- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 442 рет қаралды
"https://www.youtube.com/embed/T_6I_C6rZ3M?si=NezCRp1sfZio12mI"
Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі Алматы хайуанаттар бағында пресс-тур өткізді. Онда журналисттер жануарлардың қалай тамақтанатынын көріп, олардың қамқоршыларымен танысып қайтты.
ШОЛПАН МАРАТҚЫЗЫ ЖУРНАЛИСТ:
Алматы қаласында орналасқан хайуанаттар бағының жер көлемі 26,6 га жуық. Мамандардың айтуынша, саябаққа Еуразия, Орталық Азия, Африка, Арктика сынды көптеген ірі мемлекеттерден аңдар әкелінген.
СЕЙІЛХАН АҚЫЛБЕКОВ АЛМАТЫ ХАЙУАНАТТАР БАҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Биылғы жылы бізде аңдардың 362 түрі бар. 4900 жуық бас бар. Негізінен 7 бөлімге бөлінеді. Олар: жыртқыш аңдар, құстар, экзотикалық құстар, приматтар бөлімі, тұяқтылар бөлімі, аквариум, экзотариум. Зоопаркте 273 адам жұмыс жасайды. Оның 70%-ы жұмысшылар. Олар аңдарға қарайтын киперлер, құрылысшылар, аула тазалаушылар».
Айта кетейік, осы жылы саябаққа көптен күткен франциялық сусамырлар жеткізілген. Олар күніне 35-40 келі тамақпен қоректенеді. Былтыр аңдардың 21 түрінен 71 бас төл алынса, биыл осы айтылған 365 аңдардың 35-нен 97 төл алынған. Сонымен қатар, хайуанаттар бағында 4 көлшік бар. Оларға биыл күзде арнайы су тазартатын қондырғылар орнатылған. Мамыр айының басында суға 3000 жуық майшабақ жіберілген. Олар 2 жылдың ішінде 35 см дейін жететін болады. Салмақтары 500-700 гр аралығында болмақ. Бұл майшабақтар ақ аюларды, пеликандарды және жыртқыш құстарды қоректендіруге қолайлы болмақ. Саябаққа кіру құны – ересектерге - 800 теңге, 7-12 жас аралығындағы балаларға – 300 теңге. Қазіргі уақытқа дейін саябаққа 750 мың адам келген. Келушілер қатарында туристер де жетерлік.
РЕСЕЙЛІК ТУРИСТ: «Сәлеметсіздер ме! Біз Ресей мемлекетінің азаматтарымыз. Біз Алматының әсем табиғаты мен оның үлкен хайуанаттар бағын көру үшін, Дубай қаласынан келдік. Мен көптеген хайуанаттар бағында болдым. Бұл жер Ресейдегі саябақтарға ұқсайды. Сондай әдемі әрі үлкен. Алдағы уақытта, тағы да жануарлар түрін көбейтуге болады деп ойлаймын. Осы орайда тур ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз. Солардың арқасында саяхаттап, көрмеген ғажайыптарды көрудеміз».
«ULUSH TRAVEL» ТУР-АГЕНТТІКТІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Сәлеметсіздер ме! Біз Қырғызтан мемлекетінің «ULUSH TRAVEL» компаниясының қызметкерлеріміз. Біз бұл хайуанаттар бағына жиі туристерді алып-келіп тұрамыз, себебі оларға бұл жер қатты ұнайды»
Еске сала кетейік, бүгін саябақта «Қарбыз науқаны» басталды! Енді, саябаққа кірерде билет орнына дарбыз өткізіп, өзіңіз таңдаған жануарды қоректендіре аласыз. Науқан – 10 қыркүйекке дейін жалғасады.
КҮЛЗИНАТ КӘДІРБАЕВА ДЕМАЛУШЫ: «Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Мынау сабақтан алдын барлық балдарымыз, қыздарымыз зоопаркке келіп, тамашалап, көңілдерін көтеріп. Енді, құдай қаласа 9 ай оқимыз деп, мына осы зоопарктен дер кезінде қанша жәндіктерді тамақтандырып, осыны қыста жауратпай, жазда ыстықтатпай өстіп бағып отқан азамат, азаматшаларға мың да бір рақмет!»
