- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 347
https://www.youtube.com/embed/-_Iw9wt6Wn4?si=IBmM4ppN-IUiPAbo"
Алматы маңындағы ЛА-5518 мекемесінде мәслихаттың экс-депутаты Қайрат Құдайберген мен «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Қазақпарат. Сотта Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевтен бөлек тағы 43 адамның ісі қаралады. Сот барысында қатысушылар дыбыстың нашарлығына шағымданды.
Сол себепті техникалық ақауларды шешу үшін сот отырысы жарты сағатқа тоқтатылды.Бұған дейін Алматы қалалық соты қылмыстық іс бойынша сот процесіне адвокаттардың кіруіне кедергі келтіріліп жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 391
https://www.youtube.com/embed/0Q58m4EEw2Q?si=c9QSqfjXu9fvYEXQ"
Маңғыстауда жалған дипломмен 7 мұғалім жұмыс істеген. Бұл деректі өңір бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, білім саласына жүргізген мониторингі барысында анықтаған.Заңсыз құжатпен мектепте жұмыс жасағандардың көбі Мұнайлы ауданынан анықталыпты.Олардың арасында жалған дипломмен ең ұзақ мерзімде жүргені 3 жыл. Сонымен қатар, бір мұғалімге қатысты сот үкімі шығып, ҚР ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіште айыппұл түріндегі жазаға тартылды. Ал қалған 6 мұғалімге қатысты сот отырысы әлі өткен жоқ. Жалған дипломмен жүргендер қызметтен босатылды. Білім басқармасы мұғалімдердің жұмыс кезеңінде алған үстемақыларын мемлекетке қайтару бойынша сотқа талап–арыз беріпті. Ал осы күнге дейін алған жалақылары қайтарыла ма, жоқ па? Ол әзірге белгісіз.
БІРЖАН ХАЙРУЛЛИН ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
«Білім басқармасына, білім беру бөліміне, жалпы білім саласының мекемелерінің басшыларына айтып жатырмыз. Олар кемінде бір рет ішкі талдау жүргізуі керек. Сонымен қатар, өздерінің қажеттілігіне қарай тақырыптық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізуге болады. Осы аясында бұл мәселелерді анықтауға болады. Мысалға айтайық, биыл 10 адам жұмысқа қабылдаса, тақырыптық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу арқылы сол оқу орындарына сұраныс жіберулеріне болады. Сол арқылы өздерінің жанағы жұмысқа алған азаматтарының дипломдарының жалған немесе жалған емес екендіктерін анықтауға мүмкіндіктері бар».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 366
https://www.youtube.com/embed/ROsw5-X5VXA?si=M4NEcdZAtcOBotpD"
Отандық туризм көңіл көншітерлік жағдайда емес. Швейцариядан кем түспейтін әсем табиғатымыз бен небір көрікті мекеніміз бар болғанымен, ол жерлерді дамыта алмай отырмыз. Демалуға келген адамға еш жағдай жасалмаған. Электр тоғы да, интернет те ,тіпті қоқыс жәшігі де жоқ деген сенаторлар туризмді дамыту керек деп Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады.
СҰЛТАН ДҮЙСЕМБИНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Алакөл жағалауындағы демалыс аймақтарында электр энергиясы қуатының жетіспеушілігі байқалады, интернет пен байланыс сапасы сын көтермейді, жағалауларды бекіту жұмыстарын жүргізуге бөлінген қаражат 3 жылдан бері игерілмей келе жатыр. Есік көлінің аумағында жеке гигиена пункттері, қоқыс жәшіктері, көрнекі ақпараттық стендтер мен нұсқаулықтар, телефон байланысы мен интернет секілді қарапайым қажет жағдайлар жасалмаған, демалыс объектілері абаттандырылмаған».
Ал, енді бір топ сенаторлар отандық киноидустриясының дамуына алаңдаулы. Қазақстан өзінің салт-дәстүрі мен құндылығын насихаттайтын фильмдер түсіруі керек дейді.
