
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 577
https://www.youtube.com/embed/CYGZSrED9Bo?si=3PJmuaKooRiRp5VS
Сондай-ақ бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы украин халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 575
https://www.youtube.com/embed/Ebpuatq4vzA?si=Kf2XzN9lkcFWZh2d
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, Орталық Азия бойынша превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталықтың басшысы Каха Имнадзені қабылдады. Мемлекет басшысы Каха Имнадзені жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтап, оның Орталық Азия мемлекеттері мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.Президент Орталық Азия бойынша превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталықтың маңыздылығы мен қажеттігін атап өтіп, оның аймақтағы орнықты өсімді қамтамасыз ету, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту ісіне одан әрі қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 641
https://www.youtube.com/watch?v=aeu2wWRhQtY

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 696
https://www.youtube.com/embed/uoPoUChS9Ts?si=SY5-L6ytepqf3kYS
Елімізде сирек кездесетін ағаштарды өсіретін маңызды мекеме бар.Ол,Есік мемлекеттік дендрологиялық саябағы. Әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген өсімдіктер,ғалымдардың еселі еңбегінің арқасында қазақтың топырағына бейімделіп алған.Таңғажайып мекенді көріп қайтқан түсіру тобының материалына кезек берсек.
Жеміс ағаштарымен қалаларды безендіруге арналған өсімдіктерді өсіріп отырған. Есік мемлекеттік дендрологиялық саябағының алар орны ерекше. Дендропарк питомнигінде бапталып жатқан сәндік ағаштарды Астана, Алматы және өзге де облыс орталықтарынан көруге болады.
РУСТАМ ИСМАИЛОВ БЕЗЕНДІРУ МӘДЕНИЕТІ БӨЛІМІНІҢ ИНЖЕНЕРІ:
«Әрине көшетті отырғызған кезде әр өсімдіктің ауыратыны белгілі.Егер дұрыс күтім болса,бойбермей өсіп кетеді.Өздеріңіз көріп тұрған мына қарапайым ағашқа,бір жылдай болды.Біз бұл ағаштарды қала мен аудан орталықтарын,ауылдарды безендіру үшін өсіріп жатырмыз.Тапсырыс берушілердің талғамына міндетті түрде қараймыз».
Дендропарк аумағында Азия,Америка,Еуропа және әлемнің басқа да аймақтарынан әкелініп бейімделген ағаштар мен бұта өсімдіктерінің 1000-нан аса түрі бар. Бұл ағаштар ерекше күтімді қажет ететін болғандықтан,ғалымдар тиянақты тұрғыда қызмет жасап жатыр.
Өсімдіктердің өнімділігін жақсарту үшін дендропарк аумағында арнайы зертхана жұмысын жасауда.Соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған.Мамандар ПТР-талдау жүргізетін кешенде ағаштармен өсімдіктердің микроклоналдық жолмен көбеюін және түрлі аурулардан ада болуын қадағалап отырады.Айта кететін тағы бір мәселе,мұнда мамандар көшеттерді ыңғайлы түрде отырғызуға бағытталған мынадай ноухауды ойлап тапқан.
ТЕМІРЛАН МАМИЕВ «ЕСІК МЕМЛЕКЕТТІК ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҒЫ» РМҚК ДИРЕКТОРЫ
«Дендропаркте сәндік ағаштарынан бөлек, қатары сиреп бара жатқан жеміс ағаштары да бар. Онда сиверс алма ағашы мен өрік генофоны құрылған. Тәжірибиелі мамандар жоғала бастаған сорттарды жаңғырту мақсатында будандастыру тәсілдерінде тиімді пайдаланып келеді.Саябақ ішінде 62 гегтар жерде арборетум орналасқан. Онда көп көре бермейтін,сирек кездесетін ағаштарды байқауға болады.Өсімдіктердің 1000-нан астам түрлері бар».
ДАМИР НҰРБЕКҰЛЫ «ЕСІК МЕМЛЕКЕТТІК ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҒЫ» РМҚК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Дендропарк мамандары үнемі ізденіс үстінде.Өйткені көгалдандыру маңызды.Топыраққа төзімді өсімдіктер мен ағаштарды бейімдеу үшін тынбай еңбек етуде.Саябақ аумағында өсірілетін өнімдерге сұраныс жылдан жылға артып келеді.Мәселен сәнді ағаштарын көптеген қалалардан көруге болады.Айналасы жасыл желекке толы дендросаябақ саф ауасымен ерекшеленеді.Көздің жауын алатын раушан гүлдері өз алдына.
