- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 150 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/aSF6_Vwhamc?si=Q7sYtcFUp494UJ1w"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 146 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/OliHGsj4Rz4?si=OG66qrkx0DK5Scxf"
Су сұраған Ақтау қаласының 19-шы шағын аудан тұрғындары көлік қозғалысын тежеді. Оған басты себеп – 3-4 күн бойына ауыз судың жоқтығы. Тіршілік көзінің жоқтығы тіршілік жасаумызды қиындатып барады деп шырылдауда қараша.
Бұл жағдай 19-шы шағын аудан тұрғындарымен қатар 16,17,27 және 28-ші шағын ауданындағы халықты да алаңдатып отыр.
ГАУХАР БАШИЕВА ТҰРҒЫН: «Ең болмаса, халыққа жаны ашитын болса неге әкімшілік келіп водовозбен су әкеліп бермейді? Біздікі 5-ші этаж. Үш жыл болдыма әлі сол. Жазда сумен бізде проблема болады».
АЙБЕК ЖҰМАҒАЛИЕВ ТҰРҒЫН: «Жаз басталғалы осы проблемағо бізде, Ақтаудың, теңіздің іргесінде тұрып су жоқ деген. Өзім 5-ші этажда тұрамын. “Ұлы сөзде ұят жоқ”, шіріп кетуге айналдық. Алдыңғы жылы да осы, жыл сайын осы проблема».
Дау тудырған тақырыпқа қатысты қала әкімінің қатысуымен брифинг өтті. Әкімнің сөзінше мәселенің басты түйіні - МАЭК кәсіпорнының үлгеріс уақытында.
ҰЛЫҚБЕК ТІНӘЛИЕВ АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Түнімен жинаған суды, күні бойы пайдаланамыз. Сондықтан ол дайын тұрған су емес. Біз аяп тұрған жоқпыз. Дайын су болса қажетті давлениені беріп, жіберетін едік. Бірақ оны дайындау процесі бар. Техникалық тілмен айтқан дестилят жасайды, овыпаривание жасайды. Соның барлығына уақыт кетеді».
Брифинг соңы «даудың түйіні бір аптаға жуық уақытта шешіледі» деген уәдемен аяқталды. Сондай-ақ, жеке инвестор есебінен салынған қуаттылығы тәулігіне 4000 текше метрді құрайтын су тұшыту қондырғысы іске қосылса, су жоқ деген дау туындамайды дейді басшылық.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 189 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/4S7SO-irIw8?si=pnD4fTnOPLx7n2lQ"
Алматы облысында жан түршігерлік апаттан бір отбасының төрт мүшесі қайтыс болды. Көлік жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнынан Шелек ауылындағы ауруханаға дереу жеткізілді. Полицияның мәліметінше, ішінде жеті адам болған Toyota Hiace шағын автобусы жолдан аударылып кеткен. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар жүргізілді.
ЕЛЖАН ЧУПЕКОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Алматы-Шелек-Қорғас тас жолында, 105 шақырымда микроавтобус Тойота жүргізуші рульіне ие бола алмай жолдан аударылып кетті. 4 адам орында қаза тапты. 3 адам ауруханаға жеткізілді»
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 190 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/tyCjGa-9tfs?si=nuavT59BkhyqvZrT"
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселенің бірі. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл дерт дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіруде.
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі әрдайым Мемлекет басшысының қатаң бақылауында. Ағымдағы жылдың қазіргі кезеңдегі жағдайы бойынша Департаментпен 47 қылмыс, оның 30-ы сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша,біреуі білім беру саласындағы жүйелі сыбайлас жемқорлық фактісі, 6-ы пара алу, 8-і пара беру және 2-і парақорлыққа делдал болу фактісі аясында тіркелген.Агенттік мамандарының дерегі бойынша мемлекет қаражатын тиімсіз жұмсау, заңсыз жолмен қалтаға басу білім саласында да жиілеп кеткен.Қазір қатаң бақылау шаралары қолға алынып жатыр.
