
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 711
https://www.youtube.com/embed/iDKa59_mcPU?si=C_YGF3KA8wlrZnxO"
Ақтауда «Күміс университеті» жобасы аясында егде жастағы адамдарды оқыту басталды. Зейнеткерлер жергілікті жоғарғы оқу орнында білімдерін шыңдауда. Қазірдің өзінде мекемеге жетпістен аса адам жазылып, жаңа саланы игеруге ниет білдірген.
83 жастағы Түркменбай Қокенбаев алғашқылардың бірі болып жоғары оқу орнының студенті атанды. Оқуды тәмамдаған соң қария экскурсия жетекшісі атанады. Ұзақ жылдар бойы дәрігер болып қызмет еткен зейнеткер, Маңғыстау өңіріндегі аудан-қалалардың барлығында болғанын және барлық тарихи орындардан хабары бар екенін тілге тиек етті.
ТҮРКМЕНБАЙ ҚОКЕНБАЕВ АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Ақтау - ақ қалаға келетіндер көп. Үлкен кісілер болуы мүмкін. Сосын сол үлкен кісілерге Маңғыстаудың, аспан асты мұражайын түсіндіру, көрсету, басқада жер асты мешіттері бар, басқа да көретін жерлер бар. Соған енді өзіміздің білгенімізді айтып, соған көмектесеміз».
Жобаның алғашқы курсы модульды жүйе негізінде оқытылады. Бағдарлама аясында ағылшын тілі және экскурсия жетекшісі мамандығы үйретіледі. Ал профессорлар мен ғылым кандидаттары аймақтың табиғи ерекшелігін түсіндіріп, киелі жерлер туралы мол мағлұмат береді.
БИБІАЙША НҰРДӘУЛЕТОВА ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:«Мен өзімнің сабағымда жалпы сакралдық деген не? Жалпы Маңғыстау несімен сакралды? Маңғыстаудағы жер асты мешіттері, Маңғыстаудағы көптеген ежелгі заманнан келе жатқан таңбалар бар,мынау жерлеу орындарындағы жазулар бар. Міне, осылардың мағынасын, мәнін түсіндірдім. Осы меститизм, татемизм, анемизм, шаманизм сияқты ежелгі түсініктердің іздері Маңғыстаудан табылады».
Маңғыстау аймағында экскурсия жетекшісіне сұраныс жоғары. Себебі, облыста жыл сайын туристер саны артып келеді. Былтыр қазан айына дейін өңірге 325 мыңнан астам турист келген.
ГҮЛСІМ ЖАРИЕВА ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Куәлік алып, жаңа мамандықты меңгергендердің арасында зейнеткерлер көп. Олардың өмірлік тәжірбиесі мол, өте білімді. Екі үш тілде еркін сөйлейді. Аймақ тарихын да жетік біледі. Сондықтан туристерді аймаққа көптеп тартуға олардың көмегі тиеді деп ойлаймын».
Үш айлық курстың соңында Күміс университетінің түлектері сертификаттар алып, Маңғыстау облысының туризм басқармасымен меморандум аясында өңірге демалысқа келетін туристер үшін экскурсовод ретінде жұмысқа орналасады.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 560
https://www.youtube.com/embed/mIBHre508fw?si=3VcbxRrxwVj3kqQ_"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 661
https://www.youtube.com/embed/4GsseAp7XS8?si=TSczaJf-TWZ3bhP2"
Елімізде ұшқыштарды даярлайтын тағы бір орталық ашылды. Жаңа жаттығу кешені Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіров атындағы Қарағанды авиабазасында орналасқан. Жедел-тактикалық авиацияның жаңартылған Су-30 СМ жаттықтыру кешені ұшқыштар мен авиация техниктері үшін сынақтан және техникалық қабылдаудан сәтті өтті. Жаттығу үш сегменттен тұрады, атап айтқанда – ұшудың әртүрлі жағдайын модельдейтін маманның жұмыс орны, ұшқыштың жеке дайындық орны және Су-30 СМ кабинасының имитаторы. Кешен экипажға пилотажды және әуе кемесін зақымдау үшін авиация құралдарын қолдану міндеттерін пысықтауға мүмкіндік береді. Пилоттық және штурмандық кабиналардың функционалдық жабдықталуы да кәдімгі ұшаққа ұқсас.
