- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 255
https://www.youtube.com/embed/nUvzqziv2Y4?si=94KRqAplzObZDEr5"
Жасы жүзге таяған Федор Ковалев – Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы көзі тірі жалғыз соғыс ардагері. Ол 17 жасында Отан үшін от кешіп, майдан даласына аттанған. Алты айлық оқу-жаттығудан өтіп, Беларусь, Пруссия мен Калининград майдандарында ерлік көрсеткен бозбала кейін Жапон соғысына да қатысып,ерлік көрсете білді. Ардагерін ардақтаған игі шараға назар аударсақ.
1927 жылы Беларусь елінде дүниеге келген Федор Ковалев 1944 жылы Қызыл Армия қатарына алынып, келесі жылы Кеңес – Жапон соғысына аттанады. Жапонияның тізе бүгуі КСРО-ның Қиыр Шығыстағы қауіпсіздігін нығайтып, Екінші дүниежүзілік соғыстың тезірек аяқталуына жол ашты. Соғыстан кейін туған ауылына оралып, еңбекке араласқан ардагер ұзақ жыл комбайншы болып жұмыс істейді.
1969 жылы отбасымен бірге Жамбыл ауданына көшіп келіп, Ұзынағаш ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу орталығында 20 жылдай слесарь әрі дәнекерлеуші болып еңбек етеді. Соғыс және еңбек ардагері ретінде ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы атағына ие болды. Федор Ковалев жас ұрпақтың бейбіт өмір сүруін тілеп, соғыстың қайталанбауын қалайды. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтау хатын Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев табыстап, ардагерге Қонаев қаласынан бір бөлмелі пәтердің кілтін сыйлады.
Жамбыл ауданындағы 28237 әскери бөлімінде Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл ерекше күнді атап өтуге аудан әкімі Нұрлан Ертасұлы арнайы келіп, сарбаздарды айтулы мерекемен құттықтады.
НҰРЛАН ЕРТАС АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Шара барысында ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген жауынгерлерге алғыс білдіріліп, олардың ерлік пен жауапкершілікке толы қызметі жоғары бағаланды. Бөлім басшылығы өз ісіне адал, тәртіп пен үлгі көрсеткен сарбаздарды марапаттап, құрмет көрсетті.
ЖАСҰЛАН ХАМИТОВ 28237 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ЕКІНШІ ҚҰТҚАРУ БАТАЛЬОНЫНЫҢ КОМАНДИРІ
Мерекелік жиын көтеріңкі көңіл-күймен, патриоттық рухта өтті. Бұл шара жауынгерлердің рухын көтеріп қана қоймай, Отан алдындағы борышты өтеудің маңыздылығын тағы бір мәрте айқындай түсті.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 304
https://www.youtube.com/embed/EuzZYwwZi_w?si=FYOMgIz4ZFRe3f9u"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 278
https://www.youtube.com/embed/k7XKQBDFzz0?si=EEA4rEt3iEo_yOzA"
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланып,қоршаған ортаға зиян келтірмей тұрақты дамуды көздейтін экономикалық модель-Жасыл экономика. Елімізде тұңғыш мектебі ашылған Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунгтың жасыл экономика және жаһандық сын-қатерлер дәуіріндегі тұрақты даму курсының сертификаттары түлектерге табысталды.
Жаһандану дәуірінде жасыл экономиканың дамуы өте маңызды мәселе. Жасыл экономика экологиялық тепе-теңдікті сақтау,энергияның жаңартылатын көздерін пайдалану және экологиялық таза технологияларды енгізуді көздейді.72 сағатқа жоспарланған курс елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл жоба игі жұмыстың бастамасы. Ғылым және жоғары білім министрлігі жасыл экономика жобаларын одан әрі қолдауға дамытуға дайын.
РУСЛАН ТОҚТАРБЕКҰЛЫ ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ
Жасыл экономиканың даму жолында атқарылар шаруа көп. Осы тұрғыдан еліміздің бірқатар ғалымдары Рае Квон Чунгпен бірлесіп жоба әзірлеуде.