ДАРЫН ЕСЕТҰЛЫ ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ПРЕВЕНЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі білім саласында бір қатар былықтың бетін ашқан болатын.Оған қатысы бар күдікті тұлғалар,тергелу үстінде. Жемқорлыққа қарсы арнайы жиын өткізген агенттік қызметкерлері бір қатар ескерту шараларын қаперге алды. Оның соңы,орны толмас өкінішке айналарын тілге тиек етті.
АЙНАГҮЛ ҮШКЕМПІРОВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Білім саласында мемлекет қаражатын талан-таражға салып,үптеп кету фактілері әсіресе есепшілер тарапынан тыйылмай отыр. Оны қаншама істі болып жатқан күдіктілерге қарап танып-білуге болады. Жемқорлыққа қарсы Агенттік мамандары тағы да ескерту шараларын тілге тиек етті. Жемқорлықсыз қоғам қалыптастыруға шақырды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 152 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/jr5SSn34xsc?si=F8jNVoUCBs3UbTnT"
Еліміздегі жалғыз монополист жолаушылар тасымалдайтын ұлттық компания Қазақстан Темір Жолы банкротқа ұшырауы мүмкін. Бұл компанияға түбегейлі өзгеріс керек. Осылай деген Жоғарғы аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов компания жұмысымын сынға алды. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
«ҚТЖ өз міндеттемелерін толық төлеуге қабілеті жоқ және кредиттік тәуекелдің «қызыл» аймағында тұр. Оның борышы 2024 жылдың басында 2,9 трлн теңгені құрады және әлі де өсіп барады. Жалпы борыштың 45%-ы немесе 1,3 трлн теңгесі бұрын алынған борыштық міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған. Активтердің жай-күйінің нашарлауы, борыштардың өсуі және олард уақытылы қайтару мүмкіндігінің болмауы басқарудағы түбегейлі өзгерістерсіз ҚТЖ-ны дефолтқа ұшыратады»
Осылай деп ҚТЖ жұмысын сынаған Жоғарғы Палата төрағасы Әлихан Смайыловқа депутаттар қарсы сұрақ қойды.
ЕРЛАН САЙЫРОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Әлихан Асханұлы, сіз ҚТЖ-ның қаржылық жағдайы мүшкіл екенін айттыңыз. Шыны керек, ол жағдай сіз Премьер-министр болып тұрған кезде ушығып кеткен болатын. Сондықтан сізге сыпайы сұрақ қояйын. Сол кезде неге осы мәселемен айналыспадыңыздар? Екінші сұрағым, неге ҚТЖ-ға қатысты деректер құпия деректерге жатқызылған? ҚТЖ-ға қашан қоғамдық бақылау тетігін енгіземіз? Сіздер жауып қойған қазанның ішінде жемқорлықтың көкесі жатқан жоқ па?»
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Кезінде бұл мәселелерді бірнеше рет көтеріп, тиісті салалық министрлікке және ҚТЖ-ға тапсырма беріп, талап қойдық. Бірақ қабылданған шаралар толық көлемде жүрмей, тиімсіз болып шықты. Сондықтан бұл мәселені тағы көтеруге мәжбүр болып отырмыз. Аудиторлық тексеріс барысында кейбір мәліметті уәкілетті органдардан сұрадық».
Сондай-ақ отырыста депутаттар пойыздардың уақытынан кешігуі неге жиілеп кеткенін сұрады. Оған жауапты көлік министрлігі теміржол желілерінің тозуымен байланыстырды. Айта кетсек, елімізде 57 пайыз рельстер тозығы жетіп тұр. Сондықтан соңғы 3 жылда, тіпті 2 жылда жөндеу жұмыстарын жүргізуді көбейткен. Алайда, мердігерлер жауапсыздығынан бұл жұмыстар уақытында іске аспай жатқан көрінеді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 184 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Fb4d3XSzZFA?si=bDZNh4-ug6kw0qgX"
Елімізге мемлекеттік іс сапарымен Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль арнайы келді. Құрметті мейманды ақорда резиденциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жағдайда қарсы алды.
