- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 308
https://www.youtube.com/embed/pugWpIGR7qs?si=CmSN4yhdSlhKzB5x"
Қызылорда облысында қызылша ауруының 1133 жағдайы тіркелген. Оның 996 жағдайы - 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталса, 252 жағдай 1 жасқа толмаған сәбилер арасында орын алып отыр. Дәл осы кесел, ересек тұрғындар арасында 130-дан астам науқастың санын құраған.
Қызылша індетіне шалдыққандардың басым бөлігі ауруға қарсы екпе алмаған. Олардың саны жалпы сырқаттанушылардың 68%-ын құрап отыр. Оның ішінде медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты егілмегендер үлесі – 14,5%, егілетін жасқа жетпегендер үлесі - 33,4%, вакцинациядан бас тартқандар үлесі – 51%, сондай-ақ жоспарлы вакцина алуға тиісті мерзімде негізсіз себептермен екпе алмай жүргендер көрсеткіші – 1,1%-ды құрауда. Бұдан бөлек, 124 науқастың қызылшаға қарсы иммундық мәртебесі белгісіз екендігі анықталған. Ауырғандардың ішінде екпе алғандар да бар. Алайда, олар қызылшаға қарсы екпенің толық курсын алмаған. Тек 1 дозасын алған. Яғни, ағзада толық иммунитет қалыптаспағандар арасынан ауруды жұқтырып алу деректері де орын алып отыр.
АЙМАН ЖАНАХАЕВА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
Қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық ахуалдың тек біздің елде емес, бүкіләлемде күрделенуінің себебін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халық арасында қызылша ауруына қарсы вакцинациялау барысының әлсіреп, екпеден бас тартушылар санының артуымен байланыстырады. Себебі, ұжымдық иммунитет бәсеңдеген сайын, ауру жұқтырып алу қаупі күшейе түседі. Қауіп тобында - екпе алмаған, иммунитеті әлсіз адамдар. Иммундау шарасы әлі де жалғасып жатыр. Сондықтан, Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баршаңызды, әсіресе ата-аналарды өз балаларын ауруға қарсы вакцинациялауға шақырады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 340
https://www.youtube.com/embed/Z0irwIil5_A?si=0h7YSm7-_bbnwh0G"
Грекия жағалауларындағы кеме апатынан бір экипаж мүшесі қаза тауып, он екі адам хабар-ошарсыз кетті. Боран кезінде Лесбос аралында жүк кемесі батып кетті. Команданың бір мүшесі тікұшақтың көмегімен теңізде құтқарылды.Raptor кемесін ливандық компания басқарған және Комор аралдарында тіркелген.Ол, Александриядан Ыстамбұлға бет алған еді.
Бортта 6000 тонна тұз болған. 14 экипаж мүшесінің ішінде сегіз мысырлық, төрт үнділік және екі сириялық болды. Қаза тапқан адамның кім екені әзірге белгісіз. Кеме жексенбі күні таңертең апат белгісін берген. Көп ұзамай ол Лесбостан оңтүстік-батысқа қарай сегіз шақырым жердегі радардан жоғалып кетіпті. Жағалау күзеті кемеден мысырлық инженерді құтқарып қалды.
Оның айтуынша кеме сенбі күні су жинай бастаған. Ер адам Лесбостағы жақын ауруханаға жеткізілді. Апат табиғаттың тосын сыйына төзімсіз техникалық ақаулардың салдарынан болды деп болжануда.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 302
https://www.youtube.com/embed/j6WYF9hhLTk?si=P6-kBppDJGmykUyI"
Алматыда "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ, Азаматтық авиация комитетінің қолдауымен "Ұшу-қону жолағы бетінің жай-күйі туралы деректерді ұсынудың жаһандық форматы - GRF" тақырыбында өңірлік семинар өтті. Іс-шараға АҚШ Азаматтық авиация федералдық басқармасы,ТМД елдері азаматтық авиация мамандары, ұшып қону жолағының жай-күйін бағалауға арналған жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді өндірушілер, "Қазаэронавигация", отандық әуекомпаниялар мен әуежайлар өкілдері қатысты.Шараға қатысып отырған ТМД елдері авиациялық өкілдері аталмыш форматты енгізу процесі және оны одан әрі қолдану, ұшу мамандары экипаждарын жаңа GRF форматына дайындаудағы заманауи тәсілдер туралы бірегей тәжірибелерімен бөлісті. Шара екі күнге жоспарланған.
