- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 857
https://www.youtube.com/embed/z4jLhiuBwJE?si=YE0UehiAXP5q07mg"
Мексиканың Чьяпас штатындағы Тапачула қаласында мигранттар төбелесті. Адамдар АҚШ-тан баспана сұрау үшін үлкен кезекте тұрудан шаршаған, гаитиліктер, басқа мигранттарға шабуыл жасады. Салдарынан екі адам ауруханаға жеткізілді.
Латын Америкасы мен Куба тұрғындары африкалықтарды тәртіпсіз деп айыптады. Сонымен бірге мигранттар шенеуніктердің дұрыс ақпарат жеткізпейтіндерін айтты. Ал Мексиканың босқындар жөніндегі комиссиясы елдегі өтініштерді қабылдауға және өңдеуге жауапты.
КУБАДАН КЕЛГЕН МИГРАНТ: «Менің ойымша, шенеуніктер бұл мәселені шешуі керек. Егер олар бізге әрі қарай жүруге мүмкіндік берсе, онда адамдар қарсылықтарын жалғастыра беретін болады. Олай болғандарын қаламаса, қажетті шараларды қабылдасын. Өйткені,Мексика үкіметі АҚШ-пен көші-қон туралы келісім жасасқан. Шенеуніктерден жауап керек. Біз олардың не істейтіндерін түсінгіміз келеді».
Осы уақытта Америка Құрама Штаттары Мексиканың Сьюдад-Хуареспен шекаралас Эль Пасо өткелін жауып тастады. Соның салдарынан жүк көліктерінің ұзын-сонар кезектері пайда болып,жүргізушілер шекарадан өту үшін сағаттап күтуге мәжбүр.
ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ: «Бұл киеленсіз жағдайлар біздің клиенттермен келісілген жұмыс кестесін бұзуға әкеп соқтырады.Соның салдарынан көптеген қиындықтар пайда болып,жұмысымыз,ға кері әсерін тигізеді. Сондай-ақ, шекарадан өтетіндер мен отбасымыз қиналады. Себебі, кезек өте ұзын».
ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ: «Бұл бізге үлкен кедергі келтіруде, өйткені біз мұнда ұзақ уақыт тұрып қаламыз. Біз осында төрт-бес сағаттай тұруымыз керек болады».
АҚШ-тың кеден қызметі бұл жүк көліктерін өткізуді уақытша тоқтату деп мәлімдеді. Бұл кеденшілер шекарашыларға мигранттардың құжаттарын рәсімдеуге көмектесуі үшін қажет. Мексика Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың біржақты шешімінен кейін туындаған жағдайды қадағалап отырғанын мәлімдеді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 851
https://www.youtube.com/embed/2cRhpAB5SJM?si=zlGN59N1AqzKzI8l"
Кальян бизнесін легализациялауға мүмкіндік беру керек. Сонда қазына қаражатына қыруар ақша түседі дейді сарапшылар. Айта кетейік, кальян шегуге тиым салатын заң елімізде осыдан 10 жыл бұрын қабылданған. Алайда, ол заң іс жүзінде жүзеге асырылып жатқан жоқ. Кәсіпкерлер тиымға қарамастан, өз жұмысын жалғастыруда. Тәуелсіз сарапшылар 2 ай бойы зерттеу жасап мынадай қорытындыға келген. Шымкентте кальян шегуге болатын мекемелерге қолжетімділік 100 пайыз, ал Алматыда 53,3 пайыз. Демек, заңға бағынып отырған кәсіпкерлер жоқ.
АЗАТ МҰХАМЕДИЕВ «СТРАТЕГИЯ» ҚҚ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ: «Заңның салынған тиымның тиімсіздігі және олардың өміршеңдігі емес екендігі анықталды. Он жыл өтті деп айттық. Кальян бизнесін, яки кальян индустриясын легализация жасау керек біріншіден, екіншіден тиым салынған соң көлеңкелі экономикаға кетіп жатыр. Егер лигализация жасасақ көлеңкелі зонадан шығып, заңды зонаға шығады. Калян шегетін арнайы орындарын дайындау. Төртіншіден лицензиялау бұл қызмет түрін.»
