
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 608 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/aJQbVK-hQk8?si=6O6M2Wm1ZHilwuuq"
Электронды темекі мен вейптерге тыйым салатын заң қабылданбады. Себебі, Сенат депутаттары аталған құжат шикі деп санайды. Айтуларынша, толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажет. Бірінші кезекте, мұндай денсаулыққа аса зиянды вейптерді жарнамалаған және соның насихатына қатысты кез келген ұтыс ойындары мен лотореялар өткізгендер жазалануы керек дейді. Сондықтан, Сенат депутаттары заңды Мәжіліске кері қайтарды. Енді жақын арада төменгі палата сенаторлар ұсынған өзгерісті жаңа құжатқа енгізіп, қайта Сенат қарауына жіберуі тиіс.
АЙНҰР АРҒЫНБЕКОВА ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасын екінші оқылымда қарап отырмыз. Бұл құжатқа бірқатар өзгерістер енгізу қажет. Алдымен, медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізу керек. Сондай-ақ, электрондық темекі мен вейптердің айналымы үшін қылмыстық жауаптылықтың заңмен белгіленуіне байланысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінен электрондық тұтыну құралдарын сату, пайдалану, оларға демеушілік көрсету үшін жауаптылықты регламенттейтін нормаларды алып тастау керек. Сондықтан, осы жоғарыда аталған нормаларды заңға енгізу үшін, Мәжіліс қарауына жіберуді ұсынамыз».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 506 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/dElqiO4vqeQ?si=H-tVjQ-KH29dzqp6"
Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің жай-күйі тікелей Үкіметтің өз назарында болады. ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасына енген нысанды жөндеу жұмысына мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау шаралары да көрсетіледі. Бүгін жұмыс сапарымен Түркістан облысына барған Премьер-Министр Олжас Бектенов осылай деді. Айта кетейік, кесенеде күрделі жөндеу жұмыстары өткен жылдың тамыз айынан бастап жүргізіліп жатыр. Бүгінде ғылыми-реставрациялық жұмыс әлі жалғасуда. Қазіргі таңда ескерткіштің алдына сыртқы орта мен климаттық факторлардың әсерін өлшейтін датчиктер орнатылған.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – тек қазақ халқының емес, бүкіл адамзаттың асыл мұрасы. Мемлекет басшысы кесененің тарихи келбетін сақтауға қатысты тапсырма берді. Бұл – біздің ортақ міндетіміз. Кесененің жай-күйін ерекше бақылауда ұстау қажет».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 478 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/tL4vlHFvlRU?si=ZOR2LWIz8JMR5ec8"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 540 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/KjwauA02u7g?si=qEtroN1Uql2rCOGK"
Жаугершілік заманда әр қазақтың аты белдеуде, бес қаруы керегенің басында болған. Осы бес қарудың бірі – садақты ерлер ғана емес, әйелдер де қолдана білген. Бірі адырнасын сайлап, аңға шықса, екіншісі соғыста жаудың бетін қайтарған. Кейін заман өзгеріп, адам дами келе көптеген дүниелер қолданыстан шыға бастады. Алайда ұлттық құндылығымыз қайта жаңғырып келе жатқаны жасырын емес. Сондай бекзат өнерді насихаттап жүрген садақшы қыздардың бірі маңғыстаулық Рима Атабаева.
Садақ ату спортына ерекше мән беріп, сәнге айналдыруды мақсат еткен Рима Атабаеваның алғаш рет садақтан оқ ұшырған сәті әлі де көз алдында. Бастапқыда кірісті тобыршақтан шығарып алып, адырнаның иінін келтіре алмаған сәттерін күліп еске алады. Садақ атып үйренуге деген зор құлшынысы бала күнінен бар әдеті екен.
