- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 834
https://www.youtube.com/embed/hU7A53wySSc?si=tdAMTlXDrfuYLERh"
Еліміздің кейбір өңірлерінде алдағы күндері (20-22 ақпанда) ауа температурасы - 45 градусқа дейін төмендейді,бұл туралы Қазгидромет мамандары мәлімдеді. Жетісу облысында ауа температурасының -30-35 градусқа дейін, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында —45 градусқа дейін, Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында —35 —39 градусқа дейін төмендейді деп болжанады.
Батыста, оңтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста және орталықта жел күшейеді, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста тұман түседі дейді синоптиктер.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 855
https://www.youtube.com/embed/UzC70xnZzxc?si=IgxZsfNcK1E5puX7"
Абай облысында ақ түтек боранда жолда қалған 44 адам тікұшақ арқылы құтқарылды. Ал, арнайы техниканың көмегімен 30 азамат, оның ішінде бес бала эвакуацияланды. Зардап шеккендер Қалбатау ауылына жеткізіп, уақытша жылыту пунктіне орналастырылған. Жолшылар мен полиция және төтенше жағдайлар департаментінің мамандары әскерилерді көмекке шақырыпты. Себебі, ауа райының қолайсыздығынан жолда қалған халықты құтқару қиынға соққан. Айта кетейік, аталған өңірде екі күн бойына қалың қар жауып, соңы боранға ұласқан. Салдарынан жолда жүру қашықтығы шектеліп, республикалық маңызы бар барлық автожолдар жабылған болатын.
Осыған байланысты Көкпекті ауданында жергілікті әкімдіктің шешімімен табиғи төтенше жағдай режимі енгізілген еді. Алайда, бүгін «Омбы-Майқапшағай» автожолында толықтай көлік қозғалысы қайта жанданды. Жол қызметкерлері мен арнайы техника қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 853
https://www.youtube.com/embed/Bd1aepwBpRY?si=AFF2RwNuypphU-Zn"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 976
https://www.youtube.com/embed/SW5FqvxwP-Q?si=k3h9f1225a2WV0QR"
Алматы облысыТалғар аудандық білім бөлімі ұйымдастырған тәжірибе алмасу мақсатында облыстық әдістемелік ашық есік күні өтті. Мектеп басшыларының әдістемелерін, ұстаздардың ұйымдастырушылық шеберліктерін айқындайтын шараға қатысып қайтқан едік.
Алматы облысы бойынша тоғыз аудан және бір қаланың мектеп басшылары мен ұстаздар қауымы,әдіскерлері қатысқан шарада ұстаздар озық тәжірибелерімен бөлісті.
ГҮЛЖИХАН ИМАНХАТОВА АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Аталмыш шараға аудандағы қосымша білім беру ұйымдары мен балабақшалары да тартылып отыр. Білім беру ордаларымен қатар осы ұйымдардың да ұстаздарының ашы есік аясында ұйымдастырылған көрмеге қолтуындылары да қойылған.
АЙНАГҮЛ ҮШКЕМПІРОВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан ауқымды шара барлық ауданда атқарылып болған соң мамыр айында педагогикалық форум өткізу жоспарланып отыр. Ең мықты деп танылған озық тәжірибелер сараланып қорытындысы шықпақ.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 821
https://www.youtube.com/embed/T9g2nEL5TWQ?si=zSFkaCGOSIjSWmGo"
Қызылорда өңірінде жұмыс уақыты режимін сақтау мақсатында 21 мемлекеттік органға мониторинг жүргізілді. Анықтау барысында 5 мемлекеттік органнан 28 мемлекеттік қызметкердің кеш уақытта да жұмыс жасағаны анықталды. Сондай-ақ, Е-қызметкер ақпараттық жүйесінің зерттеуінде 298 маманның 261 күн қосымша жұмыс жасағаны белгілі болды. Бұзылған құқықтың шешімі ретінде қызметкерлерге демалыс күндер бөлініп, 1 398 812 теңге көлемінде өтемақы берілді. Заң жүзінде Әдеп кодексінің ережесін сақтамағаны үшін 4 тәртіптік іс пен 2 мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылса, қызметке сай емес тірлік үшін 11 арнайы іс қаралды.
