
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 265 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/pMHkwQMv8fY?si=NWA6-egFl9wnosDr"
Алматы облысына қарасты Қарасай ауданында ұлттық спорт түрлерінен республикалық турнир өтті. Шара мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналды. Іс-шараға қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ақсақалдар мен спорт ардагерлері қатысты.
Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ден астам шабандоз қатысып, тартысты ойын көрсетті. Дүбірлі дода GÚLNAR BAQ демалыс және спорт орталығында ұйымдастырылды. Жарыс бәйгенің 3 түрі бойынша, өтті. Олар 25 шақырымға Аламан бәйге, 15 шақырымға Топ бәйге, 10 шақырымға Құнан бәйге. Жағажай волейболынан әйелдер мен ерлер арасында коммандалық бақ сынасты. Ашылу рәсімінде ақсақалдар спортшыларға ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.
АМАНГЕЛДІ ШАБДАРБАЕВ ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ «Мен енді осындай валейболдан турнирлер ұйымдастыра бастадым. Дінмұхамед Ахметұлын халық ұмытпасын деп. Содан кейін, бәйге өткізе бастадық. Енді концерт қосылды. Осылай жылда өткізіліп жатыр. Мен Дінмұхамед Ахметұлының батасын алған адаммын. Мен жетістіктерге жетсем, сол кісінің маған берген батасының арқасы деп санаймын. Кішкене жағдай болып тұрса, Дінмұхамед Ахметұлына бәйге, ас жай беремін, екі мың адам келіп дәм татсын деп жатырмын. Көзі тірісінде Дінмұхамед ағамыз жақсылық жасайтын болсаң халыққа жасағаның дұрыс, халық ешқашан жақсылығыңды ұмытпайды деді».
Көк туымызды көкте желбіреткен қыз-жігітер ұлттық ойындарды ұлықтап халықтың ыстық ықыласына бөленді. Іс-шарада көремендер Теңге ілу, Қыз қуу, Жамбы ату, казак күресі, қошқар көтеру сынды ойындарды тамашалады. Өнер көрсетушілердің ішінде атпен, түйемен жамбы атқан қазақ қызы да өнер көрсетті.
ЖАҚСЫЛЫҚ БАЙТҰҚБАЕВ ГЕНЕРАЛ «Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне арналған бұл турнир ең бастысы отанға, елге деген құрмет. Патриоттық сезімді көтеру болып табылады. Үйткені қаншама көзі тірісінде қазақ еліне, жастарына, болашақ үшін үлкен жұмыстар істеді».
Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға мақтау қағаздармен, қаржылай сыйлықтар табысталды. Аламан бәйгеде бірінші келген сәйгүліктің иесіне темір тұлпар табысталды. Бас жүлдені «Шұғыла» атты сәйгүліктің иесі, Алматы облысы Жамбыл ауданынан келген Ерсұлтан Серіков иеленді. Волейболдан ерлер арасында «А» және «В» лигаларында өткен қызу тартыстың нәтижесінде Алматы қаласының өкілдері «Шекара» және «Номад» командалары басым түсті. Әйелдер арасында Талгарочка командасы жеңіске жетті. Дүбірлі додада жақсы көңіл күймен қайтқан көрермендер ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 301 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/yoCoTyNCO-I?si=YQvc3dGA6AzXiLfz"
Көкшетау қаласында қоқыс контейнерлері уақытында шығарылмайды. Жел соқса, қоқыс ұшып, жағымсыз иіс ауаға тарайды. Тұрғындар уақытында қызмет ақысын төлегенімізбен, қоқысты тазалап жатқан ешкім жоқ деп налып отыр.
Кәукен Кенжетаев көшесі Абылай хан даңғылының бойындағы көпқабатты үйлердің ауласындағы контейнерлер қоқыстан көз ашпай тұр.
«Күніге осындай қоқыс, алғылары келгенде алады, алғылары келмегенде осылай тұрады, сасып. Жанында магазин, қандай тазалық бар, айналайын, айтшы. Ешқандайда тазалық жоқ. Мінекей,осымен ауа жұтамыз. Енді осыны қашан жинайды, білмеймін».