МАЛИКА ЖАЛҒАСБАЕВА ДЕМАЛУШЫ: «Біз Қызылорда қаласынан, Алматы қаласына қонаққа келген болатынбыз. Зообаққа келдік. Өте керемет іші. Ерекше жануарлар бар екен. Біз көрмеген. Біз Шымкентте көргенбіз. Бірақ, ояқта жоқ жануарлар да бар екен. Бізге ұнады. Әсіресе, балаларға. Керемет! Келулеріңізге кеңес беремін».
Келесі жылдан бастап, саябақта 4 гектар жер көлемін алатын ауқымды құрылыс жұмысы басталмақ. Жоба жоспары бойынша, арнайы аңдарға арналған жылыжайлар мен ас дайындайтын бөлім салынбақ. Сметалық жобаның құжаттары аяқталса, жұмысшылар келесі жылдан бастап іске кіріспек.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 399 рет қаралды
"https://www.youtube.com/embed/1h9oQXX5LlU?si=67UsjtVs3qCYkiB8"
Қызылорда облысындағы 55 те 47 әскери бөлімінің жас сарбаздары жауынгерлік қызметке кірісті. Енді олар қоғам тыныштығын бақылап, күнделікті кешқұрым қала аумағындағы төрт ауданды күзетеді.
Бұл сарбаздар жақында ғана әскери курстан өтіп, бөлімнің тыныс-тіршілігімен таныcқан. Әскери өмірге енді ғана бейімделген 70-тен астам жас жауынгер міне алғаш рет қызметке кірісті. Оларға арнайы оқу-жаттығу өткізіліп, жадынамалар таратылды. Сәйкесінше тапсырмалар жүктелді.
АБЫЛАЙХАН ТҰРСЫНБАЕВ – ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ 55/47 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ БАТАЛЬОН КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«1-023 шақырылымдағы сарбаздар алғашқы жауынгерлік қызметке түсуі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жауынгерлік қызметке түсу барысында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға және оны болдырмау ең басты біздің міндет болып табылады».
Енді жас сарбаздар, Қызылорда қаласындағы 4 шағын аудан, атап айтқанда «Мерей» және «Универсам» мөлтек аудандары мен орталық және тағзым алаңдарында қоғам тыныштығын бақылайтын болады.
ЗАМАНБЕК ҚҰСАЙЫНОВ - ЖАС САРБАЗ:
«Қызылорда қаласының қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі қызметімізге алғашқы рет түсіп отырмыз. Қызылорда қаласының тұрғындары және де командирлер мен ата-аналарымыз бізге үлкен сенім артып отыр. Командирлердің бұйрықтарын бұлжытпай орындауға, алдағы қызметтердің үздігі болуға уәде береміз. Тәртіп пен құқық бұзушылықтың алдын алып отырсақ, бұл Қазақстан Республикасының көркеюі мен нығаюына үлкен себеп болады».
Қоғам тыныштығы мен қала тәртібін сақтауда Ұлттық ұлан сарбаздарының атқарар міндеті зор. Темірдей тәртіпті сақтайтын жауынгерлер енді күн-түн демей, кірпік қақпай қызмет етеді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 414 рет қаралды
"https://www.youtube.com/embed/OuPTaFWoIrs?si=DhU9OoZ3bjXSBzSW"
Кәсіп түбі - нәсіп. 15 жылдан аса уақыт дәрігер болған ерлі-зайыпты қазір ешкі бағып, шаруашылығын дөңгелетіп отыр. Қожахановтар отбасы асыл тұқымды ешкі сауып, сүтін сатып берекелері артқан. Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
«Қойдың сүті - қорғасын, ешкі сүті - ем». Ғұмырының біраз жылын денсаулық сақтау саласына арнаған Қожахановтар отбасы 2019 жылы «Galamilk» ешкі фермасын ашқан. Бұған дейін отағасы Ғалымжан - кардиохирург болса, жұбайы педиатр, фармацевт болып қызмет етіпті. Ал қазір: әуелде 10 ешкімен басталған кәсібіміз оңға басып, малдың саны 150 басқа жетті – деп қуанып отыр.
