- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 378
https://www.youtube.com/embed/AM60fXcnDSQ?si=Ex4H_kIgKqOog1qP"
Ақмола облысында 2 жыл бойы жүк көліктерін заңсыз тіркеу бойынша қылмыстық қызметті жүзеге асырған адамдар, оның ішінде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері әшкереленді.
Тергеу барысында қаржылық мониторниг агенттігі аумақтық департаменті Көкшетау қаласы халыққа қызмет көрсету орталығының мамандандырылған бөліміне Еуропадан әкелінген 100-ден астам автокөлік құралын алғашқы тіркеу үшін алым төлеу туралы жалған төлем құжаттарын беру фактілерін анықтады.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ
Қылмыстық іс-әрекеттің нәтижесінде мемлекетке 700 млн теңгеден астам шығын келтірілді. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және күдікті адамдарға қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 394
https://www.youtube.com/embed/Wq6Bbry_IUg?si=_7LjxO8OBKNvCwpl"
Алматылық оқушыларды апатта аман алып қалудан сейсможаттығу өткізілді. Жер сілкінісі, балаларды эвакуациялау. Осындай сценариймен оқушыларды айтып келмейтін апатта аман қалудың амал-тәсілін үйрететін сейсмо-жаттығу өтті.
Төтенше жағдайға дайындық негізінен жылда пысықталады. Өйткені Оңтүстік астана сейсомикалық қауіпті аймақ болып саналады. Дүмпулер болған жағдайда білім ордалары қандай әркет жасайды, мұны мегаполистегі № 147 гимназияның ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары «Жер-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында көрсетті. Білім мекемесіне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов арнайы келіп, мектептің дайындығын өз көзімен көріп, оқушылармен әңгімелесті.
Төтенше жағдайда мектепте тіркеу орны болады. Оқушылар сонда дүние астаң-кестең болып жатса да, аты-жөні мен мекенжайын міндетті түрде жазуы қажет. Жоғалып кетпес үшін. Кейін сценарийге сәйкес, жоғары сынып оқушылары эвакуацияланды. Олар автобуспен, темір жол вокзалына жеткізіліп, ары қарай пойызбен Ақтөбеге жол тартты.
АЙГЕРІМ САҒЫМБАЕВА ОҚУШЫ
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, мектептегі дайындыққа оң баға берді.
СЫРЫМ ШӘРІПХАНОВ ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ
Негізгі мақсаты – оқушылардың төтенше жағдайдағы іс әрекетінің деңгейін көтеру.
ГҮЛІМХАН ЖАЙҒАРАЕВА № 147 ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ
Алматы 9-10 балл сейсмика аймағында орналасқан. Дегенмен мамандар биыл шаһарда жоғары балл жер сілкінісі болмайды деп сендірді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 385
https://www.youtube.com/embed/SXTvI8pshY8?si=EO79JSGj9CjoLAtf"
2030 жылға қарай Қазақстанда энергия тапшылығы орын алады. Бүгіннің өзінде энергияға деген тәуелділік артып, қуат көзін жеткізу қиындап барады. Егер электр энергиясы болмаса, күллі экономика зардап шегеді. Өнеркәсіп құлдырайды. Оны шешудің бір жолы- атом электр станциясын салу. Бүгін Астанада Сілтеме баспасөз клубында өткен жиында «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев осылай деді.
АЗАМАТХАН ӘМІРТАЕВ «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
«Семей палигон қиыншылығын көргендер бар, Курчатовты білетін адамдар бар, солар шатастырып жатыр, ядролық палигонмен АЭС шатастырып жатыр. Біздікі суды пайдаланады. Ол өте қауіпсіз . Екінші жақ көмір отынының лоббистері АЭС көмір отынының бәсекелесі. Бұл бізге бүгінгі күні ең басты энегрия қауіпсіздігіміздің басты көзі екенін халыққа жеткізуіміз керек».
