- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 596
https://www.youtube.com/embed/6E5ODnvrPBs?si=QX9ShMBR3bmX1XHS"
Батыс Қазақстан мен Атырау облысына су тасқыны кесірін тигізссе, Маңғыстауда Атамекен ауылындағы мыңнан аса үйді жер асты суы алып жатыр. Кәдімгі жер түбіндегі көзден көтеріліген ылғал үйдің ішіне кіріп, құдық пен сырттағы дәретханаларды толтырып тастаған. Жаңбыр жауған күндері төбеден түскен жауын мен жер астының суы тоғысып, көше мен аула лық толады екен. 2016-шы жылдан бері шешімін таппаған мәселені жергілікті билік білетін көрінеді. Бірақ, нәтижие жоқ.
Бұл Ниязбай Отарбаевтың ауласындағы көрініс. Құдықтың сиқы мынау, лас суға лық толы. Аулаға жиналған жер асты суының деңгейі балтырдан келеді. Зейнеткер қазір баспанасын тастап, қалада пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Себебі ылғал, үйдің ішіне өтіп кеткен. Бірнеше мәрте су сору көлігін шақыртқанымен пайдасы болмаған.
НИЯЗБАЙ ОТАРБАЕВ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН:
«Ішіне тұру мүмкін емес. Ылғал, сырост, адам ауру табады мынаның ішінен. Қазір полдан су көтеріліп жатыр. Мен кеттім бұл жерден. Не істей аламын? 2008 де осы үйді салдыққо. 5-6 жыл болды кеткеніме. Үйді келіп қарап тұрамын. Хабар алып тұрамын».
Бұл төртінші сәбиін босануға ай күні жетіп отырған Мөлдір Жылданбаеваның баспанасы. Үйдің іші сыз тартып, қабырғалары сөгіліп тұр. Барар жері, басар тауы болмағандықтан осы үйде тұруға мәжбүр. Мөлдір үш баланың анасы. Кішкентайларын аула ішіне ойнауға жібере алмаймын, - дейді ол. Себебі ойын баласы суға құлап кетема деп алаңдап, көзден таса қалдырмай бағып отыр.
МӨЛДІР ЖЫЛДАНБАЕВА ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН: «Ай сайын су басады үйді. Анау бөлме толы су. Мына полымыз түсіп жатыр. Ағашты бетіне қойдық. Кателды цементпен бітедік. Суды сатып аламыз. Құдығымыз былғанып кетті. Балдар ойнай алмайды есік алдына»
Ал мынау ауылдағы мектептің маңы. Айналасы батпақ болып кеткен. Қамыс өсіп, шыбын-шіркейлер жиналған. Тұрғындар осы жер асты суы ауладағы құдық пен әжетханаға дейін өтіп кеткенін айтады.
ТАҚТАГҮЛ ӨТЕМҰРАТОВА ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН: «Үйде су шығып жатыр, су. Полдың асты су, аула су, туалетке адамдар бара алмайды. Сол үшін біз көмек сұраймыз. Телевидениені шақырып жатырмыз. Біздің жан айқайымызды естісін деген үміттеміз. Бізге көмек керек. Бізге канализация керек. Бізге дренажный система керек».
ЖОЛЖІГІТ ИМАШЕВ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН: «Ішер суды амал жоқ, бізде былай. Мына орталықтан келетін құдық бар, сулар келетін. Ол күніне 2-3 сағат су береді. Біз оны өзіміздің есік алдындағы құдығымызға құйып аламыз. Одан кейін біз пайдаланамыз. Бірақ, біздің құдықтарымыздың ішіне сол жер асты суымен қосылып, туалеттің, септиктің сулары қосылып, бетімен бірдей болып толып тұр. Бұдан өте үлкен аурулар тарайды. Бізле сол суды ішуден басқа амалымыз жоқ. Сондай суды ішуге мәжбүрміз».