ЕРЛЕГЕН МЕҢДАЛИЕВ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 854
https://www.youtube.com/embed/8HKmIScy93I?si=KPiufh3tupOrcaQz"
Панама жағалауында босқындар мінген қайық апатқа ұшырады. Апат салдарынан зардап шеккендер де бар көрінеді. Мәйіттер Колумбия шекарасына жақын сулардан және Дариен Гап деп аталатын жерден табылды.
РУБЕН МУРЕНО ШЕКАРАШЫ: «Таң атқанда қайық ауа райының қолайсыздығынан елге жақындағанда суға батып кетті. Контрабандистер күдікті мигранттарды Каррето қауымдастығына апара жатқан болатын».
Қайықта барлығы 25 адам болған. Батып кеткен төрт адамның денесі судан жағаға шығарылды. Мәйіттер әр жерден табылған. Тағы 7 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
ХОРХЕ ГОБЕА, ПАНАМА ҰЛТТЫҚ ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ: «Ертең біз жоғалған екі адамның денесін іздеуді жалғастырамыз. Мигранттардың көпшілігі Ауғанстан азаматтары болды».
Соңғы жылдары АҚШ-тың оңтүстік шекарасындағы босқындардың саны күрт көбейген. Себебі, адамдар өз елдеріндегі кедейлік пен зорлық-зомбылықтан қашып жатыр. Сондай-ақ, АҚШ-тың Мексикамен шекарасында, Сан-Диего мен Тихуана арасында американдық тарап жаңа, биік металлдан қоршау салуда. Ол 10 метр биіктікте және Мексикаға бағытталған металл қаңылтырлармен қорғалатын болады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 884
https://www.youtube.com/embed/8GUN9bNKsF0?si=oLBe6TDLwKLeIpr6"
Кениядағы Лойсаба қорығында сирек кездесетін қара мүйізтұмсықтар табиғатқа шығарылуда. Мұнда барлығы 21 алып шөпқоректі жануарлар әкелінген. Бұл процесс үш аптаға созылмақ.
Жануарлар Найроби ұлттық саябағында, сондай-ақ Ол-Пежета және Лева қорықтарынан ауланып, Лойсабаға жеткізілді. Тасымалдау күнге созылды. Қазір мүйізтұмсықтар 230 шаршы шақырым аумақта қоныстануда.
ИСААК ЛЕКОЛУЛ ВЕТЕРИНАР: «Бүкіл қоныстандыру процесінде мониторингпен жұмыс жасадық. Ол мүйізтұмсықтардың қозғалысын бақылап, олардың қалай орналасатынын білу үшін таптырмас құрал болды. Кейбіреулері таңдалған аумаққа қоныстанып үлгерген».
Өткен ғасырда Кенияда 20 000 қара мүйізтұмсық өмір сүрген. 80-жылдары 300-і ғана қалды.Жануарлар үшін басты қауіп - браконьерлер. Мүйізтұмсық мүйіздері Азиядағы қара нарықта керемет ақшаға бағаланады. Сондықтан Африкада заңсыз аңшылық өркендеп тұр.
ДАНИЭЛЬ ОЛЕ ЖАНКЕРЕ ЛОИЗАБА ҚОРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Мүйізтұмсықтардың мұнда жүргеніне 10 жылдай болды. Шамамен 50 жыл бұрын оларды браконьерлер жойып жіберген еді. Енді біз ландшафтты жасартып, мүйізтұмсықтарға олардың популяциясының көбеюіне мүмкіндік бергіміз келеді».
Қазір Кенияда 1000-нан астам қара мүйізтұмсық бар. Кейбір қорықтарда олар үшін орын жеткіліксіз.
ДЭВИД ИНДИРЕ КЕНИЯ ЖАБАЙЫ ТАБИҒАТ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Ауданда олардың саны көп болып жатқандықтан көбеж процесі төмен. Сондықтан біз мүйізтұмсықтардың біразын басқа жерге көшірдік».
