- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 356
https://www.youtube.com/embed/e7PlXbCFjjI?si=5iwq8WeZQrn6mR7X"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 412
https://www.youtube.com/embed/kLuDSTPSmhw?si=dg660d8txC59IQF0"
Мәдениет және спорт министрлігінің Архив құжаттама және кітап ісі комитеті былтырғы жылдан бастап «Архив және болашақ ұрпақ» жобасын өткізу туралы шешім қабылдаған болатын. Қабылданған жоба аясында Алматы қаласының Мемлекеттік архиві «Тарихи тұлғалар жасайды» тақырыбында танымдық іс-шара өткізді. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Архив құжатынсыз тарихтың жазылуы мүмкін емес. Алматы қаласының Мемлекеттік архиві ұйымдастырған «Тарихи тұлғалар жасайды» тақырыбындағы танымдық іс-шарада ұлттық құндылықтарды қалыптастырып, нығайту барысында мектеп оқушылары мен студенттерге архив қызметі бойынша, мұрағат қорындағы белгілі тұлғалар жайлы ақпараттар беріліп, экскурсия жасалды.
Іс-шараға білім алушылармен қоса мұғалімдер, мұрағаттанушылар қатысты. Білімгерлерге «Ашық микрофон» атты интерактивті ойын ұйымдастырылып, «Архив ұғымы», «Алматы қаласының тарихы», «ҚР рәміздері», «Тұлғатану» сынды тақырыптармен тапсырмалар беріліп, ой-пікірлер ортаға тасталды. Архив ғимаратында заманауи сөрелер, климат-бақылау, жариялаушы қондырғысымен өртке қарсы дабыл жүйесімен жабдықталған. Бұл жерде 18 құжаттама қоймасы бар.
Мекемеде 130-ға жуық қаламгердің құжаттары сақталған. Соған байланысты, келушілерге арналған көрме залдары да бар. Көрме белгілі уақытта әртүрлі қаламгерлердің еске алу күндеріне байланысты ауысып тұрады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 379
https://www.youtube.com/embed/LIqY5E5cUCU?si=Mfg6cnS66Ft2TpDy"
Алматы қаласы орта білім беру ұйымдарының жас педагогтері арасында «ALMATY USTAZY» байқауының үшінші кезеңі ұйымдастырылды. Соңғы кезең 2 бөлімнен тұрады:1-сі «Мен – мұғалім көшбасшымын» жобасын қорғау;2-ші «Қазіргі білім берудің өзекті міндеттері» тақырыбын қамтыды.
«Almaty Ustazy» байқауы қалада үшінші жыл өткізіліп келеді, талантты және шығармашылықпен жұмыс істейтін жас мұғалімдерді анықтауға және қолдауға, педагогтердің беделін арттыруға бағытталған.Мұндай байқау жас педагогтар арасында өзекті және сұранысқа ие, өйткені оның алаңында көптеген пайдалы ақпарат алуға, жаңа әдістер мен технологиялар туралы білуге, білімдері мен қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алады.
ӘКІМЖАН САЙЛЫБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛК КАБИНЕТТІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:«Ең үздік математика мұғалімі,ең мықты физика мұғалімі сондай 14 мұғалім финалға шықты. Енді осы финалда әрбір мұғалім өзінің жобасын қорғайды. Ертең шетелге тағылымдамаға барады. Біздің мұғалімдер бұған дейін тек сырттан көрейікші, үйренейікші деп баратын болса бұл бес мұғалім, біздің де үйретеріміз бар деп барады. Бүгінгі конкурстың ерекшелігі сол».
I кезең онлайн режимінде 205 мектептен 1327 педагог, 11 оқу пәні бойынша өз жұмыстарын ұсынды. Қатысушылардың жұмысын 73 сарапшы бағалады.Байқаудың іріктеу қорытындысы бойынша екінші кезеңге сарапшылар әртүрлі пәндерден 114 қатысушыны жіберді. Олар 2023 жылдың 11-16 мамыры аралығында 22 мектеп базасында конкурстық сабақтар өткізген болатын.
ӘЗИЯ ЖҰМАБАЕВА АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚҰПУ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ,ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: «Байқауға бірінші екінші кезеңдері бойынша сарапшы, 3 кезеңі бойынша әділқазылар мүшесі ретінде қатысып отырмын. 4 айдан астам уақыт бұрын басталған болатын. Ең соңғы кезеңге үздіктер ғана сараптап алынды. Ішінен тек қана үздіктерін ғана аламыз».
