- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 318
https://www.youtube.com/embed/14uLducu6t4?si=qYhFdVmffI1PmkqU"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 380
https://www.youtube.com/embed/X7kk9HNLjzc?si=Yo7Jog4ssQ9-kOgM"
Алматы қаласында Германиядағы Кеңес әскері тобымен Варшава Кеңес әскері тобының құрылғанына 80 жыл толуына арналған мерейтойлық салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Айтулы шараға бірлестік ардагерлерімен әскери гарнизондардың сарбаздары қатысты.
Мерекелік шара 28 панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалынан бастау алды. Салтанатты жиын барысында ардагерлер мен қонақтар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, жауынгерлер рухына тағзым етті. Әскери саптық шеру өткізіліп, салтанатты рәсімдер әскери дәстүрлерге сай орындалды. Сонымен қатар, қатысушылар Армия үйіндегі Әскери музей мен ашық аспан астындағы әскери техника көрмесін тамашалады.
ҚҰРМАНҒАЗЫ ТАСТАНБЕКОВ ГСВГ-ГВВД АЛМАТЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Ардагерлер бұл маңызды күні әскери тарих пен жауынгерлік жолды еске алып қана қоймай, болашақ ұрпақтың соғыссыз заманда, бейбіт өмір сүруін тіледі. Олар бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың маңызын атап өтіп, жастарды Отанға адал қызмет етуге және ел бірлігін қастерлеуге шақырды.
ЕРЛАН СҰЛТАНҰЛЫ ГСВГ-ГВВД МҮШЕСІ
Мерейтой құрметіне арнайы шақырылған қонақтар мен ардагерлерге Германиядағы Кеңес әскері тобының 80 жылдығына арналған төсбелгілер мен алғыс хаттар табыс етілді. Бұл маңызды іс-шара — әскери тарихты ұлықтап, ардагерлердің ерен еңбегіне құрмет көрсетудің және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің жарқын үлгісі болды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 331
https://www.youtube.com/embed/polSadoA_aA?si=WxA0yVyCT6TId_LR"
Алматыда қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, классик қаламгер Мархабат Байғұттың 80 жылдығына арналған ауқымды әдеби шара өтті. Түркістанның Түлкібас топырағында дүниеге келіп, тұтас қазақ оқырманының сүйікті жазушысына айналған тұлғаның шығармашылық тағылымы бүгінде кең көлемде дәріптелуде.
«Мархабат Байғұт тағылымы: Арайлы Алматыға шырайлы Шымқаладан» атты әдеби керуенге танымал қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері мен жастар жиналды. Шараны Шымкент қалалық әкімдігі, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапхана, Қазақстан Жазушылар Одағы мен Ұлттық кітапхана ұйымдастырды. Кеш барысында халық жазушысы Бексұлтан Нұржекеұлы, ақын Ұлықбек Есдәулет, академик Қансейіт Әбдезұлы мен басқа да зиялы қауым өкілдері жазушының азаматтық болмысы мен әдеби мұрасы туралы тұшымды пікірлерімен бөлісті. Жазушының отбасы – жұбайы мен қызы жүрекжарды естеліктерімен елді тебірентті.
АҚЛИМА МАРХАБАТҚЫЗЫ – МАРХАБАТ БАЙҒҰТТЫҢ ҚЫЗЫ: “Негізі әкем Мархабат Байғұт өзінің бір сөзінде, біздікі әдебиет деген ұлы мүхитқа кішкене ғана бұлақ болып қосылсақ деген мақсат деп айтқан болатын. Ол кісінің бүкіл шығармашылығында адалдық, жанкешті жауапкершілік, көркем мінез, ұлтқа қызмет ету сияқты өзеқті мәселелер шығармашылығында үнемі, ұдайы көтеріліп отырды. Осы ұлы қасиеттер ол кісіні биікке көтерді деп ойлаймын. Өйткені ол кісі тек жазушы болған жоқ. Ұлтының перзенті болды, қоғам қайраткері болды”.
