- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 281
https://www.youtube.com/embed/BWYbd2zSvDA?si=-FiSjmYx5lo
Сапасы сын көтермейді. Халық өз қалтасынан қағып қыруар қаржы төлесе де, әлі күнге дейін қажетті медициналық қызметті ала алмай отыр. Осылай деген мәжіліс депутаттары жаңа министрден саланы тез арада ретке келтіруін сұрады. Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінде өткен отырыстан толығырақ тілші тарқатады.
Мәні кеткен МӘМС қашан түзеледі деген халықтың бес жыл бойғы жан айқайынан кейін бүгін депутаттар кезекті рет жиналып, аталған жүйені жақсарту жағын талқылады. Баяндама жасаған Денсаулық сақтау министрінің айтуынша енді әлеуметтік мәні бар ауруларға күдікті пациенттер міндетті медициналық сақтандырудан бөлек, тегін қаралатын болады. Яғни, қант диабеті, туберкулез, ВИЧ, вирусты гепатитке күдікті адамдар ақысыз емделеді. Деседе де, жүйедегі олқылық кезекті рет депутаттардың қатал сынына ұшырады.
АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Біз МӘМС-ті енгізердің алдында осының мақсаты қандай деп сұрақ қойдық. Онда азаматтардың енді өз қалтасынан емделуге төлейтін қаражаты азаяды деген жауап болған. Бірақ бірнеше жыл өтті. Біз нені көріп отырмыз? Керісінше, бір жағынан азаматтар өз қалтасынан (МӘМС-ке) жарнасын төлейді. Екінші жағынан ақылы қызметке төлейтін ақша азаймақ түгілі біршама көтерілді және көтеріліп те жатыр. Мұның алдында біз медициналық қызметтің сапасы туралы айтатын болсақ, қазір жалпы оның қолжетімділігі туралы айтатын болдық».
Медицинаның сапасы жақсармай, сапалы қызметтің қолжетімділігі артпай отырғанының негізгі себебі қаржыландырудың екі пакетінің болуында деп санайды депутаттар. Сондықтан, олар денсаулық сақтау министрлігі ең алдымен осы қаржыландыруды бір жолға қойып алу керек дейді. Одан бөлек, мәжілісмендер жауапты министрден балалар арасындағы аутизммен күрес қалай емделіп жатқанын сұрады.
ДӘУЛЕТ МҰҚАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Қазіргі уақытта балалардың арасында аутизм, ЗПР, ЗРР деген диагноздар өте жиі қойылып жүр. Осыған байланысты мамандардың тапшылығы да байқалады. Мықты мамандар қымбат ақы алады. Балаларын емдеуге ақша таппай жатқан отбасылар бар. Осы мәселе қалай шешіліп жатыр? Мамандар тапшылығы қалай шешіліп жатыр?ДЦП ауруымен ауыратын адамға өмір бойы бір адамның көмегі керек. Осыған байланысты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен зейнеткерлік енгізудіжоспарлап отырсыздар ма?».
АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: «Бұл мәселенің себептеріне қарауымыз керек сияқты. Бірден-бір себептері – негізі әйелдерімізді жүктілікке сапалы дайындау мәселесі, қыздарымыз бен әйелдердің денсаулығы. Әлемде аутизмнің толық себептері әлі анықталған жоқ. Таза медициналық ем де жоқ. Емдеу коррекуиялық орталықтарда жүргізіледі. Соңғы 5 жылдың ішінде өсім болғандықтан, мамандардың тапшылығы бар. Бұл жұмыспен айналысып жатырмыз».
Дәрігерлер жайында сөз қозғалғанда мәжіліс депутаты Ринат Зайытов шет елге оқуға баратын ақ халаттылардың әрекетін сынады. Оқығанынан қыдырғаны көп мамандарға қалай сенеміз дейді ол.