Алматы қаласының жас мұғалімдері үшін конкурсқа қатысу - бұл өзінің кәсіби өсуіне қадам, цифрлық дәуір жағдайында жұмыстың жаңа тәсілдерін зерделеу болып табылады. Осыған орай,байқауда бақ сынаған ұстаздармен тілдескен едік.
ЕРНАР ӘБДІХАЛЫҚОВ БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ: «Қазіргі таңда төрт өлшемді білім беру жүйесін қолға алып,осы методиканың жалпы қазақ қоғамы үшін маңызды екенін көрсету мақсатында осы методиканы жасап жатырмыз. Өзіндік нәтижесін беріп жатыр.Жалпы әрбір сайыс адамды пісіреді.Осындай сайыстардың арқасында біз жетілеміз,дамимыз.Осы шарадан жеңімпаз атанып,Сингапурда қазақтың болмысының қандай екендігін танытқым келеді. Қазақ халқының қандай әлемдегі ең мықты халықтың бірі екендігін көрсеткім келеді».
САЛТАНАТ АНАПИАЕВА БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ: «Бүгінгі байқауға қатысушы ретінде келіп отырмын. Үлкен еңбекпен жеттік. Бұл байқау мұғалімдер үшін әсіресе қазақ ұстаздары үшін берілген ең үлкен мүмкіндік деп айтқым келеді. Себебі біз қазақы құндылықты,қазақи тәрбиені цифрлық білім беру арқылы жасанды интеллект арқылы қалыптастыра аламыз. Дәл соны қалай қалыптастырмыз деген шешімі бүгінгі жарыста өзекті түрде қозғалып көтеріліп жатыр және шешімі дайын түрде әкелініп жатыр. Көптеген мәліметтер алып жатырмын бүгінгі жарыстан. Осыдан кейінгі тәжірибемде қолданылады деген үміттемін».
Ақтық сынға шыққандар Сингапурде өтетін халықаралық білім беру тағылымдамасына жолдама алады.Гран-при иегері қосымша 5 000 000 теңге сыйақымен марапатталады.Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау Республика сарайында 2023 жылдың 5 қазанында мұғалімдер күніне орайластырылады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 350
https://www.youtube.com/embed/B8GqVW81lGI?si=lQ8PPva4ATapK_WV"
Жақында Алматыдағы көлік тораптары қызметкерлері мен туристер тікелей жұмыс жасайтын сала мамандары арнайы оқудан өтеді. Оларға ағылшын тілі және қонақжайлылық негіздері бойынша сабақ беріледі. Оны Алматы туризм бюросы қолға алады. Негізгі мақсат - Алматыны туристер үшін қолайлы қала жасау. Осыған орай, шаһарда бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.
Соның алғашқысы, халықаралық әуежайдағы паспорттық бақылау аймағынан басталды. Нақтырақ айтқанда, әуежайдағы кабиналар жаңартылды. Енді шеттен келген қонақтарды әлемнің тоғыз танымал тілінде: қазақ, орыс, ағылшын, араб, қытай, француз, итальян, түрік және корей тілдерінде қарсы алады.
Одан бөлек, келушілерге ыңғайлы навигация үшін қала қиылыстарында 52 ақпараттық тотем орнатылды, онда картадан басқа да танымал туристік бағыттар туралы ақпарат бар.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 396
https://www.youtube.com/embed/9MzGVQVnqRE?si=bGnoyo2eeWY7SUC4"
Бразилияның Амазонас штатында өзендер құрғап жатыр. Бұл шалғай ауылдардың тұрғындарын азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен және басқа да тауарлармен қамтамасыз етуге қауіп төндіреді.
Амазонканың бұл жер телімі Солиймонс деп аталады. Мұнда өзеннің таяз болғаны сонша, үлкен кемелер өте алмайды. Адамдар шағын көлемді жүктерді кіші қайықтармен тасымалдауға мәжбүр.
ҚАЙЫҚ ИЕСІ: «Мұның бәріне құрғақшылық кінәлі. Жағасы қазір алыс. Жүкті көтеру өте қиын».
Тауарларды тасымалдау бағытында қиыншылықтар туындағаннан кейін, бағалар да өсті.