ШАМШАТ МУСТАФАЕВ УЧАСТОК ИНЖЕНЕРІ
«Бұл жерде раушан гүлдерінің үш түрі бар.Сорттары да әр түрлі.Көп жылдық гүлдерге сұраныс жоғары,тұтынушылар аулаларын әсемдеу үшін алып жатады.Адам баласы флора-фаунаға ерекше мән берсе деймін.Біріншіден жақсы көңіл-күй сыйлайды, екіншіден сән береді».
Дендрологиялық саябақ мамандары тұралап қалған саланың бойына қан жүгірте бастады.Алдағы күндері,көгалдандыру жүйесіне байланысты ауқымды шараларды қолға алуды жандандыра бермек ниетте.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 574
https://www.youtube.com/embed/x1xue6pqyek?si=qzoYfOmcFqIBCXRe
ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Қызылорда облысына қарасты Арал ауданының тұрғындарымен онлайн режимде кездесу өткізді. Жиын барысында қолданыстағы заңнама шеңберінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ал, қатысушылар вице-министрмен еркін пікір алмасып, заң тұрғысынан көкейде жүрген сауалдарын қойып, сәйкесінше тұшымды жауаптар алды.
Онлайн режимдегі басқосуға 150-ге жуық аралдық келді. Жиын сұрақ-жауап форматында өтті. Сұрақтардың басым бөлігі заң көмегін электронды форматта алу мүмкіндігі турасында болды.
«Қазіргі таңда сенімхатты «егов мобиль» қосымшасы арқылы нотариустың кеңсесіне бармай-ақ алуға болатын болды. Бұл қуантарлық жағдай. Енді алдағы уақытта нотариаттық іс-әрекеттердің барлығын онлайн алуға болады ма?
БЕКБОЛАТ МОЛДАБЕКОВ ҚР ӘДІЛЕТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ
«Енді қазіргі уақытта мүлікті ауыстырмай, тек қана қарапайым сенімхаттармен сол онлайн форматқа жетіп жатырмыз. Бірақтан осы жылдың соңына дейін, барлық қызметті ауыстырамыз деп қарап жатырмыз».
Жалпы заң саласы цифрландырудың жаңа кезеңіне қадам басқан. Мәселен, қазіргі таңда мобильді қосымшаларда 32 құқықтық қызмет бар, оның 28-і «egov mobile» арқылы іске асырылады дейді вице-министр.
Сондай-ақ, тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап берген ол мәселелердің Заң аясында шешімін табатынын жеткізді. Кейбір заң актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы да айтып берді.
БЕКБОЛАТ МОЛДАБЕКОВ ҚР ӘДІЛЕТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ
«Құқықтық кеңес беру түрінде заң көмегіне кепілдік беретін адамдар тобы көбейтілді. Енді аз қымтылған және көпбалалы отбасылар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрьандары, бірініш және екінші санаттағы мүгедектер тегін кеңес ала алады. Сондай-ақ кәсіпкерлік мәселелерді қоспағанда, соттарда тегін заң көмегін қолдана алады.
Теңізді өлкеде өткен онлайн-жиында алимент өндіруге қатысты мәселелер де сөз болды. Мәселен, бүгінде Қызылорда облысында 341 мыңға жуық атқарушылық іс тіркелген. Оның 14 мыңнан астамы алимент өндірісіне қатысты болып отыр. Соның ішінде алимент төлемей жүрген 1500 борышкерге республика аумағынан шығуға уақытша тиым салынған.
НҰРАЛЫ ОСПАНОВ АРАЛ АУДАНЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
«Осы халық арасында жасалған жұмыстар туралы толық ақпарат берді. Жиналған жұртышылық оны дұрыс қабылдады. Жалпы аудан көлемінде аудандық әділет департаменті, ішкі істер бөлімі барлығы да өз жоспарларына сәйкес халықпен кездесіп тұрады. Халық арасында оларға бөтен пікір жоқ деп айта аламын. Соған байланысты Арал ауданындағы моральдық психологиялық ахуал жақсы. Алдағы уақытта да заң қызметкерлері осындай жиындар жасап, ахуал осындай жақсы деңгейде бола берсін дегім келеді».
НҰРСҰЛТАН АЛДАМҰРАТОВ АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Әділет министрлігінің жасап жатқан жұмысы маған жыл басынан бері ұнап келеді. Оны интернет желісінен де бақылып келемін. Соған байланысты менің қойған сұрағым осы әділет минстрлігінің цифрландыру саласында жасалып жатқан қандай жобалар бар, ол халық үшін қаншалықты тиімді деген. Әділет минстрлігі тұшымды жауабын берді. Жасап жатқан жұмыстарына сәттілік тілеймін»
Әділет органдарының міндеттерінің бірі - заң көмегін ұйымдастыру, көрсету және құқықтық насихатты қамтамасыз ету. Сондықтан мұндай басқосулар дәстүрлі түрде өткізіліп тұрмақ.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 633
https://www.youtube.com/embed/Cb6fZ_9-Qlo?si=UCYmSb07OwBzXH7g
Бүгін Алматы әуежайында жаңа халықаралық жолаушылар терминалы құрылысының аумағы бойынша баспасөз туры өтті.Жаңа ғимараттың құрылысын арнамыздың тілшілері де көріп қайтты
Құрылыс кестесін белгіленген мерзімнен ерте аяқтау мақсатында халықаралық Алматы әуежайының жаңа терминалын алдын ала іске қосуды 2024 жылдың жазында аяқтауды жоспарлап отыр.