Жиынға қатысқан сарапшылар мен ядролық физика институтының мамандары болса, Алматы облысы Үлкен ауылында салынатын атом электр станциясы қауіпсіз деп отыр. Айтуларынша, ол СО2 көмірқышқыл газын бөлмейді, Балқаш көліне де еш зияны тимейді. Себебі, одан мүлдем су алынбайды дейді ғалымдар. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан халқына жолдауында АЭС-тың салыну, салынбауын халық референдум арқылы өздері шешеді деген болатын.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 355
https://www.youtube.com/embed/fycbEBNBfJA?si=ZLzi1WyM-Zd1IzzU"
Премьер- министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. 11 жекеменшік жылу электр орталығын прокурорлық тексеру нәтижелері қаралды. Олардың кейбірінде жүйелі заң бұзушылықтар анықталды. Премьер- министр жөндеу және жаңғырту жұмыстарының кестесін бекітуді талап етті.
Оны бұзған жағдайда нысандарды мемлекеттік меншікке қайтару жөнінде шаралар қабылданатын болады. Сонымен қатар отырыста ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын газбен жабдықтау саласындағы өнімсіз делдалдарды жою мәселесі талқыланды. Осы компаниялардағы мемлекеттің үлесі бұрын төмен бағамен жеке меншікке берілген болатын. Әлихан Смайылов заңнамаға сәйкес активтерді мемлекеттік меншікке қайтару мәселесін пысықтауды тапсырды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 357
https://www.youtube.com/embed/mh1M9XsNMXw?si=GDIwsOHrfVGjEVV4"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 392
https://www.youtube.com/embed/ENP8WwLXC2U?si=_Ihn5gqOEH0ZG3zL"
Алматыда қала күніне орай кітап фестивалі өтті. Оған 50-ден астам баспа қатысты. Мереке аясында түрлі акциялар, сондай ақ жазушылармен кездесу ұйымдастырылды.
Биыл қала күніне тұспа-тұс келген Kitap Fest Almaty фестивалінің тақырыбы: «Ұлттық әдебиет. Ұлттық тіл. Ұлттық дәстүрлер», деп аталды. Осымен 9-шы рет ұйымдастырылып отырған шараға 20 мыңға жуық оқырман қатысты. Олар кітап авторларымен кездесіп, пікір алмасып, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды.
Жобаның мақсаты - кітаптың, мәдениет пен білімнің маңызын арттыру, қазақстандық жазушылар мен олардың әдеби шығармаларын насихаттауға жәрдемдесу, халықты оқуға тарту.
ҒАНИ МАЙЛЫБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Фестивалде кітап сүйер қауым үшін ауқымды бағдарлама дайындады: отандық жазушылар жаңа кітаптарын таныстырды. «Оффлайн кітаптар туралы» танымал жазушылар, қоғам қайраткерлері мен блогерлер пікір алмасты. Алматылықтарға иллюстрацияланған кітап көрмесі, шеберлік сыныптары, түрлі байқаулар мен акциялар, Қазақстанның ірі баспалары мен кітап дүкендерінің жәрмеңкесі ұсынылды.
БАҚЫТ БАЙТІБАЕВА АУДАРМАШЫ, РЕДАКТОР
Баспагерлер және кітап дүкендері өз өнімдерін көрмеде 30% - ға дейінгі жеңілдікпен сатты. Оған 50-ден астам кітап дүкендері мен баспа қатысты. Сонымен қатар, әр түрлі жанрдағы 5000 кітап тегін таратылды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 384
https://www.youtube.com/embed/xiYUpDi2JUs?si=Aed07VuPUKwQ5wT0"
Марракештен оңтүстікке қарай 40 шақырым жерде орналасқан Мулай Брахим ауылының жанындағы тау бөктерінде жергілікті тұрғындар 18 жасар ұлымен бірге қайтыс болған 45 жастағы әйелді жерлеуде. Мароккодағы жер сілкінісі құрбандарының саны 2100-ден асып, сағат санап өсуде. 2400-ден астам адам зардап шекті.