САТЫП АЛУШЫ: «Өткен айда ғана мен майды 7 реалға (1,40 доллар) сатып алған едім. Осы айда бағасы 8 реалға (1,65 доллар) өсіп кеткен. Келесі айда қандай өзгерістерді күтетінімді білмеймін».
Ұстаздар мен мектеп оқушылары сабаққа өзен жағалап жүруге мәжбүр болды. Енді Джунгли арқылы өтетін ыңғайсыз жерүсті маршруттарын пайдалануда. Бразилия геологиялық қызметінің хабарлауынша, бұл Солимойнс өзенінің соңғы он жылда екінші рет қатты таяздануы.Жығылғанға жұдырық, Амазонка аймағында су тасқыны да орын алуда. Жақында жүргізілген зерттеулер бойынша, соңғы 40 жылда аймақта құрғақшылық та, су тасқыны да жиілеп кеткен. Осылайша, Риу-Негру Амазонкаға құятын Манауста соңғы 120 жылда 12 рет су тасқыны болды. Оның сегізі соңғы 14 жылда орын алған.Зерттеушілердің пікірінше, табиғи апаттарға ормандардың кесілуі мен экстремалды ауа-райы ықпал еткен.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 358
https://www.youtube.com/embed/y8IPeUGsFaI?si=bZIWPopc9tG4sr4k"
Әзербайжан мен Армения билігі Таулы Қарабақ үшін әзірге ешқандай келісімге қол қойылған жоқ.Евлахтада этникалық армяндардың тағдырына байланысты келіссөздер жүргізді.
Қарабах өкілдері Әзербайжан күштерін атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптауда. Олардың айтуынша, келіссөздер күні Степанакертте атқылау ары қарай жалғасқан. Әзербайжандықтар айыптауды жоққа шығарады. Степанакерт тұрғындары босқындар үйлерінің жертөлелерін паналауда.
СТЕПАНАКЕРТ ТҰРҒЫНЫ: «Мен үйімнен ештеңе алмай шығып кеттім. Менде бірдеңе алатындай мүмкіндік болмады. Енді алдағы уақытта не болатынын білмеймін».
Қалада электрмен және сумен жабдықтау уақытша тоқтап тұр. Сонымен қатар, лачинский дәлізінің қоршалуына байланысты адамдар бірнеше ай бойы қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмектердің жетіспеушілік жағдайында өмір сүруде.
СТЕПАНАКЕРТ ТҰРҒЫНЫ: «Менің атым Варт. Менің 4 балам бар. Біз қазір баспанасызбыз. Соның салдарынан балаларым суық жерде қалып, ауырып қалды. Олардың ыстығы көтеріліп, тамақтары ауыруда. Дәрі-дәрмегіміз де жоқ. Тым болмағанда дәрі-дәрмекті балаларыма беріңіздерші».
Мыңдаған этникалық армяндар Степанакерт әуежайына жиналды. Көбісі Ереванға ұшуға дайындалған. Бірақ әуе кеңістігі әлі жабық. Адамдарды сумен және медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін 5000 адам Ресей бітімгерлерінің аумағын паналады.
Бұл – армян-әзербайжан шекарасы. Мұнда армяндар достарымен немесе туыстарымен кездесеміз деген үмітте отыр. Ер адамдар шекарашылармен көп сөзге келіп қалуда. Сол себепті олар, ресейлік және әзербайжандық позицияларға барғылары келеді. Осы негізде Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян елдің босқындарын қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.
НИКОЛ ПАШИНЯН АРМЕНИЯ ПРИМЬЕР-МИНИСТРІ: «Армения 40 мың отбасын қабылдауға дайын. Бірақ біз бұл туралы айтқымыз келмейді. Неліктен? Себебі, біз Таулы Қарабақтағы армяндар өз үйлерінде, өз жерлерінде өмір сүруге лайықты және қауіпсіз жағдайда өмір сүруі керек деп санаймыз».
Әзербайжан Президентінің көмекшісі жақында Қарабаққа гуманитарлық көмек жіберілетінін айтты.
ХИКМЕТ ГАДЖИЕВ ӘЗЕРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ: «Біз бірінші кезекте мектептер мен ауруханаларды, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімдері мен жедел медициналық көмекті қоса алғанда, жедел жәрдем қызметтерін отынмен қамтамасыз етеміз».
