- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 693 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/4MfHdohMS-U?si=98WBX2xiNiTW6NpT"
Бала жанының бағбаны болған қаламгер,қазақ әдебиеті қазынасына құнды дүниелер қалдырған көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаев жайлы «Бердібек ауылына саяхат» фильмі көрермен назарына ұсынылды. Қазақ даласының ең биік нүктесі,таңғажайып табиғатымен,көктіреген аспантауларымен танымал жазушы дүниеге келген Нарынқол өңірі жайлы фильм Қоңыр MEDIA GROUP шығармашылық ұжымының жемісі.
Фильмде жазушының шығармаларын жата жастана оқыған оқырмандары арқылы жазушының кіндік қаны тамған туған жеріне,шығармаларына арқау болған ауылы,тау-тасы мен өзен көлдерін екі кейіпкердің сөл өлкеге саяхаттауы арқылы жеткізе білген. Менің атым Қожа повестінің желісімен экрандалған Менің атым Қожа фильміндегі оқиға желісі де кейіпкердің осы өңірден алған әсерімен қоса өрбіп отырады. Бұл жұмыстарымыздың барлығы ұлы жазушыға деген құрметімізден туған дүниелер дейді жоба авторы.
СЕРЖАН МОЛДАСАН, РЕЖИССЕР, ЖОБА АВТОРЫ
Фильм шығармашылық ұжымның екінші жобасы. Қарасаз көшелері атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған ауылына арналған алғашқы туындылары да көрермендердің жоғары бағалауына ие болған еді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 679 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Rf2r3JT71qA?si=WcaMolEqjtmpGsLf"
ҚР Жоғарғы соты экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Жоғарғы Соттың байланыс бөлімі басшысы Перизат Сәдуақастың айтуынша, Астанада Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер алқасына кандидаттарды іріктейтін жабық отырыс басталған. Отырыста 12 адамнан тұратын алқабилер алқасы құрылады."Өздеріңізге мәлім, Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот талқылауына қоғамның қызығушылығының артқанын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарынан ашық онлайн-трансляция ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
Бұл шешім сот талқылауының ашық әрі жариялы болғанын және жалғасатынын білдіреді. Естеріңізге сала кетейін, істің алдын ала тыңдауы да ашықтық қағидаты сақтала отырып өтті. Процеске қатысушылардың және қатысуға ниет білдірушілердің көптігін ескере отырып, отырыстан онлайн-трансляция жүргізілетін қосымша екі зал ұйымдастырылды", - деп жазды Жоғарғы Сот өкілі Facebook-парақшасында.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 669 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/HtTPztgn5Xg?si=9ilZR2ItVR0Jwy6s"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 579 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/USVVwBAoCZ4?si=zz6JB_NSA7WGADt3"
Астанада ірі көлемде кокайн сатқан 33 жасар жігіт ұсталды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петров көшесінің бойында Haval автокөлігінің жүргізушісін жолда тоқтатады, оны тінту барысында күртешесінің қалтасынан ішінде ұнтақ тәрізді заты бар полиэтиленді 30 орама табылып, тәркіленген. Көлікті тексеру кезінде тәртіп сақшылары осындай тағы 76 ораманы тапты.
