- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 233
https://www.youtube.com/embed/NII297reESg?si=dDWVFspKA4pDq5x6"
Маңғыстауда кене көбейіп,зардабын түйе шаруашылығына тигізіп отыр. Кененің кесірі бірнеше ботаның өліміне әкелген. Мәселе жайлы алдағы материалда.
Қуаңшылықтың әсері ме,жылдағымен салыстырғанда кене биыл тым көбейіп кеткен.
Шаруалар қолдарынан келгенше қораларды тазалап, түйелердің жүнін қырқып, өз бетінше улап әлек. Алайда, нәтиже шығар емес.
ЕСБОЛ ЕСТҮРЛИЕВ ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ИЕСІ: «Менің шығыным, 5 бота болып отыр. Бәрінің айтатыны осы көк кененің әңгімесі. Үкіметтен көмек болмаса, бізге қиын болып тұр. Бізге тек улап беруіне көмектессе деймін».
Шаруалар малдың жүнін қырқып, жылына бір рет паразитарлық ауруларға қарсы ерітіндіге тоғытулары қажет дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшылары.
БЕРДІБЕК МАРҚАБАЕВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Әр кәсіпкер паразитарлық ауруларды болдырмау жағдайында шараларын алуға міндетті. Ал, біздің тарапымыздан тек қана жұқпалы ауруларды болдырмау бойынша, профилактикалық-диагностикалық іс-шаралардың қызметін атқарамыз».
Сондай-ақ қораларды дезинфекциялау маңызды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 184
https://www.youtube.com/embed/tLwaAd2FXpE?si=jAbGoGXuXb6OidI-"
Реновация бағдарламасы аясында Оралда апатты деп танылған 3 тұрғын үй сүрілмек.Бұл туралы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары мәлімдеді.
Бүгінде Оралда 54 апатты, 310-ға жуық тозығы жеткен тұрғын үй бар. Бағдарлама аясында бұған дейін сүрілген апатты үйлердің орнына жаңасын салу жұмыстары жүріп жатыр.
БАҒДАТ РАФАИЛ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ТКШ, ЖК, ЖӘНЕ АЖ СЕКТОРЫ РЕНОВАЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Апатты үйлерді сүру кезеңінде әртүрлі қиындықтармен күресуге тура келеді.
БАҒДАТ РАФАИЛ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ТКШ, ЖК, ЖӘНЕ АЖ СЕКТОРЫ РЕНОВАЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Айналасы 2 жылға жуық мерзімде жаңа тұрғын үйлер салынады.Молдавская 2/1 мекенжайында орналасқан 2 қабатты 16 пәтерлі үйдің орнына 9 қабатты тұрғын үй бой көтерді. Су жаңа пәтерлер ескі баспана аумағына сай көлемде беріледі.
ҒАЛЫМ АДАЕВ УЧАСКЕ БАСШЫСЫ
Апатты үй тұрғындарына құжаттарын алдын ала дайындап, ертерек қамданғаны абзал дейді мамандар.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 212
https://www.youtube.com/embed/-Xwtu4P0Cy8?si=dFUlTIpdjrjkGMYz"
Бұдан былай есірткі әзірлегендер анықталып, ұсталса өмір бойы бас бостандығынан айырылады. Бүгін Мәжіліс заңға енген осындай өзгерісті мақұлдады. Ресми дерекке сүйенсек, есірткіге еліретіндер қатары азаймай тұр. Тіпті қорқыныштысы, адам ағзасына «күшті әсері бар» медициналық препараттар дәріханаларда жастарға қолжетімді. Бұл заң осындай олқылықтардың алдын алады.
Есірткі өндірушілер жеңіл жолмен табатын ақшаға әбден құныққаны соншалық, жастар санасын улайтын «синтетикалық» есірткіні жаппай өндіруге көшкен. 2019 жылы - 3, 2020-да 8 заңсыз есірткі зертханасы табылып жойылса, былтыр 81 жасырын лаборатория анықталған. Ал, биыл жыл басталғалы 31 жасырын есірткі зертханасы жойылып, онда 1 тонна есірткі жасау өндірісінің жолы кесіліпті, бұл 3 миллион доза және мыңдаған құтқарылған өмір. Енді мұндайларға жаза қатаң. Өмір бойы бас бостандығынан айырылады.