Жиын аясында жастардың «Алқа» әдеби бірлестігі арнайы көркем композиция ұсынды. Ал жобаның жетекшісі Ғалымжан Елшібай жыл соңына дейін тағы да бірнеше әдеби бастаманың жоспарланып отырғанын жеткізді.
ҒАЛЫМЖАН ЕЛШІБАЙ ЖУРНАЛИСТ: “Мархабат Байғұттың атында Оңтүстікте әдебиетшілер үйі ашылуы тиіс. Классик жазушының 80 жылдығына орай Түркістанда, Шымкентте, туған жері Түлкібаста өткен Халықаралық конференцияда осындай оң бастама көтерілген болатын. Конференцияға қатысушылар бір ауыздан қолдау танытқан еді. Бүгінгі басқосуда да сол идеяны жүзеге асыру қатысушылар тарапынан қолдау тауып отыр. Демек, Мархабат Байғұтты зерттеу, зерделеу әдеби мұрасын насихаттау, тек мерей той аясында шектелмей, алдағы уақытта да тұрақты түрге жалғасын табатын болады”.
Еске салсақ, Мархабат Байғұт 1945 жылы 25 мамырда Түркістан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы аудандық, облыстық басылымдарда, облыстық партия комитетінде жауапты қызметтер атқарған. Қаламгердің «Шілде», «Нәуірзек», «Қорғансыз жүрек», «Серт пен сенім» сынды жинақтары қазақ прозасының озық үлгілерінің қатарында. Оның шығармалары орыс, өзбек, түрік, қарақалпақ, саха, украин тілдеріне аударылып, халықаралық оқырман қауымға да жол тартты.
ТЕМІРҒАЛИ КӨПБАЕВ АҚЫН, ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, БАСПАГЕР: “Мархабат Байғұт — бітімі бөлек жазушы. Өйткені оның стилі, өзіндік ерекшелігі. Біз енді жазушы дегенде ең әуелі ерекшелігін айтамыз ғой. Әсіресе қазақ прозасындағы, қазақ әңгімесіндегі оның ерекшелігі ерен. Кәдімгі ешкіммен шатастырмайтын, бір оқығанда шығарманың бірден Мархабаттың қаламынан шыққан туынды екендігі аңғарылып тұратын.
Сол әдебиет зерттеушілері қазір біртіндеп «Мархабаттану»-ды қолға алып жатыр. Мархабат Байғұттың шығармашылығы біртіндеп зерттеле бастады қазір. Меніңше, кеңінен зерттелуге тиіс деп ойлаймын. Және де осы Мархабат ағамыздың қаламынан шыққан барлық туындылар — әсіресе Мархабатты танытқан әңгіме жанры ғой. Жалпы, негізі әңгіме жанры — прозадағы ең ауыр жанрдың бірі. Оны Чехов та айтқан кезінде”.
Мархабат Байғұт – әдебиеттің ғана емес, ұлт руханиятының үлкен биігі. Оның шығармашылық тағылымы – жас буынға бағдар, елге – рухани мұра болып қала бермек.
АЙГЕРІМ ЕСІМХАН, АСХАТ МҰСАБЕКОВ, АЛАТАУ АҚПАРАТЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 316
https://www.youtube.com/embed/4tep94MX6x8?si=mREoUuovorVteOc7"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 399
https://www.youtube.com/embed/XGQJYFc0z7s?si=dqqQVLFJGZVP7DfX"
Алматыдағы аграрлық университетке тиесілі нысандар заңсыз жекеменшікке өткен. Бұл қоғам арасында дау туғызуда. Толығырақ тілшіміз Айгерім Есімханның материалында.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне тиесілі болған 3 жатақхана, 5 ірі зертхана және 6 гектар жер заңсыз түрде жекеменшікке өткен. Қазіргі таңда бұл мәселе «AMANAT» партиясының араласуымен Бас прокуратура және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлерінің бақылауында. Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің кезектен тыс отырысында бұл нысандарды университет меншігіне қайтару және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселелері талқыланды.
