- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 289
https://www.youtube.com/embed/LRNrumVW2Aw?si=updVO3JagB4Y_EdK"
Астанада заңсыз крипто айырбастау пунктін ұйымдастырғандар сотталды. Олар өздерін кәсіпкер деп танып, криптовалютаны қолма-қол ақшаға айырбастап, жылдар бойы аса ірі мөлшерде табыс тауып келген. Заңсыз қызметтен түскен ақша айналымы 15 млрд теңгені құрайды. Қаржы мониторинг агенттігі Қазақстан аумағында заңды тұлғасыз және лицензиясыз айырбастау операцияларын жүзеге
асыруға тыйым салынғанын қатаң ескертеді. Мұндай әрекетке барғандар қылмыстық жазаға тартылады.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
«Агенттіктің Астана қаласы бойынша Департаментімен заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша А.В.Кучукова пен Е.Т. Садыровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Аталған азаматтар криптовалютаны қолма-қол ақшаға айырбастап, аса ірі мөлшерде табыс тапқан. Заңсыз қызметтен түскен ақша айналымы 15 млрд теңгені құраған. Олар 1,5-нан 2,5% - ға дейін сыйақы комиссия алып отырған. Мемлекет кірісіне криптовалюта әмиянының балансындағы 22894,5 USDT мөлшерінде қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер, 328 мың АҚШ доллары және 7 млн теңгеге жуық ақша тәркіленді. Сот А. В. Кучуковқа мүлкін тәркілеп, 3 жыл мерзімге, ал Е.Т. Садыровқа мүлкін тәркілеп, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 282
https://www.youtube.com/embed/bY1QKrGTq48?si=AKZoA-0jQEbnWxgb"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 311
https://www.youtube.com/embed/wCSFtPMScR4?si=l6eXD0-n0wAy7j7z"
Әбден тозығы жеткен электр станциялары мен энергия тапшылығы бүгін үкіметте сөз болды. Жауапты министрдің сөзіне сенсек, 2030 жылға қарай елімізде энергия тапшылығы болуы мүмкін. 2030 түгіл қазірдің өзінде қуат көзі жетпей жатыр деді үкімет басшысы Әлихан Смайылов. Сондықтан Премьер-Министр жауапты органға бірқатар тапсырмалар ретін жүктеді.
Бүгінгі таңда елімізде 220 электр станциясы жұмыс істейді десек, оның жартысынан көбі пайызға шақсақ, 56 пайызы тозып тұр. Оның үстіне халық саны мен өндіріс көлемі артқан сайын қуат көзіне деген сұраныс та тиісінше өседі. Осы факторды негізге алған министр 2030 жылға қарай энергия тапшылығы туындайды деп болжайды.
АЛМАСАДАМ СӘТҚАЛИЕВ ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ: «Бекітілген қуат теңгеріміне сәйкес 2030 жылға қарай резервтің қажетті деңгейі 17% болғанда, электр қуатының қажеттілігі 28,2 ГВт болады. Бұл ретте жаңа қуаттарды ескеріп, қолда бар қуат 22 ГВт деңгейінде болады. Біртұтас электр энергетикалық жүйедегі электр қуаты тапшылығының көлемі 6 ГВт-тан асады, оның ішінде шамамен 4 ГВт – жаңа қуаттар. Орталық Азия елдеріндегі теңгерімді талдау 2030 жылға қарай 2,7 ГВт көлемінде электр қуаты тапшылығын көрсетіп отыр».
Бұл проблеманың алдын алу үшін жаңартылған энегрия көздері мен гидроэлектр станцияларын салу керек. Сондай-ақ, энергия балансын сақтау қажет. Осы мақсатта батыс облыстардың газ қуатын арттырып, Солтүстік және Оңтүстік аймақтарда генерациялау көлемін ұлғайтуға басымдық берілуі тиіс деді үкімет басшысы.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Биыл Екібастұз ГРЭС-1-де бірінші энергия блогын қалпына келтіру жобасын аяқтау жоспарланып отыр. Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жаңадан Жылу электр орталықтарын салу мәселесі пысықталуда. Оңтүстік өңірлерде газ генерациялау жобалары іске асырылуда. Олар 2025-2026-шы жылдары аяқталады. 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің 15% үлесіне қол жеткізу мақсатында Total Energies, Acwa Power және Masdar сияқты стратегиялық инвесторлармен ірі жобалар іске асырылатын болады».
