
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 330 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/dNXRnnjyYZc?si=bpkC9WoOhO_OGtDh"
Елімізде синхронды жүзу спорты кенжелеп отыр.Бұл туралы бүгін аталмыш спорт түріне қарасты Федерацияның мамандары БАҚ өкілдеріне арнап ұйымдастырған баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті. Спикерлердің айтуынша Алматы қаласында 57 бассейн бар,оның үшеуі ғана әртістік жүзу спортына қолайлы.Бірақ олимпиадалық сайыстарды өткізу үшін халықаралық талаптарға сай келмейді.Келешек жастардың жұлдызын жағу үшін, мемлекет тарапынан жүйелі түрде қолдау қажетті,ал федерация біріге жұмыс жасауға дайын.
ӘСЕЛ ОРЫНБАСАРОВА ӘРТІСТІК ЖҮЗУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ
Федерацияның құрылғанына екі жыл болған. Мамандар осы уақыттың ішінде әртістік жүзу спортында қордаланып қалған мәселелерді көтеріп, оны шешудің жолдарын қарастырып келеді. Спортшылардың бабын табатын бапкерлерді де тарту қиынға соғуда,өйткені мардымсыз жалақыға жұмыс жасағылары келмейді. Синхронды жүзу спортымен Астана, Алматы,Теміртау,Талдықорған қаласының жастары ғана кәсіби тұрғыдан шұғылдануда. Қалған аймақтарда әзірге мүмкіндік болмай отыр. Салаға жауапты министрліктен қолдау табатын болса, мыңдаған баланың арманы орындалып мақсатымызға жетер едік дейді Федерация өкілдері.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 279 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/byD2lSyaR80?si=_fmAIbCnTOIW9wpu"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 432 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/kSua2KHn_O8?si=n_HDQWLX2i-mS-Qx"
Қызылорда облысында адамның сеніміне кіру арқылы қасақана алаяқтық жолмен пара алған адвокат пен оның әйелі 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қызылордалық ерлі-зайыптылар 2023 жылдың шілде айында Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша жауаптылықтан босатып беремін деген желеумен жәбірленуші «М» есімді азаматшадан алдап 8 000 000 теңге ақшалай қаражатын алған. 2023 жылдың қазан айында аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен және ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігі – 367-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген.
МЕДЕУ ТАУБАЙ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Абдуманов Алимжан және Изматова Гульнур есімді ерлі-зайыпты адамның сеніміне кіру арқылы қасақана алаяқтық жолмен пара алу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауыр санаттағы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Осыған байланысты өткен жылдың шілде айынды тергеп-тексеруге алынды».
Сотталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 1)-тармағымен, ҚК-нің 28-бабы 4-бөлігі арқылы 367-бабы 3-бөлігі 1)-тармағымен кінәлі деп танылды. Айта кетейік, қылмыстық кодекстің 58-бабы 3-бөлігінің талабына сай онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы сотты болғандардың әрқайсысы түпкілікті мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқарудан өмір бойына айырылды. Сондай-ақ оларға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаларын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейтін болады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 226 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/PFN3WmKIRYI?si=T51kgfrttnuSjQ2E"
Қарағандыдағы зауытта болған өрттен зардап шеккен жұмысшының біреуі қайтыс болды. Бақилық болған қызметкер небәрі 31 жаста еді. Оның денесінің 85 пайызын күйік шалған. Содан ағза өте ауыр антишок алған. Дәрігерлер аман алып қалуға тырысса да оның хәлі тым нашар жағдайда болды. Әдетте, дененің жартсынынан көбін терең күйік шалғанда адамның аман қалуы екіталай дейді бас дәрігер. Қайтыс болған жігіттірің отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтқан денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова зардап шеккен ер адамның ауруханаға жедел жәрдем көлігімен емес, неге жұмыс көлігімен апарғанына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы бас дәрігерден казинформ тілшілері үкімет отрысынан соң өткен брифингте сұраған болатын.
АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: «Егер жедел жәрдем келсе, бірінші кезекте шокқа қарсы ем жүргізу керек еді. Бірақ біз жағдайды ескере отырып, тезірек әрекет етуді ұйғардық. Өйткені әр секунд маңызды болды, тезірек емханаға жеткізуге тура келді. Бұл өте қажетті шара болды. Жұмыс көлігімен жеткізу кері әсерін берген жоқ, қайта дұрыс шешім болды».
