- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 140
https://www.youtube.com/embed/SPf1C99NB4M?si=flDYOQZ1fE-J1Jx8"
Тарихқа айппен емес, байыппен қарау керек. Тарих деген өткенмен кектесу үшін емес, болашақпен беттесу үшін де керек. Осылай деген Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі қалам ұстағандарды өткенге сыйластықпен қарауға, Қазақ арыстарын бір-біріне қарсы қоймауға шақырды. Тарихшылар зерттеу жұмыстарын да ар алдында адал атқарып, халық ертеңі үшін дұрыс жасауы керек дейді.
ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Тұлғалар туралы сөз қозғағанда әдептен озбайық. Ірілерімізді алаламайық. Барымызды бағалайық. Өркениет мәдениеттен басталады. Алаш арыстарының көбі қайда жерленгені белгісіз. Тіпті ұлт ұстазы Ахаңның қайда жатқанын білмейміз. Жақында Алматы іргесінде Жаңалық ауылында 160 адамның сүйегіне зерттеу жүргізіп, генетикалық талдау арқылы 50 адам дерегі анықтылды. Қаражат бөлінсе, Ахмет Байтұрсынлв, Ілияс Жансүгіров туралы деректер нақтылатын еді».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 188
https://www.youtube.com/embed/XKzi8zw-tkM?si=zQ42kvrMR2aLGm63"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 196
https://www.youtube.com/embed/MzJOurJqkk8?si=qeyUV5X9SxcNVaz0"
Заң баршаға ортақ. БҚО-да ауылдық округ әкіміне темекі тұқылын жерге тастағаны үшін хаттама толтырылды. Бұл туралы әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында айтылды. Сонымен қатар Бөкейордасы, Казталов және Тасқала аудандары әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік іс материалдары қаралды.
Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында Бөкейордасы ауданы Сайқын ауылдық округі әкімі Шыңғыс Абдуллинге қатысты іс қаралды. Оған темір жол станциясында қоқыс жәшігінен тыс жерге темекі тұқылын лақтырғаны үшін хаттама толтырылған.
САМАТ ИСКАЛИЕВ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Сондай-ақ,Казталов ауданы Бостандық ауылдық округінің әкімі Сакауов Есбол Ерболұлына көлікке масаң күйде отырғаны үшін қатаң сөгіс түріндегі жаза тағайындалды. Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Саягүл Мәулетқызы Галиеваның күйеу баласы 5 жасар ұлын көлік тізгіндетіп, таспаға түсірген. Онымен қоймай бейнежазбаны әлеуметтік желіге жүктеген.
МҰРАТ БАЙСАЛОВ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ
Қоғамға үлгі болу үшін әдептілікті алдымен өзіңнен бастауың шарт.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 203
https://www.youtube.com/embed/jr__iLRIWAs?si=3O6xZMXeHKdAxO1I"
15-мамыр халықаралық отбасы күніне орай Қызылорда облыстық Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында су тасқынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді. Тасқыннан зардап шеккендерге 30 тонна азық-түлік, тұрмыстық қажетті заттар, көрпе-төсек тиелген жүк көлігі жолға шықты. Сонымен қатар ондағы тұрғындардың сұранысы бойынша бесікте жөнетілді.Гуманитарлық көмекті жинауға қаладағы барлық мекемелер мен тұрғындар атсалысқан.Жүк көлігі Ырғыз ауданындағы тұрғындарға үлестіріліп берілмек.
ҚАЛАМҚАС КАРИМОВА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ХАТШЫСЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 177
https://www.youtube.com/embed/tnkkdra2Xps?si=Ypftk22TI4Mh5-Sv"
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан Былғары зауыты кентінде 234 үй су астында қалды. Қазіргі уақытта олардың 77-сі әлі де апатты аймақта тұр. Қалған үйлерде қайта қалпына келтіру жұмыстары басталып кеткен. Мұндағы жөндеу жұмыстарына Жамбыл, Шал ақын және Есіл ауданынан келген 15 бригада жауапкершілік пен жұмыс жасауда.
Былғары зауыты кентінде қазіргі уақытта барлығы 180 үйге техникалық бақылау жүргізілген. Оның ішінде 86 үй апатты деп танылды. 64 баспананың мүлкі арнайы комиссиямен бағаланған. Ықшам аудандағы 85 үйді қайта қалпына келтіруге Жамбыл ауданының бригадасы жауапты.
