- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 383
https://www.youtube.com/embed/7vuAtSV6YRU?si=hCIlylwUfB_MPu5f"
Оңтүстік астанамызда «Қазақстандағы ұлттық жарнама тілін қалыптастыру және цифрландыру» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Аталмыш іс-шараға республикамыздың, сондай-ақ алыс-жақын шетелдердің белгілі ғалымдары, қоғам қайраткерлері, ғылыми қауым өкілдері және мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының мамандары мен БАҚ қызметкерлері қатысты. Конференция жұмысының негізгі бағыттары: Профессор А. Жұбановтың тілтанымдық мұрасы, Әлеуметтік лингвистика, Жарнама тілі және Жарнама корпусы,Тіл және экономика, Қазақстандағы жарнаманың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін қамтиды.
АЙДАНА МАХАМБЕТОВА А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫНЫҢ КІШІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 387
https://www.youtube.com/embed/IuU40qlBZqs?si=K3sGlz3jZunPRTUQ"
Жақын арада Нью-Йоркте әуе таксилері пайда болмақ. Әзірге оның прототипі ғана дайын болған. Қазір ол алғаш рет қалалық жағдайда сынақтан өтіп жатыр. Электрлік ұшақты американдық Joby Aviation компаниясы жасаған.
Әуе такси ұшқыш пен төрт жолаушыны сыйдыра алады. Бір зарядта ол 240 шақырымға дейін ұшады. Максималды жылдамдығы сағатына 320 шақырым. Құрылғы тік ұшып көтерілу және қону жүйесімен жабдықталған. Ол тікұшақтан жүз есе тыныш жұмыс істейді. Пропеллерлердің дыбысы қарапайым қалалық көліктің шуымен бірдей.
ДЖОБЕН БЕВИРТ JOBY AVIATION ДИРЕКТОРЫ: «Әуе таксилерінің ерекшелігі оның тыныштығында. Бұл Нью-Йорк сияқты қалаларда көптеген тікұшақ айлақтарын орналастыруға болатынын білдіреді».
Әзірлеушілердің айтуынша, мұндай әуе таксиі жолаушыларды Манхэттеннен Кеннеди әуежайына 7 минутта жеткізе алады. Ал көлікпен бір сағаттан астам жол жүру керек.
ДЖОБЕН БЕВИРТ JOBY AVIATION ДИРЕКТОРЫ: «Мұндай рейстен кейін зарядтауға небәрі 5 минут кетеді. Бір топ жолаушыны түсіріп, екіншісін бортқа отырғызу үшін бірдей уақыт қажет».
Компания өзінің прототипін сынақтан өткізуге АҚШ-тың Федералдық авиация әкімшілігінен рұқсат алды. Келесі қадам - коммерциялық тасымалдауға лицензия алу. Оларды 2025 жылы бастау жоспарлануда. Осы уақытта Нью-Йорк мэрі Манхэттендегі тікұшақ айлағында электрлік ұшақтарды қуаттайтын станциялар орнатылатынын хабарлады. Бұл әуе таксилерін пайдалануды жеңілдетеді. Joby Aviation компаниясының Калифорнияда зауыты бар. Олар болашақта Огайо штатында да нысан салады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 321
https://www.youtube.com/embed/Lwuz4CdhvBk?si=CUWmVQKbarHjSC0Q"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 343
https://www.youtube.com/embed/QJflIdLO6OM?si=5V724pAarE9SggoL"
Жезқазғанда көгілдір отын, газ қосу үшін "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ басшысы мен мамандары халықтан заңсыз ақша талап еткен. Олар қызметті жеделдетеміз деп 70 мың теңгеден бастап 300 мың теңгеге дейінгі мөлшерде сыйақы бопсалаған. Күдіктілер ұсталды. Тергеу басталды деп хабарлайды қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНТРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
«Өңірдегі газдандыру саласындағы жүйелі проблемалар ҚМА Ұлытау облысы бойынша Департаментінің әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуі нәтижесінде анықталды. Облыс прокуратурасының үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шаралардың нәтижесі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Аталған тұлғаларға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды».
