
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 198 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/k_kaiTqaG08?si=X0qPrV2VQagdsjdn"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 237 рет қаралды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің базасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалын ресми түрде ашты. Аталған іс-шара Ресей Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында жүзеге асты.
Іс-шараға ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев пен ОмМУ ректоры Сергей Замятин қатысты.
Ресейдегі тұңғыш ашылған қазақстандық жоғары оқу орнының филиалы талапкерлерді 2025 жылдың қыркүйегінен бастап қабылдайды. Қазақстан мен Ресей Үкіметі студенттерді оқыту үшін 200 білім беру грантын бөлуді қарастырған.
ҚазҰУ филиалы «Халықаралық құқық», «Қазақ филологиясы» және «Кеден ісі» сияқты білім беру бағдарламалары бойынша бакалавр біліктілігі бойынша мамандар мен магистранттарды даярлайды. Болашақта қос дипломды білім беру бағдарламасы жүзеге асырылмақ.
Дәрістер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі, сондай-ақ шетелдік ғалымдарды білім беру процесіне тарту көзделіп отыр.
Ресей Федерациясында жетекші қазақстандық ЖОО филиалының ашылуы Еуразиялық интеграция шеңберінде екі елдің ғылыми және білім беру әлеуетін дамытуға және одан әрі ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Бүгінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалдары Түркияның Ыстамбұл және Қырғызстанның Бішкек қалаларында жұмыс істеп тұр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 287 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/qEnkt9dheKc?si=1o2BxZDN-KqOMqA_"
Қытайдың танымал жазушысы, қандасымыз, жазушы, аудармашы Ақбар Мәжіттің 70 жылдығына орай Қазақстан Жазушылар Одағы мен «Қонаев Университеті» бірлесіп халықаралық конференция өткізді.
ӨМІРӘЛІ ЖАЛАИРИ ҚОНАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ; «Ақбар Мәжіт деген біздің қандасымыз осы, Қазақстан мен ҚХР-ның арасындағы көпір болып отыр.Бұл кісінің еңбектері бізге белгілі әсіресе Ақсақ құлан, содан кейін ең үлкен еңбегі Мұққали деген үлкен бабамыз болған Шыңғыс ханның оң қолы сол кісі туралы үлкен кітап жазды. Сол себептен ен ол үлкен жазушы 70 жасынитойлап жатырмыз.Ол тойлауға лайықты».
Еске сала кетейік, Акбар Мәжит - ҚХР Жазушылар одағының «Қытай жазушылары» журналының бас редакторы, шығармаларын Қытай тілінде жазады, қазіргі уақытта 28 кітаптың авторы, соның ішінде Абай шығармаларының аудармалары да бар.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 297 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/CY8zdBC2USk?si=ltNF2-BTunyx45i1"
Алматыдағы «Рахат» базарының айналасындағы дау әлі шешімін таппай келеді. 7-ші жылға созылған бұл мәселе жаңа деңгейде ұшығып тұр. Айтулы сауда нүктесінен күнін көріп отырған 43 кәсіпкерді Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімдігі мен Алматы қаласы ауданаралық экономикалық соты өзгелерден бөліп жарып, базар аумағын босатуға міндеттеп шығарған сот шешімі мемлекеттік сот орындаушыларының қолына жетті. Енді сот шешімі орындалуы керек. Кәсіпкерлердің тамырын басып көргілері келді ме, сот орындаушылар 5 кәсіпкерге атқару өндірісін қозғау туралы қаулысы мен атқару парағын поштамен жіберген. Саудагерлер болса, қылышын сүйреп қыс келе жатқанда табысымыздан айырылып, бала-шағымызды қалай асыраймыз деп шыр-пыр болуда.
Саудагерлер Жетісу ауданының әкімдігі тарапынан «қоқаң-лоқы» көріп жатқанын айтып базынасын шақты. Жұрт базардың сүрілуіне үзілді-кесілді қарсы. Осы жерде жиырма жылдан бері сауда жасап, тұрақты тұтынушы тартып үлгерген кәсіпкерлер басқа жаққа ауыссақ, нәпақамыздан айырыламыз дейді.
