- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 417
https://www.youtube.com/embed/lDWMrG-JU2M?si=Hce5EuxfMqSMqUJQ"
Биыл Қазақстан мен Ресей эстрадасын өзінің ерекше дауысымен, харизмасымен бағындырған Батырхан Шөкеновтің өмірден озғанына 10 жыл. Әнші атындағы саябақта оның өнеріне, рухына тағзым етілді.Іс-шара барысында Батырхан Шөкеновтің шығармашылығына арналған радиоконцерт қойылып, «Сағым дүние» әнінің әуенімен өнер иесінің есімі ұлықталды. Еске алуға келгендер ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.
МҮШІРӘЛІ ШӨКЕНОВ – БАТЫРХАН ШӨКЕНОВТІҢ АҒАСЫ
Батырхан Шөкенов — қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, орындаушы және композитор. Ол «А-Студио» тобының алғашқы құрамында солист болып, топты ТМД елдеріне және шетелге танытты. Өмірден өтсе де оның мұрасы әлі де халық жадында сақтаулы.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 548
https://www.youtube.com/embed/1vglgFGMpX4?si=ZdUnF_6XUy3Z9GbM"
Бүгін Абай атындағы ҚАЗҰПУ-де биылғы мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында Ашық есік күні өтті. Шара барысында факультеттер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, талапкерлерге мамандыққа қатысты барлық сұрақтарға жауап берілді.Сондай-ақ Ашық есік күнінің ресми бөлігінде Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков сөз сөйлеп, түлектерге сәттілік тілеп, биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары – 140 балл жинаған Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, «Толқын» орта мектебінің түлегі Қуандық Санжар Ғалымжанұлы арнайы марапатталып, естелік сыйға ие болды.
АЛМАС НАЙМАНБАЕВ, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ КӘСІБИ БАҒДАР ЖӘНЕ МАНСАПТЫ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 338
https://www.youtube.com/embed/sjH4bCY9rvs?si=lYXH3LajX27lH2hP"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 364
https://www.youtube.com/embed/1Po8JOFhKtg?si=fcK7lazboFknZVqc"
Жас ұрпақтың ұлттық рухта тәрбиеленуі үшін ақындармен жүздесуі маңызды. Ақындар арқылы олар халқымыздың рухани байлығымен, ұлттық құндылықтарымен, ана тіліміздің көркемдік мүмкіндігімен тікелей танысады. Мұндай кездесулер жастардың жігерін жанып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағыт-бағдар береді.Көрнекті ақын Мұхтар Шахановпен орын алған шараға назар аударсақ.
Көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановты асыға тосқан жастар,ерекше ықыласпен қарсы алды. Тәлім мен тағылымға толы жүздесу барысында ол өзінің шығармашылық жолы, ұлттық рухты көтерудегі күресі және қазіргі қоғамдағы жастардың орны туралы ой бөлісті. Ақын жастарды шынайылыққа, әділеттілікке ұмтылуға, өз ұлтының рухани байлығын бағалауға шақырды.
ЭЛЬМИРА ӘЛІМЖАНҚЫЗЫ №49 ЖББ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ-ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Кездесу әсерлі сұхбаттармен, өлең оқумен және ашық пікір алмасумен жалғасты. Жастар өз сұрақтарын қойып, Мұхтар Шахановтың өмірлік тәжірибесінен құнды кеңестер алды.
МҰХТАР ШАХАНОВ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ, АҚЫН
Мұхтар Шаханов өз шығармашылығы туралы әңгімелеп, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына қатысты ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, ол өлеңдерінен үзінділер оқып, жастарды білімге, адалдық пен әділдікке үндеді. Шара барысында ақынның шығармаларына арналған әдеби композициялар қойылды. Ұстаздар қауымы осындай тағылымды кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, жас буын үшін рухани тәрбие беруде кезек күттірмейтін мәселе екендігін алға тартты.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 339
https://www.youtube.com/embed/igWg30tm2Z0?si=1uwNn85m6KpCSLlO"
Оңтүстік астанамызда табиғи таза өнімнен компазицияланған ерекше шара ұйымдастырылды.Таланатты өнер иесі Мөлдір Балғынбайқызының «Ұлттың үні» деп аталған жеке көрмесі көпшіліктің таңданысын тудырып, қазақтың төл мұрасын жаңаша қырынан таныстырды.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер факультетінде орын алған көрменің жөні бөлек.Табиғи таза жүннен жасалған авторлық картиналар қойылды. Әрбір туынды – қазақтың бай қолөнер дәстүрі мен заманауи бейнелеу өнерінің шеберлікпен үндескен синтезі. Мөлдір Балғынбайқызы — суретші, педагог, шебер ретінде өз еңбектерінде ұлттық болмысты, аналық мейірімді, табиғат пен адамның жарасымын нәзік сезімталдықпен жеткізе білген.