ӘЗІМХАН ӘБІЛҚАЙЫРҰЛЫ ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ
Шара барысында дәрістен өткен 20 адамға арнайы сертификаттар табысталды. Айта кетерлігі сертификат иелері мұнымен шектеліп қалмай осы сала төңірегіндегі мәселерге ат салысып,өз үлестерін қосады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 240
https://www.youtube.com/embed/SzMah2EACqI?si=9eBM02eQlhaahS_u"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 275
- Ақпараттық жаһандану үдерісі туралы өзіңіздің пікіріңіз қандай?
- Ақпараттық жаһандану үдерісі әлемдік деңгейде белең алып келеді. Ақпараттық-технологияның даму деңгейі адамдардың өмір сүру сапасына, қоғамның, экономиканың, ұлттық қауіпсіздіктің және мемлекеттің дамуына әсер етеді. Ақпараттандыру үдерісі білім беру жүйесіне де қатысты. Қазіргі білім беру жүйесіндегі негізгі міндет – оқу үдерісінің сапасын жақсарту, білім деңгейін арттыру, заманауи ақпараттық технологияларды қолдану. Оның негізгі көзі интернет. Қазақстан Республикасының білім беру саласында, оқу үдерісін ақпараттандыруда интернет маңызды құралға айналуда. Интернет оқытушыға оқу үдерісін барынша жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Білім алушылар да оқу материалын меңгеру мақсатында түрлі ақпараттармен танысады. Заманауи оқытушы интернет кеңістігін жақсы меңгеріп, студенттердің әлемдік желі ресурстарымен сауатты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Мәтіндердің көптігі электронды ұсынылғандықтан және интернетке қолжетімділік еркін болғандықтан, интернеттің өзін (Web as Corpus) ең үлкен корпус деп санауға болады. Корпус – бұл электрондық нысандағы кейбір тілдегі мәтіндер жинағына негізделген ақпараттық-анықтамалық жүйе.
- Ұлттық корпус қызметі туралы не айтасыз?
- Ұлттық корпус бірінші кезекте тілдің лексикасы мен грамматикасын ғылыми зерттеуді, сондай-ақ тілде салыстырмалы түрде шағын кезеңдер – бір ғасырдан екі ғасырға дейін болатын тілдік өзгерістерді қамтамасыз етуге арналған. Корпустың тағы бір функциясы – лексика, грамматика, акцентология, тіл тарихы салаларына қатысты әртүрлі анықтамаларды ұсыну. Қазіргі заманғы компьютерлік технологиялар мәтіндердің лингвистикалық өңдеу рәсімдерін бірнеше рет жеңілдетеді және жеделдетеді. Ұлттық корпустарды толықтыру, оны жүзеге асырудың ғылыми-теориялық негіздемесін жасау да кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі. Ұлттық корпусты бір жүйеге негізделген тілдік материалдар базасы деп қана қарау дұрыс емес. Ұлттық корпус қазіргі ақпараттар кезеңінде, виртуалды кеңістікте мемлекеттік тіл қызметін жетілдіру, тілдік ресурттарға қол жеткізу тетігі болып саналады.
- Ұлттық корпус өміршеңдігі туралы не айтасыз?
- ХХІ ғасырда тіл таным құралы қызметін атқарып келеді. Қоғам сұранысына сәйкес тілдік бірліктерді, сөз қолданыстарын, сөз жиілігін ІТ платформаға жинақтап қолданысқа енгізген кезде ғана ұлттық корпустың тиімділігі артады. Әр тілдік қолданыс, әр сөз – ұлт байлығы. Ұлттық корпустың өміршеңдігі де осыған байланысты болмақ. Қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру туралы Президентіміз Қ.К. Тоқаев ұлттық құрылтайдағы сөйлеген сөзінде тағы да шегелеп айтып кетті. Абай қолданысындағы сөз байлығын жинақтап корпусқа енгізу – қазақ тілін ғылым тіліне, ІТ платформалар мен техника тіліне айналдырудың, әлемдің сұраныстағы тіл деңгейіне көтерудің басты қадамы болмақ.
- Ұлттық корпус құрамына Абай мұрасын енгізу үшін қандай шаруалар атқарылуда?