МОЛДАБАЕВ СЕРІК САУДАГЕР: «Біздің базарға әкімдіктен келіп, тисіп жатыр кетіңдер деп. 5 адамға хат жіберіпті «Осы жерден көшіңіздер!» деп. Оның өзі дұрыс емес, мына қарапайым халық қайда барады. Елім, жерім деп еңбек етіп жатырмыз. Бұл жерде жұмыс істегеніме 20 жыл болды 6 балам бар. Оларды осы саламен бағып отырмын. Өзіңіз білесіз доллар өсіп жатыр, барлық жерде қымбатшылық. Осы жерде үйреніп қалдық, саудамызда жүріп жатыр. Бұл базарға тиспесін деп жатырмыз».
МАРБАНОВ ИМИДЖАН САУДАГЕР «Бар-жоғы 48 адам бар. Оның біріншісі болып маған хат келіп тұр. Сонымен қағаз келіп тұр. Бұл жерді мен босатуым керек екен. Қандай заңмен, кімнің заңымен келгені белгісіз. Біз юрист емеспіз, қарапйым адамды қағазбен қорқыту оңай. Егер жер жоқ, жұмыс жоқ болса қайда барамыз. Көп адамдар базарды салғанда 3 бөлікке бөлді. Енді мына жерге ағаш егеміз дейді. Бұл жерде көмір таситын автобаза болған. Асты толған көмір, бұл жерге ағаш өспейді, бізден басқа ешкім шыдамайды бұл жерге. Үкіметтен осы жерді қалдыруды сұраймыз».
Саудагерлер 200-ден астам кәсіпкерлер арасынан 43 адам таңдалған, таңдау қандай негізге сүйене отырып жасалғанын, осылайша кәсіпкерлерді өзара дүрдараз етіп қойғысы келді ма деген ой болғанын жасырмады.
ТӨКЕН АЛДОҢҒАРОВА ЗЕЙНЕТКЕР «Біз үкіметтен, Жетісу ауданының әкімдігінен бірінші доғарыңдар бізді қорқытуға. Біз қорықпаймыз, біз халықпыз осы жерде туылдық. Біз бұрындары да қазір де халыққа қызмет етіп, өз күнімізді көріп жүрген адамдармыз. Мен 120 мың теге зейнетақы аламын. Алматыда бұл ақшаға күн көру мүмкін емес. Менде бірақ тілек, қалдырыңдар осы жерді. Бізді қалдырса, ақшамызды жинап сауда орталығын салып аламыз. Парк саламын дегені өтірік, жолдың арғы бетіндегі мосты көріңіздер. Не оны тазаламйды, бизнес қылып жіберген. Жетісу ауданының әкімдігі бірінші сол жерді жөндеп алсын».
Бұл дау 2018 жылдан бері созылып келеді. Мұндағылардың сөзінше, «ТКМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 97 соттық жерді жалға алу туралы келісім-шартты созбақ болған. Алайда ол кезде әкімдік учаскені санитарлық аймаққа жатады әрі өзен бойында орналасқан деп танып, арызды кейін қайтарған. Есесіне 2019 жылы базар «Алматы СРS» атты жиһаз жасайтын фабрикаға өткендігі белгілі болыпты.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 417 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/TccOlGNuOz4?si=JfY6yjZg710Jk-sq"
Білім - ұлттық тәрбиемен ұштасқанда ғана сапалы болмақ. Ұлттық адами құндылықтарға негізделген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жыл басынан бері барлық білім ошақтарында жүзеге асырылуда.
Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Алматы қаласындағы №149 жалпы білім беретін мектепте мұғалімдер осы қанатты қағиданы ту еткен. Білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы енгізілгелі мұғалімдер балаға сапалы білім ғана беріп қоймай, жас ұрпақтың бойына ұлттық тәрбиені қоса сіңіруде.
ГҮЛНАР БАЗАРБАЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНДЫҚ №149 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жаңартылған әдісті пайдалана бастаған білім ошағында балалардың жан-жақты білім алып, саналы тәрбиемен сусындауына барлық жағдай жасалған. Оқушылар сабақтан тыс уақытта тоғызқұмалақ, асық ойнап, зергерлік бұйымдар жасап, тігін тігумен айналысады. Өнерге қызығушылығы бар балалар арнайы маманнан актерлік шеберлік дәрісін алып, мың бұрала би билеп, түрлі аспаптарды меңгеруде. Бойына рухани құндылықты, ұлттық мүддені сіңірген оқушы қашанда отанын, елін отбасын сүйетіні анық.
