
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 319 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/txF0FhJW4-I?si=m9mk0elJVVvnUNAz"
Арнаулы бағдарламамен жұмыс сапарлары Алматы облысы,Жамбыл ауданынан басталған Парламент Мәжілісі мен Сенат депутаттары Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылына ат басын тіреді.
Депутаттар, Қазавтожол мамандары Райымбек ауданындағы алғашқы 15 шақырымына жөндеу жұмыстары басталған аумаққа барды. Көп жылдан бері шешімін таппай Жырға айналған жауыр жол мәселесінің де оңтайлы шешілуі үшін бірқатар қиындықтар бар екенін алға тартты.
ДАРХАН СЕРІКҰЛЫ ҚАЗАВТОЖОЛ ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Жол жөндеу жұмыстары екі жыл мерзім ішінде толықтай жүзеге асуы тиіс. Шалғайда орналасқан аудандағы жол мәселесін ыңғайлы тәсілдермен шешу жолын да жауапты ларға депутаттар тарапы өз ұсыныстарын жеткізіп,жұмыс барысын қадағалап отыратындарын айтты.
ЖАНБОЛАТ ЖӨРГЕНБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Жол мәселесімен қатар өңірдегі құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік нысандарын аралаған депутаттар аудандағы орман шаруашылығының да жәй күйімен танысты.
Аумағы 194 мың га жер көлемін алып жатқан шаруашылық мекемесінде 123 қызметкер жұмыс атқарады. Орманды көздің қарашығындай сақтауға күндіз-түні жұмыс істеп жатқан мекеме туризм саласын дамытуға дайын екендерін жеткізді.
НҰРБОЛ ӘЛИЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ НАРЫНҚОЛ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Орман шаруашылығы мамандарымен кездесу өткізген халық қалаулылары саладағы орын алып отырған бірқатар мәселелерді де көңілдеріне түйген.
ЖАНБОЛАТ ЖӨРГЕНБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 434 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/gw2XXXiaGGI?si=WXxzB_eXlfFIQKxP"
Фармакологиялық қадағалаудың тиімділігін арттыру мен препараттардың сапасын бақылауға, заңсыз айналым мен жалған өнімге қарсы іс-қимыл әрекеттерін тежеу мақсатында 1 шілдеден бастап барлық дәрілік заттарды таңбалау міндеттелінген болатын. Бұл жобаның пайдасы қандай? Алдағы сюжетте.
Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалаудың басты мақсаты – контробанділік және контрофактілік өнімдермен күрес. Яғни, жалған өнімдермен күресу үшін қажет. Алматы қаласында 1587 дәріхана мен 187 қойма дәріханасы бар. Фармацевтикалық бақылау комитетінің басшысы бұл жоба халықтың денсаулығының басты орында екенін аңғартатынын, бірақ, жаңа жүйенің кейбір адамдарға кері әсер етіп жатқанында тілге тиек етті.
ДАМИР АБАЙДІЛДАҰЛЫ ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАСШЫСЫ «Соған байланысты оны түсінбейтін, бұрынғы жүйемен жұмыс жасап жатқандарға қарсылық тудыратыны түсінікті.Себебі, бұрынғы жүйе біреуге пайдалы, ыңғайлы болды ғой. Солардың қарсы шығып жатқаны бар. Сол үшін олар теріс, бұрмалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірақ, баға – комплексттік жүйе.»
ТӨЛЕБИ ТАМПИШЕВ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӘУЕЛСІЗ ДӘРІХАНАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ЗАҢГЕРІ
Қазір біз дәрі дәрмектің қымбаттауы мен кейбір позициялардың дефицитін байқаймыз. Бұл тұтынушылар мен өндірушілер үшін шығынды болып табылады. Кейбір дистрибьюторлар дәрі дәрмектерді сатып алудан бас тартуда. Бұл сөзсіз халық денсаулығына кері әсер етеді.
ТӨЛЕБИ ТАМПИШЕВ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӘУЕЛСІЗ ДӘРІХАНАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ЗАҢГЕРІ
Сондай ақ, екі жыл ішінде тегін дәрілер тізімі бойынша сұранысқа ие емес 30-дан астам дәрілік позициялар алынып тасталған болатын. Сол арқылы, онкологиялық науқастарды емдеуге арналған бюджет 20 пайызға қысқартылды. Ол қайтадан бюджетті оңтайландыруға алып келеді.
