- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 140 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/17QyiIwSL-0?si=imF8_Anp1vZsppxs"
"Список Айки" деген атаумен әлеуметтік желіні бір шулатқандар көптің есінде әлі бар шығар. Алматы қаласының Әуезов аудандық сотында қоғамда үлкен резонанс тудырған сот жабық түрде өтті. Айка есімді сотталушы мефедронды заңсыз иемденген, сақтаған және тасымалдаған, сондай-ақ жеңгетайлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. 2020-2023 жылдар аралығындағы сотталушы Айка сыбайласымен бірге қыздарды клиенттермен таныстырумен айналысып қана қоймай, оның үстінен пайда көргендігі де анықталды.
ДАРХАН ЕРЛАНҰЛЫ ҚР СОТ ӘКІМШІЛІГІНІҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ: "М. ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі 309-бабының 2-бөлігі, 1- тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 6 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Т. ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 309-баптың 2-бөлігі, 1-т бойынша кәнілі деп танылып, оған 3 жыл 8 ай көлемінде бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 166 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/T7i671AVRCc?si=Z_XNm7c5lfgXZ2dH"
Қиын қыстау күндері қол ұшын созып қолдау білдіру ең жоғарғы адами қасиет. Еліміздің ертеңі балаларымызға шаттық көңіл күй мен өмір сыйлау қоғамдық парызымыз.Осы орайда еліміздің су басқан аймақтарындағы балаларға қолдау көрсетіліп Алматы облыстарындағы демалыс орындарына жолдама берілген.
Жылына 4250 бала демалатын «Балдәурен» орталығына биыл су басқан аймақтардан 177 бала демалуға келген.Ауысым тақырыбына сай көптеген іс шаралар өтуде. Орталықтағы мектепте балалар түске дейін сабақ оқыса, қосымша үйірмелер,саяхат бағыттары қарастырылған. Оқу-сауықтыру орталығы әскери бағытта жұмыс атқаратындықтан осы ауысымда ауған соғысы ардагерлерімен кездесу де ұйымдастырылған.
ЖАРҚЫНАЙ ҚАЖЫМҰҚАНОВА ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫ «БАЛДӘУРЕН» ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Мұнда 6 мезгіл тамақ беріледі.Одан бөлек балалармен психолог мамандар да жұмыс жүргізуде. Алматы қаласы Бостандық ауданы директорлар корпусы және балабақша меңгерушілері атынан Бостандық ауданы білім бөлімі басшылығы орталықпен байланысқа шығып су басқан аймақтан келген балаларды қажетті заттармен қамтамасыз етіп,қолдау көрсетуді ұйғарған.
ГҮЛЖАН ДОСАЕВА М.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ №38 ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Игі шара жалғасын тауып Талғар ауданына қарасты «Тау Тұран» демалыс орталығына да су басқан өңір Ақтөбе қаласынан,Ойыл ауданынан 100 бала келген. Балалардың білім алуына мұнда да жағдай жасалып,мұғалімдер арнайы шақыртылған.
ЖАНАР СБАНҚҰЛОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ
Балаларға жан жақты қолдау көрсетумен қатар қауіпсіздіктері де қамтамасыз етілген. Мұнда келген әр жеткіншектің жауапкершілігін арқалап жетекшілер ере келген. Демалыс орнындағы шынайы ниеттен жасалған қолдауға өз алғыстарын жеткізді.
КЕНЖЕГҮЛ САЕКЕЕШЕВА ЕРМЕКБАЙҚЫЗЫ АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ №53 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Су басқан өңірден келген балалардың жақсы демалуынан бөлек,олардың психологиялық және денсаулық жағдайларын да қадағаулау қолға алынған.
АҚТОЛҚЫН ПАНАРБЕКҚЫЗЫ АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНАН КЕЛГЕН МЕДБИКЕ
Балалар біздің болашағымыз десек артында арқа сүйер елі барда әр бүлдіршін мұңаюға тиісті емес.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 218 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/IcuHIB6-A5U?si=KhH1wir0Yl6OusFd"
Бұдан былай жүргізуші куәлігін алу қиындайды. Енді емтихан тапсыру барысы онлайн трансляция арқылы бақыланады. Оның үстіне автомектептен оқымағандарға жүргізуші куәлігі мүлдем берілмейді. Оның өзінде де барлық жеке кәсіпкер өз бетінше автомектеп аша алмайды. Талап күшейді. Оған себеп, биыл 3,5 млн жол жүру ережелері бұзылып, 8 мыңға жуық «мас» жүргізуші ұсталған. Олардың барлығы соттың шешімі бойынша көлікті басқару құқығынан айырылыпты. Жүргізуші куәлігін беретін арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы да ерекше бақылауға алынады. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жаңа жол жүрісі туралы заңды таныстырған Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты.