«Мен осы қоқыс туралы айтқым келеді. Қоқыс жыл бойы, үнемі осында тасталады, бұл әлі күнге дейін жалғасуда. Бұған ешкім мән бермейді. Басшылықтың қайда қарап отырғанын білмеймін. Адамдарға да шошқа сияқты қарайды. Енді олар біздің видеомызды көрсе, осының бәрін алып тастар еді. Тіпті балалар жүгіріп жүр, сасық. Бізде әдемі қала болуы керек».
Бұл үйлердің ауласындағы мына қоқыс контейнерлеріне жақын маңдағы көпқабатты 10-нан астам баспананың тұрғындары қоқыс тастайды. Көп жағдайда контейнерге тастауға ерініп, жол бойына лақтырып кететіндер де аз емес, -деп ашынады тұрғындар. Қоқысты көшеде қаңғырған ит пен мысықтар шашып кетеді, соның салдарынан ауламыз қоқыс алаңына айналып шыға келеді.
СЕРІКБАЙ ЕСІМОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Жаз бойы мына жер су, кісілер бәрі өте алмайды. Тратуар жоқ, мусор мына жерде 7-8 үйге бір мусорный ящиктер. Олардың өзі толып кетеді де, мынау жердің бәрі қоқыс болып жатады. Енді бүгін қарағанда, бәрін жинап алып кетті. Бірақ осы мәселелер қашан шешіледі? Білмейміз соны әлі күнге дейін».
ДАРХАН ӘБІШЕВ «ТАЗА ҚЫЗМЕТ» СЕРІКТЕСТІГІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Қоқыс маршруттық кестеге сәйкес күн сайын таңғы 9-дан 11-ге дейінгі аралықта осы мекенжайдан әкетіледі. Контейнерлер саны Көкшетау қалалық мәслихаты әзірлеген нормаларға сәйкес осы учаскенің жинақталу нормаларына сай келеді».
Тұрғындардың шағымына жауапты мекеме тез арада әрекетке көшті. Дегенмен бұл аумақта қоқыс шығару қиынға соғуда. Тұрғындардан да тазалықты сақтап, ұқыптылық танытпаса мәселенің күрделене берері сөзсіз. Қоршаған ортаның тазалығына әр азамат жауапты екенін ұмытпаған абзал.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 319 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/nLF1km-2Nh0?si=C6z0IEia-wNSJovo"
Алматы облысында едені ескіріп, шатыры тесілген спорт ғимараты бар. Әлі күнге дейін күрделі жөндеу көрмеген нысанда балалар жаттығып жатыр. Естір құлар көрер көз таппаған мекеме ұжымы арнамызды шақырып мұңдарын шақты.
Аты дардай, күйі жоқ спорт мектебі Алматы облысына қарасты Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының қақ ортасында орналасқан.
40 мыңға жуық адам тұратын Шелек ауылындағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің сыйқы осы.Бұл нысан 1957 жылы бой көтерген. Міне осы уақыттан бері күрделі жөндеу жұмыстарын көрмеген. Балалар жаттығып жатқан залдың қабырғалары қақырап,едені ескірген.Жауын шашын болған күндері сорғалап су ағады.
ЕРЖАН НҰРХАЛЫҚОВ ЖОҒАРҒЫ ҰЛТТЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ ТӨРЕШІ,АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
ОЛЖАС УӘЛИ ЖУРНАЛИСТ
Бұл жерде ауыл жастары Кеңес үкіметінің тұсында жаттыққан.Қазір отын жинайтын жерге айналыпты. Спорт ғимаратының түбінен газ құбыры тартылса да, көгілдір отынға қосылмапты.
Тозығы жеткен спорттық мектеп расын айту керек қауіпті жағдайда.Өткен жылғы жер сілкінісінен қабырғалары жарылған.
Тағы бір өзекті мәселе спорт залдан шығатын кәріз жүйесінің қолқаны қабатын жағымсыз иісі. Оны ғимаратқа кірген сәттен бастап сезуге болады.
Айта-айта естір құлық,көрер көз таппаған спорт мектебінің басшылығы осылайша арнамызды шақырды. Расымен күйлері жоқ,қыстың күні бүрсеңдеген балалар қалың киініп жаттығудан басқа амалдары жоқ.
