
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 502
https://www.youtube.com/embed/WgzMl9Y71Oc?si=SX78-j6_5zCAfhq1"
Тілсіз жаудан тұрғын үй өртеніп, бір отбасы баспанасыз қалды. Жалын алдымен гараждан басталып сарайға жеткен. Арты үйге жалғасқан. Үйден қажет заттарын алып үлгермеген тұрғындар 5 бүлдіршінімен көрші үйін паналауға мәжбүр. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Бұл Орал қаласының Зашаған кенті Құс фабрикасы ауданы. Ертеңгі күнге жақсылық ойлап ұйықтаған тұрғындар таң азанмен қызыл жалынды көрерлерін кім білген? Дал болған тұрғындар дереу қамданып, сыртқа шығып үлгерген. Мамандар қанша тырысқанымен, тілсіз жау тез беріле қоймаған.
САҒДАТ ӘНЕС БҚО ТЖД БАС МАМАНЫ
Қасықтап жиналған дүниеден қасақана айырылған отбасы көмекке зәру. Тілсіз жаудың қасіреті көп балалы отбасын ойсыратып отыр.
ҚАЙЫРБОЛАТ НҰРМҰХАНОВ ЗАРДАП ШЕГУШІ
ГҮЛАЙЫМ МАМЫРОВА ЗАРДАП ШЕГУШІ
Жалынның болған себебі әлі белгісіз. Арнайы сараптама жұмыстары жүргізілуде.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 558
https://www.youtube.com/embed/e11gQ0sIRvs?si=uWtNjA6wjvR34U8W"
Жұртты дүрбелеңге салған жер дүмпуі Қазақстанды ғана емес, Қырғызстан мен Қытайдың Шыңжаң аймағының тұрғындарын да әбігерге салды. Өйткені ошағы сол аймақтардан орын алды. Сейсмологтар 7,1 балдық жер сілкінісі болғанын алға тартуда.
Әуесқой кадрларда үйлердегі люстралар мен жиһаздар дірілдеп, аквариумдардан судың сыртқа ақтарылып жатқанын көруге болады. Жер сілкінісінің ошағы Қытайдың солтүстік батысындағы Шыңжаң аймағындағы Уши уезінің таулы шекаралас аймағында 22 шақырым тереңдікте тіркелді. Дүмпулер жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат екіде болды.
Таңертеңгі жағдай бойынша 40-тан астам жер сілкінісі орын алған. Қытайдағы ондаған үйлер толығымен немесе ішінара қирады. Жәбірленушілер туралы әлі хабарланған жоқ. Зардап шеккендер бар. Электрмен жарықтары үзіліп, теміржол байланысы уақытша тоқтатылды. Жер сілкінісі Қазақстанда, Қырғызстанда және Өзбекстанның кейбір аймақтарында да болды.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 515
https://www.youtube.com/embed/a0u8XNlD6R4?si=V8k5LRGW32h06DSR"
Алматы полиция Департаментінің жедел бөлімшелері жаңа технологияларды қолдана отырып, кеше түнде қоғамда негізсіз дүрбелең мен үрей тудырған жалған хабарламалардың авторларын анықтауда.
АРЫСТАНҒАЛИ ЗАППАРОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ, ПОЛИЦИЯ ГЕНЕРАЛ-МАЙОРЫ: «Түнде қоғамда және әлеуметтік желілерде негізсіз дүрбелең мен үрей тудырған жалған ақпарат тарады. Бүгінгі күнде Алматы ПД-нің жедел қызметкерлері жалған ақпараттардың авторларын анықтап, жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізуде. Біз азаматтарды ақпараттық мәдениетті сақтауға шақырамыз және тек ресми ақпарат көздерінен алынған мәліметке сенуге кеңес береміз»
Бұған дейін тәртіп сақшылары азаматтарды ақпараттық мәдениетті сақтауға шақырып, тек ресми ақпарат көздерінен алынған мәліметке сенуді ұсынған болатын.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 514
https://www.youtube.com/embed/BaiiF7lFQQU?si=Mqfj4LoHsIOoASFY"
Сейсенбі күні таңертең Йемен астанасы Санада жарылыстардың дыбысы естіледі. Американдық және британдық әскерилер жаңа шабуылдар сериясын бастады. Пентагон шабуылда хуситтердің жерасты қоймасын, Қызыл теңіздегі кеме қатынасына қарсы пайдаланған зымыранын және барлау нысандарын нысанаға алғанын айтты.