РУСЛАН АЮПОВ СҚО ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Әр бригада жеті адамнан құрылған. Өзімізбен бірге барлық қажетті құрал-жабдықтар мен 8 техникамызды алып келдік. Қазіргі уақытта 6 үйдің жөндеу жұмысына кірістік. Үйлерді судан кептіріп жатырмыз. Кейін баспаналарды қайта қалпына келтіру жұмыстарына кірісеміз»
Аталмыш аймақтағы 23 үй қайта қалпына келтірліп жатыр. Аудандардан келген мехбригадалар тек үйлерді жөндеумен ғана емес, ықшам ауданды қоқыстан тазарту жұмыстарымен де айналысады. Былғары кентіндегі Ирина Юркованың үйі толықтай су астында қалған.Техникалық бақылау жүргізіліп, жөндеу жұмыстарына 5,5 млн теңге бөлініпті.
ИРИНА ЮРКОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ «Біз бұл үйде 17 жыл тұрдық.Өзіміз салып едік. 2017 жылы тек біздің бақшамызды ғана су басты. Биыл үйіміз толық су астында қалды. Қазір Жамбыл ауданыаын келген мамандар барлық заттарымызды сыртқа шығарып, үйімізді кептіріп жатыр. Барлық жөндеу жұмыстары біздің қадағалауымызбен жүргізілуде. Жолдасымның денсаулығы нашар. Ал ұлым күні бойы жұмыста. Жұмысшыларға үлкен рахмет. Барлық жұмысты істеп беріп жатыр».
Ойқала ықшам ауданында және Былғары кентінде 26 үй мен 7 пәтерге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Ықшам аудандар мен ауылдарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін 800-ден астам жұмысшы мен 400 техника жұмылдырылған.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 251
https://www.youtube.com/embed/hMRbD6tys-8?si=eBo68TlQLBMcKhAL"
Халықаралық Отбасы күніне орай Алматыдағы. «Бақытты отбасы» орталығының ұжымы «Отбасым – бақыт мекенім» атты арнайы шара өткізген болатын.
ЭЛЬМИРА МОЛДАБЕКОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КОРДИНАТОРЫ: «Отбасы — қоғам бірлігі. Әрбір бақытты отбасы — мемлекетіміздің гүлденіп жатқандығының айқын бейнесі. Біздің орталықтың басты мақсаты да осы. Әр отбасының бақытты болуы және көпбалалы аналардың қоғамға енуі».
Отбасы мен оның маңыздылығына бағытталған жиынға білікті мамандар мен кеңесшілер қатысып, тың ақпараттармен бөлісті. Дөңгелек үстелде ананың қоғамдағы, отбасындағы рөлі мен маңыздылығына қатысты тың тақырыптар көтерілді.
ЛЯЗЗАТ АЛИМХАНҚЫЗЫ «FREEDOM FINANCE LIFE» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 235
https://www.youtube.com/embed/tTLeJOvjPJU?si=1YKmwCiXLhMVaIhB"
Мопед жүргізушілерінің назарына! Егер, сіз осы шағын қозғалтқышты көлік құралын тізгіндесеңіз, енді заң қатаяды. Көлемі 50 текше сантиметрден төмен мопедтер автокөлік құралына жатқызылады. Олар тіркеуден өтіп, мемлекеттік нөмірді алуы қажет. Бүгін Мәжіліс «жол жүрісі туралы» заңды қабылдады. Одан бөлек, отырыста депутаттар жастарға 5 пайызбен үй беру мәселесін де көтерді.
Жол жүрісі туралы ереже өзгереді. Енді бұдан былай жүргізуші куәлігін арнайы автомектепте оқымасаңыз ала алмайсыз. Оның өзінде кез келген кәсіпкер өз бетінше автомектеп аша алмайды. Арнайы білім беру ұйымдары ғана оқытатын болады және жүргізу емтиханына өз бетінше дайындалуға да тыйым салынады. Бір сөзбен айтқанда, талап күшейді. Ал, жүргізуші куәлігі жоқ, жол ережесін бұзғандар болса 7 жылға дейін құжат ала алмайды. Сондай-ақ, мопед тізгіндейтіндерге де талап қатайды.
ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Жүргізушілердің А,Б, С санаттағылар А1 санаты автоматты түрде беріледі. Оларға «қозғалтқышы бар» велосипед ұғымы беріледі. Жаяу жүргіншілер жолағымен және тротуарларда жүруге тиым салынады. Техникалық байқаудан өткізу күшейтіледі. Жұмыс беру тәртібіне енгізіледі».
