
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 638
https://www.youtube.com/embed/u5tQ--R22QI?si=asleWCia_Hy-_jOA"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 598
https://www.youtube.com/embed/aUk154Ih1T4?si=XTflkgcYzwOmPd-l"
Үндістанның оңтүстігіндегі Андхра-Прадеш штатында екі жолаушы пойызы соқтығысып салдарынан 14 адам қаза тапты.
Вишакхапатнамнан Раягадаға бара жатқан жолаушы поезді әуе кабелінің үзілуіне байланысты тоқтап қалған. Бір бағытта бет алған келесі жолаушы экспрессі оған жетіп соқтығысқан. Салдарынан тоқтап тұрған пойыздың екі вагоны рельстен шығып кетіп, ондаған адам жарақат алды.
БИСВАДЖИТ САХУ - ТЕМІР ЖОЛ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: «Зардап шеккен 50 адамның 29-ы әлі ауруханада. Қалғандары үйлеріне шығарылды».
Темір жол министрлігі алдын ала тергеуден кейін апатқа адам қателігі себеп болғанын айтты. Бағдаршамның жасыл түсі жанған кезде бірінші пойыздың машинисті қозғалысты бастамаған. Еске салайық, бірнеше ай бұрын Үндістанда ауыр апат орын алып, онда 300-ге жуық адам қаза тапқан еді. Үндістанның теміржол желісі дүние жүзінде төртінші орында. Соған қарамастан инфрақұрылым өте ескі. Қазір ол жаңартылуда. Жөндеу жұмыстарына 30 миллиард доллар бөлінген.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 570
https://www.youtube.com/embed/nuD6tIFZMTM?si=O3QZxrb-6iWuPUXU"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Франция президенті Эмманюэль Макронды Ақордада резиденциясында қарсы алды. Мәртебелі мейманның сапарына орай салтанатты рәсімдер залында Құрмет қарауыл сап түзеп, оның бастығы Мемлекеттер басшыларына баянат берді.
Осыдан кейін Президенттік оркестр екі елдің әнұранын орындады. Артынша екі елдің басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Президент мырза, біз үшін бүгін үлкен оқиға. Сіздің сапарыңызды бәріміз құптаймыз. Менің шақыруымды қабыл алып, Қазақстанға ресми сапармен келгеніңіз үшін алғыс айтамын. Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастық жақсы дамып келе жатыр. Дегенмен екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беру керек. Сондықтан сіздің сапарыңызды тарихи, өте маңызды деп айтуға болады. Бүгінгі келіссөздер нәтижелі болатынына сенімдімін. Оған ешқандай күмәнім жоқ».
Мемлекет басшысы Франция Қазақстанның Еуропа Одағындағы басты және сенімді серіктесі, сондай-ақ ел экономикасының ірі инвесторының бірі екенін атап өтті.Өз кезегінде Эмманюэль Макрон Қазақстан мен Франция арасындағы байланыстарға жоғары баға берді.
ЭММАНЮЭЛЬ МАКРОН ФРАНЦИЯ ПРЕЗИДЕНТІ: «Президент мырза, ресми сапармен келуге шақырғаныңыз үшін алғыс айтамын. Астанаға келіп, Сізбен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Осы сапарды ұйымдастырғаныңызға ризашылығымды білдіремін. Бұл сапар біздің екіжақты серіктестігіміз үшін маңызды жылмен тұспа-тұс келіп отыр. Бүгін біз өзекті халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасып, БҰҰ Жарғысын, соның ішінде аумақтық тұтастық, ұлттық тәуелсіздік қағидаттарын сақтауға бейілді екенімізді тағы да нақтылай аламыз. Сонымен қатар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылаймыз. Біз экономикалық тұрғыдан серіктес елдерміз. Сондай-ақ Қазақстан мен Франция арасындағы экономикалық-стратегиялық әріптестігімізді одан әрі дамыта түсетін маңызды келісімдерге қол қоямыз. Сізбен жүздесіп, ортақ күн тәртібін талқылау мүмкіндігі туғаны үшін қуаныштымын».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 597
https://www.youtube.com/embed/81Z9evjbkuo?si=7NGEIMUZ2kqC08Lc"
Бүгінде зейнеткерлерге қоңырау шалып, өздерін туыстары ретінде таныстыратын алаяқтардың саны азаймай тұр. Қаскөйлердің басым бөлігі жол-көлік оқиғасына тап болғанын айтып, проблемаларын шешу үшін қомақты қаражат сұрайды. Петропавлдың 78 жастағы тұрғыны да дәл осындай жағдайға тап болған. Полицейлер зейнеткердің 1 млн теңгесін жымқырған алаяқты ұстады. Оған қатысты сот отырысы өтті.