Аты-жөнін атамауды өтінген АҚШ-тың жоғары лауазымды әскери шенеунігі 25-30 зымыран атылғанын, оның ішінде америкалық ұшақ тасығышынан көтерілген соғыс ұшақтарынан да атылғанын айтты. Соңғы бірнеше аптада АҚШ-пен одақтас коалиция барлығы сегіз рет соққы жасады. Алайда олар Қызыл теңіздегі кемелерге хусилердің шабуылдарын әлі тоқтата алған жоқ. АҚШ шенеуніктерінің айтуынша, бұл соққылар хуситтердің күрделі шабуылдар жасау қабілетіне нұқсан келтірді. Алайда олар нақты ненің жойылғаны туралы толық мәлімет бермеді. Йеменнің ең көп қоныстанған аймақтарын бақылайтын хуситтер бұл шабуылдарды палестиналықтармен ынтымақтасу үшін және Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарына наразылық білдіру үшін жасағанын айтты.
Олардың кемелерге шабуылдары халықаралық тасымалдауды бұзды және жаһандық инфляция қорқынышын арттырды. Сарапшылардың пікірінше, Байденнің Йемендегі жаңа стратегиясы тек хусит содырларын әлсіретуге бағытталған. Бұл топты жеңуге немесе оған демеушілік жасап отырған Иранға тікелей қарсы тұруға көмектеспейді.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 522
https://www.youtube.com/embed/QYnvnLU5Fvw?si=qQCKVCz5O9L7Eq62"
Ауғанстанның солтүстігінде жеке рейспен келе жатқан Ресейдің шағын ұшағы апатқа ұшырады. Ол Таиландтан Ресейге ұшып бара жатқан. Ұшақ апаты Тәжікстан шекарасынан 40 шақырымдай жерде болған.
АУҒАНЫСТАН ҮКІМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:«Ұшақ Бадахшан провинциясының шекарасында техникалық себептерге байланысты құлады. Одан кейін авиация және көлік министрлігінің нұсқауымен біздің құтқару тобымыз апат орнына жетті және Бадахшан провинциясының губернаторы да бұл миссияда бізге көп көмектесті».
Ресейлік БАҚ Бангкоктағы Ресей елшілігіне хабарлауынша, ұшақ Таиландтың Паттайя курортынан Мәскеуге жеке медициналық эвакуациялауды жүзеге асырған. Оларда волгодондық кәсіпкердің әйелі болған. Ұшақ жексенбі күні кешке радар экранынан жоғалып кеткен. Шамамен сол уақытта ауған полициясы ұшақ апаты туралы ақпарат алғанын айтты.
АУҒАНЫСТАН ҮКІМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Біз апат болған жерді кеше түнде таптық. Ұшақта алты адам болған. Олардың төртеуі тірі, екеуі өлді. Олардың мәйіттері Файзабадқа, одан кейін Кабулға жеткізілді. Көріп отырғаныңыздай, аман қалған төрт адамның жағдайы жақсы. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп жатыр, қазір біз Кабулға кетіп бара жатырмыз».
Аман қалғандар арасында ұшқыш бар. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, ұшақ радар экранынан жоғалып кетуден 25 минут бұрын ұшқыш жанар-жағармайы таусылып жатқанын ескертіп, ұшақты Тәжікстандағы әуежайға қондырмақ болған.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 497
https://www.youtube.com/embed/Hu9A8Y6i_0s?si=rjwVEnJ1MAgnBrlf"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 532
https://www.youtube.com/embed/SLPv7l11LRE?si=FQGEHqPUnz6abzJV"
Астанада мектеп тапшылығы проблемасы тек 2035 жылы ғана толықтай шешіледі. Бұл туралы қалалық білім басқарамасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтты. Биыл бас қалада 25 білім беретін нысан ашылады. Оның 7-уі мемлекеттік болса, 15-і жайлы мектеп және 3-уі жекеменшік білім ордасы. Ал, алдағы 4 жылда барлығы 200 мыңға жуық орынға арналған 80 мектепті салу жоспарда бар деді басқарма басшысы. Нәтижесінде, үш ауысымды мектептер проблемасы түбегейлі шешілмек. Ал, бірақ сол мектепке келген оқушыларға білім беретін мұғалім тапшы.
ҚАСЫМХАН СЕНҒАЗЫЕВ АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Жыл сайын мектеп оқушылары санының өсуіне байланысты қалада 2026-2027 оқу жылына қарай 5 мың мұғалімге қажеттілік туындайды. Кадр тапшылығын шешу мақсатында жыл сайын жергілікті бюджет есебінен педагогикалық мамандықтарға 1 000 орынға мемлекеттік тапсырыс беріліп келеді».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 528
https://www.youtube.com/embed/Pssq731i-us?si=18sZ3jJuOnrd-A4F"
Жамбыл облысында Жиделі-Бірлік учаскесінде пойыз апаты болды. Нақтырақ айтар болсақ, 21 қаңтар таңғы сағат 07:27 кезінде Шығанақ-Шу жолының Жиделі-Бірлік учаскесінде екі теміржолшыны пойыз басып кетті.Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен көлікті тоқтату мүмкін болмаған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
ЕРЛАН СЕҢГІРБАЕВ ШУ СТАНСАСЫНДАҒЫ ЖЕЛІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Теміржол қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу бабы бойынша қылмыс іс қозғалып, тиісті тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл іс бойынша, ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді».
