- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 357
https://www.youtube.com/embed/RPpKSU1hOks?si=iVrA5QHfLuqEPRfr"
Қыстың көзі қырауда бүрсең қаққан Риддер тұрғындары биыл қыста жылудан азап көрмейді. Бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Риддер Жылу электр орталығының дайындығын өзі тексерді. Жұмыстар кестеге сәйкес жүруде. Айта кетейік, бұл мекеме енді коммуналдық меншікке өтеді.
БАҚЫТЖАН БАЙАХМЕТОВ ШҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Бүгінде стансадағы 6 қазандықтың 2-уі іске қосылған. Жақын арада тағы біреуі іске қосылып, тұрғындар жылумен толық қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Сонымен қатар қалған агрегаттар мен қосалқы жабдықтарды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күн суытқан кезде жоғары қысымдағы қазандықтар іске қосылады. Халық биыл жылумен отырады. Жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр ма? Ия, кесетеге сәйкес, кестеден қалып жатқан жоқ».
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Өткен жылыту маусымында Риддер қаласының жылу орталығы апаттық жағдайда жұмыс жасады. Риддер қаласының халқы жылумен толық қамтамасыз етілмеді. Риддерде 50 мыңға жуық халық тұрады. Бұған бұрынғы қожайындардың стансаны жаңғырту мен жөндеу жұмыстарына қаражат салмағаны себеп болды. Осының барлығы ЖЭО-ның әбден тозуына әкеп соқты. Республикалық бюджеттен 8,4 млрд теңге бөлуге мәжбүр болдық. Облыс әкімдігі өз тарапынан 500 млн теңгеге жуық қаржы бөлді. Осы уақытқа дейін жөндеу жұмыстары тоқтаусыз жүргізілді. Алдағы жылыту маусымының дұрыс өтуі үшін олардың уақтылы аяқталуы маңызды. Мұны күні-түні қадағалап отыруымыз керек».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 394
https://www.youtube.com/embed/S8JZsTeDeLk?si=FwxNLbtS_fTgC207"
Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикада мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.
Ұстаздар күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі.Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 556 мың педагог еңбек етеді.Ұлағатты жандарды ұлықтауға арналған шара Алматы қаласындағы №179 мектептің қабырғасында да орын алды. Мерекеге білім ошағының гүлденуіне тер төге еңбек еткен ардагер ұстаздар да шақырылған.
ШАРА ИМАНБЕКОВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №179 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға». Бала ұядан не көрсе,ұшқанда соны іледі. Мектеп қабырғасында білім алып жатқан жастар жанжақты,өресі биік,өнерге жақын. Оқушылар мереке иелерінің құрметіне концерттік бағдарламаларын ұсынып,ұстаздарына деген ерекше құрметтерін көрсетті.
ЕРБОСЫН ТАҢДАНА ОҚУШЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 404
https://www.youtube.com/embed/fTBo-sGcU_g?si=lYJJgUtSkXwziLYm"
Бүгін Бангкок қаласының сән үйінде атыс болды. Оқиға Азиядағы ең ірі сауда дүкендердің бірі – Siam Paragon да қарбалас уақытта орын алған. Қаланы аралауға келген туристер атыс болған сәтті бейнежазбаға түсіріп үлгерген.
Атысты қара көйлек пен камуфляж шалбар киген 14 жастағы жасөспірім бастаған. Нәтижесінде 1 адам қаза тауып, 6 зардап шегуші ауруханаға жеткізілген. Полиция қызметкерлері мергенді оқиға орын алғаннан кейін шамамен 1 сағатта қолға түсірген. Жағдайдың неден болғаны әлі белгісіз.
ЗАХРА АЛИНЕЖАД ИРАННАН КЕЛГЕН ТУРИСТ: «Біз Burberry дүкенінде сауда жасап жүргенбіз. Бір адамдар бізге дереу жасырыну керектігін айтты. Басында не жағдай екенін түсінбедік. Кейін суық қарудың дауысын естідік. Дереу тығылып, дүкенде 3 сағат тығылып отырдық. Кейін бізді полиция қызметкерлері қауіпсіз жерге алып кетті».
Пандемияға дейін Тайландтағы шетелдік қонақтардың ең үлкен көзі Қытай болды. 2019 жылы елге рекорд жаңартып, 11 миллион қытай келген.
