- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 290
https://www.youtube.com/embed/2FIg-1dik9k?si=ONi5SCQqyNnEpNkJ"
Күллі иісі мұсылман қауымы үшін он екі айдың сұлтаны, қасиетті ораза айы басталды. Сағынтып жеткен ұлық Рамазан айының басталуымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақ елін құттықтады.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Қымбатты отандастар! Сіздерді Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша. Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл. Ораза айы рухани тазаруға, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адамзаттың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді.Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады. Мен Қазақстан халқының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенемін.Ораза қабыл болсын!Баршаңызға зор денсаулық, амандық, толайым табыс тілеймін!- делінген президент құттықтауында.
Сондай ақ Алланың берекеті жауатын бұл айда жамағат көп жақсылық пен сауапты іс жасауға ұмтылады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз мәслихатында Сәуір айының 5 нен 6 на қараған түн қасиетті Қадір түні, биылғы пітір садақаның мөлшері 640 теңге болып белгіленгендігі мәлімделді.
САНСЫЗБАЙ ҚҰРБАНҰЛЫ, ҚМДБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ,НАИБ МҮФТИ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 260
https://www.youtube.com/embed/wB-5bg2r6L4?si=e5hc3dnwsl61m9cq"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен бауырлас Әзербайжанға барды. «Загульба» резиденциясында Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 305
https://www.youtube.com/embed/i1kKfuuFIw0?si=hh6MaK8keYtOS2EC"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 254
https://www.youtube.com/embed/TeJBT69LGOI?si=0TKOb3NWEKzuiL3I"
Токио көшелеріне автономды робот-курьер шықты. Ол мейрамханадан бірінші тапсырысты жеткізеді. Қызметті Uber Eats онлайн платформасы іске қосады. Қазірдің өзінде Солтүстік Американың бірнеше қалаларында жұмыс жасауда.
ЭЛВИН ОО UBER EATS JAPAN ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Біз қазір Нихонбаши аймағында сынақ жүргізіп жатырмыз. Менің ойымша, тротуарлар және барлық басқа инфрақұрылымдар біз үшін қолайлы болмақ».
Робот сағатына 5,4 шақырым жылдамдыққа жете алады. Ол сондай-ақ адамдармен соқтығысудан немесе басқа кедергілерден аулақ болу үшін өзі тоқтайды. Сенсорлар мен камералар оларды анықтауға көмектеседі.
ЭЛВИН ОО UBER EATS JAPAN ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Роботтарды кез келген төтенше жағдайларға жылдам әрекет ету үшін үнемі бақылап отырады».
Сіз жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін робот-курьер арқылы жеткізуге тапсырыс бере аласыз. Әзірге бұл қызметпен Нихонбаши аймағындағы бірнеше мейрамхана ғана жұмыс істейді, бірақ болашақта серіктестер көп болады.
ТОКИО ТҰРҒЫНЫ: «Бүгінгідей қолайсыз ауа-райында роботтарды қолданатын болсақ, бұл адам курьерлерінің жұмысын жеңілдетеді. Сондықтан менің ойымша, бұл өте жақсы».
ТОКИО ТҰРҒЫНЫ: «Халықтың қартаюы жалғасуда, мұнда жұмысшылардың жетіспеушілігі күрделі мәселе. Ал мұндай қызметтер оны шешуге көмектеседі. Бұл тек қалаларда ғана емес, халқы аз елді мекендерде де тиімді болуы мүмкін деп ойлаймын».
Әзірге клиенттер роботты көшеде кездестіруі керек. Болашақта ол тапсырыстарды кеңсе есіктеріне дейін жеткізу жоспарлануда.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 228
https://www.youtube.com/embed/6aT7thaf0v8?si=D75v6eBmhH3QFJAg"
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға деп мемлекет бөлген қаржыны аса ірі көлемде жымқырған бірнеше лауазымды тұлға мен шаруа қожалықтарының басшылары ұсталды. Қостанай облыстық қаржы мониторинг агенттігі қылмыстық схемаға қатысы бар деген күдікпен 49 адамды құрықтады. Олардың 13-і ұйымдасқан топтың мүшелері. Қызметін асыра пайдаланған Қостанай облысындағы ауыл шаруашылығы басқармасының басшылары мен өңірлік шаруа қожалықтарының директорлары өзара сыбайлас болып, мемлекеттік субсидияларды жымқырып, салық төлеуден ұзақ жылдар бойы жалтарып отырған.
