
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 343
https://www.youtube.com/embed/at4SQw-yE7c?si=TwJncq7QhwUbJIAu"
Алматыда биік үйден секірген екі оқушы қыздың өлімінен кейін әкімдік көпқабатты үйлердің төбесіне көтеріліп, шатырына шығуға шектеу қойды. Бұдан былай ол жерге басқарушы компанияның рұқсатымен ғана кіруге болады. Сондай-ақ, аудан әкімдігінің қызметкерлері көпқабатты үйлерді аралап тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған қайғылы жағдайға байланысты, қалалық білім бөлімінің басқармасы қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.
САЙРАН САЙФЕДЕНОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ «Білім басқармасы тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарта отырып, істің бүкіл мән-жайын зерделеу жөніндегі комиссия құрды. Осы факті бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын және тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат айтылмайды.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 402
https://www.youtube.com/embed/oEDNm8trzkY?si=YLmehk-rXA61_FtG"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 379
https://www.youtube.com/embed/ncsItx8qhpE?si=hCoOz49uoIVkZjNi"
Алатаудың баурайынан орын тепкен ару қала Алматы туған күнін атап өтті. Мерейлі мерекесін жыл сайын қыркүйек айының үшінші жексенбісінде тойлауды дәстүрге айналдырып келеді. Соның бірі-«Алматы аялдамасы» атты жоба өз жұмысын жалғастыруда.
Мерекелік іс-шаралар аясында оркестрлер, театр артистері, танымал әншілер қала ішінде арнайы автобуспен жүріп өтеді. Олар аялдамаларға, көпқабатты үйлердің ауласына және ашық алаңдарға тоқтап, тұрғындарды кереметтей ән-шашуларымен таңғалдыруда.
ЛАУРА МЫРЗАХМЕТОВА КИНО ЖӘНЕ ТЕАТР АКТРИСАСЫ: «Бұл шара Алматы қаласының әкімдігі мен Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен, қолдауымен болып жатқан іс-шара.Алматы аялдамасы мобильдік концерті деп аталады. Яғни бұл шараны біз 5 күн қатарынан қаланың әртүрлі нүктелерінде, парктерде көпшілік қауім жиналатын жерлерде 5-6 сағатқа дейінгі концерттерді қойып жатырмыз.Бұл іс-шараның мақсаты халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлау жәнеде халыққа өзіміздің өнерімізді паш ету».
НАРИМАН ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ: « Мінекей бүгін Автобус аялдамасы аттты іс-шара осымен 5 күн қала ішін аралап, осындай кереметтей күйден, әннен шашу шашып халықтың көңіл-күйін көтерудеміз. Бұндай іс-шаралар жиі болып тұрса мен ойлаймын халықтың көңіл-күйі әрқашан көтеріңкі болады және барша қала тұрғындарын , Алматы қонақтарын қала күнімен шын жүректен құттықтаймыз, істеріңізге береке тілейміз».
Айта кетейік, мерекелік іс-шаралар қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 403
https://www.youtube.com/embed/ddG08WHZ9-c?si=CIBWdf-AL71yMkWe"
Еліңе еңбек етсең есте қаласың,жақсылығыңды жұртың ұмытпайды. Өмірден озсаң да,атқарған ісіңді ұлықтайды. Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданында еңбектің ері болған Тұрсынбай Ахметовты еске аулға арналған шара ұйымдастырылды.
Тұрсынбай Сейітжапарұлы еңбек жолын 1967 жылы қарапайым колхозшы қызметінен бастап,Ұзынағаш елдімекенінің директоры, кейінірек өзге де маңызды лауазымдарды басқарған ел жанды азамат болған.90-жылдардағы тоқырау заманында,халықтың жанынан табылап халықтың бірлігін,жарасымды тірлігін сақтай білген. Еңбегі еленіп, «Құрмет» орденімен марапатталды. Ер есімі,ел есінде.Ауылдық ағайындар бас қосып, марқұмның құрметіне ас беріп, ұлттық спортымыз бәйге ұйымдастырды.