Бұл ел үшін 1900 жылдан бергі ең қауіпті жер сілкінісі. Оның күші Рихтер шкаласы бойынша 6,8 баллды құрады. Эпицентрі Атлас тауларының сирек қоныстанған аймағында болды. Ең көп зардап шеккен аумақ шалғайдағы биік Атлас тау жотасындағы ауылдар. Жер асты дүмпулері Марокконың астанасы Рабатта да эпицентрден 350 шақырым жерде сезілді. Көптеген адамдар баспанасыз қалып, бірнеше күн бойы ашық аспан астында түнеді. Енді олар тамақ, су және баспана табуға тырысуда.
ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН АМАН ҚАЛҒАН ТҰРҒЫН: "Біз 24 адамбыз. Олар бізге бір шатырға сыймайтынымызды айтты. Егер бос болса, басқасын беруге уәде берді".
Ал бұл адам жер сілкінісінде кішкентай ұлынан айырылды. Апат барлығы отбасылық кешкі асқа үстелге жиналған сәтте орын алған. Кішкентайы ас үйге кеткенде оны үйдің шатыры басып қалған.
ХАМИД БЕН ХЕННА – БАЛАНЫҢ ӘКЕСІ: "Барлығы 23:00 немесе 23:30-да басталды. Біз кешкі ас ішіп отырғанбыз. Мен ұлымнан десертті кесу үшін ас үйден пышақ әкелуін өтінгем. Ол ас үйден шыққан бойда жер сілкінісі болды. Ол қазір қоқыстар тұрған жерге жүгірді. Оны бір жарым-екі метр қоқыс басып қалды".
ФАТИМА БУЖИГ – БАЛАНЫҢ АНАСЫ: "Жарық болған жоқ. Біз қараңғыда қалып қойдық. Жер сілкінісін, тастар мен қабырғалардың құлағанын естідік, басында не болып жатқанын түсінбедік. Ұлым телефондарды тапты, оның шамдарын қостық. Содан кейін ғана бүкіл ауылдың қирандыға айналғанын көрдік".
Үкімет табиғи апаттың зардаптарын жою үшін шұғыл шаралар қабылдап, іздеу-құтқару топтарын күшейтіп, ауыз сумен қамтамасыз ету және тамақ, шатырлар мен көрпелер таратуда. Елде үш күндік аза тұту жарияланды. Король Мұхаммед VI бүкіл елдегі мешіттерде қайтыс болғандар үшін дұға етуге шақырды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 416
https://www.youtube.com/embed/rJ7p4E6y8NI?si=Bsegg8Ffc_4wBpl7"
Үндістанда "үлкен жиырмалық" саммиті аяқталды. Кездесуді АҚШ пен Ресей жоғары бағалады, өйткені мүше елдер жалпы декларацияны келісе алды. Сонымен қатар, Қытайдың "Бір белдеу – бір жол"бағдарламасымен бәсекелесе алатын жаңа жоба жарияланды.
Саммит 10 қыркүйек жексенбіде аяқталды. Алайда декларация бір күн бұрын келісілген болатын. Бұл серпіліс деп саналады, өйткені Үндістан төрағалық еткен жыл ішінде министрлер деңгейінде консенсусқа қол жеткізу мүмкін болмаған. Атап айтқанда, Украинаға қатысты тармақтар бойынша. Бұған дейін оларға Ресей мен Қытай қарсы болған. Бұл жолы барлығына қолайлы тұжырымдар табылды.
Осылайша, қорытынды құжатта бүкіл әлем бойынша адам азаптары мен соғыстардың салдары туралы терең алаңдаушылық білдірілді. Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс мәселесінде қатысушылар қауіпсіздік кеңесі мен БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданған ұлттық ұстанымдар мен қарарларға сілтеме жасады. Сонымен қатар, декларацияда жаһандық азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік пен жеткізу тізбегіне алаңдаушылық білдірді. Құжатта ресейлік және украиндық астықты, азық-түлік және тыңайтқыштарды қауіпсіз жеткізу туралы айтылды.