ДУН ПЭЙЦЗЯН ҚЫТАЙДАН КЕЛГЕН ТУРИСТ: «Иә, бұл Қытайдан келетін туризмге әсер етеді. Мен кеше Қытайдың бұл жер қауіпті болғандықтан, туристерге баруға кеңес бермейтіндерін естідім».
Тайланд Премьер-Министрі қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты. Ол сондай-ақ балалардың суық қару алуларына шектеу қою керектігін айтты.
СРЕТТА ТАВИСИН ТАЙЛАНД ПРИМЬЕР-МИНИСТРІ: «Бұл ұлттық полиция басқармасымен талқылануы керек мәселенің бірі. Қазір жастар қаруды онлайн сатып ала алады. Сондықтан біз олардың осы қауіпті нәрселерге қол жеткізуін көбірек шектеуіміз керек».
Айта кетейік, бүгін Тайландтың балалар орталығында болған қанды қырғынға 1 жыл толды. Оқиға кезінде полиция қызметкері балалар мен тәрбиешілерге пышақ алып жүгіріп, атыс қаруымен шабуыл жасаған. Оқиға кезінде 36 адам қаза тапты. Қаза тапқандардың деншілігі мектеп жасына дейінгі балалар болған еді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 365
https://www.youtube.com/embed/q-qN9qmFYaM?si=dXOZsdNJ5tbne2MP"
Болгария мемлекеті өзінің шаңғы трассаларымен, Қара теңіздегі құмды жағажайларымен және әсем астанасы Софиямен әйгілі. Сол себепті де, бұл елге келетін туристер қарасы да аз емес. Енді, соңғы болған пандемиядан кейін туризм индустриясы қайтадан қалыпты жағдайға оралуда.
РАШКОВ ТОМИСЛАВ ГИД: «София қаласының тарихи бөлігіне барғанда көз алдымызға әртүрлі дәуір кезеңдері елестейді. Қала осысымен ерекше әрі әдемі. Біз әлемдегі сирек орындардың бірі Толерант алаңына жақын орналасқанбыз. Бұл жерде мешіт, синагога, католик соборы және екі православие шіркеуі бар».
Шетелдік туристер көбінесе Румыния, Польша, Германия, Чехия және Ұлыбритания елдерінен көптеп келеді.
РУМЕН ДРАГАНОВ ТУРИЗМДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ИНСТИТУНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Жылына 30 миллион турист келетін Болгария мен Грецияны салыстыратын болсақ, онда осы санның үштен бірі осында келеді. Бұл көрсеткіш біздің еліміздің көлемі мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жақсы жұмыс істеп жатқанымызды білдіреді».
Туристердің көпшілігі Софияға тарихи, діни және мәдени көрікті жерлерді көру үшін келеді.
ВАНЕССА ДЭН ТАЙВАНЬНАН КЕЛГЕН ТУРИСТ: «Бұл жерде тек болгарлықтар өмір сүреді. Бірақ еуропалықтарға қатты ұқсайды. Менің ойымша, бұл жерде екі мәдениеттің араласуы бар. Бұл өте қызықты жайт».
РУМЕН ДРАГАНОВ ТУРИЗМДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ИНСТИТУНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Біздің елде кез-келген ұлт өкілдерін кездестіруге болады. Бұл біздің өзге еуропалық қалалардан өзгешелігіміз десек болады. Бізге алғаш рет келген туристарды осы нәрсе таң қалдырады. Бірақ, Софияның көшелерінде негізінен жергілікті тұрғындар мекендейді. Олар өте тату. Егер сіз саябақта болгарлар тобын кезіктіріп қалсаңыз, олармен өте қызықты кеш өткізуге болады».
Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесінің болжамдарына сәйкес, жыл соңына дейін Болгариядағы туристер саны 2019 жылғы көрсеткіштердің 75% жетеді. Бұл туризм секторы үшін «шың» деп саналады. Туризм кеңесінің мәліметінше, биыл өнеркәсіпте 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Ал сала қызметкерлерінің саны 287 мыңнан асады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 394
https://www.youtube.com/embed/HBkdMN4Fwho?si=BXT7ZN3NU7GWzffg"
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Білім беруді интернационализациялау: өзгермелі әлемдегі әлеуметтік-гумантарлық аспект: тәжірибе, мәселелер және шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік симпозиум өтті. Шараға Неаполь Л’Ориенталь университетінің ректоры Роберто Тоттоли бастаған делегация арнайы келді.Қос білім ошағы ортақ мүддені талқылап, маңызды келісімдерге келді.