ЕРЛАН САИРОВ «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ, ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ “Енді өздеріңіз көріп тұрсыздар ғой. Осы Аграрлық университеттің студенттік қаласы, қалашығының ішіндегі жер — кезінде студенттерден тартып алынған жер. Қазір жекеменшікте. Енді бұлар үй саламыз дейді. Мынау студенттер тұратын жерде жекеменшік үй салу деген — логикаға сәйкес келмейді. Сондықтан бұл тоқтап тұр. Енді ол жай ғана тоқтап тұрған жоқ. Өздеріңіз көріп тұрсыздар, мынау котлованның ішіндегі топырақ үгіліп, мына жердегі, мынау студенттер жататын жатақхана мен оқу корпустарына өзінің қауіпін төндіріп тұр. Сондықтан бұл жердегі мәселе — біз осы техногендік катастрофаны қазір тоқтатуымыз керек. Өкінішке орай, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс комитеті ешқандай шара қабылдап жатқан жоқ. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігінің жергілікті тұстарын басқару комитеті де ешқандай шара қолданып жатқан жоқ. Бұл жерде тек қана депутаттар жүр. Енді мен осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокурорына және Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне дәл осы жерде мәлімдеме жолдадым”.
Университеттің ғылыми және білім беру қызметі үшін стратегиялық маңызы бар бұл нысандардың жеке тұлғалардың иелігіне өтуі қоғамда үлкен наразылық тудырды. Себебі нысандар аграрлық ғылым мен ауыл шаруашылығын дамыту үшін аса маңызды. Айта кетейік, бұл мәселе биыл ақпанда алғаш рет көтеріліп, "AMANAT" партиясының бастамасымен қарастырылған болатын. Араға алты ай салып, нәтижелерді анықтау үшін тараптар қайта бас қосты.
ЕГЕМБЕРДІ ӘБІЛҚАСЫМ ҚАЗҰАЗУ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: “Бұл кезінде, жаңағы естуіміз бойынша, былайша құжаттар жоқ, қазіргі уақытта қылмыстық іс жүргізіліп жатыр. Осы 2006 жылы осы жерде 12 ме, 9 объекті жекешеленіп кеткен. Яғни, сол уақыттағы осы жердегі отырғандар - ол кезде тек ғана бұл аграрлық университет емес, Қазақстан бойынша жекешелендіру сондай сезім болды, кезең болды. Сол кезде, жаңағы “ұстағаның аузында, тістегенің аузында, ұстағаның қолында” кеткен кез болды да, “қазаннан қақпақ кетсе, елден ұт кетеді” сияқты, қақпақ кетті, осылардың барлығы жекешеленіп кетті. Қазіргі уақытта мұны 2006-дан бері жаңағы өзі тиісті органдар анықтап жатыр. Олармен де кездесу болған. Алайда қазіргі уақытта, мынау тергеу құпиялығын негізге ала отырып, неғылмайды. Сондықтан бұл мәселе 2003-тен бері келе жатқан мәселе болып тұр ғой”.
НҰРИСЛАМ ӘДІЛБЕК ҚАЗҰАЗУ СТУДЕНТІ: “Біздің университеттің жекеленіп кеткені. Бізді олар қамтамасыз ете білуіміз керек. Бұл жерге жатақхана салсақ та болады. Бұдан бөлек мен өзім жатақханада тұрамын. Олардың жүріс тұрысы бізге кедергі жасайды”.
Қазіргі таңда бұл мәселе Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жіті бақылауында. Партия өкілдерінің айтуынша, университет активтерін заңсыз иеліктен шығаруға қатысы бар тұлғалар анықталып, жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда.