МӨЛДІР КҮМІСБЕКОВА ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ
Шебердің шығармаларында ежелгі дүниетаным мен қазіргі заманның үнін табуға болады. Жүн материалының табиғи құрылымы мен жылы түстер үйлесімі әр картинаның айрықша тынысын сезіндіреді. «Ұлттың үні» көрмесі – өткен мен бүгінді, тарих пен қазіргі күнді, салт пен жаңа көзқарасты сабақтастыратын бірегей өнер алаңы болды.
ЕРТАЙ СҰЛТАН АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ ПРОРЕКТОРЫ
АЙДЫН ТОҚТАСЫНҰЛЫ ӨНЕРТАНУШЫ
Мөлдір Балғынбайқызының еңбектері көрерменге тек эстетикалық ләззат сыйлап қана қоймай, ұлттық құндылықтарды жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді. Бұл көрме — бейнелеу өнерінің жаңа бағыттағы ізденістері мен ұлттық өнердің мәңгілік маңызын айқын көрсеткен маңызды мәдени оқиға.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 439
https://www.youtube.com/embed/htOqDer4Fx4?si=lk7yxkwBY2KUReZt"
Елдің елдігін айшықтап,бірлігін нығайтатын Наурыз мерекесі еліміздің әр өңірінде тойлануда. Ақтың молдығын,мал мен бастың амандығын тілеген, қазақ халқының бай мәдени мұрасын дәріптеуге, ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғыртуға бағытталған шара жайлы тарқатсақ.
Алматы облысы,Тұрар Рысқұлов ауылында өткен мерекелік іс-шараға ауыл тұрғындары,абыз ақсақалдар мен қатар құрметті қонақтар қатысты.Ұлыстың ұлы күні ақшаңқан киіз үйлер тігіліп,мәдени шаралар ұйымдастырылды.Қазына кеуде қариялар елдің сәнін келтіріп түйеге мініп көпшілікке керемет көрініс тарту етті. Ақ жаулықты,ақ кимешекті аналар жамандық жоламасын,ел мен жер бәле жаладан аулақ болсын деген ырыммен аластап, көпшілікке молшылық болсын деп шашу шашты.
МАТАН БЕКБОСЫНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
МЕРКІБАЙ МОЛДАМҰРАТОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР ҚАЛАСЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Бұл күні жақсылық пен қуаныш салатанат құратын сәт. Меркелік шара барысында ауыл мен ауданның өркендеуіне үлестерін қосып жүрген азаматтар алғыс хаттармен марапатталды.
БЕЙБІТКҮЛ МҰХАМЕДЖАНОВА Т. РЫСҚҰЛОВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
АЙГҮЛ ЖАҢҒАБЫЛОВА Т.РЫСҚҰЛОВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Қазақ халқының қонақжайлылық салты да паш етіліп,қонақтарға бауырсақ, қымыз, қазы-қарта ұсынылып, қазақтың асханалық дәстүрінің үздік үлгілері көрсетілді. Бейбіт күннің бақытты бүлдіршіндері жиналған көпшілікті ән әуезінде тербетіп,тәуелсіз елдің аспанын шаттыққа толтырды.
КҮЛСӘРА ӘНӘПИЯЕВА АРДАГЕР ҰСТАЗ ЗЕЙНЕТКЕР
Ұлыстың ұлы күні ұлттық мәдениетімізді дәріптеу, салт-дәстүрімізді насихаттау – қоғамның рухани кемелденуіне үлкен үлес қосатыны сөзсіз.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 352
https://www.youtube.com/embed/NJSCkviLP0I?si=pZThJJ7W6wZpTppk"
Балалардың бос уақытын тиімді өткізу – олардың жан-жақты дамуы мен салауатты өмір салтын ұстануына жол ашады. Бүгінде телефон мен компьютерге тәуелділік мәселесі өзекті болып отырған шақта, олардың еркін уақытын пайдалы істерге бағыттау ерекше маңызға ие. Алматы облысы Талғар ауданында орын алған шараға назар аударсақ.
Ерте жастан еңбекке баулу ептілік қана емес, жастардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына жол ашады. Мемлекет басшысы 2025 жылды жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялауының түп мақсаты да осы салаға құрмет, жауапкершілікті арттыру. Талғар ауданында өнер мектептерінің өткізіп отырған іс-шарасының маңызы зор. Мерекелік кеш Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, жыл — жұмысшы мамандықтар жылы, сондай-ақ қазақтың ұлы композиторы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналды.