ДАМИР АБАЙДІЛДАҰЛЫ ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАСШЫСЫ «Біз енді тексерген кезде тұтынушыға көп дәрілер жетпейді. Үкімет қыруар қаражат беріп жатыр, қоймаларға дәріні толтырып жатыр, ауру адам дәріні алды ма, алмады ма білмейміз. Көп жағдайда жетпей жатады. Екіншіден, емханадағылар ауру санын алады да, соған қажет дәрі керек деп жылдың басында есептей салады. Бірақ, ол жердегі аурулар бар ма жоқ па, ауруынан айығып кетпеп па дегендер осы арқылы реттеледі. Бұл тұтынушыға жақсы пайда береді».
Сарапшылар дәрілік заттарды таңбалау сапа деңгейін жақсартады дегенімен, баға жайы күліңгір болып тұр. Бұл бюджетке оңтайлы болғанымен, науқас қалтасына ауыр салмақ болмақ.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 330 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/KE09Vw88hTI?si=5VOf_xD1Ai5VFbxc"
Алматылықтар мен қала қонақтарының назарына! Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің аумағына бару уақытша шектелді. Себебі, бүгін Алматы облысы Талғар ауданында жергілікті деңгейде табиғи төтенше жағдай жарияланды.
Бұл шешім Талғар өзенінің бассейнінде орналасқан морена көлін босату және селден қорғау құрылысының алдында өзен арнасын тазарту бойынша алдын алу шараларын жүргізуге байланысты қабылданып отыр. Қазіргі уақытта оқиға орнында аталған ауданның әкімдігі мен төтенше жағдайлар бөлімі және "Қазселденқорғау" мекемесінің өкілдері қарқынды түрде тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Жұмыс аяқтала салысымен Іле-Алатау паркі қайта ашылатынын хабарлаймыз!

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 289 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/yFWyNKfMrYI?si=SZRLqGOYvVCNX5iN"
Жол сапасы сын көтермейді. Жаңадан төселген асфальттың өзі қолмен ұстасаң болды, үгітіліп қалады. Осылай деген Үкімет басшысы Олжас Бектенов жолшылар жұмысын сынға алды. Жалпы, көлік министрлігі оңбай сөз естіді. Өйткені, дәл осы жауапты органга халық тарапынан шағым да көп. Сонымен, айтылған сын-ескертпе қашан өз шешімін табады? Биыл қандай жаңа автожолдар іске қосылады? Ақылы жолдың тарифі көтеріле ме? Толығырақ алдағы бейнесюжетте.
Көлік жүргізушілер мен жолашулар назарына! Биыл құрылысы сағызша созылған бірқатар автожолдың ақыры құрылысы аяқталатын болды. Олар: «Қарағанды – Алматы», «Ақтөбе – Қандыағаш», «Атырау – Астрахань» және «Талдықорған – Өскемен» тас жолы. Жол азабын жүрген білер демекші, халық бұл күре жолды күткелі қашан. Әйтеуір арман орындалатын болды.
МАРАТ ҚАРАБАЕВ ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ:
«Ағымдағы жылы 12 мың шақырым жолда жөндеу және құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Бұл бұрын соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Бұл ретте, жөнделетін жолдардың 8 мың шақырымы – республикалық, 4 мың шақырымы – жергілікті желіге тиесілі. Жылдың соңына дейін 7 мың шақырымда құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталады. Жоспарға сәйкес, 1 мың 955 шақырым болатын 4 автожол жобаларында реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде, олардың 1 мың 866 шақырымында жаңа асфальт қабатымен жол қозғалысы ашылды».
Биыл 2 мың шақырымнан астам 11 учаске ақылы негізде болады. Олар: Қызылорда-Арал; Ақтөбе-Орынбор; Қостанай-Тройцк; Ақтау-Бейнеу; Қандыағаш-Мақат; Балқаш-Бурылбайтал; Үшарал-Достық; Қарағанды және Тараз қалаларының айналма жолдары. Айтпақшы, алдағы уақытта ақылы жолдар ақшасы 20 пайызға қымбаттайды. Ал, жолдың ақшасын уақытында төлемегендерге 5 АЕК негізінде айыппұл салынады.