Лойзаба қорығында мүйізтұмсықтар көп болған кезде, шамамен 20 жануар жаңа аумақтарға көшіріледі. Кенияда 2037 жылға қарай 2000 сирек кездесетін шөпқоректілер болады деп күтілуде.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 811
https://www.youtube.com/embed/lEihR6gKJAc?si=S1kJH5A6jq4fPGQY"
Батыс Қазақстан облысында адал ақша тауып, нәпақасын тауып жүрген саудагерлер мен білім алып жатқан жастардың ақшасын тонаған қылмыстық топ ұсталды. Әзірге тәртіп сақшыларының құрығына 4 әккі ұры ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың барлығы студенттер. Қазір айтулы мәселеге қатысты тергеу жұмыстары мен іздестіру шаралары басталды.
АСЫЛАЙ ҒҰБАШЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 776
https://www.youtube.com/embed/uUwaTtaFzEw?si=AQiuc5wheH_9paLq"
Әлеуметтік желіде Алматы облысында белгісіз ер адам төрт баланы ұрып-соғып, азаптап, оларға пышақ салғаны туралы ақпарат тарады. Балалардың айқайына көршілері жүгіріп келгенде, олардың аяқ-қолы байлаулы болған. Зардап шеккендердің сөзінше, Бақытжан есімді ер адам үйге басып кірген. Белгілі болғанындай, шабуыл Алматы облысы, Жамбыл ауданында орын алған. Күдіті ұсталды.
БАУЫРЖАН ӘЛЕНОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: «Қазіргі уақытта ол аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды және оның қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде. Айта кетейік, құрықтау бойынша операция Алматы облысы, Қарасай ауданында өтті.Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес жария етуге жатпайды».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 782
https://www.youtube.com/embed/TMLWn35mMws?si=4nVMCo-CM_EmmNIX"
Табиғаттың тосын мінезіне орай, шектеу шаралары Қызылорда облысына қарасты Республикалық маңызы бар жолдарға да қойылды. Айналаны түтеп тұрған боран мен тоқтаусыз жауып тұрған қардың әсерінен бірқатар бағытқа қатынайтын тас жолдар жабылып жатыр. Жол бойында жұмыс жасайтын жүргізушілерге арнайы көмек көрсетілуде. ТЖД халықты сабырлыққа, алыс жолдарға шығуға асықпауды тоқтаусыз айтуда.
ӘКІМ АСҚАРҰЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ИНЖЕНЕРІ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 865
https://www.youtube.com/embed/q8RNjeot8ak?si=6_utHfqmnJYDc7M0"
«Қытымыр қыстың құрсауында қалып қалмаңыз!» деп қара халықты мамандар құлақдар етіп жатса да ескертуді елемей жолға шыққандар жол бойында қалуда. Бір тәуліктің ішінде құтқарушылар республикалық маңызы бар жолдарда 200-ге жуық адамды дереу жылыту бекеттеріне жеткізген.
«Жол азабын тартқан білер» демекші, Ақмола облысына қарасты Жақсы ауданында автобустар бұзылып, жол бойында қалуда. Бірі Жақсы-Есіл-Бұзылық тас жолында тоқтап қалған. Автобус ішінде 70-ке жуық көрші Өзбекстан елінің жолаушылары болған. Оның 17-сі жастар. Араға 3 сағат салып, дәл осы жерде тағы 54 өзбекстандық қар құрсауында қалған. Ал, Алматыдан Екатеринбургке беттеген 70-ке тарта Тәжікстан азаматтары да діттеген жерлеріне жете алмады.
Мамандар қолдан келгенше ақұлпаның астында қалған азаматтардың барлығын жылыту бекетіне жеткізді. Зардап шеккендер жоқ. Төтеншеліктер көлік жүргізушілеріне ескерті жасауда, мүмкіндік болса алыс жолға шықпауды өтінеді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 785
https://www.youtube.com/embed/iLQlzLeczos?si=yQ7lJOt709dNPcxa"
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Алматы әуежайынан 12 рейс бойынша әуе кемелері ұша алмай қалды. Бұл туралы Алматы әуежайының баспасөз қызметі хабарлады. Мамандардың айтуынша толассыз жауған қармен тұманның салдарынан ұшатын рейстер кешіктірілуде.
Компания жолаушыларға рейстің мәртебесін авиакомпанияның сайтынан тексеруді сұрап отыр. Ал билетті қайтару және қайта броньдау мәселелері бойынша сатып алған жерге хабарласу қажетті.
Еще материалы
Страница 144 из 246

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.