- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 402
https://www.youtube.com/embed/taiNEdKyq7o?si=xZtxFWG-dGmmsvPT"
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті «ПК Asar Baspana» компаниясының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Олар қаржы пирамидасына басшылық жасады деген күдікке ілінді. Аталған компания жеке тұлғалардың ақшасын кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қатысушылар арасында қайта бөлген.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ «Залал сомасы 700 млн теңгеден асады.Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Егер сіз және сіздің жақындарыңыз аталған қаржы пирамидасының қызметіне тап болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз. Азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырамыз».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 382
https://www.youtube.com/embed/3Q-vNtwFBdg?si=u1aUbUu6Mw6oUaxx"
Көкшетау қаласында 1 аптадан астам жауған жауы толастар емес. Салдарынан жекеменшік сектордағы үйлердің аулаларында көлшіктер пайда болды. Оған қоса, тас жол төселмеген аймақтарда езілген сазбен, жиналған су тұрғындардың өтер жолын шайып кеткен. Ал осындай мәселесі бар көшелер мен аула маңы қала бойынша жетіп артылады.
Облыс орталығындағы Нефтебаза көшесінің бір бөлігін су басқан. Онымен қоймай дүкеннің алды да лай. Тұрғындар үшін дүкенге кірмек түгілі қоқыс төгудің өзі үлкен мәселе. Себебі, қоқыс жәшігіне жету үшін резеңке бәтеңке кисең де, қонышыңа дейін батпаққа батасың. Онымен қоймай, шашылған қоқыс су бетінде қалқып жүреді дейді.
ХӘКІМ ЖҰМАНОВ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ Мына үйлерге де қиын. Аялдамаға шығады. Мына жерді көріп тұрсыз ғой, асфальт жоқ, тратуар жоқ. Сосын әрі қарай мына үйдің алды да су. Бардюр суға батып жатыр. Көліктер судың бетімен жүреді.
Тұрғындардың айтуынша бұл жерге жыл сайын су толады. Дегенмен, жауапты органдар дер кезінде әрекет жасайтын. Ал,биыл жауапты мекемелер мәселені шешу үшін, саусақтың ұшында қимылдатапаған көрінеді. Дей тұрғанмен, жауапты мекеме басшылығы тұрғындарға жауап беруден бас тартпады.
РУСЛАН ТӨЛЕГЕНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ Бүгінгі күні жауын-шашын мол. Осының салдарынан, кей жерлерде судың жиналуы байқалады. Біздің мердігерлік ұйымдар мен «Көкше Тазалық» және «Зерен» серіктестіктері тиісті жұмыстарды жүргізілетін болады. Осы бағытта су көп жиналатын жерлерде су сору құрылғысы қолданылады. Сондай-ақ, қала тұрғындарынан және «Ай көмек» қайырымдылық қорынан келіп түскен өтініштерді қабыл алып, белгілі іс-шараларды жүргіземіз. Ал егер сұрақ Нефтебаза 1 мекен-жайында тұрса, ақпарат келіп түсті, қажетті жұмыс істелініп, мәселе шешілетін болады.
Синоптиктердің болжамы бойынша алдағы күндері де жауын-шашын болып, құбылмалы ауа райы сақталмақ. Яғни, әлі де болса жаңбыр суы тұрғындар әуре сарсаңға салатын түрі бар.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 352
https://www.youtube.com/embed/cOP5gtropCE?si=FvKN37iOxmLTdWGD"
2030-2035 жылдарға қарай елімізде су тапшылығы болуы мүмкін. Сондықтан, жер асты сулары технологиясын енгізуді бүгіннен бастау керек. Оның үстіне, гидротехник мамандар да тапшы. Ол проблеманы шешу үшін кәсіби техникалық колледж бен жоғары білім беру институтын ашу қажет. «Байтақ» жасылдар партиясы қазір өзекті болып тұрған су мәселесін шешу үшін осындай бірқатар ұсыныстар ұсынуда. Бүгін Астанада Сілтеме баспасөз орталығында өткен жиыннан толығырақ тілші тарқатады.
Еліміз судың 80 пайызын көршілес мемлекеттен алады. Олар: Қытай, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттері. Жыл сайын оңтүстіктегі шаруалар су азабын тартады. Тіршілік нәрі ауыз су мәселесі Қазақстандағы күрмеуі шешілмеген проблеманың бірі. Сондықтан, күні кеше Президент Жолдауында су министрлігі жеке құрылатынын айтып бір қуантты. Алайда, «Байтақ» жасылдар партиясы «Жаңадан құрылған министрлік бірінші кезекте көрші елдермен су дипломатиясын орнатуға күш салуы керек» деген болатын. Әйтпесе, басқасының бәрі бекер деп отыр.
