
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 516
https://www.youtube.com/embed/lZstc9PFBEQ?si=cwrHnf-SdfnuUYhl"
Қорғаста 6 ойынхана мен жезөкшелер үйі анықталды. Астыртын казинолар Қытай азаматтары үшін жұмыс істеген. Тергеу жалғасып жатыр деді Қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.Егер сіз қандай да бір заң бұзушылық пен бюджет қаражатын ұрлау немесе сыбайлас жемқорлық фактісінің куәсі болсаңыз, «АФМ Insider» телеграмм ботына анонимді түрде хат жазуға болады.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Тінту нәтижесінде 4 коммерциялық ғимаратта 76 ойын автоматы, 43 ойын үстелі, құмар ойындарын ұйымдастыруға қажетті көптеген техникалық құрал-жабдықтар, сондай-ақ 60 мың юаньнан астам ақшалай қаражат табылып тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер таратылуға жатпайды».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 329
https://www.youtube.com/embed/d3sPkHteydo?si=k61wqtioCld4rTYc"
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мамандары, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында жүргізілген мониторинг жұмыстарын қорытындылады. Толығырақ тарқатсақ.
Аталмыш департамент мамандары кәсіби спорт саласына мониторинг жүргізген. Сыртқы талдау жұмыстарына «Қызылжар» ФК ілікті. Жұмыс аясында спортшылардың жарыстарға қатысуы үшін жасалатын мемлекеттік сатып алуға қатысты құжаттарында белгілі бір талаптардың болмағаны атап өтілді. Салдарынан мемлекеттік бюджеттен алынған қаражатқа есеп берілмеген.
АЙДОС ЖҮНІСОВ ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ «ҚР бюджет кодексінің 32-ші бабына сәйкес заң бұзушылық анықталды. ФК жарыстарға мемлекет қаражатынан бару мүмкіндігіне ие болған. Дегенмен құжаттарды рәсімдеу кезінде қателік кетіп, мемлекеттік бюджеттен алған қаржыға қатысты есеп беру пункті қосылмаған болып шықты. Сол себепті біз техникалық хаттамаға өзгеріс енгізу бойынша ұсыныс жазып, қазір түзетулер енгізілді».
Сонымен қатар мамандар Ғ. Мүсірепов ауданы орман шаруашылығы саласынан жемқорлық фактісін анықтаған. Ақан сері орман шаруашылығынның директоры тұрғындарға ағашты қымбат бағада өз туыстарынан алғызып келген. Тексеріс нәтижесінде, кесілген ағаштың басым бөлігі яғни 77,1 пайызы осы шаруашылық директорының жұбайының үлесіне тиесілі екені белгілі болды.
АЙДОС ЖҮНІСОВ ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ «Орман шаруашылықтары тұрғындарға ағаштарды кесілген түрде сатып, оны үйіне дейін әкеліп тастауы керек. Алайда, бұл жерде орман кодексінің 36-бабы бұзылған. Яғни шаруашылықтар мұндай қызмет түрін көрсетпегендіктен тұрғындар қымбат бағада жеке кәсіпкерлерден отын алған».
Мұндай факті Мамлют орман шаруашылығында да анықталды.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 474
https://www.youtube.com/embed/R5ky9aDcFfo?si=FMbHKiwqGcn5lqQx"
Теміртауда 27 жастағы ер адамға оқ атқандар ұсталды.Олар 27 мен 31 жас аралығындағы үш азамат. Үшеуі де сол қаланың тұрғындары екені анықталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, әлеуметтік желіде түнде көшеде оқ атып, қарумен жүгіріп жүрген ер адамдардың видеосы тараған болатын. Осы видеодан кейін полиция жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: «Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Басқа ақпарат тергеу құпиялылығына сәйкес жариялауға жатпайды».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 482
https://www.youtube.com/embed/uypkC1vROM4?si=Zg6TeqAH6E9ZVK6g"
Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына дерлік мемлекеттен көмек болады. Ешкім де баспанасыз қалмайды. Қарғын су астында қалған үйлердің тіпті құжаты болмаса да қайта қалпына келтіріледі. Жергілікті әкімдік берген тізім бойынша су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық азаматтардың несиелерін төлеу 3 айға дейін уақытша тоқтайды. Кешіктірген төлем үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар салынбайды. Бүгін Ақтөбе облысына барған үкімет басшысы Олжас Бектенов осылай деді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су басқан үйлердің барлығы құжаттардың бар-жоғына қарамастан, қалпына келтірілетін болады. Мемлекет ешкімді баспанасыз, далада қалдырмайды. Осындай қиын жағдайда ірі, орта бизнес, сондай-ақ кішігірім компаниялар және елдің тағдырына бей-жай қарамайтын қарапайым азаматтар қол ұшын созып жатыр. Бюджет қаражатына қосымша тұрғын үйлерді қалпына келтіруге, жоғалған мүлік пен мал шығынын өтеуге бағытталатын қомақты сома жиналды. Мердігер компаниялар осындай қиын жағдайды бизнеске айналдырмайды және барлық қаражат мақсатты түрде жұмсалады деп сенемін».