Айтулы мәселеге жауапты аудан әкімінің орынбасары Нұрхан Мұстафаевпен сұхбаттастық. Айтуынша бұл жағдай күн тәртібінен түспей тұрған басты проблемалардың бірі екен. Кәріз бен су ағар жүйесін салу үшін мемлекеттік сараптама қорытындысын күтіп отырғандарын айтты.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 514
https://www.youtube.com/embed/2dYCPt0MTU4?si=1IEHOFRkd0vT6b6t"
Терроризм идеясын насихаттады деген күдікпен Батыс Қазақстан облысының тұрғыны ұсталды. Ұстау операциясына арнайы прокуратура органдарының мамандары мен жергілікті полиция өкілдері де қатысты. Күдікті бұрын ауыр жалпы қылмыстар жасағаны үшін сотталған азамат болып шықты. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу кезінде заттай дәлелдемелер алынды. Егер қылмысы дәлелденсе, жеті жылдан он екі жылға дейiн бас бостандығынан айырылады деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 502
https://www.youtube.com/embed/1ovL5EB-bOo?si=9JYg1Kc3NidfRLFL"
Қызылорда өңірінде жедел құтқару жасағының кинологиялық есеп топтары арасында 2024 жылғы 22-23 мамыр аралығында сертификациялық сынақ өткізілуде. Сынаққа 3 кинологиялық есеп 4 құтқарушы ит қатыстырылды.
Жеті қазынаның бірі саналатын ит – адамның ақылды досы қызметте – жолдасы. Иттің иіс сезу қабілеті адамға қарағанда он мың есе артық, ал есту қабілеті 10 есе жоғары. Сынақтың алғашқы күні голден редривер тұқымдас «Коди», неміс овчаркасы «Спартак» және бельгиялық овчарка «Яра» және «Рапита» лақап атты қызметтік иттер тіл алу және шапшаңдылығын тексеру кезеңі бойынша сынаққа түсті.Аталған шараға Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі арнайы қатысып, кинологтарға сәттілік тіледі.
НҰРСҰЛТАН ИБРАГИМОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Екі күнге жалғасатын шарада қызметтік иттер табиғи ортада және техногендік ортада қираған ғимараттар мен құрылыстар үйінділері ортасында іздестіру-құтқару кезеңдері бойынша тапсырмаларды орындайды. Сынақ соңында міндеттерді мінсіз жүзеге асырған кинологиялық есептопқа сертификаттар табысталады. Осылайша құтқарушы иттер төтенше жағдай кезіндегі кез-келген іздестіру-құтқару операцияларына қатысып, адам өміріне араша түсуге мүмкіндік алады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 616
https://www.youtube.com/embed/b3sIkmliRLs?si=H5EWFw81YakEqpY9"
Елімізде жұмыссыз жүрген әйелдер көп. Осылай деп дабыл қаққан сенаторлар әйелдерді қолдау орталықтарын шұғыл ашу керек деп санайды. Онда бүгінге қажетті мамандықтар оқытылып, жеке кәсіпке баулу қажет деді.
НҰРТӨРЕ ЖҮСІП ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«90-жылдардың басындағы ауыртпалық аналардың иығына артылды. Алақап арқалап, базарға шықты. Отбасын асыраушы әйелдер көбейді. Статистикалық деректерге сәйкес бүгінгі таңда елімізде жұмыссыздар саны 452 069 адамды құрайтын болса, олардың 242 173-і әйелдер екен. Яғни жұмыссыздардың тең жартысы әйелдер қауымы. Бұл дерек үкіметті ойландыра ма? Әйгілі Маргерет Течердің істі талқылағыңыз келсе, ер адамға жүзеге асырғыңыз келсе әйел адамға барыңыз деген сөзі бар. Осы сөз қазіргі қазақтыңіскер қыздарына қарата айтылғандай көрінеді маған».
