- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 253
https://www.youtube.com/embed/lBlASuihx5c?si=52DpSBWW1uFNMA8z"
Топан судың қорқынышы басқаларға да үрей әкелуде. Ақмола облысындағы Қылшақты өзенінің суы облыс орталығындағы сапаржай шағын ауданындағы жолдарды шайып, үйлерге кірген. Судың сарқылар түрі жоқ. Қазір қолдан келер істің барлығы жасалуда. Ал, қара шаңырағынан қара түнде айырылып, қапа болғандар енді не істерлерін білмей дал.
Бұл орталық арық өтетін Остапенко көшесі. Қожайын 16 жылдан бері су басудан артық көргенім жоқ дейді. Жоғары жақтағыларға да шағымданып шаршаған. Барлығы тек ауызбен орақ орып, іске жоқ деп күйінеді тұрғын.
ЖАНАТ ҚОЖАЕВ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Орталық арық менің үйімнің аумағынан өтеді. Үй мен бақшаның ортасында орналасқан. Жыл сайын суға кетеміз. Менің ауламнан шыққан су көршілерге, мектепке дейін жайылады. Шамамен, 30 шақты үй зардап шегеді. Жыл сайын жиhаз ауыстыруға мәжбүрмін. Асып бара жатқан байлығым жоқ. Бірақ, жағдай осындай. Су соратын құрылғыны да өзім сатып алдым. Мәселенің қашан шешілетіні белгісіз».
Қазір су басу қаупі ең жоғары аудандардың көшін вокзал бастап тұр. Жұмылдырылған күштің көбі осы жерде жүр. Күн түн демей жанталасып жатқандардың сөзінше, суды тоқтату қиындық тудыруда.
МАКСИМ ШАТКОВСКИЙ КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: «Өзен деңгейі күрт жоғарылап кетті. Одан бөлек, қатқан мұздар кедергі жасап, көпір астындағы су өткізу қондырғыларының күші жетпегендіктен, су арнасынан шықты. Жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлері жұмылдырылып, Абай көшесінің бойындағы көпірден Қопа көліне дейінгі аймақтағы өзен мұздарын жару жұмыстарын жүргізіп жатыр».
Қала әкімдігі зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созуға дайын екендерін де айтты.
ДӘУЛЕТ ЖҮНІСОВ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Тұрғындарға көмек көрсетеміз. Арнайы желі қызметке қосылған. Сол номерлер бойынша хабарласа алады. Бүгіннің өзінде тұрғындардан арыз-шағымдар түсіп жатыр. Қазір біз үшін маңыздысы Қылшақты өзеніндегі мұздарды шығару. Одан кейін жағдай реттеледі. Оқиға орнында төтенше жағдайдың 30 қызметкері мен мердігер компаниялардың 60 шақты маманы жүр. Жағдай жергілікті атқарушы органның назарында».
Әкімдіктегілер есеп беру кезінде барлық жағдайға дайынбыз деген болатын. Бірақ, бүгінгі жағдай біраз уәденің қаншалықты рас екендігін көрсетіп бергендей. Тұрақты жерінен айырылған тұрғындарға көмек көрсетілсе де, тірнектеп жинаған дүниесін қайта қайтара алмайтындары анық.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 270
https://www.youtube.com/embed/DH2D6NPjExk?si=FwHwfraqK0t-sBpZ"
Қорғаныс министрлігі неге сарбаздарды қорғай алмай отыр. Бұл жолы Теңіз жаяу әскерін дайындайтын еліміздегі жалғыз әскери бөлімнен шу шықты. 25/744 әскери бөліміндегі оқиға қоғамда толқыныс туғызды. Ақтауда сарбаздарды ұрып-соққан командир жұмыстан босатылатын болды. Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Маңғыстауға әскери борышын өтеуге келген 5 сарбазды ұрыпқ-соққан командирдің әлімжеттік ісі дәлелденді. Қылмыстық істе бірнеше эпизод бар. Мәселен, ант беру рәсімінде командирдің аты-жөнін шатасып айтқан сарбаз оңбай таяқ жеген. Тағы бір жағдайда қатарға тұруға кешігіп келген сарбаздың бетінен жұдырықпен ұрып, орындықпен бірнеше рет соққыға жыққан.Қазір айтулы жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің 451-бабы, 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.