Алайда, мәтінде олар осы мәселелер бойынша қатысушылардың әртүрлі көзқарастары бар екенін түсіндірді. Бұл ретте Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкара, Мәскеу және Киев астық мәмілесін қайта бастау туралы келіссөздерді жалғастыратынын мәлімдеді. Консенсус Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Модидің жеке саяси жетістігі болды. Өйткені, Саммитке дейін ешкім келісімге келеді деп үміттенген жоқ.
Отырыс барысында Африка одағы 55 мемлекет мүшелікке кіретін "Үлкен жиырмалықтың" тұрақты мүшесі болып танылды.
Келесі G20 кездесуі Бразилияда өтеді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 390
https://www.youtube.com/embed/lsXz0e1HL3k?si=MYggbQHLWSA88K1g"
Қызылорда өңірінде егін жинау науқаны басталып, күрішке орақ түсті. Сырдың суына малынып, дала төсін алтын түске бояған Жаңақорғанның «ақмаржаны» пісті. Алғашқылардың бірі болып Қожакент ауылдық округіндегі «Нұрбол И» шаруа қожалығы егінге орақ салды.
Жалпы Қызылорда облысы бойынша 89 мың гектарға күріш егілсе, соның 7600-ден аса гектары Жаңақорған ауданында. Бел жазбай еңбек еткен шаруалардың жемісін енді жинап алу қажет. Егіс алқабын баптаған шаруалар үшін орым науқаны өте маңызды болып тұр.
Биыл су тапшылығы айтарлықтай сезілген. Дегенмен мамандардың айтуынша күріштің шығымы жақсы болған.
ТАЛҒАТ ЗЕЙДӘЛИЕВ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
«Тамыз айынан бастап бізде анық су тапшылығы сезіле бастады. Біз бірден тамыз айының 8-інен бастап, 250 кубқа дейін Сырдария өзенінен төмендеген су мөлшеріне сәйкес, 4 округтен Киелі төбе магистральді каналы бойындағы бекеттермен су кезектестіру тәсіліне көштік. Нәтижесінде, қазіргі таңда сол бекеттер бойынша екі кезектен су ішіп, сусыз қалу қаупі болған 1600 гектарды 300 гектарға дейін төмендеттік. Соңғы 300 гектарымыздың өзі қазір су ішіп, вегатациялық кезең сәл кешіктіргенімен ораққа ілініп, орташа егістікте төмен болуы мүмкін».
«Нұрбол И» шаруа қожалығы — 2006 жылдан бері жемісті еңбек етіп келе жатқан берекелі ұжым. Шаруашылықта егінді оратын техникалар талапқа сай. Жыл сайын ауылшаруашылық саласында молынан өнім алатын шаруа қожалығында 50-ге жуық адам жұмыс істейді. Шаруалар «Лидер» сортымен қатар биыл күріштің «Маршал» деп аталатын жаңа күріш түрін де еккен.
ИЗАТУЛЛА ҮСЕНОВ «НҰРБОЛ И» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Биылғы жылы 60-70 центнерден күріштен өнім алсақ деп межелеп отырмыз. Техника саны 3 комбайн бар оратын. 3 подборщигіміз бар оның ішінде торм бар. Сол подбощиктермен жинаймыз құдай қаласа. Жауын-шашынға қалдырмай уақытылы жинап аламыз деген ойдамыз».
ӨМІРБЕК ҮСЕНОВ КОМБАЙНШЫ:
«Бұрынғы техникалар күніне 20-30 тонна бастырса, бұлар күніне 80-90 тонна бастырады. Жағдайлары керемет жалпы. Ішінің барлығы компьютер. Рөлден түскенде өзі автоматты түрде өшеді 10 минуттың ішінде. Жалпы қауіпті ештеңе жоқ».