ҚАЙСАР СҰЛТАНБАЕВ ҚР ІІМ ӘПК ТӨРАҒАСЫ: «Емтихан қабылдау кезінде кейбір жемқорлыққа орын берілгені рас. Оны мойындаймыз. Бірталай қылмыскерлер ұсталғанын растаймыз. Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ішкі істер министрлігімен бірлескіп біраз жұмыстар жүргізіп, біраз қызмектерлер ұсталғанын растаймыз. Жемқорлықты жою үшін арнайы халыққа қызмет көрсету орталығындағы қызметкерлердің бүгінгі деңгейін мемлекеттік қызметшілерге теңестіру осы заңда қарастырылған. Келешекте олардың деңгейі осы мемлекеттік қызметшілермен теңеседі, жемқорлыққа қарсы жауапкершілігі де артады».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 188 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/64B_wxQs4P8?si=DEPtW0zIfd-i6ttO"
Су басқан өңірлердегі түлектерге биыл ерекше жеңілдік берілетін болды. Айтулы аймақтағы балаларға қосымша 12 мың грант бөлінеді. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек айтты. Ал, тасқынның зардабынан мектепке бармаған оқушылар болса, жазда қайта оқиды. Үкіметте көтерілген мәслелер жайында толығырақ алдағы бейнесюжетте.
25 мамырда еліміздегі барлық мектепте соңғы қоңырау соғылады. Бұл күнді ұстаздар да оқушылар да асыға күтуде. Бірақ, су басқан алты өңірдің оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылғанымен, олар түбейгейлі жазғы демалысқа шықпайды. Бұл өңірлерде қосымша сабақ ұйымдастырылады.
ҒАНИ БЕЙСЕМБЕВ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:
«Су тасқынынан зардап шеккен және ауа райының қолайсыздығына байланысты қыс мезгілінде қашықтан оқыған 2622 мектептің 832 мың оқушысы үшін 27-31 мамыр аралығында “Жазғы мектеп” жұмысы ұйымдастырылады. Жазғы мектепті ұйымдастырудың негізгі мақсаты – оқушы біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру арқылы білім сапасын арттыруға бағытталған».
Ал, аталған өңірдегі түлектер үшін жағымды жаңалық. Биыл мемлекет тасқыннан задап шеккен аймаққа қосымша 12 мың грант бөлді.
САЯСАТ НҰРБЕК ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:
«Біріншіден, сол өңірдегі балаларға көп уақыт беру үшін олардың тестілеу мерзімі шегерілді: 1 маусымнан 12 шілдеге дейін. Балаларға 47 күн беріп отырмыз. Екіншіден, биыл мемлекеттік тапсырыстың 20 пайызы, яғни 12 мың грантты бөлек сол зардап шеккен өңірлерге бөліп отырмыз. Үшіншіден, биыл негізгі ҰБТ-ны 6 өңірде тапсырған балалар төмен балл алып қалса, қаңтар және наурызда алған ҰБТ балдарын қолдануға мүмкіндік береміз. Ерекше жағдайды ескеріп, тек биыл осындай шешім қабылдап отырмыз. Яғни (тасқыннан) зардап шеккен өңірлердегі балаларға министрлік тарапынан толық қолдау бар».
Одан бөлек, бүгін министрлер кабинеті балалардың жазғы демалысын дұрыс ұйымдастыру мәселесін қарады. Үкімет басшысы Олжас Бектенов балалар қауіпсіздігіне баса мән беруді тапсыруды. Сондай-ақ, лагерлерде балалармен жұмыс істейтін қызметкерлерді мұқият іріктеу керектігін айтты.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Барлық балалар лагерлерінде, жаппай демалыс орындарында бақылау камералары жұмыс істеуі тиіс. Ішкі істер, төтенше жағдайлар, оқу-ағарту, денсаулық сақтау министрліктері, өңірлердің әкімдіктері тиісті қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуі керек».