Жастарға арналған тиімді тұрғын-үй бағдарламасының жоғын депутаттар сынады. Салдарынан олар шет ел асады. Оның үстіне үй бағасы жыл өткен сайын қымбаттап, ал айлық өзгеріссіз қалуда дейді. Сондықтан, Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жастарға 5 пайызбен ипотека беруді ұсынды.
ДӘУЛЕТ МҰҚАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Шындыққа тура қарасақ, баспанаға қаржы жинаудан, қымбатшылық қыспаққа алып күнкөріс мәселелі алдыңғы орынға шықты. Бұл бір. Екіншіден, елде жастарға арналған тиімді мемлекеттік бағдарлама жоқ. Елде тиімді бағдарламаның жоқтығынан жастар баспана алу үшін шетел асып жұмыс істеуге мәжбүр. Келмей қалып қойып жатқаны қаншама. Бұл елімізде дарынды, талантты жастардың азаюына алып келіп жатыр. Жастардың тиімді баспана алуына жағдай жасау және кемі 10%-дық бастапқы жарнамен өздері тұрып жатқан баспанасын сатып алуға мүмкіндік беру мәселелесін қарастыруды қайта сұраймын. Пайыздық мөлшерлемесі де 5%-дан аспауы тиіс. Немесе жалдамалы пәтерде тұру мерзімін ұзарту керек».
Ал, енді бір топ депутат ақша үшін ардан аттайтындарды сынады.Балалардың жазғы лагерьін бизнеске айналдырып, пайда таппақ болған кәсіпкерерді қатал жазаға тарту керек дейді. Демалып, жаңа оқу жылына күш жинап келуі керек балалар сапаға сай келмейтін жерде уақытын өткізіп, бұзылып келеді.Осылай деген Елнұр Бейсенбаев бұл мәселеге үкіметтің араласуын сұрайды.
ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Балалар лагерьі мүлдем жетіспеді. Барларының өзі 10 пайызды ғана қамтиды. Оның ішінде де сапалысы аз. Пандемиядан кейін 30 пайыз нарықтан кетті. Балалардың жазғы демалысын қамутдағы статистика көкейге қонбайды. Жергілікті әкімдер мектеп жанындағыны лагерь дейді. Ол жөнсіз. Ол тек 5-6 сағат уақыт өткізетін орын. Оның үстіне лагерьлердің басым көпшілігі Кеңес кезінде салынған, әбден тозығы жеткен. Сондықтан, заманауй киіз үйлер, кемпинг, шатырлар енгізуді тәжірбиеге енгізу қажет».
Бұл аталғандардың қаншалықты жүзеге асатыны ол уақыттың еншісінде.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 194
https://www.youtube.com/embed/5EvNm9TDd5k?si=zBO5nyV7lR3pwSko"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 191
https://www.youtube.com/embed/G7mYYoijbRw?si=ug8jtrp4dUBeTIZ9"
Алматы облысының прокуратурасы түзеу мекемелерінде заңсыздықтарды анықтады. Сотталғандар, ұялы телефондарды пайдалану арқылы онлайн сатып-алуды, кредиттерді рәсімдеп және букмекерлік кеңселер мен онлайн-казино арқылы құмар ойындарға қатысқан.Түрмедегі ақша айналымы 3 млрд теңгеден асқан. №10-шы мекеменің сотталғандары, мобильді құрылғыларды қолдана отырып, рұқсат етілген және тыйым салынған заттарды мекеме ішінде сатқан.
АИДА ИМАНАЛИЕВА АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ «Іле аудандық сотының үкімімен осы мекеменің үш қызметкеріне түрлі жазалау шарасы қабылданды. Бұдан басқа, облыс прокуратурасы ҚК-нің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша №12 және №57 мекемелердің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, №57 мекеме бастығына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 180
https://www.youtube.com/embed/71Z2PnmnM_o?si=LdNHios34LBf1gHn"
Бүгін Алматыда «Сауда байланыстары: Жаһандық көпір» атты 13-ші Орталық Азия сауда форумы өз жұмысын бастады. Оған Азия, Еуропа, Таяу Шығыс, Ұлыбритания, АҚШ елдерінің 300-ден астам бизнес басшылары қатысып жатыр.
Форумның мақсаты - Орталық Азия елдері арасындағы сауданы дамыту, одан әрі ілгерлету. Былтыр Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы сауда айналым 7,7 млрд долларға жетті. Алдағы жылдары бұл соманы екі есеге арттыру көзделген.