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 839
https://www.youtube.com/embed/KARsHz1EHMI?si=1t1X5_v0_oUl57Y5"
Бүгін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен, «Тәуекел-Н-Алғабас» ЖШС,жергілікті әкімшілік жылыту маусымына қарсы атқарылған жұмыстары жайлы баспасөз турын өткізді. Аталмыш мекеменің нысандары бойынша 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама төңірегінде есеп берілді.
«Тәуекел-Н-Алғабас» ЖШС қазіргі таңда Алматы облысына қарасты Қарасай,Талғар аудандарын Алматы қаласының Наурызбай және Алатау аудандарын табиғи газбен қамтамасыз етіп отыр.Мекемеде Қарасай ауданы бойынша 40 мыңға жуық,Талғар ауданында 25 мыңнан аса абонент бар. Аталмыш мекемеге 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаларына 387 млн көлемінде қаржы бекітілген. Оның ішінде 2022 жылға арналған 77 млн теңге толық игерілген. Қаржы газ құбырларын реконструкциялау, тозған құралдардың және апаттық жағдайлардың санын азайту,тұтынушыларды сапалы және үздіксіз көгілдір отынмен қамтамасыз ету үшін жұмсалған.Жылыту маусымына орай бірқатар жұмыстар атқарылған. Мекеме тарапынан дайындалған іс шаралар толығымен орындалды. Бүгінгі таңда қысқы мерзімге сақадай сай.
РҮСТЕМ ӨТЕМБАЕВ «ТӘУЕКЕЛ-Н-АЛҒАБАС» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
«Газға қосылу мәселесіне келетін болсақ біздің мекемеміздің газ таратып отырған аумақтарында газға қосу мекемелері Алматы облысының әкімшілігімен ақылдаса келе биылғы жылы Нұрбаев Молдияр Қылшықұлының тапсырмасымен және әкімдіктің келісуімен 350 мыңнан аспау туралы меморандумға қол қойылған болатын».
Көгілдір отынға қосылу үшін трубалар,керекті құрылғылар барлығы бүгінгі күнде жоғары баға тұрады. Соған қарамастан халық игілігі үшін бағаны бір қалыпты ұстау біздің басты мақсатымыз дейді мекеме қызметкерлері.
РҮСТЕМ ӨТЕМБАЕВ «ТӘУЕКЕЛ-Н-АЛҒАБАС» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
«Оның ішінде әр санаттағы азаматтарға жеңілдіктер қарастырылған. Бірінші топ екінші топ мүгедектерге,алтын және күміс алқалы аналарға,ауған соғысы ардагерлеріне,тыл еңбеккерлеріне және Ұлы Отан соғысы ардагерлері тұрып жатқан үйлер және мешіт мекемелері бар басқа да әлеуметтік мекемелерге өз тарапымыздан жасалып жатқан жеңілдіктер бар.Атап айтар болсақ алтын алқалы аналарға 50 пайыз,күміс алқалы аналарға,ауған соғысы ардагерлеріне,бірінші екінші топ мүгедектігі бар адамдарға 30 пайыз жеңілдік қарастырылған. Айта кетерлігі сол санатқа жататын азаматтар сол үйдің меншік иесі болуы керек».
Тариф бағамының қол жетімділігі табиғи монополияларды реттеу департаментімен бақыланып отырады.
ГҮЛМИРА ӨТЕГЕНОВА ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІНІҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бүгінгі баспасөз туры «Тәуекел-Н-Алғабас» ЖШС нысандары бойынша өткізіліп отыр.
Алда қылышын сүйретіп қыс келеді.Аталмыш мекеме халықты тұрақты жылумен қамтамасыз ету үшін кешенді шараларын жүзеге асырып отыр.Сондай-ақ сапа мәселесін де назардан тыс қалдырмақ емес.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 917
https://www.youtube.com/embed/qLnYjUUqQe4?si=uuhY6g2vbwANYKsl"
Көкшетау қаласындағы Застанционный шағын ауданында жолдың мәселесі 10 жылдан астам уақыт шешілмей тұр. Жазда басталған жұмыс, әлі күнге дейін аяқталмаған. Тұрғындардың шағымы әкімшілікке жетсе де, оң нәтижесі жоқ.
Шағын ауданға өтетін көпірдің жолы жөнделген. Бірақ 12-13 метр биіктіктегі көпірдің үстіндегі жүргіншілерге арналған жолдың арасына қоршау қойылмаған. Оның үстіне бөгеттер де жоқ. Бұған қоса жолдың үсті де жарықтандырылмаған. Жаяу жүргіншілерге кешкі уақытта бұл жерде жүруге ешқандай мүмкіндік жасалмаған.