ДҮЙСЕНХАН ЕКЕЙБАЕВ ШИЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
ӘДІЛЖАН ҚАПАРҰЛЫ ШИЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Суықсай жотасының баурайында орын алған бәйгені сағынған жұрт қиқулатып шабандоздарға дем берді. Ұлттық спортымыз салтанат құрған шарада тай,құнан,аламан жарыстарында сәйгүліктер сынға түсті. Төрешілер мәре сызығына қарай құлаш ұрған тұлпарларды мүлт жібермей бақылап тұрды. Тұрсынбай ақсақалдың құрметіне ұйымдастырылған бәйгеде бақтарымен баптары жанған шабандоздарға бағалы сыйлықтар тағайындалды. Аламанның алды болған шабандоз нива автокөлігін тақымдаса,тай мен құнаннан алғаш келгендер ақшалай сыйлықтарға ие болды.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 378
https://www.youtube.com/embed/xJSgoRZYk8A?si=rIhJkqZQgCjMrG1Z"
Бұдан былай Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі маңына ғимарат салуға болмайды. Ол заңмен реттелетін болады. Мақсат – киелі ғимаратты қорғап, оның бірегейлігін сақтау. Бүгін Парламент мәжілісінің депутаттары Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын талқылады. Аталған жаңа құжатта осы қалада тұратын қолөнершілердің бір шығынын мемлекеттік бюджет есебінен өтеу мәселесі де бар. Айтпақшы, бұл заң қабылданса, оны орындау мақсатында республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлу қарастырылмаған.
ҰЛЫҚБЕК ТУМАШИНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Мен ойлаймын қазір беріп отырмыз ғой Түркістан қаласына шағын және орта изнеске коорпаративтік салықты ол жете ме жетпей ме, әлде біз оған ресупбликадан қосыламыз ба? Егер біз мәртебесін беріп отырсақ, мен ойлаймын республикадан да осы шараларға қаржы қарастыру керек».
БАУЫРЖАН ОМАРБЕКОВ ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
«Бұл заңда бджте кодексіне жалпы елдің бюджеттік құрылына бір өзгеріс енгізіліп жатқан жоқ. Түркістан қаласын қаржыландыру облыс әкімдігін, облыс мәслихатын айналып өтіп, тікелей Түркістан қаласына республикалық бюджеттен ұстап отыру қарасытырлмаған. Себебі, қазіргі бюджеттегі нормалардың өзі Түркістан қаласын қаржыландырудың өзіндік тетіктері қарастырылған. Біз осы сұрақтың алдын-ала пайымдадық. Республикалық бюджеттен Түркістан қаласына түсіп жатқан мақсатты трансферттерін динамикасын қарадық. 2018 жылы облыс орталығы болғанға дейін 13 млрд айналасында жүрген болса, 2023 жылы 64,9, оның алдында 55 млрд, оның алды жағында 62 млрд, яғни 60-55 айналысында республикалық бюджеттен қаржы барып жатыр. Яғни қолдағы инструмент жұмыс істеп тұр. Одан бөлек, облыс орталықтарын дамыту бағдарламасы аясында тікелей қаржы беруге мүмкіндіктер бар».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 357
https://www.youtube.com/embed/btoa60ji6vk?si=vKHHAZ30na9tTGFy"
Демалыс күндері Алматыдағы арбат, кітап патшалығына айналды. Шара қала күні аясында ұйымдастырылды. Сонау 2014 жылы бастау алған фестиваль бүгінде әдеби мәдениетті насихаттаудың бірегей платформасы ретінде танылып үлгерді. Бұл дәстүрден биыл да жаңылған жоқ. Ерекшелігі сол, фестиваль 10 жылда алғаш рет екі күн қатарынан өтті. Толығырақ тілші материалында.
«Келешек кітабы» ұранымен өткен мерейтойлық фестиваль кітапсүйер қауымды түрлі бағдарламасымен таң қалдырды. Фестивальдің негізін қалаушы Жұлдыз Омарбектің айтуынша, «Kitap Fest Almaty» кітапсүйер қауымды, авторларды және әдебиет саласындағы жетекші сарапшыларды біріктірген қазақстандықтар үшін нағыз мереке. Ол фестиваль кітапқа деген сүйіспеншіліктің символына және Қазақстандағы кітап мәдениетін дамытудағы маңызды кезеңге айналғанын атап өтті.
ЖҰЛДЫЗ ОМАРБЕК KITAP FEST ФЕСТИВАЛІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ «Менің барлық жастарға айтарым, кітап сатып алыңыздар. Себебі кітап оқығанда сіздің ойыңыз кеңейеді. Кітап оқымаған жандар трендке еліктегіш, өз ойы болмайды. Ал, кітап оқыған жандар ойы кең, көзқарасы кең болады. Бақытты, бай боламын десеңіздер кітап оқыңыздар. Қазақ әдебиетін, қазақ баспасын біз қолдауымыз керек. Біз қазақ кітабын сатып алсақ баспалар кітап шығара береді. Біз дәулетті елде тұрғымыз келеді. Ал дәулетті елде тұруымыз үшін білімді жастар керек».