МАРХАБАТ ҚАДЫРБЕКҚЫЗЫ ҰСТАЗ
Бүгінгі ұрпақ терең ойлы, зерек, зерделі болуы тиіс. Әйтпегенде білім саласының жаңалықтарын меңгеріп үлгермес. Мектепте шахмат және робототехника үйірмелері қосылғалы балалардың білсем, үйренсем деген қызығушылықтары оянған. Бала денсаулығының дұрыс болуы үшін мұнда жүзу бассейні де жұмыс жасайды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 238 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/_h1u8_jdH5M?si=_xTC3kzUX35gGnIg"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 249 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/k67PzAHzxG4?si=jFCekmxCijSZRF7p"
Түрлі қауіпті инфекциялармен жұмыс істейтін лобаранттар жалақсын көтеріп, отандық зертханалар базасын жаңарту керек. Сенат депутаты Әли Бектенов бүгін жоғары палатаның отырысында аталған саланың былықтарын жіпке тізді. Әсіресе, еліміздегі азық-түлік тексеруге арналған зертханалардың хәлі тым мүшкіл екен. Ал, ұрпақ денсаулығы үшін ең алдымен осы азық-түлік қауіпсіздігі бірінші орындағы мәселе емес пе деген сенатор Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдап, қордаланып қалған проблеманы оң шешуді сұрады.
ӘЛИ БЕКТАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Лабараториялардың көпшілігінің қызмет ету мерзімі 50 жылдан асқан. Апатты немесе жалға алған ғимараттарда орналасқан. Ондағы көптеген құрылғылар ескіргенімен қатар, өндірістерден де шығарылған. Осылай 2016-2023 жылдар аралағында 15 зертхана жабылған. Зертханалардың жетіспеуі, құрал-жабдықтардың тозуы облыс, аудан көлемінде қатты байқалады. Өз өңірлерінде тиісті зерттеулер өткізе алмаған шекара бойындағы фермерлердің ресейлік зертханаларға жүгінуі қалыпты жағдайға айналды. Ал базарлардағы азық-түліктің сапасын анықтау жеке зертханалардың еншісіне берілген. Құрал жабдықтары нашар. Өздері сол базардан жалға алынған ғимаратта отырған зертханалар әрине базар иесіне тәуелді. Қандай анықтама бер десе соны беріп отыра береді. Біздің ойымызша азық-түлік қауіпсіздігі мемлекеттің бақылауында болуы керек. Ветеринарлық қызметкерлер арасында ең төменгі жалақыны лабаранттар алады. Шамамен 100-110 мың теңге. Ал санитарлық эпидемологиялық зертханадағы мамандардың жалақысы арасында дизбаланс пайда болған. Врач, вирусологтардың жалақысы 320 мың көлемінде болса, биолог, эндимолог, химик 140-150 мың теңгенің көлемінде ғана жалақы алады».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 207 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/tTOAn_a7ODo?si=PXBXy7nmL5Q--T-7"
Күллі Түркістандықтарға күйе жақпаңыз. Түркістанның тұрғындары ата-баба салтын сақтайтын, ардан аттамайтын халық. Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде есеп берген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өзіне сұрақ қойған тілшіге қарата осылай деді. Айта кетсек, журналистердің бірі әкімнен «неге өңірде зорлық-зомбылық пен ұрлық, кісі өлімі көп» деп сұрақ қойған болатын. Алайда, шаһар басшысы бұл пікірмен үзілді-кесілді келіспеді.
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
«Страшный происшествие деп сіз айтқаныңыз бүкіл өңірде болып жатыр. Сіздің айтқаныңызбен мен 100 пайыз келіспеймін. Бұл қате. Біздің түркістандықтарға ондай баға беруге ол дұрыс емес. Түркістандықтар ежелден ата-бабасының салтын сақтап келген тұрғындар. Статистиканы кім жазды, кім айтты бос сөз. Ондай дамығын елдерде болып жатыр. Күллі түркістандыққа күйе жаққан дұрыс емес деп есептеймін. Егер статистикаға қарайтын болсақ, біз бірінші орында емеспіз, біз төменгі жақтамыз».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 250 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/1PtSO4pkBgA?si=INBTC9kh_5-8syMN"
Кез-келген мемлекеттің басты міндеті – патриоттық тәрбие. Батырлардың ерліктерін насихаттау, сондай-ақ «Еңбек ерлерін» үлгі ете отырып, жастарға азаматтық-патриоттық тәрбие беру. Осы мақсатта Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейінде іс-шара өтті.