РИНАТ ЗАЙЫТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Бізде дәрігерлерді шетелде оқытуға жылына қанша қаржы бөлінеді? (Министр 300 млрд теңгеден биыл министр 300 млн теңгеге дейін қысқартылғанын айтты). Ол да аз ақша емес. Бір оқиға айтып берейін. Таяуда Түркияда болдым. Сол жердегі азаматтар “Сіздің Денсаулық сақтау министріне дұғай-дұғай сәлем” айтты. Олардың сөзінше, Түркияға адамдарды жіберіп, оқытқаннан ешқандай пайда жоқ. Себебі, жасыратыны жоқ, біздің дәрігерлер ол жаққа барады да, оқығанынан гөрі, қыдырғаны көп болады екен. Енді олар сол ақшаға түріктің маманын алдыртып, неге елімізде оқытпайтынын айтады. Себебі осылай тиімді болады».
«МӘМС - мемлекетке жасалған қастандық» деген депутаттар бұл жүйені тоқтата алмасақ онда жақсарту жолын денсаулық министрлігі тездету керек дейді. Сондай-ақ мәжілісмендер мүгедекке шығаруды бір жақты қылуды сұрайтын адамдар өздеріне күн сайын том-томдаған хат жазатынын айтты. Неге олар жыл сайын келіп мүгдектігін дәлелдеуі керек, «жоқ қолы келер жылы өсіп кетпейді ғой» деген олар, жауапты ведомстводан осы мәселені шешуді талап етті.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 267
https://www.youtube.com/embed/0YHTkBYu-6E?si=4Hw6CKHqFD2s-E9T"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 221
https://www.youtube.com/embed/j42mhF-IgVw?si=Q9UuosxLuNn4sktH"
Көктем келсе де, айнала ақ ұлпаға оранып жатыр. Мұндайда ақындар қыс пен көктемнің «текетіресі» дейді. Еліміздің басым аймағында тұрақсыз ауа райы сақталуда. Жамбыл облысында қар аралас жаңбыр жауып, салдарынан жолдағы көрініс шектеліп, жолаушылар қиндыққа тап болып жатыр. Тіпті адасқан адамдар да бар. Төтенше жағдайлар қызмектерлері жолда қалған жүкті әйел мен балаларды құтқарды. Түркістан облысынан Жаңатас қаласына бара жатқан көлік адасып, балшықта қалып қойған.
Құтқарушылар 5 км жаяу жүріп, 4 жолаушысы бар 1 жеңіл автокөлікті балшықтан шығарып алды. Қазгидромет алдамшы ауа райы әлі ұзаққа сақталатынын айтады. Сондықтан, жауапты мамандар алыс жолға шығарда сақ болып, сапарды алдын ала жоспарлауға кеңес береді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 230
https://www.youtube.com/embed/9floGrVvmpk?si=gJCdFd2_1JbZ4uYB"
Биыл Ақтау көшелеріндегі көшеттердің саны тағы бес мыңнан асатын болады. Қаланы көгалдандырумен айналысатын мекеме осылай деп уәде берді. Қазір шаһардың әр аумағында жас шыбықтар егілетін орындар дайындалу үстінде.
Соңғы жылдары тал-теректері сиреп кеткен Ақтауды абаттандыру мәселесі екі жыл бұрын қатаң қадағалауға көшкен болатын. Өйткені миллиондаған қаражатқа сатып алған жас шыбықтар келер жылға жетпей қурап қалатын. Өткен жылдан бері көгалдандыру ісіне ботаникалық бақ зерттеу жасап, енді өсіп-өнген көшеттер отырғызылады. Былтыр қалаға 4500 жапырақты және 2600 қылқан жапырақты ағаш еккен. Ал орталық көшелерге 3600 раушан мен 150 мың бір жылдық гүлдер егілген.
НҰРБОЛ ӘДІЛОВ, АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ Енді осы 2024 жылы жоба бойынша 130 мың дана гүлдер, 4 мың жарым дана жапырақты ағаштар, 2390 раушан гүлдер отырғызу жоспарлануда.