СНЕЖАННА ИМАШЕВА ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«"Трамадол", "тропикамид", "азоттың тотығы", "сомнол", "прегабалин" және тағы сол сияқты медицина препараттарын жасөспірімдер тым көп пайдаланып жатыр. Бұл заттарды есірткіге тәуелді адамдар синтетикалық есірткінің әсерін күшейту үшін пайдаланады, нәтижесінде оларға медициналық емес сұраныс айтарлықтай өсті».
21 ғасырдың дертіне заңды қатайту арқылы ғана тосқауыл бола аламыз дейді мәжілісмендер. Енді жаңа құжатты сенат мақұлдаса, депутаттар есірткі өндіретіндер сап тыйылады деген үмітте. Айтпақшы, бір топ халық қалаулысы су тасқынының алдын алмаған жергілікті шенеуніктерді жауапқа тарту керек дейді.
АБЗАЛ ҚҰСПАН ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Су тасқыны Қазақстан тәуелсіздік алғалы оныншы ірі су тасқынына жатады. Алайда осы кезге де дейін су тасқынының алдын алмағаны немесе салғырттық танытып, жол бергені үшін ешбір жоғары лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылмаған. – Неге жергілікті атқарушы орган? Өйткені, өзен бойындағы су жайылмаларынан жер берген, саяжайларды іс жүзінде тұрғын үйге айналдырған, яғни жарық, газ тартып, азаматтарды тұрақты тіркеуге рұқсат берген, ол Үкімет емес, басқа емес, жергілікті атқарушы орган, яғни әкімдіктер. Ал келтірілген шығындарды өтеу салмағы әркез мемлекет мойнына артылады».
Депутат Нартай Аралбайұлы болса, халықты бос әбігерге салмай, су астында қалған саяжайларға қатысты мәселені біржақты шешу керек дейді. Үкімет өтемақы төлеуде бірізділік жоспары жасау керек деген ұсыныс айтты.
НАРТАЙ АРАЛБАЙҰЛЫ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Су астында қалған үйдің сыз тартатыны, қабырғасы көгеріп, өкпесі күркілдеген көк жөтелге душар қылатыны сараптамасыз –ақ, саналы адам түсінетін дүние. Саяжай дегенің қазақ үшін демалы күндерін өткізетін емес,тұратын тұрақты орынға айналғалы қашан. Соның өтемақысына қатысты мәселе тоқтамай тұр. Бұл өкінішті жағдай. Өйткені, ағынды судың астында қалған саяжай иесіне қанша ақша беріледі немесе қашан қай жерден басқа үй ұсынылады бұл әлі орталықтаныдырлмаған. Ақпарат жұртқа жедел жетуі шарт еді».
Су тасқыны тоқтаған соң, экология қалай болады деген мәжілісмен Мақсат Толықбай халықтың денсаулығына алаңдайды.Сондықтан, тазалық жұмыстарын қазірден бастау маңызды деп отыр.
МАҚСАТ ТОЛЫҚБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Биылғы су тасқынының беті қатты болды. Оны көз көрді. Қазір қарғын судың беті қайтқанымен, қауіп сейілген жоқ. Тіпті, қауіптің көкесі әлі алда. Оның үстіне, тасқын су талай былықтың бетін ашты. Қамсыздықтың кесірінен тал қармауға шамамыз келмей қалды. Тек көңілге медет болатыны, сол баяғы халықтың ауызбірлігі ғана. Енді су кеткен соң осы кенеп қаптарды түгін қалдырмай, түгел жинап алмасақ, экологиялық апатқа тап боламыз. Оның үстіне сай-саладан келген су қаншама күл-қоқыс, қалдық, аң-құс пен малдың өлекселерін ағызып әкетті. Осы жемтіктерді залалсыздандырмасақ, жаңағы мен айтып отырған топалаң құрғыр түрлі дерт пен ауруды таратуы мүмкін. Қайтпек керек?! Қазір ел бойынша "Таза Қазақстан" тазалық айлығы өтіп жатыр. Бірақ осы шара Президент айтқандай; "Әлеуметтік желілердегі әдемі роликтер үшін. жасалатын бір реттік акция емес, күнделікті өмірдің салты болуы шарт" емес пе! Осы науқаншылықты қояйықшы».
Өзге депутаттар да әріптесінің бұл ойын қолдай кетті. Тазалыққа халықты мәжбүрлеп емес, ерікті түрде үйрету керек деген пікірде.