Айта кетейік, жалпы аудан бойынша күзгі егін жинау науқанына 207 трактор мен 70 комбайн жұмылдырылмақ. Оларға 1487 тонна дизель отыны бөлінген.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 382
https://www.youtube.com/embed/cJf4tZUGqnI?si=HDIUQQan3D4vkN83"
Жол төңірегінде айтар мәселе көп. Мәселен Ақмола облысының Ақкөл ауданына қарасты 4 елдімекенде жол салынбаған. Ондаған жыл бойы ауыл тұрғындары жолдың бойымен емес, көліктің ізімен жүріп келген. Ал, қар түскен бойда жол қатынасы тіптен қиындай түседі. Толығырақ тарқатып айтсақ
Аудандық маңызы бар Ерназар-Наумовка бағытындағы жол жергілікті көлік жүргізушілері үшін нағыз сынақ. Қашықтығы 28 шақырымға жуық автожолды жүріп өту үшін шамамен 1 сағат уақыттарын жоғалтады. Ал, ауа райы қолайсыз болса, жолдың ұзақтығы 2 есе артады,-деп тұрғындар назданып отыр. Жедел жәрдем қызметі де науқастарды көрші ауылға жеткізуде қиындық көреді. Жағдайы қыл үстіндегі науқастарды 6 сағат ішінде жеткізген күндері болған екен.
АЛЕКСАНДР ШПЕХТЕР НАУМОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Жазда және көктемде жауын жаумаса жолға шығуға болады. Бірақ, қыста боранды күні жолға шығу мүмкін емес. Себебі, бұл жақта жол жиі жабылып қалады. Ал айдалада жолда қалсаң, көлігің тоқтаған жерде түнеп қаласың. Мұндай жағдайлар бір емес, бірнеше рет орын алған. Жолда қалған адамды құтқарып қалудың машақатын айтпай-ақ түсінетін шығарсыздар».
ӘЙГЕРІМ ОСПАНОВА НАУМОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Жыл сайын құрғақ уәдемен шығарып салады. Аудан әкімі жолды жөндеуге 800 млн.теңге бөлінгенін айтқан. Мұны барлық тұрғын естіді. Бірақ, көріп тұрғандарыңыздай ешқандай өзгеріс жоқ».
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі мамандарының айтуынша, жолды грейдерлеу жаз мезгілінде 3 рет жүргізіледі. Автожолдың 8 шақырымын жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама 2021 жылы жасалған. Оның құны 987 млн.теңге.
ВЛАДИМИР МАЦЕВИЧ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ АҚКӨЛ АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: «2021жылдан бастап, күні бүгінге дейін осы мәселені әкімшіліктің алдында көтеріп келеміз. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім бердік. Дегенмен, бұл жобаны игеру үшін қаражат бөлінген жоқ. Жергілікті қазынадан тек грейдерлеуге ғана ақша бөлінеді. Сонымен бірге қысқы уақытта жолды күтіп-баптауға».