Зейнеткерге қызының жол-көлік оқиғасына тап болғаны туралы қоңырау 24 тамыз күні келіп түскен. Телефон тұтқасынан көмек сұраған қызының дауысын естігенде егде жастағы әйел бірден абдырап қалған. Кейін оған өзін прокурормын деп таныстырған әйел заңмен байланысты проблема туындағанын, оны шешу үшін қомақты қаржы керегін айтады.
СВЕТЛАНА ЛУНЕВА ЖӘБІРЛЕНУШІ: «Анашым мен жол-көлік оқиғасына түстім. Қабырғаларым сынды. Енді зардап шеккен тарап мені сотқа бергісі келеді» – деді. Менде олар сұраған қаражат болмады. Бар жиған-тергенімді берейін деп шештім. Олар курьер келетінін, тұтқаны қоймауымды сұрады».
Зейнеткер өзінің алданғанын тек таңертең қызына қоңырау шалған кезде түсінген. Сосын бірден полиция қызметкерлеріне қоңырау шалған. Күдікті курьер Александр Житаев бірден қолға түсті. 34 жастағы Петропавл тұрғыны бұл жұмысты телеграмм месенджерінен тапқанын, қаражатты басқа адамға аударғанын айтып, өз кінәсін мойындап отыр. Күдікті бұдан бөлек тағы бірнеше зейнеткерді сан соқтырған.
АЗАМАТ ҚАРАПОВ ҚОРҒАУШЫ: Айыпталушы бұған дейін сотталмаған. Ешбір органда есепте тұрған жоқ. Өз кінәсін толығымен мойындап отыр. Жасаған ісіне өкінеді. Сондықтан үкім шығарар кезде аталған фактілерді ескіруіңізді сұраймыз».
Сот Александр Житаевты орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтей отырып, төрт жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты. Зардап шеккендерге келтірілген шығынды толығымен өтейді. Еске сала кетейік, егде жастағы адамдар алаяқтардың мұндай қақпанына жиі түсіп қалып жатады. Жыл басынан бері елде 15 мыңнан астам интернет-қылмыс тіркелген.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 577
https://www.youtube.com/embed/gtqohhQpNQM?si=nXh8s7adffcGbc3V"
31 жастағы Ауғандық Маджида Пәкістанда дүниеге келген, күйеуі және алты баласымен Карачиде тұрады. Соңғы жағдайларға байланысты күйеуі қамауға алынудан қорқып, үйден шықпай отыр. Пәкістан үкіметі барлық заңсыз босқындар Ауғанстанға оралуы керек деп мәлімдеді. Мерзімі бірнеше күннен кейін аяқталады. Сосын адамдарды депортациялауға уәде берілген. Маджиданың отбасында уақытша тұруға арналған құжаттары болса да, оның туыстары бірнеше рет ұсталған.
МАДЖИДА АЗИЗУЛЛА - ПӘКІСТАНДА ТҰРАТЫН АУҒАНДЫҚ ӘЙЕЛ: «Күйеуім үйден шығуға қорқады. Бірнеше күн бұрын мен ауырып қалдым. Үйімнің жанындағы базарда қажетті дәрі-дәрмек жоқ еді. Бірақ ол, дәріхананы іздеуге бармады».