МАҚСАТ ТҮНДЕБАЕВ ҚАЗАҚСТАН АВИАЦИЯЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 334
https://www.youtube.com/embed/iRiuDbDOv2g?si=leXkoPZ5jDnEiTM5"
Ақтаудағы үйлердің біріндегі жертөледе жылу құбыры жарылып, жер-көкті су басты. Пәтерлердің де іші оңып тұрған жоқ. Бұрыштары көктеп, сыз тартып тұр. Шиттей бала-шағаға салқын тиіп, көкжөтел болуға айналыпты. Ал жауапты мекеме өкілі олқылықты жою үшін арнайы бригада жұмыс жасап жатқанын айтады.
Бұл 2-ші шағын аудан,72 үйдің тұрғындары. Барлығының шағымы бір - жылу жоқ. Себебі жертөледегі құбыр жарылып, істен шыққан. Ең сорақысы жауапты мекеме қызметкерлері 4 күн бойы ыстық суды тоқтатпапты. Салдарынан үйдің ірге тасына зақым келтірілген. Сөгіліп тұр. Онысызда сыз тартып тұрған пәтеріміз көктеп кететін болды,-дейді шағым айтушылар.
МАРИЯ ШАЙБЕЛЬ ТҰРҒЫН: «Балаларым үреймін жүреді. Бұл мәселенің бәрі қашан аяқталады деп сұрайды. Көктеп кеткеннің салдарынан пәтердің ішінде тыныс алу мүмкін емес. Үй әбден тозған. Әкімдіктен көмек сұраймыз. Балаларымыз үшін алаңдаймыз».
Жауапты мамандар осы апаттың кесірінен шағын ауданның жартысын жылусыз қалдырғандарын айтады. Себебі апат әр жерден болған көрінеді. Ал мына үйдегі жылу құбырын жаңасына ауыстырыпты.
ИСЛАМ ҮСЕНОВ - “КЖСА” МКК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Мұндай апаттар қала бойынша жиі болатыны рас. Себебі құбырлар әбден тозған. Апат болған жерге бізде арнайы бригадалар бар. Соларды жібереміз. Шама келгенше тез арада жөндеуге тырысамыз».
Мамандар ақауды ретке келтіруге уәдені үйіп-төкті. Ал тұрғындар мына бағытпен жүре берсе қылышын сүйреткен қақаған қыста бүрсең қағып отырмасақ болар еді деп уайымдайды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 316
https://www.youtube.com/embed/cQs0Ag-2m8U?si=0Hzw_AeeUAQfd0LZ"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 308
https://www.youtube.com/embed/RXy9prXF_38?si=0ecbzbrQRczdM2VA"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 346
https://www.youtube.com/embed/trsU4ebzLCc?si=Jt-yKbHnw2PY4Shc"
Йемен - су ең көп жетіспейтін елдердің бірі.Соның салдарынан 10 жасар Әли күн сайын есекпен құдықтан су тасуға мәжбүр.Ол тұратын аймақ климаттың өзгеруінен болған құрғақшылықтан қатты зардап шеккен.
Әлидің анасы ұлының әкелген суы бір күнде таусылатындықтан ол күніне бірнеше рет баратынын айтады. Сондықтан ұлының күн тәртібі өте тығыз.
АИША ӘЛ-ХАРАЗИ ӘЛИДІҢ АНАСЫ: "Ол таңертең оянады, жуынады, қойларды жайылымға шығарады, содан кейін қойларды қайтарып, мектепке барады. Мектептен қайтып оралған соң ол біз үшін су тасиды. Одан кейін ғана түскі ас ішеді, қойларды жайып, тауға апарып, күн батқанда қойлармен бірге қайтады ".