Нәтижесінде, мемлекетке 3 млрд теңгеден астам шығын келтірген. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілермен 107 млн теңге өтеліп, 3,1 млрд теңге көлемінде мүлкіне тыйым салынды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу жүріп жатыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 240
https://www.youtube.com/embed/Tr-si0Ye-bU?si=-QQkZv5NVYIk-cll"
Ақтау қаласында спортшы Валерия Шальнованың ісіне қатысты сот процесі аяқталды.Ақыры көптен күткен қылмыстық іске нүкте қойылды. Жас қызды айуандықпен өлтірген өзінің танысы 22 жылға сотталды.
Бұл дерек 9 ай бойы қоғамдық толқу тудырған еді. 21 жастағы спортшы қыздың өлімі, өткен жылы орын алып,жаға ұстатқан болатын. Оның денесі «МАЭК» су арнасы маңынан табылды. Айтулы жағдайдан кейін марқұмның жігіті бірден күдікке ілінді. Ол бойжеткеннің дәрменсіз күйін пайдаланып ұрып-соғып, азғындық жасаған. Қылмысын жасыру үшін қызды тұншықтырып, суға тастаған.
СВЕТЛАНА ШАЛЬНОВА МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ: «Сот үкім шығарды. Істі әділ қарады және объективті үкім шығарды. 22 жыл мерзімге кесті. Шешімге қанағаттанамын. Мұның бәрі көңілге демеу ғана. Қыршыннан қиылған қызымды қайтара алмаймын. Сол жаныма батады».
Сотталушы ҚР ҚК 99-бабы "Кісі өлтіру" және 121-бабы "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша кінәлі деп танылды.
АЖАР ӘБДІЛ ҚОРҒАУШЫ: «Айыпталушы сотта өзін еркін ұстады. Ол жасаған қылмысын мойындамады. Үкіммен келіспейтінін айтты. Менің ойымша, олар аппеляциялық шағым түсіреді. Сот шешімінің күшіне енуіне әлі 15 күн бар».
Бастапқыда полицейлер қылмыстық істі "Суицидке дейін жеткізу" бабы бойынша қараған. Қоғамдық толқудан кейін құқық қорғау органдары қылмыстық істің баптарын өзгертті. Сотталушының кінәсі куәгерлердің сөзімен, заттай айғақтармен, сараптамалардың қорытындысымен дәлелденген болатын.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 270
https://www.youtube.com/embed/MdWFZ93ddgQ?si=ppget-njDcJJdTu5"
Темір тұлпар тақымдаған азаматтардың уәждеріне байланысты жолдың сапасына жауапты министрлік қызметкерлері барлық аймақтарға барып, жергілікті билік өкілдерімен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылап жатыр. Жол активтері сапасының ұлттық орталығының мамандары бұл жолғы кеңесті Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп өткізді.Шараға жергілікті атқарушы органдар, жобалаушы мердігер мекемелер, «ҚазАвтоЖол» өкілдері қатысты. Семинар барысында автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, жобалау және күтіп ұстау кезіндегі жұмыстардың дұрыс әрі жүйелі жүргізілуі талқыланды.
ҚУАНЫШ ТӨЛЕУХАНОВ “ЖАҰСО” РМК САПАНЫ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Мұндай семинар жыл сайын көктемде ұйымдастырылп келеді. Себебі енді жол жөндеу, жобалау секілді жұмыстардың басталатын уақыты. Іс-шарада жергілікті атқарушы органдар өкілі мен инженерлердің басын қоса отырып қазіргі уақытта нормативтік-техникалық құжаттарды таныстыру, қалай толтыру керектігін, қалай жүктеу керек сияқты барлық факторларды түсіндіреміз».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 270
https://www.youtube.com/embed/9vMpp-gZsbA?si=niSFDGW9veYsBHC6"
Үлкен Арал теңізінің құрғаған табанына 10 мың дана сексеуіл көшеті отырғызылды. Эко жобаға шет елден және еліміздің әр өңірінен жиналған еріктілер атсалысты.