Пәкістанда төрт миллионға жуық ауған босқыны тұрады. Шамамен бір миллион 700 мыңы құжатсыз.Олардың барлығы кетуі керек. Алайда, кейбірі ата-бабаларының туған жерінде ешқашан болмаған.
МҰХАММЕД РАХИМ - АУҒАН БОСҚЫНЫ «Егер бұйрық болмаса, мен өмірімде ол жаққа бармас едім, өйткені мен жергілікті тілді білмеймін. Біз онда өмір сүруге үйренбегенбіз. Менің бүкіл өмірім осы жерде өтті, балаларым осында туылды».
Ауғанстандық босқындардың бірінші толқыны Пәкістанға 1979 жылы Ауған соғысы басталғанда келген. Жақында Ауғанстандағы билікті Ресейде және басқа елдерде тыйым салынған «Талибан» тобы басып алғаннан бері жаңа ағын ағылды. Қыркүйек айының соңынан қазан айының соңына дейін 60 мыңға жуық ауғандық отанына оралды. Көптеген адамдар мұны өз бетімен жасағанды жөн көрді, өйткені депортацияға байланысты мәселелер туындауы мүмкін. Ресми құжаттары мен жұмысқа рұқсаты бар ауғандықтар қала алады. Сонымен бірге Пәкістан билігі жалған құжат сатып алмақ болғандарды жазалауға уәде беріп отыр. Пәкістан ауғандықтарды осы жылдың басында жанкешті жарылыстарды ұйымдастырды деп айыптап, елден шығаратынын жариялады. Исламабад оларды контрабандамен айналысты деп те айыптады.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 603
https://www.youtube.com/embed/BOSTs6gDgfU?si=ootu1_CQ0IujWPsM"
Сондай-ақ бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон екі мемлекеттің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
Мемлекет басшысы Франция Президентінің Астанаға алғашқы сапары екіжақты қарым-қатынасты дамытуға тың серпін беретінін және көпжақты ынтымақтастықты мүлде жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік жасайтынын атап өтті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Франция бұған дейін ел экономикасына шамамен 18,7 миллиард долларға жуық инвестиция салған. Энергетика, құрылыс, аэроғарыш, фармацевтика, тау-кен және химия өнеркәсібі, машина жасау салаларында бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет басшысы Эмманюэль Макронның өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға қосқан жеке үлесін ерекше атап өтіп, екі ел халықтарының игілігі жолындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға Қазақстанның дайын екенін жеткізді.Келіссөз барысында тараптар жасыл энергетика, логистика, транзит, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, цифрландыру және білім беру салаларындағы алдағы ықпалдастықтың басым бағыттарын айқындады.Мемлекет басшысы мәдени байланыстарды дамытуға ерекше назар аударып, француз мәдениеті мен тілін Қазақстанда ілгерілету қажет екенін айтты.Екіжақты келіссөздерден кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макрон бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Франция – Қазақстанның ең ірі сауда серіктесінің бірі. Биылғы сегіз ай ішінде сауда-саттық көлемі өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға өсті. Яғни 2,7 миллиард долларға жетті. Сондай-ақ Франция негізгі шетелдік инвесторларымыздың қатарына кіреді. Соңғы 15 жылда Франциядан Қазақстанға 18,7 миллиард долларға жуық инвестиция тартылды. Бүгінде біз энергетика, атом өнеркәсібі, тау-кен, химия, машина жасау, құрылыс заттарын өндіру, аэроғарыш және фармацевтика салаларында маңызды жобаларды жүзеге асырып келеміз. Елімізде Alstom, Total Energies, Orano, Vicat сияқты 170-тен астам француз компаниясының табысты жұмыс істеуі – соның айқын дәлелі».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 609
https://www.youtube.com/embed/4Vx0I6G78lQ?si=mC55J3HzxbeGGbqZ"
Алматыда су таситын көлік жүргізушісі жолда жанып жатқан көлікті сөндіріп, жарылыстың алдын алды. Қалалық төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, оқиға 31 қазан күні түскі сағат бірлер шамасында Үлкен Алматы айналма жолында болған. Ведомство өкілдері өрт сөндірушілер келгенге дейін отқа оранған көлікті сөндіруге кіріскен Мағжан Қалихановты марапатқа ұсынбақшы.