Қазақстанға арнайы келген Корея елінің басшысы мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шағын құрамда келіссөз жүргізді. Мемлекет басшысы өзінің шақыруын қабыл алып, елімізге сапармен келгені үшін кореялық әріптесіне алғыс айтты. Сондай-ақ мұны екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға деген шынайы ниеттің айқын көрінісі деп бағалайтынын жеткізді. Өз кезегінде Юн Сок Ёль екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің 15 жылдығы қарсаңында Қазақстанға сапармен келгеніне қуанышты екенін тілге тиек етті. Келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корей жетекшісі елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеруге ниетті екенін тағы да растады. Сондай-ақ осы байланыстарды саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нақты бағыттары бойынша одан әрі нығайта түсуге өзара ниет білдірді.
Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Республикасының Президенті кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Юн Сок Ёльдің Қазақстанға жасаған алғашқы мемлекеттік сапарын тарихи оқиға деп бағалады. Сондай-ақ бүгінгі келіссөздер қазақ-корей ықпалдастығының аясын кеңейтіп, екіжақты байланысты жаңа белеске көтеретінін айтты. Қазақстан Президентінің пікірінше, Оңтүстік Корея жаһандық ауқымдағы нағыз экономикалық және технологиялық локомотивке айналды. Ал әлемге әйгілі корей корпорациялары халықаралық аренада елдің «негізгі жаһандық мемлекет» ретіндегі позициясын ілгерілетуге елеулі үлес қосып келеді.
ҚАСЫМ-ЖОМАР ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Келіссөз барысында энергетика, инфрақұрылым, өнеркәсіп, машина жасау, сауда, көлік-логистика, цифрландыру, аэроғарыш өнеркәсібі, қаржы секторы, білім беру, денсаулық сақтау, фармацевтика, туризм, мәдениет, экология және басқа да салалардағы екіжақты ықпалдастықтың перспективалары талқыланды. Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мазмұнды және конструктивті келіссөз жүргізгені үшін корей тарапына ризашылық білдірді.
Екіжақты келіссөздерден кейін Мемлекет басшысы мен Корея Республикасының Президенті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады. Қос мемлекет басшыларының екі жақты кездесуінің нәтижиесі аясында сирек кездесетін металдарды бірлесіп зерттеу және өндіру мәселесі де қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан нарығына кіргісі келетін корей компанияларына қолайлы жағдай жасауға дайын екеніне назар аударды. Оның пікірінше, мұны жүзеге асырудың нақты жолдары бар. Үкіметаралық комиссия, Іскерлік кеңес пен бизнес қауымдастық арасындағы жұмыс тобы құрылған. Бұл құрылымдар екіжақты экономикалық байланысты нығайтуға зор септігін тигізеді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 198 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/C3BnHQSO2QM?si=lUP1ftGCqBt5R7mL"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 228 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Ewuwser4zaY?si=ZsfocHJO_75XoDM3"
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген құжатты министр Ақмарал Әлназарова таныстырды.Министрдің мәліметінше, бүгінде елімізде 7 337 денсаулық сақтау нысаны медициналық қызмет көрсетеді. Оның ішінде 663-і стационарлық, ал 6 674-і алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін нысан.Соңғы 5 жылда 400-ден астам медициналық нысан салынып, 36%-дан астам нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жалпы сомасы 261 млрд теңгеге медициналық құрал-жабдықтар сатып алынған. Бұл ретте инфрақұрылымның тозу деңгейі жоғары 50% күйінде қалып отыр.
АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: «Бірінші бағыт бойынша инфрақұрылымды жоспарлау процесі демографиялық және халықтың аурушаңдық көрсеткіштеріне ұзақ мерзімді болжамдарына негізделеді. Осы іс-шараларды тиімді іске асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілер қабылданып, қолданыстағы ақпараттық жүйе базасында денсаулық сақтау инфрақұрылымының цифрлық картасы әзірленеді. Бұл өз кезегінде инфрақұрылымды оңтайлы жоспарлауды, мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Тұжырымдаманы іске асырудың бірінші кезеңі денсаулық сақтау объектілерін құрылысын кезең-кезеңімен жүргізуді көздейді. Бұл ретте, 11 440 төсек орынды құрайтын 34 негізгі жоба қарастырылған».