Айта кетейік, ферроқорытпа зауытындағы өрттен 8 адам зардап шеккен болатын. Оның біреуі қайтыс болды. Қалған бесеуінің де жағдайы мәз емес, жансақтау бөлімінде жатыр. Астанадан травматолог және анезтиезолог дәрігерлер дереу ұшып барып, науқастарға ем-дом жасауда. Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 234 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/7l1fCD2ay68?si=UTcgtAb8GCdelDI0"
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетке сатқындық жасағаны үшін сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартты. Ол мемлекет басшысынан кешірім беруін өтінген болатын. Мәсімовтың ол өтініші президент жанындағы кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияда қаралып, қанағаттандырылмады. Айта кетсек, 2022 жылдың қаңтар айының басында Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімов ұсталған еді. Оған қатысты қылмыстық іс «өте құпия» деп танылды.
Кәрім Мәсімов Қазақстандағы Қаңтар оқиғасының басты ұйымдастырушысы деген күдік бар. 2023 жылдың сәуір айында Астана соты оны мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді, билікті және қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланды деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 369 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/gaszWt7UfOk?si=vupSqIgCNOO2OTY0"
Алматы облысы Қарасай ауданының прокуратурасы «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында құқық қорғау органдармен бірлесіп 19 бала заңсыз тәрбиеленген жасырын діни медресені анықтады.Тәжікстан азаматы жеке үйдің аумағында араб жазулары бар діни әдебиеттерді қолданып, балаларға сабақ берген.
Сондай-ақ, тексеру барысында 179 дана діни әдебиет, ұялы телефон мен ноутбук тәркіленіп, тиісті сараптамаларға жіберілді. Кінәлі адам заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады, деп хабарлады облыстық прокуратура. Ал балалар ата-анасына қайтарылды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 244 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/srZ2SYutazg?si=NAVLuV4nRybrIit7"
Петропавлдағы Былғары зауыты кенті мен Карьерный шағын аудандарында тасқын салдарынан зақымданған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмысы жалғасып жатыр. Еске сала кетсек, екі шағын аудан бойынша жалпы саны 142 жеке меншік үй су астында қалған еді.
Бірінші қабаты толығымен суға кеткен екі қабатты тұрғын үйдің қабырғалары қалпына келтіріліп,едендері жаңадан ауыстырылып жатыр. Бұл іске Шал ақын ауданынан келген механикалық бригада өкілдері жұмылдырылған.
ЕЛЕНА ВОЛЫРЫНА ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:«Үйіме кірген судың деңгейі 2 метрге дейін жетті. Техника мен жиһаздың көп бөлігі бүлінді. Қазір жігіттер көмектесіп жатыр. 4-ші шілдеден бастап тоқтамай жұмыс істеуде. Жұмыстарына ризамын. Техникалық бағалау жүргізіліп, келтірілген шығын 8 жарым миллион теңгеге бағаланды. Жұмысшылар тамыз айының 1-іне дейін жөндеуді аяқтаймыз дейді».
Бригада құрамында 35 адам мен 12 техника бар, Су басқан 142 үйдің 50-і жөндеуге жарамды болып танылған, оның 28-ін тұрғындар өздері қалпына келтірмек.
РАХАТ СМАҒҰЛОВ СҚО ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: «Бүгінгі таңда Шал ақын ауданы Кожевены мен Карьерный аудандарында жұмыс істеп жатыр. Біздің мехбригадада 40-тан астам адам бар. Қазіргі күні 142 жеке меншік үй суға кеткен болатын. 89 үй түгел күрделі жөндеуге жарамайды. Сол себептен қазіргі күні, қоқыс шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр».
Қазіргі таңда механикалық бригада 13 үйдің жөндеу жұмысын аяқтап, тасқын болған жерден 17 мың тоннаға жуық қоқыс шығарған.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 308 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/sWKSI89Z_gg?si=NvjjfCWNuCEsIsva"
Ауылдағы ағайын үшін жағымды жаңалық. Биыл ауылдық елді-мекендер мен шалғай жатқан аймақтарға төрт жүзге жуық алғашқы медициналық көмек нысандары салынады. Өңірлер жаппай жас мамандармен толығады. Енді ауыл халқы медицинадан таршылық көрмейді. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты. Одан бөлек, жауапты министр міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі былықтар мен дәрі-дәрмек бағасына қатысты да пікір білдірді.