АЗАМАТХАН ӘМІРТАЕВ «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Біріншіден, су дипломатиясын департамент, комитет бұл бағытта жұмысты күшейту керек. Тағы да ертең су гидротехникамен айналысып, дипломатияны Сыртқы істер министрлігіне береміз десе, онда бұл мәселе мүлдем шешілмейді. Өйткені, сыртқы істер министрлігінің айналысып жатқан жұмыстары өте көп. Қауіпсіздік, тағы да басқа экономикалық, әлеуметтік мәселесі өте көп. Сондықтан бұл министрлікте су мәселесі бірінші орында тұру керек. Біз тек қана көршілес елдермен су мәселесін дипломатия арқылы шеше аламыз. Басқа жол жоқ».
Елімізде гидротехник мамандар тапшы. Сондықтан, партия мүшелері Қонаев қаласында кәсіби-техникалық колледж, ал Түркістанда жоғары білім беру институтын ашу керек дейді. Алайда, ол оқу орындар мемлекеттік емес жеке инвестордың қаражатына салынады. Онда геобатаник, гидротехник, эколог, зоолог сынды мамандар білім алып шығады. Айтпақшы, жасылдар партиясы халықтан барынша тіршілік нәрін үнемдеуді сұрайды. Себебі, 2035 жылға қарай елімізде су тапшылығы болуы әбден мүмкін.
АЗАМАТХАН ӘМІРТАЕВ «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Судың да сұрауы бар», дейді қазақта. Суды үнемдеуіміз керек, суды сақтауымыз керек. Суға мәдениетпен, адамның өміріндегі ең басты құнды зат деп қарауымыз керек. Судың бағасы мұнай бағасынан да бензин бағасынан да жоғары. Су ертең біздің ұрпағымызға керек су».
Байтақ жасылдар партиясы жаңадан құрылған су министрлігінің жұмысын тікелей өздері қадағалаймыз деп бекініп отыр. Себебі, су - ол халықтың басты тіршілік нәрі. Су жаңа министрлік пен партия өкілдерінің бұл қадамы қаншалықты халық пайдасына жарайды оны уақыт көрсетеді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 374
https://www.youtube.com/embed/Ft2Z4CfLyZs?si=YapfsGHR7-Q7gERM"
Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен «Жағалау» оқу-жаттығу полигонында «Батыл тойтарыс-2023» стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиыны өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев оқу-жаттығу жиынын бақылау мұнарасынан бақылады.
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бригадалық-тактикалық топтары авиацияның қолдауымен, сондай-ақ Құрлық әскерлері және Арнаулы операциялар күштерінің бөлімшелерімен бірлесе отырып, судан өту арқылы қарсы жағалаудағы жау шебін басып алу үшін тактикалық іс-қимыл жүргізді.
Ал Арнаулы операциялар күштері мен Ұлттық ұлан бөлімшелері шартты жау қолына өткен Қапшағай ГЭС-ін азат етті. Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері техногендік апат салдарын жоюмен айналысып, халыққа гуманитарлық көмек көрсету міндетін атқарды.
Қарулы Күштердің Бас штабы әзірлеген бірыңғай жоспар мен мақсатқа сәйкес әскерлер оқу-жаттығу жиыны өтетін аудандарға стратегиялық тұрғыда қайта топтастырылды.
