
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 310 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/hsd5YP2Mqyg?si=qfh3_rca8pS9-F7m"
СҚО «Бірлік» ықшам ауданында тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға баспана салу жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Баспана бақытына бөленетіндердің қатарында Алла Насибулина да бар.
Алла Насибулина жаңа үйіне тамыз айының соңында қоныстанбақ. Ол күнде «Бірлік» ықшам ауданына келіп,жаңа баспанасын көріп кетеді. Қарқынды жүріп жатқан жұмыстарды көргенде көңілі көтеріліп қалады.
АЛЛА НАСИБУЛИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Қандай сезімде тұрғанымды айтып жеткізе алмаймын. Жақын арада үйім дайын болады. Көзді ашып-жұмғанша барлығы тез болады деп ойламаппын. Көмектесіп жатқан және бізді назарсыз қалдырмаған жандарға алғысым шексіз».
Алланың Ойқала ықшам ауданында орналасқан үйіне су төбесіне дейін жетіпті. 1959- жылы тұрғызылған үйі осыдан бірер күн бұрын бұзылған. Ал тұрғын әзірге туыстарын паналап отыр.
АЛЛА НАСИБУЛИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Мен ескі үйімнен мүлде кеткім келмеді. Су тасқынына дейін жақсылап жөндеу жұмысын жүргізген едім. Болған оқиғаны ұмыту үшін мен волонтер болып, халыққа көмектестім. Азық-түлік тараттым. Өзім сияқты зардап шеккен тұрғындарды жұбаттым. Солай уақыт зымырап өте шықты».
Кейіпкеріміз жаңа баспанасына тамыз айының соңында орналасам деп ниеттеніп отыр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 295 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/0_hvRViiKgE?si=VbUdZfuUA-EsR1W1"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 366 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Zw5CFMbfngk?si=Ge0FxMeQNs-LXOhr"
Ауғанстаннан импортталатын сусындар денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Қауіпті сусын балалардың белсенділігі мен зейініне әсер етеді. Бұл жөнінде БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің өкілдері мәлімдеді. Мәселен, көршілес Қырғызстанда «Royal» газдалған сусынының құрамында зиянды заттардың көптеген мөлшері мен таңбалау сәйкессіздігі тіркелген. Қазіргі таңда БҚО аумағында Департамент тарапынан сусын құрамы қаншалықты таза, талаптарға сай екендігі тексерілуде.
ГҮЛДАНА КЕРЕЕВА, БҚО САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 334 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/rnomqao7bhc?si=BWkfoZ7qsa8xGC9a"
Арнайы балалар алаңдарында, оқу-тәрбие мекемелерінің аумағына қолданылатын жасанды соққыларды бүгінде қаламыздың әр көшесінен байқауға болады. Қажеттілік туындаған жағдайда заңды орнатылуы тиіс жылдамдық соққыларының төселуі қаншалықты дұрыс жүзеге асып жатқанын білуге тырысқан едік.
Қауіпсіздіктерін қаперде ұстаған тұрғындар үшін тиімді,кей жағдайларда жүргізушілерге келеңсіздік тудыратын мынадай жасанды соққылардың бүгінде саны артқан. Алайда арнайы белгі қойылмаған көбінде. Жылдамдық соққыларын заңды орнату үшін арнайы полиция басқармасына барып өтінім қалдыру керек. Өтінім арқылы рұқсат берілген соң жылдамдық соққылары арнайы белгілерімен бірге орнатылуы тиіс. Ал рұқсат берілмеген жағдайда өтінім берушіге себептері толықтай түсіндіріледі.
ФАРХАД МҰРАТҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТҮРКСІБ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
ФАРХАД МҰРАТҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТҮРКСІБ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Жылдамды шектен тыс асырудан келетін қауіп көп. Жүргізуші үшін де жаяу жүргінші үшінде адам өмірі басты құндылық.Темір тұлпар тізгіндеген жүргізушілердің саны артқан жылдамдық соққыларына қатысты пікірі қандай?.
