
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 821
https://www.youtube.com/embed/y7hkzZiFg9Y?si=HaLayIrhR2JSk7wU"
Талдықорғандық оқушылар биылдан бастап қоғамдық көліктерде электронды жол жүру картасы арқылы қатынайтынын осыған дейін хабарлағанбыз. Алайда, алақандай картаны алу бүгінде мұң болып отыр. Оқу жылы басталғанына екі аптаға жуықтады, ал қала әкімдігі билеттерді үлестіру жүйесін жасай алмай жатыр.
Бұл «Әлемпей» кеңсесінің ғимараты. Бүгінде жол жүру билетін тарататын компаниясының алды құжынаған адам. Ата-аналар сарылып кезек күтіп жүріп, әрең дегенде билеттерді сатып алады. Шәлипан Нұрахметова соның бірі. 4 бірдей немересіне электронды жол жүру билетін алу үшін ертеңмен жеткен. 2 сағаттан артық кезекте тұрған зейнеткер бүгін кезегім жетпесе ертең тағы келем деп отыр.
ШӘЛИПАН НҰРАХМЕТОВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ «Мына жерде иә балалардың жүретін проезднойы беріліп жатыр. Осыны дұрыстап ұйымдастурға болмады ма акиматқа. Акимат қайда қарап отыр? Нестеп отыр акиматтар? Мінекей қырылысып жатыр елдің бәрі. Неше күн 3 күн толпа болып жатыр. Қазір елдің бәрін тарқатып, мынаны жөндеп берсін бізге акимат. Мына образованиеге звондасақ телефонын алмайды. Мына интернеттегі нөмердің барлығы өтірік, қойып қойған. Звондасаң өтірік номер терілді деп шығарады мінекей».
Бұған дейін қалалық білім бөлімі электронды карталар Қаз пошта бөлімшелері арқылы таратылады деген. Бірақ ол шаруа басталмай жатып тоқтатылды. Себебі, жол жүру карталарын сатып алып, үстіне ақша қосып сататын алыпсатарлар пайда болған. Сондықтан, жол жүру картасын тек ата аналардың өздері келіп, жеке ЖСН нөмерлері арқылы тіркеп алатын болды.
АЙДОС СЕКСЕНБАЕВ «ALEMPAY» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:«Әр баланың ИНН мен ата ананың телефонына регистраия жасалады. Егер де жоғалтып алған жағдайда картаның номері мен осындай картаның номерін тіркейді ғой. Айтады менің осындай балам карта жоғалтып алды. Соған міне басқа карта алам тіркеймін деп. Бір балаға 2 карта тіркелмейді. Сол себептен ата-ананың нөмерімен келеді. Қай номерге тіркелгенін көрсетеді. Мына номерге тіркелген деп. Сол номерді біздікілер базадан алып тастайды. Содан кейін басқа карта тіркеуге болады».
Оқушылардың жол жүру карталары Талдықорғанда алғаш рет іске қосылмақ. Алдымен 1 ай бойы лимитсіз жұмыс істейді. Яғни оқушылар қанша мәрте автобусқа мініп-түссе де өзі біледі. Кейінірек, әрбір балаға шектік норма бекітіледі.
АЙДОС СЕКСЕНБАЕВ «ALEMPAY» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:«1-2 ай көреміз қанша лимит. Бұрын мысалы үшін жанағы бәленбай миллион төлесе, қазір 1 айда көреміз қанша шығады. Егерде сол бұрынғы лимиттан аспаса, онда без лимита қоямыз».
Талдықорғанда барлығы 26 мектеп бар. Онда қазір 34 мыңға жуық оқушы білім алады. Әзірге соның 1500 ғана электронды билетке қол жеткізген. Яғни «Әлемпейдің» алдындағы құжынаған кезек әлі біразға созылуы мүмкін.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 745
https://www.youtube.com/embed/wtW7C_mttk0?si=GFg9eQ-u-QCHYf0t"
Алматы облысында 37 мыңнан аса азамат көлік салығын төлемей жүр. Олардың мемлекет алдында 2,5 млрд теңге қарызы бар. Жалпы аймақта 445 мыңға жуық автомобиль тіркелген. Бұл көліктердің иелері 2023 жылы 7,3 млрд теңге салық төлеуі тиіс. Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі Олжас Отар өңірлік коммуникациялар алаңында қарызы көп аудандар бойынша статистиканы жариялады. Көлік салығы бойынша Қарасай ауданының 10 мыңға жуық тұрғыны мемлекет алдында берешегін өтемей жүр. Мұнан кейінгі тізбекті Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары тұр. Сондықтан міндетті салығын төлемей жүргендерге заң аясында қатаң шаралар қолданылуда. Өйткені мәжбүрлеп салық төлетуден басқа амал қалмаған. Сот орындаушылар олардың есепшоттарын бұғаттап, шетелге шығуға шектеу қою шараларын бастады.