ЕВГЕНИЙ ГОРБУНОВ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Осы жолмен өтіп бара жатқанда жүк көлігіміздің есігі ашылып бөлшектер түсіп қалды. Міне, мына шұңқырдың үстінен өте бергенде. Жол мәселесі бірнеше жыл айтылып келе жатыр, істемейді. Жүру мүмкін емес. Міне, дәл қазір шығынға ұшырадық. Қалай төлейміз. Әкімдік қайда қарайды. Жазда басталған жөндеу жұмыстары. Әлі аяқталмаған. Бұл жолда біреу көлігінің дөңгелегін жоғалтады, ал біреу апатқа ұшыраса не болмақ?».
Жол бойындағы мәселелер де аз емес. Зеренді көшесінде бір де бір жарық бағаны орнатылмаған. Бастауыш сыныпта оқитын бүлдіршіндерге кешкі уақытта үйге қайту қиын болып тұр. Жөнделген жол лай, жарық шамдары жоқ оған қоса жол белгісі де қойылмаған, деп шағымданды тұрғындар.
БЕКБОЛАТ ЖҮРІМБЕТОВ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Біздің қазіргі басты мәселеміз 1-ші жол. Жолды көріп тұрсыздар. Содан кейінгі мәселе көше жарығы. Свет жоқ. Дала қап-қараңғы. Жалғыз біздікі емес,бәрінде жарық жоқ.
Содан кейін бізге белгілер керек.Дәл қазір ол да жоқ, балаларға жүру қиын болып жатыр. Жол да айтылып жатыр, жарық та айтылып жатыр. Бәрі қалай тұрды солай тұр.Сосын біздің мына қоқыс,«Тазалықпен» жұмыс істейміз. Уақытылы төлейміз. Жасап кеткенін көріп тұрсыздар».
ЖЕҢІС ЖАНАТАЕВ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Бірініші мәселе осы жолдың тратуары. Міне, мәшине жүріп келе жатыр, кісілерге жүруге жол жоқ. Кешке балалар мектепке барады, мектептен қайтады. Сол тратуар жоқ. Күн тез батады».
Айтулы жағдайға байланысты жергілікті билік өкілдерінен сұрап көрдік.
ӘДІЛЕТ РАХЫМЖАНОВ КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Лиза Чайкина мен Қасым көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мичурин бойымен 600 шақырым қашықтықтағы жердегі жұмысты аяқтау қалды. Қазан айының соңына дейін бітіреміз. Станиславский, Лермонтов көшелерінде орташа жөндеу жүргіздік. Өткен жылы Тұмар көшесіне қиыршық тастар төселген. Ол көше әлі жөнделмеді».
Застанционный шағын ауданына 2 қоғамдық көлік жүреді. Дегенмен, тұрғындар жөнделіп жатқан көпірдің салдарынан ол бұл жаққа жүруін қойған сияқты,-дейді.
САБЫР ИСАБАЕВ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Ойлы-қырлы жолдан шаршаған тұрғындар жан айқайын айта-айта мезі болған. Шағын ғана орталықтың бір өзінде тұрғындардың наразылығын тудыратын 10-нан астам мәселе бар. Жауапты мамандардың айтуынша 500 миллионға қонкурс жарияланған. Мердігерлермен келісім шарт жасалып жатыр дейді. Барлық мәселені жіті бақылауға аламыз, алдағы уақытта шешіледі деп сендірді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 883
https://www.youtube.com/embed/khggU-L34Oo?si=oN4-OfGCXd22BDJp"
Батыс Қазақстан облысы,Теректі ауданында 2022 жылы халық игілігін көруі тиіс болған су құбырының жұмысы әлі күнге аяқталмай отыр. Пойма ауылының тұрғындары шенеуніктердің уәдесі жерде қалып, ауыз су мәселесі әлі күнге шешілмегеніне наразы. Егер күн суытқанша құбыр тартылып бітпесе әрі қарай бір өзгеріс бола қоюы неғайбыл. «Ақ бұлақ» бағдарламасының жүзеге асуы осылайша сиыр құйымшақтануына не себеп? Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Су құбырының құрылысы 2021 жылы басталған. Ал 2022 жылы қолданысқа тапсырылуы қажет болған. Биыл халықпен кездесу кезінде Теректі ауданы әкімінің орынбасары Амангелді Тоғызбаев су құбыры 15 тамызда іске қосылады деп уәде берген. Алайда шенеуніктің сөзі жерде қалған. Баяғы жартас сол жартас.