Қазір осы жасыл желекке оранатын аумақтарды тегістеп, топырағын дайындап жатыр. Ал егілетін көшеттер ботаникалық бақта өсіріліп тұр.
АЙБЕК ЕРБӨЛЕКОВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕНІҢ БАСШЫСЫ Ботаникалық бақ өздері өсіріп соған сәйкес біз сол жақтан сатып алып,оны біз басқа қалалардан, басқа региондардан алып келіп жатқан жоқпыз. барлығы мына біздің климатқа қолайлы, біздің климатта өскен. Енді ауа райының қолайлы жағдайына байланысты отырғызу жұмыстары басталады.
Тал-теректерді егуден бөлек, оларды суару да өңір үшін үлкен мәселе. Себебі көктем басталысымен өзекті сауалға айналатын ауыз су тапшылығы тағы бар.
АЙБЕК ЕРБӨЛЕКОВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕНІҢ БАСШЫСЫ Ауыз суының тапшылығына байланысты біздер ауыз суды көп пайдаланған жоқпыз. Мына жерасты суы 1 шағынауданда орналасқан жерасты суын пайдаландық. кеше біздер келісім-шарт жасақтап қала аумағындағы орталықтагдрылған су құбырларын қосу жұмыстарын бастадық.
Былтырдан бері қалада 120 шақырымдай тал суаратын құбыр жүргізілген. Бүгінде соның 100 шақырымы орталықтандырылған су құбырына жалғанған. Ал қалған 20 шақырым суару құбырын жуырда қосады. Сөйтіп қала билігі биыл да көгалдандыру жұмыстарының тиянақты атқарылатынына сөз берді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 268
https://www.youtube.com/embed/JpfXJ3orjUQ?si=m6aVSHDm8BqBieHh"
Алматы әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ұшып келетін және ұшып кететін рейстер қалпына келтіріліп жатыр. Алайда, дәл уақытында діттеген жеріне жете алмаған жолаушылар наразылықтарын білдірді.
Кеше түстен кейін жауаған қар, әуежай жұмысына кедергі келтірді. Бірқатар рейс кешігіп ұшты. Бүгін таңертең де сондай жағдай болды. Діттеген жеріне уақытында жете алмаған жолаушылардың бірі алматылық Қажыбек Қабиұлы таңғы 06:30 бастап ұшағына отыра алмаған.
ҚАЖЫБЕК ҚАБИҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Жоқ-жоқ. Енді сіз далада жауған қарды көріңізші. Ары кетсе 5-7 см. Қыста 30 см дейін қар жауады. Ондай кездерде де ұша беретін. Осы 7-5 см бола самолет ұшпай қалды дегенге мен сенбеймін. Не мыналар дұрыс жауап бермейді. Мына жерде болмаса FlyArystan кассасы да жоқ. Мен таңертеңнен осы жерде жүрмін»
Азаматтық авиация комитетінің өкілдері, жолаушылардың қауіпсіздігі үшін осындай қадамға барғандарын жеткізіді.
ӘДІЛЕТ КӨБЕНОВ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕ КОМПАНИЯСЫН РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ «Яғни, әуе компанияларда қауіпсіздік төнуі мүмкін деген күман болған жағдайда рейс орындалмайды. Сондықтан, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, тиісті шараларды қолдану үшін әуежай 2 сағатқа жабылған болатын. Ол жабылған кезде тиісті шаралар қабылданды. Соған байланысты әрине кейбір рейстар кеш орындалды».
Қар тоқтап, тұман сейілгенен кейін әуежай қалыпты режимде жұмыс істей бастады. Рейстердің барлығы орындалады. Ұшу-қону жолағы таза.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 253
https://www.youtube.com/embed/UMwu6gOjVO8?si=GQt-fLbhI2R3paeT"
Оқушылар көктемде 11 күн демалады. Демалыс наурыздың 21-нен 31-не дейін жалғасады. Төртінші тоқсан 1 сәуірден басталады. Мектеп оқушыларының осы он күндік демалысын бос өткізбей, тиімді әрі пайдалы жүзеге асыру үшін оқу-ағарту министрлігі мынадай ұсыныс әзірлепті.