ЖҰЛДЫЗ ҚОЖАХАНОВА - «GALAMILK» ФЕРМАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Кәсіпорын - маусымға байланысты айына 10 мың литрге дейін сүт өңдейді. Технолог-дәрігерлермен бірлесіп, айран, йогурт, қаймақ, кілегей, ірімшік сынды 10 түрлі өнім шығарады. Айта кетейік, Заанен тұқымына жататын сүтті ешкілерді бағып, өнімін өңдеумен 10 адам айналысады.
ЕРБОЛ МАУПАСОВ - «GALAMILK» ФЕРМАСЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ
Ал сүттің сапасын, дәмін сақтау үшін ешкілерге жоңышқа, өскін бидай сабақтары, жем, жүгері, арпа және сұлы дәрумендермен араластырылып беріледі. Шаруашылық иелерінің сөзінше, әуелде ешкілердің әрқайсысын 350 мың теңгеден сатып алған. Кейін өздері төлдеткен. Жаңа төлдегендер мен ерте туған лақтар сауындылардан бөлек бағылады екен.
ШЫНАРГҮЛ БОРАНБАЕВА — САУЫНШЫ
Кәсіпкерлер алдағы уақытта шаруашылығын кеңейтуді жоспарлап отыр. Ал сауынды ешкілердің санын 500-ге жеткізсек деген ойы бар.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 477 рет қаралды
"https://www.youtube.com/embed/fAW1cbo7Af8?si=mI3ZsJxjaymolECm"
Полиция ескертеді! Билік өкіліне қол жұмсап, қарсылық көрсеткендер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Биыл полицейлерге жұдырық жұмсаған 19 адам түрмеде отыр. Айталық, жыл басынан бері билік өкіліне қарсы күш қолданудың 146 фактісі тіркеліп, 109 адам түрлі жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Азамат Құрымбаев айтты.
АЗАМАТ ҚҰРЫМБАЕВ ҚР ІІМ ӘПК БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Ішкі істер органдарының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында өз өмірлерін қауіпке тігіп, аянбай қызмет етеді. Осыған байланысты полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды, оларға жұмыс барысында кедергі келтірмеуді сұраймыз. Бұндай әрекеттерге жол берген жағдайда қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз. Жаза ірі айыппұлдан 7 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыруды көздейді».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 403 рет қаралды
"https://www.youtube.com/embed/cs93F4qR7Ko?si=HDr3XJI6Z4gmuNBd"
Алматыда 25 тамызда сағат 01:36-да Жетісу ауданы, Сүйінбай даңғылы, 50 мекенжайы бойынша қоймалардың бірінде өрт шықты. Алғашқы бөлімшелер сағат 01:44-те оқиға орнына жеткенде, ангар типті қойманы ашық жалынның 295 шаршы метрін шарпығанын анықтады. Жоғары қызу әсерінен қойманың металл қаптамасы бүгіліп, өрттің көрші қоймаларға өту қаупі туындады.Тілсіз жау орын алған жерде өрт сөндірудің екі учаскесі құрылып,апатты ауыздықтау, және басқа қоймаларды қорғап, салқындату үшін қол және лафеттік оқпандар енгізілді. Ақпаратқа сәйкес қоймада құрылыс материалдары – ламинат болған.Нысанды электр қуатынан арнайы қызметкерлер ажыратып,өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеді. Өрт сағат 02:21-де 37 минут ішінде ауыздықталып, таңғы 04:40-та толықтай сөндірді.Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары 60 адам және 16 бірлік техника жұмылдырылды. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан сабыр сақтап, маска тағуды сұрады.
АРМАН МӘКЕНОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖЕТІСУ АУДАНЫ ТЖБ БАСТЫҒЫ: «Өрттің салдары өмір мен денсаулыққа қауіп төндірмейді.Осыған байланысты сабырлы болуды және бетперде тағуды сұраймыз. Тыныс алу органдары аурулары бар адамдарға және қарт адамдарға, әсіресе өрт болған жерге жақын тұратын тұрғындарға үйден шықпауға кеңес беріледі».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 386 рет қаралды
"https://www.youtube.com/embed/xuzjxHAIa4I?si=1TfN_rLGynMGsd68"
Елде жылдың жеті айында 7 мыңға жуық жол көлік оқиғасы тіркелді. Оның 730-ы қала сыртындағы трассаларда жылдамдық режимін сақтамаудан болған. Сондықтан Ішкі Істер министрлігі, «ҚазАвтоЖол»-мен бірлесіп, жылдамдық режимін асырған автокөліктерді тіркеу үшін камераларды іске қосты. “ZEREK-2” Қонаев-Талдықорған автожолына да қойылды. Мұнан бөлек, бұл камералар Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Өзбекстан шекарасы, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Астана – Павлодар автожолдарында жұмыс жасайды.
