайы бөлімшелерге арналған 3 көлік, «Автоураган» кешені бар 2 «КИА» маркалы машина бар. Бұдан бөлек, «Chevrolet Cobalt» маркалы 7 авто шұғыл іздестіру шараларын орындау үшін ведомстваның жедел қызметіне берілді. Департамент басшылығының айтуынша, жаңа көліктер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында әлі де болса, сапалы қызмет етуге септеседі.
СЕРІК ӘБУТӘЛІПОВ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: «Күнделікті қоғамдық жерде, көшелерде, халыққа сапалы қызмет етуге берілген автокөліктер. Алдымыздағы мейрамдарда аталған автокөліктер жұмысқа шығады. Жыл сайын әкімшіліктен бөлінеді. Өйткені, өзінің уақыты бар. Олардың орнына да бөлініп жатыр. Қосымша да бөлініп жатыр».
Полицейлердің айтуларынша, «Chevrolet Cobalt» маркалы 25 көлік облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды патрульдеуге шығады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 311
https://www.youtube.com/embed/xKWHfS6smNo?si=ym71hxNDGA_gf_7G"
Қолайсыз ауа райы адамдарға Рождествоны Сиднейдегі Бонди жағажайында тойлауға кедергі болмады. Синоптиктер найзағай ойнап, екпінді жел соғады деп болжап отыр. Бірақ әлі де ыстық, сондықтан адамдар теңіз жағасында жүр.
ИРЛАНДИЯДАН КЕЛГЕН ТУРИСТ:
«Сіз,отбасыңызбен уақыт өткізуіңіз керек. Бұл бірге болу үшін тамаша уақыт. Мұндай ақылсыз әлемде отбасыңмен жақын болу өте жақсы шешім».
АНГЛИЯДАН КЕЛГЕН ТУРИСТ:
«Бұл жай ғана ғажайып. Сыйлықтар жоқ, бірақ менің қасымда керемет достарым бар, күнді көңілді өткізудеміз».
Жағажайда ерікті құтқарушылар кезекшілік етуде.
ЕРІКТІ ҚҰТҚАРУШЫ:
«Бұл өте стрессті уақыт. Адамдар көп болмайды деп ойладық, бірақ тамаша күн болып, адам көп болды. Сондықтан біз қазір қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысып жатырмыз».
Мереке күндері Аустралияның үш штатында, атап айтсақ: Жаңа Оңтүстік Уэльс, Виктория және Квинсленд штатында қолайсыз ауа райы болды. Синоптиктердің айтуынша, жауын жақын арада тоқтамайды. Бонди жағажайы - Австралиядағы ең жақсы жағажайлардың бірі. Ол Тасман теңізінің жағасында орналасқан және жарты ай тәрізді құм түкірігі болып табылады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 293
https://www.youtube.com/embed/8-kWAoLR_B4?si=b2fTwvHTbnSs-TWe"
Бүгін Израиль армиясының әскерилері 7 қазандағы шабуыл кезінде Хамас тарапынан кепілге алынғандардың бірінің көлігі табылғаны көрінген бірнеше видео жариялады.
Газа секторындағы индонезиялық аурухананың маңынан ақ түсті Toyota Corolla көлігі табылды. Бұл көлікті Хамас содырлары шабуылда пайдаланған. Сондай-ақ Индонезия ауруханасы ХАМАС инфрақұрылымын жасырып тұрғаны хабарланды. Осы уақытта Сирия астанасы Дамасктің шетіне жасаған әуе шабуылында Ислам революциясы Сақшылар корпусының аға кеңесшісі қаза тапқан болатын. Бұл туралы үш қауіпсіздік көзі мен Иранның мемлекеттік БАҚ өкілдері хабарлады. Сайед Рази Мусави 2020 жылы Иракта АҚШ-тың ұшқышсыз шабуылынан қаза тапқан элиталық Әл-Құдс күштерінің қолбасшысы Касем Сүлейманидің одақтасы болған.
Бұл арада Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ХАМАС содырларымен күресті ақыры соңына дейін жалғастыруға уәде берді. Оның мәлімдемесі ХАМАС жетекшілері Мысырдың тұрақты атысты тоқтату үшін анклавтағы биліктен бас тарту туралы ұсынысын қабылдамады деген ақпараттан кейін жасалды. Сонымен бірге, Газаның денсаулық сақтау министрлігі ондағы қаза тапқандар саны қазірдің өзінде 20 мыңнан асқанын хабарлады. Үйінді астында тағы мыңдаған адам қалуы мүмкін деген болжам бар. Соңғы 48 сағат өлімге әкелді. Босқындар лагерінде әуе шабуылы салдарынан кемінде 70 адам қаза тапты. Израиль армиясы бейбіт тұрғындарға тиетін зиянды барынша азайтуға тырысатынын және ХАМАСтың халық тығыз орналасқан аудандарда әрекет ететінін және бейбіт тұрғындарды тірі қалқан ретінде пайдаланатынын айтады. Египет пен Катар қазір кепілге алынғандарды қайтару мен гуманитарлық көмектің жеткізілуін қамтамасыз ете алулары үшін уақытша бітімге келуге тырысуда. Сонымен бірге мысырлық ақпарат көздері ХАМАС-тың ешқандай жеңілдік жасаудан бас тартқанын хабарлады.