САМАТ ЖҰМАБЕКОВ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Табысты тұлға» тақырыбында сынып сағатын, «Үміт сәулесі» акциясын өткізу; «Ата-аналар мектебі» жобасы аясында «Домбыра Party» фестивалін, «Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталды», «Атадан-өсиет, анадан-қасиет» тақырыптарында ата-аналар жиналыстарын өткізу; «Жеткіншектің Жеті Жарғысы» жобасы аясында «Экологиялық калейдоскоп» сенбіліктер, «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» тақырыбында мата, жүн, былғары, киіз, ағаш, жіп, қағаз, сазбалшық және тағы басқа заттардан қолөнер туындыларын әзірлеуден байқау өткізу; Құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру ұсынылады».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 239
https://www.youtube.com/embed/HG-MuGFT6Y8?si=W-i5J0DJzPIqyqC4"
Ақмола облысының курортты аймағының бірі саналатын Зеренді өңірінде құсбегілік пен қазақы құмай тазылар арасында «Шырға тарту» жарысынан ашық турнир өтті. Оған облыстың аудандарымен қатар еліміздің бірнеше аймағынан бүркіт пен тазы иелері қатысты. Жетпіске жуық қатысушы жануарлары мен құстарының шеберлігін, алғырлығын көрсетіп, өзара мықтыны анықтады.
Ашық турнир осымен екінші рет өтіп отыр. Ұйымдастырушылар ата-бабадан мұра болып қалған ерекше өнерді жастарға насихаттауды көздейді. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың қызығушылығын ояту, құсбегілер мен құмай тазы асыраушыларға қолдау білдіру.
ТОҚТАР ЕКПІН, ШАРАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ Осы жарыс жалғасын таба берсе деген ниетіміз бар. Және де біздің осы Зеренді районынан үлгі алып, басқа аудандардағы басшылар да қолға алса деген ниетіміз бар. Енді бұл дүние бізге керек, қазаққа керек. Басқа ешкімге керек емес. Сондықтан да, осы дәстүріміз өліп кетпесе екен деген ниеттеміз.
Турнир қатысушылары Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласынан келген. Қарағандыдан ат терлетіп келгендердің бірі Рамазан Усеев. 76 жастағы ақсақалдың тазы асыраумен айналысып жүргеніне 70 жыл. Қазірде балаларын, немере, жиендерін осы өнерге баулып жүр. Өзінің Зерен және Зымыран атты қос тазысы бар.
РАМАЗАН УСЕЕВ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ Талай приздар алдым, талай жерлерде болдым. Ендігі арманым осы қазақтың тазысын әлем таныса екен. әлем танып, қазақтың тазысы деген атаққа ие болса екен деген арман бар. Күнде емес, демалысына 1-2 рет аңға шығып тұрамын. Күнде ала бермейсің, анда-санда. Қоян, түлкі, борсық алып келеміз.
Турнир қатысушыларының ішінде әсіресе ерекшеленіп, көзімізге оттай басылғандардың бірі Асыл есімді жас келіншек. Көбіне, ер азаматтарға тән өнер түрімен нәзік жандылардың айналысуы, әрине, ерекше құбылыс. Асыл Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданының намысын қорғап келген. Өзі мұғалім. Кішкентайынан аттың құлағында ойнайды. Ал, соңғы жылдары тазыға деген қызығушылығы оянып, итбегілікке де бет бұрған көрінеді.
АСЫЛ АХМЕТОВА, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ Бірінші рет қатысып көрейін деп жатырмын. Ешқандай дайындықсыз. Енді көреміз қалай болатынын. Осындай іс-шаралардың өітп жатқаны өте қуантады. Өйткені, біздің солтүстік өңірде мұндай нәрселер өте аз. Біздің ұлттық құндылықтарымызды, рухани байлығымызды көтеретіндей, жастарымызға үлгі болатындай. Және де осындай ұйымдастырушыларды қолдау ретінде біз бүгінгі күні келіп тұрмыз, осындай іс-шараларды өткізбеуге тырысамыз.