Автомобиль жолдары мен көшелердегі жасанды соққылар қандай орындарда және заңдық тұрғыдан қалай қолданылатынын Алматы қалалық ПД білген едік.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 334 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/4Gwg-b1hTPs?si=h8c_7Y5u0W3Sa4WO"
Жерүсті және әуе түсірілімдерінің нәтижелері бойынша Талғар өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан №19 табиғи су қоймасы қауіпті болып тұр. Қазіргі уақытта Талғар өзені бассейнінде жергілікті төтенше жағдай жарияланды.
№19 көл режимі бойынша 2021 жылдан бастап стационарлық емес көлге жатқызылды, яғни қыста көл толығымен босап қалады. Барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша көлдегі су көлемі соңғы жылдары 152,9 мың текше метрді құрайды. Жазда қауіпті сейілтудің ең тиімді жолы – суды сорғызу. Бұл шаруа күн суып, мұздың еруі азайғанға дейін жалғасады.
ДАСТАН ТҰРЛЫБЕКҰЛЫ «ҚАЗСЕЛДЕНҚОРҒАУ» ММ ІЛІ АЛАТАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ «Көлде профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылды. Диаметрі 200 мм сифондардың екі тармағы іске қосылды. Сонымен қатар 315 мм сифондардың бір тармағы да дәнекерленген. Қазіргі уақытта диаметрі 315 мм сифонның төртінші тармағын дәнекерлеу жұмыстары да жүргізілуде. Біз бүгін соларды іске қосуды жоспарлап отырмыз».
Қазір қауіпті аймақта 24 сағаттық бақылау жұмыстары жүргізілуде. Арнайы штат құрылып, 6 бірлік техника, 15 апаттық бригада жұмылдырылған.
ДӘУЛЕТ ҚҰРМАНҒАЗЫҰЛЫ «ҚАЗГИДРОМЕТ» РММ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ БОЛЖАМДАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ «Тамыз айында Алматы және Алматы облысының тауларында жоғары ауа температурасы сақталады (+35°С, +39°С дейін ыстық), кей уақытта нормадан жоғары және одан жоғары болады. Жауын-шашын күшейіп, облыстың солтүстік жартысында, оңтүстігінде және Алматы облысының таулы етегінде қалыптыға жақын, жоғары климаттық норма күтілед»
Су деңгейі қауіпсіз деңгейге дейін төмендегеннен кейін көл бассейніндегі су көлемін азайту мақсатында дренаждық арнада бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 291 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/x91PdlEHSlM?si=5tIUM4rDJz9otYRl"
Бір түнде қос күміспен қоржынымызды толықтырған спортшыларымыз Демеу Жадыраев пен Нұрбек Оралбайдың жеңісі әр қазақтың есінде қалары хақ. Шешуші сәтте жандарын шүберекке түйген қарашаның қарасы да көп болды.
Париж төрінде көк туымызды желбіреткен қос спортшымыз олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері атанды. Көк кілемде белдескен белді тұлға Демеу Жадыраевтың жанашыр жанкүйерлері Қонаев қаласының Орталық саябағына жиналып, көгілдір экраннан белдесуді тамашалады. Әсіресе, тақым қысып, Демеуге демеу болғандардың бірі спортшының жақындары.
БЕРІК ЖАҢАБАТЫРҰЛЫ БАПКЕР: «Бүкіл әлем, бүкіл ел қарап отыр. Барлықтарына үлкен рақмет! Осылай қошемет көрсетіп, қолдап отырғандарына. Бәріміз қуаныштымыз! Енді шама келгені осы. Алланың бұйыртқаны осы. Барлық жағы келіп тұр. Кішкене ғана сәттілік болмады. Физикалық, іс-әрекет жағы, техника, тактика барлығы келіп тұр».
Сондай ақ, ақтық мәреде бақ сынаған спортшымыз Нұрбек Оралбайдың ата-анасы мен бауырлары, жақындары кеше түнде әсерлі бокстың куәсі болды. Бала үшін ет жүрегін елжіретер алғашқы жан әрине, ата-ана. Нұрбекке тілекші болған Рахат Оралбай қазақ еліне алғысын жеткізді.