Айтпақшы бүгін Сенат депутаттары Мәжілістен келген кредитке қатысты өзгеріс енген құжатты қарады. Бұл заң бойынша енді жұбайының рұқсаты болмаса, несие берілмейді. Жоғары палата депутаттары бұл норманы мың айлық есептік көрсеткіш деп белгілеп отыр. Ол 3 млн 700 теңге. Осы сомадан артық кредит аламын десеңіз, міндетті түрде енді екінші жартыңыздан рұқсат керек болады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 485
https://www.youtube.com/embed/pYAJmMoqqNY?si=ISJTjMlkGrSpIo2K"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Республикасына жұмыс сапарымен барды.Онда Қазақстан Президенті бір қатар кездесулер өткізіп,келіссөздер жүргізді.
Сингапурға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты «Istаna» сарайында Президент Тарман Шанмугаратнам күтіп алды.Келіссөздердің алдында ресми қарсы алу рәсімі өтті. Қазақстан мен Сингапурдың мемлекеттік әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылы ротасының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тарман Шанмугаратнам бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Мемлекет басшысы Президент сарайындағы Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ делегациясына сый-құрмет көрсеткені үшін алғыс айтып, бұл 20 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан Президентінің Сингапурға жасаған бірінші сапары екенін атап өтті. Сондай-ақ 1970-жылдары Кеңес одағының дипломаты ретінде қызмет еткендіктен, бұл елді өте жақсы білетінін және араға уақыт салып мұнда Қазақстан Президенті ретінде қайта келгеніне қуанышты екенін жеткізді.Өз кезегінде Президент Тарман Шанмугаратнам екі ел арасындағы қарым-қатынастың даму динамикасына жоғары баға берді. Қасым-Жомарт Тоқаев сапары барысында Сингапур Премьер-министрі Лоуренс Вонгпен кездесті.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Сингапурдың Премьер-министрі лауазымына тағайындалған Лоуренс Вонгты құттықтап, оның жаңа мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Мемлекет басшысы Сингапур Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы стратегиялық серіктесі екенін атап өтіп, екі ел арасындағы көпжылдық ықпалдастыққа жоғары баға берді. Қазақстан Президенті Сингапурдың өте қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ бұл елдің әлемдік экономикада жетекші орын алатынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Сингапурға алғашқы мемлекеттік сапары екіжақты қатынастарға тың серпін беретініне сенім білдіріп, ол үшін қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.Тараптар Қазақстан мен Сингапурдың іскер топтары арасындағы байланыстарды кеңейту үшін күш-жігер біріктіруге уағдаласты. Мемлекет басшысы екі елдің көпжоспарлы әріптестігін нығайтуға септігін тигізетін Үкіметаралық комиссия құруды ұсынды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Лоуренс Вонгты Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапур Республикасына мемлекеттік сапары аясында мынадай мемлекетаралық және ведомствоаралық құжаттарға қол қойылды:
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 554
https://www.youtube.com/embed/jyMMi03caK8?si=CPuJtjeKsAsY4IYl"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 601
https://www.youtube.com/embed/6NHxlD6-hbg?si=6cdW9DCahAu-Jxsj"
Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған «Жошы ұлысы: тарихы, мұрасы және тағлымы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.Әлемге Алтын Орда атымен танымал Жошы ұлысы XIII ғасырдағы Шыңғысхан империясының төрт бөлінісінің ішінде ең ұзақ өмір сүрген мемлекет. Қазақ этногенезі мен қазақ жеріндегі политогенез үдерістері Жошы ұлысымен тығыз байланысты. Оның құрамында қазақ этносының негізгі бөлігінің қалыптасуы аяқталды, болашақ Қазақ хандығының саяси институттары, мемлекеттік идеологиясы айқындалды.