ЗАЙДА МҰСАҒАЛИЕВА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: «Үйге келгенде бала-шағамызды жуындырғымыз келеді. Мүлдем жағдай жоқ бізде. Қазір 21 ғасыр емес пе? Талапқа сай жасап берсін су құбырын».
Бүгінде атқарылуы тиіс жұмыстың 98 пайызы орындалыпты. Ауылдықтар баяғыша құдықтан су тасып ішіп отыр. Осы мәселе бойынша Ақбұлақ ауылдық округі әкімі былай дейді.
ЖАННҰР АХМЕТОВ АҚБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Жобаға «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 558 млн теңге қаралған. Тапсырыс беруші Теректі аудандық құрылыс бөлімі.
МҰРАТ СҰЛТАНҒАЛИЕВ ТЕРЕКТІ АУДАНЫ БОЙЫНША ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Ауыз судың бұлайша арман болып, құбырдың ұзақ жүргізілуіне мердігер компанияның бірнеше жобаны қатар ұтып алуы кедергі келтіруде.
Екі кеменің құйрығынан ұстаған суға кетеді демекші, іс нәтижесі осындай. Салдарынан келісім бойынша орындаушылар да сан мәрте ауысқан. Жаңадан жасақталған құрылысшылар жұмысты бір аптада тәмамдауға уәде беріп отыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 864
https://www.youtube.com/embed/yLYBd6qr8ak?si=xOxqw-qGvfcYNCgn"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 818
https://www.youtube.com/embed/gJyh5Zk4RTE?si=JukE73Sb3gAZD4oZ"
Бүгін таңғы уақыт 07:00-ден бастап оңтүстік астанамызда жаңбыр жауа бастады. Осыған орай Алматының коммуналдық кәсіпорындары жауын шашынға байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеді. Мәліметтер бойынша қалада 9 мм мөлшерде жауын-шашын түскен.Су тасқынының алдын алу және жою үшін 45 патрульдік бригада, 165 бірлік арнайы техника, 24 мотопомпа және 820 жол мамандары жұмылдырылды.
«Алматы Тазалық» МКК күшімен құлаған бұтақтан арық өткелдері тазартылу жұмыстары атқарылды.Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша кезекшілік ұйымдастырылды.«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша бүгін түскі уақытқа дейін жаңбыр жауады деп болжам жасалған болатын.
Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел кезекшінің ақпараты бойынша Бостандық ауданындағы Вахтангов көшесі,5 мекенжайы бойынша жеке сектор аумағын су басу фактісі тіркелді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 840
https://www.youtube.com/embed/OEx1SGAFnkA?si=ArVixOA8mzcws_55"
Семей орманында айлығы көтерілмеген мыңдаған жұмысшының еңбекақысы ескерусіз қалмайды. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты.
ТӨЛЕГЕН ОСПАНҚҰЛОВ ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Бұл жағдай бойынша Үкіметтің арнайы комиссиясы құрылып, болған жағдайлардың бәрін толықтай зерттеп, жұмыс берушінің кінәсі 100% екені анықталды. Қазіргі күні барлық кінәлі адамның үстінен іс қозғалды. Шын мәнінде сол жерде жұмыс істейтін әкімшілік қызметкерлердің айлығы көтерілді. Ал қарапайым жұмысшылардың айлығын көтеру мәселесі бойынша Экология министрлігімен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Оның нәтижесі болады. Ескерусіз қалмайды».
Айта кетейік, елімізде Еңбек күні апталығы басталды. Бұл мереке 2013 жылдан бастап жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтіледі. Биыл да республика бойынша алдымыздағы сенбі, жексенбі күндері бірнеше маңызды шаралар болады. Ал, 22 қыркүйекте «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздары жарияланады. Биыл конкурсқа қатысу үшін 591 өтінім берілген. Олар «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша сайысқа түседі.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 863
https://www.youtube.com/embed/htC4gZ7Sn9g?si=vzGHCUDsQnhinLR7"
Бүгін Алматыда Америка Құрама Штаттарының Фармакопеялық конвенциясы Қазақстан Республикасының Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығымен бірлесіп ұйымдастырған «Дәрілік заттар сапасы: қамтамасыз ету және бақылау» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.Шара барысында дәрілік заттар сапасын бағалаудың заманауи тәсілдері талқыланды.