2026 жылға дейін республика аумағында 50 лагерь құрылады. Балалар шығармашылығын дамытатын 100 орталық салынады.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 166 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/IuQ1vEUD3NI?si=4vG09vLHk0qfJxwn"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 243 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/DIww1Tpx0rc?si=ZXvMlNAXcB2E3v_Y"
Әр отбасы жеке мемлекет. Ол мемлекеттің іргетасын қалаушы, басқарушы – отағасы, әке. Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Алайда, әке болу бар да, әке бола білу бір бөлек әңгіме. Өкініштісі бала тәрбиесіне келгенде көп жағдайда отанасына ысыра салатын әкелер жетерлік. Осындай олқылықтарды болдырмау мақсатында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы жүзеге асып келеді.
Әке – ұлы күш пен сабырлықтың иесі іспеттес. Әке баласының физикалық және рухани тұрғыдан мықты болып өсуіне көп мән беру керек. Сондай-ақ ұқыптылық, адалдық, мейірімділік, өзгелерге жақсылық жасау секілді адами қасиеттерді ұзын- сонар әңгіме немесе ақыл айтып емес, әке өзінің іс-әрекетімен көрсетсе бала санасында мәңгі есте қалады.Қоғамда орын алып отыратын олқылықтардың орнын толтыру мақсатында “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” жүзеге асып келеді. Өздеріңіз көріп тұрған «Ұлттық ойын-ұлттың игілігі» тақырыбында өтіп отырған шара,соның куәсі деуге болады.
ӘЛИЯ ЕЛЕМАНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №207 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту,кезек күттірмейтін мәселе. Әкелер арасында «Асық ату» турнирі өте тартысты өтті.Шараны көзімен көрген жастар да,қызығушылықтарын білдіріп жатты.
САЛТАНАТ ҚҰСАЙЫНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ НАУРЫЗБАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Тамаша ойын өрнектерін көрсеткен әкелерге алғыс айтылып,сый сияпаттар көрсетілді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 235 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ZmSsAYbjsXs?si=U34do1elMObzSAAo"
Ауыл – қазақтың күретамыры. Бүтін бір елдің асыраушысы, қайнаған еңбектің, ұлт руханиятының, қазақы тәрбиенің қайнар көзі. Салт-дәстүр, мәдениеттің сарқылмас мол қоры да ауылдарымызда сақталып келеді. Бүгінде өркендеп, дамып келе жатқан ауылдар аз емес. Себебі елімізде ауылды өркендетуге, ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған жобалар, мемлекеттік бағдарламалар қолға алынып, өзінің оң нәтижесін беруде. Соның бірі Алматы облысы іле ауданына қарасты Күрті ауылдық округі.
Тарихы тереңнен сыр шертіп, батыр бабалар мен әулие абыздардың ізі қалған килі өлке Күрті ауданының іргесі 1970 жылдарың басында қалған болатын.Оның өз алдына өлке болып,аяғынан тұруына сол кездері еңбек еткен ел ағалары тер төкті. Бүгінде құт дарыған Ақшидің ажары басқа, халықтың еңсесі тіктелген жүздері жайдары. Күртіден кіндік қаны тамып, сағынышын әнге қоспаған өнерпаздардары да жоқ емес. Тұнып тұрған дарынды өлке десек артық айтқандық емес. Мемлекет және қоғам қайраткері Серік Үмбетов бастаған азаматтар ауылдың халқымен жүздесіп, ауданның өркендету жолындағы табанды еңбектерді еске алысып,сағыныштарын басып қайтты. Ел амандығын тілесіп, негізгі күштің бірлікте екендігін алға тартып жатты.
СЕРІК ҮМБЕТОВ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
Күртінің киелі жері нуы мен суын, халқымен бірлігін жырлаған тамаша мерекелік шара ұйымдастырылды.Концерттік шара «Ауылға сағыныш» деп аталды.Ауылдық ағайындарды «Сүйінбай сазы» Халықтық, фольклорлы-этнографиялық ансамблінің өнерпаздары өнерімен тәнтті етті.
ЫЗҒАРБЕК БЕКТҰРСЫНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ
Ауылдың түтіні түзу шықса,одан артық бақыт жоқ қазаққа. Дәл осы сипатта дамып келе жатқан Ақши елдімекені. Аға буынның салып берген сара жолынан таймаған аймақтың болашағы бар.Мұнда «Сыдық бекет» шаруа қожалығы бастаған үлкен жұмыс орындары ашылып,елдің игілігіне қызмет жасап отырған жайлары бар.