АЙТҚАЛИ ОРАЗҒАЛИ ПОДПОЛКОВНИК: «Қорғаныс ведомствосы ұшу құрамын сапалы оқытуға күш-жігерін салуда. Пайдалануға берілген жоғары технологиялық жаттықтыру кешені әскери ұшқыштарды даярлау үдерісін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 612
https://www.youtube.com/embed/PkpDJvdEvs4?si=DPV6Trf1eZyutBKi"
«Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 6,9 млн баланың есепшотына қаражат аударылды. Оның 305 мыңдайы биыл 18 жасқа толады. Яғни, олар бұл қаражатты білім алуға және баспаналы болуға жұмсай алады. Осы мақсатта 9 күннің ішінде біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 100-ден аса өтініш түскен. Статистикалық деректерге сүйенсек, балалардың ең көп саны 922 841 бала Түркістан облысында тұратынын көруге болады. Оларға 92 763 977 доллары есептелді. Балалар саны бойынша екінші орында Алматы қаласы. Үшінші орында - Алматы облысы тұр. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Басқарушы директоры Мұрат Шәріпов айтты.
МҰРАТ ШӘРІПОВ «БЖЗҚ» АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: «Осы 6 919 131 баланың биыл 18 жасқа толатын 304 815 баланың БЖЗҚ-да ашылған нысаналы жинақтау шоттарына ақша түсті. 9 күннің ішінде БЖЗҚ-ға 100-ден астам өтініш түсті. Оның ішінде 54-і білім беру ақысын төлеуге, 49-ы тұрғын үй жағдайын жақсартуға қатысты. Осы өтініштердің 63-і орындалды, 21-і қарастырылып жатыр. Қалған 19-ы қабылданбады. Қабылданбаған себебі, олар дұрыс өтініш қалдырмаған. Олар қайтадан өтініш қалдыра алады».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 637
https://www.youtube.com/embed/uOnQeOd6LjQ?si=SBJe8h8PVqU9BB8l"
Алматы облысы Талғар ауданында тоғызқұмалақ спортынан жастар мен жасөспірімдер арасында жекелей чемпионат өтті. Жарысқа облыстың жеті ауданы мен Қонаев қаласынан 70-ке жуық жас спортшы қатысып, өзара үздікті анықтады. Өңірлік чемпионатта жастар тоғызқұмалақ спортының классика және блиц түрлерінен бақ сынады. Алғашқы үш орынды иеленген жүлдегерлер наурыз айында Өскемен қаласында өтетін республикалық чемпионатқа жолдама алды. Жарыс жеңімпаздары арнайы медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бұл жолғы чемпионат мүлде басқа сипат алды. Себебі ұйымдастыру шаралары да, өту барысы да, марапаттау салтанаты да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Соңғы уақытта ұлттық құндылық саналатын тоғызқұмалақ спортын қолдау күшейген байқауға болады. Жастардың дүниетанымына ерекше серпіліс беріп,санасын сергітетін тоғызқұмалақ ойындарына әсіресе Алматы облысы қолдан келгенше қолдау көрсетіп,дәріптеуде.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 565
https://www.youtube.com/embed/sAiYdFlXPLQ?si=2UiaOYC2F4cfcouu"
Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы комиссиясының соңғы деректері бойынша Алматыда сейсмикалық жағдай тұрақты. Бүгін ӨКҚ алаңында спикерлер Алматы қаласының аумағындағы сейсмикалық жағдайлар туралы баяндады.
ДӘУЛЕТ СӘРСЕНБАЕВ ҰЛТТЫҚ СЕЙСМОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕР ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:«Біздің мамандардың қорытындысы бойынша, бірнеше ғылыми бағыттардың деректері бойынша, жер қыртысындағы «жойқын» 200 - ге жуық процестерді зерттей отыра және Алматы сейсмикалық белсенді ауданының аумағында 5.5 және одан да көп магнитудасы бар жер сілкінісі болады деп күтілмейді».
Спикерлер оңтүстік пен оңтүстік-шығыс Қазақстан жер сілкінісі қаупі жоғары аймақта екенін еске салды. Алматы қаласы тау бөктерінде орналасқан, бұл сейсмикалық-шартты процестердің қосымша қауіптілігінің факторы болып табылады.
ДӘУЛЕТ СӘРСЕНБАЕВ ҰЛТТЫҚ СЕЙСМОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕР ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:«Әрине, жақында Қытай мен Қырғызстан шекарасындағы таяуда болған жер сілкінісінен кейін, оның сейсмикалық толқындары Қазақстан аумағында сезіліп, халық арасында дүрбелең туғызды, кейінгі жер сілкінісінен кейін оның қайталанауы мүмкін бе деген мәселе халықты қатты алаңдатады. Шын мәнінде, 7 балдық жер сілкінісі 23 қаңтарда Қытайда Алматыдан 260 шақырым жерде орын алды».