Одан бөлек, бүгін үкімет үйінде онлайн сауда мәселесі сөз болды. Енді бұдан былай елімізде отандық онлайн дүкендердің дамуына жағдай жасалады.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Қазақстанда 2023-шы жылы е-коммерция көлемі 2,2 трлн теңгеден асып, барлық бөлшек сауданың 13%-ке жетті. Біздегі нарықтың ауқымды бөлігі шетелдік интернет-алаңдарға тиесілі. Осы мүмкіндікті өз өнімдерімізді әлемдік нарықта өткізудің қосымша каналы ретінде пайдалануымыз керек. Сонымен қатар отандық онлайн-дүкендерді де дамыту қажет. Ол үшін төлем жүйелерінің, көлік-логистика инфрақұрылымының және курьерлік қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету керек».
Онлайн сауда дүкендер желісін дамытқанмен, тұтынушылар құқығының қорғалуына да басты назар аудару керек деді Премьер-Министр. Осы орайда арнайы заң жазылыпты, ол қазір парламенттің қарауына жіберілген. Егер депутаттар мақұлдаса, сатып алушы халықтың құқығын қорғайтын жаңа құжат жақын арада күшіне енбек.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 311
https://www.youtube.com/embed/PWjvmMEI-QE?si=ab1MuzELfL_Ek3ni"
Әйеліне жұдырық жұмсаған Рахат Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік іс аппеляциялық сотта қайта қаралды. Айыпталушының жазасы - ескертуден, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға өзгертілді.
Рахат Тұрлыхановтың апелляциялық соты офлайн және ашық өтеді деген соң қалалық сотқа бір топ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі келді.Тіпті журналистерді сот залынада кіргізді. Кейін айыпталушы мен жәбірленуші судьядан апелляциялық соттың жабық режимде өтуін сұрады. Прокурор мен экс-әншінің қорғаушысы да ерлі-зайыптылардың өтінішін құптады.Судья Қанат Молдашев Рахат Тұрлыхановтың ісін жабық режимде қарау туралы шешім қабылдады.
Аталған материалды қарау барысында, сот алқасы бұрын жұбайын бірнеше рет ұрып-соғу фактілерін ескеріп, бірінші сатылы соттың тағайындаған жазасымен келіспеді. Осылайша, сот алқасының қаулысымен Р.Тұрлыхановқа қатысты жаза - ескертуден, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға өзгертілді. Қаулы заңды күшіне енді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 315
https://www.youtube.com/embed/uVlW0jGRl5Q?si=33KZ0Iy-b3kG_Bmw"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімін қабылдады. Өңір жетекшісі 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді.Қала әкімінің сөзінше былтырғы қорытынды бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 26% артып, 724,3 млрд теңгені құраған.Құрылыс саласы айтарлықтай жанданып, 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 28 мың оқушыға арналған 18 білім беру мекемесінің құрылысы басталған. 233 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, үлкен жолайырық пайдалануға берілген. Қасым-Жомарт Тоқаев Ғабит Сыздықбековке қала экономикасын одан әрі әртараптандыру, қосымша инвестиция тарту, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау шараларын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 345
https://www.youtube.com/embed/RoCWCyiE5II?si=S8wIzCQYXFuoAsaZ"
Сондай-ақ Президент Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады.Мемлекет басшысына өңірдің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді.
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 367
https://www.youtube.com/embed/gPTH9nNzIWc?si=ShFXIOcJDnJA4fXh"
Тайваньның Президенттік сайлауында Қытайға қарсы демократиялық прогрессивті партиялық кандидат жеңіске жетті.
