
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 320
https://www.youtube.com/embed/IbnITQ06TJo?si=-z8dTmearh8jEwsT"
Премьер-Министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарының алғашқы нәтижелерімен танысты.
Үкімет басшысы Петропавл қаласындағы Бірлік ықшам ауданында жаңадан бой көтерген үйді аралап, жаңа баспана кілтін алған отбасы мүшелерімен әңгімелесті. Олжас Бектенов ауқымды су тасқынының салдарын жоюда түсіністік танытып, көмектескені үшін тұрғындарға алғысын білдірді. Құрылыс қарқыны мен пайдалануға берілген тұрғын үйдің сапасы, сондай-ақ су тасқынынан кейінгі кезеңде тұрғындарды қолдау мәселесі талқыланды. «Бірлік» ықшам ауданында барлығы 700 үй мен 90 орындық балабақша салынып жатыр. Жақында ғана отбасыларға қоныстану үшін 53 үйдің кілті берілді. Маусым айының соңына дейін тағы 47 үй беру жоспарланса, 600 үйдің құрылысы биылғы тамыз айының соңына дейін аяқталады. Бірлік ықшам ауданы қажетті инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілген, топырақты жолдар салынып, серуендеуге және демалуға арналған аймақтарды абаттандыру жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ сапар барысында Олжас Бектенов қалпына келтіруге жататын үйлерді жөндеу жұмыстарымен танысты. Солтүстік Қазақстан облысы – су тасқыны салдарын жоюға механикаландырылған бригадалар тартылған жалғыз өңір.
Мәселен, тек Ойқала ықшам ауданында 1 133 үй су басу аймағында болды, оның 309-ы жөндеуді қажет етеді. Жұмыстарды 24 мехбригада кезең-кезеңімен орындап жатыр, Петропавл бойынша барлығы 85 осындай құрама бар. Қазіргі таңда едендерді ауыстыру, қабырғаларды сылау, гипс қатырмасын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 327
https://www.youtube.com/embed/i2-oFfhO3vk?si=RyOcqNRhwaHdwePP"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 359
https://www.youtube.com/embed/SC9NZKyaX_U?si=2u-6vgvb8nTg6D7o"
Қазақстандық бренд “Almotor” компаниясы Қытайдың алпауыт топ бестігіне кіретін Lifan компаниясының серіктесі атанды. Компания әлемнің 117 еліне техника сатумен айналысады. Орта азиядағы Өзбекстан,Ресей мемлекеттерінде серіктестері бар компанияның ендігі серіктесі еліміздегі “Almotor” компаниясы болып отыр.
НҰРМҰХАМЕД РӘДІЛ “ALMOTOR” КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Келісімшарт бір жылдың аралығында жүргізілген. Қытай еліндегі коорпорация президенті өз кезегінде қолдау білдіріп, инвестиция салатынын білдірген.
TAO YUAN LIFAN TECHNOLOGY (GROUP) CO.LTD БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Біз Lifan компаниясының өкілдеріміз. Бұл жолғы келу мақсатымыз Қазақстандағы “Almotor” компаниясымен серіктестік орнату. Мотоцикл саласына үлесімізді қосып, жақсы деңгейге көтергіміз келеді. Қазақстандық “Almotor” компаниясымен бірігіп жұмыс атқаратынымызға қуаныштымыз».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 352
https://www.youtube.com/embed/aLj6YUePRTI?si=C-f9w6ZGvaYCRxac"
Зеренді ауданының тұрғындары бірнеше жылдан бері жергілікті серіктестікке өтіп кеткен мыңдаған гектар жер үшін соттасып келеді. Жерден нәпақасын тауып отырған қараша соңғы уақытта соқыр тиын да көрмей отырғандарын айтып дабыл қақты.
Тұрғындарға тиесілі жер кепілдікке қойылып, одан кейін басқа серіктестікке аукцион арқылы сатылған. Бұл жөнінен мүлдем бейхабар болған олар жерімізді біздің келісімсіз беріп жіберді деп мәселені сот арқылы шешуден басқа амал таппаған. Үш жылдан бері соттың табалдырығын тоздырған Зеренді ауданына қарасты Ортақ, Айғыржал, Жамбыл, Өзен және Өркен ауылдарының тұрғындары 34 мың гектар жерді қайтара алмай әлек.