СЕРІК НӘБИЕВ ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒА ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: “Аталған нысан бойынша жағдай бізге белгілі. Бұл нысан біздің бақылауымызда. Маған белгілі мәлімет бойынша, осы нысанға қатысты құжаттар 2020 жылы рәсімделген. Алайда келесі күні-ақ құрылыс тоқтатылған. Қазіргі уақытта біз осы құжаттарды қайта қарап, берілген шешімдердің мемлекеттік жобамен сәйкестігі тұрғысынан қарайтын боламыз. Жақын арада бұл мәселеге құқықтық баға беріледі. Осы апта соңына дейін мемлекеттік жобаға сәйкестігі бойынша қорытынды жауап беретін боламыз деп ойлаймын. Өздеріңіз білетіндей, 2023 жылы жаңа Бас жоспар бекітілді, соның негізінде егжей-тегжейлі жоспарлар әзірленіп жатыр. Алайда бұл құрылысқа берілген құжаттар 2020 жылы рәсімделген, яғни сол уақытта 2016 жылғы Бас жоспар күшінде болған. Сол себепті, біз бұрынғы Бас жоспарды, оның функционалдық аймақтарын қарап шығамыз – яғни бұл аумақта сол кезде қандай мақсаттағы құрылыс қарастырылған, қандай аймақ ретінде белгіленген — осының барлығына талдау жасаймыз. Ал тікелей құрылыс жұмыстары бойынша – бұл жергілікті атқарушы органдардың, атап айтқанда Алматы қаласы әкімдігінің, Алматы қаласының қалалық бақылау басқармасының құзырындағы мәселе. Қазіргі таңда ғимараттың кейбір жерлері құлап, университет ғимаратына жақындап қалған. Сондықтан әкімдік тарапынан да бұл нысан бойынша құрылыс салушыға қатысты тиісті шаралар қолданылуы қажет болатын”.
Айгерім Есімхан, Асхат Мұсабеков, Алатау ақпараты.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 328
https://www.youtube.com/embed/SU7yQ_-B_pc?si=8PaCEIjp_mztOiA6"
Алматы облысы Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаевқа қатысты сот отырысы басталды деп хабарлайды «Қазақпарат» агенттігі. Бағдат Қарасаевтың ісі Іле аудандық сотында судья Жанмұрат Батыровтың төрағалығымен өтуде. Бұрынғы аудан әкіміне кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып мемлекеттік мүдделерге нұқсан келтірді деген айып тағылып отыр.
Еске салайық, былтыр Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы Іле ауданы әкімімен қатар бірнеше тұлғаны қамауға алған болатын.
Кейін бақылаушы орган бұлтартпау шарасын санкциялау үшін қылмыстық іс материалдарын сотқа жолдаған болатын.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 309
https://www.youtube.com/embed/EwgMM4n6d10?si=6q2HXzOV20krCxVA"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 319
https://www.youtube.com/embed/FNiJsl6kYO0?si=ru1y0vWDc-8h_9Hz"
Алматы қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының теміржол саласы бойынша педагогтері арасында қалалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Шараның негізгі мақсаты — техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жұмыс істейтін дарынды, шығармашыл мамандарды анықтау және қолдау көрсету.
Қатысушылар "Алматы көлік және коммуникациялар колледжінің"базасында WorldSkills Kazakhstan талаптары мен стандарттарына сай үш практикалық модуль бойынша тапсырмалар орындады. 1-ші Еңбекті қорғау және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша практикалық тапсырмалар. 2 –ші Теміржол көлігі объектілерінің жұмысын ұйымдастырудың кәсіби мәселелерін шешу. 3 –ші Теміржол көлігі саласындағы кәсіби құзыреттерді орындау және талдау.
ДИДАР СӘРСЕНҒАЛИҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚТЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ
Байқау барысында мамандар өздерінің теориялық және практикалық білім деңгейін, кәсіби шеберліктері мен дағдыларын, сондай-ақ оқу-өндірістік процеске енгізіп жүрген инновациялық әдіс-тәсілдерін көрсетті. Жоғары еңбек мәдениетін меңгерген ұстаздар теміржол саласындағы өзектілігі жоғары мәселелерді кәсіби деңгейде шешуге қабілетті екендерін дәлелдеді.