Жергілікті орманшылар 10 мың дана сексеуіл көшетін әзірлеп, 70 ерікті топ-топқа бөлініп, шөлге төзімді қара сексеуіл көшеттерін отырғызды.Тамыры түрлі минералды тыңайтқыштармен қоректендірілген. Ұзақ уақытқа дейін ешқандай ылғалсыз-ақ өсіп-өне береді. Бұл сексеуіл егудің ең тиімді әдісі деп отыр мамандар.
ӘЛІБИ ҒАЗИЗҰЛЫ, «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РМҚК бас директоры:
«Әрине, көшетпен отырғызғанның өнімділігі жоғары. Бірақ, тұқыммен отырғызғанда біз көлемін молыр-ақ істей аламыз. Шығымдылығы сол 25-27 пайызға дейін барады. Ол өте жақсы көрсеткіш».
Мәліметке сүйенсек еліміздің аумағында құрғаған теңіз табанының көлемі 2 миллион гектардан асады. Одан жыл сайын тонналаған тұзды шаң ауаға көтеріледі екен. Осы жағдайды ескерсек атқарылып жатқан жұмыстардың пайдасы шаш етектен.
ЖҰЛДЫЗ ЖАЗЫЛБЕКОВА, ЕРІКТІ
Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін теңіздің құрғаған 1,1 млн гектар жеріне сексеуіл отырғызуды орманшыларға міндеттеді. Игі істің келер жылы да жүзеге асуына орманшылар мен еріктілер зор құлық танытып отыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 521
https://www.youtube.com/embed/f5P60KvYhcI?si=swBkchu4ZjUtRWRm"
Мектеп психологтарының жалақысы көтерілуі мүмкін. Бүгін сенаторлар мектептегі тікелей баламен жұмыс істейтін психолог мамандығының мәртебесін көтеріп, олардың еңбекақысын өсіруді сұрады. Депутаттық сауал үкімет басшысына жолданды. Одан бөлек, жоғарғы палата депутаттары көтерген өзекті мәслелер туралы алдағы бейнематериалда.
Мектеп психологтарының хәлі тым мүшкіл, себебі ол мамандыққа қоғам атүсті қарайды, не штат жоқ, не мардымды жалақы төленбейді. Сондықтан, сапалы мамандар жеке меншік клиникаларға кетіп жатыр. Мәселен, 20 жыл еңбек өтілі бар мектеп психологы қолына ай сайын 150 мың теңге жалақы алады. Бұл қаражатқа қай жыртығын жамайды деген сенат депутаттары нағыз балалармен жұмыс жасауға қажетті осы мамандыққа мәртебе берілуі керек дейді.
ҒАЛИАСҚАР САРЫБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Орта есеппен 1,5 мың бала оқитын мектептерде 60, ал 4500 және одан да көп оқушылары бар білім ошақтарында 170-тен көп сынып бар. Яғни, бір психолог 2000 оқушыға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қызмет көрсетуде. Психологтың үлкен жүктемесі болуына байланысты, нақты мұқтаж адамға көмек берілмей жатады. Ресми түрде 1987 жылы психолог штаттары мектептерге енгізілгенімен олардың заңды мәртебесі анықталмаған. Еңбек ақы төлеу жүйесінде олар қосымша мамандық ретінде анықталған. Психолог ерекше мамандық екенін ескере отырып, негізгі мамандар тізбесіне енгізуді ойластыру қажет».
Ал, сенат депутаты Қайрат Тастекеев болса жас ғалымдардың диссертациялық жұмыстарын бағалау крейтерине өзгеріс енгізу керек дейді. Себебі, көптеген отандық ғалымдарымыз өз еңбектерін халықаралық журналға мақала ретінде жариялауда қиындыққа тап болады екен. Соның салдарынан көз майын тауысып, неше жыл бойы жазған еңбегі зая кетіп, ғылыми жұмысын қорғай алмайды. Тіпті қажет болса жас ғалымдардың ғылыми мақаласын халықаралық журналдарда жариялауда мемлекет тарапынан гранттар берілуі қажет деген ұсыныс айтты.