ЕЛМҰРАТ ҚАЙЫПЖАНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ №2 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Спорт мектебін басқарып отырған Елмұрат Қайыпжанов қазақтың көк туын көтеріп,әлемді мойындатқан азамат. Мақсаты ауылдың қара домалақтарын әлемдік додалы тартыстарда жеңіс тұғырынан көру. Бүгіннің өзінде бұл мектептен Азия мен әлем чемпиондары шыққан.Жеткен жетістіктері көп.
ЕЛМҰРАТ ҚАЙЫПЖАНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ №2 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
№2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде балалар спорттың бірнеше түріне тегін қатыса алады,тек жастардың жаттығатын күйі қашқан. Естір құлақ табылса,қолға алады деген үмітіміз бар.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 293 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/4L0gO2TdOdo?si=PWbZ-okRVn2MPaNZ"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 361 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/h-G5-PBGFNM?si=tbyXL3c6ZUaLkLNw"
Ферроқорытпа зауытындағы 4 жұмысшының өліміне жұмыс беруші кінәлі. Бұл арнайы құрылған комиссияның шешімі. Олар бір ай бойы техникалық құжаттаманы, оқиға болған жерді тексеру нәтижелерін, куәгерлердің сауалнамаларын, сараптама ұйымының қорытындысын, нормативтік құжаттар мен басқа да материалдарды мұқият зерделеп, сонан соң кейін осындай қорытындыға келіпті. Енді тергеу нәтижелері құқық қорғау органдарына беріледі. Айта кетейік, 20 шілдеде Қарағанды қаласындағы ферроқорытпа зауытында жазатайым оқиға болып, нәтижесінде сегіз жұмысшы зардап шеккен болатын, олардың төртеуінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
ТӨЛЕГЕН ОСПАНҚҰЛОВ ҚР ЕХӘҚМ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ – БАС МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЫ: «Кәсіпорында травматикалық факторлардың әсерін болдырмау үшін шұғыл шаралар тиісті дәрежеде қабылданбағаны, қауіпсіз еңбек жағдайлары мен қызметкерлердің ережелерді, нұсқаулықтарды және технологиялық тәртіпті сақтауын бақылау элементтері тиісті дәрежеде жасалмағаны анықталды. Комиссия мүшелері зардап шеккендермен және зардап шеккендердің отбасы мүшелерімен кездесіп, оларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес олардың әлеуметтік қорғауға заңды құқығы түсіндірілді».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 343 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/RcdWxzVKBxQ?si=JVzeLfYLewtxf6mI"
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, Алматы облысында көп балалы, мүмкіндігі шектеулі отбасылардың балаларына мектепке даярлық құралдары табысталды. Қайырымдылық керуенінде Respublica партиясы 30-дан астам балаға “Алаш топтамасы” деп аталатын сөмке тарту етті.
Балалардың жүзіне қуаныш сезімі ұялаған. Оқу құралдары толы сөмкені арқалай отырып, ел ағаларына алғысын білдірді. Алаш зиялыларының қанаттары сөздері жазылған сөмкенің ішіндегі керек-жарақтар тарих пен ұлттық құндылықтардан хабар береді. Осындай топтама еліміз бойынша 1600-ден астам балаға берілген, 50 миллионан астам қаржат жұмсалған.
СЫРЫМБЕК ТАУ RESPUBLICA ПАРИЯСЫНЫҢ ТЕҢ ТӨРЕҒАСЫ «Балаларға осындай «Алаш топтамасы» деген сөмкені жасап шықтық. Бұл сөмкені жинағанда, әншейін жинай салған жоқпыз. Менің өз балаларым қандай сөмке ұстаса, халықтың балалары да сондай сөмке ұстау қажет деген шешім қабылдадым. Сондықтан 1 ай бойы дайындалдық, кейбір жоқ заттарды шетелден алдырдық. 1600 отбасының балаларына береміз деп шештік, 50 миллион теңге қаражат жұмсадық. Көпшілігін су тасқыны болған жерлерге жолдадық. Сол 1200-дей сөмке су басқан өңірлерге жіберілсе, қалғаны Алматы облысы, Жетісу облыстарын қамтыды. Біз оны неліктен айтып отырмыз. Жақсы оқыған балаларды жатаханамен де қамтимыз. Оларға жәрдемақыны да береміз. Осы істі жалғастырып, Алаштың жолын қуып келе жатқан ұрпақтар көп болсын деп, осы топтаманы “Алаш топтамасы” деп атадық». Балаларын жетектеген ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, ел қамын ойлайтын азаматтардың көбейгеніне риза.