АҚТОТЫ БОРАНОВА ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 373 рет қаралды
"https://www.youtube.com/embed/SByd5N8gnw0?si=kwlMVW8EgbqpK7Px"
Маусым айынан бастап Ақмола облысы Егіндікөл ауданында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Жақында шамалап болса да су берілген. Бірақ, жұртшылықтың қуанышы көпке созылған жоқ. Соңғы екі апта бойы тіршілік нәрі мүлде тоқтаған.
Нұра топтық су құбыры 24 елдімекенді сумен қамтамасыз етеді. Тіршілік нәріне тәуелді халық саны 14 жарым мыңнан асады. Аудан тұрғындарын аталмыш мәселе бірнеше ай бойы мазаларын қашырған.Соңғы екі апта бойы бірнеше ауыл тұрғындары сусыз өмір сүруге мәжбүр.
ЛАРИСА ШЕВЦОВА ЕГІНДІКӨЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Бір айда жағдай өзгерген жоқ. Тіпті керісінше одан да нашар болып кетті. Бұған дейін жақын маңдағы елді мекендерден суды әкелуге болатын болса, қазір алыс жаққа барып алуға мәжбүр».
Аудан әкімдігінің мәліметінше, су құбыры 90 пайызға тозған. Сондықтан жиі істен шығады. Жыл басынан бері су құбырында 80-ге жуық апат орын алыпты, ал жеке учаскелерде су шығыны 70-80 пайызға жеткен. Су ресурстары комитетінің өкілдері мәселені шешу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеп жатқанымен, кешігу бар. Тіршілік нәрі келесі жылы бірақ берілуі мүмкін.
ЮЛИЯ КУЧИНСКАЯ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Менің ойымша, бұл жағдай тек ауданның, өңірдің емес, елімізде орын алып жатқан проблема. Мәселе, сәуір айында пайда болған жоқ. Ең қорқыныштысы әлеуметтік нысандар да осындай жағдайда».
Бұл мәселе Парламент Мәжілісі мен "AMANAT" партиясының бақылауында. Депутаттар проблеманы тағы көтеріп, шешу жолдарын талқыламақ.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 386 рет қаралды
"https://www.youtube.com/embed/uicVF1REtlg?si=BjZGljgBhPydhPzF"
Маңғыстау облысы бойынша банкрот деп тануға 2426 адам арыз берген. Бірақ мемлекет олардың барлығын бірдей «банкрот» деп таныған жоқ. Тек қаралған істің 262 -сі соттан тыс банкрот деп танылған. Олардың жалпы қарызы 538 млн теңгеден асады. Арыз бергендердің 32-нің ісі әлі де қаралып жатыр. Ал талапқа сай келмеген 2093 борышкердің өтінімі мақұлданбаған. Негізгі себеп несие тарихының талаптарға сай болмауы.
БАЗАРБЕК БАЙМАҒАНБЕТОВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Сонымен қатар облыс бойынша 11 жеке тұлға сот бакнроттығы рәсімін қолдану үшін сотқа береген. Соның ішінде 1 жеке тұлғаға қатысты банкроттық рәсімін қолдану туралы арызы сот өндірісіне қабылданып, азаматтық іс қозғалды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 385 рет қаралды
"https://www.youtube.com/embed/30FKX8eCsLg?si=Y0CCgHjPYXZf9hiW"
Ұлттық банк "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы бойынша қаржыландыруды тоқтатады. Себебі, банкке тиімсіз. Бұл туралы банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты.