ТИМУР АҢДАМАСОВ, БАС ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: «Ақтөбе гарнизоны әскери сотының шешімімен, екі жақтың татуласуымен іс қысқарды. 5 жәбірленуші де кешірім беретіні тұралы мәлімдеді. Командир өз кінәсін мойындады. Аталмыш дерекке қатысы бар взвод командирі мен оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жұмыстан шығарылатын болады».
Сот шешімі күшіне енгенше командир қызметінен шеттетілді. Әрі қарай, әскери прокурорлардың ұсынысымен қызметін асыра пайдаланған әскеридің тағдыры шешілетін болады.
«Қазіргі біздің мемлекетіміздегі әскерге көңілім толмайды.Себебі әлеуметтік желілерден көріп, жақындарымыздан естіп жатырмыз, балалар барғысы келмейді. Ұрып-соғу көп. Біздің әскери жүйеге тәртіп керек. Дұрыс қаралу керек. Ата-ана балаларын жібергісі келмейді».
«Біздің әскерді қатаң тексеру керек. Жаңалықтарды ашып қалғанда балаларды ұрып-соққанын естиміз, одан қалса өліп жатқанын естиміз Сол себепті болашақта балаларымызды әскерге жіберуге қорқып қалдық. Қатаң заң қабылдаса дейміз».
Аталмыш әскери бөлімнің басынан дау артылмай келеді. Осындай сипаттағы жағдайда тағы бір сарбаз соққыға жығылды деген арыз түскен.Аталмыш әскери 12 наурыздан бері ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 237
https://www.youtube.com/embed/vnJcp7QDAoA?si=0FFe9lPyic8_cInO"
Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға үндеу жасады. Мемлекет баланы ата-анадан тартып алады деген ол фейк, шындыққа еш жанаспайды деген министрлік өкілі, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі жаңа заң жобасында балаларды отбасынан тартып алатын норма жоқ екенін айтты. Сондықтан, ата-аналарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.
ЕДІЛ ОСПАН ҚР ОҚУ-АҒАРТУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «Аталған заң жобасында отбасылардан балаларды мемлекеттік органдардың тартып алуына мүмкіндік беретін нормалар бар деген жаңсақ ақпараттар таратылып жатыр. Ол ақпараттың ешбірі шындыққа сәйкес келмейді. Мемлекеттік саясат баланы туған отбасында тәрбиелеу құқығын қамтамасыз етіп, балаларды тәрбиелеу мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде ең алдымен ата-аналарға басымдық беруге бағытталған. Мемлекет өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдауға арналған тиімді шараларды үнемі іске асырып келеді. Құрметті ата-аналар! Әртүрлі фейктерге сенбей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 178
https://www.youtube.com/embed/ImR9fziuyq0?si=j7pBjhwq_yeQr9lL"
Сенат депутаттары үкіметке наразы. Олар өздері жолдаған депутаттық сауалдарына мардымды жауап ала алмаймыз деп отыр. Мемлекеттік бағдарламаның қай қайсысы болсын межелеген индикаторға қол жеткізген жоқ. Барлығы тек қағаз жүзінде іске асып жатыр, ал іс жүзінде түк жоқ деген жоғарғы палата депутаттары мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын сынады.
ЖАНБОЛАТ ЖӨРГЕНБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Үкімет тарапынан мемлекеттік сауалға берген ресми жауаптары көңілге қонымсыз. Іс жүзіндегі көптеген амбициалық жобалар қағаз жүзінде қалып, бірде-бір мемлекеттік бағдарлама межелеген индикаторға қол жеткізілмеген. Жазылады немесе болады , сұралуда, жоспарлануда деген стандартты жауаптармен аяқталады. Ең сорақасы, теріс нәтиже үшін ешкім жауапқа тартылмайды».