ҒАЛИЯ ЖАҚЫПБАЕВА АТА-АНА «Көп балалы ата-анамын. 4 балам бар. 3 қызым мектепте оқиды. Көмек қолын созып отырғанына қуаныштымыз. Қазақ елі үшін, Алаш жұрты үшін қол созатын азаматтар көп болсын. Сол үшін қуаныштымыз. Осындай азаматтарымыз көп болсын. Әрқашан көмек қолын созатын».
Шара соңында мәз-мейрам болған балаларға Алаш зиялыларының өмірі мен шығармашылығы, баяндалды. Қайырымдылық керуені мерекелік концертпен аяқталды. Еске салайық, еліміз бойынша, көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларына, мүмкіндігі шектеулі оқушыға «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып келеді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 416 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/yBqjtQaTT50?si=yRbPlJyWa-0OPtOJ"
Кеншілер еңбегі еленген күн. Бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары кезінде өңірдің өнеркәсіптік әлеуетімен танысты. Премьер-министр Жыланды кенішінде болып, сала қызметкерлерін келе жатқан кәсіби мерекелері – Шахтер күнімен құттықтап, оларға Президент атынан мемлекеттік марапаттарды табыс етті. Айта кетейік, өңірдегі мыс шығарушы компанияның әлеуеті жақсы. Республикалық және жергілікті бюджетке түсетін түсімдері бірнеше есеге артқан. Нәтижесінде, Ұлытау облысы өнеркәсіптің өткен жылғы көрсеткіштерімен салыстырғанда 7% өсіммен елімізде 4-орында тұр. Премьер-Министр осы қарқынды төмендетпеуді тапсырды және одан әрі өсу үшін қолда бар резервтерге назар аударды. Естеріңізге саламыз, елімізде жыл сайын тамыздың соңғы жексенбісінде Шахтер күні аталып өтіледі.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ «Кеншілердің қажырлы еңбегі қашанда зор құрметке лайық. Өйткені, олар жұмыстың ауырлығына, қауіптілігіне қарамай, ел экономикасын өркендетуге үлес қосып отанымыздың игілігіне қызмет етіп келеді. Бүгінде елді индустрияландыру саясатына белсенді түрде жалғастыруда. Бұл орайда өңдек өнеркәсібіне қажетті кен өндірісінің дамуы үкіметтің ұдайы назарында. Осы мереке қарсаңында Мемлекет басшысы еліміздің дамуына үлкен үлес қосқан бірқатар кеншілерді, еңбек ардагерлерін жоғары наградамен марапатады. Біз егемендікке қол жеткіздік. Экономикасы қуатты ел ретінде әлемге танылдық. Қаншама тағдырлы жеңістің куәсі болдық. Бұл ретте кәсіби біліктілігін елдің игілігіне арнап келе жатқан сіздердің еңбектеріңіз де ерекше».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 276 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/gV_PvtQ2c4I?si=eJjlCKaR3T8a0iTo"
Алматы қаласының ТЖД мамандары жылыту маусымына дайындықты бастап кетті. Төтеншеліктер жеке тұрғын үйлерді аралап, халыққа өрттің алдын алу шараларын түсіндірді.Толығырақ тілші бейнематериалында.
Алматылық төтеншеліктер қаладағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға улы газдың ену қаупін алдын алатын құрылғыларды орнатып жатыр.Солардың бірі Наурызбай ауданында тұратын Любовь Телехова. Жалғыз басты зейнеткер үшін бұл үлкен көмек болды.
ЛЮБОВЬ ТЕЛЕХОВА ТҰРҒЫН «Жігіттерге алғысымды білдіремін, менің пешімді жөндеп, арнайы құрылғы орнатып берді. Көп-көп рахмет.
Наурызбай аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, ауданда жыл басынан 39 өрт болған. Оның 29-ы жеке тұрғын үйге тиесілі. Соның салдарынан 11 адамға ыс тиген.