РҮСТЕМБЕК МЫҢБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Шара аясында жасөспірімдер үшін түрлі бағыттағы шеберлік сыныптары, музыкалық қойылымдар, патриоттық әндер фестивалі мен қолданбалы өнер көрмелері ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған арнайы музыкалық бағдарлама ұсынылып, жас өнерпаздар оның туындыларын орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.Ұйымдастырушылардың айтуынша балалардың бос уақыттарын ұтымды пайдалану, түрлі зиянды заттармен шұғылдануларын алдын алады.
ГҮЛБАҒИЛА МҰСАБЕКҚЫЗЫ ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ БАСШЫСЫ
Бұл бастама жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға, оларды ұлттық құндылықтармен сусындатуға және гаджеттерге тәуелділікті азайтуға үлкен септігін тигізді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 333
https://www.youtube.com/embed/iHI_ZdD1XJ0?si=eJv9C7n3Kt5-USwl"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 352
https://www.youtube.com/embed/qwUqqhO73GI?si=ZY7xvTuze6BL0xSI"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 344
https://www.youtube.com/embed/XUpzvXk4m0A?si=L-wP95UFftoH-NlK"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 392
Жаңа дизайн, қолма-қол ақшасыз төлем, жақсартылған “Комфорт” тарифі – inDrive қызметін жаңартуды Алматы және басқа да бірнеше қаладан бастады. Алдағы уақытта бұл жаңа мүмкіндіктер Қазақстанның барлық тұрғындарына қолжетімді болады.
inDrive – көлік және қалалық қызметтерге арналған жаһандық платформа – Қазақстанда жаңартылған қосымшасын таныстырды. Енді төлемді банк картасы арқылы жасауға болады. Соңғы жылдардағы ең ауқымды интерфейс жаңартуы жүзеге асты, ал “Комфорт” тарифіндегі автокөліктердің сапа стандарты артты. Жаңартуларға назар аударту мақсатында inDrive бірнеше ай бойы Алматы қаласындағы жүргізушілерден ұсталатын комиссияны толық алып тастады. Бұл – жүргізушілер бұрынғыдан да көбірек табыс таба алады деген сөз.
inDrive үшін Қазақстан – туған нарық. Компания осыдан 11 жыл бұрын дәл осы елде іске қосылып, бүгінде Алматыда өз тарихындағы ең ірі операциялық хаб құрды. Бизнесінің операциялық бөлігін дамытуға қоса, компания жүргізушілер мен жолаушылар үшін қосымшаның сапасы мен ыңғайлығын арттыруға да қомақты инвестиция салып келеді. Алайда 2025 жылдың көктемінде ұсынылған жаңартулар – соңғы бірнеше жылдағы ең ауқымды өзгерістер болды.
«Алматы – біз үшін маңызды қалалардың бірі. Мұнда біз көліктердің сапасын және қалалық сапарлар қызметінің деңгейін арттыруға басымдық беріп отырмыз. Мысалы, біз банк картасымен төлем жасау жүйесін кезең-кезеңімен енгізіп келеміз. Бұл – қолма-қол ақшасыз төлем жасағысы келетін жолаушылар үшін inDrive қызметін бұрынғыдан да ыңғайлы ете түседі. Қазіргі уақытта бұл мүмкіндік Алматы тұрғындарына қолжетімді. Картамен төлеу мүмкіндігі қосымшаны пайдаланушылар қатарын кеңейтіп, жаңа жолаушыларды тартуға жол ашады», – деді inDrive-тың Қазақстандағы кантри-менеджері Арай Бекембаев.
Жаңа дизайн. Ең алдымен, компания қосымшаның дизайнын жаңартты. Енді интерфейс анағұрлым заманауи әрі ыңғайлы. Жолаушыларға сапар түрін, көлік класын таңдауды жеңілдетіп, қосымшадағы өзге де қызметтерді (қалааралық сапарлар, курьерлік жеткізу, жүк тасымалдау) пайдалануға қолайлы болды.
Картамен қолма-қол ақшасыз төлем. Екіншіден, компания жолақысын банк картасы арқылы төлеу мүмкіндігін қосты. Енді жолаушылар өздеріне ыңғайлы төлем түрін таңдай алады: қолма-қол, Kaspi немесе Halyk сервистері арқылы аударым не болмаса банк картасы. Бұл қызметті пайдалану үшін қосымшадағы төлем әдістері бөлімінде картаңызды тіркеу қажет.
Қазіргі таңда бұл мүмкіндік Алматы мен Қарағанды тұрғындарына қолжетімді. Алдағы уақытта бұл қызмет өзге қалаларда да енгізіледі.
“Комфорт” тарифі – одан да жайлырақ. inDrive “Комфорт” тарифін қайта іске қосты. Жүргізушілерге және қызмет көрсету сапасына қойылатын талаптар күшейтілді. Бұл тарифпен енді 4 жылдан аспаған (яғни 2021 жылдан бастап шығарылған) жоғарғы санаттағы көліктер қызмет көрсететін болады.
