- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 432
https://www.youtube.com/embed/42AXmsw75Y0?si=rjNDnfCqx1M_dxHk"
АҚШ-ғы президент сайлауы әлемді аузына қаратқан саяси додаға айналды.Ел тарихындағы 60-шы президент сайлауына, 47-ші президентті ақ үйдің тағына отырғызбақ. Айтулы шараға 6 кандидат қатысқанымен негізгі саяси тартыстың басты кандидаттары - республикалық партиядан Дональд Трамп және демократиялық партиядан Камала Харристің арасында өтті. Америка құрама штаттарында электоралды дауыс беру жүйесі пайдаланылады. Оған сәйкес бүкіл АҚШ аймағы бойынша 538 электоралды дауыс белгіленген. Ол, ел астанасы Вашингтон мен 50 штатқа, ондағы халық санына байланысты пропорционалды бөлінген. Мұхиттың арғы жағында өткен бүгінгі сайлаудың мән-жайын Америкада білім алып жатқан әріптесіміз Бауыржан Бақытбекұлынан білген едік.
БАУЫРЖАН БАҚЫТБЕКҰЛЫ ЖУРНАЛИСТ
АҚШ-та өткен сайлау науқанын бүкіл әлем бақылап отыр.Енді жеңіске жеткен жаңа президент Американың геосаясаттағы, экономикалық бағыттағы және ел ішіндегі ішкі саясаттағы бағдарын өзгертуі мүмкін.
БАУЫРЖАН БАҚЫТБЕКҰЛЫ ЖУРНАЛИСТ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 412
https://www.youtube.com/embed/HcEtuvHeHh4?si=USSO6hNMO_DLeViB"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 527
https://www.youtube.com/embed/LHGdQTGX5K0?si=Scoz2Duw6ozBYyXM"
Алматы облысындағы Қара шатқалға ұзындығы 170 метрлік әйнек көпір салынады. Бұдан бөлек,5 гектар аумақта сәулетті қонақ үйлер мен мейрамханалар мен шатырлы қалашық пайда болады.
Халық арасында Көртоғай аталып кеткен бұл жер Көлсай көлдеріне апаратын күре жолдың бойында орналасқан. Осы жылдың 9 айында Көлсай мен Қайыңдыға 400 мыңға жуық турист ат басын бұрған. Олардың басым бөлігі Қара шатқалды тамашалауға келген. Сол себепті жергілікті бюджеттен 60 млн теңге бөлініп, онда электр желісі тартылды. Инвесторлар шатқалға шыны көпір салуды көздеп отыр.Бұдан бөлек, ойын сауық алаңдарын, мейрамхана мен қонақ үй және глэмпингтер пайда болады.
СЫРЫМ КӨЛБАЕВ ЖОБА ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ «Палаточный қалашық, 3 коттедж, 3 ресторан болады. Мынау өзіміздің қазақы салт-дәстүрімізді көрсетеміз. Оның осы 5,5 гектардың ішінде және қосымша мынау экстрималды туризмді жақсы көретін адамдарға аспалы көпір салынады. Сондықтан шетелден келген кісілерге 2-3 күндік былай айтқанда турлар дайындауға дайынбыз».
Жобаның жалпы құны 2 млрд теңге. Ол 2025 жылдың төртінші тоқсанында толық жүзеге асады деп күтілуде.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 375
https://www.youtube.com/embed/B1FzM5VdpIQ?si=KjhYQKXDKHAtm056"
Жастар арасында әлем чемпионатында топ жарған спортшыларымыз елге оралды. Черногорияның Будва қаласында өткен бокстан жастар құрамасы рекорд орнатты. Сайысқа әлемнің 73 мемлекетінен, 593 боксшы қатысты. Халықаралық додада 25 боксшымыз сынға түсіп, оның он жетісі жүлдемен оралды.