ДӘУЛЕТ МҰҚАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Кейбір пысықайлар көшеде келе жатып, бос бөтелкелерін, темекі қалдықтарын көліктің терезесінен ешбір алаңдамай далаға лақтыра салады. Қоғамда әлі де азаматтарымызда қоқысты арнайы жәшікке тастау мәдениеті қалыптаспай отырғаны жасырын емес. Аптаның бір күнін нақтылап айтсақ әр бейсенбі «Тазалық бейсенбі» деп атап шынайы халықтық шараға айналдырсақ екен деймін. Адамдарды мәжбүрлеп емес, туған жеріне жанашырлықпен ат салысуына жағдай жасайық».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 233
https://www.youtube.com/embed/aqdxJRiNR5U?si=iP3IuY9MsXBcf0Fo"
Үлкен Алматы су каналы әбден тозған. Егер үкімет өзі араласып Алматы мен Алматы облысы маңайындағы су қоймаларын дер арада ретке келтірмесе, жағдай қиын. Осылай деген сенаторлар бүгін Премьер-Министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады. Олар 2030 жылға қарай елімізде таза ауыз суды былай қойғанда ауыл шаруашылығы мен өндіріске су тапшы болады дейді. Егер жаңадан құрылған жауапты министрлік жұмысты бүгіннен бастамаса, ертең бәрі кеш болуы мүмкін.
ЖАНБОЛАТ ЖӨРГЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Алматы облысының өңіріне тұрақты дамуына қауіп төндіретін күрделі мәселелер бар. 1982 -1985 жылы жылдары пайдалануға берілген сәттен бері жөндеу жұмытарын көрмеген Бортағай су қоймасы, Қонаев атындағы үлкен Алматы каналы, Күрте, Қорам, Киікбай каналындағы жағдай жедел араласуды және кешенді жөндеу жұмыстарын талап етуде. Олардың бүгінгі жағдайы нақты тозудың 60 пайызын көрсетіп отыр».
Бұл проблеманы жою үшін ең алдымен су кодексі туралы жаңа заң әзірлеу керек. Онда құрылыс жұмыстарына қаржы бөлініп, кадр мәселесі шешімін табуы тиіс. Одан бөлек, халықтың да сауатын көтеріп, суды үнемдеп пайдаланға үйрету қажет. Әйтпесе, 2030 жылы бір тамшы суға зар болуымыз бек мүмкін дейді сенаторлар.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 242
https://www.youtube.com/embed/2T7IL7T4HYU?si=JtrZsWe9QDk6LbFx"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 241
https://www.youtube.com/embed/D4AG8hcHZwc?si=bU5-18IcookzrDYW"
Алматы облысы Есік қаласында «Патриотизм -рухани жаңғырудың берік іргетасы» атты жас патриоттар академиясының республикалық форумы өтті. Қойнауында тарих тұнған қасиетті мекенде өткен шараға арнамызда барып қайтты.
Өскелең ұрпақты елін,жерін,отанын сүюді бойына сіңіріп тәрбиелеудің маңызы өте жоғары. Бүгінгі шара соның айқын көрінісінің бірі. Қазіргі таңда аталмыш академиядың үш мыңнан астам мүшесі бар. Бұл көрсеткіш бойынша Алматы және Жетісу облыстары филиалдарының үлесі жоғары.
ЖАНАТГҮЛ БУТИМБАЕВА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАС ПАТРИОТТАР АКАДЕМИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ АЛМАТЫ,ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫ ФИЛИАЛДАРЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
Ұлытау,Қарағанды,Абай облысы және Шымкент қаласынан өкілдері,басшылары қатысқан бүгінгі шарада 7 оқушы академия қатарына қабылданып,салтанатты түрде төсбелгімен марапатталды. Жылдан жылға бұл көрсеткіштің саны артып келеді.
ДІЛДӘШ РЫСҚҰЛБЕКҚЫЗЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАС ПАТРИОТТАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 222
https://www.youtube.com/embed/eYvGdGs4kg4?si=rmuzhYp9GheYQcek"
Орал қаласындағы «Венера» саяжайының тұрғындары тентіреп, далада қалды. Сондай ақ, аумақтағы 20-дан астам үйді де су шайған.
Бір айда екі рет су құрсауында қалған «Венера» саяжайында жалпы 300-ден аса үй бар. Соның 22-сі бел ортасынан су астында тұр. Тұрғындардың сөзінше әлі күнге дейін оларға мүлдем өтемақы берілмеген. Тұрмыстық техниканың бәрі жарамсыз күйде. Туысы бары туысқанға, қалғаны эвакуациялық орталықтарда күн көруде
САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ
Бір түнде барлығын күл талқан етіп кеткен қар суының зардабын шеккен тұрғындар, енді жер астынан шыққан судың залалын көруге мәжбүр. Су деңгейі күннен күнге 6-7 см көтерілуде. Халықтың тек бір арманы бар.
САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ
Жан аямай күресіп жатқан қараша қазір қажыған.Биліктегілерден үміт үзбей, өтініштері өтімсіз болмайды деп сенеді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 169
https://www.youtube.com/embed/Z6thXnpASow?si=wpDWuFWZ9ASO2YQr"
Тасқыннан зардап шеккен Солтүстік Қазақстандықтарға қолдау көрсету мақсатында құрылған 159 қоғамдық штаб бар. Тұрғындар біржолғы өтемақы алу, шығынын өтеу мәселесі бойынша кеңеске жүгіне алады.
Мұнда тұрғындармен күн сайын кездесулер ұйымдастырылады. Заңгерлік кеңес айтылып, гуманитарлық көмек көрсетіледі. Жағдай орын алғалы облыста 3,5 мыңға жуық үйді су басып,14 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Мыңға жуық адам уақытша баспаналарда тұрып жатыр.
ИННА ШАНГАРВЕЕВА ТЕПЛИЧНОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Заңгер, адвокаттар келіп, қолдау көрсетіп жатыр. Әсіресе қарт адамдарға құжат жинауға көмек керек. Мамандар өтінішті қайда, қалай жазу керектігін түсіндірді. Кейде өзім де егов арқылы анықтама алғанда қиналамын. Сол сәтте қоғамдық штабтың көмегіне жүгінемін».
Осы күнге дейін тұрғындармен 120-дан астам кездесу ұйымдастырылып, 6 мыңға жуық адамға кеңес берілді.Тұрғындар көбіне бір реттік көмек алу тұрғысынан жүгінеді екен.
АРМАН БЕРДІҒҰЛОВ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ МҮШЕСІ
Зардап шеккен адамдарға барлық тұрғыдан көмек көрсетілу барынша қарқынды жүргізілуде.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 194
https://www.youtube.com/embed/vGNBf8ZRVns?si=jPL_COrdiDZEkVwg"
БАҚ беттерінде бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын жарыса жазып жатыр.Тұрғымбаев 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген бап негізінде қозғалған іс бойынша ұсталған.Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымына аккредитацияланған соң ол Астанаға келіп, қылмыстық іске қатысушы деп танылды.Айта кетейік, Ерлан Тұрғымбаев ҚР Ішкі істер министрлігін 2019 жылдан бастап басқарып келеді.
Ол лауазымынан қаңтар оқиғаларынан соң, 2022 жылы босатылған болатын. Бұдан соң ол жарты жылдай Президенттің кеңесшісі, ал 2023 жылы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының кеңесшісі қызметіне тағайындалған болатын.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 182
https://www.youtube.com/embed/x5dJagQObLA?si=Qc75auYqJO-2DinL"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 222
https://www.youtube.com/embed/bsmJ71qaRgg?si=jEG6hloAl2sI7jZD"
Қазақ телевизиясының ардагері,меншікті рейдерлік басып алудың құрбаны болды.Танымал журналист Ласкер Сейітов Алматы облысы Қарасай ауданынан 1999 жылы жер учаскесін алып,ол жерге су ұңғымасын салған. Бірнеше жылдан бері тіршілік нәрін көршілерімен бірге пайдаланып келген. Алайда, 2023 жылдан бері оның алған жер учаскесінің үстінен тағы бір қожайын пайда болған. Жер комитетінің былығы, зейнеткердің басын дауға қалдырып отыр. БАҚ өкілдерін шақырып әділдік іздеген ол, әріптестерінен көмек сұрауға мәжбүр болған.
ЛАСКЕР СЕЙІТОВ ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНЫҢ АРДАГЕРІ
Баспасөз мәслихаты барысында Ласкер Сейітов заң талаптарына сай жасалған барлық құжаттарын көрсетті. Даулы мәселеге әділ шешім шығарына сенімді. Жанайқайын айтып, Мемлекет басшысының атына да хат жолдаған,енді Жоғарғы сотқа талап-арыз білдірмек ниетте.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 237
https://www.youtube.com/embed/hZAGqsH90vM?si=ZhKvKi--R5aGXEcM"
Алматыда мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Полиция департаменті аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғады.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ: «Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Тергеу жалғасып жатыр».
Еще материалы
Страница 57 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.