ШЫНАР БАЙДУЛЛАЕВА ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ САРАПТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ: «Біздің елімізге өте маңызды,себебі біздің Қазақстан АҚШ фармакопеясының 2010 жылдан бастап толыққанды мүшесі болып келеді. Бұл біздің Қазақстандықтардың қауіпсіздігі. Себебі фармакопея бұлар дәрілік заттардың сапасына деген талаптар қойылады. Сондықтан, сапалы дәрілер біздің ұлттық қауіпсіздігіміз».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 914
https://www.youtube.com/embed/eV2ouApGO_k?si=sw2pj7V6NPbHoUvY"
Кеше Алматы облысы, Талғар аудандық ауруханасында әкесінің қайтыс болғанын естіген ұлдары медицина қызметкерлерін ұрып-соғып, марқұмның денесін ұрлап кетті. Көп ұзамай полицейлер күдіктілерді қолға түсірді. Оқиғаның мән – жайын біздің түсіру тобы анықтап көрді.
Белгілі болғанындай,Талғар орталық аудандық ауруханасына 18 қыркүйектен 19 қыркүйекке қараған түні 64 жастағы ер адам жүрек талмасымен өте ауыр жағдайда жеткізілген. Науқас бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресті. Өкінішке орай, ол мүмкін болмады. Таңғы сағат 04:50 шамасында науқастың жүрек соғысы тоқтады.Қайғылы жағдайды естіген марқұмның ұлдары дәрігерлердің сараптама қағазын күтпестен реанимация бөліміне баса-көктеп кіріп, дәрігер мен мейіргерін соққыға жықты. Зардап шеккен медицина қызметкерлерінің жағдайы қазір ауыр деп бағаланып отыр.
ИСЛАМБЕК АРЫСТАНБЕКОВИЧ АҒА ДӘРІГЕР ТРАВМАТОЛОГ
«Қазіргі таңда реаниматолог дәрігеріміз ес түссіз жағдайда жатыр. Олар компьютерлік томография, рентген сараптамаларынан өтті. Қойылған диагноздар: жабық ми жарақаты, бас-мидың соғылуы, бастың шашты бөлімінің тері асты гемотомасы, маңдай бөлімінің сырылған жарасы, сол қасының ашық жарасы және сол көз орбитасының сынығы. Сол көзі қазір дұрыс көрмейді. Автомолог дәрігерлеріміз көрді. Қазіргі кезде ота қажет емес. Бірақ, көзінің көруі одан сайын нашарлайтын болса, ота жасалады. Екінші реанимация бөлімінің медбратында ауыр бас-ми жарақаты мен бас-миының соғылуы және мұрын сүйектерінің соғылуының жеңіл дәрежесі диагнозы қойылды».
Соққыға жығылған дәрігерлерде алдағы жарты жыл уақыт ішінде бас-миының зақымдануына байланысты тырысқақ, бас ауруы, бас айналуы сынды аурулар пайда болуы мүмкін дейді ақ халаттылар. Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.
ЕРНАР САЙДИЛЬДИН АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ
«Алматы облысының полициясы Талғар қаласында медициналық қызметкерлерді ұрып-соққан күдікті екі адамды уақытша ұстау изоляторына қамаққа алды.Қозғалған қылмыстық іс бойынша жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық тексерулер тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде.ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігіне сәйкес денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 867
https://www.youtube.com/embed/RI9XDlW03cw?si=m7l88DnTJoaIYiIT"
Абай облысы, Бесқарағай ауданы, Жетіжар ауылында сібір жарасына байланысты төтенше жағдай енгізілді. Қазір оның себептерін анықтау үшін тексеру жұмыстары басталды. Сондай-ақ Жетіжар ауылының кіре берісіне санитарлық бекет орнатылды. Ауылдан ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға уақытша шектеу қойылды. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жоспардан тыс облыстық комиссияның отырысында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті ауқымда табиғи төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды. Ал сібір жарасын жұқтырып алуы мүмкін деген тұрғын полимеразалық тізбекті реакция тестін тапсырды, ауру расталған жоқ.