Жаңа ғимараттың құрылысы халықаралық терминалдың тіке жолдарына борт көлеміне байланысты бір уақытта жеті ұшаққа дейін қонуға мүмкіндік береді. Әуежайдың жалпы өткізу қабілеті жылына 14 млн жолаушыға дейін артады. Жаңа Халықаралық жолаушылар терминалының ауданы 55000 шаршы метр. Дизайнға сәйкес, құрылым қолданыстағы терминал ғимаратына жер үсті өткелі арқылы қосылады. Жаңа құрылыс жолаушыларға ғимараттың сыртына шықпай-ақ ішкі және халықаралық рейстерден ауысуға оңай қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
АҚБОТА АЙЕКЕШОВА АЛМАТЫ ӘУЕЖАЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ АССИСТЕНТІ
Жолаушыларымыз мына жаққа өткеннен кейін контрольдан өтеді. Одан кейін досмотр басталады. Сол жақта тамақтана алады жолаушылар. Өздерінің ыңғайына қарай. Ұшып келген жолаушылар бір этажға жоғарыға көтеріледі. Содан кейін астына түскеннен кейін бақылаудан өтеді. Сөйтіп оңай шығып кете алады терминалдан.
Сонымен қатар әуежай басшылығы 250 орындық қосымша автотұрақ орнату туралы шешім қабылдады.Екінші қабатқа кіретін пандусты реконструкциялауға байланысты келіп-кететін автокөліктердің қозғалысы тікелей бірінші қабатта ұйымдастырылған еді, нәтижесінде жол жүру қиындықтары пайда болды. Жаңа пандус 29 тамызда қолданысқа беріледі және әуежай автотұрағындағы кептелістерді азайтуға септігін тигізеді.
АҚБОТА АЙЕКЕШОВА АЛМАТЫ ӘУЕЖАЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ АССИСТЕНТІ
Автобустар кірген кезде өздеріне бір линия арнаған едік. Кәзір бағытын өзгерттік екінші линия босап қалды. Айта кеткіміз келіп тұр жолаушыларға маңызды бір мәселе екі жолақты да қолдана аласыз деп.
Осылайша оңтүстік астана әуежайының қызмет көрсету деңгейінің жаңа тұжырымдамасы әлемдік үрдістер стандарттарына негізделеді, сондықтан жылдамдықты, сапаны және тиімділікті арттыра отырып, шығындарды оңтайландыруға бағытталатын болады.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 640
https://www.youtube.com/embed/oq9Xie39TNA?si=G1Srzt1C8l8c6iLG
Ақмола облысында 7 млн теңгенің малын ұрлаған күдіктілер қолға түсті. Жақсы ауданына қарасты Белағаш ауылының тұрғыны мен жергілікті кәсіпкер белгісіз біреулерің төрт-түліктерін айдап әкекені туралы полицейлерге өтінішпен жүгінген.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде Жақсы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қысқа мерзімде ірі ұрлық жасады деген күдікке ілінген топтың 4 мүшесін әшкерелеп, ұстады. Бір қызығы, ұсталғандардың бірі жәбірленушінің туған жиені болып шықты. Ол мал басының саны мен орналасқан жері туралы нақты ақпаратты білген. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде ұсталғандардың төртеуі де Атбасар қаласының тұрғындары және ет өнімдерін сатып алушылар екені анықталды. Олар ұрланған қойлардың етін жергілікті дәмханаларға, ет сату дүкендеріне және жеке адамдарға сатқан. Барлық айғақтар арнайы тергеу іс-шаралары барысында расталды. Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр. Полицейлер ұсталғандардың аймақ аумағындағы басқа да осындай қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
ӘЛИЯ БІЛӘЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ
Осы фактіге қатысты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 4-бөлігі мал ұрлығы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады және жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізді. Аталған баптың станциясында мүлкі тәркіленіп 7 жылдан 12 жылға дейігі бас бостандығынан айырылу жазасы көзделген.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 564
https://www.youtube.com/embed/rWWTluGOcmE?si=Ll-Bv3prhP44--Iu
Ақтауда есту аппараты шығарыла бастады. Елімізде баламасы жоқ жобаны неміс инвесторы қаржыландырған. Шағын цехта шетелден әкелінген сурдотехнология бөлшектері құрастырылады.