ХАНКЕЛДІ ӘБЖАНОВ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ ПРОФЕССОРЫ
Алтын Орданың ыдырауы тарих төріне ортағасырлық ұлттық мемлекетіміз – Қазақ хандығының шығуына әкелді. Сондықтан қазақ халқы осы мемлекеттің тікелей мұрагерлерінің бірі екенін мақтанышпен айтуда. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына шетелдердің және Қазақстанның белгілі ғалымдары, Алматы мен басқа да республикалық ЖОО оқытушылары қатысып, аталған мәселе бойынша өз көзқарастары мен ойларын ортаға салды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 574
https://www.youtube.com/embed/1o8e6xdg-lU?si=-UoUli-b-QlNNXho"
Бұдан былай елімізде вандализмге қатысты жаза қатаяды. Мүлікті қиратып, сындырғандар түрмеге қамалуы мүмкін. Ал, көшеде қоқыс тастағандар екі есе айыппұл төлейді. Белгіленбеген жерге коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін 10 АЕК айыппұл салынады. Ол 36 920 теңге. Бұдан басқа бүгін Мәжіліс спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері туралы заңды қарады.
Қазақы асыл тұқымды жылқылар жойылу алдында тұр. Мәжілісмендер осылай деп дабыл қақты. Бүгінде Қостанай жылқы тұқымының ресми тіркелген саны 270 бастан аспайды, ал Адай жылқы тұқымының 1300 басы ғана қалған. Сондықтан, отандық спорт бағытындағы жылқы тұқымын қалпына келтіру аса маңызды.
АЙДАРБЕК ҚОЖАНАЗАРОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«2014 жылы тұқымды дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау тоқтатылғаннан кейін қостанай жылқыларының саны күрт азайып, жойылу алдында тұр. Бұл жағдай ұлттық ат спорты түрлерін дамытудың негізгі тежеуші факторларының бірі болып отыр. Осыған байланысты Парламент депутаттары отандық жылқы тұқымын сақтау мен өсімін молайтуға бағытталған Заң жобасын әзірлеу туралы шешім қабылдады».
Тұлпарды армен де заңмен де қорғау керек. Өйткені жылқы шаруашылығын дамыту қасиетті ана тіліміздің дамуына да себепші. Жылқы – қазақтың ұлттық бренді деген депутат Аманжол Әлтаев асыл тұқымды жылқы өсірушілерді мемлекет қамқорлығына алып, оларға субсидия беру керек дейді.
АМАНЖОЛ ӘЛТАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Атам қазақ ұл туса, өмірге атқа мінер келді деп қуанған. Бүгінгідей телефонға телмірген күрделі кезеңде балаларды атқа баулу маңызды іс. Ондай бала қайратты, білекті болып өседі. Егдеше, атаулы заң жылқы шаруашылығын дамытуда ұрпақ болашағы үшін де қажет»
Ал, енді бір мәжілісмен асыл тұқымды қой шаруашылығын дамытуға деп құрылған палата жұмысын сынады.
АНАС БАҚҚОЖАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«17 палата жұмыс істеп жатыр. Олардың барлығын танимыз. Ащы болса да айтайын. Асыл тұқымды қойды 17 бағытқа бөліп алғаннан не шықты. Еш нәтиже жоқ. Бұлар тек «асыл тұқымды» деген қағаз берумен шектеледі».