МАРАТ ҚАРАБАЕВ ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ:
«Бюджетке артық салмақ түсірмеу мақсатында ақылы жолдарды енгізу жұмыстары жалғасады. Бүгінде ақылы жолдың жалпы ұзындығы 3 200 шақырым. Былтырдың қорытындысы бойынша бұл жолдардан 30 млрд теңге жиналды. Ол қаражат жолды күтіп ұстауға, жөндеуге және техника сатып алуға жұмсалды».
Премьер-министр жолшылар мен әкімдер жұмысын сынға алды. Жауапты министрлік бірінші кезекте тұрғындар мен жолаушылардың шағымдарына дер кезінде назар аудару керек. Жол құрылысы кезінде жемқорлық тәуекелдерін азайту жұмыстарын да күшейту қажет деп тапсырма берді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
«Жолдардың жағдайына қатысты айтылып жатқан арыз-шағымдар азаймай отыр. Олардың негізгі бөлігі жергілікті жолдарға қатысты. Мұндай мысалдар көп. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының тұрғындары Жұрын мен Қаракөл ауылдарының арасында биыл төселген асфальттың сапасын көрсетті – жаңадан төселген асфальт қолмен үгітіліп жатыр. Ал Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қоянкөз ауылының тұрғындары асфальт төсеу технологиясын сақтамаған мердігер компанияны өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр етті. Ал әкімдіктер қайда, неліктен күнделікті сапалы бақылау жүргізілмей жатыр?».
Одан бөлек, министр су тасқыны кезінде шайылып кеткен жолдарға қатысты да тапсырма берді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
«Су тасқыны кезеңі қолданыстағы жолдарда міндетті түрде су өткізу құрылыстарының болу қажеттігін көрсетті. Қаншама жол шайылып кетті. Жиналған суды өткізіп жіберетін құбырлар салынғанда, жолдардың көпшілігін сақтап қалуға болатын еді. Осыған байланысты Көлік министрлігі қолданыстағы инфрақұрылымды қайта қарауға тиіс. Жергілікті гидрогеологиялық жағдайды, жаңа технологияларды енгізуді және жобалық шешімдерді цифландыруды ескере отырып, жаңа жол-құрылыстарын жобалау кезінде нормативтерді жаңарту қажет».
Айта кетейік, 2026 жылдан бастап елімізде жалпыға ортақ жолдарда карьерлік жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынуы мүмкін. Өйткені, мұндай көліктер аса ауыр салмақта болғандықтан, жолдарды бұзуы ықтимал. Сондықтан, министрлік заңға өзгеріс енгізу керек деп санайды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 296 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/qmLNEY_Ndb8?si=COqLuPqm3A0tkZ0M"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 344 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/vVpm-vuYuPk?si=W5U6TiWH3TTsYN1i"
Бүгін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры активтерінің бір бөлігін жеке басқарушы компанияларға беру туралы келісімге қол қойды.
Қаражаттарды беру Қазақстан Ұлттық Банкінің бағалы қағаздар нарығын дамыту және еншілес ұйымдардың активтерін басқарудан біртіндеп арылу стратегиясы аясында болмақ дейді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының басшысы.
ӘДІЛ ӨТЕМБАЕВ ҚДКБҚ ТӨРАҒАСЫ «Қордың активтері тек ең сенімді қаржы құралдарына инвестицияланатын болады. Мысалы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, квазимемлекеттік сектордың субъектілері мен халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары. Олардың өтеу мерзімі 3 жылға дейін. Сондай-ақ кері РЕПО операцияларын айтуға болады. Енді осы бағдарлама активтердің табыстылығын арттыра түседі деген үміттеміз. Қор үшін басты міндет – арнайы резервтің қаражаттарын сақтау және олардың жоғары өтімділігіне қолдау көрсету».