ТӨЛЕГЕН ОМАРОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ІЛЕ АУДАНЫ КҮРТІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 179 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/QmmfsIDJF2k?si=fnYpMXpX0vwMZyN4"
Мектеп асханасынан шу шықты. Ақмола облысы Зеренді ауылында оқушыларға тамақ қалдықтарын беріп келген. Мына видео әлеуметтік желіде бүгін тез тарап, жүз мыңдаған қаралым жинады. Оның астына жазылған пікірлер де көп. Біздің тілшілер Ақмола облыстық білім басқармасына хабарласып мән-жайды анықтаған еді. Олар бұл ақпаратты растады. Видео осыдан екі күн бұрын түсіріліпті. Мектеп асханасы жеке кәсіпкердің бизнесі болғандықтан, бас салып тексеріс жүргізуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан, басқармаға хат жазып, жақын арада тексеріс жүргізілетінін хабарлаған. Егер, соның нәтижесінде кәсіпкердің кінәсі анықталса, онда тамақтану қызметін көрсету туралы шарт тоқтатылады. Жауапты тұлға заңда белгіленген тәртіппен жазаланады.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 169 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/uFRk6xEYnfc?si=5mM72Hw_mlocjUPE"
Студенттердің сапалы білім алуына басты себеп,олардың практикалық тұрғыдан ысылуы. Кезкелген өндіріс орындарын көзімен көріп,қолымен ұстағанын тез қағып алатын жастарға бұл таптырмас құрал жүйесі деуге болады.Тәжірибиелек тәлімі бар студенттерге есік ашық,тек білім алуға талпыныс болса болғаны.
ТАЛҒАТ ЕСТАЕВ КОМПАНИЯ ӨКІЛІ
Алматы қаласындағы бұл білім шаңырағы көптеген жылдардан бері мыңдаған шәкірттерін түлетіп, сүйген саласының мамандары болып қалыптасуына септігін тигізіп келеді. Бүгінгі жиында жұмыс берушілермен арада орын алған ортақ мәндетті тағы бір мәрте пысықтап алды.Сондай-ақ қала әкімінің қолдауымен шетелге барып білімдерін шыңдап келген ұстаздардың тәжірибиесін жұмыс берушілермен тізе қосып,оқу бағдарламасына енгізу мәселесі сөз болды.
СЕЙІТБЕК СҮЛЕЙМЕНОВ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ЖКЖТК ДИРЕКТОРЫ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 215 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/7OmgSgi5cBI?si=1M5PkSTFL1Jh9IQ5"
Алматы облысында киокушинкай-кан каратэ спортынан балалар мен жасөспірімдер арасында «БАТЫРБАЛА - 2024» дәстүрлі турнирі жоғары дәрежеде сегізінші мәрте өткізілді. Сондай-ақ, Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерация Алматы облысы филиалының Президенті болып қоғам қайраткері,Қарасай аудандық мәслихатының төрағасы– Айнабеков Бауыржан Бақтыбайұлы тағайындалды. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Республикалық ұлттық киокушинкай-кан каратэ федерациясының президенті Омархан Нұртайұлы өз сөзінде жаңа қызметке тағайындалған Бауыржан Бақтыбайұлына өз сенімін білдіріп, алдағы уақыттарға сәттілік тіледі.
ОМАРХАН ӨКСІКБАЕВ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҰЛТТЫҚ КИОКУШИНКАЙ-КАН КАРАТЭ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ «Бүгін біз Алматы облысының филиалын ашып және оның басшысын сайладық. Сол жаңа басшысы Бауыржан Бақытбайұлына сәттілік тілегім келеді. Ертеңгісін осы жақтағы игі шаралардың ұлкен бір жетістіктерін көргім келеді».
Осыдан 10 жыл бұрын «Батыр бала» деген атпен аудандық деңгейде өткізілген киокушинкай-кан каратэ спорты қазір Халықаралық деңгейге жетті. Бұл спорт түріне қызығушылық танытып, әртүрлі жарыстарда бақ сынап жүрген спортшылардың саны да күннен күнге өсіп келеді дейді федерация президенті.
ОМАРХАН ӨКСІКБАЕВ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҰЛТТЫҚ КИОКУШИНКАЙ-КАН КАРАТЭ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ «Бұл нені білдіреді? Бұл – біздің жастардың, әсіресе, мектеп жасындағы балалардың осы спортқа құлшынысын және спорт арқылы өздерін дамытып, спортпенен өзінің денесін шынықтырып, үлкен өзіне үлгілі өмірді көрсетіп отқанын танытады».