Сондай-ақ, ағымдағы сейсмикалық жағдай бойынша қорытындылар сейсмикалық процестерді: гидродинамикалық, гидрохимиялық, геофизикалық, деформациялық процестерді және тіпті биологиялық бақылауларды мониторингтеуден алынған деректерінің кешені бойынша берілетінін түсіндірді.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 576
https://www.youtube.com/embed/qZinD1W6f_E?si=z_gsrYTbSpSUz2uB"
Филиппиннің оңтүстігінде көшкіннен кейін 110 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Бірнеше күн бұрын жер үйлер мен екі автобусты көшкін көміп тастаған. 11 адамның қайтыс болғаны расталды. Тағы 31 адам жарақат алған.
Минданао аралындағы Давао-де-Оро провинциясындағы Масара таулы ауылында көшкін болды. Бастапқыда 40 адам із-түссіз жоғалған деп хабарланғанымен, кейін олардың саны екі есеге артқан. Олардың арасында көшкін кезінде үйлеріне қайтуға дайындалып жатқан автобустарда болған шахта жұмысшылары да бар. Олардың біразы терезеден секіріп, қашып, аман қалған. Құтқарушылар оқиға орнында жұмысын жалғастыруда. Оларға әскерилер мен еріктілер көмектесуде. Ал, адамдар туыстары туралы ақпаратты күтуде.
КАНО ЖОҒАЛҒАН АДАМНЫҢ ӘЙЕЛІ: «Туыстарымыз күйеуімнің осында екенін растады. Мен оған көшкіннен кейін түнде телефон соқтым, бірақ жете алмадым. Ол фургонды жүргізеді, жұмысшыларды алып кететін».
Бірақ, тағы жаңа көшкіннің жүру қаупі бар. 1160-тан астам отбасы үйлерінен көшіріліп, эвакуациялау пункттеріне орналастырылды. Филиппиннің бұл аймағында су тасқыны мен көшкіннің салдарынан қатты жаңбыр жауды.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 591
https://www.youtube.com/embed/B7Kmim7gXbI?si=ZttcxRudlJYzKkaT"
Аустралияда жаңа заң енгізілді. Енді қызметкерлер жұмыстан тыс уақытта басшыларының қоңыраулары мен хабарламаларын елемеу құқығына ие. Бұл миллиондаған жұмысшылардың өмірін жеңілдетті.
Заң жобасында басқа да жеңілдіктер қарастырылған. Дегенмен, бұл ереже көпшіліктің ерекше сезімдерін тудырды.
КОЛВИН МАКФЕРСОН СИДНЕЙ ТҰРҒЫНЫ: «Менің ойымша, бұл тамаша идея. Түн ортасында электронды хаттар мен телефон қоңырауларына алаңдамау үшін таптырмас дүние. Менің екі балам заңгер. Олар ұзақ уақыт жұмыс істейді, әсіресе жұмыстың қызар уақыты түнде басталады. Енді, барлығынан демалып, уақытылы ұйықтауға мүмкіндік тумақ. Біз машина емес - адамбыз. Демалыс әрқашан қажет".
ИВАН КАРАЖАС СИДНЕЙ ТҰРҒЫНЫ: «Енді демалыс күндері немесе демалыста үйде болған кезде, жұмыс күнінің соңында барлық гаджеттерді өшіріп, демала аламыз. Идея өте миға қонымды және өте қызықты».
Францияда, Германияда, сондай-ақ басқа ЕО елдерінде осыған ұқсас заңдар қазірде өз күшінде.
ФИОНА МАКДОНАЛЬД JOVCENTRE ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Өткен жылы біз сауалнама жүргізіп, қызметкерлер орташа есеппен аптасына 5,8 сағат ақысыз жұмыс істейтінін анықтадық. Бұл жылына 280 сағат, 130 миллиард долларды құрайды. Демек, бұл шын мәнінде кішкентай емес, үлкен мәселе. Сондай-ақ сауалнама барысында қызметкерлер бұның ұйқы режиміне, жұмысқа мотивациясына және отбасылық өміріне қатты кері әсер ететінін де айтты».
Алайда көптеген кәсіп иелеріне бұл заң ұнамады. Олардың жұмысына бұндай заң тым қатты шектеу жасайды екен.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 553
https://www.youtube.com/embed/jwkVoAMzU2Y?si=Jx3F7jyCqQ-UgdCF"
Алматы қаласында Еуропа қыпшақтануының негізін қалаушы, қазақ тілінің жанашыры, әйгілі еуропалық ғалым, доктор Қоңыр Мандокидің 80 жылдығына арналған «Қоңыр және ұлттық құндылықтар» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылды. Айтулы шараға елімізден бөлек, АҚШ-тан, Мажарстаннан, Қырғызстаннан белгілі түркітанушылар мен ғалымдар қатысты. Шараға жиналған жұрт, атақты ғалымның еңбегін сөз етті.Жас ұрпаққа қалдырған мұрасын дәріптеді.