РАХАТ ОРАЛБАЙҰЛЫ НҰРБЕК ОРАЛБАЙДЫҢ ӘКЕСІ «Әр спортсменнің арманы алтын ғой енді. Қазақ елін қуантады деп ойлап едік. Аллаға шүкір! Төрешілердің шешімі осындай. Қазақ еліне рақмет, осындай жанкүйер болғандарына. Әлі де жоғары белестерден көрінеді деп ойлаймын екі ұлымды да».
«Алмас қылыш қын түбінде жатпас болар» деген дуалы ауыздан шыққан аталы сөзді дәлелдеп жатқан әр спортшымызға тек сәттілік тілейміз! Күміс құтты болсын, Қазақ елі!

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 340 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/mFcVdYeyo9Q?si=_Vh0eTgQCOSXEEpX"
Маңғыстаудағы күні бүгінге дейін ауыз су, электр энергия жүйесі мен газ толық шешімін таппаған мәселе. Өңір тұрғындары жұмыс сапарымен барған энергетика вице министрі Ерлан Ақкенженовке аталмыш мәселелерді шешіп беруін өтінді.
Күрмеуі көп мәселені кездесуге келген халық кезегімен баяндады. Олар аймақты электр энергиясымен, ауыз сумен және жылумен қамтитын МАЭК кәсіпорнын толықтай жөндеуді мемлекет өз мойнына алуы қажет екенін,сондай-ақ, жыл басынан бері газ бағасының 3 рет көтерілуін негізсіз екендігін алға тартты. Өңірдегі белсенділер вице-министрге электр энергиясы мен газ беретін алыпсатар мекемелерді нарықтан алып тастауды да ұсынды.
Ешқандай аймақта мынандай көтерілім жоқ. Тек Маңғыстауда. Газды көтерді, Маңғыстау жарықты тықты. Ортада кілең посредник, қашан алып тастайды посредниктерді? мынандай себестоимость қайдан шығады? МАЭК 80 пайыз тозып жатыр дейді.
Энергокомбинаттағы мәселенің шешілуі бойынша да тұрғындар өз ойларымен бөлісті.
ФАРИД ГИНАЯТОВ ТҰРҒЫН: «Ең қымбат газды біздің Маңғыстаудың МАЭГЫ алып отыр. Соның кесірінен 60 пайыз ақшалары сол закуп газға кетеді. Жылда тариф көтеріледі, алдыңғы жылы 2 рет тариф көтерілді. Сол тарифтің үсітне қосылған бағаны газдың бағасы жеп қояды. Сол үшін модернизацияға ақшамыз жоқ, сол Маэктың өздерінің отчеты бойынша 80 пайызға тозығы жетіп тұр».
Ал энергокмобинаттың газды сатып алатын мекемесі- ҚазТрансГаз аймақ. Кәсіпорын жылына 20 млрд текшеметр көгілдір отын тұтынады. Яғни 55 млрд теңге тек көгілдір отынға жұмсалады.
БЕРДІБЕК ҚАРТБАЕВ "МАЭК" ЖШС ӨКІЛІ: «МАЭК мекемесі уәкілетті орган бекіткен тарифпен сатып аламыз. Оны бекітетін энергетика министрлігі. Олар шектік бағаны бекітеді, одан кейін тасымалдау бар, жеткізу бар, жабдықтау бар, оны жеткізетін мына Ұлттық экономика министрлігіне қарасты коммитет инвестиционное монополия, солар бекітеді».
МАЭК өндіретін жарық, жылу, электр энергиясы халыққа жеткенше, ортадан пайда көздейтін 3-4 мекеме бар. Соның кесірінен халық бұл ресурстарды қымбатқа алуға мәжбүр.
Халықтың сіздерден сұрап отырғаны - үкіметтің Маэктың ремонтын 100 пайыз мойнына алып жасасын. Хапықтың қалтасына түспесін. Тарифті көтермеңдер деп отыр. Болды қысқаша осы.