ҚАЙРАТ ТАСТЕКЕЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Егер Қазақстанда әртүрлі бағалаулар бойынша серия үшін төлем 6 мыңнан 30 мың АҚШ долларына дейін болса, онда Ресейде серия үшін 200 мыңнан 400 мың АҚШ долларына дейін жұмсалады. Шетелдік телехикаяларға тыйым салу және өз өндірісіміздің кинофильмдерін дамыту жөніндегі халықаралық тәжірибе де алуан түрлі».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 367
https://www.youtube.com/embed/r77zKFtmzUE?si=b6kN9iL3HNeVndG0"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен келіссөз жүргізді. Қазақстан Президенті дәстүрлі қонақжайлық көрсеткені және тәжік жерінде зор құрметпен қарсы алғаны үшін Эмомали Рахмонға алғыс айтты.Қазақстан мен Тәжікстан президенттері екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективасын, сондай-ақ бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.
Кездесуде сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастыққа баса мән берілді.Екі ел басшылары стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтуға өзара ниетті екенін растады. Сонымен қатар, президенттер өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды.
Сапар аясында Қазақстан Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады деп жоспарланып отыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 443
https://www.youtube.com/embed/Ah0LnmPAIiM?si=CI4aZcBMmfPFRzlD"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 376
https://www.youtube.com/embed/N-saAUfK2EU?si=ke4BBsw5Vc_6jOLq"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 426
https://www.youtube.com/embed/ijM8eAUqqwk?si=zIMN3VPqk8nb0AVs"
Бүгін Қазақстан Журналистер Одағының басқарма мүшелері мен қалалық, облыстық филиал төрағаларының қатысуымен жиын өтті. Онлайн форматта өткен басқосудың күн тәртібінде журналистердің құқықтарын қорғау, республикадағы өңірлік филиалдардың жұмысын жандандыру, мүшелік жарналарды жинау секілді маңызды мәселелер қаралды. Сондай-ақ, Одақ құрылымында бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды. Басқарма басшылығының шешімімен Қазақстан Журналистер Одағының атқарушы директоры болып белгілі журналист, «Егемен Қазақстан» газетінің Түркістан облысындағы тілшісі, облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібай тағайындалды. Бұл жауапты қызметті Ғалымжан Қамытбекұлы Қазақстан Журналистер Одағы Түркістан облыстық филиалының төрағалығымен қоса атқаратын болады. Бұдан бөлек, Одақтың Астана қалалық филиалының төрағасы болып Әмір Қасенов бекітілсе, Қостанай облыстық филиалын басқару Александра Серғазиноваға тапсырылды. Одақ төрағасы Сейітқазы Матаев еліміздегі ірі шығармашылық бірлестіктің жұмысына сәттілік тілеп, жаңа қызметке тағайындалған әріптестерін құттықтады.
Қазақстан Журналистер Одағының атынан басшылық жасау құқығын беретін жауапты қызметке кіріскен Ғалымжан Елшібай сенім білдіргені үшін Басқарма мүшелері мен әріптестеріне алғысын жеткізіп, ұлттық журналистиканың ұпайын түгендеп, саланың жан-жақты дамуына, осы бағытта тың бастамалар мен жаңа идеяларды іске асыруға, республикалық одақтың жұмысына серпін беріп, өңірлердегі филиалдардың жұмысын жандандыруға бар күш-жігерін салудан аянып қалмайтынын айтты.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 398
https://www.youtube.com/embed/5CrifxXfukw?si=yHSHwy5kM_fxu3UX"
Өлі теңізге қарайтын израильдік үңгірден сирек кездесетін олжа қару-жарақ қоймасы табылды. Археологтар тапқан қылыштарын шамамен 2000 жыл бұрын жасырылған деп есептейді.
ЭЙТАН КЛЕЙН АРХЕОЛОГ:
«Зерттеу барысында біз Иудея шөліндегі шағын үңгірдегін төрт римдік қылыштар таптық. Олар өте жақсы сақталған».