Жиналғандар интерактивті орындар арқылы кітап әлемін шарлады. Қазақстандық жазушылармен кездесулер, балаларға арналған түрлі шеберлік сыныптары, көрмелер мен конкурстар келушілердің назарынан тыс қалмады.
ЛӘЗЗАТ СПАТАЕВА ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Басты мақсат – кітапты оқырман кітап. Еліміздегі өркендеп келе жатқан жас ұрпақтың кітапқа деген құрметі мен кітаптың оқырманға қызмет етуіне атсалысуда кітапхана қызметкерлерігің қосып жатқан үлесі зор деп ойлаймын».
Екі күнге жалғасқан ауқымды шара барысында 50 жаңа шығарма таныстырылды. Жәрмеңке, кітап сатумен ғана шектелмеді. Оқырмандарға қолдағы барын басқасына айырбастауға мүмкіндік жасалды. Ал, ескісі тегін таратылды.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 368
https://www.youtube.com/embed/Y8fmN-6AFWg?si=uMlASLMSwiV6JOp1"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 335
https://www.youtube.com/embed/ANiJXyCg67s?si=Qo1cgltvx6ju46pT"
Алматы қаласы Жетісу ауданындағы Ноғайбаев көшесіндегі жеке тұрғын үйдің бірінде өрт шығып, бір жасар бала қаза тапты. ТЖД-нің қызметкерлері қызыл жалыннан 50 литр газ баллонын эвакуацияланған.
Оқиға орнына 4 минутта жеткен өрт сөндірушілер ағаштан салынған жеке үйдің шатыры, шаруашылық ғимараты және уақытша салынған үй-жайдың отқа оранғанын анықтаған.
АРМАН МАКЕНОВ ЖЕТІСУ АУДАНЫНЫҢ ТЖБ БАСШЫСЫ: «12 қыркүйекте сағат 23:32-де ТЖД күштері мен құралдары автоматты түрде жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Жетісу ауданы Ноғайбаев көшесінде жеке тұрғын үй отқа оранғаны туралы хабарлама бойынша жіберілді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 (23:36) минутта жеткен сәтте, ашық жалынмен, ағаштан салынған жеке үйдің шатырын, шаруашылық ғимаратының және уақытша салынған үй жайдың S=200 шаршы метрдегі отқа оранғанын анықтады. Сондай-ақ құрылымдардың опырылып құлауы туралы баяндалды. Жоғары өрт жүктемесінің салдарынан ол тез таралып кеткен. Үйдің қабырғалары мен шатыр қабаты тез жанғыш материалдардан (ағаштан) салынған».
Қызыл жалынды сөндіру кезінде өрт сөндірушілер 2 адам құтқарып қалған. Олар 1994 жылы туған ер адам және 1993 жылы туған әйел адам. Ерлі-зайыптылар №4 қалалық ауруханаға ессіз жағдайда жеткізілді. Өкінішке қарай, өрт сөндірушілер келгенге дейін 2023 жылы туған бала қайтыс болған.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 317
https://www.youtube.com/embed/Q55ifNdjc-o?si=vIcZBEOKIPzXosg9"
Алматы облысы Қаскелең көпірінде автобус қоршауын соғып, минивэннің үстіне құлап түскен. Жүргізуші жолда ауырып, қанындағы қант мөлшері көтеріліп кеткен көрінеді. Облыстық полиция жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады
ЕЛЖАН ЧУПЕКОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «12 қыркүйекте Ютонг автобусының жүргізушісі "Алматы-Бішкек" тас жолының 25-шақырымында келе жатып, кері бұрылу маневрін жасаған кезде рөлді басқара алмай қалған. Салдарынан қоршауға соғылып, көпірден құлап кеткені анықталды. Сол кезде Mercedes Benz Sprinter көлігінің артқы жағына түсті. Жол апаты кезінде автобус жүргізушісі ес-түссіз болған.Микроавтобустың жүргізушісі мен оның алты жолаушысы дәрігерлерге қаралып, үйлеріне жіберілді».
Автобус жүргізушісінің жамбас сүйегі сынған. Ол жансақтау бөлімінде жатыр.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 326
https://www.youtube.com/embed/QFtfEc7kkts?si=TQbWkdU0kGGTeCpz"
Ақмола облысына қарасты Есіл ауданында 21 отбасы жақын арада қоныс тойларын тойламақ. Облыс әкімі Марат Ахметжанов, көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге салтанатты түрде жекеменшік сектордан 3 бөлмелі үйдің кілттерін табыстады.