РИМА АТАБАЕВА – САДАҚ АТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:
«Бұл садақ атудың ерекшеліктері адамды ептілікке, ұқыптылыққа, төзімділікке, бауырмалдылыққа тәрбиелейді деп айта аламын.00:57+00:09 Жалпы спорттық бұл ойындардың ішінде адамға, басқа түскен қайғы қасіреттерге қарсы тұра білетін, күресе білуге шыңдайтын спорттық ойындар. Сол арқылы жастардың қандай жағдай болмасын, үмітсіздік тұманында адасып жүрген, қазіргі қоғамда көбейіп бара жатқан суйцид немесе тағы да басқа қылмыстық жағдайларға бармауына ықпал ететін бірден бір осы спорттық ойындар деп айтсам болады».
Кейіпкеріміз Маңғыстау облысындағы Ұштаған ауылының тумасы. Көз ашқалы төрт түлікті көріп өскен ол, мініс аттарын тақымдап,шабуды жаны сүйеді. Алайда ат үстінде садақ атып көрмепті. Садақшы қыздың ендігі мақсаты - қос өнерді ұштастыру арманы.
РИМА АТАБАЕВА – САДАҚ АТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:
«Өзім жалпы атқа мінемін. Бірақ енді садақпен екеуін ұштастыра қойған жоқпын. Түйеге бала кезімде міндім. Аттың үстінде отырып жанба ату өзімнің жоспарымда бар бұйыртса. Болашақта соны қолға аламын деген ойдамын».
Риманың негізгі қызметі- ІТ мектеп-лицейінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Бос уақытында садақ ату орталығына келіп, шәкірттерімен жаттығады. Оларды мергендікке баулып, қырағылыққа үйретеді.
АСЫЛТАС БЕКБОЛАТ «Негізі мен садақ атуға келгелі бері достарыма, сыныптастарыма мен осындай садақ атуға келдім, садақ аттым, әкем садақшы деп айттым. Олар қызыға бастады. Қай жерде, қайда атасың, садақ қандай?-деп. Қасиеттерін, ерекшелігін сұрап бастады. Мен оларға айтып бердім».
“Адайдың амазонкасы” лақап атымен танымал Рима Қайырғалиқызы алда өтетін сайыстарға дайындықты пысықтауда. Қазір қызу дайындық үстінде.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 614 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/CdPAHdWWkFE?si=D-5vaWC0SJZd2558"
Қазір әлемде үлкен құбылыстармен өзгерістер болып жатыр, яғни деградация мен құрғақшылық процестері қарқынды жүруде. Соның салдарынан топырақтың құнарлылығы азайып, экологиялық өзгерістер орын алуда.Айтулы мәселе бүгін ғалымдардың қатысуымен өткен жиын аясында талқыланды.
Бүгінде 76% жер көлемі әр түрлі деңгейде деградацияға ұшыраған, оның ішінде жайылым жерлердің 26% қатты деңгейге жеткен. Сондай-ақ, тұзданған жеріміздің көлемі 37% құрайды, ал ластанған жеріміздің көлемі 10 пайыздан асып түседі.
САМАТ ҮСЕНБАЙҰЛЫ, Ө.О.ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТОПЫРАҚТАНУ ЖӘНЕ АГРОХИМИЯ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:«Ең бірінші параметрі топырақтың құнарлылығы – қарашыңды мөлшермен есептеледі.Біздің ғалымдарымыздың мәліметі бойынша, зерттеулері бойынша 2 см ШҚО жауын-шашын мол, жеткілікті. Топырақтағы өсімдік жамылғысы жоғары дәрежедегі топырақта 2 см құнарлы топырақ қалыптасу үшін 45 жыл кеткен екен. Енді ойлай беріңіз, бізге егін шаруашылығына 40 см жер құнарлы топырақ керек болатын болса, 900 жыл керек екен. Осыны, яғни топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру үшін».
Қазіргі таңда еліміздегі топырақтың құнарлылығы тың және тыңайған жерді игеру кезіндегі құнарлылығымен салыстырғанда 40 %-ға төмендеп кетті. Құзырлы органдардың берген ақпараттарына сүйенетін болсақ, соңғы он, онбес жылдың ішінде еліміздің барлық топырақ типтерінде оның орта құнарлылғы 20,5 % -ға жеткен.