Ауыз суды құдықтардан тасудан бөлек адамдар жаңбыр суын жинаудың дәстүрлі әдістерін пайдалана бастады. Бұл ауданда қаладан шамамен 40 шақырым жерде арнайы шағын су жинағыш салынған. Оған шамамен 10 мың адам, сондай-ақ үй малы тәуелді.
МҰХАММЕД ХУСЕЙН – ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН: "Барлық фермалар аңғардың соңына дейін осы бөгеттен пайда табады. Одан барлығы да, тіпті ірі қара мал мен қой да ұтады".
БҰҰ мәліметінше, Йеменде 14,5 миллионға жуық адам таза ауыз су мен кәрізге қол жеткізе алмай отыр. Сондықтан да мұнда осындай су жинағыштар салынуда. Жобаның менеджері атап өткендей, таулы аймақта адамдар жер асты суларына сеніп қарап отыра алмайды.
ЯХЬЯ ТАХИР – ЖОБА МЕНЕДЖЕРІ: "Бұл ауылда ішуге қолайлы жер асты сулары жоқ. Олар үшін жаңбыр суын жинайтын тоған салуға тура келді ".
Ғалымдардың айтуынша, мұндай жобалардың өзі мәселені түбегейлі шешуге көмектеспейді. Олар алдағы жылдары құрғақшылық пен халықтың өсуі Йеменнің су жүйесіне барған сайын қысым жасайтынын атап өтті.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 321
https://www.youtube.com/embed/vFKnIchFfxA?si=IZU7q_8K_OvpySl6"
Өте қайғылы жағдай. Маған да ауыр болды. Павлодар облысының әкімі өңірде көз жұмған 7 жасар Милана Давыдованың өліміне қатысты түсінік берді. Асайын Байханов бұл істі өз бақылауына алған. Айта кетейік, Павлодар облысында полиция тіркеуінде тұрған проблемалық 300-ден аса, ал Екібастұзда 78 отбасы бар.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Бұл өте трагедиялық жағдай болды. Іздеу жұмыстарына тікұшақ жібердік. Өте қатты жел болды. Жергілікті әкімдіктің ата-аналардын әдепсіз мінез-құлқына назар аудармағаны негізгі кінә саналады. Бәрінің де кінәсі бар. Ауыл Екібастұздан 65 шақырым жерде орналасқан. Небәрі 7 үй ғана бар сол ауылда анасы тұрған. Маған да бұл жағдай ауыр болды. Сіздер сияқты менің де жүрегім ауырды. Дегенмен біз қорытынды шығардық. Жұмыс істедік. Екібастұзда кеңес өткіздім. Қазір іс полицияның тергеуінде».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 337
https://www.youtube.com/embed/p792hf_6nXI?si=zZE1gK8mpMNxc_Id"
Мефедрон сияқты синтетикалық препараттың 1,5 грамын өткізгендер 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бұндай жазадан студенттер мен мектеп оқушылары бейхабар. Сондықтан, полиция Қазақстандағы барлық ЖОО-ның жатақханаларында рейд өткізеді. «Жастар есірткі сатушылардың оңай олжасына айналды»,- деген Ішкі істер министрлігі ақпараттық түсіндіру жұмыстарын алдымен студенттерден бастамақ.
БАҚЫТЖАН ӘМІРХАНОВ ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Қалаға келген студенттер мен жасөспірімдер есірткі диллерлерінің оңай олжасына айналады. Тәуелсіз өмірді бастай отырып, бос уақытында ақша табуға тырысып, жастар кез келген заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілікті әрдайым біле бермейді. Ішкі істер министрлігінің міндеті – әрбір оқушы мен студентке осындай “табыстың” салдары туралы ескерту. 16 жастан бастап, барлық есірткі әрекеттері үшін толық жауап беруге тура келеді. Есірткі жасырушылар немесе курьерлер 7 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын алады. Интернетте есірткіні жарнамалау, насихаттау, белгілі бір есірткі туралы форумдарда оң пікірлер үшін жаза 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 304
https://www.youtube.com/embed/1gYlqbPB8Wc?si=V0_O-u5yoco4nfBq"
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ресми түрде Қытайдан балалар арасында белгісіз пневмония жағдайларының өсуі туралы егжей-тегжейлі ақпарат сұрады. Қытайлық ауруханаларда, әсіресе провинцияларда өкпе қабынуы бар кішкентай науқастар көбеюде. Көбісі ауыр халде түсуде.