Қазіргі жастардың бойында патриотизмді қалыптастырудың құрамдас бөлігі – өз еліне деген сүйіспеншілік. Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің ІІІ Конференциясының мақсаты – жоғалған дәстүрлерді жаңғырту, өскелең ұрпақтың бойына өзара сыйластықты тәрбиелеудегі жұмысына қолдау көрсету, патриоттық тәрбие беру.
ҚАЙРАТ БЕК ШАДИЕВ, №178 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЛИЦЕЙДІҢ ДИРЕКТОРЫ
Іс-шарада «Халық қаһарманы», «Қазақстанның еңбек Ері» жоғары атағын алған тұлғаларымыз төбе көрсетіп, оқушыларға ізгі ниеттерін, елін сүйген ұрпақ болуға, сонымен қатар өздерінің жүріп өткен жолдарын жас ұрпаққа тебірене жеткізді.
БАҚЫТЖАН ЕРТАЕВ, ҚР ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ; «Әрине батырлық тәрбиелеу,біздің парызымыз, сол себептен келіп, қуанып жастарға риза болып жатырмыз.Осындай мектепте көбейсін,білім беретін көп болсын.Себебі біз қазақ елі 9 орын алсақ, соны гүлдету жайнату кімнің- болашақ жастар. Бірақ әр проблема болса, оны шешу-бірлікте. Сол себептен осы білім беріп жатқан мұғалімдерге бас иемін.»
Әр қазақстандық Отанын шын сүйіп, халқына қызмет етсе, елімізді қорғау парызым деген адам -нағыз патриот.Ұлттық құндылықтарымызды ана тілін, тарихын, салт-дəстүрін жетік білетін, құрметтейтін, жанашырлық, сенімділік, намысшылдық секілді мінезді бойына сіңірген ұрпақты қалыптастыру арқылы ғана əлемдік деңгейге көтере аламыз диді Халық қаһарманы.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 266 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/LHeOCygmJUg?si=yKjU_qZw5SuJbKdx"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 301 рет қаралды
2024 жылдың 27 қарашасында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің базасында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері кафедрасы ұйымдастырған іс-шара тақырыбы «Бірлігіміз – әралуандықта: тарих, мәдениет, инженерлік технологиялар».
Конференцияға инженерия, тарих, саясаттану, әлеуметтану, психология, филология, дене шынықтыру, инновациялық экономика саласындағы 180-ге жуық Қазақстан мен Ресейдің және Европаның жетекші ғалымдары қатысты.
Халықаралық ғылыми конференцияның салтанатты ашылуы Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Сәрсенбекова Гүлнар Әлібекқызының алғы сөзімен басталды.
Конференция барысында ғалымдар білім-білігімен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Әрі бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция 4 негізгі бағытқа бөлінді:
- Қауіпсіз Қазақстанда жайлы ортаны қалыптастыру мен дамытудың заманауи сын-қатерлері мен шындығы.
- Мәдениет, тіл және дін диалогі.
- Инженерлік-техникалық кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері мен болашағы.
- Экологиялық мәдениет, адал еңбек, тиянақты білім.
Мазмұнды жиынға қатысушылар белсенділігі өте жоғары. Мән-маңызы терең іс-шараның берері мол.
ӘГП және ӘТ кафедрасының аға оқытушысы, PhD -доктор Б. Карбозова

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 333 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/P_B8mgxj9Ro?si=PDqVShxgpEgV7uAU"
Ақтаудағы 27 шағын ауданда орналасқан жекеменшік "Әлфараби" мектебінің 20-дан астам мұғалімі еңбекақыларын уақытылы ала алмай отыр. Оған қоса жазда шыққан еңбек демалысының да қаражаты төленбеген. Ашынған ұстаздар бүгін оқушыларға сабақ беруден бас тартты.Толығырақ келесі бейнематериалда.