Қаржы мониторинг агенттігі қызметін асыра немесе теріс пайдалану, қаражат жымқыру сияқты фактілердің куәсі болсаңыз "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұрайды. Анонимділікке кепілдік беріледі.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 341
https://www.youtube.com/embed/RZHdrvaQhL4?si=Os4GQRIg-c-_IFqf"
Жетісу жүгерішілерінің жайы мәз емес. Еккен өнімдерін өткізе алмай әлек. Отандық нарықта жүгерінің бағасы арзандап кетті. Былтыр келісін 125 теңгеден өткізсе, биыл 70 теңгеге түсіп қалды. Бұл баға пайда әкелмек тұрмақ, шығынды толық жаппайды. Бұған не себеп? "Дала аруын" күтіп баптап, нәсібін де соған байлаған шаруалардың еңбегі еш кеткені ме?
Биыл егінге орақ мерзімінен бір ай кеш түсті. Өнім мол болғанмен ауа райының қолайсыздығы егіншілердің еңсесін түсіріп отыр. Қазір қырман біткеннің басы төбе-төбе "сары алтын". Қазан айы жаңбырлы болып әбігерге салып еді. Қарашаның да қарбаласы аз емес.Қысалды шақ. Дәнді кептіру оңай іс емес. Бастысы- жүгері бағасы күрт төмендеп, орақ ұстаған қауымды қатты алаңдатып тұр. Жаркенттік байырғы жүгеріші Сағи ақсақал баға шығынды да ақтамайды деп қапалы.
САҒИ ҚОСБАҒАРОВ «БАУЫРЖАН» ШҚ БАСШЫСЫ: «Келесі жылы біз кредит аламыз.Өзіміз туралап тұрғанымызда, кредит одан әрі басып қалатын болды. Астықтың бағасы көтерінкі болса, дұрыс болар еді. Егер, баға көтерілмесе, келесі жылы жүгері екпеуіміз мүмкін».
ЖӘНІБЕК ОРАХАНОВ ДИҚАН
Панфилов ауданында 5000-дай шаруашылық бар.Соның 4000-ы жүгері өсіреді. Биыл 26700 гектарға сары дән себілді. Шаруалар жүрегінің басым бөлігін Жаркент крахмал-сірне зауытына өткізеді. Дайын өнімнің 60 пайызын отандық кәсіпорындар тұтынады. Ал, қалғаны алыс-жақын шетелдерге экспортталады. Бірақ, айтуларынша бағаның құбылуына зауыттың қатысы жоқ.
ВИЛИЯН ХАЛИКОВ - ЖАРКЕНТ КРАХМАЛ-СІРНЕ ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Зауыт алды ұзын сонар кезек. 200-ге жуық көлік тұр. Тасымалдаушылар мұнда сағаттап емес, 4-5 тәуліктеп тұратынын айтып шағымдануда. Сарылып күтуден шаршаған. Әсіресе шалғайдан келгендер үшін қиын. Суық күні көлікте ұйқтауға мәжбүр.
ӘДІЛЖАН САТУРИНОВ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ
АСХАТ ДӘУІРОВ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ
Жетісулық шаруалардың жанайқайынан жауапты басқарма хабардар. Бағаға әсер етуге қауқарсыз. Өйткені Ресейдің үлкен экспорттық ұсынысының салдарынан бидайдың нарықтағы бағасы төмендеді. Статистикаға сүйенсек дүниежүзілік нарықтағы бидай бағасы 14 пайызға, жүгері 23 пайызға арзандаған.
БАХТИЯР ШӘМПІКОВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 319
https://www.youtube.com/embed/PNcGamOpDHs?si=-WTTlh6Ygql9rE8N"
Шымкентте бопсалаушылар тобы қамауға алынды. Ұсталғандар екі кәсіпкерге күш қолданып, олардың көлігін заңсыз иемденіп алған. Қалалық Полиция Департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция барысында бопсалаушылар тобын құрықтады. Топ мүшелері – 20-40 жас аралығындағы азаматтар. "Олардың басым бөлігі бұрын соңды бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Ұсталғандар ұзақ уақыт бойы жергілікті екі кәсіпкерден қоқаң-лоқы көрсету және күш қолдану арқылы ақша бопсалап, BMW мен ВА3-2114 автокөліктерін заңсыз иемденіп алған. Тексеру кезінде төрт атыс қаруы, оқ-дәрілерімен, есірткі құралдары және өзге де заттай айғақтар тәркіленді", - делінген хабарламада. Айта кетейік полицияға 10 адам жеткізілді, оның ішінде топтың ең белсенді төрт мүшесі қамауға алынды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 329
https://www.youtube.com/embed/nN1KQ4jMx3M?si=sNpyZ1KcQYzftZip"
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ақшаны жылыстату және пара алды деген күдікке ілінді. Айтулы ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі растады. Комитет Қылмыстық-атқару кодексінің 92-бабы 3-бөлігіне сәйкес Мәсімов прокуратураның санкциясымен қылмыстық іс шеңберінде бірқатар тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторына қалдырылғанын айтты.