Әзербайжан осы жылдың 19 қыркүйегінде шабуыл қимылдарын бастады. Қарабах армяндарының қорғаныс күштері қарсылық көрсете алмай, жеңілулеріне тура келді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 371
https://www.youtube.com/embed/ivItX8zaHPc?si=VzWTdY7Qs2q1ib1Y"
Бизнеске мемлекет тарапынан қолдау көрсету – өңірдің ғана емес, тұтас елдің кәсіпкерлік секторын дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұған «Даму» Қорының Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалы ұйымдастырған пресс тур барысында көз жеткіздік.Толығырақ келесі бейне материалға назар аударсақ.
Кәсібінен нәсібін тапқысы келген кәсіпкерлерге «Даму» қоры ыңғайлы болып тұр. Біз Мемлекет ұсынған мүмкіндікті пайдаланып,көздеген мақсатына қадам басқан өнідіріс орындарын аралап көрдік. Тиімді пайыздық мөлшерлемемен жылыжай сай салған кәсіпкерлер отандық өнімнің өрге басуына септігін тигізіп отыр.Кешеннің
өндірістік қуаттылығы жылына 7 мың тоннадан астам көкөністі құрайды және тәулігіне 20 тоннадан астам өнім өндіре алады.200 ден астам жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылған.
ШӘКЕН БӨЛЕКБАЕВ КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Даму» қорынан қолдау тапқан келесі кәсіпорын,Отандық құрылыс саласының ілгері басуына салмақты үлесін қосып келеді.Заман талабына сай,жаңа технологиямен құрылыс өнімдерін шығарып отыр. Кәсіпорын екінші деңгейлі банк арқылы 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба бойынша инвестиция мақсатында қаржы алған. Бағдарлама шарттарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі жылдық 19%-дың 13%-ын құрайды.Аталмыш мекеме өнімдерін орташа табысы бар азаматтар үшін қол жетімді жүйеде жүзеге асырып отыр.
ЕРЖАН ИБРАГИМҰЛЫ «TEPLOSTIL» ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
«Даму» қоры арқылы сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау құралы бойынша 940,5 млрд.теңгеден астам 8164 жобаға қолдау көрсетілген.Бұл пандемия кезеңінде экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларындағы кәсіпкерлердің жобаларын қоспағанның өзінде. Ал,кепілдендіру құралы бойынша сомасы 55,4 млрд.теңгеден астам, 128,6 млрд.теңгені құрайтын несиелер бойынша 3 927 кәсіпкерлердің жобасы демеу тапқан.
ЖАНДОС НҰРҒАЗИНОВ «ДАМУ» ҚОРЫНЫҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША АЙМАҚТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Даму» қоры кәсіп бастағысы келетін кезкелген іскерге есігі ашық.Бұл жерде қаржылай қолдаудан бөлек,тегін кеңес беріледі.Қажетті ақпараттарды цифрлық бағытта да алуға болады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 368
https://www.youtube.com/embed/8yneGov_qcQ?si=vFd_2oa7SX57zoND"
Бармақ басты, көз қысты. Ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған субсидияларды бөлу кезінде сыбайлас жемқорлық жағдайлары анықталды. Кәсіпкер ұсынған құжаттардың толық болмауын сылтауратып, субсидия беруден заңсыз бас тарту фактілері тіркелген. Бұл туралы Жетісу облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысы баяндады.
"Бизнеске жол" жобасы жыл басынан бері аталмыш мекеме қызметімен іске асырылып жатыр. Мақсат,кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Әкімшілік кедергілерді болдырмау. Соңғы 8 айда тек Жетісу облысы бойынша 10 мыңға жуық кәсіпкердің құқықтары қорғалған.
Департаменттің араласуынан кейін 700-ден аса өтінім қайта қаралды. Сондай-ақ бизнестің заңды құқықтарын бұзған 5 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
МАҚСАТ ЖЕБЕГЕНОВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 363
https://www.youtube.com/embed/UZxg9sz-fZc?si=jh8cewOLvAey5c7K"
Шымкенттегі ауруханалардың бірінде төбелес орын алды. Видео Instagram-пабликтерде пайда болды.Кадрға қарағанда, оқиға жансақтау бөлімінде болған. Науқас пен бірнеше жедел жәрдем дәрігерлері арасында жанжал шыққан. Оқиға салдарынан медбике мен дәрігер соққыға жығылған.Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мамандарының мәліметінше, 20 қыркүйекте, сағат 19:50-де 1995 жылы туған азамат жедел жәрдеммен Гипербариялық оттегі орталығына жеткізілген.