САМАТ ҮСЕНБАЙҰЛЫ, Ө.О.ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТОПЫРАҚТАНУ ЖӘНЕ АГРОХИМИЯ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ «Көрші мемлекеттердің ғалымдары келіп, осы Қазақстандағы тың-тыңайған жерлерді игеру мәселесі бойынша 15 жыл зерттеу жүргізді. Ол жерде топырақтың бүкіл құрамын, эрозияға төзімділігін зерттеп, үкіметке ұсыныс беру арқылы ол жерлерді игерді. Ол кезде 800 ғалым жұмыс жасаған болатын. Қазіргі таңда ондай ғалымдарымыз да жоқ. Бұл топырақтану саласына, ғылымына көңілдің көп бөлінбеуінің себебі».
Егер, дер кезінде тиісті шара қолданылмаса, топырақтың құнарлылығы күрт азаяды, сонымен бірге өнімнің өнімділігі де төмендейді және болашақта өнімсіз қалуымыз ғажап емес дейді мамандар.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 478 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/vu6uRUgl-RE?si=XiCQbEv5lF9LO4by"
БҚО-да 147 елдімекенді су басуы мүмкін. Халқына қауіп төнген бұл ауылдар ерекше бақылауға алыныпты. Өйткені топырақ қабатындағы ылғал көлемі көпжылдық орташа көрсеткіштен 133% жоғары екен. Бұл аздай 50-ге жуық жолды су шайып кету қаупі бар. Ауа райы күрт жылынса Шыңғырлау, Шаған, Өлеңті, Шідерті, Деркөл, Чижа-2 өзендері арнасынан тасуы мүмкін.
Облысқа қарасты су қоймаларының жағдайы мәз емес. Деркөл, Өлеңті, Шідерті өзендеріндегі ылғал қоры жылдағыдан екі еседей көп,-дейді төтеншеліктер. Қыс бойы аймақтан 600-мыңнан аса текше метр қар шығарылған.
ДАМИР ТІЛЕУБАЕВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» БҚОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Төтеншеліктердің айтуынша, өңірдегі өзен-көлдердің мұзы қалың, тіпті кей жерде 1 метрге дейін жетеді. Егер тезірек мұзды жармаса сең жүрген кезде кептеліс пайда болып, күн жылынғанда жағдай қиындауы мүмкін.
Өңір өзендерінің мұзын жаруға бюджеттен 35 миллион теңге бөлініпті. Қалың қардың кесірінен аймақтағы автожолдардың кейбірін су шаюы ықтимал. Құтқарушылар жағдай күрделеніп кеткен жағдайда тұрғындарды эвакуциялау жағында ойластырып қойыпты.
ТІЛЕГЕН ШАПАНОВ, РМК «ҚАЗГИДРОМЕТ» БҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: қазіргі таңда Ирикла...төменгі ағысына қарай тасталуда...гидрологиялық болжамға сәйкес... күтіп отырмыз…
Синоптиктердің болжауынша, облыста наурыздың 20-сынан соң ауа температурасы көтеріледі. Ресейлік ауа-райын болжаушылар облыстағы ірі трансшекаралық Жайық өзені бойынша гидрологиялық болжамымен бөліскен. Оған сәйкес, Ирикла су қоймасына келетін су көлемі 2,5 млрд текше метрді құрайды деп күтілуде. Бұл былтырғымен салыстырғанда 2 есеге көп.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 479 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/7uEbOWwJULc?si=c0_l7RyTZ-bnmz1v"
Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Шет елдік ескі және қауіпті жүк көліктері мен автобустарды «жалған құжатпен рәсімдеді» деген айып орталықтың 59 маманына тағылып отыр. Олар ауаны ластайтын яки дизельмен жүретін көліктерден аз мөлшерде алым алып, елге заңсыз кіргізіп отырған. Нәтижесінде, ел бюджетіне 14.3 млрд теңгеге шығын келген. Бұл туралы қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов айтты.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Мамандандырылған ХҚКО-ның 59 лауазымды тұлғасы мен мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің қатыстылығы тексерілуде. Көлік құралдарын заңсыз бастапқы тіркеудің негізгі схемалары анықталды. Алаяқтық схемаларды ұйымдастырушылар арнайы ХҚКО-ға бастапқы алымның ең төменгі мөлшерлемесін төлеу мақсатында шығарылған күні өзгертілген жалған түбіртектерді ұсына отырып, автокөлікті есепке қоюды жүзеге асырған. Кейбір жағдайда тіркеу (2016 ж. бұрын) Egov порталы арқылы онлайн режимінде, жалған құжаттарды пайдалана отырып, ресми дилерден сатып алынған және жаңа КҚ ретінде алымдарды төлеу арқылы жүргізілген».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 495 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/unb6OZxoufU?si=oIGSY6FD8SNKtB-Z"
Алаш жұрты журналист, жазушы Жұмабай Шаштайұлын ақтық сапарға шығарып салды. 74 жасқа қараған шағында жарық дүниемен қоштасқан жазушы еліміздің рухани дамуына өлшеусіз үлес қосқан қайраткер. Жұмабай Шаштайұлы «Аспанқора», «Шал мен жылқы», «Құралайдың салқыны» сияқты шығармаларымен оқырманға танылған.