Айта кетейік, жалпы Ақтөбе облысында қауіп әлі де сейілмеген. Өзендердің көпшілігі арнасынан асып тұр. 5 ауданында Қобда, Мұғалжар, Темір, Әйтеке би, Ойыл және Ақтөбе қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланып, барлығы 8 978 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Еліміздің өзге өңірлерінде де жағдай мәз емес. Бүгін түнде Астана маңындағы Целиноград ауданына қарасты Талапкер ауылына қарғын су келіп, адамдардың мазасы қашты. Алайда, төтеншеліктер дер уақытында жасанды каналдарды нығайтып, топан судан ауылды аман алып қалды. Алда, күн райы күрт жылынады деген болжам бар. Сондықтан, үкімет басшысы барлық жауапты органға жұмысты күшейтуді тапсырды.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 374
https://www.youtube.com/embed/-wpC_-b0wKc?si=UwKS5XuBBdm8RuYn"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды. Үргеніш қаласының әуежайында Қазақстан Президентін Шавкат Мирзиёевтің өзі қарсы алды.
Бауырлас елдің Қазақстан Президентіне деген құрметін әуежайдан қарсы алу шарасынан -ақ байқауға болады. Өзбек елінің басшысы, Қазақстан Президентіне ерекше ілтипат білдіріп, өздерінің салт-дәстүрінен сыр шертетін концерттік бағдарламаны бірге тамашалады. Сапар аясында екі ел басшылары бейресми кездесу өткізіп, Хиуа қаласындағы кәсіпорындар мен мәдени нысандарды бірге аралап көру жоспарланған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен бірге Өзбекстан жеңіл өнеркәсібіндегі үлгілі кәсіпорындардың бірі саналатын кілем тоқу фабрикасын аралап көрді. Іргесі 1977 жылы қаланған кәсіпорынға жаңа инвестор толықтай реконструкция жасаған. Мұнда жылына 4,2 миллион шаршы метр кілем тоқитын төрт цех жұмыс істейді.Мемлекеттер басшыларына акрилден иірілген жіп өндіру цехы, кілем тоқу цехтары және дайын кілем үлгілерінің шоу-румы көрсетілді.Кәсіпорын директоры Камол Абдуллаевтың айтуынша, фабрика кілемдері ішкі нарыққа сатылады, сондай-ақ ТМД елдеріне, ҚХР мен АҚШ-қа экспортқа шығарылады.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 486
https://www.youtube.com/embed/AkLyBu2H8vQ?si=G8Aru5L51Ux468S0"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 460
https://www.youtube.com/embed/Lj9qm1_nrD4?si=cKiYPKL7ApQTjQDV"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 503
https://www.youtube.com/embed/7ugd5ibr0QE?si=-YCZXiwp8_N1-gll"
Геологтар күніне орай алғаш рет музей қорындағы геология коллекциясы негізінде «Қазыналар әлеміне саяхат» көрмесі ашылды. Көрменің мақсаты – Отанымыздың табиғи ресурстарын көрсету және оның әр алуандығын насихаттау арқылы жастардың ұлттық геологияны зерттеп, дамытуға деген қызығушылығын арттыру.
Көрме экспозициясына Қазақстан территориясындағы кен орындарынан, атап айтқанда, Жезқазған, Соколов-Сарыбай, Қаражанбас, Текелі, Қарағанды және басқа да кен орындарынан алынып, геологиялық материалдардан іріктелген, ғылыми маңыздылығы жоғары әрі келушілердің қызығушылығын тудыратын 150-ден астам алтын дақтары бар кварц, топаз, аметист, халцедон сияқты жартылай бағалы тастар, малахит, жадеит, азурит, нефрит сынды басқа да минералдар мен тау жынысының үлгілері көпшілік назарына ұсынылды.