«Қазақстан темір жолы» компаниясы қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, оларға қажетті көмекті көрсететінін жеткізді.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 463
https://www.youtube.com/embed/8W0YwybwWCA?si=cB-3cqCMEhHQZChu"
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиынға Президент Әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың басшылығы, өңірлердің әкімдері, ІІМ алқа мүшелері, орталық аппараттың басшылық құрамы және аумақтық полиция департаменттерінің жетекшілері қатысты. Президент елімізде «Заң және Тәртіп» қағидатын біржола орнықтыруда полиция айрықша рөл атқаратынын атап өтті. Қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – аса маңызды міндет. Бұл – жауапкершілігі өте үлкен жұмыс. Еліміздің әрбір азаматы өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Ол үшін құқық қорғау жүйесі үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі қажет. Ең алдымен, мемлекетте заң талаптары мүлтіксіз орындалуы керек. Заң бұзған кез келген адам жазасын алуға тиіс, – деді Президент. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев құқықтық сауаттың төмен болуы жағымсыз үрдістердің белең алуына әкеп соқтырып отырғанын алға тартты.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Оның бәрі, түптеп келгенде, еліміздің дамуын тежейді, мемлекеттің абыройына нұқсан келтіреді. Қоғамдық жерлердегі вандализм – соның айқын көрінісі. Халқымыздың дүниетанымына жат идеология да елімізге зор қауіп төндіреді. Әсіресе, жас ұрпақ жасанды идеялар мен «жалған батырлардың» жетегіне ілесіп кетуі мүмкін. Әлеуметтік желіде жастарды заңсыз іс-әрекет жасауға шақыратын материалдар таралуда.Тіпті, заң бұзған адамдарды үлгі етіп көрсететіндер бар. Біздің азаматтарымыз кез келген заңсыздыққа қарсы болуы керек, яғни бізге заң бұзушылыққа төтеп беретін мықты иммунитет қажет. Ел ішіне іріткі салатын, қауіп төндіретін әрекеттерді ақтауға қатаң тосқауыл қою керек. Құқықтық нигилизмге, яғни заң үстемдігін жоққа шығаруға жол берілмеуге тиіс. Заңға деген құрмет адал азаматқа тән қасиеттің бірі ретінде дәріптелуі қажет. Бұл – мемлекеттік органдарға ғана емес, барша халыққа ортақ міндет. Қысқасы, заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету – Әділетті Қазақстанды құрудың басты шарты».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 521
https://www.youtube.com/embed/A8VTCmbeg90?si=cxiZx3AnsDx_9GcG"
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаттары Есіл ауданына қарасты ауыл мектептеріне барып, білім мекемелерінің жағдайымен танысты. Горное ауылындағы бастауыш сыныптары ғана оқитын мына мектеп кезінде 9 жылдық болған. Елді мекендегі түзеу мекемесінің жабылуы білім ордасының жұмысына әсер етті. Елді-мекенен әскери қызметшілер көшіп кеткен. Қазір ауылда небәрі 30 түтін бар.
ҮМІТ ӘШКЕНОВА ГОРНЫЙ БАСТАУЫШ МЕКТЕБІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ «Біздің мектеп жылы. Балаларға ұнайды. Бір мәселе ол тек қана колония жабылғасын көп адамдар көшіп кетті».
Қазіргі уақытта мектепте 7 оқушы оқиды. Мектепке дейінгі топ бар. Балалардың білім алуы үшін бар жағдай жасалған. Жұмыс сапары барысында депутаттар бірқатар мекемені аралады. Сонымен қатар, Корнеев ауылдық мектебіне де барды. Білім ордасында заманауи жөндеу жұмысы жүргізілген. Жылы спорт зал мен көрші ауылдардан келіп оқитын балаларға арналған бөлмелер де бар. Оқушыларға ыстық тамақ та беріледі.
ОЛЬГА КЛИШИНА СҚО МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ: «Біздің бұл ауданға келудегі мақсатымыз мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін бақылау. Ол үшін мемлекеттен арнайы ақша бөлінген. Біз асхананың мәзірін, азық-түлік сапасы мен сертификаттарын, мектептің ішкі температуасын – барлығын тексердік.Кейбір ескертулер де берілді».