ҚАЙРАТ ТӨРЕБАЕВ ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «2023 жылы Қазақстанның саудасы Орта Азия мемлекеттерімен 7,7 млрд.доллорын құрады. Енді осы 5-10 жылдың шамасында біз осы сауданы 2 есе өсіруге мақсат қойып отырмыз. Мысалы: Өзбекстанмен 10 млрд доллорға тауар айналым жеткізу, Қырғыстанмен 3 млрд долларға, Тәжікстанмен 2 млрд долларға және т.б мемлекеттермен де осы Орта Азиядағы сауданы дамыту мақсатын қойып отырмыз».
Орталық Азия елдері теңізге шыға алмайтындықтан, аймақішілік сауда үлкен рөл атқарады. Сауда – кез келген елдің экономикалық дамуының негізгі факторларының бірі. Сондықтан форумға қатысушылар қағазсыз сауданы, жұмсақ және дәстүрлі инфрақұрылымды, электронды коммерция сияқты бірқатар мәселені көтерді. Форум аясында Орталық Азия мемлекеттерінің көрмесі ұйымдастырылды. Онда тамақ, жеңіл өнеркәсіп, бау - бақша дақылдары қойылды.
ТАТЬЯНА БАК «САН-БИ АЛТАЙ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ: «Біз Шығыс Қазақстандағы омарта шаруашылығының өнімдерін шығаратын отандық өндіруші компаниямыз. Қазақстан нарығында жүргенімізге 13 жыл болды. Сондай-ақ біздің өнім Қытай мен Біріккен Араб Әмірліктерінде жоғары сұранысқа ие. Балдың алуан түрі бар. Жылына 40-50 тонна бал өндіреміз».
Айта кетейік, Орталық Азия елдері соңғы екі онжылдықта айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізді. Өткен 20 жыл ішінде өңірдің жалпы ішкі өнімі орташа есеппен 6,2 пайызға артып, 347 млрд АҚШ долларына жетті.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 177
https://www.youtube.com/embed/e0NaEMJ_trE?si=W5Rd5S2vYPQbtegB"
Ал, Атырауда су тасқынының салдарын жою үшін жұмыстар қауырт жүргізіліп жатыр. Тасқын кезінде де тұрғындарды газбен қамтамасыз ету бір минутқа да тоқтамаған. Қазіргі уақытта облыс көлемінде қауіпті аймақта орналасқан 63 газ тарату жәшіктері арнайы бөгетпен қоршалды. Оған 6600 текше метр топырақ төселіп, 25 мыңға жуық қапшық орнатылды. Бұл жұмыстарға 11 бірлік техника және мекемеден 108 қызметкер жұмылдырылды деп хабарлайды жауапты мамандар.
ҚҰРМАНБЕК ӨМІРЗАҚОВ «ҚазТрансГазАймақ» АТЫРАУ ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ӨКІЛІ: «Қазіргі уақытта арнайы жасақталған бригадалар қауіпті аймақта орналасқан газ тарату жәшіктеріне бақылау жасауда. Атырауда ТЖ кезінде облыс бойынша газ беру жұмысы тоқтамады. Су деңгейі қауіпті деңгейден асқан кезеңде де газ беру қызметі жұмысын тоқтатпайды».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 178
https://www.youtube.com/embed/uW3lt_3QAms?si=vovxy3eKofpa6tVY"
Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыс саны өткен жылмен салыстырғанда биылғы көрсеткіш бірнеше пайызға өскен. Қылмыстың санын азайту мақсатында Қызылорда облыстық полиция департаменті мен білім басқармасы ауқымды жиын өткізді.
Жасөспірімдер арасындағы және оларға қарсы жасалған қылмыстар қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ата-аналардың баламен байланысының аздығы, оларды өз бетінше қалдырып, бос уақытын қадағаламауы, отбасындағы қолайсыз жағдайлар қылмыс жасау себептері болып отыр.
ІЛИЯС ЖҰМАҒҰЛОВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бойынша да тиісті жұмыстар атқарылуда.Оқушылар мен студенттердің құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
АСҚАРБЕК ЕСЖАНОВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Сонымен қатар, «Жасөспірім», «Балалар түнгі қалада» жедел-профилактикалық шаралары, ұдайы жүргізілуде. Іс-шаралар нәтижесінде 2992 құқық бұзушылық анықталып,қаңғыбастық пен кезбелікке салынған 128 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылса, 640 жасөспірімге әкімшілік хаттама толтырылды. Оқу жылының аяқталуына орай өткізілетін жас түлектердің беймезгіл уақытта жүрмеуі, кортежге шықпауы, отырыстар жасамауы, белгіленбеген жерлерге суға түспеулері бойынша ата-аналар жиналыстарында хаттамалау арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Еще материалы
Страница 53 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.