Сарапшылар қаруды еврей көтерілісшілері жасырған деген тұжырымға келген. Үңгірдің жанынан 132-135 жылдардағы Бар Кохба көтерілісі кезіндегі тиын да табылды. Израильдің көне жәдігерлер басқармасының мәліметі бойынша римдік спата қылыштарына ұқсас. Бұл ұзындығы 1 метрге жететін екі жүзді қылыш. Төртіншісінде сол кезеңге жататын сақиналы тұтқасы бар.
ЭЙТАН КЛЕЙН АРХЕОЛОГ:
«Біз қылыштарды зерттей бастадық,олардың біздің дәуіріміздің екінші ғасырына жататынын түсінеміз. Оларды Бар Кохба көтерілісі кезінде еврей көтерілісшілері үңгірге жасырған болуы мүмкін. Біз оларды Рим әскерінен ұрлаған немесе ұрыс даласынан алып кеткен деп ойлаймыз».
Римдік найзаның ұшы да осы жерден табылған. Бұл сирек кездесетін олжа.
Римдіктер біздің дәуірімізге дейінгі 1 ғасырдан біздің заманымызға дейін 2 ғасырға дейін Иудея территориясын басқарған болатын. Шимон Бар Кохба осы кезде Рим әскерімен партизандық соғыс жүргізді. Еврей мемлекеттігін қалпына келтіруге ұмтылған көтерілісшілер өлі теңіз аймағындағы үңгірлер мен алдын ала дайындалған баспаналарға тығылған. Нәтижесінде Бар Кохба ұлттық үкімет құрып, өз теңгелерін соқты. Ол Иерусалимді үш жыл басқарып тұрғанымен 135 жылы римдіктер көтерілісті аяусыз басып тастады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 380
https://www.youtube.com/embed/xvPTyPOJaAk?si=d77-7xQ3hi48EE_T"
Орал қаласында «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің тұрғындары жатақхананың шатырына шығып алып, наразылық білдірді. Олар мекеме ғимаратын жөндеуге байланысты өздерін басқа орынға көшірмек болған басшылық шешіміне қарсы болып, төбеден секіріп өлеміз деп қорқытты. «Шаңырақ» жетім балалар үйі түлектеріне арналған мекеме. Бұл жерде азаматтар мемлекеттен өз кезегі бойынша баспана алғанша пана тапқан. Тұрғындардың айтуынша, екі күн бұрын оларға ғимаратта күрделі жөндеу болатыны, сондықтан балалар лагерінің аумағына көшіп, уақытша қоныстану туралы хабарланған. Тақырыпты арна тілшісі тарқатсын.
«Шаңырақ» жасөспірімдер үйінде өз баспанасы жоқ жетім балалар үйінің бұрынғы түлектері тұрады және олар жылдар бойы мемлекеттен пәтер алу үшін кезек күтіп жүр. Көбісі отбасын құрып, жылжымайтын мүлікті өз бетінше сатып алып, бөлек шыққан. Ал кейбірі пәтер жалдап, мемлекетке салмақ салмай, өз күнін өзі көріп жүргендер де бар. Бірақ "Шаңырақта" тұратындар саны азаяр емес. Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері алдағы күрделі жөндеу туралы биыл көктемде біліпті. Жөндеу сәуір айына жоспарланған болатын, бірақ белгілі себептерге байланысты жұмыс уақытында басталмаған. Мекеме басшылығы қоныс аударудың уақытша екенін мәлімдесе де, жетімдер жөндеуден кейін жатақханаға қайта орала алмай қаламыз деп қорқады. Сондықтан олар наразылық ретінде жатақхананың шатырына шығып алып, секіруге әрекет жасады.
