- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 584
https://www.youtube.com/embed/mDMIuhkMWvA?si=5wckoC-Mi89NCHZR"
Мәжіліс бүгін 2024-ші жылды қорытындылады. Биыл ел азаматтарының өмірі үшін бірқатар маңызды заң жобалары қаралып, қабылданды. Әсіресе, ойын бизнесі, вейпке тыйым салу, есірткі өндірісімен күрес сынды маңызды құжаттар қаралды. Бірақ, арқаны кеңге салатын уақыт емес, алда алар асу мен белестер көп деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «2024 жыл еліміз үшін өзгеріске толы, мазмұнды кезеңге айналды. Халықаралық және жалпыұлттық сипаттағы көптеген маңызды саяси оқиғалар болды. Біз әлемдік диалогтың геосаяси орталығына айналып, өзімізді жаһандық саяси процестердің маңызды қатысушысы ретінде көрсете алдық. Еліміз бірнеше беделді халықаралық ұйымға лайықты деңгейде төрағалық етті. Нәтижесінде халықаралық сарапшылар Қазақстанға "өңірде адалдықпен келіссөз жүргізуші" деген баға берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ресми іссапарлары да үлкен рөл атқарғанын айта кету керек. Мұндай іс-шаралар мен іссапарлар ел мүддесіне қызмет етіп, мемлекетіміздің дамуына, халқымыздың әл-ауқаты артуына зор септігін тигізері анық. Президенттің "барлық маңызды саяси шешімдер тек халықпен бірлесіп қабылданады" деген ұстанымы тағы бір мәрте іс жүзіне асты. Мұны жаңа саяси мәдениет қалыптастыру жолында жасалған елеулі қадам дер едім. Осылайша, биыл өткен референдум нәтижесі мен елдің энергетикалық тәуелсіздігі жолындағы халықтың тарихи шешімі – ұлтымыздың ұйысуы мен қоғам белсенділігінің жарқын үлгісі болды».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 631
https://www.youtube.com/embed/TpBLvYa1U9c?si=C2VhV7QK5t_CD2U1"
Алматыда қалалық мәслихатының кезектен тыс XXVI сессиясы өтті. Сессиясы барысында Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Дулат Ашкенов кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін көтеруді ұсынды.
ДУЛАТ АШКЕНОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ «Тұрғын үйді күтіп ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері соңғы рет 2010 жылы 25 теңге/м2 ретінде бекітілді. Осыған орай, тұрғын үйді күтіп ұстау тарифін 40 теңге/м2 көлемінде бекітулеріңізді сұраймын. Бұл өзгеріс қала бойынша 260 340 пәтерді қамтиды».
Мәслихат шешімімен кондоминиум объектісін басқаруға және оның ортақ мүлкін күтіп ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері 40 теңге/м2 көлемінде бекітілді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 642
https://www.youtube.com/embed/Gwr1P_m2nMY?si=9mc_MhVHsY6IBqIO"
Бүгін, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшқан ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады.Қолда бар ақпарат бойынша ұшақ апатына оның құсқа соғылып,рульді басқаруда туған қиындық себеп болған. Құлаған шетелдік әуе кемесінде отандастарымыз да болған. Бұл туралы еліміздің Көлік министрлігі хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, бортта Қазақстанның 6 азаматы, Әзербайжанның 42, Қырғызстанның 3 және Ресейдің 16 азаматы болған.
СЕРІК ЖҮНІСБЕКОВ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Үкімет қаулысымен Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру бойынша Үкіметтік комиссия құрылды. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Комиссия құрамына Премьер-министрдің орынбасары, Маңғыстау облысының әкімі, төтенше жағдайлар, көлік, сыртқы істер, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрліктерінің басшылығы, Бас көлік прокуроры кірді.Комиссияға оқиға орнына дереу ұшып барып, ұшақтың апатқа ұшырау себептерін жан-жақты тексеруді қамтамасыз ету, қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету шараларын қабылдау тапсырылды.Қазақстан Үкіметі Әзербайжан Үкіметімен болған оқиғаның себептерін жан-жақты тергеу және алғашқы көмек көрсету бойынша бірлесіп жұмыс істеуде.
ЕРЛАН СҰЛТАНМҰРАТОВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ
БЕКБОЛАТ ІЗБАСАРОВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 572
https://www.youtube.com/embed/U35c3prL3N0?si=2Vi0rSAXG5IA5ikI"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 763
https://www.youtube.com/embed/JQnoFUi-aNU?si=bA8SbVSY1smGiN9E"
Петропавлда ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған қайырымдылық шыршасы өтті. Мерекелік іс-шара, балақайларға жаңажылдық көңіл-күй сыйлады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды шығармашылыққа, спортқа баулу мақсатында құрылған «Адон – Север» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған мерекелік шарада аниматорлар қызықты ойындарымен ерекшеленді. Қызметкерлердің айтуынша, мұндай іс-шаралардың арқасында балалар қоғамға бейімделеді.