Мемлекет басшысы оқу-жаттығу жиынына жұмылдырылған бөлімшелердің дайындық деңгейіне оң баға берді. Сонымен қатар Президент бұл оқу-жаттығу жиындары күрделі геосаяси кезеңде өткізіліп отырғанына назар аударды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ -ЖОМАРТ ТОҚАЕВ
« Бүгінде әлемдік қорғаныс жүйесінде ауқымды өзгерістер болып жатыр. Қазіргі ұрыстардың әдіс-тәсілдері де басқа, әсіресе, гибридтік соғыс түрлері кең таралуда. Шабуылдар әскери ғана емес, ақпараттық, психологиялық, саяси, экономикалық және басқа да сипат алуы мүмкін. Сондықтан Қазақстан армиясы кез келген сын-қатерге дайын болуы қажет. Бұл – заманауи әрі кәсіби әскерге қойылатын басты талап. Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – Қазақстан. Елімізді, жерімізді, азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды қорғау – баршамызға ортақ қасиетті парыз»
Президенттің пікірінше, біздің әскеріміз кәсіби деңгейі жоғары, ұтқыр және ең күрделі жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайын болуы қажет.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 364
"https://www.youtube.com/embed/VjwkjnIyB8s?si=LL2WGTI4sKvBSVBj"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 379
https://www.youtube.com/embed/S_oN-u41bCY?si=DcorZzjKpQaZsZWe"
Ерекше қазба жұмыстарымен израильдік археологтар әлемді таң қалдырды. Олар ежелгі Давид қаласының аумағында жартасқа қашалған арналардың желісін тапты. Ол қазіргі Иерусалимнің сыртындағы Храм тауының оңтүстігінде орналасқан.
Тізеге дейінгі каналдар бір-бірінен он метр қашықтықта екі топ болып орналасқан. Бірінші жиынтықта 5 арна, екінші жиынтықта 7 арна бар. Олар әртүрлі тәсілдермен кесіліп, әсем безендірілген. Бірақ, қондырғылар бір-біріне қатты ұқсайды.
ИФТАХ ШАЛЕВ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
«Бұл канал жүйелерінің қандай мақсатта жасалғандығын біз әзірге білмейміз. Израильде де, әлемнің басқа елдерінде де аналогтары жоқ. Тек, арықтардың жасы біздің дәуірімізге дейінгі 9 ғасырдың аяғына жататынын білеміз. Олар шамамен 2800 жыл бұрын Иерусалимнің бірінші храм дәуірінде салынған».
Археологтардың болжауынша, бұл арналар – кез-келген мереке немесе құрбандық шалу алдында мал сою үшін пайдаланылған. Бұл жағдайда медициналық сараптамалар да жасалды, бірақ еш нәтиже жоқ. Ғалымдар ақылдаса келе «каналдар ағынды суларды бұрмаған» деген қорытындыға келген.
Дей тұрғанмен, сарапшылар тағы бір нұсқаны алға тартты. Арналар кез-келген өнімді сіңдіретін ванна ретінде қызмет еткен болуы мүмкін. Сондай-ақ, олар киімді шайып, кептірген. Бұл нұсқа әлі нақтыланбады. Дегенмен ғалымдар, қалай болғанда да, бұл арналар көне қала тұрғындары үшін маңызды рөл атқарды деп есептейді. Себебі, жүйелер су көзінің жанында жасалған және өнеркәсіп дамыған, халық тығыз орналасқан қала аймағында орналасқан.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 371
https://www.youtube.com/embed/fARPXwJgt90?si=m1BVRPgKkYxED9xA"
Егде жастағы Пәкістан елінің азаматы Чампа мен оның ұлдары жарты жылдан бері жаңа үйлерде тұрып келе жатыр. Сыртқы бейнесіне қарғанда қарапайым көрінгенімен, бұл дизайнның артында үлкен инновациялық технология жатыр.
Былтыр Пәкістанда жойқын су тасқыны болған еді. Бұл жердегі ауыл тұрғындарының үйі саманнан жасалған. Сол себепті, тасқын кезінде үйлерді су шайып кетіп, Чампа отбасымен баспанасыз қалған.
ЧАМПА БАЙ ВИШРАМ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Біздің үйіміз осы жерде болған, бірақ оны су шайып кетті. Барлығы құлап, үйіндіге айналды».
Чампа мен оның ұлдарына жаңа үй салуға Пәкістанның қайырымдылық ұйымы көмектескен. Бұл ұйымның негізін қалушы Пәкістанның алғашқы сәулетшісі – Ясмин Лари. Ол нөсер жаңбырға, желге және су тасқынына төтеп бере алатын үй жасап шығарған.Бұл үйдің қабырғасы бамбуктан жасалынған. Бамбук ағаштары жоғары көтеріп тұрған іргетасқа бекітіледі. Содан кейін, қабырғалары саз балшық және әкпен сыланады. Олардың ерекшелігі – су өткізбеуінде. Төбелері сабан және брезентпен жабылған. Бұндай құрылыстың құны – 100 доллардан аз.
ЯСМИН ЛАРИ СӘУЛЕТШІ:«Бұрын адамдар сапалы, жақсы үйлер салған. Мен тек олардың жасағанынан өз тәжірибем арқылы табиғи апаттарға төзімді, жайлы үйлер жасау үшін аздап өзгертемін».
