
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 188
https://www.youtube.com/embed/EnmNirtyI4U?si=U4ijxuPweMxGIEjL"
Ұлттық ұлан ерлеп тұр. Ұлан қызметкерлері түзеу мекемелеріне 140 ұялы телефонды өткізу әрекеттерін тоқтатты. Қазіргі уақытта қарауылдау және әскери жасақ бақылаушылары Қазақстанның қылмыстық-атқару мекемелерін қорғауда. Күн сайын осы мекемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазасын өтеушілердің тәртібін бақылау үшін 2000-ға жуық әскери қызметші кезекшілік атқарады. Биыл күзет қызметі мен әскери жасақ бақылаушылары тыйым салынған заттарды өткізудің 20 оқиғасын болдырмады.
ЖАСҰЛАН ҚАПАҚОВ ЖАУЫНГЕРЛІК ҚЫЗМЕТ БАС БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ОФИЦЕРІ: «Ұлттық ұлан жеке құрамы күн сайын қылмыстық атқару жүйесі мекемелерін күзету бойынша жауынгерлік қызмет атқарады. Жыл басынан бері 20 заңсыз заттарды лақтыру әрекеті тоқтатылды. 17 құқық бұзушы ұсталып, олар қылмыстық және әкімшілік жауапкершлікке тартылды. Тексеру барысында есірткі заттар, ұялы телефондар, сим-карталар және спирттік сұйықтықтар тәркіленді».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 181
https://www.youtube.com/embed/lWiJ2pVci64?si=lCjxRM9Q7EtUa_cP"
Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Жиында білім саласындағы өзекті мәселелер, оның ішінде оқу бағдарламаларын жаңарту, білім сапасын арттыру, мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру және заманауи білім беру технологияларын енгізу мәселелері талқыланды.
Министр жоғары білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, ғылым мен өндірісті интеграциялау, сондай-ақ студенттердің практикалық білім алу мүмкіндіктерін кеңейту туралы сөз қозғады. Ұстаздардың статусы қашанда биік болуы керек,біз осы бағытта ауқымды жұмыстарды қолдан келгенше жүргізіп жатырмыз деді.Сондай-ақ мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру,ауылда еңбек етіп жатқан ұстаздардың да жаңа жүйелерге епті екендіктерін еске салды.
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ
Министр білім мен тәрбие егіз ұғым екенін атап өтіп, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөліне ерекше тоқталды. “Мектеп өз міндетін атқарып жатыр, бірақ бала тәрбиесіне ата-аналар да жауапты екендігін ұмытпауымыз керек. Мұғалім тек білім беруші емес, тәрбиеші де, алайда отбасылық құндылықтарды қалыптастыруда ата-ананың орны бөлек”, – деді ол.
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ
Сондай-ақ бас мұғалім сапалы білім беру маңызды, тәрбие де қалыс қалмауы керек, заң баршаға ортақ болғансоң, бүйректен сирақ шығарудың қажеті жоқ екенін алға тартты.
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ
Кездесу барысында оқытушылар құрамымен студенттер министрге өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Ғани Бектайұлы білім беру жүйесін жетілдіру бағытындағы жұмыстар жалғасатынын айтып, университет ұжымына сәттілік тіледі.
АЯГҮЛ МИРАЗОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 175
https://www.youtube.com/embed/Ud6XSMUO6tk?si=PiyK6RU9IIQtZoct"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 208
https://www.youtube.com/embed/Lyu00dLg-ow?si=0o8NsydcVmTkPHbw"
Қазақстанда АЭС құрылысының орны ресми түрде бекітілді. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды.
Атом электр стансасы құрылысының аймағы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы туралы шешім қабылдансын", - деп жазылған құжатта.Қаулы 25 ақпаннан бастап күшіне енеді.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 177
https://www.youtube.com/embed/_3dZ_wrUU3I?si=u5uMy2neDK3oVXc2"
Биыл күллі иісі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Сауаптың сансыз есігі ашылатын он екі айдың сұлтаны Рамазан айының басталуына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы баспасөз мәслихатын өткізді.
Жиында «Біз Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесінің және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – ораза айт мерекесі. Биыл Рамазан айында 29 күн ораза ұстаймыз» деп мәлімдеді Наурызбай қажы Тағанұлы. Сонымен қатар көпшілікті қайырымдылық іс-шараларына үлес қосуға, кәсіпкерлерге арнайы үндеу жасады.
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ БАС МҮФТИ: «Қадірлі отандастар! Баршаңызды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қасиетті айда ұйымдастыратын қайырымдылық іс-шараларына үлес қосуға шақырамын. Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына жеңілдік жасауға үндеймін. Рамазан айына тура келген құдайы астарды ауызашар уақытында өткізіп, көбірек сауап алуға тырысайық».
Қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірін халыққа ыңғайлы бағамен ұсыну да – сауапты істің бірі. Бұл айда тек табысқа кенелуге емес, ең бастысы Хақтың разылығы мен халықтың алғысын алуға асыққан абзал. Дүкендерде күллі жамандықтың бастауы болған арақ-шарап сатылмаса деген тілегімізді жеткіземіз» деді Бас мүфти. Ысырапшылдыққа жол бермеуде дініміз қолдайтын мәселе.
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ БАС МҮФТИ
Қасиетті айда берілетін пітір садақасы биыл 655 теңге болып бекітілді.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 221
https://www.youtube.com/embed/7ETG9NT0Un0?si=UWurQEq4pliZT8D9"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 296
Білім беру жүйесін оңтайландыру қазіргі қоғам қажеттілігінен туындаған мәселелердің бірі болып табылады. Бұған көз жеткізу үшін ширек ғасыр бұрынғы және қазіргі қоғамның, атап айтқанда, медицина, білім беру, массмедиа, банк жүйесі сияқты т.б. салалардың технологиялық қамтылуын ойша салыстыру я көзге елестету жетіп жатыр.
Ғылым дамуының қазіргі жаңартылуы мен өзгерістері, жаңадан пайда болып жатқан мамандықтар — 10 - 15 жыл бұрын, тіпті кейінгі 5 жыл бұрын даярланған мамандардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетсіз болуының бірден бір факторы. Барлық салалар жұмыстарының машиналық автоматтандырылуы мен компьютерлік бағдарламалар көмегімен шешілуі, тіпті адам ойының пайымы мен парасатына тәуелді міндеттердің жасанды интеллектке ауысуы сол салалардағы мамандардың біліктілігін арттырумен шектелудің аздық ететінін, қосымша мамандану бойынша білікті иегерудің маңыздылығын көрсетеді. Және бұл мәселе жоғары оқу орындарының алдына қысқа уақытта мамандарды қайта даярлау курстарын жетілдіру, тіпті “нақты дағдылар мен біліктілікті игертуге бағытталған қысқа мерзімді білім бағдарламасы” түрінде анықталатын микрокавлификация тұрғысынан білім беруді оңтайландыру бойынша оқу бағдарламаларын құрастыру міндеттерін қойып отыр.
Еліміздегі іргелі білім ордаларының көшбасшысы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мемлекет деңгейінде өзекті осы мәселені сауатты және тыңғылықты жүзеге асыру мақсатында 2025 жылдың 20 ақпанында «Білім беру бағдарламалары сапасын қамтамасыз ету: академиялық тұрғыдан қарау және инновациялық шешімдер» сараптамалық стратегиялық сессиясын халықаралық деңгейде ұйымдастырды.
“Еңбек нарығы мен білім саласын үйлестіру жағдайында білім беру бағдарламаларының тиімділігін бағалау мен дизайнға инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы сапасын арттыру” мақсатын көздеген сараптамалық стратегиялық сессияға отандық білім беру жүйесінің сарапшылары, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитеті мен Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының өкілдері, Қазақстан жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу саласындағы сарапшылар, жұмыс берушілер, жас ғалымдар қатысты. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитеті мен Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы жетекші мамандарының тарапынан Қазақстандағы жаңа кәсіптер мен біліктіліктер атласы ЖОО оқытушылары мен жас ғалымдарының назарына ұсынылып, оларды даярлаудың өзектілігі мен алғашқы қазақстандық тәжірибелері нақты мысалдар негізінде дәйектелді. Білім беру жүйесінің шетелдік сарапшылары қатарында баяндама жасаған Санкт-Петербург Жоғары экономика мектебінің өкілі - PhD докторы Магдалена Гаете Сепулведа білім беру эволюциясын әлемдегі танымал университеттер мысалында талдады.
Еңбек нарығының талаптарына орайлас инновациялық біліктілікті меңгерген мамандар даярлауды ұйымдастырудың ғылыми және құқықтық қағидалары, микрокавлификация қажет етілетін мамандықтардың түрлері, сол мамандыққа мүдделі тараптар - стейкхолдер шарттары бойынша білім беру бағдарламасын құру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарапынан ұйымдастырылған бұл сараптамалық сессияда қайырымды қоғам, ізгілікті білім беру қағидалары да назардан тыс қалған жоқ. Университет мүмкіндігі шектеулі жандарға инклюзивті жоғары білім беруді немесе кәсіби біліммен қамтамасыз етуді оңтайландырудың әдістемесімен де жас ғалымдар мен оқытушыларды таныстырып өтті.