Енді ол тек соғысты тоқтатудың орнына кепілге алынғандарды босатуға уәде беріп отыр. Израиль уақытша үзіліс қарастыратынын айтты. Кепілге алынғандардың отбасылары Нетаньяхуға қысым көрсетіп, оларды кез келген жағдайда босатуға тырысуда. 100-ге жуық израильдік тұтқын Хамастың қолында қалды деген болжам бар.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 310
https://www.youtube.com/embed/UzJbkaoerW0?si=dc3uNhZsboKQKsW8"
Отандық әскери қызметшілер халықаралық сайыста топ жарды. Бакуде күрестен 36-шы әлем чемпионаты өткен еді. Осы спорттық сайыста жерлестеріміз сәтті өнер көрсетіп, Қазақстан намысын қорғады. Біріншілік қорытындысы бойынша Қарулы күштердің өкілдері «алтын», «күміс» және екі «қола» олжалады. Жеңіспен елге орлған әскерилермен Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жеке кездесіп, спортшыларға алғыс айтты. Спорттағы жоғары жетістіктері үшін Аманғали Бекболатовты «Ел қорғаны» ведомстволық медалімен марапаттады. Айта кетейік, халықаралық әскери спорт кеңесі (CISM) мен Әзербайжан Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған жекпе-жектерде 18 елден келген 300-ден аса спортшы қатысты.
АМАНҒАЛИ БЕКБОЛАТОВ ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ОРТАЛЫҚ СПОРТ КЛУБЫНЫҢ СПОРТШЫСЫ: «Бүгінгі күн мен үшін өте қуанышты күн. Себебі, қорғаныс министрінің қолынан медаль алып жатырмын. Үлкен қуаныш мен үшін, отбасым үшін. Бұл менің алға қадам жасауыма үлкен серпіліс болады деп ойлаймын. Жақсы дайындықта бардық. Бапкерлер тарапынан бәрі жақсы болды. 4 белдесу өткіздім. Қарсыластарымды ұтып, әлем чемпионы болдым әскери қызметкерлер арасында».
Жыл басынан бері әскерилер халықаралық және республикалық 140-тан аса сайыстарға қатысып, онда 340 медаль еншілеген. Жалпы саны 171 алтын, 82 күміс және 87 қола алған.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 304
https://www.youtube.com/embed/0gLy78vxZZo?si=tF_e_TF3-QCjG6Pf"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 307
https://www.youtube.com/embed/5Ctts6tKWC8?si=-LlC_JJtsewA3zdc"
Зергерлік бұйымдар дизайнері анабела чан гауһар тастарды сапасы, анықтығы, карат саны және түсі бойынша зерттейді. Оның қызығушылығы жастайынан басталған.
Бұл зертханада өндірілген мінсіз асыл тастар. Олар жердегі жағдайға ұқсас ортада жасалған. Рас, жылдамдық жүздеген есе артқан. Қалыпты жағдайда алмастардың өсуі миллиардтаған жылдарды қажет етсе, мұнда химиялық процесс шамамен он аптаға созылады. Чан Лондондағы Найтсбридждегі өзінің бутигіне қойылған жұмысын «ғылым мен өнердің» қосындысы деп санайды. Оның айтуынша, он жыл бұрын зергерлік өнерді енді ғана зерттей бастағанда, ол Шри-Ланкадағы асыл тастар шахталарына барған.
АНАБЕЛА ЧАН ANABELA CHAN БРЕНДІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ: «Мен адамдардың жұмыс істеу жағдайларын көрдім және әлемдегі ең құнды тауарлардың бірін өндіру үшін қаншалықты аз жалақы алатынын білдім. Бұл маған мағынасыз болып көрінді. Сол кезде мен балама материалдарды зерттей бастадым. Мен тау-кен өнеркәсібін қолданбай-ақ әдемі жоғары сапалы зергерлік бұйымдар жасауды шештім».
Сарапшы Эдан Голанның айтуынша, зертханалық тастардың нарығы жыл сайын 20%-ға өсіп келеді. Бұл ретте жаһандық пайда қазірдің өзінде 15 миллиард долларға жетті.
ЭДАН ГОЛАН ТАЛДАУШЫ: «Зертханада өндірілген гауһар тастардың екі негізгі қасиеті бар. Біріншіден, олар табиғиға ұқсас. Екіншіден, бұл арзан балама. Бұл ақша үнемдегісі келетін тұтынушыларды қызықтырады».
Соңғы екі жылда Pandora мен Swarovski зертханада өсірілген гауһар тастардың бірқатарын ұсынды. Және бұл өз нәтижесін берді.Әлемдегі ең ірі зергерлік бұйымдарды өндіруші Pandora алмаз өнеркәсібін қолға алу кезінде танымалдылық пен табыстылыққа қол жеткізе алды.Өндіріс шығындары төмендеген сайын, зертханада өндірілген гауһар тастардың бағасы да төмендейді, қазір бір караттық тас өзінің табиғи баламасынан 80% төмен сатылады. Он жыл бұрын баға айырмашылығы небәрі 10 пайызды құраған.Бұл брендтер басқа жолдармен ерекшеленуі керек дегенді білдіреді.
Еще материалы
Страница 121 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.