ДУМАН ЖЕКЕНОВ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ
Симпозиум жұмысы барысында ғалымдар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Неаполь Л’Ориенталь университеті арасындағы халықаралық ынтымақтастық бағыттарын, сыртқы саясат пен дипломатияның өзекті сауалдарын, көп мәдениетті кеңістіктегі лингвистика, филология, әдебиеттану және аударма мәселелерін талқыға салды. Пленарлық отырыста пікір алмасу өтті және қарар қабылданды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 337
https://www.youtube.com/embed/CZiVwh3Ydhg?si=yAh3EijVf36FmTcs"
Мемлекеттік тілдегі контент 70 пайызға дейін артады. Енді теле, радиобағдарламалар 50 де 50 емес, 70 те 30 позициясы бойынша хабар тарататын болады. Себебі, қазақ тілді аудиторияның сұранысы артқан және бұған Қазақстан халқының 80 пайыздан астамы мемлекеттік тілді меңгергені себеп. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты. Одан бөлек, министр желіде тараған жалған ақпараттармен күрес үшін шет елдік плтаформалармен арнайы келіссөз жүргізіліп жатқанын жеткізді.
АИДА БАЛАЕВА ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ: Әлеуметтік желінің тәртібі бар. Жалған ақпарат тараса функция бар, жалған ақпарат оны таратпауға өтініш білдіру. Ол механизм жұмыс істемесе сотқа беруге болады. Біздің тарапымыздан шет елдік платформамен келіссөз жүргізіліп жатыр. Кейбіреулерімен келісім бар. Бұл заңның жүзеге асырылуы толық біздің бақылауымызда болады».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 380
https://www.youtube.com/embed/c4NVSX3Cimk?si=FNBgHMi82KLjKmQT"
Ақтаудағы шекара бөлімінде үшем қызмет етеді. Ағайындылардың есімдері - Ағарыс, Бекарыс және Жанарыс. Бір-бірінен аумайтын бозбалалар бір мектепте, кейін колледжде бірге оқыған. Әскерге де жұбы жазылмай барып, Отан алдындағы борышын Орал қаласында ұлттық ұлан сапында өтейді. Көп ұзамай келісімшарт негізіндегі әскери қызметке шақырту алған. Қазір ұлттық қауіпсіздік комитетінің жағалау күзетінде жүр.
Үшем сарбазды ажырату қиын. Ағайынды Зекеновтердің жүріс-тұрысы, тіптен мінез-құлқы да бірдей көрінеді. Әскери бөлім командирі психологиялық тестілеу нәтижелерінің де ұқсас болғанын айтып таңдай қағады. Десек те, бір айырмашылығы бар. Ақарыстың бойы сыңарларынан сәл ұзын. Бұл отбасыда тағы 3 бала тәрбие алған.
ЖАНАРЫС ЗЕКЕНОВ ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕР «Мен болам кішісі. Үшеуміз 2001 жылы туғанбыз Ақтау қаласында. Үйде 2 ағамыз, 1 қарындасымыз бар. «Су көлігін» пайданалу бойынша матрос оқығанымыз. Сол мамандықпен түскен жайымыз бар осы жаққа».
АҚАРЫС ЗЕКЕНОВ ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕР «Оралда армияда жүргенімізде үйге қайтуға 1 ай қалғанда осы жаққа шақырып алды. Басында білмедік. Үйдегілер айтты, осы жақ шақырып жатыр деп. Жалпы, әскери болу бала кезден арманымыз болды. Офицер болу. Шекараны күзетуге дайынбыз».
Үшем жауынгер бала кездерінде каратэ және самбомен айналысыпты. Сондай-ақ жеңіл атлетикадан жарыстарға қатысып, жақсы нәтиже көрсеткен. Шекара бөліміне келгендеріне аз уақыт болса да, барлығы бірдей «үлгілі сарбаз» атанып, грамотамен марапатталған.
СЕРІК ЖАЛЕЛОВ ҚР ҰҚК ЖАҒАЛАУ КҮЗЕТІ БІРІНШІ ДИВИЗИОНЫНЫҢ БАС СТАРШИНАСЫ: «Жұмысқа кірген кезде оларды ажырату өте қиын болатын, уақыт өте көзіміз үйреніп Ақарысты жақсы ажырататын болдық. Ал Бекарыс пен Жанарыстың осы күнге дейін аттарын шатастырамыз. «Ақарыс қайда десем, мен Ақарыс деп. Жанарыс қайда десем, мен Жанарыс деп» сондай уақыттар болған арамызда».