33 жастағы ер адам интернет-дүкенде есірткіні орап, жинап және таратумен айналысқанын өзі мойындапты. Аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 692 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/5qKsku6YMOI?si=fxmX5qDKH3XpaDej"
Контрабандалық жолмен жүк көліктерін тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды. Олар жалған құжат жасап 45 жүк көлігі мен оның тіркемелерін заңсыз елге кіргізген. Салдарынан мемлекетке 385 млн теңге сомасында залал келді. Қылмысты дер уақытында қаржы мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті анықтады, бүгінде іс сотқа жолданды деді агенттіктің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
«Тергеу барысында қылмыстық топтың Қазақстанға жалған құжаттарды пайдалана отырып есепке қойылған заңсыз 45 жүк көлігі мен тіркеме кіргізілгендігі анықталды. Бұл мемлекетке 180 млн теңге сомасына төленбеген кедендік төлемдер, сондай-ақ 205 млн теңге сомасына тіркеу төлемдерін төлемеу түрінде залал келтірді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары сотқа жолданды. Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды. Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық контрабанда үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 801 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/tVjXDK9vmmc?si=oWFDmiZOtoynTRu6"
Наурыз айы. Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Григориан күн есебінде де, жылдың алғашқы айы есебінде де күн мен түннің ұзақтығы теңеседі. Сол себеппен наурыз жыл басы болып саналған. Сонымен бірге қыстың соңы, көктемнің басы. Күн жылынып, қар еріп, жыл құстары келе бастайды. Сондықтан, жылдың құт мезгілі есебінде де наурызға бүкіл халық аса құрметпен қарап, оны есте қаларлық қасиетті ай санаудың басы етіп алған.
Наурыз шығыс елдері үшін – бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі болып саналады. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алады. Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік мәні бар.Айтулы шараны Алматы облысына қарасты Аққайнар ауылының тұрғындары ерекше ықыласпен атап өтті. Шағын ғана ауылдың азаматтары тайлы тұғына дейін жиналып, бірін-бірі құттықтап жатты.
БЕРДІҒҰЛ ҚҰРМАНҒАЛИЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Ауылдың атпалдай азаматтарының қолдауымен қолға алынған мерекелік шара тартымды өтті. Сахна төрінде эстрада жұлдыздары мен ауылдың алты ауыздары ән салды.Сонымен қатар салауатты өмір салтын жаңғырту мақсатында спорттық сайыстар ұйымдастырылды.Көпшіліктің көңілін көтерген шараға ерлерден бөлек, нәзік жанды аналарымыз да қалыс қалмады.
БАҒДАТ БЕКТАСОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Наурыз парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» дегенді білдіреді. Қазақтар бұл күнді Ұлыстың ұлы күні деп те атайды. Мерекенің басты тағамы - жеті түрлі қоспадан дайындалатын наурыз көже. Наурыз - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша күн мен түннің теңелуі кезіне келеді. Әз наурызды ықыласпен қарсы алған Алматы облысына қарасты Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округінің азаматтары деуге болады. Ұлттық ойындарымыз салтанат құрды.
АРМАН ҚАМАЛБЕК, ІРГЕЛІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 648 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/RhtN3i0cC30?si=QGJ9-MlonsK_HXGc"
Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз мерекесі Алматы облысында да ерекше қарқынмен кең ауқымда атап өтті.Өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев наурыз тойын тамашалауға Талғар қаласына арнайы барды. Мұнда түрлі спорттық және мәдени шаралар ұйымдастырылған. Әсіресе, Алматы облысындағы АРТСПОРТ бағдарламасының қатысушылары ұйымдастырған 500 домбырашының күй шерткені ерекше әсерл қалдырды. Мұнда бір мезетте домбырашылар Әбдімомын Желдібаевтың “Ерке сылқым” күйін күмбірлете шертіп өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, күйшілер Астана қаласына эстафета жолдады. Бұл ауқымды іс-шараның мақсаты - ұлттық өнерді дәріптеу дейді ұйымдастырушылар.
МАҚПАЛ АБАНОВА, АРТСПОРТ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ӨНІМ БЕРУШІ
ӘМИНА НӘЗІРҚЫЗЫ, АУДАН ТҰРҒЫНЫ
Мерекелік іс шараға жиналған жұрт салт-дәстүрімізді дәріптеген өнер иелерінің концерттік номерлеріне қанық болды.Сонымен қатар әз наурыздың басты дәмі наурыз көжеден дәм татып, арқа-жарқа күй кешті.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 743 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/4UtNZwqqPcE?si=dxbHu3wf3JPuPHZ6"
«Балақай, Жаңа Қазақстан деген - осы». Трактордың тіркемесінде отырған бір топ баланың әзіл шыны аралас мына видеосын Азаттық ақпарат порталы жариялады. Сайт жазған мәліметке сүйенсек, 11-ші сынып оқушылары ҰБТ тапсыру үшін Орал қаласына осылай баратын көрінеді. Бұл видео Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданындағы Мұратсай ауылында түсірілген. Аталған ауылдан Оралға дейінгі жол 18 шақырымды құрайды.