ЕРКЕБҰЛАН ӨМІРБОЛАТ НАУРЫЗБАЙ АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ «Қазіргі таңда жылыту маусымына дайындық өткізіп жатырмыз, бұл дайындықтың қарсаңында осындай әлеуметтік осал топтарды, белгілі бір үйлерге келіп, осы адрестік өрт текникалық көмек көрсетіп жатырмыз. 2024 жылдың басынан бізде 11 адам улы газбен уланды, оның 4- еуі жасөспірім. Адамдар ұйықтаған кезде, адамдарды оятып, шыңғырлап алдын ала дыбыс береді.Алдын ала адамға ескерту ретінде жұмысын жасайтын болады демек, ұйықтаған кезде адамдар ол датчикті естіп, эвукацияланып, 101-112 нөмерлеріне хабарласып болған оқиға жайында түсіндіретін болады.
Қазір Наурызбай ауданында 23 535 жеке тұрғын үй бар. Оның 11-і қатты отынмен жылынатын пешті қолданады. Оларпды алдағы жылыту маусымына дейін орталықтандырылған газға қосу жоспарда.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 293 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ZUN9SG5PI60?si=ST5AIkoj6oDR85qw"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 289 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/nWlMfgzeVdE?si=j-iH7YVLOBm6OJnJ"
Ақтаудағы МАЭК мекемесі табиғи газбен жабдықтаушы компанияға 15 миллиард теңге қарыз. Таяуда Үкімет резервінен бөлінген 5 миллиард теңге сол берешектің бір бөлігін өтеуге жұмсалмақ.
Энергокомбинат жылына 2 миллиард текше метр газ тұтынады екен. Кәсіпорынға барған Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин МАЭКтің жай-күйін өз көзімен көріп, бірқатар мәселелердің шешілу жолдарын қарастырды.
ЕДІЛ ЖАҢБЫРШИН ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Алдағы 2-3 жылда тек қана күрделі жөндеумен шектеліп қоймай, ол да керек жұмысты бір қалыпты ұстап тұру үшін. Ал жалпы өзінің толық қуатын беру үшін бұған модернизация керек. Бұл жұмыстарды жасау үшін қазір жобалық-сметалық құжаттар жасақталып жатыр. Үлкен қаржылар керек.Екінші Үкімет беретін қаржы тек бір жылға беріледі. Былтыр біраз қаржы кері қарай кетті. Сондықтан қаржыны игеруге уақытты бөлу керек».
Былтыр МАЭК-ті модернизациялау мақсатында Үкіметтен 5 миллиардқа жуық қаржы бөлінген. Алайда бұл соманың тек 1 миллиард 669 миллион теңгесі игеріліп, қалғаны мемлекетке қайтарылыпты. «Өйткені өндіріске қажетті қосалқы бөлшектер шетелде жасалады. Оны жеткізу, құрастыру әрі іске қосуына кемі екі жыл уақыт керек. Сол себепті кәсіпорын басшысы мемлекеттен бөлінетін қаржыны игеру мерзімін ұзартуды сұрап, заң шығарушы органға жүгінген. Айта кетейік, МАЭК – Ақтау қаласын қоса алғанда, өңірдегі елді мекендер мен кәсіпорындарды электр және жылу энергиясымен, сондай-ақ ауыз су, ыстық және техникалық сумен қамтамасыз ететін Маңғыстау облысының ірі энергия кешені.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 265 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/m-46-5R5kws?si=jo9b28rpgrbThv4t"
Қыс келмей жатып, көмір дауы басталып та кетті. Жауапты ведомство қазақстандықтарға қатты отынды ерте сатып алуға кеңес береді. Әйтпесе, көмір баршаға бірдей жетпей қалуы мүмкін. «Суықты күтпей, қоймаларда қор бар кезде, алып алыңыздар» деген үндеу жасады. Айтпақшы, өнеркәсіп министрлігінің өкілдері көмірдің қазіргі нақты бағасын жария етті. Егер аталған сомадан жоғары сатылып жатқанына куә болсаңыз, жергілікті әкімдіктерге шағымдана аласыз.