Ақарыс, Бекарыс және Жанарыстың әскердегі қызметі келер жылы аяқталады. Алдағы уақытта ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара академиясына бірге құжат тапсырмақ ниетте.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 370
https://www.youtube.com/embed/Rt54l--wTqw?si=YHQjKU3fzg5Li4O8"
«Ақорда» резиденциясында он төрт мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.Мемлекет басшысы дипломаттарға еліміз БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына негізделген әділетті әлем орнату тәртібін жақтайтынын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның экономикалық даму тұрғысынан келешегі зор екенін, елімізді әлемдік экономиканың маңызды бөлігіне айналдыру үшін барлық мүмкіндікті жасайтынын атап өтті.Президент салтанатты рәсім соңында елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының ресми түрде басталуымен құттықтап, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту ісінде табыс тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев сенім грамоталарын тапсырған елшілер мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 362
https://www.youtube.com/embed/rrLgG97g1vw?si=Zu5Yl3Hw8r3GNApg"
Ақмола облысына қарасты Астрахан аудандық соты Острогорск ауылдық округінің бұрынғы әкіміне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық істі қарады. Оған денсаулыққа зиян келтірді деген айып тағылған. Новый Колутон ауылында әкім мен сол елді мекендегі серіктестік қызметкері арасында кикілжің туындаған. Даудың басы тұрғындарға ауыз су берілмеуінен басталған. Жанжал кезінде әкім қызметкердің басынан ұрған, жәбірленуші жерге құлаған. Экс-әкімнің кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен және сарапшының қорытындысымен расталды.
ЖАНГЕЛДІ АХМЕТОВ, АСТРАХАН АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-1-бабының 1-бөлігімен Острогорск ауылдық округінің бұрынғы әкімі кінәлі деп танылып, оған 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 346
https://www.youtube.com/embed/0bDXUtJzLsE?si=RORELu2UvONG4eVu"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 398
https://www.youtube.com/embed/czSaxkJw5N0?si=r2hnsqukk69e88c7"
Алматы облысы Есік мемлекеттік дендрологиялық паркінде академик А.Жанғалиевтың 110 жылдығына орай, ғаламшардағы барлық алма атаулының атасына баланып кеткен сиверс алма ағаштарының генефонын сақтай отырып,жабайы жеміс ағаштарын қалпына келтіру,жергілікті сорттарды көбейту үшін тиімді пайдалану тақырыбында семинар өтті. Толығырақ келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Академик Аймақ Жанғалиев және әлемнің жетекші ғалымдары қазақ жерінде өсетін жабайы Сиверс алмасы жершарына таралған алманың негізгі түбірі екенін ғылыми тұрғыдан дәлелдеген тұғын. Табиғаттың берген тартуының генофондын пайдаланып, сорттарды көбейту және жабайы жемісті ормандарын қалпына келтіру мақсатында өткізілген шарада аталмыш парк қызметкерлері, Жоңғар Алатауы,Көлсай көлдері ұлттық табиғи паркі өкілдері, сонымен қатар Иран елінен арнайы келген осы салаға қатысты мамандар бас қосты. Жиында академик Жанғалиевтің көзін көріп,бірге қызмет атқарған әріптестері өнімді әлемге паш етудегі еткен еңбектері жайлы,сонымен қатар бұл алманың ерекшелігі,тамыр жүйесі күшті дамыған аурулар мен зиянкестерге төзімділігін сөз етті.
ТЕМІРЛАН МАМИЕВ «ЕСІК МЕМЛЕКЕТТІК ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҒЫ» РМҚК ДИРЕКТОРЫ: «Академик Жанғалиевтың Сивер алма ағашын шығарғанын,соны бүгін адамдарға жеткізіп жатырмыз. Бізде көбісі шетелден алып келеді алма ағаштарын. Бірақ олар ауырады,біздің табиғатқа сәйкес келмейді. Біздің алма ағаштар мына табиғатқа бейімделген. Ауру жағынан шетелден келген алма ағаштар осы жерде ауырады. Бір ауру бар бакажок деген. Оның емін ешкім тапқан жоқ қалай емдеуге болатынын.Соған көмек ретінде көшеттерін шығарайын деп отырмыз».