ҒАЛЫМЖАН ПІРМАТОВ ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ: «Ұлттық банк экономикалық қызметке қатыспайды – біз салық алмаймыз, кіріс кірмейді, алым алмаймыз. Біз тек теңге шығара аламыз, ал қосымша теңгенің әрбір шығарылымы болашақта инфляцияға әсер етеді. Сонлдықтан, Ұлттық банктің экономиканы қолдаудың барлық бағдарламаларынан бас тартуы дұрыс болар еді деп есептейміз. «Қарапайым заттардың экономикасы» және «7-20-25» бар, олардан тезірек шығуды жоспарлап отырмыз».
Айта кетсек, бүгін баспасөз мәслихатын өткізген Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5 пайызға дейін төмендеткенін айтты. Банк басшысынан журналистер базалық мөлшерлеме тағы төмендей ме деп сұраған еді, алайда төраға оған үміттенуге әлі ерте деді. Ал, бағаның өсуін Ғалымжан Пірматов Ресейдегі инфляциямен байланыстырып отыр.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 396 рет қаралды
"https://www.youtube.com/embed/7SYj6KvJKGM?si=ohk3KxmeKpvv41_q"
Оқушылар мен ата-аналар үшін жағымды жаңалық. Биыл оқу жылы дәстүрлі форматтағыдай 25 мамырда аяқталатын болды. Алайда, бұл қуаныш ұзаққа созылмайды. 2025 жылдан кейін оқу жылы қайта ұзарады. Бұл туралы бүгін тамыз кеңесінде сөз сөйлеген Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова айтты. Одан өзге жаңа оқу жылында қандай жаңашылдықтар болады? Ол жайлы толығырақ алдағы бейнесюжетте.
Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова келтірген дерекке сенсек, жыл санап мұғалім мамандығын таңдайтын түлектер саны артып келеді. Биыл мемлекеттік грантқа үміткерлердің әрбір төртіншісі және 1,5 мыңнан астам «Алтын белгі» иегерлері педагогикалық мамандықты таңдаған. Оны бір жағынан жоғары степендия, екінші жағынан «мұғалім мәртебесінің» артуымен байланыстыруға болады. Айтпақшы, енді мектепке мұғалімдік жұмысқа кіру толық автоматтандырылады. Мақсат: жемқорлықты жою.
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ: «Енді мұғалімнің қызметі туралы барлық ақпарат өзінің жеке кабинетінде жинақталатын болады. Жаңа оқу жылынан бастап педагогика жаңа оқыту әдістемесі бойынша тестілеу алынып тасталады. Мұғалім тек өзі сабақ беретін пәні бойынша ғана тестілеуден өтетін болады. Болашақта педагог пен педагог-зерттеуші тәртібін беру бойынша пысықталады».
Биыл жаңа оқу жылында барлық мектептерде Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылады. Бұл құжат ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған. Осы жоба аясында полицейлер мен құтқарушылар оқушыларға сабақ береді. Айтпақшы, басты жаңалық оқу жылы 25 мамырда аяқталады.
ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ - ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ: «Сөз соңында оқу жылының 36 аптаға дейін ұзартылуына қатысты өз пікірімді білдірсем деймін. Бұл мәселеге қатысты қоғамда сын көп болып, педагогтар қауымдастығы тарапынан ұсыныстар болды. Бұл әлемдік тәжірибе екендігін мойындауымыз қажет. Дегенмен, мұндай жаңашылдықты енгізген кезде барынша тыңғылықты дайындық қажет етіледі. Министрліктің шешімі дұрыс болды деп санаймын. Бірақ, асығыстық болды. Осыған орай осы оқу жылында 34 апталық оқу ұзақтығына оралып, сабақты 25 мамырда аяқтау дұрыс деп есептеймін».
Орта білім беру мазмұнын одан әрі жетілдіру жұмыстары жалғаса береді деді жауапты министр. Биыл осы мақсатта оқулықтардың 80 пайызы цифрлық форматқа көшрілген. Алдағы жылдары барлық оқулық 100 пайыз цифрландырылады. Бұл заман талабы деді Ғани Бейсембаев.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 377 рет қаралды
"https://www.youtube.com/embed/v1D5FX0xT6E?si=BwudgSo7DDQXxRrE"
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді.
«Құрметті қонақты елорда әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Сапар аясында Президенттер жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізеді және Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтетін шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 377 рет қаралды
https://www.youtube.com/watch?v=iql8Rb8HxOc
Тағы басқа мақалалар...
191 ішінен 194 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.