ОЛЖАС ОТАР АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МКД ӨНДІРІСТІК ЕМЕС ТӨЛЕМДЕРДІ ӘКІМШІЛЕНДІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Құзырлы органдар бірлесе жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері 500 -ден аса рейдтік іс-шара өткізіпті. Нәтижесінде 910 салықтық берешегі бар борышкерден 200 миллионға жуық қаражат өндірілген.
ОЛЖАС ОТАР АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МКД ӨНДІРІСТІК ЕМЕС ТӨЛЕМДЕРДІ ӘКІМШІЛЕНДІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 780
https://www.youtube.com/embed/_POoSu07yJo?si=le_d8hS6RBfF3Mvf"
Көкшетау қаласы Застанционный шағын ауданындағы шұрық-тесік жолдардан тұрғындар әбден мезі болған. Бірнеше жыл бойы қиындық көріп келе жатқандарын айтып шағымданды. Жөнделген орталық көшелердің өзінде үлкен шұңқырлар пайда болған. Мәселенің мән-жайын толығырақ тарқатсақ.
Тұрғындар шағын аудандағы жол мәселесін айтып әкімдіктің табалдырығын талай тоздырған. Көлшіктермен көлкіген көшеге қоғамдық көлік тұрмақ, таксилердің өзі мұрындарын тыржитады екен. Жаңбырлы күндері оқушылардың мектепке жетулері мұң болып отыр.
ЗАСТАНЦИОННЫЙ ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Жолдардың сапасын өздеріңіз көріп тұрсыздар. Жаңбыр жауса бұл жерден өту тіпті мүмкін емес. Мен Ковалевский көшесінде тұрамын. Біздің үйдің жанында мектеп, дүкен және мешіт бар. Бірақ батпақ болған кезде жүру мүмкін емес».
ЗАСТАНЦИОННЫЙ ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:«Жолдар осындай. Үлкен шұңқырлар пайда болды. Барлық жер батпақ. Жаз бойы жолдарды жөндеп жатыр. Бірақ әлі күнге дейін Ақан, Лиза Чайкина, Орталық көшелердегі жұмыс толық аяқталмады. Ешқандай өзгеріс жоқ. Қандай күйде болды солай қалды. Қала әкімі келіп көшелерді қараған. Әкімдіктегілердің есебі бойынша Застанционный шағын ауданына толығымен асфальт төселген. Бірақ тек екі көшені ғана қалыпқа келтірді».
Жауапты мамандардың айтуынша, Застанционный шағын ауданына 510 млн.теңгеге жуық қаражатқа конкурс өткізілген. Қазіргі таңда мердігерлік ұйыммен келісім-шарт жасалды.
ӘДІЛЕТ РАХЫМЖАНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Лиза Чайкина мен Қасым көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мичурин бойымен 600 метр жеріндегі жұмысты аяқтау қалды. Қазан айының соңына дейін аяқтаймыз. Станиславский, Лермонтов көшелерінде орташа жөндеу жүргіздік. Өткен жылы Тұмар көшесі қиыршық тастар төселген. Ол көше әлі жөнделмеді».
Бірнеше күн бұрын жедел жәрдем қызметінің 2 көлігі аталған шағын ауданның Тұмар көшесінде батып қалып, науқасты ауруханаға жеткізе алмаған. Оларға көмекке тіпті өрт сөндіру апаттық-құтқару машинасы да келген. Мамандар жолдың сапасына мердігер ұйым жауапты деп иек меңзеп отыр.Бірақ жауаптылар бұл мәселе бақылауға алынып, алдағы уақытта шешіледі деп сендірді.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 703
https://www.youtube.com/embed/-_Iw9wt6Wn4?si=IBmM4ppN-IUiPAbo"
Алматы маңындағы ЛА-5518 мекемесінде мәслихаттың экс-депутаты Қайрат Құдайберген мен «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Қазақпарат. Сотта Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевтен бөлек тағы 43 адамның ісі қаралады. Сот барысында қатысушылар дыбыстың нашарлығына шағымданды.