Басы ауырып, балтыры сыздаса аудан орталығына сабылуға мәжбүр болған халықтың үні ақыры Үкіметке жетті. Биыл ауыл медицинасын дамытуға деп қазынадан 60,3 млрд теңге қаражат бөлінген. Оның алды 21 млрд-ы өңірлерге жетті. Алғашқы медициналық көмек нысандарының көп бөлігі Қарағанды облысына тиесілі. Оның үстіне өңірлерде дәрігерлер де жетіспейді. 1100 медицина қызметкері керек. Егер, жас маман ауылдық жерге жұмыс істеуге барамын десе, ондай таңдау жасағандарға жан-жақты әлеуметтік көмек көрсетілетін болады.
АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: «Ұлттық жобаның екінші міндетінің аясында 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 2 аудандық аурухананың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, 10 нысан бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде, 5 нысан конкурстық рәсімдерден өту сатысында, 5 жоба сараптамадан өту сатысында, 8 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жүргізілуде. Негізі екінші міндеттің шеңбері 2023-2025 жылдарға арналған. Осы жоба аясында жұмысар өз жалғасын табады».
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен бері сала қатты сынға ұшырап келеді. Жақында мемлекеттік аудит миллиардтаған заң бұзышылықтарды анықтаған болатын. Бұл мәселеден бас дәрігер де хабардар болып шықты. Салаға жауапты министр заң бұзушылықтарды мойындап отыр.
АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: «Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруді талап ететін жүйелі бұзушылықтар анықталды. Және бұл мәселелердің барлығы Жоғарғы есеп палатасына қосымша жолданды, жалпы бүгінгі күні барлық материалдар қаралып, лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік шаралар қолданылуда. Мен атап өткен нормативтік-құқықтық база, ол жалпы алғанда дәрі-дәрмектің баға саясатын қайта қарауға мүмкіндік береді, ал Денсаулық сақтау министрлігі оларды жою бойынша жұмыс жүргізуде».
Дәрі-дәрмек демекші, жауапты министрлік бағаны реттей алмайтындықтарын айтады. Бас дәрігердің сөзінше, баға бәсекеге қабілетті ортада экономикалық жағдайға байланысты өзі реттеледі-мыс. Үкімет басшысы Олжас Бектенов болса, салалық министрлікке бірінші кезекте ауылдық жерлерде алғашқы медициналық көмек нысандарын салуға деп бөлінген қаражатты тиімді игеруді тапсырды. Оны денсаулық сақтау министрлігі жергілікті әкімдермен бірлесе қадағалауы керек.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Ауыл медицинасы жаңа медициналық мекемелермен білікті кадрларға мұқтаж. Сондықтан «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын сапалы іске асыру – біздің алдымызда тұрған басты міндеттердің бірі. Ұлттық жобаны іске асыру барысын ақпан айында қарадық. Ол кезде бекітілген кестеден біршама артта қалу байқалған болатын. Соған сәйкес тиісті тапсырмалар берілген. Бүгін көріп отырғанымыздай, ауқымды жұмыстар жүргізілген. Жобалау-сметалық құжаттардың барлығына мемлекеттік сараптама қорытындысын беру толығымен аяқталды. Мердігер-компаниялар айқындалып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Қазір қалған нысандарды қаржыландыру мәселесі пысықталуда. Әкімдіктер барлық нысандардың құрылыс жұмыстарын уақтылы әрі сапалы жүргізу үшін күнделікті бақылауды күшейтуі керек».
Осылайша, енді жақын арада ауылдық жерлерде төрт жүзге жуық алғашқы медициналық көмек көрсететін нысандар бой көтереді. Басты байлық –денсаулық десек, онда мыңдаған ауыл тұрғынының өзекті мәселесі оң шешімін табады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 281 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/pcOvq6Cb08U?si=iPVJzpciEgS7SLSU"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 343 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/HEHcqcabG7U?si=VgoowalycNyYgImD"
Көрнекті қоғам қайраткері, белгілі шығыстанушы, түркітанушы, мәдениеттанушы, дипломат және филология ғылымдарының кандидаты, Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтың жалған өмірден өткеніне де қырық күн өтіпті. Заңғар жазушының ұлы былтыр ғана 80 жылдық мерейтойын атап өткен болатын. Тағдырға қарсы тұрар ешкім жоқ, ортамыздан асылдың сынығы мәңгілік мекеніне кетті. Дегенмен өзі кетсе де,артында өшпес мұрасы қалды. Мұрат Мұхтарұлын еске алуға арналған асқа,дара тұлғаның замандастары, ақын жазушылар мен қызметтес болған әріптестері және туған-туыстары жиналды.