ГҮЛДАНА НҰРЫМБЕТОВА АЛМАТЫ ТЖД АҒА ИНЖЕНЕРІ

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 578
https://www.youtube.com/embed/y8diiWaPaNY?si=RxRm5cWNbsthn4WO"
Он алты ата-ана құқықтарынан айырылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлайды. Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылық фактісінің куәсі болсаңыз үндемей қалмаңыз! Полиция қызметкерлері халықтан балаларға тиісті әр істі бей-жай қалдырмауларын сұрайды. Бүгінде елімізде мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттырып, түрлі тәртіп бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейдтік шара жүріп жатыр. Нәтижесінде, жасөспірімдерге қатысты 250-ге жуық құқық бұзушылық анықталған. Әсіресе, оқушылар арасында ішімдік ішетіндер көп. Бір аптаның ішінде мас күйде болудың 64, жол жүрісі қағидасын бұзудың 3,5 мың фактісі тіркелген. Түнгі уақытта көшеде жүретіндер де тиылар емес. Олардың ата-аналарына айыппұл салынып, 92 жасөспірім уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды.
ҚАЙСАР СҰЛТАНБАЕВ ҚР ІІМ ӘПК ТӨРАҒАСЫ: «Егер сіз кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылық фактілері туралы білсеңіз немесе сіз бала болсаңыз және өзіңізге қатысты зорлық-зомбылық орын алса – үндемей қалмаңыз! Сіз полицияға 102 немесе 111 нөмірлері бойынша хабарласуыңыз керек. Көрсетілген телефондар арқылы сіз тәулік бойы ақпараттық, консультациялық, психологиялық көмек пен қолдау ала аласыз. Біз отбасы мен балалардың қорғаушысы болуымыз керек. Есіңізде болсын, бөтен бала болмайды, егер сіз бүгін бейтаныс балаға көмектесіп, қорғасаңыз, ертең сіздің де балаңызға біреу көмектеседі».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 616
https://www.youtube.com/embed/5ZPewQEP0ac?si=wy9YAyUw8lck6Svq"
Әрбір жұмысшының еңбегі қорғалу керек! Кеншілер кешке үйіне аман-есен оралатынын білуі керек. Қазіргідей «аман» келсе деп алаңдамай ертеңгі күнге сеніммен қарайтындай жағдай жасау шарт. Осылай деген мәжіліс депутаттары Үкіметтен еңбек қауіпсіздігіне қатысты бақылауды күшейтуді талап етті. Ірі кәсіпорындарды тексеруге салынған мараторийді алып тастау қажет деп санайды. Мәжіліс отырысынан толығарық алдағы бейнематериалда.
Бүгін депутаттар Қарағанды облысында қаза тапқан кеншілерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «28 қазанда Костенко атындағы шахтада апат салдарынан 46 адам көз жұмды. Бұл - тұтас халқымыз үшін үлкен қасірет. Мемлекет басшысының бастамасымен 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болды. Барлық депутаттың атынан қайтыс болған кеншілердің отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын».
Күллі қазақ халқын дүр сілкіндірген бұл апат компания басшылығы өз қызметкерлерінің өміріне салғырттықпен қарағанының нәтижесінде болды. Осылай деген депутаттар мынадай дерекпен бөлісті. Кеншілер адал еңбек, маңдай термен ауыр қызметте жүріп мардымсыз жалақы алып отырса, бұл уақытта Арселлор Миталл жылына 200 млрд теңгеден астам табыс тауып оның басым бөлігін шет елге шығарып отырған. Мұндай бассыздықты тоқтату керек деген олар, ірі бизнесті тексеруге арналған мараторийді алып тастауды талап етті.