ЖҰМАШ ЕРҒАЛИ ӨЗЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Біз ештеңе олардан сұрап отырғамыз жоқ. Біз басқа жерге көшейік деп жатқанымыз жоқ. Бізге өзі положенный жердің дивиденді дейді. Соны беріп отырса, одан басқа ештеңе керек жоқ. Директорымыз Диқан+тің бізге шемішкенің қоқымын сатады. Сонымен күн көріп отырмыз. Жмых дейді ғой. Ал енді басқа бидай туралы ондай әңгіме де жоқ. Сондай қиын жағдай болып тұр».
Серіктестік жерімізді заңсыз иемденгендерімен қоймай, ата-бабамыз жатқан зираттың орнын сырып тастады, бұл мәселені соттағылар да, әкімдіктегілер де жылы жауып қойды,- дейді ауылдықтар.
АЛПАМЫС ҚОЖИН ОРТАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Менсіз, менің құқығымсыз.Үкімет маған берді оны пайдалан, бала-шағаң бәрі күн көрсін деп. Ал олар маған айтпай алды да сатып жіберді. Енді не мал жаятын жер жоқ, не шөп шабатын жер жоқ. Біздің жақтың егіні зона рисковонного земделия. Әрбір десін химиямен травить етіп бітті бүкіл жердің бәрін, келгендердің бәрі. Егінін алады да, қалтасын толтырып алады да кетеді. Ол не керек бізге. Ал біз сол жерде өмір сүреміз ғой. Зиратымызға дейін сырып кетті. Ескі қорымдар бар ғой кәдімгі. Ата-бабамыз жатқан. Соны мына Диқан+ жыртып кетті».
Серіктестік директорының айтуынша, Күсеп серіктестігі қарызын өтей алмаған соң ол жерлерді Халық банкі кепілдікке алған. Ал, кепілдікте тұрған жер уақыт өте аукционға түсіп «Диқан+» серіктестігінің меншігіне өткен. Біз ешкімнің жерін тартып алған жоқпыз деген серіктестік басшылығының өз айтары бар.
ДЕНИС ШВАЙБОВИЧ СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ «Біріншіден, біз жерді тартып алған жоқпыз. Екіншіден «Диқан+ серіктестігі әлеуметтік жауапкершілігі мол шаруашылық. Тұрғындармен талай рет кездесіп бұл мәселені талқылағанбыз. Олар дивиденд алғылары келетінін айтқан. Бірақ, 2021 жылы тұрғындардың біреуінен шағым түсіп, біз әлеуметік келісім-шарт жасап, кезінде Күсептің құрамында болғандарға көмек көрсету туралы шешім шығардық және ол көмек көрсетілді. Дегенмен, бұл шешім тұрғындардың көңілінен шықпаған сияқты».
Ұзаққа созылған сот отырысына нүкте қойылып, наразы тараптың арызы қанағаттандырылмады. Алайда ашынған қараша мұнымен тоқтамаймыз,дейді.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 364
https://www.youtube.com/embed/aa6VcWta7Fk?si=ao9FyKe_HIR5mCul"
Қарызы бар тұрғындардың табиғи газы тоқтатылады. Осындай жоспармен Қызылордалық қызметкерлер рейдке шықты. Себебі өңірде коммуналдық қызметтің құнын төлемегендер қатары көбейген. Ал қарыз мөлшері 800 миллион теңгеге жуықтапты.
Қаладағы Шевченко 126 мекенжайындағы бұл борышкердің қарызы 200 мың теңгеден асып кеткен. Соңғы төрт айдың төлемін тіпті мүлде жасамаған. Қаншама рет «QazaqGaz Aimaq» мамандары тарапынан келген түсіндірмесіне пысқырып қарамай, ажыратылған жүйені өздігінен қосып ала беретін көрінеді. Үй иесінен рұқсат алған сала мамандары газ қондырғысын ажыратып кетті.
ЖОЛДАСБЕК ӘБЕНОВ «QazaqGaz Aimaq» АҚ ҚЫЗЫЛОРДА ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Қазіргі уақытта Қызылорда облысы бойынша газдандырылған тұтынушылар саны 138 254 құрайды. Біз қарызын төлемеген,төлеу күнінен асып кеткен тұрғындарды аралау арқылы қарыз төлемдерін өндіреміз. Бүгінгі аралауда біз Шевченко 126 мекен жайына келіп тұрмыз. Ең алдымен жұмысты бастамай тұрып, тұрғынмен кездесіп,келісімін алатын боламыз. Бұл тұрғын үйдің иесі әзірге төлей алмайтындығын айтып,кейін төлейтінін жеткізді. Үй иесінің келісімімен газ қондырғысын ажыраттып жатырмыз. Жалпы алдыңғы жылға қарағанда қарыз көлемі азайып келе жатыр. Және бір ескертетін жәйт төлем жасалғаннан кейін ажыратылған газ қондырғысын өзіміз жөндеп жалғап береміз.