Жауапты әрі күрделі қызметте 5 маман жүр. Барлығы қалалық жұмыспен қамту орталығынан келген. Оларды мәскеулік мамандар оқытады. Тамыз аяқталғанша отандық үлгідегі цифрлық құрылғының 200 данасын әзірлеу жоспарланған. Науқасты сол жердегі дәрігер қабылдап, есту қабілетін тексереді. Мүгедектігі бар адамдарға медаппаратты мемлекеттік квота арқылы алу мүмкіндігі де қарастырылған.
АЙНА ТҰМЫШЕВА - ИНВЕСТЖОБАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ
Дүниежүзінде 12 зауыт бар екен. Оның 3-уі Ресейде. Біздің Қазақстанда бұл алғашқысы болып тіркеліп жатыр. Инвестициялық келісімшарт бойынша 5 жылға қол қойылды. Сол уақыт ішінде ол құрылғыларды кіргізеді өз тарапынан. Жарық, вентиляцияланған мекеме керек болды. «AMANAT» партиясының қолдауымен осындай ғимаратқа ие болып жатырмыз.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 649
https://www.youtube.com/embed/DIjpn6Oy5Co?si=hSi9LzRdctVL90G9
21 тамызда суға батқан қыздың денесі табылды. Бұл күні барлығы 11 адам суға батып кеткен болатын. Оның ішінде 8-і - кәмелет жасқа толмағандар. Төтенше жағдайлар министрлігі өз қауіпсіздігіңіз бен балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға болмайтынын еске салады.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 574
https://www.youtube.com/embed/h6Y_MacWQ2E?si=bSjesq1kLhlYqxbJ
Былықтың бәрі басшыдан. Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің әрбір екінші басшысы жемқор. Пара алғандардың 70 пайызы бөлім басшылары. Статистика осылай дейді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Асхат Жұмағали айтты. Ал, төтенше жағдайлар министрі болса, бұл жаға ұстатарлық жағдай дейді.
СЫРЫМ ШӘРІПХАНОВ ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ
«Бұл біздің қызметкерлер үшін жаға ұстатарлық жағдай. Аталған адамдар белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген үздік қызметкерлердің қатарынан болатын. Дегенмен осы жағдайда олардың біз білмеген теріс қасиеті – екіжүзділігі әшкереленді. Айтылып өткен деректерге қатаң сынмен қараймыз. Бұдан біз тиісті сабақ аламыз, қарапайым өрт сөндірушілер бізге сеніммен қарауы керек».
Айта кету керек, соңғы 5 жылда азаматтық қорғау органдарында 150-ге жуық сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелген. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары еліміздің барлық өңірінде орын алған. Олардың басым бөлігі Алматы, Астана, Шымкент қалаларына, сондай-ақ Қостанай және Алматы облыстарына тиесілі. Анықталған қылмыстардың ішінде парақорлық пен жымқыру фактілері басым.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 590
https://www.youtube.com/embed/6NunGcs38zY?si=bXcQj8PByo6JYS40
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады. Өңір басшысы Президентке Маңғыстау облысының биылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы жоспарлары туралы баяндады. Сонымен қатар, ол есепті кезең ішінде өңірде жалпы сомасы 5,3 миллиард теңге болатын 6 инвестициялық жоба іске қосылғанын айтты. Жалпы, қаңтар-шілде айларында өңірдің негізгі капиталына бағытталған инвестиция көлемі 523 миллиард теңгеге жетті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына ауызсу тапшылығын шешуге қатысты тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімет берілді. Бұл мәселені кезең-кезеңімен шешу үшін облыста 2025 жылға дейін 6 жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде тұшытылған судың көлемін 146 мың текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік туады.
Сондай-ақ Президентке Ақтау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру және инженерлік инфрақұрылымын қалыпқа келтіру, Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына (МАЭК) күрделі жөндеу жүргізу мәселелері жөнінде баяндалды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыс әкіміне Маңғыстау өңірі энергетикалық жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясындағы міндеттерді іске асыруды тапсырды.
НҰРЛАН НОҒАЕВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
« Президентке Ақтау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру және инженерлік инфрақұрылымын қалыпқа келтіру, Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына (МАЭК) күрделі жөндеу жүргізу мәселелерін айттым. МАЭК-ке жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін биыл 9,4 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде 6,8 миллиард теңге МАЭК-тің инвестициялық бағдарламалары аясында, ал 2,6 миллиард теңге Маңғыстау облысы әкімдігінің резервінен бөлінді. Бұған қоса, Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет резервінен қажетті қондырғыларды сатып алу үшін 4,9 миллиард теңге қаржы қарастырылды».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 625
https://www.youtube.com/watch?v=XjQs6vD5BYQ
Еще материалы
Страница 223 из 224
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.