ҚАЙРАТ ТАСТЕКЕЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Докторлар мен ізденушілер жұмыстарды жариялаудағы қиындық күшті бәсекелестік пен рецензияның қатаң талабына, сондай-ақ қаржы кедергісіне байланысты. Халықаралық базалар барлық ғылыми саланы бірдей қамти алмайды, бұл кейбір мамандандықтағы зерттеушілерді қолайсыз, өзгеше жағдайға душар етеді. Біздің ғалымдардың өсіп-өркендеуі жалғыз бағалауға байланысты болуы мүмкін емес. Ол халықаралық базада мамандандығы танымал емес немесе көпшілікті қызықтырмайтын адамдарға әділетсіз болып отыр. Бұл академиялық әділеттілік мәселесі».
Енді бір топ сенатор Қазақстанның экологиясына алаңдаулы. Еліміздің бірнеше қаласында ауа тым лас. Қатты қалдықтар сұрыпталмайды, ашық қоқыс палигондарында үйіліп жатыр. Оның барлығы ел азаматтарының денсаулығы мен өміріне кері әсерін тигізеді деген депутат Советбек Медебаев Қазақстан дамуы нашар мемлекет Зимбавбеден де артта қалды дейді.
СОВЕТБЕК МЕДЕБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Қауіпті қалдықтар мен қоқыстардың мөлшерін азайту мақсатында әлемдік экологиялық стандарттарға сәйкес экожүйе енгізу жолдарын қарастыру қажет. Қалдықтарды, оның ішінде құрылыс қалдықтарын жинауға арналмаған жерлерде заңсыз тасымалдау және шығару фактілерін анықтау мақсатында тексеру және өзге де шаралар жүргізу арқылы мемлекеттік бақылау шараларын күшейту қажет».
Сондықтан, экологияны жақсартудың бірден-бір жолы қалдықтар мен қоқыстарды дұрыс сұрыптау. Ол үшін тамақ және құрылыс қалдықтарын қайта өңдейтін инфрақұрылым құру қажет деді. Бүгін сенаторлар көтерген мәселелер қаншалықты өз шешімін табады ол енді уақыттың еншісінде.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 256
https://www.youtube.com/embed/4mnqCyPUZ3s?si=XQd-6lRw5BAs02tg"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 282
https://www.youtube.com/embed/vPS-s9es7H4?si=68JLxAan5IU0yQrk"
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары денсаулық сақтау мекемелерін тексеріп, бірқатар заң бұзушылықты анықтады. Емдеу мекемелері медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұтымсыз пайдаланып, жалған екпе қою және ресми құжаттарды бұрмалау сияқты өрескел бұзушылықтарға жол берген. Мәселен денсаулық сақтау қоймасында жалпы сомасы 7,8 млн теңге болатын 1,8 мың доза көлемінде қызылша, паротит, қызамық және А гепатитіне қарсы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен вакциналар сақталған. Прокурорлық тексеру кезінде қызылша мен сібір жарасына қарсы жалған екпенің 70-тен астам фактісін, сондай-ақ қалалық емханалардың бірінде мед қызметкерлерінің ресми құжатты бұрмалау деректері тіркелді.
ҚАЗБЕК ҒАЛЫМЖАН СҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:
«Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Жалпы аталған бұзушылықтар медицина қызметкерлерінің иммунобиологиялық препараттарды сатып алу кезінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастырған кезде оны негізсіз, заңсыз қалыптастырғанын куәландырады. Қадағалау органының актілері бойыанша қазіргі таңда берілген заң бұзушылықтар жойылуда».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 225
https://www.youtube.com/embed/DnSFklT_vAc?si=HUbwSBXiG82iyTmE"
Қаржылық мониторинг агенттігі ескертеді. Қолма-қол ақшамен есеп айырысу кезінде аса қырағылық танытып, сақ болыңыз! Себебі, елімізде жалған ақша жасайтындар көбеюде. Шымкентте аса ірі мөлшерде жалған доллар сатпақ болған екі адам ұсталды. Олар 84 200 АҚШ доллары мөлшерінде ақша жасап, оны нарыққа өткізбек болған. Бұл алғашқы факті емес, бүған дейін де Қырғызстан мен Қазақстан аумағында номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған банкноттарды өткізген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілген еді.
Еще материалы
Страница 81 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.