- Абай мұрасын ұлттық корпус қорына енгізу үшін тіл білімінде қыруар шаруалар атқарылуда. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұжымы осы бағытта бірнеше жобалармен жұмыс жасап келеді. Соның бірі – ҚР Жоғары білім және ғылым министрлігі, ғылым комитеті қаржыландыратын «Қазақ поэтикалық корпусы әзірлемесі: Абай өлеңдерінің морфологиялық және поэтикалық белгіленімі» БНҚ бағдарламасы. Жоба жетекшісі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Г.Б. Мадиева. Бұл жоба мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың ұлттық құндылықты қолдау мақсатындағы идеяларынан бастау алады.
- Қазақ поэтикалық мәтіндерін жaңa aқпaрaттық технологиялaр көмегімен зерттеу ғылым үшін қаншалықты маңызды?
- Қазақ поэтикалық мәтіндерін жaңa aқпaрaттық технологиялaр көмегімен зерттеу компьютерлік технологиялaрдың қaрқынды дaмуына да бaйлaныстa болады. Абай өлеңдерінің кіші корпусын жасауда Абай өлеңдерін корпустық технологиялар көмегімен зерттеу көзделеді. Абай шығармаларының маңыздылығын арттырып, қазақ әдебиетінің әлемдік кеңістікке орнын айқындайды. Бұл мәселелер шешімін тапқан жағдайда Абай өлеңдері сандық технология көмегімен корпус құрамына енеді. Қазіргі қоғамдағы сандық жүйені жасауға, сандық тіл білімі мен сандық әдебиет салаларының жаңа қарқынмен дамуына үлес қосады. Қaзaқ поэтикалық мәтіндерінің ұлттық корпусын дaйындaудың да қaжеттілігі осында.
- Қазақ поэтикалық мәтін корпустарын зерттеу мен құру сала мамандары үшін қаншалықты маңызды?
- Қазақ поэтикалық мәтін корпустарын зерттеу мен құру сала мамандары үшін ғана емес, қоғамдық-әлеуметтік мәселе ретінде де маңызды. Шетелдік және ресейлік ғалымдардың еңбектерінде корпус құрылғаннан кейін академиялық сөздіктер мен грамматикалар қайта қаралып, қайта жазылғандығы туралы ақпарат бар. Абай өлеңдерінің кіші корпусын жасау, қазақ әдеби тілінің мәтіндері негізінде тілдік корпустарды пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру және осы мүмкіндіктерді іске асырудың ғылыми-теориялық негіздемесін әзірлеу қажет. Өйткені, тілдік корпусты құрастыруда, атап айтқанда, әртүрлі сөздіктерді құрастыруда, ғылыми грамматиканы қайта жазуда немесе белгілі бір лингвистикалық құбылыстарды анықтауда алынған нәтижелерді қолдану корпустық лингвистиканың болашақ дамуы үшін ғана емес, сонымен қатар ғылыми зерттеулердің жаңа технологиясын қалыптастыру үшін де маңызды.
- Поэтикалық мәтін корпусын жетілдіруде Абай поэтикасының ішкорпусын жасаудың маңыздылығы туралы не айтасыз?
- Поэтикалық мәтін корпусын жетілдіру арқылы Абай тілінің кіші корпустарын жасауға, электронды тілдік корпустар қызметін жетілдіруге, лексикографиялық зерттеулер жүргізуге, Абай өлеңдерінің кіші корпусын автоматтандырудың ғылыми методологиясын негізін жасауға мол мүмкіндік туады. Абай қолданысындағы сөз байлығын жинақтап корпусқа енгізу – қазақ тілін ғылым тіліне, ІТ платформалар мен техника тіліне айналдырудың, әлемдің сұраныстағы тіл деңгейіне көтерудің басты қадамы болмақ.
- Абай мұрасын ұлттық корпус құрамына енгізудің, Абай тілінің кіші корпусын жасаудың пайдасы қандай?
- Қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба поэзиясын жаңа сапалық белеске көтерген, қазақ әдебиетіне көркемдік құндылықтардың әлемдік үлгісін алып келген, ақындық мектеп, қайталанбас дәстүр қалыптастырған, Абай Құнанбайұлы поэзиясының ерекшеліктері әдебиеттану ғылымында жан-жақты зерттелді. Абай шығармаларының ғылым тіліне айналуына зор үлес қосқан ғалым академик Рәбиға Сыздықова болатын. Тілші-ғалым алғашқы зерттеу еңбегін Абай шығармаларына, оның лексикалық, морфологиялық, грамматикалық, поэтикалық ерекшеліктерін зерттеуге арнады.
Абай тілінің кіші корпусын жасау, қазақ поэтикалық мәтіндерінің корпусын толықтыру қазіргі қоғам үшін аса маңызды, өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Жалпы, әлемдік тәжірибеде тілдің ұлттық корпусы түрлі тақырыптағы кіші корпустардан тұрады. Әлем тілдеріндегі кез келген корпус сол тілдің лексикасы мен грамматикасын, ондағы өзгерістерді ғылыми зерттеу үшін аса қажет. Ақпаратты табу, көлемді материалдарды іздеу, талдау, өңдеу, статистикалық мәліметтерді алу үшін оңтайлы. Абай шығармаларындағы тілдік бірліктерді корпустық технология көмегімен модельдеп, қоғам қажеттілігіне жарату қажет. Абай шығармаларының лингвистикалық белгіленім талдамасын жасау, морфологиялық және синтаксистік белгіленімдерін айқындау үлкен ұжым, мемлекет деңгейінде атқарылатын шаруа.
- Абай өлеңдерінің кіші корпусын жасау арқылы қандай ғылыми нәтижелерге қол жеткізуге болады?
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың осындай ұлттық құндылықты қолдау мақсатында «қазақ поэтикалық корпусы» жұмыстарына, гранттық жобаларға айтарлықтай қолдау көрсетуі Абай өлеңдерінің кіші корпусын түзіп, ел игілігіне жаратудың бастапқы қадамы болмақ. Поэтикалық мәтін корпусын жетілдіру, Абай өлеңдерінің кіші корпусын жасау арқылы бірнеше нәтижелерге қол жеткіземіз:
- Абай өлеңдерін автоматтандырудың ғылыми әдіснамасы айқындалады;
- электронды тілдік корпустар қызметін жетілдіруге зор мүмкіндік туады;
- Абай тілінің сөздігін жасап, лексикографиялық зерттеулер жүргізуде пайдалануға болады;
- Абай поэтикасына қатысты жасалған ғылыми тұжырымдарды ұлттық корпус жасау ісінде қолдануға мүмкіндік туады;
- морфологиялық және поэтикалық белгіленімдер қойылған Абай өлеңдерінің негізінде қазақ поэтикалық мәтіндерінің кіші корпусы толығады;
- қазақ өлеңдеріне цифрлық өңдеу жасай алатын бағдарламалар әзірлеу көзделіп отыр. Бұл бағдарламалар негізінде Абай тіліне қатысты лингвистикалық алгоритмдер мен кешенді сипаттағы теориялық, тәжірибелік материалдарды біріктіретін бағдарламалар қорын дайындауға зор мүмкіндік туады.
Абай тілі ұлттың, халықтың құнды қазынасы болғандықтан, соның барлық болмысын, ерекшеліктерін корпус қорына енгізу маңызды. Абай өлеңдерінің цифрлық корпусын құру инновациялық жобалардың дамуына және жаңа лингвистикалық және мәдени ресурстардың жандануына септігін тигізеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Саткенова Ж.Б.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 257
https://www.youtube.com/embed/g33UHxsd2FY?si=7xjZ34xaqHBppaaO"
Шерзат Полаттың ісі бойынша жалғасып жатқан сот отырысында алдыңғы отырыстардың бірінен кейін түсірілген айыпталушылардың кабинадан жымиып шығып келе жатқан сәтін бейнелеген бейнежазба сөз болды. Бұл жазба әлеуметтік желілерде тарап, жұртшылықтың ашуын туғызды.Сот процесінде осыған байланысты дау туды.Судья оқиғаға байланысты тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, Сотта куәгер Сәкен Әкежановтан сұрақтарға жауап алынды. Ол қайғылы оқиға болған “Қамажай” дүкеніне қарама-қарсы үйде тұрады. Оқиға болған түні ол атылған сияқты дауыс естіген, бірақ ол мотоциклдің дауысы деп ойлаған.