Жаңартылған “Комфорт” тарифі келесі қалаларда қолжетімді: Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар және Рудный.
“Попутка” (“Жол-жөнекей”) тарифі. Астана, Қарағанды, Теміртау, Рудный, Қызылорда және Атырау қалаларында “Попутка” тарифі іске қосылды. Бұл тариф жолаушыларға бірігіп сапар шегіп, жол ақысын өзара бөліп төлеуге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде жолаушылар – қаражатын үнемдейді, ал жүргізушілер – көбірек табыс табады.
0% комиссия және жарнамалық кампания. Қызметті ауқымды жаңартуға қолдау ретінде inDrive бірқатар жарқын акцияларды іске қосты. Жүргізушілер назарын аудару үшін компания Алматы қаласында 1 маусымға дейін қызметтік комиссияны алып тастады. Бұл дегеніміз – жүргізушілер өз шарттарымен жұмыс істеп қана қоймай, енді одан да көп табыс таба алады!
Ал кең аудиторияның назарын аудару үшін inDrive танымал актер әрі режиссер Нұрлан Қоянбаев пен белгілі әнші Садраддин қатысқан ауқымды жарнамалық кампанияны бастады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 338
Тұтынушылар электроникасы саласындағы әлемдік көшбасшы LG Electronics (LG) Алматы қаласында әлемдегі алғашқы мөлдір және сымсыз1 LG Signature OLED T теледидарын таныстырды.
Жаңа модель LG компаниясының стратегиялық серіктестері, жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен пікір көшбасшылары үшін ұйымдастырылған ауқымды инновациялық өнімдер таныстырылымы аясында ұсынылды. Қонақтар LG-дің ең жаңа флагмандық шешімдерін алғашқылардың бірі болып тамашалады, бұл компанияның премиум техника нарығындағы көшбасшы және жаңашыл ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді.
LG Signature OLED T мөлдір теледидары өзін-өзі жарықтандыратын бірегей экранының арқасында пайдаланушыларға мөлдір және қалыпты режимдер арасында бір батырманың көмегімен оңай ауысуға мүмкіндік береді. Мөлдір режимде OLED T футуристік көру тәжірибесін ұсынып, әлемді жаңаша көруге мүмкіндік береді. Экран ауада қалықтап жүрген бейнелердің иллюзиясын жасап, экрандағы көріністер мен қоршаған кеңістіктің әсерлі үйлесімін қамтамасыз етеді.
Құрылғы халықаралық деңгейде кеңінен танылды – LG Signature OLED T TIME журналының нұсқасы бойынша жылдың ең үздік өнертабыстары рейтингіне енді, сондай-ақ CES 2024 Innovation Awards аясында бес марапатқа ие болды, оның ішінде ең жоғары санат – Best of Innovation жүлдесі де бар.
Таныстырылым аясында ерекше назар OLED evo теледидарларына аударылды – бұл премиум санатындағы теледидарлар сегментінде 12 жыл қатарынан2 көшбасшы деп танылған модельдер. Жоғары жарықтылығы, қара түстің тереңдігі және заманауи процессорларының арқасында OLED evo теледидарлары бейнені көрсету сапасының эталоны болып қала береді.
Бұдан бөлек, will.i.am-мен бірлесе әзірленген жаңа XBOOM аудиоқұрылғылары таныстырылды. Танымал музыкант LG бренді үшін «Пайдаланушы тәжірибесінің сәулетшісі» ретінде тағайындалған. Бұл бастама LG компаниясының тек қана техника өндірумен шектелмей, мәдени үрдістерді қалыптастыруға және күнделікті өмірге жаңа мағына енгізуге ұмтылысын көрсетеді. will.i.am өзі реттеген XBOOM құрылғыларына ерекше дыбыс сипаттамасы тән – жылы, жанды әрі үйлесімді дыбыс профилі. Дизайны will.i.am-нің поп-мәдениет саласындағы көпжылдық тәжірибесінен және аудиториямен резонанс тудыратын құндылықтарды терең түсінуінен шабыт алған.
Таныстырылымның ресми бөлігі аяқталған соң қонақтар жаңа өнімдерді сынап көріп, олардың функционалдығы мен дизайнын бағалауға, сондай-ақ компания өкілдеріне сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Іс-шара соңында LG брендінің Қазақстандағы дамуына елеулі үлес қосқан серіктестер компания тарапынан марапатталды.
Іс-шара LG компаниясының премиум сегменттегі көшбасшылығын тағы бір мәрте дәлелдеп, Қазақстан нарығындағы ұстанымын технологиялық инновациялар, стратегиялық серіктестіктер және брендті ілгерілетудегі креативті тәсілдер арқылы нығайта беруге ниетті екенін айқын көрсетті.
Еще материалы
Страница 21 из 243

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.