"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес кодекс, соталды тергеп-тексеру материалдары жарияланбайды", - деп толықтырды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 342
https://www.youtube.com/embed/ZL7u_Tu74J4?si=iIHNYP5RWZ9VrxZc"
12 жасқа дейінгі балалардан басқа, барлық азаматтар мен ел аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер дактилоскопиялық тіркеуге тұрады. Ал 12 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға ерікті түрде тіркелуге болады. Дактилоскопиялық тіркеу – мемлекеттік шекараларды кесіп өту рәсімін жеңілдетіп, жазатайым оқиғаларда, техногендік және табиғи апаттарда жеке басын куәландыратын құжаттарды қалпына келтіру рәсімін жеңілдетеді.
Жалған құжат жасаудан, азаматтарды алаяқтық және өзге де қылмыстық әрекеттерден қорғауға мүмкіндік береді. Жеке құжаттарға қосымша дактилоскопиялық деректер енгізілгеннен кейін үшінші тұлғаның, соның ішінде қылмыскерлер мұндай құжаттарды пайдалана алмайды.
САҒЫНДЫҚ ҚАМИТБЕКОВ ОПД КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 367
https://www.youtube.com/embed/rvnJAZFkCoA?si=fs5JnoHXr0TxUsZn"
Италияның ең ірі аралдарының бірі Сицилияда Этна жанартауы қайтадан атқылауда. Оның жылдамдығы оңтүстік-шығыс кратерден тіркеліп тұр. Таудан лава ағындары ағып, қара түтін бұлттарды басуда. Күл мен газ бағанасы 4,5 шақырымға дейін жетуде. Этна етегіндегі қалаларды бірте-бірте күл басуда. Дегенмен, Катания әуежайы әлі де жұмыс істеп тұр.
Стратовулкан Сицилияның шығыс жағалауында орналасқан. Оның биіктігі атқылауларға байланысты үнемі өзгеріп отырады. Екі жыл бұрын рекорд орнатып, 3357 метрге жеткен. Этна 1190 шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Бұл Италиядағы ең үлкен белсенді жанартау. Ол Везувийден 2,5 есеге үлкен. Шамамен үш айда бір рет лава бір жерден атқылайды. Сонымен қатар, жанартау беткейлері тығыз орналасқан, өйткені мұнда топырақ өте құнарлы.
Лава мен күл оны микроэлементтермен және минералдармен қанықтырады. Жергілікті тұрғындар «достық жанартау» деп те атайды. Себебі, олар үшін бұл еш қаупі жоқ таудың бірі. Дегенмен, вулканологтардың пікірі қазірдің өзінде өзгеруде. Олардың айтуынша, Этнаның мінез-құлқы барған сайын күдікті болып, атқылаулар тыныштан жарылғышқа ауысып барады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 402
https://www.youtube.com/embed/LcekzeaMGcA?si=dOgOexBBAPnUl9mR"
Еуропалық Одақ бұзылған табиғи экожүйелерді қалпына келтіру туралы заңды бекітуге келісті. Кейбір елдер бұған үзілді-кесілді қарсы болды.Осылайша Еуропарламент 2030 жылға қарай құрлықта және теңізде табиғатты 20 пайызға қалпына келтіруді талап ететін келісімге келді.
Birdlife биоалуантүрлілікті сақтау ұйымының аймақтық директоры Ариэль Бруннер келісім көпшіліктің көңілін қалдырғанын және біраз талқыға түскенін айтады.