Спортшыларды Алматы әуежайынан жақындары мен жанкүйерлері ерекше қошеметпен күтіп алды. Әлемдік додада бақ сынаған боксшыларымыздың ішінде, қайсар қыз - Аружан Зейноллаева бар. Спортшыларымыз қоржынды алты алтын, бір күміс, он қоламен толтырды.
МАҚСАТ БАҚТЫБАЗАРОВ АҒА БАПКЕР «Балалардың дайындығы физикалық тұрғыдан қазіргі таңда өте жақсы. Әлем чемпионатына дайындық қыркүйек айының 25-і нен басталды. Жарыс барысында жігіттердің қалай ойнайтындығы, рингте өздерін қалай сезінетіндігі, қарсыласпен қалай жұмыс жасайтындығын барлығын танытты.»
Гүл шоғы мен плакаттар ұстаған жұрт патриоттық әндер айтып, боксшыларды ерекше қошеметпен үйлеріне шығарып салды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 472
https://www.youtube.com/embed/sDp4X420TKM?si=D7USz7zQGVBOHGXy"
Бүгін Алматылықтар сағат 10:00 шамасында жер сілкінісін сезді.
Сейсмологиялық маманның сөзінше, жер сілкінісі еліміздің жоғары сеймикалық аумағында күнделікті болып тұратын табиғи құбылыс екендігіне, сонымен қатар қала тұрғындарын тек ресми мәліметтерге сенуге шақырды.
ДӘУЛЕТ СӘРСЕНБАЕВ, СЕЙСМОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Алматы қаласы және Алматы облысының тұрғындары, бүгін 5 қараша сағат 10:00 де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы облысы, Талғар ауданы аумағында болды. Жер сілкінісі тұрғындарға 3-4 балл көлемінде сезілді.Бұл сейсмикалық жағдай еліміздің жоғары сейсмикалық аумағында күнделікті болып тұратын табиғи құбылыс. Құрметті азаматтар сіздерді тек ресми мәліметтерге сенулеріңізді сұраймыз».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 545
https://www.youtube.com/embed/UTpkWS0Z58I?si=JSA6nPaPg-Lw2Xcu"
Табиғат ананы қорғауды,аялап баптауды баланың санасына сіңдіріп тәрбиелеу болашақ үшін ғұмырлы бастама. Мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық мәдениет дағдыларын қалыптастыру мақсатында әдіснамалық және әдістемелік негіздеу қолға алынған. Тақырыпқа орай Алматы қаласы Алатау ауданындағы №31 балабақшада семинар өтті. Тақырыпты тілші тарқатады.
Әлемдік тренд және Сингапур мемлекетінің тиімді тәсілдерін іске асыру, тәжірибеге енгізу мақсатында өткен шараға қалалық және республикалық мектепке дейінгі ұйым басшылары қатысты. Бұл жоба бір жыл бұрын қолға алынып,Сингапур елінен балабақша басшылары тағылымдамадан өтіп келген. Іс тәжірибенің озық тұстарынан алатын тағылым көп.
АЙНҰР БАҚТИЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНЫ №31 БАЛАБАҚШАНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Шарада балабақшада тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің әр түрлі пластикалық қалдықтардан қиялына ерік бере отырып жасаған заттары да көпшілікке таныстырылды. Қоршаған ортаға зиянын тигізетін заттарды көз тартар көркемдік дүниеге айналдырудың астарында жас буынды еңбекке баулудың да көрінісі жатыр.
ҚАРЛЫҒАШ АҚМЫРЗАЕВА АЛАТАУ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Жобаның тағы бір тиімді тұсы балабақша мен ата-аналар арасындағы байланысын нығайтқан. Ұйым қабырғасындағы тәрбиеленіп жатқан балаларының күнделікті тыныс-тіршілігінен толықтай мәлімет алып отыруларына мүмкіндік туған.