АЛМАС ТАСТЕНБЕКОВ, АБАЙ ОБЛЫСЫ БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Бесқарағай ауданы Жетіжар ауылының тұрғыны сібір ауруына шалдыққан деген күдікке ілінді. Қазіргі таңда науқастан экспрес тест алынып ол расталмады. Тұрғындарды қауыпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыстық және аудандық кезектен тыс төтенше жағдайлар отырысы өткізіліп, жергілікті деңгейде төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды. Қазіргі таңда блок посттар орнатылып, арнайы зерттеулерге пробалар алынып, тексеру жұмыстары және де пайда болу орындары анықталуда».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 841
https://www.youtube.com/embed/urbOXMUvB3I?si=oMKSjbi8IumYIjkx"
Бұдан былай балаларға Ұлттық қордан қаражат төленеді. Бүгін Мәжіліс осы заң жобасын бірауыздан мақұлдады. Сондай-ақ, депуттар Парламент мінберінен саяжай мәселесін көтерді. Тіпті мәжілісмендер халық жазған 8 мың хатты арқалап келген. Шет елде мигрант болып, нәпақа тауып жүрген отандастарымыздың да проблемасы халық қалаулыларын алаңдатып отыр. Сондықтан, олар Үкімет басшысынан өзге елде жұмыс істеуге заң жүзінде рұқсат беруді сұрайды.
Кезекті Парламент отырысы қызу әрі тартысты өтті. Тек әдеттегідей ертемен емес, депутаттар жиынға түстен кейін жиналды. Мәжілісмен Мақсат Толықбай өзімен бірге 8 мың халықтың аманатын арқалай келген. Ол саяжайдағы ағайынның мәселесін тез арада қолға алып, арнайы заң қабылдап, бір жақты етіп шешіп беруді Үкіметтен сұрап, үндеу жолдады. Байтақ Қазақстанның әр төңірегіндегі саяжайға қатысты түйіні тарқалмаған мәселе өте көп дейді ол.
МАҚСАТ ТОЛЫҚБАЙ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Халық қысы-жазы тұрғын жай етіп отырған жүздеген саяжайда не мектеп жоқ, балабақша жоқ, қоғамдық көлік те жоқ. Медициналық әлеуметтік нысан жоқ. Асфальтта жоқ, пошатада жоқ. Электр қуатына дейін жекенің қолында. Оқу жылы басталғаннан бері балалар балшықпен барып, иттерге таланып жатыр. Жүздеген отандасымыз ауыл статусын сұрап отыр. Статус берейін десе миллиардттаған ақша керек. Үкімет жедел әрекет етіп, нақты ауқымды бағдарлама қабылдауды талап ету керек. Әйтпесе, қайталап айтамын мұның арты үлкен әлеуемттік шиеленіске алып келуі мүмкін».
Өзге елде құқы қорғалмай, қауіп қайдан келеді деп жәутеңдеп отырған 20 мыңнан аса қазақ баласының арызын жеткізген депутат Нартай Аралбайұлы болса, Оңтүстік Кореяда мигрант болып жүрген отандастарымызды қорғауды сұрайды.
НАРТАЙ АРАЛБАЙҰЛЫ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Заңсыз жүрген мигранттарымыздың жағдайы түсінікті. Асқақ сөйлемек түгел, астарлап сөйлеуге тартынып тұрады. Мысалы 57 жасар қазақстандық еңбек мигранты болып барып қайтыс болғанда баласы жылу жинап кеткен. Оларға ешкім ешқандай өтемақы төлемейді. Тіпті қажет десе ұстатып та жібере алады. Екі ұсыныс бар. Жедел пысықтауды тапсырамыз. Екі ел арасында ортақ келесім жасалғанша Оңтүстік Кореяда заңсыз мигранты болып жүрген 20 мыңға жуық қазақстындықтың құқығын қорғайтын заңдық тетік табуы керек».
Сондай-ақ депутаттар жерді заңсыз иемденіп алғандар мен заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару бойынша депутаттаық сауалдар жолдады. Олардың қаншалықты шешімін табатыны алдағы уақыттың еншісінде. Айтпақшы, бүгін Парламент балаларға ұлттық қордан төленетін қаражатқа қатысты заң жобасын мақұлдады. Енді құжат Сенат қарауына жолданды.
Еще материалы
Страница 226 из 243

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.