Уильям Лай ретінде белгілі Лай Циндэ сайлаушылардың 40% -дан астам дауысын жинады. Оның басты қарсыласы - ҚХР-мен диалогқа бейім Гоминьдан партиясының мүшесі Хоу Юи 33% -ға жуық дауысқа ие. Үшінші орында - либералды Тайвань халық партиясының төрағасы Кэ Вэньчжэ тұр. Ол шамамен 26% дауыс жинады. 64 жасар Лай әзірге Тайваньның вице-президенті қызметін атқарып отыр. Ұлықтау рәсімі 20 мамырда өтеді. Бұған дейін бұл қызметті оның алдыңғысы Цай Инвэнь атқаратын болады.
УИЛЬЯМ ЛАЙ – ТАЙВАНЬНЫҢ ЖАҢА САЙЛАНҒАН ПРЕЗИДЕНТІ: "Біз Тайвань бұғазының екі жағы да болашақта салауатты және реттелген қарым-қатынастарға орала алады деп үміттенеміз. Шынында да, президент Цай Инвэнь айтқандай, осы сегіз жыл ішінде Тайвань үнемі ізгі ниет көрсетті. Өкінішке қарай, Қытай мұны жасаған жоқ ".
Тайванда сондай-ақ Заңнамалық юанға, яғни парламентке сайлау өтті. Онда орындардың нақты бөлінуі кейінірек белгілі болады. Алайда, бірде-бір партия абсолюттік көпшілік дауысқа ие болмайтыны анық. Бұл жаңа сайланған президентке мәселе туындатуы мүмкін. Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И қауіпті мәлімет жасады. Ол Тайвань Қытайдың бір бөлігі екенін және егер арал тәуелсіздікті талап ете берсе, «қатаң жазаланатынын» айтты. Сонымен қатар, Қытай Сыртқы істер министрлігі мен ҚХР-дың бүкіл әлемдегі елшіліктері Тайвань демократиялық прогрессивті партиясы мен сайланған президент Лай Циндэні құттықтаған шетелдік үкіметтерді айыптады. Бейжің Тайваньды ешқашан басқармағанымен, өзінің аумағы деп санайды. Ол сондай-ақ оны күшпен басып алуға уәде береді. Сайлау алдында ол арал маңындағы әскери қызметін жандандырды. Осылайша, оған Тайваньның әуе кеңістігін бұзған жойғыштарды жіберді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 330
https://www.youtube.com/embed/cLblPs6uQ4A?si=kqtCBp2cOhJxqvJ_"
Сағадат Нұрмағамбетов жайлы телесериал түсірілді. Генералдың өмір жолынан сыр шертетін фильм 7 мамырдын бастап отандық телеарналарада көрсетіле бастайды. Фильм Алматыда әскери жаяу институтының базасында түсірілген. Жалпы саны 20 бөлім, әр серия 40 минуттан тұрады. Одан бөлек, әскери қайраткердің биылғы 100 жылдық мерейтойына арнап өзі туған Ақмола облысы, Ақкөл ауылында сквер ашылады. Сквер төріне ескерткіш мүсіні қойылады.
ТІЛЕУХАН БАСҚОЖАЕВ ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ҚК ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: «Одан бөлек, Сағадат Нұрмағамбетовтің үш кітабы жаңғыртуға берілді. Алматыдағы жаяу әскери институтына, Астанада жергілікті әскери колледжге Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді. Елорда да осы кісінің атындағы көше бар. Оның бойында мүсін қою мәселесі пысықталып жатыр. «Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай осыған ұқсас іс-шаралар өткізіледі. Кешенді жоспар Үкіметке жолданды».
Айта кетейік, Кеңес Одағының батыры, ҚР тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың биыл туғанына 100 жыл. Мерейтой күллі республика аумағындағы әскери бөлімнің барлығында аталып өтіледі.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 325
https://www.youtube.com/embed/xONudqFQH18?si=bZNIokltpCMtf5n4"
COVID-19-дан өлім-жітімнің күрт артуына байланысты Қытай халқының саны екінші жыл қатарынан азайып келеді.