Қыста жылуға, жазда ауыз су мен тоқ көзіне жарымайтын Маңғыстаудың халқы министрге еш бүкпесіз мәселенің барлығын жеткізді. Бұл салаларға бақылау болмаса облыс жұртшылығы сол шырылдаған күйі отыра бермек. Өз кезегінде министр ақпаратты Үкімет үйіне жеткізетінін айтты.
ЕРЛАН АҚКЕНЖЕНОВ ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «Бір турбинаның ремонты істелді. Тағы да қаражат бөлінеді. Қазіргі таңда Маэк облыс балансына берілді. Ал біз Үкімет ретінде барлық керекті қаражатты бөлуді қарастырамыз. Маэктің газдың бағасы оны Астанаға барып осы сұрақтарды көтереміз. жылуға қатысты өткен 1-шілдеде жаңа заң қабылданды. Сол үшін бүкіл жұмыстарды министрлік құзыретіне алып бақылауға аламыз».
Кездесуден соң министр әр ауыл мен аудан, қаланың коммуналдық мәселесін көтеріп келген тұрғындарды жеке-жеке қабылдады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 348 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/-16-hOlDGIQ?si=CsbNdgID9g0Hj1BL"
Елімізге жаңа су қоймаларын Израильдік компания салуы мүмкін. Су тасқынын алдын-ала болжау және одан қорғанудың заманауи жүйелерін ұсынуға Израиль мемлекеті дайын отыр. Одан бөлек, олар су шаруашылығы саласында қазақстандық мамандарды даярлауда өз тәжірбиелерімен де бөліспекші. Аталған министрлікке жауапты Нұржан Нұржігітов бүгін инвестициялық компанияның басқарма төрағасы Шимон Бен Хамо бастаған делегациямен кездесті.
НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ:
«Біз нәтижелі ынтымақтастыққа ниеттіміз. Израильдік компаниялардың суды сапалы басқаруда мол тәжірибесі мен заманауи технологиялары бар. Кейбір компаниялар Қазақстанда бұрыннан бері табысты жұмыс істеп келеді. Біз барлық салада суды барынша тиімді пайдалануға ниеттіміз, сондықтан серіктестігіміз өзара тиімді болатынына сеніміміз мол».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 293 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/JoEWsgB00Dk?si=XowWm0m1pIsQfs90"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 294 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/wXnBItwcE-0?si=ja4i18tN7MI-Ud72"
Әскерге тіркеу процесінің автоматтандырылуы Үкіметке зор пайда әкеледі. Соның арқасында мемлекеттің жыл сайын 1 млрд теңгені үнемдеп қалуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин айтты. Жарты жылдың қорытындысын баяндаған қорғаныс министрлігінде оң ақпарат көп. Мәселен, биыл қорғаныс саласына жаңадан қосымша 500 техника қосылды. Әскерилер өз күштерімен техниканы жөндеп, салдарынан бюджеттің 1,3 млрд теңгесін үнемдеп қалыпты. Бұл салада қызмет ететін мамандардың тұрмысын түзеп, әл-ауқатын арттыратын бағдарлама да биыл өз жалғасын табатын болады.
РУСЛАН ЖАНГУЛИН ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Қазақстан қарулы күштері халықаралық оқу-жаттығуларға тұрақты түрде қатысып тұрады. Ең ауқысды халықаралық бірлестік -2024 жедел тактикалық оқу жаттығуы ағымдағы жылдың шілде айында Маңғыстау облысындағы Оймаша полигоны мен Тоқмақ мүйісінде өткізілді. Екінші деігейдегі банктер мерзімді әскери өткеру кезеңіне кредиттік каникулдар беру жөнінідегі қорғаныс министрлігінің бастамасын іске асыруды жалғастыруда. Әскерге шақырылушыларға арналған «кредиттік каникулдар» жүйесі енгізілді. Жастарды әскери комиссариаттарға бармай-ақ, тіркеу процесі автоматтандырылды. Бұл жыл сайын тасымалдауда, медициналық қызмет көрсетуде және тіркеу туралы куәлік беруде 1 млрд теңгеден астам қаржыны үнемделді».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 328 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/hzknJzKHTqc?si=fRsETM0fo5gcoerW"
«Дикий Арман» жетекшілік еткен қылмыстық топтың 15 мүшесі ұсталды. Оларды құрықтау үшін Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Бас прокуратурамен бірлесіп, екі қалада: Алматы мен Шымкентте арнайы операция жүргізді. Айта кетейік, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті соңғы екі жылда осындай 140 қылмыстық топтардың қызметін тоқтатып, қылмыс әлемінің 550-ден астам өкілін жауапқа тартқан.