РАШИДА ЕРІМҚЫЗЫ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
«ҚР Мемлекеттік орталық музейінің негізгі коллекциялары 19 ғасырдың 30 жылдан бастап қалыптасса, осы геология коллекциясы 1935 жылдан бастап қалыптасқан екен. Жалпы Қазақстанның геологиясының тарихына келетін болсақ, бұл геологияның өзі Менделеевтің 118 элементтің 99 түрі бізде анықталған. Бүгінгі коллекцияның бір ерекшелігі – бұрын еш жерде қойылмаған жәдігерлеріміз алғаш рет ұсынылып отыр және қолданылу ерекшеліктеріне байланысты түрлі тақырыптарға бөлініп ұсынылды».
Қазақстан геологиясының даму тарихы Қ.И. Сәтбаев, Ж.А. Айталиев, А.Қ. Қайыпов сынды отандық ғалымдардың есімімен тығыз байланысты. Бүкіл қоғам үшін қажетті ресурстарды іздеу, барлау және өндірумен шұғылданатын ғалымдардың ерен еңбегі нәтижесінде қазіргі таңда 6000 пайдалы қазба орындары ашылған.
АСПАНДИЯР ӘДЕНҰЛЫ Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ ТАРИХИ МУЗЕЙДІҢ БАС МАМАНЫ: «Қазақстан барлық қазба байлықтар бойынша Қ.Сатпаев болжамымен әлемде бірінші орын алатын ел. Бірақ, оған біздің геологиялық барлау жұмыстарына мемлекеттік тікелей қамқорлығы, яғни, қаржылай көмек қажет болып отыр. Билік тарапынан қолдау болатын болса, Қазақстанда ашылмай жатқан, барлық минерал түрлері бар еді. Менделеевте 90 астам түр болса, бұрынғы заманда геолог ғалымдар айтып кеткендей «барлық түрі табылады, бірақ, зерттеу жұмыстарын тыңғылықты жүргізу керек». Ол үшін әрине бәрі қаржыға келіп тіреледі. Қазақстан әлемдегі жер асты байлығынан алдыңғы орындарда тұрған елдердің бірі».
Пайдалы қазбалар бүгінде энергия көзі ғана емес, сонымен қатар әртүрлі қорытпаларды, құрылыс материалдарын, химиялық заттарды және біздің күнделікті өмірімізге өте қажет басқа заттарды өндіруге арналған шикізат ретінде пайдаланылуда.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 523
https://www.youtube.com/embed/BulbV_r7VNs?si=LjrzfLc94YdVVVLj"
Алматыда жасөспірімді аяусыз тепкінің астына алып,әрекеттерін таспаға түсіргендер ұсталды. Жаға ұстатарлық видео әлеуметтік желілерде жарияланған болатын. Видеоға түсірген екінші адам жәбірленушінің бетінен ұрмауға кеңес береді.Алматы полициясы құқық бұзушыны құрықтап,бүгінгі таңда күш қолдану арқылы озбырлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі мәлім етті.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 352
https://www.youtube.com/embed/-U90MjjJD-s?si=ZnvIgXMWF02iDxBv"
Экс-шенеунік Бишімбаевтың соты бүгін қайта жалғасты. Сот марқұм болған Салтанат Нүкенованың ұялы телефонын зерттеуге кірісті. Прокурор Айжан Аймағанова Салтанаттың телефоны мөрленген конвертті ашты. Ондағы Нүкенова мен Бишімбаевтың WhatsApp-та жазысқан хат-хабарларының бірнешеуін оқыды. Салтанат күйеуіне сенің ойыншығың емеспін деп хат жазып, мазасын алмауын сұрапты.
АЙЖАН АЙМАҒАНОВА ПРОКУРОР: «Бұл өмір емес, күн сайын бір нәрсені айтып қорқытып отыратын мен сенің ойыншығың да балаң да емеспін. Мен ақылымнан адасқан жоқпын. Маған 24 сағат 7 күн бойы не істеу керегін айтудың қажеті де жоқ, онсыз да бәрін жақсы білемін. Әрбір ұрыстан соң өзіме келу үшін бір күн уақыт кетеді. Оның үстіне үнемі ұрыстан соң, сені күлімдеп күтіп алуым керек».