Куәгерлер стационардағы орындарды бірнеше күн күтуге тура келеді, дәрігерлер де жетіспейді дейді. Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау бюросы елде респираторлық ауруларға шалдыққан науқастардың көбеюін растады. Бұл ретте өршу COVID-19-бен байланысты болуы мүмкін деген қауіп артады. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы пневмония індетінің себебі қатаң антикоронавирустық шектеулердің жойылуы және қыстың жақындауы болуы мүмкін, соның салдарынан тұмау, респираторлық-синцитиалды вирус, COVID-19 және микоплазмалық пневмония белсенді таралады дейді.
Соңғысы - кең таралған бактериялық инфекция, ол әдетте кіші жастағы балаларды зақымдайды. ДДҰ сондай-ақ қосымша эпидемиологиялық және клиникалық ақпаратты, сондай-ақ Халықаралық медициналық-санитарлық қағидалар тетігі арқылы балалар арасында тіркелген таралулардың зертханалық нәтижелерін сұрағанын жариялады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 353
https://www.youtube.com/embed/SYp2ZiUQWWE?si=Ymb-cNitHzSFchp-"
Ақмола облыстық прокуратурасы жалған дипломмен жұмыс істеп жүрген бірнеше мұғалімнің заңсыз әрекетін әшкереледі.Ауылды жерлерге жас мамандарды тартуға мемлекет тарапынан ерекше назар аударылып, оған қомақты қаржы да бөлініп жатыр. 2009-шы жылдан бері еліміз бойынша «Дипломмен-ауылға» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Аталған бағдарламаға сәйкес елдімекенде жұмыс істеуге ниетті жас мамандарға қайтарымсыз жәрдемақылар мен жеңілдетілген несиелер алу мүмкіндігі қарастырылған. Соңғы жылдары ауылдағы маман тапшылығы біршама сейілді дегенімізбен жекелеген тұлғалар жеңілдетілген шарттарды заңсыз пайдалана отырып, бюджет қаржысын жымқырып келген. Облыстық прокуратура бағдарлама аясында әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну кезінде қолданыстағы заңдылықтың сақталуына сараптама жүргізді. Оның қорытындысы бойынша жалған диплом арқылы жеңілдік алып, әрі келісім-шарттық міндеттемелерді бұзған тұлғаларды анықтады.
МЕРУЕРТ БАЙБОЛОВА АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ: «2021 жылы Атбасар ауданындағы мектептердің біріне бір азаматша жалған дипломмен биология пәнінің мұғалімі болып орналасады. Бір жылдан соң сол құжатпен баспана алу бағдарламасына қатысып, 4 миллион 900 мың теңге мемлекеттен қаржы алады. Дәл осындай схеманы облыстағы білім беру саласының 12 «жалған» маманы пайдаланған. Шығын көлемі 30 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта қылмыстық қудалау органдары тергеу шаралары жүріп жатыр».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 495
https://www.youtube.com/embed/-k2wftcJfAQ?si=XEz806Kj32Ugt2t3"
Асық ату – қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Бұл ойын асқан қырағылық пен ептілікті талап етеді. Физикалық қабілетін шаңдап қана қоймай,баланың ойлау дағдысын арттырады.Ата-бабамыздан мұра болып қалған ойынды қазіргі жастардың санасына сіңіріп,олардың қызығушылығын ояту мақсатында «Асық ату» федерациясы ауқымды жұмыстарды қолға алған. Қазіргі таңда қаладағы білім ошақтарында асық ату,бес асық, тоғыз құмалақ секілді дала дәстүрлерін дәріптеуде.
АСАН ҚАНАПИЯНОВ АСЫҚ АТУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ,БАС ТӨРЕШІ
ЖАННА ЖЕТЕНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ №205 ЖББМ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Еще материалы
Страница 138 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.