Бұл мәселе келер жылы облыстық бюджетті бекіту кезінде қаралады деп жоспарланған. Облыстық автомобиль жолдары басқармасының мамандары осылай деп сендірді. Ал әзірге ауыл тұрғындары жол азабын әлі де тарта тұруға мәжбүр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 402
https://www.youtube.com/embed/QX7tbh51q34?si=b6SUTwxhvQxb7Fnw"
Бүгін Ерболат Досаев Алматыдағы энергетикалық инфрақұрылымның жылыту маусымына дайындығын тексерді. Үздіксіз жылумен жабдықтау үшін Южная қазандығын реконструкциялауды аяқтауды тапсырды.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары аясында Бостандық ауданындағы Южная қазандығының реконструкциялау нысанымен танысты. Сонымен қатар, Бостандық ауданының тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз ететін «Алмагүл» қосалқы станциясына барды. Басты мақсат – инженерлік инфрақұрылым нысандарының алдағы жылыту маусымына дайындығын тексеру. Алғашқы нысанда мегаполис басшысы Алматы қаласындағы Южная аудандық қазандығының қайта жаңарту барысын тексерді. Қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Талғат Малыбаев әкімге қазір барлық технологиялық жұмыстың аяқталғанын, газ құбырларын, түтін мұржаларын оқшаулауды, мазут сақтау резервуарларын қоршауды, монтаждауды, сонымен бірге іргелес аумақты абаттандырудың, іске қосу-реттеу жұмыстарының жалғасып жатқанын айтты. Ерболат Досаев Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы басшылығының назарын мердігер ұйымның жұмыстарды аяқтаудың бұрын бұзылған мерзіміне аударып, биыл 1 қазаннан кешіктірмей нысанның 100% дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды.
ЕРБОЛАТ ДОСАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Бостандық ауданында қазандықты реконструкциялау жобасы аяқталып келеді: қуаты 55 Гкал-сағатқа артты, 190 Гкал-сағатқа жетті. Бұл қаланың оңтүстік бөлігін, 200 мың тұтынушыны, соның ішінде әл-Фараби даңғылынан төмен Гагарин, Розыбакиев, Жароков көшелеріндегі жаңа тұрғын үй кешендерін үздіксіз жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді».
Қала әкімі құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау сапасына қатысты бірқатар тапсырма берді. Ерболат Досаев бұл іс тұрақты түрде бақыланып тұру керектігін айтты. Инженерлік инфрақұрылым нысандарын аралау қорытындысы бойынша Алматы әкімі шаһардың алдағы жылыту маусымына дайындық мәселесі ерекше бақылауда екенін атады. Коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері барлық жұмысты бекітілген кестеге сәйкес аяқтауға тиіс.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 364
https://www.youtube.com/embed/6G5xC-Lblhc?si=XOtq6qsKzdLasmZb"
Жол азабын тартқан білер. Алдағы алты жыл ішінде республикалық маңызы бар 8 мың шақырым жол салынып, реконструкцияланады. Одан бөлек, таяу жылдары жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырым негізгі автожолға қатысты жобалар кезең-кезеңмен іске асырылады. Осылайша, қазақстандықтар біртіндеп сапалы жолмен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штабтың отырысында айтылды.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Тұрғындардан түсетін шағымдар туралы білесіздер. Қарапайым адамға ол республикалық деңгейдегі жол ма, әлде жергілікті жол ма, ешқандай айырмашылығы жоқ. Оған үйдің жанында, қалада, ауылда немесе елді мекендер арасында жақсы жолдар қажет. Бұл бәрімізге, біздің экономикамызға қажет. Ведомствоның алдына жол құрылысы саласын қайта құру бойынша нақты міндеттер қойылды. Жол активтері сапасының ұлттық орталығының сапасыз жүргізілетін жол-құрылыс жұмыстарына жол бермеу, жаңа технологиялар мен материалдарды енгізу жөніндегі рөлін күшейту қажет».
Әлихан Смайылов отырыста жауапты органга жолға қатысты бірқатар тапсырмалар ретін жүктеді. Сондай-ақ, жолдарды жобалау және салу, оларды күтіп-ұстау мәселелерін кешенді түрде шешу қажеттігін атап өтті. Айта кетейік, елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Көлік министрлігі қайта құрылған болатын. Аталған проблемаларды оң шешу енді тікелей осы министрліктің мойнында.
Еще материалы
- Мәжіліс депутаттары министрлер жұмысына наразы. Олар 85 мың теңгеге халық қалай күн көреді деп отыр
- Президент Қазақстан мен Солтүстік Ирландия ойынын стадионнан тамашалады
- Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады
- "Алатау ақпараты" Эфир 11.09.2023 Толық шығарылым!
Страница 182 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.