Айта кетейік, бүгін сенаторлар Еуразиялық экономикалық одақ аясында тұтынушылардың құқығын қорғауға арналған құжатты мақұлдады. Жалпы құжатқа 32 түзету енгізілді. Олар техникалық реттеуге, санитарлық, ветеринарлық және карантиндік шараларға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуға қатысты.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 307
https://www.youtube.com/embed/ai8Ch7Btu3I?si=chFBa1r3mw3KtPlG"
Ешкім назардан тыс қалмайды. Үкімет барлық су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесетін болады. Бүгін СҚО іс-сапармен барған үкімет басшысы Олжас Бектенов осылай деді. Айта кетейік, республикалық және өңірлік жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Қазір Төтенше жағдайлар министрлігі мен ұлттық ұлан, әскерилер жалпы саны 4 мыңға жуық адам, мыңнан астам техника су тасқынына қарсы жұмыстарға тартылды. Ал, жол қатынасы қиын жерлерде адамдар тікұшақтармен эвакуацияланып жатыр. Жағдай қатаң бақылауда екенін айтты Премьер-Министр. Жұмыстар қауіп толық сейілгенше жалғасатын болады деді ол.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Жалпы өздеріңіз білесіздер, еліміз бойынша су тасқыны болып жатыр кейбір өңірлерде. Сондықтан, жеке құрам, техника барлығы жұмылдырылды, бірақ та жағдай күрделі. Барлық жұмыстар жүргізілуде. Зардап шеккен адамдарға көмек көрсетіледі. Үкіметтің көмегінсіз назарынсыз ешкім қалмайды. Солтүстік Қазақстанда да осындай шаруалар атқарылады»
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 211
https://www.youtube.com/embed/O0vLU9A236g?si=tWM7k_8vTTlR--gl"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын Қытайдың Хайнань провинциясында өтетін Боао Азия форумының пленарлық сессиясының ашылу рәсіміне қатысты. Биылғы 23-ші форум «Азия және әлем: ортақ сын-қатерлер, ортақ жауапкершілік» деген тақырыпта өтіп жатыр.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жиын қатысушыларына ілтипат білдіре отырып, құбылмалы геосаяси ахуал мен экономикалық қиыншылықтың салдарынан туындаған жаһандық тұрақсыздық жағдайында бұл платформа диалог пен халықаралық ынтымақтастық орталығы ретінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:«Осы онжылдықтың ортасына қарай жаһандық жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны соңғы 30 жылда ең төменгі деңгейге түсетіні айқындала бастады. Сонымен қатар жетекші елдер арасындағы сауда қатынастарының шиеленісуі – әлі де әлемдік экономиканың алдында тұрған негізгі сын-қатерлердің бірі. Протекционизм саясаты мен сауда дауларының ушығуы жаһандық жеткізу тізбегін бұзып, экономикалық өсімді тежейді, сондай-ақ инвесторлардың сеніміне селкеу түсіреді. Жаһандық экономикаға дамудың жаңа парадигмасы керек екені анық. Бұл мәселені шеше алмасақ, таяу онжылдықтағы мүмкіндіктер қолымыздан сусып кетуі әбден ықтимал».
Мемлекет басшысы орнықты дамудың жаңа дәуіріне қадам басар тұста Азия елдері көш бастап тұрғанына назар аударды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:«Биыл Азия елдері әлемдік жалпы ішкі өнімнің 60 пайыз өсіміне қол жеткізеді деген болжам жасалып отыр. Дүниежүзілік сауданың 53 пайызы осы құрлықтың үлесіне тиесілі. Мұнда әлемнің ірі және қарқынды дамып келе жатқан экономикалары орналасқан. Соңғы жылдары Азияға тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі едәуір ұлғайды. Сондай-ақ бұл аймақта патенттік әзірлемелердің 70 пайызына иелік ететін әлемнің жетекші технологиялық орталықтары бар. Құрлық айтарлықтай адами ресурсқа ие. Әлемдегі ірі 30 қаланың 21-і Азия құрлығында орналасқан. 2030 жылға қарай орта таптың тұтыну көлемінің өсімі 30 триллион доллар болмақ. Болжам бойынша оның 1 триллион доллары ғана батыс экономикасына тиесілі. Осы факторлардың барлығы мұның «Азия ренессансы» екенін көрсетеді».