Бүркіт ұстап, аңшылыққа шығуды сүйікті ісіне айналдырғандардың бірі зеренділік Сейілбек Жақашев. Осы күні 14 жасар қызы Аяжанды да жанынан бір елі тастамайтын болған. Онысы өскелең ұрпақ ұлттық өнерді білсін, қазақылыққа жақын болсын дегені.
СЕЙІЛБЕК ЖАҚАШЕВ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ Құсымның аты Дос. 1 жаста. Құстың тілімен айтқанда балапан. Міне, тірнек деген жасқа екінші жылға шығып жатыр. Бұл құспен халықаралық фестивальға қатысып келдік. Қазақстан чемпионатына қатыстық. Осы құсты дайындарда өзімнің үлкен қызым Аяжан маған көп қолғабыс. Құдай қаласа енді алдағы уақытта құсбегілік өнерге баулып жатқан жайым бар. Бүгін, міне, келіп қатысып жатқан алғашқы жарысы.
Турнир шартына сай құсбегілер үш кезең бойынша бақ сынады. Қолға шақыру, шырға тарту және қоян алу, ал құмай тазылар шырға тарту бойынша сынға түсті. Әр қатысушының аталмыш жарысқа тыңғылықты әзірленгені байқалады. Әр қайсы бүркіті мен тазысын әбден сайлаған. Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 миллион теңгеден астам. Жүлде мен ұйымдастыру жұмыстарына қажетті қаражатты жергілікті аудандық әкімдігі мен демеушілер бөлген. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта мұндай шараларды жиі өткізіп, республикалық, одан қалды халықаралық деңгейге шығуды көздейді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 223
https://www.youtube.com/embed/GCiarxzTqK4?si=o5DPMKQdPYNnIXUr"
Еліміз үшін тарихи һәм экономикалық та маңызы зор Атырауда өтіп жатыр. Жиналғандардың сөзінше, құрылтайдың мүддесі – біреу, ұлттық, рухани мүддені басты орынға шығару. Түркістанда өткен құрылтайда қозғалған мәселелердің бірсыпырасы орындалды. Мәселен, мемлекеттік наградалар туралы заңда өзгеріс енгізілді. Зорлық-зомбылық туралы заң Сенатқа жолданды, Лудомания туралы заң үкіметте дайын тұр. Дегенмен тәрбиенің тамыры тереңде жатыр. Материалдық емес құндылықтарды алға шығарған кезде ғана, қоғамды улаған кесапаттардың жолын кесуге болады,- дейді жиналғандар.
ЖАНАРБЕК ӘШІМЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ Арнайы тұжырымдама қабылданған. Бірақ тұжырымдама әлі күнге дейін жұмыс істеп тұрған жоқ. сондықтан материалдық емес құндылықтарды түгендеу үшін арнайы заң керек. Жеке заң. Оны депутаттық бастамаммен жасауға біздер ниеттеніп жатырмыз.
СВЕТҚАЛИ НҰРЖАН, АҚЫН Енді ұлттық тұтастыққа қарай. Ол үшін діни теріс ағымдарға тыйым салыну керек. Сосын біз рулық жіктерге бөлініп бара жатырмыз. Бұл ірің болып бара жатыр. Біз ұлттық намыс емес, рулық намыстың деңгейіне түсіп, құлдырап кейін кетіп бара жатырмыз.
Жиында бір отбасының ғана емес, тұтас ұлттық кесапатына айналып бара жатқан жат ағымдар мен құмар ойындардың жетегінде кеткендер мәселесімен бірге, киномотография саласындағы идеологиялық мазмұн, шекара бойындағы ауылдардан жаппай көшуі, әдебиеттің дамуы, кітап шығару, балалар басылымдары мәселесі де қозғалды. Мұндай жиын өзекті мәселердің шешудің қозғаушы күші ретінде маңызы зор,- дейді құрылтай мүшелері.