Жеке басқарушылар алдында белгіленген эталондық портфельдің (бенчмарктың) табыстылық көрсеткішін арттыру мақсаты қойылған. Тәуекелдер туындаған жағдайда шартта Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры үшін оны біржақты ретпен бұзу мүмкіндігі қарастырылған.
АЙБОТА ЖАППАРБЕРГЕН ҚДКБҚ РЕСМИ ӨКІЛІ «Енді алғашқы кезекте, бәсекелі ортаға 200 млрд теңге беріліп отыр. Бұл үшін белгілі бір өлшем шарттармен 6 жеке басқарушы компания таңдап алынды. Соларға 20 млрд теңгеден 50 млрд теңге аралығында 200 млрд теңге үлестірілді. Қор алғашқы кезекте басқарушы компаниялардың жұмысына баға беретін болады. Келесі жылы қор компаниялардың жұмысына қарай тағы да үлестіретін болады. Активтерді жеке бәсекелі ортаға беру процессі одан әрі жалғасатын болады»
Қордың арнайы резерві активтерінің мөлшері 1,3 трлн теңгені құрайды. Таңдалған басқарушы компаниялар Қазақстанның қор биржасының композиттік индексіне арқа сүйеп, соған қарай инвестициялайды. Кейін атқарылған жұмыстар мен инвестициядан түскен табыстылық композиттік индекстің көрсеткішіне қарай бағаланатын болады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 323 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ba7RLvccpz8?si=pYzPWOu-0GSMpA08"
Шілде айының алғашқы жексенбісі ұлтымыздың үні қасиетті домбыра күні. Төл өнеріміздегі шоқтығы биік аспап, күмбірлеген үнімен жан сарайыңызды шаттыққа бөлесе,бірде жан дүниені мұңға тартып көзіңе жас үйірер қасиетке ие. Ұлттық өнерімізді ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып келе жатқан домбыраны қазақ халқы жоғары көтеріп,орны төр деп білген.
НҰРБАҚЫТ БӨКЕБАЕВ ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, МӘДЕНИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДОКТОРЫ
Ата бабаларымыздан аманат етілген дәстүрімізді, мәдениетімізді, өнерімізді ұрпақтан ұрпаққа жалғап, рухани нәр сыйлап келе жатқан домбыраға бас ию ұлттық парызымыз.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 261 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/5l9okN3lvWk?si=pppaXvs1t9sqfbdR"
Арнаулы бағдарламамен Алматы облысын аралап жүрген Парламент Мәжілісі мен Сенат депутаттары бүгін Райымбек ауданына қарасты ауылдарда болып, жергілікті өндіріс орындарының жұмыстарымен танысты.
Депутаттар мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыс істеп жатқан «Қарасаз фуд» сүт зауытының күнделікті жұмыс барысымен танысты. Былтыр 680 млн қаражат алып жұмысын бастаған сүт өнімдерін шығаратын өндіріс орнының қуаттылығын арттыру үшін биыл 800 млн қаражатқа өтінім берілген.
ҚУАТ БАЙҒОДЖАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Өңірді сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған заводтың жыл сайын өнімділігі артып келеді. Жергілікті тұрғындарды да жұмыс көзімен қамтып отырған заводтың жұмысына депутаттар ризашылықтарын білдірді.
ҚУАТ БАЙҒОДЖАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Сондай ақ халық қалаулылары Қарасаз ауылындағы құрылысы жүріп жатқан өнер мектебінің басына барды.Айтулы нысанның құрылысына бюджеттен 950 миллион теңге бөлінген.Сенатор Жанболат Жөргенбаев нысанның уақытылы мерзімінде пайдалануға берілуін, қаражаттың мақсатты түрде жұмсалуын сөз етіп,құрылыс жұмыстарында кетіп жатқан кемшіліктерді тез арада түзетуді тапсырды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 358 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/X1eTpoOf7n0?si=8iIxgAE5XX7IfkoZ"
Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас сотқа тартылды. Ол ұсақ бұзақылық жасаған. Ақпаратты Жоғарғы соттың коммуникация бөлімі де растап отыр. Мәліметте әншіге қатысты Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігі ("Жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық") және ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру") бойынша екі материал келіп түскені айтылады.