Чампа жақында болған тағы бір су тасқынынан аман қалды. Оның жаңа үйінің еш жері бұзылмаған.
ЧАМПА БАЙ ВИШРАМ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Мен өте қуаныштымын. Үйіміз керемет. «Құлап кетеді» деп қорықпаймыз. Ол кез келген жаңбырға да, дауылға да төтеп бере алатынына сенімдімін. Мен дән ризамын».
Әрине, бұндай үйлерге арасында сыни пікір білдіретін сыншылар да бар.
НОМАН АХМЕД ПРОФЕССОР: «Мүмкін мұндай үй ауылдық жерлерге қолайлы шығар. Бірақ оның қала маңы мен қалаларға қолайлы болуы екі талай. Тағы бір кемшілігі - мұндай үй тек 1 қабатты ғана болуы мүмкін».
Дегенмен, қайырымдылық ұйымы қазірдің өзінде осындай үйдің 55 мыңын салып қойған. Оның 4500-і былтырғы су тасқынынан кейін салынған. Алдағы уақытта, барлығы 350 мың отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 402
https://www.youtube.com/embed/8-kG8LRf9OI?si=okM7-iXEzX6Gzzzo"
Алматы қаласының білім басқармасы,қоғамға қажетті салаға мамандарды бейімдеуге мән беріп келеді. Өйткені,заман талабы осындай.Озық технологияларды игеруге де,жағдай жасалуда.
Шахарда орналасқан Полиграфиялық колледж қабырғасында саланың ілгері басуына негізделген маңызды бағдарламалар жүзеге асып келеді.Өйткені,күн санап өзгеріп отыратын заманда, жаңаша көзқараспен көштен қалмау қажетті. Әлемнің жетекші елдерімен тығыз қарым-қатынас орната білген колледж ұжымы,бұл жолы Шанхай техникалық университетімен бірлескен шараларды іске асыруда.Аталмыш оқу ордасымен екі жақты меморандумға қол қойды.
БИЛАЛДИН АХМЕТОВ АПК ДИРЕКТОРЫ:
Полиграфия саласына қызығып отырған жастардың қатары көп. Өйткені білім шаңырағына түсіп жатқандар жыл санап артып отыр. Қытайдың жаңа технологиясын енгізу арқылы,білікті кадрларды даярлау дұрыс жолға қойылмақ.
ВАН ДАҢ ШАНХАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҰСТАЗЫ:
«Біздің келу мақсатымыз,екі оқу ордасы бірігіп,полиграфия саласына білікті техниктерді дайындау. Біз 2015 жылдан бері екі жақты жұмыстарды бастаған болатынбыз.Бұйырса алда,талай тың дүниелерді жүзеге асырамыз ба деген ойымыз бар».
Жастарды қажетті мамандыққа бейімдеу,ұстаздарға тікелей байланысты.Шетелдің озық университеттерімен тәжірибие алмасу кезек күттірмейтін мәселе.
БИЛАЛДИН АХМЕТОВ АПК ДИРЕКТОРЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 425
https://www.youtube.com/embed/Da1MSCqrbW8?si=LTdHrXQvjQT-QRXN"
Қазақ әдебиетіне аты алтын әріптермен жазылған,қабырғалы қаламгер Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойы қасиетті мекен Қаратал өңірінде аталып өтті. Көрнекті қаламгерге деген халқының ыстық ықыласының куәсі болып қайттық.
Аттан аттың несі артық,адымдап басқан ізі артық, Ерден ердің несі артық халқына жаққан ісі артық деген тегеурінді теңеу кемеңгер тұлға Кемел Тоқаевқа арналғандай. Тұлғасын дәріптеуге, ғасыр толтырған мерейтойға еңкейген қарттан еңбектеген балаға дейін жиылғаны осыны аңғартып тұр. Бұл күні Кемеңгер тұлғаның әруағына арналып құран бағышталды. Бата беріліп, естеліктер де айтылды.
БЕЙБІТ ИСАБАЕВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
«Дана халқымыз «жақсы адам – ел ырысы, жақсы сөз – жан тынысы» дейді. Кемел Тоқаевтың бейнесі шұғылалы да, ұстамды адами болмысымен шырайлы да сүбегейлі шығармаларымен ел-жұртының жадында мәңгі ұялап қалды. Өлмейтұғын артына сөз қалдырған деп хәкім Абай айтпақшы Талдықорған және Үштөбе қалаларындағы көшелерге Кемел тоқаевтың есімі берілді. Елімізді классик жазушымыздың құрметіне әдеби байқаулар тұрақты өткізіліп келеді».
Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қордың ұйымдастыруымен детектив жанрында құқық тақырыбында қалам тартып жүрген отандық авторлардың шығармаларын қолдау және насихаттау мақсатында Кемел қаламгер атты Республикалық шығармашылық байқау жарияланған болатын. Мерекелік шарада үздік деп танылған жеңімпаздар марапатталды.
ДАРХАН РАЗБАЙҰЛЫ ЖУРНАЛИСТ
НҰРЛАН ОРАЗАЛИН АҚЫН,ДРАМАТУРГ: «Сөз дейтін өнер халықпен бірге жасасып келе жатқан,халықтың ұлы тарихын арғы бергі бастан өткерген кезеңдерін біздің қазақ қана емес жалпы әлем, адамзат баласы сөздің қағазға түскен бағасымен өлшейді. Кемел Тоқаев ағамыз тірі болса 100 ге келетін еді бүгін. 100 ге келіп әлемді билеп отырған қаншама тұлғалар бар. Кемел Тоқаевтың бүгінгі рухына бағыштып мына Жетісудың төрінде,Ескелді бидің сөзі аспанын кезіп жүрген өлкеде осындай бір жиынның өтіп жатқаны бұл халықтың сөзге деген ықылас пейілін әдебиетке деген пейілін аңғартады».
СМАҒҰЛ ЕЛУБАЙ ЖАЗУШЫ: «Бүгін Үштөбенің Жаңаталап ауылында халқымызға белгілі жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына арналған ас беріліп жатыр ағайын. Бұл дүниеде аруақты ұлықтаудан артық нәрсе жоқ. Халқымыз сондықтанда әруақ разы болғай дейді. Кемел Тоқаев жазушы ретінде қазақ әдебиетінде детектив жанрының негізін салған,жаңашыл реформашыл жазушы болды. Оның шығармалары әлі есімізде».
Сонымен бірге жауырыны жер иіскемеген әр мемлекеттен келген палуандар белдесіп жиылған жұртты бір көтеріп тастаса,аттың дүбірі құлағына келсе делебесі қозар қазақ үшін бәйгенің орны бөлек. Аузымен құс тістейтін жүйріктер бабы мен бағын қатар сынаған аламан бәйгеде өзгелерден арқан бойы озып, Алматы облысының Талхиз атты арғымағы мен, Жетісу облысының Жұмыртұяқ жүйрігі үзеңгі қағысып мәреге қатар келді. Әділ шешім қабылданып қор атынан екеуіне де бірінші орын беріп, қымбат көліктің кілтін табыстады. Осылайша кемеңгер тұлғаның туған жеріне серпіліс беріп,өскелең ұрпаққа рухани өсу әкелетін, әдебиет әлемінде жаңа есімдердің қалыптасуына ықпал еткен мерейтой мерекелік ән шашумен жалғасты.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 368
https://www.youtube.com/embed/FlrK4CDmT-Q?si=947-dfBUPmwA_KQm"
Ақмола облысы өңірінде ерекше қажеттілігі бар 3 мыңнан астам бала тіркелген. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде 333 мүгедектігі бар бүлдіршін тізімде тұр. ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде республикада жеке секторды тарта отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін сыйымдылығы аз үйлерді ашу жөніндегі пилоттық жоба басталды. Оның аясында Көкшетауда мүгедек балаларға арналған 15 орындық орталық ашылды.
Мұнда психоневрологиялық аурулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Бұл жерде ұл-қыздар 8 сағат уақытын өткізеді. Осы мерзімде оларға 3 мезгіл тамақтандыру, дефектолог, логопед, психолог және тағы басқа да сабақтар ұйымдастыру қарастырылған.
ГҮЛҚАМЫС ҚЫЗЫРОВА КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Менің балам 6 жаста. Ол ДЦП дертіне шалдыққан. Мұндай орталық ашылғанына қуанып жатырмыз. Алғысым шексіз. Бұл орталық балаларымыз үшін өте маңызды».