АСҚАР ЖҰМАДІЛДАЕВ, ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ Құрылтай парламент емес, алайда құрылтай қазаққа керек. Халықтың пікірін тыңдау үшін. Мысалы, гранттың аясын кеңейту керек. Тек мақала жазу үшін берілмеу керек. Мысалы, ол ғылыми көпшілік әдебиет шығару үшін. Мысалы өнертапқыштыңқ жасау үшін. Мысалы, құрылғы алу үшін. Мысалы сіз физикамен шұғылданатын болсаңыз, құрылғыңыз өзі бәленбай миллион болады деп осындай нәрселерге жұмсалу керек деп айтқанмын. Менің мақсатым, ғылымды түзеу қазақтың бетін ғылымға бұру. Жаңа технологияға бұру. Қазақ технократ ел болу керек.
Жиында жеті хан жерленген Алтын Орданың астанасы Сарайшықты ғылыми орталыққа айналдыру мәселесі де қозғалды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 266
https://www.youtube.com/embed/_xaMCCsSEk4?si=tKC5QkzvFOrmh2Ea"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 279
https://www.youtube.com/embed/fb2V9UPAF20?si=3zqQww841IoiYJyd"
Бүгін Алматы қаласы Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мекттеп -гимназиясында Ұлттық құндылықтар-оқу процесінің өзегі тақырыбында қалалық семинар өтті. Шараға қатысып қайтқан тілші тарқатып берсін.
Ұлттық құндылықтарды оқу процесіне кіріктірудегі инновациялық тәжірибені тарату мақсатында өткен шараға қалалық мектептерден 60 қа жуық ұстаздар қатысты. Аталмыш мектептің әр пән бойынша білікті ұстаздары семинарға келген мұғалімдерге түрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып ұлттық құндылықтарды шәкірттерінің бойына сіңдіру мәселелерін ортаға салды.
АСҚАР САРБАҒЫСОВ Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ №86 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Қазақ тілі мен әдебиеті,Тарих,биология,физика сынды бірқатар пәндер ұстаздарының жобаларына деген қызығушылық жоғары болды.Көркем сөздің зергері авторлық бағдарламасымен шараға қатысқан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Досқазиева Ботагөз Ғ.Мүсірепов шығармаларын насихаттау арқылы құндылықтарды шәкірттердің бойына сіңіруді қолға алған.
БОТАГӨЗ ДОСҚАЗИЕВА ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Шара барысында мектеп оқушылары Киіз басу биін билеп ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді. Игі бастама жалғасын таппақ.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 223
https://www.youtube.com/embed/37ZlnGxFvXY?si=QstEZmiZkZDA1GxX"
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да Ресей Ғылым Академиясы академигінің жетекшілігімен жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің күрделі бұзылыстарын емдеу бойынша бес күндік мастер класс өтуде. Толығырақ алдағы материалда.
Бұл операциялар өте күрделі және жүрек ырғағының бұзылуын емдеудің ең тиімді әдісі болып табылады. Жетекші ресейлік маманмен бірлескен операциялар жүргізе отырып, ҒЗИ дәрігерлері үлкен тәжірибие алуда.
МАРАТ ПАШИМОВ ҒЗИ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: «Науқастарды алдын ала жинадық. Сол жиналған науқастарға бір апта бойы 20-25 науқасқа оталар жасайтын болады. Қазір өздеріңіз байқап отырсыздар, әлемде, басқа федерацияларда жаңадан жасалып жатқан оталарды. Біздің мақсатымыз – біздің Қазақстанға енгізу. Біздің Қазақстан тұрғындары шетелге бармас үшін. Қазір үкіметтен, денсаулық сақтау ұйымынан құрал жабдықтар бөлініп жатыр. Қаражаттар бөлініп жатыр. Біздің адамдар шетелге бармай, осындай мүмкіншілік бар кезде осындай оталарды өзімізде жасау».