АРМАН ҚАЛЫҚОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Біз кәсіпорынның жеткілікті ақша таба алатынын көріп отырмыз. Көмір өнеркәсібінде 30 жылдық тәжірибесі бар қызметкер ретінде қарағандылықтарды сабырлыққа шақырғым келеді. Бізде осы жылдар ішінде тікелей инвестор бола алатын, әлеуметтік жауаптылығы бар кәсіпкерлер саны жеткілікті дәрежеде өсті. Осы трагедиядан кейін басқаша болуы мүмкін емес. Біз осы кәсіпорынды өз бетінше дамыту үшін өзіміздің кәсіби кадрларымыз жеткілікті деп санаймыз».
Айтпақшы бүгін депутаттар республикалық бджет туралы заңды бекітті. Алайда, олар мемлекет қазынасының ақшасының оңды-солды қажет емес дүниелерге шашылғанын ашық айтып сынады. Ашынғаннан емес, жанымыздың ашығанын айтамыз деген олар, елдегі бар проблеманы көтерді.
ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Қазір бірде-бір мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы қалмады. Өзін әлеуметтік мемлекет деп таныған ел үшін – бұл нонсенс. Дәл бүгін үй кезегінде 650 мың адам тұр. Бұл дегеніміз шамамен 2 млн отбасының мүшелері пәтер жалдап жүр деген сөз. Оның ішінде, олардың үштен бірінің қаржы жинау мүмкіндігі мүлдем жоқ, яғни тапқан табысы тамағынан артылмайды. Жылына 9 мыңға жетер-жетпес қана әлеуметтік бағыттағы үй салынады. Ал бір жылда кезекке 50 мың адам тұрады. Бұл қандай саясат, бұл нендей менеджмент? Әріптестер, үй болмай, күй болмас».
Депутаттар табысы тамағынан артылмайтын, несиеге белшесінен батқан халықты құтқару үшін «қарызсыз қоғам» жобасын жалғастырып, заңсыз иемденген қаражаттарды тезірек қайтаруға және қолда бар ақшаны аса қырағылықпен тиімді пайдалануға күш салу керектігін айтты.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 660
https://www.youtube.com/embed/De_zm5zuABk?si=0lNakUAdRXnTbaNt"
Еліміздің ертеңі балаларымызды көзіміздің қарашығындай сақтап,қолдау мен қорған таныту қоғамдық мәселе. Қорлық көмей тұлға болып қалыптасуы үшін қоршаған ортаның маңызы өте зор. Толығырақ келесі бейне материалға назар аударсақ.
Бүлдіршіндердің тыныш ұйқысы мен риясыз күлкісі әр отбасы үшін де,мемлекет үшін де басты құндылық. Ол үшін қоғамдық мекемелер тарапынан атқарылып жатқан шаруалар да аз емес. Мәселен 2015 жылы тұсауын кескен балабақшада бүгінгі таңда 180 бала тәрбиеленіп тұлға болып қалыптасып келе жатыр. Үміт артқан балаларымызды қорғау әрқайсысымыздың басты борышымыз дейді балабақша басшысы.
СӘУЛЕ ЕРЖАНОВА АЛЬТАИР БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: «Осы мекемеде балаларымызды жинап білім,тәрбие беріп жатырмыз. Бүгін кезекті ертеңгілігіміз. Күзге арналған. Ата-аналар келіп қуанып жатыр. Ата-аналарымыздың қуанышына қарап,балаларымыздың қуанышына қарап, бізде қуанып жатырмыз. Егерде білім бұлағын осы жастан бастап берсек онда біздің жетістіктеріміз жақсы болады деп ойлаймын».
Балабақша бағдарламасына Логопед,психолог,тәрбиеші мамандары біріге отырып арнайы жұмыстар жүргізеді.