АНТОНИНА КУЗНЕЦОВА «ШАҢЫРАҚ» ЖАСӨСІПІРІМДЕР ҮЙІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ
Олар бізге қайтып оралатынымызды растайтын ешқандай құжат берген жоқ. Қайтып орала алатынымызға сенбеймін, ал бізде баратын ешқандай баспана жоқ, әрқайсысымыздың отбасымыз бар. Әкімдікке қанша жүгінсекте, мемлекет бізге пәтер берген жоқ. ))
"Шаңырақ" жасөспірімдер үйі Орал қаласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Мұнда отбасылық үлгідегі балалар ауылы түлектері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар тұрады. Бүгінде осы ғимаратты балалар үйінің 67 бұрынғы тәрбиеленушісі мекен еткен. Оның 23-і отбасылы адамдар, 17-сі жалғызбасты ана. Көпшілігі 30-40 жастан асқан. Алайда олар ұзақ уақыт бойы жасөспірімдер үйін паналауға мәжбүр болды. Себебі заңға сәйкес тұрғын үй мемлекеттен оларға әлі берілмеген.
ӨМІРБАЙ ҚАЛЫМБЕТОВ «ШАҢЫРАҚ» ЖАСӨСІПІРІМДЕР ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Ғимаратты күрделі жөндеу жұмыстары 4 айға жоспарланған. Бұған бюджеттен 400 млн теңгеден астам қаржы бөлініпті. Жөндеуден кейін "Шаңырақ" тәрбиеленушілерін жылы орындарына қайта қабылдаймыз, - деп сендірді Жасөспірімдер үйінің директоры Өмірбай Қалымбетов.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 356
https://www.youtube.com/embed/iB-dFV_FSr8?si=NojcXywBH49W6twX"
Алматыда ТМД мемлекеттеріне мүше елдердің шекара әскерилерінің қолбасшылары кеңесінің ұйымдастыруымен арнайы жиын болып өтті.Шараға Армения, Белорусь, Қазақстан,Ресей,Тәжікстан,Түркіменстан және Өзбекстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің өкілдері қатысты. Шекараның өтінде қызмет жасайтын әскерилердің жұмысы қашанда ауыр,оларға оқыс оқиға бола қалған жағдайда жедел медициналық қызмет көрсету өзекті.Бүгінгі басқосуға жиналған мамандар,осы мәселе төңірегінде пікір алмасып,бірлесіп қол ұшын берудің тетіктерін ортаға салды.
МАХАББАТ БАЛТАБАЕВ ҚР ҰҚК ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ ӘСКЕРИ МЕДИЦИНАЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ,ПОЛКОВНИК:
«Әскери медициналық қызметшілер жетпейді бізге.Көбісі басқа салаларға кетуде,жалақының аздығы оған себеп.Дегенмен мемлекет тарапынан шекарашылардың жалақыларын 50 пайызға көтеруде.Биыл толықтыру мәселелері көтеріліп жатыр».
Шекара қызметінде еңбек етіп жатқан әскерилерге медициналық саланың қолжетімділігін арттыруға негізделген жиында,озық технологияны қолданудың қыр-сыры қаралды.Сондай-ақ ТМД елдері арасында медициналық нано жүйені жетік меңгеретін мамандарды даярлаудың күн тәртібі әңгіме өзегіне айналды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 357
https://www.youtube.com/embed/cq1kTdSPNU8?si=KEHiLpGdQuiIWp3f"
Айдың күннің аманында Ақтаудағы бірнеше үйде екі тәулік бойы электр қуаты болмай, тұрғындар далада самаурын қайнатып, ас ішті. Ашуға булыққан 33-ші шағын аудан тұрғындары түн ортасында жолды жауып, атқамінерлерді аяқтан тік тұрғызды. Себебі амалдың жоқтығынан осындай қадамға баруға мәжбүр болғандарын айтады. Сюжет көрейік.
Тоқтың тәуліктеп жоқ болуы, осындай әрекетке әкеліп соқтырды. Тұрғындар далада от жағып, ас ішкен. Электр қуатын күте-күте шаршаған қараша халық, түн ортасында жолды жауып тастауға мәжбүр болған. Электр желісіндегі апат бір емес, бірнеше жерден болған. Салдарынан 500-ге жуық пәтер жарықсыз қалған. Қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы тұрғындардың айтуы бойынша тоқтың мезгілсіз өшуі бірінші рет емес екен.