ЕРБОЛ МАГАЗОВ АТКК ДИРЕКТОРЫ
Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен мамандар марапатталды. Бұл шара ұстаздардың кәсіби дамуына серпін беріп қана қоймай, саладағы сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 297
https://www.youtube.com/embed/8ecg0bCBYI0?si=mf-cerMH5ngX8ag3"
Дәстүрімізді дәріптеу арқылы ғылыми жаңашылдыққа ұмтылу, кезек күттірмейтін мәселе. Алматы облысында ашық аспан астында ерекше шара ұйымдастырылды. Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылында ерекше форматта өткен халықаралық семинар-тренинг жергілікті тұрғындар мен білім беру саласының мамандарын біріктірген шара болды. «Ұлттық рух – білім негізі» және «Бір кесе самаурын шайы үстіндегі ойталқы» атты бұл игі бастама ашық аспан астында ұйымдастырылып, еркін әрі бейресми жағдайда өтті. Семинар-тренингтің негізгі мақсаты – ұлттық руханиятты біліммен ұштастыру, интерактивті әдістер арқылы оқытудың тиімділігін арттыру және ғылым мен білімді интеграциялау. Іс-шара World Cafe форматында ұйымдастырылды. Бұл әдіс қатысушылар арасында еркін пікір алмасуға және тәжірибе бөлісуге кең мүмкіндік берді.Таза ауада самаурынның шәйі,көмбе наннан дәм татып, сапалы білім,саналы тәрбиені қозғаған қонақтардың ішінде елімізге танымал Жоғарғы орындарының оқытушы құрамы,профессорлар қатысты.
ЗӘУРЕ БАДАНБЕКҚЫЗЫ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ
Семинардың ғылыми жетекшісі – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Баданбекқызы Зәуре. Ол «Ғылым және білім беру интеграциясы: жоғары оқу орындарында World Cafe форматында интерактивті және зерттеу әдістерін енгізудің тиімділігі» атты ғылыми жобаның жетекшісі болып табылады. Сонымен қатар профессор «Оқытудың жаңашыл әдістерін жетілдіру және білім беру үдерісіне енгізу» секциясына жетекшілік етеді.
СӘЛИАҚЫН КӘРІПБАЕВ PhD ДОКТОРЫ
ЗӘУРЕ БАДАНБЕКҚЫЗЫ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ
Аталған шара ауыл мен академиялық ортаның өзара ықпалдасуына жол ашып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, білім беру саласындағы тың әдістерді талқылауға зор үлес қосты.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 304
https://www.youtube.com/embed/EfZ7XjKnZlE?si=-ewAlzNC6npFlQn7"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 366
- Ләззат Тұрғынқызы, алдымен жоба туралы қысқа мәлімет берсеңіз. Қандай мақсат көзделіп отыр?
– Бұл ғылыми жобаның толық атауы – “Абай өлеңдерінің морфологиялық және поэтикалық белгіленімі” (БНҚ: BR21882334). Жоба әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жүзеге асырылып жатыр. Негізгі мақсатымыз – Абай өлеңдерін қазіргі заманғы лингвистика мен цифрлық технологиялар тоғысындағы әдістермен зерттеу, нақтырақ айтсақ – кіші тілдік корпус жасау. Бұл корпус морфологиялық және поэтикалық тұрғыдан толық белгіленіп, қазақ тіліндегі поэзиялық мәтіндерді сандық талдауға жол ашады.
- “Ішкорпус” деген ұғымға түсініктеме беріп өтсеңіз. Оның ерекшелігі неде?
– Жалпы тілдік корпус – белгілі бір ережеге сай құрылып, өңделген мәтіндер жиынтығы. Ол тілдік бірліктерді автоматты түрде іздеуге, талдауға мүмкіндік береді. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына қарасты Қазақ тілінің ұлттық корпусының: ауызша, терминологиялық, мақал-мәтел, ономастикалық, заманауи поэзия т.б. ішкорпустары тәрізді белгілі бір автордың немесе нақты бір сала, бағытқа қатысты мәтіндер жиынтығының морфологиялық, синтаксистік, семантикалық және поэтикалық деңгейде толық белгіленген тілдік деректер базасы, яғни бұл корпус тек мәтіндердің жинағы емес, сонымен бірге олардың ішкі құрылымын, тілдік және поэтикалық ерекшеліктерін терең талдауға мүмкіндік береді. Осы корпус арқылы ақынның тілдік қолданысын, өлеңдерінің морфологиялық құрылымын, поэтикалық тәсілдерін тереңірек зерттеуге мүмкіндік туады.