Қасым-Жомарт Тоқаев фискальды және ақша-несие жүйесін жетілдіру, қаржы ағындарын кеңейту, институттардың сапасын арттыру шаралары нарықтық және бәсекеге қабілетті экономика қалыптастыруға ықпал етеді, соның нәтижесінде аталған сала анағұрлым ашық, сенімді әрі қарқынды бола түседі деп санайды. Алайда, Президенттің пікірінше, бұл мақсаттарға қол жеткізіп, қазіргі жаһандық сын-қатерлерге төтеп беру үшін күш біріктірген жөн. Осы орайда Мемлекет басшысы бірқатар өзекті міндетті айқындап берді. Оларды іске асыру үшін бүкіл әлемдік қоғамдастық күш жұмылдыруы қажет.
Мемлекет басшысы Қытайға жасаған іс сапары аясында БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы, Боао Азия форумының төрағасы, Жаһандық жасыл даму институты (GGGI) Ассамблеясының Президенті Пан Ги Мунмен кездесу өткізді.Қазақстан Президенті Боао форумына қатысуға шақырғаны үшін Пан Ги Мунға ризашылығын білдіріп, оның БҰҰ Бас хатшысы қызметін атқарған кезде әлемдік қауымдастыққа елеулі еңбек сіңіргенін атап өтті.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Боаоға жұмыс сапары аясында Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесу өткізді.Әңгімелесу барысында Президент жиынға шақырғаны және шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қытай Халық Республикасының басшылығы мен Боао Азия форумының Хатшылығына алғыс айтты.Мемлекет басшысы қазақ-қытай ынтымақтастығын мүлде жаңа деңгейге көтеруге тараптар бар күшін жұмсайтынын айтты.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 252
https://www.youtube.com/embed/zoYrjNdEQGU?si=xSzt55A8GfQnEMec"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 232
https://www.youtube.com/embed/RufNLUk4SGI?si=NGiJRm4N6AGt2XoV"
Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес азаматтардың жекелеген санатындағы азық-түлік шығындары мемлекет есебінен өтеледі. Азаматтардың бұл санаттарына көп балалы отбасылар, атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандар және халықтың осал топтарына жататын басқа да адамдар кіреді. Кәмелетке толмағандардың құқықтарының сақталуын талдау барысында Сандықтау ауданында 78 балабақша тәрбиеленушісіне азық-түлік үшін өтемақы төленбеу фактілері анықталды. Аудандық білім бөлімі көп балалы аналар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасыларды азық-түлікке өтемақы төлеу тізіміне енгізбеген. Осылайша, олардың мектепке дейінгі ұйымдардан тегін тамақ алу құқығын бұзған.
МЕРУЕРТ БАЙБОЛОВА АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ: «Прокурорлық ден қою шаралары балабақшалардағы 78 балаға азық-түлік шығындары өтелді. Бұзушылықтар үшін білім бөлімінің 4 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 236
https://www.youtube.com/embed/wLtXw9ezomA?si=bZf58wSX-PBJ-eYX"
Көктем келіп, күн жылынып, қыстан қалған қар суы халықты әбден әбігерге салуда. Салдарынан көшелер мен үйлер қар суының астында қалды. Бұл мәселеге қатысты жұмыстың басталғанына бір тәуліктен аса уақыт өтсе де, еш түзелер емес. Себебі, толассыз жауып жатқан жаңбыр суы жағдайды одан сайын ушықтыра түсуде. Енді, коммуналдықтар күшейтілген режимдегі жұмысқа ауысты.
Үй ішіне кіріп кеткен судың видеосын әлеуметтік желіге салған оралдықтар шырылдап көмек сұрауда. Жауаптылардың сөзінше, 249 мекенжай бойынша су басып жатыр деген 600-ге жуық арыз келіп түскен. Бергендердің көпшілігі Зачаган, Деркөл кенттерінен, жеке тұрғын үй секторларынан түскен. Қазір атқарылуы тиіс жұмыстар жасалуда.
МИРЖАН САТҚАНОВ, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Бүгінге дейін 30 367 текше метр қар суы сорылып, жыл басынан бері 679 мың текше метр қар қала аумағынан шығарылған. Сонымен қатар, 18 мың құм толтырылған қапшық, 108 қосымша техника жұмыс жасауда. Орал қаласы бюджеті есебінен 185 млн 738 мың теңге көлемінде қаражат бөлінген.