ТҰРАР ЖОЛМАҒАМБЕТОВ ҚР ӨҚМ ӨНЕРКӘСІП КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Негізінен разрезден тұтынушыға дейінгі барлық кезеңдегі көмір бағасы және теміржол тасымалының құны түпкілікті тұтынушыға ұсынылатын бағаның қалыптасуына айтарлықтай әсер етеді. Айталық, бүгінгі таңда негізгі жеткізушілерден бастағанда баға 7,1 мың теңгеден 9 мың теңгеге дейін құрайды. Негізгі жеткізушілер бойынша айтсақ: «Шұбаркөл Көмір» - 8 мың теңге (өткен жылмен салыстырғанда 900 теңгеге өсім бар), «Қаражыра» - 8,7 мың теңге (өсім - 200 теңгеге), «Майкубен-Вест» - 7 мың 750 теңге (650 теңгеге өсім бар), «Шұбаркөл премиум» - 9 мың теңге (бағасы өзгерген жоқ»). Сондықтан, суықты күтпей, қоймаларда қор бар кезде, сатып алу мүмкін болып тұрғанда алып алыңыздар. Бір аптада 8 млн тоннаны тасымалдау мүмкін емес. Өңірлік көмір операторларының да сату мүмкіндігі шектеулі. Мысалы, ең көп дегенде күніне 100 машина сатады. Ал суық түскенде сұраныс айтарлықтай жоғары болады. Дүрбелең, тапшылық пайда болады».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 267 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/2-vYmjHCeps?si=pbmR7H600MidEHOZ"
Алматыдағы Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөліміне Ербаян Мұхтар сау атанып, ауыру болып оралған. Сарбаз 6 айдан бері ес-түссіз жатыр. Коммандирлер Ербаянның еденге тайып құлап, жарақат алғанын айтады. Дегенмен бұл жағдаға науқастың ата-анасы бұған сенбейді. Айтуларынша балалары ауруханаға түскен кезде есін жиып, өзін ұрғанын растаған. Ал кейін жігітке дәрігерлер ата-анасының рұқсатынсыз тағы ота жасап, миының жарты бөлігін алып тастаған екен.
Әлеуметтік желілерде Ербаянның еміне қажетті қаржы сұраған бейнероликтер тарады. Ұлттық ұланның қызметкерлеріне мұңдарын шағып, еш жауап ала-алмаған ата-ана өз күшімен баласын емдетпек болған. Сөздерінше әскери бөлім 19 күнен кейін көзін ашқанан Ербаянды шамамен екі аптадан соң жай палата ауыстыра беруге болатынын айтқан. Әскери госпительге ауыстырарда жарты миына рұқсатсыз ота жасаған.
ГҮЛСІМ ҚАМИЕВА ЕРБАЯН МҰХТАРДЫҢ АНАСЫ
КҮЛӘШ СМИЛОВА ӘЖЕСІ
Адвокат Инга Иманбай сарбаз ес-түссіз жатса да әлі күнге дейін мүгедектік мәртебесі бірілмегенін, отбасы мүшелері мемлекеттен әлі күнге көмек ала-алмай отырғанын мәлімдеді.
Аталған жағдайға байланысты Ұлттық ұланның баспасөз қызметі сарбаздың денсаулығына қатысты ресми ақпарат берді. Қатардағы сарбаз Ербаян Мұхтардың бас жарақатын алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл жерде әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұза отырып, денсаулыққа ауыр зиян келтіргені мәселе болып отыр.
ҚР ІІМ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ «Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу барысы ҚР ІІМ ӘТД басшылығының бақылауында. Қатардағы жауынгер Е.Мұхтардың ата-анасының талабы бойынша оңалту ем-шаралары аяқталғаннан кейін үйіне шығарылғанын хабарлаймыз. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігінің емдеу мекемесі ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери-медициналық басқармасымен бірлесіп оған мүгедектікті ресімдеу бойынша көмек көрсетеді».
Науқастың туысқандары алты ай бойы коммада жатқан Ербаянның қазіргі күйіне алаңдаулы. Ес-түссіз жатқан Ербаянды дәрігерлер шетелде емтеду керектігін мәлімдеген. Олар сондай-ақ осы іске қатысы бар адамдардың жазазалып, сот алдында жауап беруін талап етті.
Тағы басқа мақалалар...
54 ішінен 232 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.