Жоспарға сай өңірлерде заманауи көпсалалы ауруханалар салынады. Олардың ішінде: 6 университеттік клиника, 14 аурухана, 11 перинаталдық және 3 ұлттық орталық бар. Бұдан басқа денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеу және жабдықтау жұмысы жалғасады.Үкімет басшысы жиын барысында медицина саласын жаңғыртуға байланысты бірқатар тапсырмалар жүктеді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 221 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/xV30p5FKQGY?si=LysG-vxvOqw-ADYy"
Жастарды маусымдық жұмыспен қамтуға бағытталған жыл сайынғы «Жасыл ел» жобасы бастау алды. Осыған орай Степногорск қаласы бойынша 16 мен 35 жас аралығындағы 120 адам еңбек жасағына қабылданды. Толығырақ тарқатсақ.
"Жасыл ел" бағдарламасы жастардың бос жүрмей, екі қолға бір күрек табуларына, ресми түрде жұмыс берушілермен қарым-қатынас орнатып, тәжірибе жинауларына және қоршаған ортаның жақсаруына өз үлесін қосады. Жоба қатысушылары елді мекендерді және қала ішін абаттандырып, көгалдандырумен айналысады.
МЕРУЕРТ МАЙДАНОВА СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ «Өткен жылы 120 адамды жұмысқа қабылдағанбыз, биыл да дәл солай болды. «Жасыл ел» жобасы маусым-шілде айларында жүргізіледі. Степногорск қаласының жастары тек қала маңындағы жұмыстарға жұмылдырылады».
Экологиялық жасақ мүшелері өз міндеттеріне қызу кірісіп кеткен. Олар күніне 4 сағат жұмыс істейді. Айлықтары, шамамен, 85 мың теңге.
ДИАС ХАСЕНОВ «ЖАСЫЛ ЕЛ - 2024» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУШЫ «Бұл жұмыс жайлы мен өткен жылы құрбымнан естідім. Екеуміз келіп орналастық. Негізі маған бұл жұмыс ұнайды, өйткені, біз жастар болып қоршаған ортаны тазалаймыз және патриоттық сезіміміз оянады. Осы әрекетемізбен өзгелерге үлгі бола аламыз. Одан қалды, бұл ақша табудың бір жолы».
Айта кеткен жөн, бағдарлама қатысушыларына берілетін жұмыс орындарының саны жыл сайын артып келеді. Жастар орталығының өкілдері қатысушыларды керектінің бәрімен қамтимыз, еңбекақылары дұрыс әлі уақытылы төленеді,-дейді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 176 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ewRl-UAvTUY?si=27X27FbEMoi2ammu"
Денсаулық сақтау министрлігінің қымбат орфандық препараттарды мемлекеттік қамтамасыз етуден алып тастау және оларды қайырымдылық қорларына беру жөніндегі ұсыныстары туралы мәселе қоғамда дау тудырып тұр.
БАҚЫТ МӘДЕНИЕТҚЫЗЫ ҚР ОРФАНДЫҚ АУРУЛАРМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ «Бүгінде орфандық ауруы бар науқастар үш қаржыландыру көзімен қамтамасыз етілген. Бұл орталықтандырылған, жергілікті сатып алу және Қазақстан халқы қоры. Шын мәнінде, бұл үшеуі де жалпы орфандық ауруы бар науқастардың қауіпсіздігіне кепілдік бермейді. Мәселен, облыстық бюджетте қаражат жоқ болса, науқас дәрі-дәрмексіз, басқа көздерден қамтамасыз ету кепілдігінсіз қалады».
Сондай ақ, спикер өз сөзінде Қазақстан халқы қорындағы жылдық бюджетте 30 млрд теңге бекітілген. Бұл шамамен тек 400 науқасқа ғана жеткілікті сомма. Ал, тіркелмеген науқастарға қордан қосымша қаражат қарастырылмағанын, яғни ондай науқастар мемлекеттің қолдауынсыз қалып кетпегін атап өтті. Сонымен қатар, орфандық ауруға шалдыққан Елена Вогоновада билік өкілдеріне өз уәжін жеткізді.