- Жоба аясында нақты қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
– Бірнеше бағытта жұмыс жүріп жатыр. Ең алдымен, Абай өлеңдерінің мәтіндік базасы жинақталды. Содан кейін морфологиялық белгіленім жүргізілді – яғни әр сөздің түбір, қосымшасын, грамматикалық түрленуі, қасиеттері анықталып, тегтелді. Сонымен бірге, поэтикалық элементтер – ұйқас, буын саны, ырғақ құрылымы, троптар мен фигуралар сияқты белгілер жүйеленіп отыр. Өздеріңіз білетіндей, бұл жұмыс тіл мамандарынан бөлек, әдебиеттанушылар мен IT мамандардың тығыз ынтымақтастығын талап етеді.
- Абай поэзиясын цифрландыру қазақ тіл білімі мен әдебиеттануға қандай жаңа мүмкіндіктер береді деп ойлайсыз?
– Абай шығармашылығы – қазақ әдеби тілінің қалыптасуындағы ең маңызды қайнар көзінің бірі. Цифрлық корпус осы тілді жаңа қырынан тануға көмектеседі. Мысалы, автоматты түрде жиілік талдауы, сөз қолданысындағы стильдік ерекшеліктер, морфологиялық модельдер сияқты аспектілерді қарастыруға болады. Бұл деректер негізінде жасанды интеллектке қазақ тілінің поэтикалық табиғатын үйрету, білім беру ресурстарын жаңғырту, тіпті әдеби шығармашылыққа көмек көрсету құралдарын жасау мүмкіндігі туады.
- Бұл жобаның білім беру жүйесіне ықпалы бола ма?
– Әрине, тілдік корпус негізінде мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған интерактивті оқыту құралдарын дайындауға болады. Студенттер мен оқушылар Абайдың поэзиясын жай ғана жаттап қоймай, оның ішкі құрылымын, стильдік ерекшелігін заманауи технология көмегімен терең түсінуге мүмкіндік алады. Зерттеушілік қабілеттерді жетілдіруге және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттауға да ықпал етеді. Сонымен қатар бұл жоба – қазақ тілін цифрлық әлемге лайықтау жолындағы нақты қадамдардың бірі.
- Алдағы уақытта осы жобаның нәтижесі қалай пайдаланылмақ?
– Қазіргі таңда корпус беті онлайн платформа ретінде дайындалуда. Кез келген зерттеуші, оқытушы немесе студент корпусты ашып, Абай өлеңдерінің толық жинағын, кез келген сөздің грамматикалық сипаттамасын, поэтикалық белгілерін көріп, статистикалық мәліметтер ала алады.
- Іш корпус әзірленіп жатыр екен. Алдағы уақытта бұл жобаны қалай дамыту жоспарыңыз бар? Қандай жаңа бағыттар қарастырылуда?
- Қазіргі таңда іш корпус негізінен морфологиялық және поэтикалық деңгейде белгіленіп жатыр. Бірақ толыққанды лингвистикалық зерттеу жүргізу үшін келесі кезеңде синтаксистік белгіленім жұмыстарын бастауды көздеп отырмыз. Бұл – өте маңызды және күрделі кезең.
Синтаксистік белгіленім – әрбір сөйлемнің құрылысын, сөйлем мүшелерінің өзара қатынасын, сөздердің синтаксистік қызметін айқындау деген сөз. Аталған белгіленім Абай поэзиясындағы инверсия, эллипсис, экспрессивті синтаксис сияқты құбылыстарды автоматты түрде тануға мүмкіндік береді. Бұл қазақ тілі үшін әлі игеріле қоймаған сала.