Айта кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды. Артынша оның туысы Бақытжан Байжанов та қамалған болатын. Алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды. Онда күдікті айыпты мойындамайтынын айтқан болатын.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 591
https://www.youtube.com/embed/7D7OlV2AkLk?si=5pwgs2SvVHaqEZaC"
Қызылорда өңіріндегі биылғы жылғы көктемгі егін егу науқанына дайындық барысы жүзеге асырылуда. Егіс көлемін өткен жылғымен салыстырғанда арттыру көзделген.Өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдарын жалпы көлемі 187,0 мың гектарға оның ішінде негізі дақыл күріш 83,9 гектарға межеленуде. Облыс бойынша 21,3 мың тонна тұқым дайындалған. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын себу дәрежесіне жеткізу үшін зертханалық тексеруден өткізу жұмыстары жүргізілуде.
ЕРСҰЛТАН АПЕТОВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Аймақта ерте егілетін дақыл түрлерін егу жұмыстары Наурыз айының басында басталып кеткен. Ал,негізгі дақыл күрішті егу сәуір айының 3 –ші онкүндігінде басталатын болады.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 570
https://www.youtube.com/embed/fqw-d6NMX6o?si=xXAmibJk7LIbv--Y"
Дүниежүзілік экономикалық форумның деректеріне сәйкес, жол сапасы жағынан Қазақстан әлем бойынша 93-ші орында. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, проблемалық мәселелер әлі де туындап жатқаны көпшілікке аяң. Қазірде Алматы маңындағы өңірлердің өзінде жол сапасы сын көтермей тұр. Толығырақ тілші материалында.
ШОЛПАН МАРАТҚЫЗЫ ЖУРНАЛИСТ
БАҚЫТ ИХРАМОВ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН
ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН
ҚҰСАН МАМЫРБЕК ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН
ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН
Жазда шаң көтеріп, көктемде көл болып жататын нашар жолдардың жағдайына қатысты халық тарапынан әртүрлі шағым айтылуда. Әкімдіктің есігін қанша қаққанмен, әзірге шешімі табылмай отыр. Қарасай ауданы бойынша автомобиль жолдардың жалпы ұзындығы 1439 шақырымды құрайды.
ЖАНАТ ЕРЖАНҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРДЫ БАСҚАРУ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Қарасай ауданында ағымдағы жылы жолдарды жөндеуге деп 2,9 млрд.тг қаражат қарастырылған. 54 жоба негізінде 70 шақырым жол жасалмақ.
ЖАНАТ ЕРЖАНҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРДЫ БАСҚАРУ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ«Қаскелең қаласы бойынша, қазір Бөктер және Құлынды көшелерінде қазір енді қыс бітіп, өткен апта жаңбыр болды. Жер енді кеуіп жатыр. Қазір енді техника кіргізейік десек, жер саз болғандықтан, батып қалу қаупі бар. Жердің кепкенін күтеміз. Апрельдің ортасында жөндеу жұмыстары басталынатын болады.
Қаскелең қаласының Көкбастау көшесі туралы айтатын болсақ, ол көшелерге жиырма миллион теңге бөлінді. Қазіргі уақытта электронды конкурс өткізіліп жатыр. Ол рәсімделіп біткеннен кейін, осы апрель аяғы немесе ортасына қарай көреміз. Ол жерде арнайы белгіленген уақыттар бар. Соған байланысты жұмыстар басталатын болады».
Жолдың жоқтығына шағымданған қараша Көкөзек ауылында да жетерлік. Олардың да уәжі біреу.
БАЙЫП БАЛТАБАЙ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН
ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН
НАЗЫМ БЕЙІСҚАНҚЫЗЫ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН
АЙБЕК ЕСІМХАН ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН
ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН
Көлігі барды шығынға,көлігі жоқты діңкелеткен жолдың жыры қашан шешілетінін жергілікті билік былай деп жауап берді.
ЖАНАТ ЕРЖАНҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРДЫ БАСҚАРУ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:«Көкөзектегі жолдарға қазір бюджеттік өтінім бердік. Қазіргі уақытта жобалық сметалық құжаттарын әзірлейміз. Соның негізінде бюджеттік өтінім беретін боламыз.Жобаның шығуына байланысты. Ол жоба экспертизадан өтеді. Өзінің заңда белгіленген уақыттары бар».
Айтылған сөздің шындығын уақыт көрсетер. Бізде арнамыз тарапынан қадағалап отыратын боламыз.
Еще материалы
Страница 107 из 231
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.