Қаламгерді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылының мәдениет үйінде өтті. Оған ақынның замандастары мен туған-туыстары келіп, оның адамгершілік қасиеті мен азаматтық ұстанымы жайлы елеулі естеліктер айтты.
НҰРЛАН ОРАЗАЛИН, АҚЫН
«Қаламының ұшынан қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ащы ақиқаты мен шындыөтары төгіліп түскен. Қайта келмейтін суреткер. Ж. Шаштайұлын ақтық сапарға шығарып салып жатырмыз».
Жұмабай Шаштайұлы әр жылдары «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті» және өзге басылымдарда басшылық қызмет атқарған. Qazaqstan ұлттық телеарнасында «Үзеңгі жолдас» бағдарламасын жүргізген.
БАУЫРЖАН ЖАҚЫП, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Жұмабай ағамыз, ақкөңіл, адал, елге, ұлтына, халқына бүкіл ғұмырын арнаған адам. Өте мейірімді, кішіпейіл, қарапайым адам болатын. Сол асыл қасиеттерімен біздің есімзде, жадымызда мәңгі сақталады деп ойлаймын».
Жұмабай Шаштайұлы 1950 жылы 10 қазанда Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген.Саналы ғұмырын шығармашылыққа арнаған жазушының артында том-том еңбектері қалды. Сондықтан, оның жан дүниесінен шымырлап шыққан шығармалары халқымыздың жадынан мәңгі өшпесі анық.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 469 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Xo1lxmeXvPg?si=b2ZKgc1g8DxIp4g3"
Бостандыққа шығатын педофильдерді өмір бойы бақылауда ұстау керек. Өйткені, бұл азғындар ешқашан өзгермейді. Осылай деген мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов педофильдерге қатысты заң асығыс қабылданып кеткенін айтады. Одан бөлек мәжілісмендер жас балалардың насыбай атып жүргеніне алаңдайды. Сондықтан, бұл мәселеге Үкімет өзі араласып, насыбайға қатысты заң талаптарын барынша қатайтып, оған мүлдем тиым салу жөнінде шешім қабылдауы керек дейді. Толығырақ алдағы бейнесюжетте.
Бүгін депутаттар маңызды заң жобасын талқылады. Үш сағаттан астам уақыт бойы олар Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне енетін өзгерістер мен толықтырулар туралы құжатты қарады. Жаңа заңға сәйкес енді құқық қорғау органдарына қылмыстық істің кем кетігін түзеуге мүмкіндік берілмейді. Алқабилерге қатысты да жаңашылдық бар. Енді судья алқабилермен бір бөлмеде қалмайды. Демек, олар шешімді судьясыз қабылдайды. Бірақ депутаттар бұл заң жобасы да шикі болып қала ма деп алаңдайды. Себебі, бұған дейін бір апта бұрынғы әйелдер мен балалардың құқығы және қауіпсіздігі туралы құжат асығыс қабылданып кетті дейді.
АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Бірнеше апта бұрын өте маңызды заңды қабылдадық. Ол – педофилдерді өмір бойы бас бостандығанын айыру. Олар енді өмір бойы түрмеде отыруы керек. Бірақ бұл норма мұның алдында сотталған педофилдерге қатысты болмайды. Яғни алдында сотталғандар бостандыққа шыға береді. Біз бұған бір норманы ұсындық: енді бостандыққа шығатын педофилдерге әкімшілік қадағалау немесе пробациялық бақылауды енгізу. Яғни бостандыққа шығатын педофилдерді енді өмір бойы бақылауда ұстау, олар қайда жұмыс істейді, қай жерде тұрады, керек болса картаға шығаруды ұсыну қажет. Өйткені бұл азғындар, айуандар ешқашан өзгермейді. Оны мен айтып отырған жоқпын, оны бізге ғылым көрсетіп отыр. Бұл түзету, бұл норма неге қолданылған жоқ?»
Ал, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов болса жаңа заңды таныстыруға келген Әділет министріне «Әділетті Қазақстан» қашан орнайды деп сұрақты төтесінен қойған еді. Алайда, жауапты ведомство басшысы депутаттың бұл сұрағына мардымды жауап бере алмады. Мемлекеттік органдарымен пысықтап, қосымша жазбаша жауап беремін деп құтылды.
РИНАТ ЗАЙЫТОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «429-бапқа қатысты ұсыныс беріп отырмыз. 429-бапта өзіңіз білетіндей, “қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемесінің қызметкеріне және оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамға қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу” дейді. Бұл қалай? Біз Қылмыстық кодекстің бір бабымен адамды соттап отырмыз, ал екінші бабымен қорғап отырмыз... Бұл неге жол ашып отыр? Мекеме әкімшілігімен келісімге барып алып, басқа сотталушыларға зорлық-зомбылық көрсетіп отырған фактілер жетерлік. Екінші сұрағым бүгінгі заңға қатысты болмаса да, айтатын басқа жерім жоқ... Сондықтан айтуға мәжбүрмін. Ішкі істер министрлігі, Бас Прокуратура, Жоғарғы соттың өкілдеріне: Біздің Президенттің халыққа үміт берген бір сөзі “Әділетті Қазақстан” деген сөз еді. Қазір Қазақстанда кез келген адамды көшеден алып кете салып, қамай алатын ІІМ бар, оған жоқ жерден айып тағатын Прокуратура бар, оған шешім шығара салатын Сот бар. Осы орайда “Әділетті Қазақстан” орнатуды қашанға жоспарлап отырсыздар?»
Ал, енді бір топ мәжілісмен ертеңгі ұрпақтың денсаулығына алаңдаулы. Мектеп оқушылары жаппай насыбай атып жүр деген олар Ішкі істер министрлігі мен Премьер-Министрдің орынбасары бұл мәселені дереу қолға алып, тоқтату керек деп санайды.
ЖАРҚЫНБЕК АМАНТАЙҰЛЫ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Бұл депутаттық сауалда көтерілетін мәселе емес еді. Алайда 4-5 сынып оқушыларының еш кедергісіз насыбай атып жүргенін көріп, еріксіз дабыл қағуға мәжбүрміз. Заңда тыйым салынғанына қарамастан, бұл зиянды зат сауда орындарында, базарлар мен дүкендерде бала деп, жас деп қарамай, еркін сатылуда. Бағасы да қолжетімді, ал зияны шаш етектен. Насыбай – не мәдениетке, не әдепке, не гигиенаға сай келмейтін жиіркенішті қалдықтардан жасалатын зат. Өкінішке қарай, бұрын оны тек үлкен адамдар ататын болса, қазіргі кезде мұнымен балғын жастар, тіпті болашақ ана болар қыздар да әуестенетін болған. Олардың саны жыл сайын артып келеді. Бұған қоса, ел үміт күтіп отырған спортшы жастар арасында да бұл кері әдеттің қалыпты жағдайға айналғанын қалай түсінуге болады?!»