ЖАНДОС ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ, ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
НҰРАЛЫ МУСИЕВ, БҚО ТЖД БАСҚАРМА БАСШЫСЫ
Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін 27 пункт әзірленген. Онымен қоса, 3 мәдениет үйі, 1 спорт кешені мен 6 қонақ үймен келісім шарт жасалған. Қазір ескі әуежай мен Зачаган кентінің Кірпіш зауыты ауданындағы 750 абонент уақытша жарықсыз қалды. Сондай ақ, жағдайға байланысты қаланың су жіберу қысымы бәсеңдеуі мүмкін.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 220
https://www.youtube.com/embed/UxDdJiAdJYs?si=z1p0xBSwEpqcYrGW"
Жетісу облысының прокурорлары вакцинация туралы заңнаманың бұзылғанын анықтады. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті. Облыстың денсаулық сақтау саласындағы прокурорлары бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалғанын әрі вакцинация туралы заңнаманың бұзылғанын сондай-ақ жалған вакцинация сатып алу фактілерін анықтаған.
«Денсаулық сақтау саласындағы жауапты лауазымды тұлғалардың кінәсінен қажетті вакциналар уақтылы сатып алынбаған, нәтижесінде бір жылға дейін 7 мыңнан астам бала полиомиелитке қарсы егілмеген» - делінген хабарламада.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 241
https://www.youtube.com/embed/PRzn2qyLX1A?si=IhhTfZYmuNtKkuwu"
Бүгін халықаралық театр күні. Мәдени-рухани құндылықтар тоғысқан ұлы өнермен қоса күллі өнерсүйер қауымның да мерекесі.Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының тыныс тіршілігі жайлы дайындалған материалға кезек берсек.
Өткен жылы аталмыш театр жылдың алғашқы қойылымын Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына орай «Жәмилә» драмасының премьерасымен бастаған болатын. Кейін, көрерменге “Бір түп алма ағашы”, “Отбасы ойыны”, “Құдағи келіпті”қойылымын ұсынып, өңірде алғаш рет моноспектакль қойылған. Ал осы жылдан бастап театрдың жоспарында репертуардағы жаңа қойылымдармен Алматы қаласына гастрольдік сапарын ұйымдастыру жоспарда бар. Сонымен қатар, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Кәмила Әбжанованың 75 жасқа толуына орай, Мәдениет саласының үздігі Күлаш Жанмұратованың 60 жасқа толуына орай шығармашылық кешін ұйымдастыруды қолға алып отыр.
МҰХТАР НИЯЗОВ, НАРТАЙ БЕКЕЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ БАСШЫСЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 257
https://www.youtube.com/embed/4MfHdohMS-U?si=98WBX2xiNiTW6NpT"
Бала жанының бағбаны болған қаламгер,қазақ әдебиеті қазынасына құнды дүниелер қалдырған көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаев жайлы «Бердібек ауылына саяхат» фильмі көрермен назарына ұсынылды. Қазақ даласының ең биік нүктесі,таңғажайып табиғатымен,көктіреген аспантауларымен танымал жазушы дүниеге келген Нарынқол өңірі жайлы фильм Қоңыр MEDIA GROUP шығармашылық ұжымының жемісі.
Фильмде жазушының шығармаларын жата жастана оқыған оқырмандары арқылы жазушының кіндік қаны тамған туған жеріне,шығармаларына арқау болған ауылы,тау-тасы мен өзен көлдерін екі кейіпкердің сөл өлкеге саяхаттауы арқылы жеткізе білген. Менің атым Қожа повестінің желісімен экрандалған Менің атым Қожа фильміндегі оқиға желісі де кейіпкердің осы өңірден алған әсерімен қоса өрбіп отырады. Бұл жұмыстарымыздың барлығы ұлы жазушыға деген құрметімізден туған дүниелер дейді жоба авторы.
СЕРЖАН МОЛДАСАН, РЕЖИССЕР, ЖОБА АВТОРЫ
Фильм шығармашылық ұжымның екінші жобасы. Қарасаз көшелері атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған ауылына арналған алғашқы туындылары да көрермендердің жоғары бағалауына ие болған еді.
Еще материалы
Страница 74 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.