ОРЫНХАН АЙДАШЕВА ТҰРҒЫН
«Дұрыс емес қой осылай жұмыс істеуі. Лифтіміз істемей тұр. Қазір мен жаяу түстім. Қазір жаяу көтерілуім керек. Подъезде свет жоқ. Мәселе сол».
АЙГҮЛ ҚЫЗЫЛБАЕВА ТҰРҒЫН
«Бізде жарық жие сөнеді. 5-6 сағаттан сөнеді. Біз оған көнеміз. Енді кеше тіпті шеттен шығып кетті. Екі түн, бір күн свет болмады. Бала шаға магазиндегі мұздай пирожки мен мұздай суға тойды».
33 шағын ауданындағы мына үйлер тоқ болмаса ас-суын қайната алмайды. Себебі газ әлі күнге дейін берілмеген. Жалпы тіршілік тоққа тәуелді. Ал қаладағы электр желісінің сапасын айтатын болсақ, 80 пайыз тозығы жеткен. Салдарынан осындай апаттар жие тіркеледі.
ҒАЛЫМЖАН СЕРІКБАЕВ: АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Үйді2021-ші жылы қабылдадық. Тек домның өзін қабылдадық. Ал инженерный сетьттерін әлі қабылдаған жоқпыз. Құрылыс бөлімі салды оны, документтерін жинақтап, бізге тапсыру қажет. Біз содан кейін барып управление энергетикаға береміз. Энергетикадан тиісті мекемелерге тапсырамыз оны»
Әзірге тоқ тек пәтерлерге ғана берілді. Ал жедел сатылар іске қосылған жоқ. Подъезд ішіндегі жарық та дәл солай. Мамандар электр желісін қалпына келтіру үшін екі аусыммен жұмыс жасап жатқандарын айтты.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 382
https://www.youtube.com/embed/XQ1ounIqoH0?si=l8rJ1zth-pZe6aqA"
Бүгін АҚШ-тың Джорджия штатының теңіз орталығында сырт келбеті акулаға, дене бітімі қарапайым скатқа ұқсайтын теңіз жануарларын құтқару басталды. Бұл теңіз жануарлары «акула сәулелері» деп аталады. Бірақ олар жойылудың алдында тұр. Дей тұрғанмен, оларды әлі де заңды түрде ұстауға, сатуға болады.
Бұл үш скаттар өткен жазда Тайваньдағы балық фермасында дүниеге келген. Олар акула аулайтын үлкен тордың ішінен табылған.
КРИС КОКО ТЕҢІЗ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
«Соңғы бірнеше жылда біз олардың өткір омыртқаларына сұраныстың көп екенін байқадық. Оларды кейде акула сорпасын жасау үшін қолданылатын қанаттар үшін пайдаланады. Сонымен қатар олардың тікенді омыртқалары мен артқы және көз айналасындағы жоталары алқа, сақина секілді бұйымдар жасауға пайдаланылады».
Акула сәулелері Үнді-Батыс Тынық мұхитында, сондай-ақ Шығыс Африка, Папуа-Жаңа Гвинея, Жапония және Австралия маңындағы суларда кездеседі.
КРИС КОКО ТЕҢІЗ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
«Біз олардың мейрамханаларда теңіз өнімдеріне айналмауы үшін сатып алдық. Олар мұхиттағы жойылып бара жатқан барлық түрлердің қатарында болады. Оларға жақсы қарап, өсіреміз. Болашақта оларды жақсы бағдарламаларға шақыратын болады».
Ғалымдардың айтуынша, балық аулау салдарынан акула сәулелерінің саны қалыпқа келе алмай жатыр.
КРИС КОКО ТЕҢІЗ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
«Қоқыстар аз. Бірақ балық аулау жылдамдығы табиғи көбею жылдамдығынан әлдеқайда жоғары болып тұр».
Бұл ұлттық Тайвань мұхиты университетімен және Тайвань балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп жасалған 10 жылдық зерттеу бағдарлама болмақ.
Еще материалы
Страница 181 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.