Мәртебелі турнирге Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан сынды мемлекеттерден келген 300-ден астам каратэші жауынгерлік рух пен кемелдену жолына түсуге ұмтылыстарын көрсетті.
РАХМАН ҚУАНЫШҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Осы жарысымыздың мақсаты – жастар арасында қоғамда салауатты өмір салтын насихаттау. Жасөспірім балаларды денешынықтыру және спортқа тарту. Бүгінгі жарыстың жоғары деңгейде өтіп жатқанына ат салысып жатқан каратэ киокушинкай-кан федерациясына және жергілікті Қарасай ауданының әкімдігіне алғыс білдіреміз. Осындай жарыстарды көптен ұйымдастыру арқылы біз өзіміздің жас спортшыларымыздың шеберлігін шыңдай түсеміз және олардың болашақта үлкен жетістікке жетуіне үлкен көмегін тигізеді».
Командалық есепте Алматы қаласының өкілдері 1 орынды иеленді. Олардың еншісінде 10 алтын, 4 күміс және 6 қола жүлде бар. 2-ші құрметті орынды Ұлытау өңірінің каратэшілері жеңіп алды. Осы халықаралық чемпионаттың жетекші үш командасын Жетісу өңірінің спорт секцияларының студенттері түйіндеп отыр.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 151 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/TamG3vsKQ20?si=tVpJEug_4PvqIik1"
Пәкістан жүздеген студенттерін Қырғызстаннан эвакуациялап жатыр. Оларды арнайы коммерциялық рейстермен үйлеріне қайтарады. Оның себебі зорлық-зомбылықтың өршуі болды.
Кеше Пәкістанға коммерциялық рейспен 130-ға жуық студент оралды. Бүгін үш коммерциялық арнайы рейс ұйымдастырылды. Тағы 540 студент қайта алады, жалпы саны — 670 адам.Қырғыз полициясы жұма күні ел астанасында шетелдік студенттерге, соның ішінде пәкістандықтар тұратын ғимараттарға шабуыл жасаған жүздеген қырғыз жігітті тоқтату үшін күш жұмылдырғанын хабарлады.Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі төрт пәкістандықтың алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілгенін, тағы біреуі жарақатына байланысты емделіп жатқанын растады. Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф болса, өз мәлімдемесінде Қырғызстанда орын алған оқиғаға алаңдаушылық білдіріп, Исламабад Бішкектен кеткісі келетін кез-келген пәкістандықты қайтарып алатынын хабарлады.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 139 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/345YZqnjRkE?si=V73VTzLOd-ls5PF_"
Петропавл қаласындағы Ойқала ықшам ауданындағы үйлер біртіндеп қалпына келітіріліп жатыр. Қазіргі таңда 4 арнайы бригада жұмыс істеуде.
Ойқала ықшам ауданында 38 жыл тұрып келген Лев Любыхтың баспанасын шатырына дейін су басқан. Айтуынша, комиссияның шешімімен үй сүріледі, себебі баспана жөндеуге жарамсыз. Қазіргі таңда барлық бағалау жұмыстары жүргізіліп болды, енді тұрғын құжаттарды жинастыру үстінде.
ЛЕВ ЛЮБЫХ ОЙҚАЛА ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Бұл үй 1986 жылы салынған. Баспанамды бұған дейін су баспаған еді.Бірақ осы жылы су менің үйімнің төбесіне жетті. Барлық есептеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы үй жөндеуге жарамсыз. Сол себепті қазір мен барлық керекті құжаттарды жинап жатырмын. Одан кейін жаңа баспана сатып аламын ба, әлде жаңа үй салып береді ме белгілі болады.»
Уәлиханов ауданынан келген механикалық бригада құрамында 30 қызметкер мен 3 техника бар. Олар Ойқала ықшам аудынындағы 134 нысанға жауапты. Қазіргі таңда бригада әр үйден жиһаздар шығарып кептіру, су сору, қоқыс тазалау сынды жұмыстарды жүргізуде.
ТАЛҒАТ САҒИТОВ СҚО УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Ендігі ең басты жұмыс бізде күрделі жөндеу. Бізге берілген обьект бойынша 134 үй олардың барлығы тексерістен өтті»
Бүгінгі таңда өңірде Ғ. Мүсірепов, Айыртау, Уәлиханов, Тайынша аудандарының және Петропавл қаласының механикалық бригадалары жұмыс істеп жатыр.
Тағы басқа мақалалар...
51 ішінен 194 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.