ЕЛЕНА ВОГОНОВА МИАСТЕНИЯ НОЗОЛОГИЯСЫ БАР НАУҚАСТАРДЫҢ БЕЙРЕСМИ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ӨКІЛІ: «Құрметті, Ақмарал Шәріпбайқызы! Біздің дәрі-дәрмектің құны қатты қымбат емес. Басқа зауыттар ұзақ жылдар бойы науқастарды сол дәрімен тұрақты түрде қамтамасыз етіп келеді және оларда дәрімен қамтамасыз етуді алып тастау мәселесі жоқ.Біздің денсаулығымыз бен өміріміз сіздің қолыңызда! Бізді науқас ретінде тыңдауыңызды сұраймыз. Біз қоғамның толыққанды мүшесі бола аламыз. Біздің толыққанды өмір сүру құқығымыздан айырмауыңызды сұраймыз».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 179 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/W7i_bbq-W6U?si=W8BfFxbbmPaM5qwe"
Елімізде ҰБТ- ның басталғанына бір айға жуықтап қалды. Тестілеу 5 шілдеге дейін жалғасады. Ал, төтенше жағдай режимі жарияланған 6 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында) ҰБТ 12 шілде де аяқталады. Қазақстанның ең ірі мегаполисі Алматыда ол қалай өтіп жатыр? Біздің түсіруші топ түлектермен тілдесіп көрді.
Бұл - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. ҰБТ осы жоғары оқу орнының интернет залында өтеді. Бүгін тест тапсырушы түлектердің соңы ғимаратқа тексерістен өтіп аудиторияға жіберілді. Оларға төрт сағат уақыт беріледі. Айта кетейік, Алматыда тестілеу орталығы биыл біреу ғана. Сондықтан, күніне бір мың түлек білімін дәлелдеп, бағын сынайды.
НҰРСҰЛУ АЛИБИЕВА ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТТІ АТҚАРУШЫ: «Қазақстан бойынша, 186 мыңға жуық өтініші түсті, соның ішінде 27801 Алматы қаласынан. Талапкерлерге келер болсақ, көңіл - күйлері жақсы.Келген кезде өздерінің жеке заттарын мына ұяшықтарға салып қояды. Кейін металіздегішпен тексеріп, аудиторияға жібереміз. Егер тыйым салынған зат табылса, бірден акт толтырылып тестілеуге кірмейді».
Өкінішке қарай, ҰБТ басталған күннен бері 25 оқушы тестілеу талаптарын бұзғаны үшін аудиториядан шығарылған. Деседе, ол үміткерге екіншісін тапсыруға мүмкіндік беріледі. Бірақ, алғашқысында жіберген қателікке жол бермеу керек.
НҰРСҰЛУ АЛИБИЕВА ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ,АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТТІ АТҚАРУШЫ: «Негізгі және конкурстық ҰБТ болғандықтан сұрақтарды 70-80 пайызға өзгертуге тырысамыз. Бірақ, мағнасы ұқсас болады».
Күннің аптап ыстығына қарамастан талапкерлерге ата –ана, туған –туыс, дос- жаран қолдау көрсету үшін келіп отыр. Жедел-жәрдем, өрт сөндіру қызметкерлері де осында.
ЕРБОЛАТ СӘРСЕНОВ ДӘРІГЕР: «Мұнда қатты ауытқұлар болмайды. Бала қобылжып, естерін жоғалтса, суын беріп, тыныштандырып, түсіндіріп қолдау көрсетеміз.
Араға бір сағат салып, тест тапсырғандар ақырындап шығып жатыр. Солардың бірін сөзге тартып көрдік.
ҰЛАСБЕК ӘМІРХАНОВ: «Көңіл күй қалай? Жақсы. Курсқа қатысқан кезде кураторлар айтатын «өздеріңді ең нашар балл алам деп барыңдар», дейтін. Өзім 60-70 деп ойлағам.Сөйтсем 80 алдым. Қуанып кеттім».
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімі бойынша 2024 жылы талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.
Биыл 186 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 342 мың өтініш берген. Оның ішінде тапсырушылардың 75% – ы қазақ тілінде, 24,9% - ы орыс тілінде, 229 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 135 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Dh1HRHHitsw?si=rQHJeVSb__JWJ7jg"
Тағы басқа мақалалар...
42 ішінен 194 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.