ЕЛЕНА КОЛМОГОРОВА «АДОН-СЕВЕР» ҚБ ТӨРАҒАСЫ «Біз бүгін демеушілеріміздің арқасында осындай керемет кеш ұйымдастырып жатырмыз. Балалар үшін дастархан жайылды. Сыйлықтарға ие болады».
Ата-ана үшін баласының қуанышты сәтін көргеннен артық бақыт жоқ. Мұндағы балаларға жанын салып қызмет қылып жүрген барша ұстаздар қауымына алғыстарын жеткізді.
СӘУЛЕ АХМЕТЖАНОВА ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ «Менің алғысым шексіз. Менің балам 2-топтағы мүгедек. Мұғалімдерінің барлығы өз істерінің мамандары. Оларға күш, сабыр тілеймін. Балаларымыз аман болсын»
Балаларға арналған мұндай қайырымдылық іс-шаралары әр мерекеде дәстүрлі түрде ұйымдастырылады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 707
https://www.youtube.com/embed/_lTsp029CTE?si=6353QTk5nNiWpZUf"
Естеріңізге сала кетсек, 4 желтоқсанда полиция конвой көлігінен қашып кеткен ер адамға іздеу жариялаған еді. Араға 20 күн салып криминалдық полиция оны Алматы облысында ұстады. Күдікті бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған.Оқиғаға қатысты Алматы қалалық ПД түсініктеме берді.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 552
https://www.youtube.com/embed/ulnrLK0zy3o?si=IFNki8BeVB4u5itb"
Оралдық кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алу арқылы табыс табамыз деп алаяқтың арбауына түскен. Аузындағысын жырып берген кәсіпкер Ілес Бақытұлы тендер саласында нәпақасын тауып келген. Былтыр Жанна есімді азаматша мемлекеттік сатып алу саласында бірге еңбек етуді ұсыныпты. Алданған адамдардың тізімін толықтыратын сюжетке назар аударсақ.
Ілес Бақытұлына ол ұтқан тендерлерін, жұмыс портфолиясын көрсетіп, сеніміне кіріпті. Алғашында ірі-ірі мемлекеттік сатып алу саласында жеңіске жетіп, келісімшартты орындау үшін барын салып баққан.
ІЛЕС БАҚЫТҰЛЫ КӘСІПКЕР
Сан соғып қалған жанның бірі -Ақмарал Дәулетова. Ол да тендердің майын ішіп, жілігін шаққан маманға сеніп, 5 млн теңгесін ұстатады. Айлакер екі айдан кейін қаражатты қайтарып беруге уәде беріпті.
АҚМАРАЛ ДӘУЛЕТОВА КӘСІПКЕР
Тендерге ақша салған 3 кәсіпкер бірлесіп, полицияға үстіміздегі жылдың 27 мамырында арыз жазады. Тәртіп сақшылары қылмыстық кодекстің 190 бабы бойынша іс қозғапты. Арызданушылар әлі күнге дейін істің сотқа жолданбауына назалы.
ІЛЕС БАҚЫТҰЛЫ КӘСІПКЕР
Кәсіпкерлердің арызын айтып, полиция департаментіне сұрау салдық. Құзырлы орган істің аяқталып қалғанын жеткізгенімен,бірақ қай күні сотқа жолданатынын дөп басып айта алмады. Тәртіп сақшыларынан не себепті қылмыстық іс ұзаққа созылғанын сұрап едік. Олар тергеу амалдары барысында сараптама өткізіп, анықтау үшін қанша уақыт қажет болса сонша мерзімде тергеу жүргізіледі деді қысқа қайырды.
СЕРІК ИБРАЕВ БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Кәсіпкерлер тендерден табыс табуға көмектесемін деген әйел адамға бас аяғы 12 млн теңгеден астам қаржысын ұстатқан. Олар тергеу аяқталып, шығынымызды сот арқылы өндіріп аламыз ба деп үміттеніп отыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 702
https://www.youtube.com/embed/2gQRoujGyvQ?si=dDav9PqGPv8GQKni"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 613
https://www.youtube.com/embed/hlmoo7JAxfI?si=wws8TCCfI_PW-7PN"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 580
https://www.youtube.com/embed/qaJjdxeblVY?si=NmRp-7hHFGaomZk1"
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Алматы облысы Қонаев қаласында медициналық нысанды аралап, техникалық базасымен танысты. Кейін облыс әкімдігінде медициналық мекеме басшыларымен жиын өткізді.
Алқа барысында ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы проблемалық мәселелер, соның ішінде кадрлардың біліктілік деңгейі, және медициналық көмек көрсетудің басқа да аспектілері талқыланды.
АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ «Ең басты мақсат-президентіміздің алдымызға қойған талабы ол өңірлердің барлығында медициналық қызметті сапалы ұйымдастыру және медициналық қызметті қолжетілімдігін арттыру мәселесі».
Министр медициналық және медициналық емес персоналдың қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, әлеуметтік төлемдерді, медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге ерекше назар аударды.
АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ «Негізгі мақсат – мемлекет тарапынан берілетін көмектің тізімін нақты анықтау және де МӘМС жүйесіндегі біздің азаматтарымыздың қандай көмек алу керектігін жіктеп көрсету.ең басты мақсат халықтың МӘМс жүйесіндегі енгізілмеген халықтың медициналық көмексіз қалып қоймасын деген үлкен алдымызға қойған міндеттердің бірі»
Ақмарал Әлназарованың айтуынша, Алматы облысы бойынша 80 пайыз халық МӘМС жүйесіне енген. Ал Қазақстан бойынша 83 пайызы МӘМС жүйесінде бар.Сондай-ақ әлеуметтік осал топтарды жергілікті атқарушы органдардың есебінен МӘМС жүйесі жарналарын төлеу мәселесін заң аясында қарастырып жатқанын мәлімдеді.
АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ «Республикалық бюджет комиссиядан өтті.20 өңірдің келісімін алып, бүгінгі таңда парламентпен жұмыс жасауға 2025 жыл жұмыс жалғастырамыз және де 2025 жылдың ортасына дейін осы заңды парламенттің қабырғасынан шығарамыз деген жоспарымыз бар. Яғни ол азаматтар үшін медициналық қызметтің қолжетімділігін арттырамыз деген сөз».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 690
https://www.youtube.com/embed/8OOj_dENfSc?si=cpew8Rirxi0zwNy3"
Бүгін Алматы құрылыс-техникалық колледжінің 55 жылдығына арналған, сонымен қатар оқу ордасындағы техникалық ресурстық орталығының ашылуына орай салтанатты іс-шара өтті. Толығырақ тілші бейнематериалында.
Колледж 8 мамандық бойынша білім береді. Ширек ғасырдан астам уақытта білікті жұмысшы кадрларды дайындап, бүгінгі таңда еңбек нарығының сұранысы бойынша тиімді жұмыс атқаруда
БЕКТҰРҒАН АХМЕТОВ, АЛМАТЫ ҚҰРЫЛЫС ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ БАСШЫСЫ
Техникалық ресурстық орталығының негізгі мақсаттары – жұмыс берушілер талап ететін барлық дағдыларға ие білікті мамандарды дайындау, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы білім беру сапасын арттыру.
ЫСҚАҚ НҰРМҰХАМБЕТОВ
Колледжде сұранысқа ие білім беру бағдарламалары бойынша жұмыстар табысты жүргізілуде, түлектер өз кәсібін ашып, кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастырып, еліміздің дамуына зор ұлестерін қосуда.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 571
https://www.youtube.com/embed/cuR2RzKBbtA?si=awl9yEAxPcx7ihW6"
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,экономикалық өсім,қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру аясында Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу мәселелері бойынша көшпелі отырыс өтті. Шара жайлы толығырақ тарқатсақ.
ҚР парламенті сенатының депутаттары,Облыстық мәслихат депутаттары, аудандық,қалалық мәслихат төрағалары, шаруагерлер,салалық қауымдастықтар мен кәсіпорын басшылары,өнеркәсіп және құрылыс,қаржы және ұлттық экономика министрлік өкілдері қатысқан кеңейтілген отырыста шикізат сапасын арттыру,шаруаларды жеңілдетілген немесе ұзақ мерзімді несиелермен қамту,өндірістің автоматтандыру деңгейін арттыру,қайта өңделген өнімді өткізу нарығын кеңейту,тарифтерді реттеу сынды мәселелер көтерілді. Алматы облысы ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы дамыған өңір. Осыған орай жиында шаруаларды,өнім өндірушілерді алаңдатып отырған мәселелерді шешуде нақты ұсыныстар айтылды.
ҚУАТ БАЙҒОДЖАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде Алматы облысы еліміз бойынша көшбасшы өңірлердің бірі. Облыста азық өнімдерінің барлық түрі өндіріледі. Мәселен ет,сүт.жұмыртқа,ұн өнімдері,картоп,көкөніс сынды тауарлар халықтың сұранысын қамтуға толық жеткілікті.
Жиын барысында Алматы облысындағы қордаланған мәселелерді шешуде ерен еңбек етіп,халықтың артқан үмітін ақтап жүрген аудандық,қалалық мәслихат төрағаларына жергілікті өкілді органдардың нығаюына қосқан елеулі үлесі мен белсенді депутаттық қызметі үшін тағайындалған Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың арнайы алғыс хатымен марапатталды.
БАУЫРЖАН АЙНАБЕКОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Шарадан соң жиынға қатысушылар Талғар,Еңбекшіқазақ аудандарындағы кәсіпорындар мен өндіріс орындарының жәй күйімен танысуға аттанды. 3 қаңтардан бастап халық қалаулылары облыстағы шаруалардың тыныс тіршілігімен танысып,ауылшаруашылығын одан әрі дамыту мақсатында әр ауданды аралау үшін атқа қонбақ.
Еще материалы
Страница 48 из 248

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.