Айта кетейік, Есіл ауданында жалпы 28 мектеп бар.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 830
https://www.youtube.com/embed/bTbAle-0C4w?si=aEVZx5keYxIaQPZY"
Енді Марс бетінің астына үлкен мұз жиналуы мүмкін. Мұндай қорытындыны еуропалық астрономдар жасады. Егер мұз ерісе, су планетаны екі метрлік қабатпен жабылуы мүмкін және оның көлемі бүкіл Қызыл теңізді толтыруға жетеді.
Бұл жаңалық Қызыл планетаға сонау 2003 жылы келген еуропалық Mars Express орбиталық аппаратының көмегімен жасалды. Жер бетіндегі формация 2007 жылы зерттелген. Бірақ кен орындарының шаңнан немесе жанартау күлінің үлкен жинақтарынан тұратындығы белгісіз болды. Енді, 15 жылдан кейін, жаңа дәлелдердің арқасында бұл шын мәнінде бірнеше жүз метр қалыңдықтағы шаң немесе күл басқан мұз қабаттары екенін көрсетті.
КОЛИН УИЛСОН ESA ЖОБАСЫНЫҢ ҒАЛЫМЫ:«Біз көп нәрсені, соның ішінде қабатталған су мұзын тауып жатырмыз. Бұл түзілімдер полярлық қалпақшаларға өте ұқсас. Сондықтан бұл шынымен таңқаларлық. Сіз әдетте экваторда полярлық мұзды көрем деп күтпейсіз. Бұл Марста да жердегідей күлкілі».
Ғалымдар қазір Марс бір кездері қазіргіден мүлде басқаша болған деп есептейді. Онда мұздықтар, көлдер мен өзен арналары болған. 2004 жылы Еуропалық Mars Express миссиясының ғалымдары Қызыл планетада мұздың барын растады. Ал 2015 жылы NASA Марста тұзды су ағындары бар екенін жариялады. Ғалымдардың пайымдауынша, мұз қабаттарының қалыңдығы үш шақырым 700 метрге жетеді. Олардың айтуынша, бұл Марстың осы бөлігінде табылған ең үлкен су мөлшері.
КОЛИН УИЛСОН ESA ЖОБАСЫНЫҢ ҒАЛЫМЫ:«Біз Марстың бетінен және басқа жерлерден көп мөлшердегі судың дәлелдерін көрдік. Сонымен қатар, өзен аңғарлары мен бұлақтардан кесілген арналарды көрдік. Бірақ көпке дейін судың қайда кеткенін түсіне алмадық».
Ғалымдар мұндай кен орындары адамның Қызыл ғаламшарға деген болашақ миссиялары үшін қызықты перспектива екенін атап өтті. Бірақ шамамен 300 метр тереңдікке жету үшін күрделі бұрғылау қажет болмақ.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 498
https://www.youtube.com/embed/sqrYpLN8F78?si=DTNBRzLtIxOV9swM"
Маңғыстауда онлайн саудаға қатысты 200-ден астам шағым тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне түскен. Осы мәселеге қатысты тұтынушылар нені білуі шарт, толығырақ тарқатсақ.
Өңір тұрғындарынан түскен 200-ден аса өтініштің 140-қа жуығы қанағаттандырылған. 50-ден астам шағым қаралу үстінде. Сапасыз өнім алып сан соғып қалмас үшін мамандарға құлақ асқан абзал.
НИКАР РАФИКОВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ "ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ" ҚБ ТӨРАҒАСЫ: «Мәселен, есікке домофон қондырған кезде қызмет көрсетуші мекеме барлық ақпаратты беруі тиіс. Яғни, тұтынушылар осы мәселеге назар аударуы керек. Қазіргі таңда тұтынушылардың құқығын қорғау саласы еліміздегі ең күрделі бағыттардың бірі болып отыр. Сатушы мен сатып алушының арасында шиеленістерді шешуде қиындықтар болады».
Сапалы қызмет атқару үшін осы салада ақпараттық жүйе жұмыс істейді. Қандай да бір оғаш жағдайға тап болсаңыз арыз шағым түсіруге толық құқығыңыз бар. Тауарыңыз талапқа сай болмаса, 43 14 34 нөміріне хабарласуға болады. Сауалыңызды тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің әлеуметтік желідегі парақшалары мен телеграм боттарына жолдай аласыздар.
РАУАН МҰХАЕВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: "Е-тұтынушы" платформасы бар. "Е-өтініш" платформасы бар. Соңғы кездері электрондық поштамызға көптеген сұрақтар келіп түсіп жатыр. Көмек көрсетуге әрдайым дайынбыз. Оған қоса сотқа шағымдану арқылы біз сотта 3-ші тұлға ретінде қатысып жатырмыз. Сол себепті біздің департаментке жүгінсеңіздер, міндетті түрде әкімшілік процесстік кодекстің аясында барлық арыздарды қараймыз».
Еще материалы
Страница 143 из 230
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.