Депутат келтірген дерекке сүйенсек, халықтың 10 пайызы насыбай тұтынатын көрінеді. Сатушыларға үкімет еш шектеу қоя алмай отыр. Себебі, қолданыстағы заңға сәйкес насыбай саудасымен ұсталғандарға әуелі ескерту жасалып, кейіннен 5 айлық еспетік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады екен. Ал, шағын және орта кәсіпкерлерге салынатын айыппұл 20 айлық есептік көрсеткіш қана. Саудагерлер мұны шыбын шаққан құрлы көрмей отыр дейді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 533 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/sZSSY59yTjs?si=0NX57VhswAHmJAai"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 446 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/TVxtc7Ad4HQ?si=oAefWpE2pbZ6ZZTd"
Абай облысында ауа температурасының күрт жылынуынан қар еріп, көпшілікті әбігерге салып жатыр. Баспанасын су басып, бассауғалап қалған қара халық жергілікті биліктен көмек сұрауда.
Абай облысы Бақты ауылында еріген қар суы тұрғындардың түн тыныштығын бұзды. Көше бойын жағалап келген су, қара халықтың мал қорасы мен баспанасына дейін бойлаған. Тұрғындар жауаптылардың жалған сөздеріне наразылық білдіруде.
РАЗИЯ КӨКИЕВА АБАЙ ОБЛЫСЫ БАҚТЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Мына жерде тұрып МЧС-никтар ешқандай су кірген жоқ деп тура біздің дәл үйдің қасында айтып жатыр ғой. Неге кірген жоқ? Жаңағы тұрған үй осы әне ананың бәрі трещина берді. Ана жақтың бәрі, полдың бәріне құлағалы тұр. Мына үй білмеймін, үй болмайды ғой деймін. Өзі жаңа ғана жасаған болатын, әне ананың артын қарашы әне. Мынау шешемнің үйі, түк те су кірген жоқ дейді, неге кірмеді белуардан су көл болды».
ОРАЛХАН ЖАМАТАЕВА АБАЙ ОБЛЫСЫ БАҚТЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
"Су кірген жоқ дейді, жоқ су кірді. Неменеге өтірік айтамыз су кіргеннен қорыққанымыздан қашып, баларымда жүрек жоқ совсем. Мектепте мұғалімдер де келеді. Бәрі келеді деп балаларыма тоқтау айтып мектепке паналайын десем, одан шығарып жібергеннен кейін ағамның үйіне бардым".
Баспанасын су басып, бассауғалап қалған қара халық жергілікті биліктен көмек сұрауда. Құтқарушылардың сөзінше су тұрғындардың келісімімен жіберілген.
АЗАМАТ ОРЫНБАЕВ АБАЙ ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
"Бұл қызыл су келеді ғой. Күн далада ерігенде таулардан келеді де ағысы бүкіл ауылмен ағып кетеді ғой. Сол жерден жырып өткізіп жіберген кезде аулалардың ортасына арнайы өткізген жерлер бар. Оны мысалыға үйдің иесімен келісілген. Мысалы қора мен үйдің ортасымен арнайы өткізіп жібереді. Ол ағындар көп уақыттар алмайды. Жарты сағат, көп болса бір сағаттың ішінде ағып өтіп кетеді".
Су деңгейі қазір айтарлықтай төмендеген. Қардың қарасы әлі болғанымен, су ағысы басты бақылауда тұр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 732 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/m_L35_9LJvE?si=DphZRIhzKmiCumd8"
Алматы облысына қарасты Жайнақ ауылында "Арлан" бокс клубы ашылды. Осыған орай бокстан жастар және оқушылар арасында халықаралық турнир өтті.
Халықаралық турнирге Қырғызстан, Өзбекстан және еліміздің әр өңірінен 12 команда, 200-ден астам спортшы қатысты. Доданың басты мақсаты -жасөспірімдерді спортқа баулу және жоғары деңгейге көтерілуге мүмкіндік жасау.
КҮМІС ИСАЕВА, «АРЛАН» СПОРТ КЛУБЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ
БАУЫРЖАН ЖҰМАБАЕВ, А.ТОҚПАНОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Ауыл азаматтары болып атсалысқан турнирде қарсылас шақ келтірмей, ел үмітін ақтап жастарымыз жеңіс тұғырынан көрінді.
Тағы басқа мақалалар...
117 ішінен 232 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.