ҚУАНДЫҚ АЛПЫС ҚР ІІМ ҰҚҚКД БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: «Аса қауіпті қылмыстық топтарды, оның ішінде Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарды құрықтау бойынша жұмыс аяқталып жатыр. Биыл тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Бас прокуратурамен бірлесіп, Алматы және Шымкент қалаларында бір уақытта «Дикий Арманның» ұйымдасқан қылмыстық тобының 15 ықтимал мүшесіне қатысты ұстау және тінту шараларын жүргізді. Топтың жетекшісі мен негізгі мүшелері қамауға алынғанымен, оның басқа мүшелері бостандықта заңсыз әрекеттерді жасауды жалғастырған. Тінту іс-шаралары жүргізіліп, 40-тан астам атыс, травматикалық және суық қару, тағы басқа заттай дәлелдемелер тәркіленген. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 306 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/quyvCW_qJ8o?si=0UILVlRd3fL1Wsj5"
Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Жартылай финалда жұдырықтасқан отандасымызға түн ортасында жұрт жұмыла қолдау көрсетті. Назымның шаршы алаңдағы жекпе –жегін ата-анасы мен жақындары көгілдір экраннан тамашалады.
Қазіргі кезде әр қазақстандықтың бойын олимпиадалық рух, жеңімпаздық көңіл күй мен ұлттық мақтаныш кернеп тұр десек артық айтқандық емес. Баласы бәйгеге шапса, үйде отырып, тақымын қысатын қазақ Назым Францияға аттанғалы бері демін ішіне тартып келді. Ал шаршы алаңға шыққанда әр шаңырақ, әрбір қазақстандық қазақ қызының тілеуін тіледі.
Кеше түнде алматылық жанкүйерлер жиналып жарысты экраннан тамашалады. Олардың арасында спортшының әкесі мен анасы да болды. Әсіресе, қызы үшін жанын шүберекке түйіп, қарауға жүрексінген ана жүрегі ерекше соққаны анық. Боксшымыз алғашқы екі кездесуде айқын басымдықпен жеңген болатын. Ал, өткен түнде 50 келі салмақта отандасымыз жартылай финалда қытайлық Ву Юмен қолғап түйістіріп, төрешілер шешімімен ұтылды. Алайда, Олимпиада ойындарының қола жүлдесін қанжығасына байлады. Назымның бұл жүлдесі — ел қоржынына түскен үшінші қола медаль.
АБАЙ ҚЫЗАЙБАЙҰЛЫ НАЗЫМ ҚЫЗАЙБАЙДЫҢ ӘКЕСІ «Оған да тәуба! Бірінші Олимпиадасы ғой енді. Қазағымды көтеріп жатыр енді. Қола алып тұрған бірінші қыз назым болуы керек осы».
КӘМШАТ ӨМІРБЕКОВА НАЗЫМ ҚЫЗАЙБАЙДЫҢ АНАСЫ «Өзінің арманы Олимпиадаға бару еді. Енді бара салып жеңіліп қалса, жаман күйде болар еді. Кішкентай кезінен боксқа жақын болды. 4-сыныптан бастап ұлдармен соғысып жүретін. Қаншама еңбек етіп келе жатыр. Басқа қыздар сияқты боксты тастап кеткен жоқ».
Бұл — Назым Қызайбайдың алғашқы Олимпиадасы. Ол осыған дейін әлем чемпионатында 2 рет топ жарып, 1 рет үздік үштікті түйіндеген. Сондай-ақ Азия чемпионы атанған.
Тағы басқа мақалалар...
60 ішінен 232 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.