Сол себепті техникалық ақауларды шешу үшін сот отырысы жарты сағатқа тоқтатылды.Бұған дейін Алматы қалалық соты қылмыстық іс бойынша сот процесіне адвокаттардың кіруіне кедергі келтіріліп жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 757
https://www.youtube.com/embed/0Q58m4EEw2Q?si=c9QSqfjXu9fvYEXQ"
Маңғыстауда жалған дипломмен 7 мұғалім жұмыс істеген. Бұл деректі өңір бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, білім саласына жүргізген мониторингі барысында анықтаған.Заңсыз құжатпен мектепте жұмыс жасағандардың көбі Мұнайлы ауданынан анықталыпты.Олардың арасында жалған дипломмен ең ұзақ мерзімде жүргені 3 жыл. Сонымен қатар, бір мұғалімге қатысты сот үкімі шығып, ҚР ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіште айыппұл түріндегі жазаға тартылды. Ал қалған 6 мұғалімге қатысты сот отырысы әлі өткен жоқ. Жалған дипломмен жүргендер қызметтен босатылды. Білім басқармасы мұғалімдердің жұмыс кезеңінде алған үстемақыларын мемлекетке қайтару бойынша сотқа талап–арыз беріпті. Ал осы күнге дейін алған жалақылары қайтарыла ма, жоқ па? Ол әзірге белгісіз.
БІРЖАН ХАЙРУЛЛИН ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
«Білім басқармасына, білім беру бөліміне, жалпы білім саласының мекемелерінің басшыларына айтып жатырмыз. Олар кемінде бір рет ішкі талдау жүргізуі керек. Сонымен қатар, өздерінің қажеттілігіне қарай тақырыптық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізуге болады. Осы аясында бұл мәселелерді анықтауға болады. Мысалға айтайық, биыл 10 адам жұмысқа қабылдаса, тақырыптық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу арқылы сол оқу орындарына сұраныс жіберулеріне болады. Сол арқылы өздерінің жанағы жұмысқа алған азаматтарының дипломдарының жалған немесе жалған емес екендіктерін анықтауға мүмкіндіктері бар».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 704
https://www.youtube.com/embed/ROsw5-X5VXA?si=M4NEcdZAtcOBotpD"
Отандық туризм көңіл көншітерлік жағдайда емес. Швейцариядан кем түспейтін әсем табиғатымыз бен небір көрікті мекеніміз бар болғанымен, ол жерлерді дамыта алмай отырмыз. Демалуға келген адамға еш жағдай жасалмаған. Электр тоғы да, интернет те ,тіпті қоқыс жәшігі де жоқ деген сенаторлар туризмді дамыту керек деп Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады.
СҰЛТАН ДҮЙСЕМБИНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Алакөл жағалауындағы демалыс аймақтарында электр энергиясы қуатының жетіспеушілігі байқалады, интернет пен байланыс сапасы сын көтермейді, жағалауларды бекіту жұмыстарын жүргізуге бөлінген қаражат 3 жылдан бері игерілмей келе жатыр. Есік көлінің аумағында жеке гигиена пункттері, қоқыс жәшіктері, көрнекі ақпараттық стендтер мен нұсқаулықтар, телефон байланысы мен интернет секілді қарапайым қажет жағдайлар жасалмаған, демалыс объектілері абаттандырылмаған».
Ал, енді бір топ сенаторлар отандық киноидустриясының дамуына алаңдаулы. Қазақстан өзінің салт-дәстүрі мен құндылығын насихаттайтын фильмдер түсіруі керек дейді.
ҚАЙРАТ ТАСТЕКЕЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Егер Қазақстанда әртүрлі бағалаулар бойынша серия үшін төлем 6 мыңнан 30 мың АҚШ долларына дейін болса, онда Ресейде серия үшін 200 мыңнан 400 мың АҚШ долларына дейін жұмсалады. Шетелдік телехикаяларға тыйым салу және өз өндірісіміздің кинофильмдерін дамыту жөніндегі халықаралық тәжірибе де алуан түрлі».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 802
https://www.youtube.com/embed/r77zKFtmzUE?si=b6kN9iL3HNeVndG0"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен келіссөз жүргізді. Қазақстан Президенті дәстүрлі қонақжайлық көрсеткені және тәжік жерінде зор құрметпен қарсы алғаны үшін Эмомали Рахмонға алғыс айтты.Қазақстан мен Тәжікстан президенттері екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективасын, сондай-ақ бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.