Балаларды трассаға осылай жеткізеді екен. Айта кетейік, Бөкейорда ауданынан Оралға дейінгі жол 550 шақырымды құрайды. Бұл жағдайда қатысты өкілетті орган ешқандай пікір білдірмеді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 555 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/e4gmh_vwOII?si=O5eBCBI_DwFWxtfU"
Әлеуметтік желіде бейтаныс ақсақалдың Алматы облысындағы Шелек ауылының тұрғындарын жергілікті аурухананың науқастарына азық-түлікпен көмектесуге шақырып жатқан видеосы тараған еді. Бейнеүндеуде аталған Шелек ауылындағы паллиативтік көмек көрсету ауруханасы 50 төсекке арналған. Қазіргі таңда 36 науқас толық стационарлық ем алуда.
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Осылай деген ауыл ақсақалының ниеті ауыл тұрғындарын қасиетті Рамазан айында сауапты іске шақырғанымен әлеуметтік желіде түрлі пікір айтылған. Аурухана толық көлемде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен қаржыландырылады, қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.Осыған орай аурухана басшысы орын алған келеңсіздіктерге пікірін білдірді.
АҒАБЕК УРИНБАСАРОВ, ШЕЛЕК АУЫЛЫ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПАЛЛИАТИВТІК КӨМЕК АУРУХАНАСЫ» ДИРЕКТОРЫ
Шелек ауылы тұрғынының бейнеүндеуі қасиетті Рамазан айында қайырымдылықпен айналысуға шақырады, деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 566 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/fNYwD3eshWQ?si=XY2vh4cgGHBEmzqe"
Қошқар ата қалдықты көліндегі жүргізіліп жатқан залалсыздандыру жұмыстары шала дейді Маңғыстаудың қоғам белсенділері. Жұмысты қайта қолға алғандар қоғамдық тыңдау өткізген. Алдағы бейнематериалға назар аударсақ.
2017 жылы "Қошқар-ата" қалдықты улы көліне арнайы жоба бекітілгенімен, ондағы рекультивациялау жұмысы қазір де өзекті болып тұр. Бұған арнайылап 2020 жылы республикалық бюджеттен 19,5 млрд теңге бөлінген. Бірақ, жұмысшылар жұмысты бір жылдан кейін ғана бастап, аяқсыз қалдырған.
РҮСТЕМАБАД АЙДАРХАНОВ ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:«Себебі 2022 жылы жобаға біз араласып бастадық. қоғам белсенділері болып, қоғамдық кеңес мүшелері болып, депутаттар бар,осындай бір кемшіліктерді анықтадық. Бейне, видеофиксацияны жасағаннан кейін арнайы тексеріс басталды. Енді арнайы тексерістің нәтижесін күтіп бастағанда 2-3 айдан БАҚ-тан ол жұмыс кемшіліктіерді анықтағанан тоқтаған жоқ, жобаға өзгеріс енгізу керектігніне тоқталды деп хабарланды».
Тоқетері – жұмыста шикілік көп. Қоғам белсенділері белсенділік танытып шағым түсіргенімен, шаруаны шеше алмаған.
ӘСЕЛ БАЛМАНОВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Басқармамен 262 гектар жер қабылданды. Экономикалық қылмыстарды тергеу департаменті 2022 жылдары тексеріс жұмыстарын жүргізген болатын. Нәтижесінде Қошқар-ата рекультивация жүргізу құмына ұсыныстар айтқан болатын. Ол ұсыныстар толығымен мердігер компанияға берілді. Және де жобаны жасақтау барысында толығымен ескерілді».