ЕРДЕН ҚАЖЫБЕК, ПРОФЕССОР
Венгрлiк қыпшақ ғалымы, мажар халқының үлкен жүректi азаматы, түркологияның белдi өкiлi, профессор, қазақ десе жүрегiн жұлып беруге әзiр болған асыл ер,Иштван Мандоки Қоңырдың «бiз бiр алып шынардың бұтағымыз, ата-бабаларымыз қасиеттi Тұран топырағында ажырамастай берiк достықта тұрған» деп есептеп, бар ынта-жiгерiмен қазақ тiлiн үйренiп,еркiн сөйлей алғаны көпшілікке өнеге. Оның қазақ тіліне деген іңкәрлігін әр сөзімен,еңбегінен байқауға болады. 100 жылда бір туатын тұлғаның мерейлі мерекесі Қазақстанда ғана емес,бауырлас түркі елдерінде кең көлемде аталып өтетін болады.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 959
https://www.youtube.com/embed/QZdJD0o-1yU?si=KAj5-tl_49wYYV4Y"
Аталмыш өңірде жасөспірімдер арасында ұлттық спорттың жандануына ерекше ден қойылып келеді. Мәселен Іле ауданында қазақ күресінен «Комсомол барысы» деп аталатын турнир ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану арқылы салауатты өмір салтына бейімдеу. Мамандардың пікірінше ел намысын қолдан бермей жүрген аға буын спортшылардың басым бөлігі ауылдық жерден шыққан. Сондықтан осы дәстүрден таймай, ауылдың қарадомалақтарын қолдан келгенше қолдау парызымыз деп санайды. Шара қорытындысы бойынша боз кілемде белдескен жастар,бірінен-бірі асып түсті. Жеңіске жеткендер бағалы сыйлықтармен марпатталды.
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ІЛЕ АУДАНЫ КАЗЦИК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 572
https://www.youtube.com/embed/MihyHMMUSgE?si=lglrrFC80L0gTmgk"
Ақмола облысы Щучинск қаласындағы жанар –жағармай құю бекетерінің бірінде жедел жәрдем жүргізушісі соққыға жығылды. Toyota Land Cruiser 200 маркалы көліктің жүргізушісі көлігін дұрыс қоймай, жол бергісі келмеген. Ал жедел жәрдем бригадасы кезекті шақыртуға асығып тұрған. Арада жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан.
Жол талғамайтын көлік иесінен таяқ жеген 57 жастағы жедел жәрдем жүргізушісі жарақатына қарамастан, шақыртуға барған. Қазір жағдайы қалыпты, дегенмен де көңіл-күйі жоқ,-дейді әріптестері.
САПУРА БАТЫРБЕКОВА, ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Біздің жүргізуші қатты жарақат алды. Басында және бетінде ісік пайда болды. Соған қарамастан ол шақыруға барып, ауру адамды ауруханаға жеткізді».
Полицейлер күдіктіні жедел іздестіріп, оны уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
ГҮЛНӘР ПИНЧУК АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Күдікті Щучинск қаласының 43 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта қылмыстық тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, сараптама тағайындалуда».
Дәл осыған ұқсас жағдай жуырда Қарағанды облысында орын алып, қоғам тарапынан үлкен резонанс туғызған еді.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 577
https://www.youtube.com/embed/-nBDOmD-il4?si=qyt5d4j_yEiAeOqS"
Жыл басынан бері Ішкі істер министрлігінің жедел қызметтері іздеуде жүрген 300-ден астам қылмыскерді ұстады, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен 200-ден астам адамды анықтады. Мәселен,павлодарлық тұрғынды атыс қаруымен атып өлтіргені үшін 2011 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Данат Бакибаев ұсталды.
ЖАНГЕЛДІ ТАБИЛОВ ҚР ІІМ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Алматы облысында Сабыржан Масахбаев ұсталды. Ол 2023 жылдың аяғында Алматыда топ құрамында бола отырып, алдын ала сөз байласу арқылы Сингапур азаматына шабуыл жасап, 3 млн теңге мен 13 мың АҚШ долларынан астам сомада ақшаны тартып алған. Ұсталған адамның сыбайластары бұрын құрықталған.Түркістан облысында полиция 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы Жамшид Ахмедовты ұстады. Шетелдік Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» шекара бекетінде шекарадан өту кезінде қамауға алынды. Ер адам 2014 жылдан бастап Ресей Федерациясының Иркутск қаласында кісі өлтіргені үшін іздеуде болды».
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жедел бөліністерінің қызметкерлері Шымкентте көрші мемлекеттің құқық қорғаушыларымен алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген тағы бір өзбекстандық Маруфжон Жураевты ұстады.
Еще материалы
Страница 135 из 234
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.