Кездесуде сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастыққа баса мән берілді.Екі ел басшылары стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтуға өзара ниетті екенін растады. Сонымен қатар, президенттер өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды.
Сапар аясында Қазақстан Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады деп жоспарланып отыр.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 805
https://www.youtube.com/embed/Ah0LnmPAIiM?si=CI4aZcBMmfPFRzlD"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 760
https://www.youtube.com/embed/N-saAUfK2EU?si=ke4BBsw5Vc_6jOLq"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 879
https://www.youtube.com/embed/ijM8eAUqqwk?si=zIMN3VPqk8nb0AVs"
Бүгін Қазақстан Журналистер Одағының басқарма мүшелері мен қалалық, облыстық филиал төрағаларының қатысуымен жиын өтті. Онлайн форматта өткен басқосудың күн тәртібінде журналистердің құқықтарын қорғау, республикадағы өңірлік филиалдардың жұмысын жандандыру, мүшелік жарналарды жинау секілді маңызды мәселелер қаралды. Сондай-ақ, Одақ құрылымында бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды. Басқарма басшылығының шешімімен Қазақстан Журналистер Одағының атқарушы директоры болып белгілі журналист, «Егемен Қазақстан» газетінің Түркістан облысындағы тілшісі, облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібай тағайындалды. Бұл жауапты қызметті Ғалымжан Қамытбекұлы Қазақстан Журналистер Одағы Түркістан облыстық филиалының төрағалығымен қоса атқаратын болады. Бұдан бөлек, Одақтың Астана қалалық филиалының төрағасы болып Әмір Қасенов бекітілсе, Қостанай облыстық филиалын басқару Александра Серғазиноваға тапсырылды. Одақ төрағасы Сейітқазы Матаев еліміздегі ірі шығармашылық бірлестіктің жұмысына сәттілік тілеп, жаңа қызметке тағайындалған әріптестерін құттықтады.
Қазақстан Журналистер Одағының атынан басшылық жасау құқығын беретін жауапты қызметке кіріскен Ғалымжан Елшібай сенім білдіргені үшін Басқарма мүшелері мен әріптестеріне алғысын жеткізіп, ұлттық журналистиканың ұпайын түгендеп, саланың жан-жақты дамуына, осы бағытта тың бастамалар мен жаңа идеяларды іске асыруға, республикалық одақтың жұмысына серпін беріп, өңірлердегі филиалдардың жұмысын жандандыруға бар күш-жігерін салудан аянып қалмайтынын айтты.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 825
https://www.youtube.com/embed/5CrifxXfukw?si=yHSHwy5kM_fxu3UX"
Өлі теңізге қарайтын израильдік үңгірден сирек кездесетін олжа қару-жарақ қоймасы табылды. Археологтар тапқан қылыштарын шамамен 2000 жыл бұрын жасырылған деп есептейді.
ЭЙТАН КЛЕЙН АРХЕОЛОГ:
«Зерттеу барысында біз Иудея шөліндегі шағын үңгірдегін төрт римдік қылыштар таптық. Олар өте жақсы сақталған».
Сарапшылар қаруды еврей көтерілісшілері жасырған деген тұжырымға келген. Үңгірдің жанынан 132-135 жылдардағы Бар Кохба көтерілісі кезіндегі тиын да табылды. Израильдің көне жәдігерлер басқармасының мәліметі бойынша римдік спата қылыштарына ұқсас. Бұл ұзындығы 1 метрге жететін екі жүзді қылыш. Төртіншісінде сол кезеңге жататын сақиналы тұтқасы бар.
ЭЙТАН КЛЕЙН АРХЕОЛОГ:
«Біз қылыштарды зерттей бастадық,олардың біздің дәуіріміздің екінші ғасырына жататынын түсінеміз. Оларды Бар Кохба көтерілісі кезінде еврей көтерілісшілері үңгірге жасырған болуы мүмкін. Біз оларды Рим әскерінен ұрлаған немесе ұрыс даласынан алып кеткен деп ойлаймыз».
Римдік найзаның ұшы да осы жерден табылған. Бұл сирек кездесетін олжа.