Көктемгі су тасқынынан зардап шеккендердің бірі – Қыстаубаевтар отбасы. Бұрын салынған үйінің ішіне, шамамен 60 см-ге дейін су көтерілген. Салдарынан үй де, ондағы мүлік те жарамсыз болып қалған. Бүгінгі таңда жаңа баспанының иесі болғаныма қуаныштымын,-дейді көпбалалы әке.
БӘРИ ҚЫСТАУБАЕВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Жаңа үйлерді көріп қуанып жатырмыз. Су тасқыны кезінде бәрі бізге қамқор болды. Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа алғысым шексіз! Үйіміз жақсы, сыйлы, әдемі.Жаңа үйімізді биіктек жерге салды, соған қуанып жатырмыз».
Сондай-ақ, апатты деп танылған 40-қа жуық ескі үй сүрілмек. Ал,топан судан зардап шеккен 16 отбасына елдімекеннің кез-келген шағын ауданынан қалаған пәтерін алу мүмкіндігі беріліп, баспаналы болды. Баспана иелерімен кездескен облыс әкімі тұрғындарды жаңа қоныстарымен құттықтады.
МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Біз осындай сын сағатта бәріміз бірігіп, осы су тасқынында болдық. Жаппай бір адамдай, бір ел болып бәріміз. Ауызбіршілік көрсетіп тасқынға тосқауыл қойып, бүгін міне жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жатырмыз. Президенттің үндеуіне құлақ салып келіп осы міне жақсы бір көше салынды. Биыл бағдарлама өзгеріп жатыр. Енді осындай жаңа үйлерді салып, оны мұқтаж адамдарға табыстау бағдарламасы басталып жатыр.Осы жерге тағы да, тағы да қосымша үйлер салынады. Бұл жоспарымызда бар. Қаражат бөлінді».
Жалпы, аймақта 200-ге жуық отбасының зардап шеккен, жарамсыз деп танылған мүліктеріне арнайы өтемақы төленді.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 358
https://www.youtube.com/embed/r5rmRYUy0-A?si=AUVn_CXHWTMSxAis"
Қазақстан мен Қытай арасында бизнес, сауда туризм салаларына қатысты 8 түрлі келісімшарт жасалды. Аталған меморандумға Астанада өткен «Қазақстан-Қытай сауда-инвестициялық» конференциясы аясында қол қойылды.
Қытай Қазақстанның басты сауда серіктесі және инвестиция салатын бесінші негізгі ел. Былтыр Мемлекет басшысының жарлығымен 2024 жыл Қытайдағы Қазақстан туризм жылы деп жарияланған болатын. Нәтижесі жаман емес. Туристер саны бірден 20 есе артқаны байқалады.
ЕРЖАН ЕРКІНБАЕВ ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «Былтырдан бері Қазақстан мен Қытай сауда айналымы бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда артты. 2024 жыл Қытайдағы Қазақстан туризм жылы деп жарияланғаннан кейін екі ел арасында туристер саны 20 есеге дейін өсті. Биыл Қытайда Қазақстандық тараппен жалпы саны 37 мәдени іс-шара өткізілді. Оның барлығы дерлік жоғары дәрежеде өтті. Біз бұл достық қарым-қатынасты бағалаймыз, ары қарай да жұмыс жалғасатын болады».
Аспан асты елімен кәсіптік негіздегі жұмыстар да сәтті жалғасын тауып келеді. Екі елдің кәсіпкерлері өзара ынтымақтасып, сауда – саттық саласында оңтайлы жұмыс істеп жатыр.
РАЙЫМБЕК БАТАЛОВ «АТАМЕКЕН» ҚР ҰКП ТӨРАЛҚА ТӨРАҒАСЫ: «Қытай мен Қазақстан ежелден тату көрші, сол достық әлі жалғасып келеді. Ауыл шаруашылығы, баламалы энергия, электронды сауда, туризм саласында жан-жақты стратегиялық әріптестік орнатуда. Қазақстандық кәсіпкерлер үшін Хайнань қаласы мүмкіндіктер қаласы саналады. Сауда саттық саласы жақсы қарқында дамып келеді. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қашан да кәсіпкерлерді қолдайды. Инвестор тартуда да белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыстар тоқтамайды. Жалғасатын болады».