АХЫТ БАҒДАТ ҒЗИ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Сергей Артеменко жүрекше фибрилляциясы бар емделушілерде радиожиілікті катетерлік абляция процедурасының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдіснамалық тәсілдерді әзірлеген. Бұл әдістер халықаралық және ұлттық клиникалық ұсыныстарға да енген. Радиожиілік, катетерлік, абляция, жүрекке ең күрделі жоғары технологиялық операцияларды жасауға мүмкіндік беретін үш өлшемді навигациялық картаға түсірудің озық жүйелерін пайдалана отырып жүргізіледі. Осылайша адамдардың өмірін құтқарып, оларды толыққанды өмірге қайта әкеледі.
СЕРГЕЙ АРТЕМЕНКО РҒА АКАДЕМИГІ, ІТМ ФЗО ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-КЛИНИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: «Бұл жұмысты біз 10 жыл бұрын жоспарлағанбыз. Негізінен, көп жағдайда жастары ұлғайған адамдарда жүрек ауруы жиі кездеседі. Оларда аритмия көп. Әсіресе, әйел адамдарда жиі кездеседі. Осы мастер класстың өзінде үш төрт әйел адамға ота жасадық. Қазір құрал жабдықтардың барлығы бар деуге болады. Бәрі заманауи үлгіде жасалынған. Соларды пайдалана отырып, біз аритмияның кез келген түрін жоюға мүмкіндік ала аламыз. Сондықтан, ұзақ әрі сапалы өмір сүру үшін тиісінше батыл қадамдар жасаған дұрыс».
Сондай ақ, күрделі ота жасатқан емделушілердің бірімен де тілдестік. Айтуынша, ота кезінде ояу жатса да, ауру еш білінбеген. Барлығы жеңіл әрі ойдағыдай болған. Емделуші білікті мамандарға дән риза.
ИРИНА РОМАНОВСКАЯ ЕМДЕЛУШІ «Мен бұл жерде бірінші рет емеспін. Себебі, менде күрделі жүрек ауруы бар. Яғни, тыныс алу, жүру секілді физикалық белсенділік өте төмен. Бірақ, бұл ота мен үшін өте дұрыс шешім болды деп ойлаймын. Қазір технологияның дамыған заманы болғандықтан, қажет құралдың бәрі бар. Мен ота жасалған күннің ертеңіне аяғымнан тұрып кеттім. Ешқандай ауыру сезімі сезілмеді. Бәрі тамаша. Басқа адамдарға айтарым, өзіңіздің өміріңіз үшін соңына дейін күресіңіз. Ең бастысы – өзіңізге сеніңіз».
3D технологиялары аритмияның көзін – жүректің басқа тіндеріне зақым келтірместен патологиялық ошақты 1 миллиметрге дейін табуға көмектеседі. Нәтиже операция кезінде көрінеді. Аптаның соңына дейін жүрекшелер фибрилляциясы және басқа да күрделі эктопикалық ошақтары бар науқастарға ота жасалады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 315
https://www.youtube.com/embed/Tnl93uSRqnI?si=f2sHlG549wY45OWN"
Жарты ғасырлық тарихы бар Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жаңа ұжыммен толықты. Ішекті симфониялық оркестрінің құрамына 21 штат бөлініп, кәсіби шеберліктері жоғары,музыка саласында білімі бар мамандар тартылған. Оркестрге керекті аспаптар алу үшін 7млннан астам қаражатта қарастырылған. Жұмыстарын бастап кеткен оркестр репертуарларын көбейту мақсатында қызу жұмыс үстінде. Сәуір айында тұсаукесер рәсіміне арналған концерт өткізу де жоспарда бар.
ДАНИЯР ҚҰРАМЫСОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ СҮЙІНБАЙ АТЫНДАҒЫ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Еще материалы
Страница 78 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.