Сонымен қатар, осы корпус базасында синтаксистік құрылымдарды визуалды түрде көрсету, автоматты синтаксистік талдау құралдарын жасау сияқты міндеттер тұр. Мұндай даму қазақ тілін табиғи тілдерді өңдеу (NLP) саласында жаңа деңгейге көтереді. Жоба тек филологиялық бағытта емес, цифрлық технология мен жасанды интеллектпен тығыз байланысты өріс алып отыр.
Жалпы алғанда, іш корпус – тек бір реттік зерттеу емес, көпқырлы, кезең-кезеңімен тереңдетілетін ғылыми-инновациялық жоба.
Сұхбаттасушы: Алимтаева Лаззат Тұрғынқызы, филол.ғ.к., “Абай өлеңдерінің морфологиялық және поэтикалық белгіленімі” (БНҚ: BR21882334) жоба мүшесі.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 299
https://www.youtube.com/embed/y3zwsquVplY?si=zIv6Zj8CzrJIf17I"
Бүгін Алматыда «Цифрлық Жібек жолы – 2025» атты халықаралық форумы өтті. Жиын Қазақстан мен Қытай арасындағы туризм және технология салаларындағы серіктестікті нығайтуға бағытталған. Шараға екі елдің туризм индустриясы мен ІТ секторындағы жетекші сарапшылары мен компаниялары қатысты. Олардың қатарында Қытайдың Ctrip, JD Travel, Tongcheng секілді ірі платформалары бар.
Форум аясында туризм саласын цифрлық трансформациялау және заманауи контент арқылы туристік маркетингті дамыту жолдары талқыланды. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның туристік әлеуеті Қытай цифрлық кеңістігінде кеңінен танымал болмақ. Енді еліміздегі туристік бағыттар мен нысандар қытай тіліне аударылып, Қытайдағы ең ірі қосымшаларда қолжетімді болады. Ұйымдастырушылар бұл қадам Қытайлық туристердің Қазақстанға өз бетінше келу мүмкіндігін арттырады деп отыр. Қазірдің өзінде Қытайдан келетін қонақтар саны артып келеді. Былтыр елімізге 655 мың турист келген болса, биыл бұл көрсеткіш 1 миллионға жетуі мүмкін дейді.
ДАНИЕЛ СЕРЖАНҰЛЫ, “KAZAKH TOURISM” ҰК” АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ “ Бүгінгі форумның негізгі мақсаты - жалпы Kazakh Tourism мен Гуанчжоу технологиялық компаниясы Zowoyoo атты біріккен Қазақстанның бір туристік экожүйесін қалыптастыру. Ол дегеніміз не? Қытайда өзіндік, жеке туристік платформалар бар - бұл барлық әлемдегідей Booking емес, Tripadvisor емес. Оларда Ctrip, Tongcheng сияқты өздерінің жеке жеке. Бірақ оларда Қазақстан туралы ақпарат әлі де көп емес. Бүгінгі форумның нәтижесінде Гуанжоу технологиялық компаниясы алады да Қазақстан туралы - оның туристік нысандары, турлары және басқа да ақпаратты максималды түрде Қытайдың цифрлық кеңістігіне салатын болады. Осының арқасында жаңағы Қытайдың негізгі туристік қосымшаларында, платформаларында, сайттарында және түрлі әлеуметтік желілерінде Қазақстан туралы ақпарат әлдеқайда көбейетін болады. Әрине, бұл арқылы біз өз бетімізше ертең Қытайдан бізге өзімізге келетін туристердің санын еселеп арттырамыз.”
Айта кетейік, Zowoyoo компаниясы Орталық Азиядағы алғашқы өкілдігін Алматыда ашып жатыр. Бұл кеңсе аймақтағы туризм бағыттарын біріктіруге және Жібек жолының заманауи цифрлық желісін қалыптастыруға бағытталған.
Асылжан Қасымбекова Алатау ақпараты
Еще материалы
Страница 14 из 243

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.