Сонымен депутаттар спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері туралы заңды қабылдады. Одан бөлек, бүгін Мәжілісте вандализм бұзақылыққа қатысты заңды екінші оқылымда мақұлдады. Жаңа құжат бойынша енді мүлікті қиратып, сындырғандар түрмеге қамалады. Ол әкімшілік емес, қылмыстық жазаға ауысты. Ал, көшеде қоқыс тастағандар екі есе айыппұл төлейді. Белгіленбеген жерге коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін 10 АЕК айыппұл салынады. Ол 36 920 теңге. Асылы, ереже бұзбай, заңға бағынып жүрген жөн.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 711
https://www.youtube.com/embed/rB6DS1EFDTY?si=z-0yG7aph0Zn85db"
Астаналық оқушы Ақан көпшіліктің аузында. Ол 5 жасар баланы құтқарып қалды. Ерлік емей немене? Мына видеоны жүрек елжіремей көру мүмкін емес. Бүлдіршін елордалық тұрғын үй кешенінің бірінде 4-ші қабатта балконда салбырап тұрған. Балақайды көрген Ақан ерлік танытып бірден жүгіріп барып, сәбиді құтқарып қалады. Міне, ғажап! Астана әкімі де бұл жаңалықтан хабардар. Жас батырды қабылдап, оған 1 млн теңге тарту етті. Ақанның ісі көпке үлгі.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 564
https://www.youtube.com/embed/DC-jl74mhxc?si=LR8q5jVFdbqRnvca"
Белгілі олигарх Қайрат Боранбаевқа қатысты іс әлі тергеліп жатыр. Ол бүгінге дейін мемлекет меншігіне 134 млрд теңге өтеген. Бұл туралы бүгін қаржы мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты. Оның айтуынша кәсіпкердің барлық активтері анықталып, мемлекеттік тіркеуге алынған. Алайда, бір нысанның құны қанша, ол жағын айта алмаймыз деді жауапты орган. Олигарх Қайрат Боранбаев бюджет қаражатын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген еді. Еске сала кетейік, бұған дейін кәсіпкедің арызы қанағаттандырылып, түрмеден босатылып, пробациялық бақылауға алынған болатын.
ЖЕҢІС ЕЛЕМЕСОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Ол сотталған негізгі қылмыстық іс бойынша 14,5 млрд теңге көлемінде шығын өтелді, сонымен қатар ол 120 млрд теңгеге жуық соманы өз еркімен өтеп берді. Жалпы сомасы 134 млрд теңге. Бүгінге дейін өтеп берген сома туралы айтып отырмын. Бірақ қылмыстық іс әлі аяқталған жоқ, тергеу жүріп жатыр, тағы басқа өтемақы болатын шығар».
Сондай-ақ, Қаржы мониторингі агенттігі Бишімбаевтар әулетінде заңсыз кірістер болса, тексеруге дайын екендіктерін ресми түрде мәлімдеді. Айта кетейік, желіде петиция жарияланып, оған халық қол қойып жатыр. Белсенділер бұл отбасының акцияларын тексеруді талап етеді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 510
https://www.youtube.com/embed/9yD3guhh7zs?si=QGUrsZK7C2_-qo81"
«Су тасқыны көктемгі егіс науқаны барысына әсер етпейді» - бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев мәлімдеді. Қазір су астында шамамен 1 200 га жер жатыр.
Биыл теріскейде 4,5 млн га алқапқа дәнді дақыл егіледі деп жоспарланған. Оның 3,4 млн гектары – дәнді, 751 мыңы майлы, 379 мыңы жемшөп және 26,5 мың гектарына көкөніс отырғызылады. Тұқым мәселесінде тапшылық жоқ. Көктемгі егіс науқанын мерзімінде атқару үшін 12 мыңнан астам трактор, 14 мың астық сепкіш, бір жарым мың заманауи жоғары өнімді егіс кешендері, 5 мыңнан астам жүк көлігі тартылмақ. Шаруалар литрі 250 теңге болатын дизель отынымен қамтамасыз етілді. Жалпы облыстағы дала жұмысына 57 мың тоннадан астам дизель отыны қажет. Сондай-ақ, биыл ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау аясында 60,8 млрд теңге бөлінді. Оның 20 млрд теңгеден астамы өсімдік шаруашылығы саласын дамытуға жұмсалады.
МЕЙРАМ МЕҢДІБАЕВ СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Су тасқынының салдары өте ауыр болып кетті. Дегенмен шаруашылықта қиындық жоқ. Тұқымдар батқан жағдай жоқ. Техника 100 пайыз дайын. Көктемгі ауыл шаруашылығы жұмыстары басталып кетті. Бүгінде 955 мың гектар жерге дақыл егілді. Оның 250 мың гектары майлы дақылдар».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 524
https://www.youtube.com/embed/ANCtxtFZhhI?si=tcfgPsbArSdlxypb"
Еще материалы
Страница 96 из 240

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.