АРАЙЛЫМ ЖАҒЫПБАРОВА АТА-АНА
Иә,отан отбасынан басталады. Еліміздің ертеңі жас бүлдіршіндер үшін мұндай тәжірибелік еңбектердің берері мол.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 475
https://www.youtube.com/embed/2w9aJaFLShY?si=pFo8z3xnxjEw2UMX"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 410
https://www.youtube.com/embed/xyzZYS5BV8c?si=g0BFDS90GG61KH21"
Жыл басынан бері Қызылорда облысында 5 мыңнан астам тұрғын жүргізуші куәлігін алуға өтініш білдірсе, оның жартысынан көбі нәзік жандылар. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді.
Айта кетейік, 5 228 үміткердің жартысынан көбі, яғни 51%-ы теориялық емтиханды сәтті тапсырған. Ал 2 562 қызмет алушы емтиханнан өте алмауысалдарынан практикалық емтиханға жіберілмеген. Өткен жылмен салыстырғанда биыл жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер саны екі есеге азайған. Мамандандырылған бөлім қызметкерінің айтуынша, бұл емтихан талаптарының қатаңдатылуына байланысты болып отыр. Еске сала кетейік, үміткерлер жүргізуші куәлігін Қызылорда қаласы, Тасбөгет Жаңадария ауылы, 91 мекенжайында орналасқан мамандандырылған ХҚКО арқылы алады. Ол үшін өзіңізбен бірге жеке куәлік, медициналық анықтама және оның көшірмесі, курсты аяқтағаны туралы куәлік және оның көшірмесі немесе автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы алынған құжат болуы қажет. Сондай-ақ, мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжатыңыздың болуы шарт.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 491
https://www.youtube.com/embed/0TUw4HFGkmQ?si=Of2IQbbBtQYTWL0a"
Алматы қаласы Бостандық ауданында «Өнерлі отбасы» атты көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша жастар арасында көрме байқауы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты дарынды жастарға қолдау көрсету, отбасылық шығармашылық арқылы көркем және қолданбалы-сәндік өнерге деген қызығушылықтарын дамыту, сонымен қатар білім алушылар мен ата-аналарды көркем өнерге, тарихи мұраға араластыру, оларды белсенді шығармашылық қызметке тарту.
ГҮЛСАРА ҚАСЫМБЕКҚЫЗЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
«Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясындажүзеге асып отырған шараға қатысушы жастар мен ата-аналар көркем және сәндік өнер бойынша бақтарымен баптарын сынады. Оза шыққандары алдағы өтетін байқауларға қатысатын болады.
САЛТАНАТ ТҰРСЫНҒАЛИҚЫЗЫ АТА-АНА
ГҮЛСАРА ҚАСЫМБЕКҚЫЗЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 440
https://www.youtube.com/embed/GuUs9bBlQoY?si=0GWLmSpkqiCFSGE8"
Алматы облысының Кеген ауылында 30 отбасы қоныстойын тойлады.
Жаңадан салынға 30 тұрғын үйдің кілті кезекте тұрған көп балалы отбасылар, жетім балалар, бюджеттік қызметкерлер және 1-2 топтағы мүгедек жандар және жалғыз басты аналарға табыс етілді.
НҰРБАҚЫТ ТЕҢІЗБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Айта кетейік, аудан бойынша барлығы 459 аудан тұрғыны үй кезегінде тұр. Оның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар – 163, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар – 32, көп балалы отбасылар – 123, апатты жағдайдағы үйлер – 6, мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер – 135.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 392
https://www.youtube.com/embed/T4M2qk2WcTA?si=bPX3EE3XunXDfAuz"
Ел арасында қылмыстық топтың жетекшісі деп танылған Хасан Қасымбаев ұсталды. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті мәлімдеді. Бірақ бұл іс талғарлық жасөспірім Шерзат Болаттың өліміне қатысты емес. Хасан Қасымбаев 2021 жылы А. есімді азаматты ұрлап, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттерінің кешені жалғасып жатыр.Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілген.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 382
https://www.youtube.com/embed/ACKFN4_qITc?si=9TZ4682LMaWic4Lk"
Еще материалы
Страница 51 из 240

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.