Сонымен қатар, қаланы көгілдір отынмен қамтамасыз етіп отырған мекеме шаһардың орталық аумақтарындағы борышкерлерді де аралады. Газ желісіне қосылғалы бері немесе бір жыл көлемінде бұл коммуналдық қызметтің ақысын ұмытқан жандар да баршылық екен. Мысалға Есқараев көшесінің 125 мекен жайындағы тұрғын соңғы 2 ай бойы газқызметін төлемеген. Қарызы 80 мың теңгенің көлемі болған. Есік қаққан сала мамандары үй иесінен жауап ала алмады. Сондада сала мамандары осы уақытқа дейін ескерту берілгендігін ескеріп, газ қондырғысын ажыратты.
Айта кету керек 2023 жылдың 1 маусымнан бастап облыс бойынша халықтың мерзімі өткен қарызы 1 173 миллион теңгені құраса, қазіргі таңда облыс бойынша мерзімі өткен қарыз 789 млн теңгеге жуықтаған.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 407
https://www.youtube.com/embed/meyqcbtdIEE?si=rDk4dSDNn2msCxPX"
Бұдан былай елімізде журналистердің қажетті ақпаратты жылдам алуына мүмкіндік жасалады. Тілшілер құқығы енді заңмен қорғалады. Бүгін Сенат депутаттары масс-медиа туралы заң жобасын қабылдады. Жаңа құжат күшіне енсе не өзгереді? Төртінші билік өкілдерінің жағдайы мен тұрмысы түзеле ме? Алдағы бейнематериалда.
Алдымен заңның жаңалығы мынада «бұқаралық ақпарат құралдары» сөзі енді «масс-медиа» сөзімен ауыстырылады. Осы мақсатта 6 кодекс, 22 заңға өзгеріс енеді. Бұл жаңа құжаттың басты мақсаты – осы заман талабына сай жаңа медиа кеңістікті қалыптастыру. Енді мемлекеттік емес телеарна мен газет журнал, сайттар да мемлекеттік грант ала алады. Журналистердің мемлекеттік органга жазған сауалына бес күннен жеті күн аралығында бірақ міндетті түрде жауап беріледі. Суицид жасау тәсілдері мен суицидке шақыру туралы ақпарат таратуға қатаң тиым салынады.
АЙГҮЛ ҚАПБАРОВА ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Мемлекеттік тілдегі теле-радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемін 50%-дан 60%-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту белгіленді (2025 жылдан бастап 55%, 2027 жылдан бастап 60%). Отандық теле-радио бағдарламалардың және қазақстандық авторлардың/орындаушылардың музыкалық шығармаларының отандық теле-радиоарналардағы көлемін 50%- дан 60%-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту (2025 жылдан бастап 55%, 2027 жылдан бастап 60%) көзделген. Отандық теле-радиоарналардағы шетелдік бағдарламаларды ретрансляциясын 20%-дан 10%-ға дейін азайту% белгіленді».
Бұл заң жобасына енген нормаларымен депутаттар толық келісті. Алайда, сенаторлар болашақ журналисттерді даярлайтын оқу орындарының бағдарламасына көңілдері толмайды.
ӘЛІШЕР САТВАЛДИЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Фактілер жеткілікті болғанымен, сары баспасөзге тән материалдар көбейгені байқалады. Аналитикалық материалдар өте аз. Бұл жағдай журналистерді дайындау процесінде олқылықтар бар деген емес пе? Болашақ журналистер ЖОО-ларда заманауи талаптар мен бүгінгі қалыптасқан жағдайдың шынайы болмысы туралы білімді қаншалықты толық ала алуда? Олардың оқу бағдарламаларын қайта қараудың қажеттілігі бар ма?»
Бұл сауалға жауап берген ғылым және жоғарғы білім вице-министрі елімізде тілшілерді 35 ЖОО-ны дайындайды дейді. Бүгінде онда 5700 болашақ журналистер білім алуда. Оның 300-і магистратура, 50-дей студент докторантурада оқуда.
ДАРХАН АХМЕД-ЗАКИ ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ «Біздегі оқу бағдарламаларының реестрі ішінде 105 оқу бағдарламасы тіркелген. Бакалавриат бағыты бойынша – 66, магистратурада – 32. Қазір журналистерге қойылған талаптар кәсіби стандарттар арқылы жүзеге асады. Оқу бағдарламаларын жаңарту бойынша жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Қойылатын талаптар әрі қарай күшейтілетін болса, оны қосымша қарауға дайынбыз».