Жалпы алғанда, «Білім беру бағдарламалары сапасын қамтамасыз ету: академиялық тұрғыдан қарау және инновациялық шешімдер» сараптамалық стратегиялық сессиясы білім беру жүйесі мамандарына заман қажеттілігінен туындаған біліктілікті қамтамасыз ету мақсатында микроквалификациялар бойынша білім бағдарламаларын құрастыру туралы тың идеяларға жол ашып, оны жүзеге асырудағы әрекеттерге бағыт беруімен пайдалы болды деген ойдамыз. Сонымен қатар аталған сараптамалық стратегиялық сессия Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кадрлар даярлаудағы тың идеялар мен инновациялардың көшбасшысы екеніне тағы бір мәрте көзімізді жеткізді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Түркітану және тіл теориясы кафедрасы
филол.ғ.к., доцент Таусоғарова Аяужан Қайратқызы

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 236
https://www.youtube.com/embed/NHO24HGRE5A?si=u6UBqwbN_WbPETk1"
Қазақ әдебиеті алыбынан айырылып қара жамылды. Жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабеков 83 жасқа қараған шағында өмірден озды. Қабырғасы қайысқан қалың елі күні кеше жазушыны ақтық сапарға шығарып салды.
Көрнекті жазушы Дулат Исабеков қазақ әдебиетінің алтынқорын төл туындыларымен толтырып,артына өшпес рухани қазына қалдырды. Кейіпкерлерінің тағдырын тап басып,дәуірді дөп басып суреттеген жазушының шығармалары баға жетпес құндылық.
ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ
ЕРЛАН ҚАРИН ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ
Жазушы әр жылдары Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі , «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі, Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы, Қазақ теледидарының бас директоры, «Жазушы» баспасының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, ҚР Мәдениеттану ғылымизерттеу институтының директоры болып еңбек еткен.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 239
https://www.youtube.com/embed/3KkwkrWqe2Q?si=n3aH3SMa2poDkxJA"
Білімдінің күні жарық, жолы жарқын. Елдегі жастардың сапалы білім алып, өмірде өз жолын табуына, жолдарына жарық сыйлайық деген ниетпен Алматыда Білім-Күш қоғамдық қоры ерекше форматта қайырымдылық кеш ұйымдастырды.Толығырақ тілші бейнематериалында.
Білім-күш қорының мақсаты- білімді, ғылымды насихаттау, танымал ету, балалардың таным көкжиегін кеңейтіп, ағылшын тілін оқу арқылы болашаққа қадамдарын нығайту.
АЙГҮЛ ҚАНАТҚЫЗЫ БІЛІМ-КҮШ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ «Қазіргі таңда біз бұл қоғамдық қорды 2021 жылы ағылшын тілі мұғалімдеріне көмек ретінде ашқан болатынбыз .Тілді жиі жаттықтырып тұрмаса ұмытылып кететін нәрсе.Сол себептен біз мұғалімдерге көмектесеміз деп қоғамдық қорды, сол практика жүзінде пайдалансын мұғалімдер деп 2021 жылы құрып, 2021 жылдан бері мұғалімдерге арналған түрлі сайыстар өткізген болатынбыз. Бұл кешті ұйымдастыру мақсатымыз- кәсіпкерлерді жинап сондай отбасыларды ағылшын курсын тегін оқуға спонсор іздеп жатырмыз.Қазіргі таңда біздің орталықта 46 бала тегін оқып жатыр, оның ішінде 8 балаға спонсор таптық».
РАЙХАН МАҚСАТБАЙҚЫЗЫ БІЛІМ-КҮШ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ «Бұл шараның мақсаты - әлеуметтік жағдайына байланысты балаларды әсіресе мынау көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға ағылшын тілінен оқыту, яғни қазіргі шараның мақсаты- кәсіпкерлердің көмегімен кәсіпкерлердің қайырылымдылығының арқасында 5000-ға жуық баланы оқыту»
Сәтті өткен қайырымдылық кеші қажеттілікте жүргендерге көмектесіп, қоғамда қайырымдылықты насихаттайды және адамдардың бір-біріне деген мейірімділігін арттырады.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 194
https://www.youtube.com/embed/hi_FTY31HAk?si=d6W9aFGMKlPz5fr-"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 191
https://www.youtube.com/embed/0Lwew3Upse4?si=kjZduAbChzTbIw33"
Үкімет өнеркәсіп қауіпсіздігіне қатысты талаптарды күшейтуді көздеп отыр. Енді елімізде өнеркәсіптік қауіпсіздік нысандарының паспорттары жасалып, апаттар мен басқа да процестер автоматтандырылатын болады.
2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы аясында нысандарды цифрландыруды ескере отырып, нормативтік-құқықтық актілер қайта қаралады, өнеркәсіп қауіпсіздігін, ғылымды дамытуды және тиісті орталықтар құруды қамтамасыз ететін нысандарға қойылатын, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторының кадрлық әлеуеті мен құқықтық мәртебесін арттыру жөніндегі талаптар да күшейтіледі.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 233
https://www.youtube.com/embed/Mn5NuMtc2Yk?si=2Y6NZIjfUAPTEQNy"
Бүгін Астанадағы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтары қойылды. Салтанатты шараға Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин қатысты. «Бұл жыл бәріміз үшін өте маңызды.
Себебі, биыл – Жеңістің 80 жылдығы. Қазақстандық достарымызбен бірге бұл мерекені жоғары деңгейде атап өтетінімізге сенімдімін», - деп атап өтті елші өз сөзінде.
Еще материалы
Страница 18 из 229
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.