Аталған білім мекемесі осыдан 3 жыл бұрын жұмысын бастаған. Қазіргі таңда мыңға жуық оқушыға 70 шақты ұстаз білім беруде. Алайда, бүгін білім ордасының педагогтері жұмысты тоқтаты. Оған себеп - тиісті еңбеканың дұрыс төлендеуі мен еңбек демалысының қаражатын дұрыс бермеу. Онымен қоса зейнет ақы жарнасы мен міндетті медициналық сақтандыруға ақша да аударылмаған. Бірнеше рет басшылыққа кіргенімен нәтиже жоқ деп отыр. Ашынған ұстаздар құрғақ уәдеге әбден тойдық, дейді.
Рахат ШӘУДІРБАЕВ - МҰҒАЛІМ «Жалақымыздың 10 пайызын тек қана 40 мың түсті зейнетақы. Одан кейін ешқандай да, бір тиын да ақша ауған жоқ. Міне, біз үшінші оқу жылын бастап жатырмыз. Сонымен бірген тек қана зейнетақы қорына ақша түспегенімен бірге міндетті медициналық сақтандыру қорына әр тапқан табысымызға 2 пайыз одан біір тиын да ақша түскен жоқ. Еңбек демалысына шыққан маусы айының басында шықты мұғалімдер мен 11-де шықтым. Еңбек демалысының ақысын әлі алған жоқпыз. 6 ай уақыт өтті. 6 айдан бері созбалап келе жатыр. Күнде береміз деп. Бұл таусылмайтын не проблема екенін біз білмедік. Ақшамызды сұрасақ есепшотымыз жабық дейді. Тағысын тағы түрлі сылтау болып жатыр».
АЙКӨРКЕМ МАҒЗАМ - МҰҒАЛІМ «Арасында кешігуі болды айлықтың. 2024 жылдың мамыр мен июнь айлығын әлі ала алмай жүрмін. Мамыр-маусым айының айлығын. Әлі күнге дейін берген жоқ және еңбек демалысымның ақысы бар. барлығын әлі күнге дейін алып отқан жоқпын. Міне, қазір аударамын, ертең аударамын дейді алдына барғанда жібереді болды. Міне аударып жатырмын дейді болды жоқ содан. Енді сотқа беріп қойдым. Одан әлі хабар жоқ. Е-өтінішке де жаздым».
Мектеп директорының айтуынша, былтыр оқу ордасы банкроттық жағдайға жеткен. Алайда, өз күштерімен күні бүгінге дейін ақша төлеп келіпті. Қазірде 10 шақты мұғалімге еңбек демалысына ақша төленбегенін жасырмады.
Еркебұлан НҰРХАНҰЛЫ - ЖЕКЕМЕНШІК ЛИЦЕЙ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ «Қолхат беріліп, алдын ала түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Зейнетақы қорымен медстрахования бойынша жүргізілген мамандар бар, жүргізілмеген мамандар бар. Ол енді жеке қызметкерлердің өзімен келісім шарт бойынша жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда октябрды алмағанда 20 шақты мұғаліміміз бар оларға да айлық жалақылары түсіп жатыр. Мекеме қазір қиын жағдайда тұр. Бірақ, мәселе шешілу үстінде. Мұғалімдермен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр».
Бұл жағдаймен қалалық білім бөлімінің басшысы да хабардар. Айтуынша, шаһардағы жекеншік оқу ордалары білім бөліміне қарасты емес. Алайда, мәселені шешу үшін жұмыстар жасалып жатқанын жеткізді.
ҒАНИ ҚҰРМАНҒАЛИЕВ - АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ «Олар тікелей Оқу ағарту министрлігі жанынан құрылған "Қаржы" орталығымен жұмыс істейді. Қаржыны министрлік бөледі. Біз тек қана жекеменшіктердің білім сапасын қадағалаймыз дұрыс берілуін. Педагогтардың шағымын ескере отырып, осы аталған мектептің басшылығымен сөйлестік. Мәселемен таныстық және бұл мәселенің тезірек шешімін табуға ықпалдасуын өтінген болатынбыз. Келіссөздердің арқасында жақын арада бұйырса мұғалімдердің арыз-шағымы оң шешімін табады деп күтудеміз».
Осылайша, мектеп директоры мәселені 1 апта емес, жыл соңына дейін шешуге уәде берді. Ал ұстаздар болса, бұл жағдай оң шешімін таппаса, сотқа арызданып, түйіткіл шешілгенше арыздана бермек.
Тағы басқа мақалалар...
37 ішінен 232 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.