АРИЭЛЬ БРУННЕР ЭКОЛОГ: «Бұл климаттық дағдарыс жағдайында биоәртүрлілікті шешуге бағытталған күш-жігердің маңызды кезеңінің бірі болмақ. Бұл заң бізге тәртіпті қалпына келтіруге мүмкіндік беруі мүмкін».
Енді заң жобасы Еуропарламент пен ЕО елдеріне түпкілікті бекітуге жіберіледі. Бұл қадам әдетте алдын ала келісілген құжаттарға қолданылатын формальдылық болып саналады. 2030 жылға қарай Еуроодақ елдері шабындықтар, өзендер мен ормандар сияқты жағдайы нашар табиғи аумақтарды жабу шараларын қабылдауы керек. Мақсат - деградация процессін кері қайтару. Себебі, ЕО табиғи аумақтарының 80%-дан астамы нашар жағдайда деп саналады. Үкіметтегілер мақсатты шаралар қабылдауы керек. Мысалы, шабындық көбелектердің популяциясын көбейту, сондай-ақ қоршауларды құруды ынталандыру секілді жұмыстар. Сонымен қатар, сулы-батпақты алқаптардың экожүйелерін кейбір экологтар климаттың өзгеруін тоқтатуға көмектеседі деп есептейді. Өйткені олар CO2 шығарындыларының көп мөлшерін сақтай алады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 336
https://www.youtube.com/embed/bvu-60-hjTQ?si=W1qpCnT_X7mF3tEz"
Батыс Қазақстан облысындағы Серебряково ауылының мұғалімдері мемлекетке 60 миллион теңгеге жуық ақша қарыз. Мұны естіген ұстаздардың өздері жағаларын ұстады. Олар мұнша көп ақшаны өңіміз түгілі, түсімізде көрмедік дейді. Ал білім саласына жауаптылар бұл ұжымға еңбекақы ай сайын тиісті сомадан асыра төленгенін анықтапты.
Экономикалық тергеу басқармасы осы іске қатысы барларды май шаммен тергеуде. Бір қызығы Серебряково мектебіндегі барлық мұғалім, тіпті күзетші мен еден жуушыға дейін мемлекет ақшасын артық жалақы алу арқылы заңсыз иеленген болып шықты. Мұны естіп төбе шашы тік тұрған 72 адам қыруар ақшаны ешқашан көздері көрмегенін айтып азар да безер.
ҒАЛИЯ ЖАҢАБАЕВА КРУГЛООЗЕРНОЕ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Жымқырылған ақша қызметкерлердің атына басқа банктен есеп шоттар ашу арқылы аударылған. Артық қаражат былтыр жалақы ретінде төленгені белгілі болып отыр. Ал осы іске қатысы бар күдіктілер қазір зым-зия жоқ. Олар бұрынғы есепші мен мектеп директоры. Бүгінде ауысып кеткен бұл қызметкерлерді жауапқа тарту үшін жаңа басшы тәуелсіз аудитке жүгінгенін айтады.
КЛАРА МЕҢДІҒАЛИЕВА БҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Ұстаздар мен кіші қызметкерлер ешқашан қолдарына тимеген ақшаны өздерінен кері өндірмек болғандарды тергеу нәтижесін күтуге шақырды. Өз қалталарынан төлемес үшін соттасуға бекініп отыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 342
https://www.youtube.com/embed/RarsBN72XzA?si=vWxtk7GjAplofkOA"
Алматыда үш күн бойы «Тенгриада» қойылымының тұсаукесері болып өтті. Халықаралық "Тенгриада" спектакль-жобасы Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына және мәдени алмасу жылының аяқталуы аясындағы жүзеге асты. Спектакль халықаралық жоба болғандықтан қойылымда Корея Республикасының актерлары, Республикалық корей театрының әртістері өнер көрсетті.
Айтулы спектакль екі елдің мәдени құндылықтарын біріктіріп, бірлескен рухани және мәдени дәстүрлерінің дамуына ықпал етті. Туынды Кореяның негізін қалаған тұлға Тангунның заманын, сол кездегі өмір мен мистикалық жағдайларды бейнеледі. Поэтикалық сипаттағы бұл қойылымның тарихы тым тереңнен тамыр тартады.Қойылым көрермендерге ерекше әсер қалдырып, өнер сүйер жандардың жүректерінен орын алды.
Еще материалы
Страница 146 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.