Сиверс алмасының генетикалық қоры арқылы алма сорттарын жақсарту үшін дендропарк аумағында арнайы зертхана жұмыс жасауда.
НҰРЖАН МЫНЫХАН «ЕСІК МЕМЛЕКЕТТІК ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҒЫ» ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ КАДР ЖҰМЫСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Бізде өсімдіктердің өнімділігін жақсарту үшін дендропарк аумағында соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған өзіміздің зертхана жұмыс жасауда. Сиреп бара жатқан жеміс ағаштары бар мамандар кәзіргі таңда сол бағытта қарқынды жұмыс істеуде».
ДАРХАН РАЗБАЙҰЛЫ ЖУРНАЛИСТ «Академик А.Жанғалиевтың мұрындық болуымен Сиверс алма бағы 2006 жылы құрылған. Дәл бүгінгі таңда осындай мұра етіп қалдырған табиғи өнімді дәріптеу үшін бүгінгі семинардың маңызы өте зор».
Ғалымдардың сөзінше,бұл жеміс түрінің өте бағалы емдік қасиеті де бар. Дәрігерлер ішек-қарын және авитаминоз ауруларынан тезірек жазылу үшін жеуге кеңес береді. Олар ыстыққа да, суыққа да төзімді келеді және дәруменді сорттар шығаруда селекциялық мәні өте жоғары.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 346
https://www.youtube.com/embed/YsTS9DFz984?si=ibCvbeliR2dsQdZd"
Алматыда Бұқтырма көшесінің бойында туннель арқылы автокөліктер жүре бастады. Құлжа трактісі қилысындағы жолайрық 4 жолақтан тұрады. Енді көлік торабының өткізу қабілеті 5 есеге артатын болады.
Алматы қаласының солтүстік-шығыс бөлігінің жүктелген көлік тораптарының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып жасалынған жоба – Бұқтырма көшесі бойымен автокөліктің өту қабілетін 15%-ға, Құлжа трактісі бойынша 20%-ға арттыруға мүмкіндік береді.
САҒЫНДЫҚ ТЕЛІБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МОБИЛЬДІЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ «Тоннель ашылғаннан кейін жолайрығының айналма бөлігіндегі жүктеме азаяды. Бүгінде тоннель бөлігі ашылғанға дейін барлық көліктер айналма арқылы маневр жасады, мұнда жүктеме көбейіп, үлкен кептеліс пайда болды. Сондықтан 2018 жылы осы жолайрығын салу және Құлжа трактісі, Бухтарминская көшесі арқылы өтуді қамтамасыз ету және әуежайға қарай көлік қозғалысын жеңілдету қажеттілігі туралы шешім қабылданды».
Халықаралық әуежайдан Алматы қаласына және қаладан Талғар мен Алатау сынды елді мекендерге қатынайтын көлік қозғалысы көпшіліктің жүйкесін жұқартқан болатын. Қарбалас уақыттарда қаладан ауылдарына қайтатын азаматтар уақытын,көлік кептелістерінде өткізеді.Енді тоннелдік бөліктер,айтулы мәселені реттеуге септігін тигізбек.
ХУРАМ МУРАДОВ «BAZIS CONSTRUCTION» ЖШС ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖОБАЛАСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ «Түрксіб ауданындағы жолайрығын салу жөніндегі ірі инфрақұрылымдық жоба 31 қазанға дейін толық аяқталады. Бүгінде су құбыры желілерін абаттандыру және қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Тораптың өткізу қабілеті 5 есеге жуық өседі, оны тәулігіне 340 мыңға дейін автомобиль пайдалана алады»
Жоба бойынша көгалдандыру жұмыстары қарастырылған, яғни, қазіргі таңда 60 мың шаршы метр өсімдік пен 200 әртүрлі ағашты отырғызу жұмыстары жүріп жатыр.
Еще материалы
- Қазақстанда омикрон вирусы өршіп тұр
- Алматыда алғаш рет жүрек жеткіліксіздігі ауруына шалдыққан науқастарға кардиостимулятор қойылды
- Көкшетаудағы балабақшалардың бірінде есепші екі жыл бойы өзіне көтерме еңбекақы аударып келген
- Жоғары палата депутаттары да діни ағымдардың жетегінде жүрген жастардың жағдайын көтерді
Страница 168 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.