Ол жерде жатқан жігітті ұрып-соққанын айтты, бірақ ол кімді кім ұрғанын байқамаған. Бірақ ол жерде жатқан адамды бір затпен соққанын байқаған. Сот отырысы кезінде тағы бір куәгер куәлік етті. Жанболатұлы Дарын оқиға болған соң қылмыс орнына барғанын айтып, көрген-білгенін баяндады. Ол оқиға орнында екі оқ болғанын және оны бір әйелдің алып кеткенін айтты.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 283
https://www.youtube.com/embed/i0RpAVDu9-4?si=VolhyNi92U8b0lJG"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 257
https://www.youtube.com/embed/KOizQCjJ8fo?si=9uGgexqx5fCqY2TR"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 480
https://www.youtube.com/embed/znXM4QZONxQ?si=wsR4fGHVdYZKvmTk"
«Құндылықты дарыту – сапалы білім негізі». Дәл осындай тақырыппен бастауыш сынып мұғалімдерінің басын қосқан мағыналы шара ұйымдастырылды. Алматыдағы №173 мектеп-лицейінде өткізілген өңірлік семинарға Алматы облысы мен қаламыздағы бастауыш сыныптың ұстаздары жиналған.
Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға, деп ұлы Абай айтқандай, шәкірттерінің жүрегіне жол таба білетін мұғалімдер еңбегі шын мәнінде өлшеусіз. Ал ұлттық құндылығымызды сапалы біліммен байланыстыра білу нағыз еңбек. Осы орайда Алматыдағы №173 мектеп-лицейінің қабырғасында мазмұнды, мағыналы семинар өткізілді.
АРАЙ ҚАСЫМБАЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАР БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
ИНДИРА ТАЛҒАТҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАР БОЙЫНША БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Мектеп директоры Ләйлә Байымбетованың айтуынша, енді ғана мектеп табалдырығын аттаған балаларға ұлттық құндылық ұстанымдары бастауыштан бастап бойларына сіңіріледі. Тіпті осы жұмысқа сай сапалы сабақ жобасы да жүзеге асырылған. Енді бұл бастаманың мазмұнын тереңдету үшін тәжірибе алмасу жайы да тереңдетілмек екен.
ЛӘЙЛӘ БАЙЫМБЕТОВА, №173 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Өңірлік семинарға келген ұстаздар бұл кездесуде тағлымы мол тәжірибе жинақтап, жүйелі жоспар жиегін кеңейтті. Шара барысында, сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларының дайындаған концерттік бағдарламалары да ұсынылды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 270
https://www.youtube.com/embed/35Fp-gyO-94?si=luv3OKm76WxyzUvn"
Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай еліміздің әр аймағында түрлі бастамалар орын алуда.Мақсат, Отан үшін от кешкен ардагерлердің ерлігін ұлықтау.
Алматы қаласы Наурызбай ауданында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «№207 мектеп-лицейінің» ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған «ҰРПАҚТАР ҰМЫТПАЙТЫН – ҰЛЫ ЖЕҢІС» атты қалалық мерекелік іс-шара өтті.Мақсат, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, олардың ерен ерлігін жас ұрпақтың санасына сіңіру, ардагерлерге алғыс айтып, мерекелік көңіл күй сыйлау.
НҰРСҰЛТАН СӘКЕНҰЛЫ ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Мерекелік бағдарлама аясында жастар патриоттық әндер шырқап, көркем сөз оқып, театрландырылған қойылымдар көрсетті. Қан майданда жанын пида еткен ардақты ардагерлердің ерен ерліктерін қойылым арқылы жеткізді. Зұлмат заманда дүниеге келген ақсақалдар көздеріне жас алып, шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып жатты.