Өткен жылы ҚХР билігі кенеттен барлық антикоронавирустық шектеулерді алып тастады, ал биыл қыста елде респираторлық аурулар толқыны көтерілді. Әсіресе диагностикаланбаған өкпе қабынуы кең көлемде таралды. Аурудың ауыр түрімен және өлім-жітімнің жоғары болуымен сипатталады. Бұл ретте одан балалар да, ересектер де зардап шегеді. Демографтардың бағалауынша, Қытайдағы халық саны туралы деректер көрсеткендей, 2023 жылы жаңа туылғандар саны өткен жылмен салыстырғанда тоғыз миллион 560 мыңды құраған. Мұны аурулардан болатын өлім-жітіммен ғана емес, басқа да мәселелермен де түсіндіреді: қартайған халық пен бала күтіміне кететін шығынның жоғары болуы.
Бұған биліктің 1979 жылдан 2015 жылға дейінгі «Бір отбасы - бір бала» деп аталатын ұзақ мерзімді саясаты әсер етті. 2022 жылы Қытай халқы 60 жыл ішінде алғаш рет азайды. Бұл тарихи бұрылыс халықтың қысқаруының ұзақ кезеңінің басы болады деп күтілуде. Бұл Қытай мен әлемнің басқа да экономикасы үшін терең салдарға әкеледі. Халықтың қартаю проблемасы ерекше өткiр тұр. 2035 жылға қарай 60 жастан асқан қытайлықтар 400 миллион болады деп күтілуде. Бұл - Құрама Штаттар халқынан көп. Қазір олардың саны шамамен 280 миллион. Айта кетерлік жайт, өткен жылы Қытай әлемдегі ең халқы көп ел болудан қалды. Бұл атақты одан Үндістан алды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 320
https://www.youtube.com/embed/4m50X-ImRKc?si=abgk4Rr4eHUYHout"
Жастарды тұмса табиғатты аялауға шақыру,кезек күттірмейтін мәселе. Бұл бағытта Іле-Алатау Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінің мамандары ауқымды жұмыстарды атқарып келеді. Жылдағы дәстүр бойынша қысқы маусымның ашылу салтанатын өткізді. Айтулы мекемеге қарасты Талғар филиалының мамандары ауданда оқитын оқушыларға мереке сыйлады. Шара аясында ұлттық парк қызметкерлері ұлы даламыздың басты байлығы табиғат екенін айтып,оны қорғаудың қаншалықты қажетті екендігін түсіндірді.Сонымен қатар жануарларды қастерлеуге байланысты маңызды ақпараттарымен бөлісті.
АЙГЕРІМ ШАЛҒЫМБАЕВА ІЛЕ-АЛАТАУ МҰТП ТАЛҒАР ФИЛИАЛЫНЫҢ ЭКОЛОГ МАМАНЫ
Саф ауамен тыныстаған жастар тау бөктерінен сырғанап,аққала жасап көтеріңкі көңіл-күйде болды.Сонымен қатар табиғат тақырыбына бағытталған ақындардың жырларын жарыса айтып жатты.
АРУЖАН ҚУАНЫШБЕК ОҚУШЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 364
https://www.youtube.com/embed/2oDP14rwhlw?si=omlJmNoat4cI59sg"
Әлемнің екінші ұстазы аталған Әл-Фараби бабамыздың есімін иеленген қазақ білімі мен ғылымының қара шаңырағы ҚазҰУ 90 жылдығын атап өтті. Айтулы шараға қатысып қайтқан тілшіміз тарқатып берсін.
1934 жылы 15 қаңтарда алғаш 54 студентпен ашылған университетте қазіргі таңда 25 мыңнан астам білім алушы бар. Білім ордасының бұл қуанышына университет қабырғасынан түлеп ұшып қазақ елінің ғылымы мен біліміне өз үлес терін қосқан академик ғалымдар,көрнекті тұлғалар,ұстаздар мен шәкірттер қауымы бір кісідей ат салысты. Шарада тамыры тереңде жатқан қара шаңырақ жайлы деректі фильм көрсетіліп, оқу ордасының басшысы құттықтауын жолдады.
ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ РЕКТОРЫ
Білім ордасы 2022 жылғы 25 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген қаулысымен «зерттеу университеті» мәртебесіне ие. Ғылымды дамытуға айрықша көңіл бөлініп,соңғы үш жылда университет ғылымынан түскен табыс екі есеге артқан. Бүгінгі мерекеге орай Ал химия және химиялық технология факультеті гальваникалық қаптамалардың ғылыми-өндірістік орталығын ашты. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым қорының қаржылық қолдауымен ұйымдастырылған орталықта металдарды өңдеудің жаңа технологиясы ұсынылады.
АЛИНА ГАЛЕЕВА ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Бұл ғылыми-өндірістік орталық машина жасау зауытынан, темір жол автоматикасына арнайы жабын алуға қажетті электр жетегінен түскен сұраныстың арқасында ашылды.
Біз әзірлемелерді жүргіздік, кейіннен жаңа технологияларды әзірледік. Жыл сайын өткізілетін байқаудың арқасында біз ғылыми қорды коммерцияландыруға ұсындық».
Университтетің 90 жылдық мерейтойы аясында ауқымды жобалар жүзеге аспақ. Жыл бойы тойланатын мереке аясында конференция,симпозиумдар,ғылыми танымдық кітаптарды жарыққа шығару жоспарланып отыр. Сондай ақ шарада ғылым саласына үлес қосқан академик ғалымдар алғыс хаттармен марапатталды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 291
https://www.youtube.com/embed/m4EID95RxXU?si=4dPAqEH1z5vl-exV"
Естеріңізде болса, өткен жаңалықтарда Каспий теңізінің сәнін келтіріп тұрған қанаттылардың қырылып жатқанын айтқан болатынбыз. Бүгінде осы оқиға Қарақия ауданының Құрық ауылында тіркелді. Қырылған аққу саны мыңға жуықтады. 11 қаңтар күні теңіз жағасынан 20 аққудың өлексесі табылған.
МҰҢАЛБАЙ САНСЫЗБАЕВ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: "Бұл жердің өзінде де 20 басқа жуықтаған аққу құсының өлігі табылған. Күнделікті жергілікті атқарушы органдармен қазір тапсырмалар беріліп, шаралар алынуда. Біздің міндетіміз табиғатта қазіргі уақытта құс өліміне байланысты облыстың териториясында бақылау, қадағалау жұмыстарын жүргізу.Қанғыбас иттерді шектеп, мына аққудың өліктерін сол иттердің алып кетпеуіне соған жұмыс жүргізіп жатыр бәрі".
2006 жылдары осындай жағдай орын алған көрінеді. Дегенмен ол уақыттарда қанаттылардың өлекселері теңіз жағасынан табылмаған.Қарақия ауданы бойынша 2672 үй құсы тіркелген. Былтыр күз айынан бері құс тұмауына байланысты 2000-ға жуық екпе салынған.
АМАНГҮЛ АТАКАЕВА ҚҰРЫҚ АУЫЛЫНЫҢ МЕД-ПУНКТ БАСШЫСЫ:"Қазіргі кезде біз теңіз жағалауындағы аққулардың өлекселерін алып, арнайы өртейтін жерге апарып өртеп жатырмыз. Кешелі 12 бас аққуды өртесек, бүгін айналаны мал дәрігерлері тексеріп, аққуды өртегелі жатырмыз. Жалпы бұл құс тұмауы өте жұқпалы".
Арнайы мамандар сараптама жұмыстарын да жасауда. Әзірге нақты неден болып жатқаны беймәлім. Аудан әкімдігі іс-жүргізу шараларын бастап кетті. Оқиға бойынша жұмыс жасап жатқан мамандар біраз уақыт тұрғындарға жағалауға келмеуін және үй жануарларын барынша сақтықта қадағалауын, мүмкіндік болса оларға арнайы екпе салдырып алғандары жөн деп дабыл қағуда.
Еще материалы
Страница 111 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.