Бірақ, белсенділер "Павлодар өзен портына" жобаны бермеулерін өтінеді.
РҮСТЕМАБАД АЙДАРХАНОВ ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: «Себебі Қошқар ата улы көлінің қасында орналасқан сазды карьерден алынатын құмды алмай, қасындағы қара топырақ пен сексеулді екі бульдозер жалдап сонымен ысырған мекемеге әрине біз күмән тудыртамыз».
Уақытты біз күткенмен, уақыт бізді күтпейді дейді белсенділер. Күн өткен сайын бөлінетін уытты қалдықтар ауаға тез тарап барады.
ӘСЕЛ БАЛМАНОВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:«Жалпы бұл жобаның жүзеге асырылуына 19,5 млрд теңге қарастырылған болатын. Бүгінгі таңда жобаны қайта жасақтау және кооректировка енгізуінің нәтижесінде жобаның құны 51,8 млрдқа өсіп отыр. Ол ретте СМР-ге, жанар-жағармай және жұмысшылардың жалақысы есептелген».
Мамандар ендігі мердігердің жұмысы мардымды болатынына және екі жылда толықтай залалсыздандыру жұмыстары бітетініне сөз берді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 643 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/7I1X-ZZawHw?si=0pXgBE8H3ciKYgts"
Ата-аналар назарына! Егер балаңыз биыл мектеп табалдырығын аттайтын болса, онда асығыңыз. 1 сәуірден бастап мектепке құжат қабылдау басталады және 31 тамызға дейін жалғасады. Өтінімді электронды ЕГОВ порталы арқылы да беруге болады. Айта кетейік, биыл мектепке 370 мың бала барады деп жоспарланып отыр.
ӘЛИЯ ЧОКУШЕВА ҚР ОАМ ОРТА БІЛІМ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: «Былтырғы оқу жылынан биылғы оқу жылының басты айырмашылығы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне білім еру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі» жөніндегі 2024 жылдың 24 ақпанында қабылданған заңға сәйкес, лицейлер мен гимназияларға қабылдау кезінде емтихан өткізуге тиым салатын ереже енгізілді. Барлық балалар дайындық деңгейіне қарамастан тең мүмкіндікке ие болады. Бұл балалар арасындағы психологиялық қысымды азайтуға бағытталған».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 599 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/oz99IJYGDVs?si=-K_0oV8ukIhovJGU"
Ақмола облысында күн күрт жылып,еріген қар суы қарашаның қайғысына айналды. Көкшетаудың шағын аудандарында кейбір білім ошақтарына дейін судың ортасында қалған.
Қар суынан келетін қауіптен тұрғындар күндіз күлкіден түнде ұйқыдан айырылған.Себебі, аймақта күн күрт жылынуынан, 16 ауданда 150-ден астам үйді су басуы мүмкін. Ерейментау және Целиноград аудандарына қауіп тіпті басым. Ал Көкшетаудағы Бірлік шағын ауданында орналасқан 22 мектептегі орын алған төтенше жағдай бірден қалыпқа келтірілді.
ОЛЕГ МАЛЮК АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:«Ақмола облысында жыл сайын су басу қаупі жоғары. Қазіргі уақытта Целиноград, Аршалы, Жарқайың аудандарында және Қосшы, Көкшетау қалаларында еріген қар суын сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. 65 мың текше метрден астам су сорылды. Аймақта мониторингтік топтар құрылды. Күнделікті шығып, коммуналдық қызметтердің жұмысын тексереміз».
Аймақтағы жағдайға байланысты 3 мыңға жуық құтқарушы жұмылдырылған. Су жайылу қаупі бар аймақтарға 95 мыңнан астам қап құм төселді. Облыс аумағында қауіптің беті қалың, таулы аймақтарда қар көбесі әлі де сөгілмей жатыр.
Тағы басқа мақалалар...
121 ішінен 240 беті

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.