СӘУЛЕ ЕРЖАНОВА АЛЬТАИР БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: «Әр мереке мейрамдарымызды өткіземіз міндетті түрде. Өйткені балалардың миларына қалыптастыру керек. Отанға деген сүйіспеншіліктерін,бір-біріне деген достығын арттыру осы жастан басталады. Жалпы баланың біліміне қарай қандай жолға түскені дұрыс,мысалы шығрмашылық па,әлде баланың қабілетіне қарай бөлінеді. Соған қарай ата-анаға біз көмектесеміз».
Шара соңында балақайлар марапатталып,жүздерінде қуаныш реңі ойнап шаттанып қалды.Қоғамнан қорлық емес қошемет көрген бүлдіршіндердің жүректерінде мейірім,отанға деген сүйінпеншілік орнайтынын әр қоғам мүшесі ескеруі тиіс.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 660
https://www.youtube.com/embed/3-LvTjl4NsE?si=mE3BCSnLgUzxWuoS"
Ақтау қаласының 9-шы өндірістік аймағындағы нөмірі 38-ші жер учаскесінде заңсыз жүргізілген құрылыс нысаны бұзылды. Жауапты мамандар жиналып, арнайы техникалармен қиратылды. Тағы қанша нысан заңсыз салынған?Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Ақтау шаһарындағы 9-шы өндірістік аймақ, №38-жер учаскесіндегі заңсыз құрылыс сүріліп тасталды. Бұған дейін облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы бұл ғимаратқа жоспардан тыс тексеріс жүргізген. Нәтижесінде кәсіпкердің рұқсат құжаттарын рәсімдемегені, эскизі келісілмегені, жұмыс жобасының сақталмағаны анықталған. Осыған сәйкес басқарма әкімшілік шара қабылдап, құрылысты тоқтату бойынша нұсқама берген. Алайда кәсіпкер, мұның ешбірін ескермепті.
ДӘУРЕН ӨТЕПҚАЛИ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Алайда кәсіпкер тарапынан бізбен берілген, қолданылған құқықтық актілерді елеген жоқ. Сол себепті біз өз бетімен салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзу деп сот органдарына талап, арыз жолдадық. Соттың шешімі заңды күшіне енді. Бірінші сатыдағы сот шешімімен, содан кейін аппеляциялық сотта да қаралды. Қазіргі таңда біздер атқару парағын жүргізіп жатырмыз».
Соттың шешімі заңды күшіне енді. Нысанды мәжбүрлеп бұзу туралы шешім де шығарылды. Осыған орай, жауапты органдар заңсыз құрылысты жермен жексен етуге кірісті.
БЕГАЛЫ ТҰРДЫБАЙ АҚТАУ АУМАҚТЫҚ СОТ АКТІЛЕРІН ОРЫНДАУ БӨЛІМІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК СОТ ОРЫНДАУШЫСЫ: «Біздің өндірісімізде МО экономикалық соттың шешімі бар. Яғни, 6 сәуір 2023 жылғы сот шешімі заңды күшіне енген. Заңды күшіне еніп, борышкерге хабарлама таныстырылған. Құрылыс обьектілері заңсыз деп танылған Сот шешімімен. Өзіне, ерікті түрде орындалу хабарлама жіберді. Алайда, борышкер бүгінгі таңда өз еркімен орындаған жоқ. Сол себепті уәкілетті органдардың қатысуымен, сот шешімін орындау барысында құрылыс обьектісі мәжбүрлі бұзылуда».
Ақтау қаласында заңсыз салынған тағы 28 құрылыс бар. Басқарма барлығына әкімшілік шара қабылдап, нұсқама берген. Бүгінде 26 нысанға қатысты шешім шыққан. Оның 21 заңды күшіне енген.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 576
https://www.youtube.com/embed/x3m49npt4vY?si=aXFnfshE0yIRTT0t"
Еще материалы
Страница 193 из 234
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.