Ал Көліктегі полиция департаменті, Алматы-Астана рейсінің бортында ұсақ бұзақылық жасау және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа қарау үшін жіберілгенін де хабарлады. Сотта қаралатын уақыт туралы қосымша хабарлама берілмек.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 305 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/RCnrKt-XDc8?si=4TwW-lXXAKUHMYW1"
Тұрып жатқан орындарының не жолы, не шамы келіспеген Қызылорда қаласына қарасты Титов қыстағының тұрғындарының жай күйі көңіл толтырарлықтай емес.
Жұмысшылар Титов қыстағының Сабалақ пен Бірлік көшелеріне жағдай жасап, Сауран көшесіне көңіл де бөлмеген. Салдарынан қараша қыстың қыңыр мінезіне, күздің әуре сарсаңына төзуге мәжбүр. Бұл жерде қазір 19 тұрғын үй бар.
АЛМАГҮЛ СЕРІКБАЙҚЫЗЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Титов мөлтек ауданында 2023 жылы 4-5-6 көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Биылғы жылдың өзінде Қызылорда қаласында 50 көшеге жөндеу жұмыстары басталып, 35 көшеге асфальт төселіп, 15 көшеге қиыршық тас төгілді.
МҰРАТ ӘБСҰЛТАНОВ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Мәселенің шешілу мерзімін уақыт көрсетеді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 282 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Gmf2rexC4Vg?si=sXncqPwJnDbkm3zS"
Тасқын судан эвакуациялық пунктерді паналаған Оралдық 3 отбасы пәтерлі болды. Өңірде әлі де үй-жайы жоқ азаматтар жетерлік. Бүгінде облыста 800-ге жуық тұрғын үй салынып жатыр. Өйткені 1 қыркүйекте жаңа оқу жылы басталады. Оған дейін баспанасы жарамсыз деп танылған жандарды үймен қамту көзделген.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев жанұялардың шаңырағында болып, тұрғындарға пәтер кілттерін табыстады.
НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ БҚО ӘКІМІ
Жаңа пәтерге қоныс аударған тұрғынның бірі - Тамара Досқалиева. 2007 жылдан бері Кардиологиялық орталық аумағындағы саяжайда тұрып келген. Жалғыз шаңырағы биыл ғана емес, 2011 жылы да су астында қалған. Комиссия баспананың жағдайын ескеріп, зейнеткерге облыс орталығынан 1 бөлмелі пәтер берді.
ТАМАРА ДОСҚАЛИЕВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Айта кетейік, бүгінде БҚО-ның 5 ауданында 401, қала маңында 374 үйдің құрылысы басталды. Лицензиясы бар компаниялар бағалау жұмыстарын аяқтаса, 100 және 150 АЕК мөлшеріндегі қаражат та толықтай өтеледі. Қазіргі күні комиссияның оң қорытындысын алған саяжай тұрғындарына баспана берілуде.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 346 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/MzlznBKO0kI?si=J7roB7bi3TrBOxHV"
Алматы облысында құны 2 млн теңге болатын электронды темекі, вейпті заңсыз сатпақ болған екі азамат ұсталды. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сотта кінәлары дәлелденсе екеуіне де екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейін ірі ақшалай айыппұл салынады я болмаса сол көлемдегі түзеу жұмыстары немесе елу тәулікке дейін темір торға қамалады.
Айта кетейік, заң бұзушылар «Стоп-алаяқ» іс-шарасын өткізу барысында анықталды. Алдымен Киберпол бөлімшесінің қызметкерлері WhatsApp мессенджеріндегі арнаны тапқан. Сол әлеуметтік желі арқылы электрондық темекі заңсыз тарап, сатылып отырыпты. Жақында елімізде вейптерді әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тиым салатын заң күшіне енген болатын. Жаңа құжат бойынша сатқаны үшін ең жоғары жаза – 50 тәулікке дейін қамауға алу, әкеліп, таратқаны үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, қылмыстық топ бiрнеше рет бұл әрекетті қайталаса– 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылатынын естеріңізге саламыз.
Тағы басқа мақалалар...
64 ішінен 224 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.