Дәрігерлер оны тексерген, психикалық қозу жағдайына байланысты тыныштандыру шараларын жүргізу үшін жансақтау бөліміне жатқызылған. Алайда науқас медициналық көмекке қарсылық танытып, медицина қызметкерлеріне қатысты күш қолданған. Оқиғаға байланысты ақпарат полицияға берілді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 371
https://www.youtube.com/embed/w9rfN2wjvDo?si=On8hYVhd_CaNo5_9"
Батыс Қазақстан облысында ауылдасын өлтірген 30 жастағы тұрғын ұсталды. Полиция Департаментінің мәліметінше, оқиға Бәйтерек ауданы Январцев ауылында болған. Күдікті 1972 және 1979 жылғы ауылдастарын жарақаттап, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленушілер ауруханаға жатқызылды. Алайда 51 жастағы ер адам есін жия алмастан ауруханада көз жұмған. Ашық бас-ми жарақатын алған 1979 жылғы тұрғын нейрохирургия бөлімшесінде жатыр. Жалпы жағдайы бірқалыпты болғанымен, орташа ауыр дәрежеде.
АСЫЛАЙ ҒҰБАШЕВА БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Аталған қылмысты жасады деген күдікпен Приурал полиция бөлімінің қызметкерлері 1993 жылғы сол ауылдың тұрғынын анықтап, қолға түсірді. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 344
https://www.youtube.com/embed/u2MYWacbmC0?si=7q9531iwkI18pamx"
Солтүстік Қазақстанда жаңадан салынған жолдардың 34 пайызы талапқа сай келмейді. Мұны Жол активтері сапасының ұлттық орталығы облыстық филиалының мамандары анықады. Олар жөнделіп жатқан жол учаскеслерінен 600-ден астам сынама алған. Оның үштен бірі нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген.149 инспекциялық тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 115 олқылық табылды. Қазір оларды жою бойынша жұмыс жалғасуда.
ЖОЛДЫБАЙ ТЕНТЕКОВ ЖОЛ АКТИВТЕРІ САПАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Жолды жөндеумен айналысып жатқан компаниялардың басым бөлігінің тәжірибесі, арнайы техникасы жоқ. Көбіне осы факторлар жол сапасына кері әсер етеді. Тексеріс жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Табылған олқылықтарды мердігерлер өз есебінен жояды».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 368
https://www.youtube.com/embed/32MifgPRsk8?si=PiZYNLHBV-82QAmo"
Абай облысының Бесқарағай ауданы Жетіжар ауылындағы сібір ойық жарасын жұқтырды деген күдікті тұрғынмен байланыста болған 92 адам анықталды. Ол тіпті осыдан бірер күн бұрын Курчатов қаласының үш тұрғынымен саятшылық құрып аңға шыққан. Қазір аймақта алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік кеше осы жағдайға байланысты Жетіжар ауылында ТЖ жарияланып, ауылдан кіріп-шығуға уақытша шектеу қойылған болатын.
ШОЛПАН САДЫҚОВА АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ АСА ҚАУІПТІ ИНФЕКЦИЯЛАР МЕН ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
«Барлығы 92 адам байланыста болғаны анықталды. Қазір олардың барлығы медициналық тексерістен өтті. Жағдайлары қанағаттанарлық және барлығы бақылауда. Науқасқа қатысты айтсам ПТР сынамасының нәтижесі теріс, басқа зерттеулер жүргізілуде».
ЕРЖАН БАРЫШЕВ АБАЙ ОБЛЫСЫ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы жануарлары арасында ауруға күдікті малдар анықталған жоқ. Сонымен қатар елді мекенде ауруға күдікті лажсыз сойылу не болмаса басқа малдың өлім жітімі тіркелген жоқ.Адам тіркелуіне байланысты ветеринария тарапынан тексерулер жүргізіліп жатыр. Жерден сынама алынды, малды ауырған адам тоңазытқышындағы еттен сынама алынды бүгінгі таңда. Оның бәрі зертханада тексерілді.Әлі ешнәрсе анықталған жоқ ол жерде».
Еще материалы
Страница 176 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.