АЗАМАТ БІРЖАНОВ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Көкшетау қаласында осындай 16 орталық ашылып отыр. Оның басты мақсаты – ерекше күтімді қажет ететін жас жеткіншектерге көмек жасау. Қазіргі таңда Көкшетау қаласында басталып отырған басты жоба. Атап айтатын болсақ, 7865 мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Оның 884 жеткіншек. Әрине, мемлекет тарапынан басқа да комек жасалып отыр. Бірақ мына әлеуметтік кодексінің жаңашылдығының бірі осындай сыйымдылығы аз үйді ашу біздің басты мақсатымыз болып отыр».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 387
https://www.youtube.com/embed/Z7iPecV_FvQ?si=oR1wGJICj3sznhLj"
Алматыда ДНҚ сараптамасын жасатуға сұраныс көбейген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында генетик-дәрігер, генетикалық зертхананың қызметкері Мадина Элиасова айтты.Дәрігер генетик атап өткендей, ДНҚ-ның бірегейлігі оны криминалистикада қолдануға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда бұл тұлғаны анықтаудың ең дәл шығатын нақты әдісі. Бұл әдіс сот практикасында әкесін анықтау үшін қолданылады.Сонымен қатар, отбасына опасыздық жасауды анықтауға келетіндер көбейген.
МАДИНА ЭЛИАСОВА ГЕНЕТИК -ДӘРІГЕР:«Отбасына опасыздық жасауды анықтау тесттері де кеңінен танымал. Ол үшін биоматериалдардың үлгілерін, мысалы, тіндерді беру керек. Зерттеуші генетиктерге әкесін анықтау мақсатында да жүгінеді. Бұл әдіс сот тәртібінде жиі қолданылады»
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 437
https://www.youtube.com/embed/QrQoI2Pq8LY?si=89jwubDHKZ0WXmCQ"
Маңғыстауда су тұшыту зауытының құрылысы басталды. Шөлді аймақтағы күн тәртібінен түспей тұрған проблема өте өзекті. Егер жаңа зауыт іске қосылса, Жаңаөзен халқы кестемен емес, үздіксіз тіршілік нәрімен қамтылатын болады.
Қуаттылығы тәулігіне 50 мың текше метр болатын Тоқмақ жерінде теңіз суын тұшыту зауытын салу Жаңаөзен қаласы халқының ауыз суға деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазір мұнайлы шаһардағы тұрғындар Еділ суын Қиғаш өзені арқылы «Астрахан-Маңғышлақ» құбырынан алып, тұтынады. Бұл Атырау және Маңғыстау облыстарындағы бірқатар елді мекеннің халқы үшін судың жалғыз орталықтандырылған көзі. Су тұтыну көлемі халық санының өсуіне және жаңа кәсіпорындардың пайда болуына байланысты жылдан-жылға артып отыр.
МАҒЗҰМ МЫРЗАҒАЛИЕВ «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: «Бұл жоба екі кезеңнен тұрады. Біріншісі, жаңа инфақұрылым салу.Осы жерден Жаңаөзен қаласына дейін су құбыры тартылады.Оған Жаңаөзен қаласында орналасқан сервистік мекемелерді тартатын боламыз.Келесі жылдың желтоқсан айы және 2025 жылдың бірінші жарты жылдығында көрсеткішке шығады деп сенімдіміз».
Су тұшыту зауытының құрылысы өңір үшін жүздеген жаңа жұмыс орынын қалыптастырады. Құрылыс кезеңінде 240-тан астам адам, ал зауыт жұмысын бастаған соң 100-ден астам тұрғын жұмыспен қамтамасыз етіледі.
НҰРЛАН НОҒАЕВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Маңғыстау облысының дамуының, өзекті бір мәселелерінің бірі. Бұл өз кезегінде жылыжайларды дамытуға және малшаруашлығын дамытуға екі жерден су алуға мүмкіншілік болады. Сонымен қатар Астрахан-Маңғышлақ су құбырынан алып отырған су көлемімен бірге тәулігіне 50 мың текше метр су берілсе, Жаңаөзен қаласының тұтынушыларын және басқада елдімекендерді қамтамасыз етуге үлкен мүмкіншілік болады.
Жаңа зауыт іске қосылған күннен бастап өңірдің әлеуметтік даму саласында стратегиялық маңыздығы жоғары болатыны сөзсіз. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың соңына дейін аяқтап, 2025 жылдың көктемінде зауытты жобалық қуатқа шығару жоспарға енгізіліпті.
Еще материалы
- Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады
- Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті
- Тоқаев Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті қабылдады
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
Страница 186 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.