РУСЛАН ТҮЛЕНОВ ХАЙНАНЬ ПРОВИНЦИЯСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БЮРОСЫ ИЫД ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Хайнань 700-дей Қытайлық кәсіпорынның екінші үйіне айналды. Олардың активтерінің жалпы саны121,9 млрд АҚШ долларды құрайды. Осыдан-ақ Хайнаньның деңгейін анықтай беруге болады. Шет елдік инвесторларға да Хайнань ашық. Аспан асты мемлекетінде кәсіп бастаймын деген кәсіпкерлер үшін барлық мүмкіндік бар».
Астанада өткен «Қазақстан-Қытай» сауда-инвестициялық конференциясы аясында 8 бірдей келісмшартқа қол қойылды. Олардың арасында Астана мен Алматы қалаларынан Қытайдың ірі шаһарларына әуе тасымалын жиілету, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қатысты келісім және Хайнань қаласы кәсіпкерлерімен бірлесіп отандық кәсіпкерлердің саудасын ілгерілетуге жол ашатын келісімдер де бар. Қазақстан мен Қытай көрші мемлекет көрші елдермен сауда-саттықты дамытуды көздейді. Негізінен шегаралас сауда-саттықты дамытуға күш салынады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу оның логистикасы және қойма кіреді. Импорт пен экспорт шикізат тауарларын қайта өңдеуге де басымдық берілмек. Бұл жоба Қазақстан үшін де ерекше тиімді болып отыр. Бірнеше мемлекетаралық байланыс, транзит, логистиканың басым бөлігі Қазақстан арқылы жүргізіледі. Былайша айтқанда Қазақстан бұл жүйеде алтын көпір рөлін атқарады. Қазірдің өзінде 11 компания 5 бағыт бойынша келісім-шарт жасады. Оның ішінде қазақстандық компания өкілдері де бар.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 356
https://www.youtube.com/embed/seAI9A2CaMU?si=_319cyGMBiWwSLKL"
Адамға сапалы білім мен қатар саналы тәрбие қатар берілуі керек. Тәлімді, тәрбиелі ұрпақ еліміздің болашағы. Осы қағидат аясында Алматы облысы,Талғар ауданына қарасты мектептерде Ата аналарды қолдау орталықтары ашылып,оқушы мектеп ата- ана арасында байланысты нығайтуға байланысты ашық есік күні өтті. Игі шараға арнамызда қатысып қайтқан еді.
Жас буынның рухани-адамгершілік тұрғысынан тұлға болып қалыптасуы отбасылық тәрбиемен және білім алатын мектебімен,ұстаздарымен тікелей байланысты.
«Мектеп-оқушы-ата-ана» үштігінің байланысын нығайту мақсатында Бесағаш ауылы 45 мектеп гиназиясында өткен шарада оқушылардың бойына тағылымды тәрбие сіңдіру үшін ата-аналармен сынып сағаттары,мәдени ағарту, еңбек және дене тәрбиесін қалыптастыру бағдарламалары ұйымдастырылыпты.Ұлттық қасиетті ұлықтаған, білімді де саналы ұрпақ тәрбиелеу – негізгі мақсатымыз дейді білім ошағының директоры.
ЖАНАРГУЛЬ АБДИКАЛЫКОВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНЫ БЕСАҒАШ АУЫЛЫ № 45 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бала бойындағы дарынын дамытып, талантын ашу жолында да білім ошағы тиімді жұмыстарды жүзеге асырып отыр. Ісмер ата-аналар тартылып,жастардың жан- жақты дамуы үшін қол өнер үйірмелеріне қол ұштарын созуда.
БАҚЫТ ҚОНАЕВ АТА-АНА
Білімді,тәрбиелі, жасампаз жастарды тәрбиелеуге негізделген игі шара Талғар ауданына қарасты Панфилов ауылындағы жалпы білім беретін №17 орта мектебінде де өтті. Білім ордасында 29 ұлт өкілінің балалары білім алады. Ұлтаралық татулықты,сыйластықты дәріптеуге бағытталған бүгінгі шара аясында көрмелер, түрлі ұлттардың өнері көрсетіліп шынайы достықтың бейнесі орын алды. Отанға деген шынайы сүйіспеншілік сезімдері мектеп қабырғасынан бойларына сіңіп келе жатқанын аңғартты.
ЭЛЬМИРА БАЙМОЛДАЕВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНЫ ПАНФИЛОВ АУЫЛЫ №17 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ
МАРАЛ ТУЫСКАНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТАЛҒАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ММ-НІҢ БАС МАМАНЫ
Жас ұрпақтың бойына еліне жеріне деген сүйіспеншілікті сіңіріп,білімді, салиқалы тұлға ретінде қалыптастыруда атқарылып жатқан ерен еңбек бұл.
Еще материалы
Страница 49 из 234
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.