Римдіктер біздің дәуірімізге дейінгі 1 ғасырдан біздің заманымызға дейін 2 ғасырға дейін Иудея территориясын басқарған болатын. Шимон Бар Кохба осы кезде Рим әскерімен партизандық соғыс жүргізді. Еврей мемлекеттігін қалпына келтіруге ұмтылған көтерілісшілер өлі теңіз аймағындағы үңгірлер мен алдын ала дайындалған баспаналарға тығылған. Нәтижесінде Бар Кохба ұлттық үкімет құрып, өз теңгелерін соқты. Ол Иерусалимді үш жыл басқарып тұрғанымен 135 жылы римдіктер көтерілісті аяусыз басып тастады.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 894
https://www.youtube.com/embed/xvPTyPOJaAk?si=d77-7xQ3hi48EE_T"
Орал қаласында «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің тұрғындары жатақхананың шатырына шығып алып, наразылық білдірді. Олар мекеме ғимаратын жөндеуге байланысты өздерін басқа орынға көшірмек болған басшылық шешіміне қарсы болып, төбеден секіріп өлеміз деп қорқытты. «Шаңырақ» жетім балалар үйі түлектеріне арналған мекеме. Бұл жерде азаматтар мемлекеттен өз кезегі бойынша баспана алғанша пана тапқан. Тұрғындардың айтуынша, екі күн бұрын оларға ғимаратта күрделі жөндеу болатыны, сондықтан балалар лагерінің аумағына көшіп, уақытша қоныстану туралы хабарланған. Тақырыпты арна тілшісі тарқатсын.
«Шаңырақ» жасөспірімдер үйінде өз баспанасы жоқ жетім балалар үйінің бұрынғы түлектері тұрады және олар жылдар бойы мемлекеттен пәтер алу үшін кезек күтіп жүр. Көбісі отбасын құрып, жылжымайтын мүлікті өз бетінше сатып алып, бөлек шыққан. Ал кейбірі пәтер жалдап, мемлекетке салмақ салмай, өз күнін өзі көріп жүргендер де бар. Бірақ "Шаңырақта" тұратындар саны азаяр емес. Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері алдағы күрделі жөндеу туралы биыл көктемде біліпті. Жөндеу сәуір айына жоспарланған болатын, бірақ белгілі себептерге байланысты жұмыс уақытында басталмаған. Мекеме басшылығы қоныс аударудың уақытша екенін мәлімдесе де, жетімдер жөндеуден кейін жатақханаға қайта орала алмай қаламыз деп қорқады. Сондықтан олар наразылық ретінде жатақхананың шатырына шығып алып, секіруге әрекет жасады.
АНТОНИНА КУЗНЕЦОВА «ШАҢЫРАҚ» ЖАСӨСІПІРІМДЕР ҮЙІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ
Олар бізге қайтып оралатынымызды растайтын ешқандай құжат берген жоқ. Қайтып орала алатынымызға сенбеймін, ал бізде баратын ешқандай баспана жоқ, әрқайсысымыздың отбасымыз бар. Әкімдікке қанша жүгінсекте, мемлекет бізге пәтер берген жоқ. ))
"Шаңырақ" жасөспірімдер үйі Орал қаласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Мұнда отбасылық үлгідегі балалар ауылы түлектері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар тұрады. Бүгінде осы ғимаратты балалар үйінің 67 бұрынғы тәрбиеленушісі мекен еткен. Оның 23-і отбасылы адамдар, 17-сі жалғызбасты ана. Көпшілігі 30-40 жастан асқан. Алайда олар ұзақ уақыт бойы жасөспірімдер үйін паналауға мәжбүр болды. Себебі заңға сәйкес тұрғын үй мемлекеттен оларға әлі берілмеген.
ӨМІРБАЙ ҚАЛЫМБЕТОВ «ШАҢЫРАҚ» ЖАСӨСІПІРІМДЕР ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Ғимаратты күрделі жөндеу жұмыстары 4 айға жоспарланған. Бұған бюджеттен 400 млн теңгеден астам қаржы бөлініпті. Жөндеуден кейін "Шаңырақ" тәрбиеленушілерін жылы орындарына қайта қабылдаймыз, - деп сендірді Жасөспірімдер үйінің директоры Өмірбай Қалымбетов.
Еще материалы
Страница 224 из 237
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.