СМАҒҰЛ ЕЛУБАЙ ЖАЗУШЫ
Қазақ мәдениетінің шырақшысы бола білген Мұрат Мұхтарұлы Қазақстан жазушылар одағының көркем аударма және әдеби өзара байланыстар жөніндегі Алқасын басқарды. 1981-1987 жылдарда «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор болып қызмет жасады.Сонымен қатар өзге елдерде елшілік міндеттерін де мінсіз атқарды.Мемлекеттік қызметтерде де абыроймен еңбек етті. Ол нағыз ұлтын сүйген тұлға еді.Қазақ ғылымында шоқтығы биік, асылға айналды.
ДУЛАТ ИСАБЕКОВ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ, ЖАЗУШЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 265 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/nf1_4a6Eqmw?si=T3aZ9KenL4eRca_A"
Қарағандыдағы зауытта болған өрттен зардап шеккен алты адам хәл үстінде, жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы екі жұмысшының да жағдайы мәз емес. Барлығының денелерін көп деңгейде күйік шалған. Оларды емдеу үшін Астанадан мамандар арнайы ұшып келді. Қажетті ем-дом көрсетіліп жатыр. Отандық мамандарға шет елдік дәрігерлер: Израйль мен Түркияның ақ халаттылары онлайн кеңес беріп отыр. Жұмысшыларды аман алып қалу үшін бар қолдан келген көмекті жасаймыз дейді жергілікті аурухана басшысы. Мына кадрлар оқиға болған күні жедел жәрдем келіп, алғашқы көмек көрсетілген сәтте түсірілген. Айта кетсек, 20 шілдеде Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында №1 пеште кенеттен жалын шығып, соның салдарынан сегіз адам зардап шеккен болатын. Болған жағдайдың себептері мен мән-жайларын тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. "Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбектi қорғау қағидаларын бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
БЕРІК ТІЛЕУБАЕВ МАКАЖАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
«Макажанов атындағы ауруханаға бүгін 8 науқас әкелінді. Олар жарақат алған жұмысы орынында. 8 науқас оның ішінде 6 жансақтау бөліміне жатқызылды өте ауыр жағдайда және 2 науқас ауыр жағдайды терапеяға жатқызылды. Қазіргі кезеңде бүкіл науқастарға керек көмек жасалды. Зерттеу бәрі керек мамандар қарап шықты. Астанадан ғылыми зерттеу институның бас травмотолог бас анестезиолог келіп, науқастарды емдеу шараларына керек өзгерістерді енгізді».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 246 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Jk2KjjsoMOA?si=ogvZVg6g5jJjoX-0"
Оралдағы М.Мөңкеұлы көшесі, 79/1 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесі кәріз суына толған. 60 астам жанұя қоныстанған тұрғын үйдің мәселесі мұнымен бітпейді. Аулаларында ойын алаңы жоқ,жеделсатының іске қосылмауы да тұрғындардың күнделікті өмірін қиындатып жіберген.
Тұрғындар бұл үйге қоныстанғандарына бір жарым жылдың жүзі болса да қордаланған мәселелердің шешілер түрі жоқ.
НҰРТІЛЕК ЗАЙНЕДЕНОВ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Егде жастағылар мен жүкті әйелдер, бүлдіршін балаларға қиындық тудырып тұрған жеделсаты қызметі ауыз суды тасып ішетін тұрғындар үшін де айтарлықтай азабы бар.
БАУЫРЖАН РАЯНОВ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Тұрғындар жауапты мекемелерге жазбаша хат та жолдаған. Алайда жауап жоқ. Жедел сатыны қондырған жергілікті компанияның айтар жауабы тапсырыстың қаражаты төленіп, ПИК-пен келісімшарт жасалса, іске қосуға болады.
ӘЛІБИ АЙТАЛИЕВ МЕКЕМЕ ДИРЕКТОРЫ
Жағдай бұлай өзгеріссіз қала беретін болса тұрғындардың құрылыс компаниясын сотқа беруден басқа амалы қалмаған.
Тағы басқа мақалалар...
59 ішінен 224 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.