МӘДЕНИЕТ КӘРКЕНОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ НАУРЫЗБАЙ АУДАНДЫҚ АҚСАҚАЛДАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Бұл игі шара – Отан үшін от кешкен аға буынға деген шексіз құрметтің белгісі ғана емес, сонымен қатар жастарға тарихи жадыны сақтап, елін сүюге тәрбиелеудің маңызды қадамы болды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 272
https://www.youtube.com/embed/LNlWX2Z5sZ4?si=o1_PUtN9lklk5BcX"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 261
https://www.youtube.com/embed/owyANBm_uC0?si=me0xZMwlHrTU4tpc"
Диқандар дала жұмыстарына қызу кірісіп жатыр. Егін алқаптарын жыртып, білек түрді. Науқан жұмыстарының қалай жүріп жатқанын көріп қайту үшін арнамыздың түсірілім тобы Алматы облысы Балқаш ауданына қарасты «Бірлік» Агрофирмасына барып қайтқан болатын.
Алматы облысы, Балқаш ауданына қарасты “Бірлік” Агрофирмасы көктемгі дала жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Шаруашылықтың жалпы 5447 гектар егістік жері бар. Биыл оның 1387 гектарына бидай себілді. Қазір 800 гектар алқапқа күріш егу мақсатында жер жырту жұмыстары жүргізілуде.
АРШЫН ЖАҚЫПОВ, «БІРЛІК» АГРОФИРМАСЫ ЖШС БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Диқандар жер ананың ырзығын алу үшін, ерте көктемнен бастап білік сыбана жұмыстарына кірісіп кетеді. Шаруашылық басшысы Алмас Әбдіжаппарұлының жетекшілігімен бар мүмкіндіктерін пайдаланып, дала төсінде еңбек етеді. Биыл егістік алқаптарына регул және янтарь күріш сорттарын сеуіп отыр.
БАҚЫТЖАН СӘБИТОВ, БАС АГРОНОМ
Агрофирма басшылығы биылғы өнім көлемі жоғары болуы үшін тұрақты түрде мол су қорының қажеттілігін алға тартып отыр. Өйткені ақ алтын, тіршілік нәрімен бой көтереді.Биыл қуаңшылық қыспаса екен деп тілейді. Диқандардың айтуынша жуырда ғана Балқаш ауданына Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Әрсен Жақанбаевтың өзі арнайы келіп кеткен көрінеді. Ол бұл аймақтың негізгі проблемасымен жіті таныс болғандықтан Мемлекет тарапынан қолдан келгенше қолдау болатындығын алға тартқан.Қомақты қаражат бөліп, су арналарын жаңғыртуға ат салысатындығын алға тартыпты.
АРШЫН ЖАҚЫПОВ, «БІРЛІК» АГРОФИРМАСЫ ЖШС БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қалада отырып дала жұмыстарының машахатын көп түсіне бермейтін бар. Ала жаздай еңкейіп еңбек ететін диқандардың арқасында табиғи таза өнімдерге қол жеткізіп отырамыз. “Бірлік” Агрофирмасының ұжымы ауыл шаруашылығының ілгері басуына өз үлестерін қосып келеді. Сапалы өнім алу мақсатында ғылыми жүйеге сүйене отыра егістік алқаптарына себілетін дәнді-дақылдарды ауыстырып отырады.
АЛМАС АМАНГЕЛДІ, «БІРЛІК» АГРОФИРМАСЫ ЖШС БРИГАДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Егіннің бітік шықсын десең ерекше күтім жасау керекті. Агрофирма мамандары егістіктің жауы саналатын түрлі жәндіктерден қорғану үшін міндетті түрде тұқымдарды дәрілеп отырады.
БАҚЫТЖАН СӘБИТОВ, БАС АГРОНОМ
Агрофирма өңірдегі ірі шаруашылықтардың бірі ретінде ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр.Жалақылары тұрақты, қаржылай қолдаудан бөлек, әлеуметтік тұрғыдан жем-шөбімен де қарайласады. Басшылары Алмас Әбдіжаппарұлына айтар алғыстары шексіз. Еңбек,бәрін жеңбек деген осы. Бірлігі жарасқан ұжымға тек табыс тілегіміз келеді.
Еще материалы
Страница 17 из 240

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.