Аталған заң күшіне енсе, медиа кеңістікте ақпарат қолжетімді, журналистер шынайы және төртінші билік өкілдерінің құқығы жан-жақты заңмен қорғалатын болады. Оның ішінде тілшілердің әлеуметтік жағдайлары да жақсарады.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 362
https://www.youtube.com/embed/FsEkBENw_nY?si=oEsK6dDhG6h-36SN"
Қазақстанда TIKTOK заңмен шектеледі. Бірақ бұғатталмайды. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов бұғаттау мәселесі күн тәртібінде жоқ екенін айтты.
СНХ. ҚАНАТ ЫСҚАҚОВ ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «Біздің елде бұл әлеуметік желіні бұғаттау күн тәртібінде тұрған жоқ. Бірақ заңнаманы сақтау талаптары орындалмаған жағдайда қол жеткізуді шектеуге қатысты шаралар қолданылатын болады. Заңға қайшы контенттердің жарияланбауын министрлік тікелей өзі бақылайды».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 328
https://www.youtube.com/embed/t-DAdk2IbzM?si=LVHdw3OwrW4T8Uif"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 302
https://www.youtube.com/embed/02AlVLkgKOM?si=D0KDz3NLt19aB7jS"
Жазғы демалыс маусымы басталды. Бұл бойынша СҚО да биыл жалпы 11 сауықтыру лагері жұмыс істейді. Олардың тоғызы 10 маусым күні балаларды қабылдаса,қалған екі сауықтыру мекемесі су тасқынына байланысты жұмысын шілде айында бастамақ.
Аймақтағы көктемгі су тасқыны салдарынан Қызылжар ауданындағы екі жазғы лагерь су құрсауында қалған тұғын. Қазір сауықтыру орындарынан су толығымен тартылып, кептіру жұмыстары жүргізілген. «Орленок» лагерін қазір қайта қалпына келтіру жұмыстары басталған. Ал «Серебряный бордағы» жөндеу жұмыстары келесі аптаға жоспарланған. Айта кетейік, СҚО-ның Айыртау, Уәлиханов пен Ақжар, Тимирязев және Мамлют аудандарында жазғы сауықтыру лагерлері жоқ. Сол себепті, бұл ауданның оқушылары басқа жақта демалуға мәжбүр.Сонымен қатар, өңірдің түрлі санатқа жататын және тасқын судан зардап шеккен 522 баласы биыл Ақмола облысы Бурабайда «Қазақстан халқына» қоры есебінен демалатын болады.
МАФРУЗА НАУАНОВА СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
«Биыл облыста жалпы алты мыңнан астам бала жазғы лагерьге барады деп жоспарланған. Мемлекеттік сауықтыру орындарының жолдама бағасы 35мыңнан басталса, сенімгерлік басқаруға берілген 2 лагерьде 50мың теңге. Ал Тайынша ауданының қарамағындағы бірақ Бурабайда орналасқан «Эделвейс» лагеріне жолдама 65мың теңге мен 100 мың теңге аралығында. Бірақ Тайынша ауданының балалары бұл сауықтыру орнына 35 мың теңгемен бара алады».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 384
https://www.youtube.com/embed/0vj-ATmq6vo?si=x6tDqI06INH0OPqm"
“Басқадан кем болмау үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болу үшін оқу керек. Бай болуға кәсіп керек» деп Алаштың арысы Ахмет Байтұрсынұлы бекер айтпаған. Расымен кәсіптен,нәсіп тапқысы келетіндер алдымен білім алып,бір мамандық иесі болуы қажетті. Таңдаған салаңа салғырт қарамай ілім алсаң,нәтежие боларын өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы өзінің “Оқу жайы” атты мақаласында “Бұл күнде оқудың керек екеніне ешкімнің таласы жоқ. Қай жұрт болса да оқумен ілгері басып тұрғандығын, кейін қалудың себебі оқудың кемдігінен екенін көріп тұрамыз” деп жазады. Алаш арыстары жастардың заманға сай білім алып, озық ойлы болуын армандады. Қазіргі таңда жастардың білімге бас қоюы күн тәртібіндегі маңызды мәселеге айналып отыр. Өздеріңіз көріп тұрған мына білім шаңырағында қоғамға қажетті,заманауи салаға жастарды даярлап келеді. Бүгінде бұл жерде 700-ден астам студент тәлім алады.Биыл, 400-ге жуық талапкерлерді қабылауға әзір.Бүгін ұстаздар ұжымы кішкентай бүлдіршіндерге есігін айқара ашып,саяхат жасауға мүмкіндік берді.
КАМАЛ ӘМІРҒАЛИҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ АДИК ДИРЕКТОРЫ
Жазғы демалысқа шыққан балалардың бос уақытын құр өткізбеуді білім басқармасы қолға алып отыр. Жастарды осындай кәсіптік білімге бағыттап келе жатқан оқу орындарына жіберуде. Мұнда ұлттық аспаптарымызды жасау технологиясын көзімен көріп,қолымен ұстауда.Тіпті домбыра қаңқаларын жонып, уақыттарын тиімді пайдалануда.
НАЗЫМ ЖҰПТЫБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ АДИК ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ
КАМАЛ ӘМІРҒАЛИҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ АДИК ДИРЕКТОРЫ

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 455
https://www.youtube.com/embed/zJuIR7RbL48?si=3CvOPDXvtilWVPXG"
БҚО-да су тасқынынан баспанасыз қалған отбасыларға пәтер беріле бастады.Кейбір елдімекендерде тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде.Бәйтерек ауданының Достық ауылында бірнеше отбасының баспанасын су басқан.Оның біріне мемлекет тарапынан пәтер сатып алыныпты.
Бәйтерек ауданы Достық ауылының тұрғыны Ақмарал Сламғалиқызы - су тасқынынан зардап шеккен отбасының бірі.Алты жыл құтты қоныс болған басыбайлы баспанасын су шайып кеткен.Бір күнде шаңырағы мен мал-мүлкінен айырылған жанұя уақытша қауіпсіз жерге орналастырылған. Арнайы комиссия тиісті жұмыстар жүргізіп, баспананы тұруға жарамсыз деген шешім шығарған.Құжаттар реттеліп, көп кешікпей мемлекет тарапынан зәулім үйдің қожайыны атанды.Немерелері жаңа үйде асыр салып ойнап жүр.
АҚМАРАЛ СЛАМҒАЛИҚЫЗЫ ДОСТЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Тасқын кезінде Достық ауылындағы 2 үйді су басқан.Ауыл азаматтары мен төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері күш біріктіріп,20 үйді қызыл судан аман алып қалған.Су тасқыны салдарынан келтірілген материалдық шығындарды жою жөніндегі комиссия үйлерге техникалық тексеріс жүргізуде. Зардап шеккен отбасылар материалдық көмекпен қамтылған.
ЗӘУРЕ БАЙКЕНОВА ДОСТЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Әкімдік өкілінің айтуынша, жалғыз тұрғылықты мекенін су басқан екінші отбасының баспанасын күрделі жөндеу таяу күндері басталмақ.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 320
https://www.youtube.com/embed/f2vVQIK3mLY?si=ogWEHiTMFLY1ELwT"
Соңғы уақытта киберқылмыс, соның ішінде интернет пайдаланушыларға қарсы алаяқтық жағдайлары жиілеген. Интернет қарақшының қармағына ілінгендер бұл кеселден қалай арылады. Осы мәселеге қатысты қаржылық мониторинг агенттігі Қызылордада халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «АФМ онлайн 2024» республикалық іс-шарасын ұйымдастырды.
Бөтен адамның әлеуметтік желідегі аккаунтын пайдаланып, қаржылай көмек сұрайтын алаяқтардың әрекеті жиілеп, құрбандары көбейген. Бүгінгі форумда қатысушылар үшін қаржылық сауаттылық, қаржы пирамидаларының белгілері, инфоцыгандар мен алаяқтардан қорғану тақырыбында пікірлер айтылды.
ЖАНДОС БАЗАРТАЙ ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ
Алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарып отырады.Көбінесе, құрбанына инвестиция салу, бәс тігу, ойын және лотереяны жарнамалайды. Хабарласқан қарақшы өз құрбаны жайлы барлық ақпаратты біледі. Форум университет студенттерінің сауаттылығын арттыруда үлкен пайдасын тигізбек.
ТЕМІРЛАН АБЖАНОВ ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ
Былтыр елімізде 5 мыңға жуық интернет алаяқтық жасалған.Алайда пирамида секілді пысақайлардың арбауына алданып қалмас үшін адамға қандай қасиет керек.Құрықтың қармағынан құтылып шыққан адамдардың пікірін білген едік.
БАҒЛАН ӘБДІРАЙЫМОВ ӘНШІ, ПРОДЮСЕР
Құзырлы органдар қарапайым қауіпсіздік шараларына зер салуды ұсынды. Тосынан келген хабарламаларға жауап бермеу, тез баю немесе қомақты қаржы ұтыстарына қатыспауға шақырады.
Еще материалы
Страница 79 из 229
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.