- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 617
https://www.youtube.com/embed/jqqChO6L5e4?si=-DPtjM1XDz--fLAg"
Қазпошта жұмысы жанданады. Енді танымал шетелдік интернет дүкендердегі тапсырыстарды Казпошта арқылы алдыртуға болады. Бұл әсіресе, шалғайда орналасқан ағайын үшін қуанышты жаңалық болғалы тұр. Қысқасын айтқанда тауарды маркетплейстерден үйге жеткізу жеңілдейді.
Бүгін Мәжіліс депутаттары «Пошта қызметін жетілдіру» туралы заңға енген өзгерістерді бірінші оқылымда мақұлдады. Толығырақ алдағы бейнематериалда. «Пошта туралы» заң 2016 жылы қабылданған. Бар-жоғы 45 баптан тұратын шағын заң. 2016 жылдан бері бұл заңға өзгеріс енгізілмеген жыл жоқ екен. Жыл сайын енгізілген. Бір жылда бір рет өзгеріс енгізілсе, бір сәрі, алайда жылына бірнеше реттен өзгеріс енгіземіз. Заңның тұрақтылығын қашан қамтамасыз етесіздер? Бұл заңның сапасыз екенінің көрінісі ме? Бұған дейін неге бірден қамтымадық? Тоқсан сайын осы заңды қарап отырамыз ба?» Осылай деген депутат Абзал Құспан пошта туралы заңға биыл бесінші рет өзгеріс енгізілгелі жатқанын айтып, сынады. Ал, өз кезегінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек қазір бәрі тез өзгеріп жатқан заман, сондықтан бұл орынды процесс дейді. Бұл пікірді Казпошта басшысы мақұлдап отыр. «Заңнамаға толықтырулар мен өзгерістер енгізіп, заманға сай ету керек. Өйткені нарықта бәсекелестеріміз көбейіп жатыр. Поштаның аяққа тұрып, беделді болуына қолдау көрсетіп жатқандарыңызға өзімнің және 20 мың пошташының атынан алғыс айтқым келеді. Осы заң бізге стратегия жасауға үлкен көмек береді. Жыл сайын технология өзгеріп жатқандықтан біз жылдамырақ болуымыз керек». Депутаттар келтірген дерекке сенсек, Қазпоштада қазір 3 мың мекеме бар, онда 20 мың адам жұмыс істейді. Олардың ай сайынғы алатын жалақылары 160 мың теңге. Ал, осы ұйымды басқарып отырған басшының айлығы 1 млн 200 мың теңге. Оны Әсел Жанасова жасырмады. Алайда, қатардағы пошташылар үшін 160 мың теңге жеткілікті дейді. Кей елді мекендерде олар тіпті күніне екі сағаттай ғана жұмыс істейді-мыс. Айтпақшы, поштада тек қызмектерлер ғана емес, тиым салынған заттарды анықтайтын иттер де бар. Олардың көмегімен биыл есірткі жіберудің 7 дерегі анықталған. «Біз құқық қорғау органдарымен байланыс орнатқан жалғыз жеткізушінің бірі шығармыз. 2 жылда біз не істедік? Біз бүгінде мұндай мәселе барын түсініп, құқық қорғау органдарына осындай деректерді анықтауға көмектесіп жатырмыз. Біріншіден, біздің қоймаларда және сұрыптау орталықтарында арнайы иттер жұмыс істейді. Олар (есірткіні) анықтайды. Барлық жерде рентген аппараттары қойылған. Биыл біз есірткі салынған 7 деректі анықтап, құқық қорғау органдарына материалдарды бердік. Былтыр 5 дерек тіркелген болатын».
Сонымен депутаттар заңды қабылдамас бұрын Қазпоштаға өңірлерде дәрі-дәрмектерді жеткізу бойынша логистикалық әріптес болуына мүмкіндік беру керек деді. Бұл оператордың инфрақұрылымын сақтап қалуға, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге және болашақта дәрі-дәрмектерді «есікке дейін» жеткізуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Аталған заң бірінші оқылымда мақұлданды. Одан бөлек, мәжіліс отырысында депутаттар қыз алып қашу мәселесін көтерді. «Қыз -тауар да емес, зат та емес» деп қыз өсіріп отырған депуттар дабыл қақты. «Тәрбие мәселесі өзекті. Ол күлетін зат емес. Бәріміз қыз асырап отырмыз. Қыз алып қашу етек алып кеткен жағдай. ХХІ ғасырда әке-шешісімен келіспей, қызбен сөз байласпай, көшеден көрінген адамды салып алу дұрыс емес. Ол тауар емес, зат емес, ол – адам. Мұндай жағдай оның тағдырына әсер етеді. Ал бұл қоғамдағы үлкен дерт. Бұл мәселеге қылмыстық жауапкершілік қарастыру керек. Қарсы болып жүрген мемлекеттік органдарды түсінбеймін. Яғни олар оны қолдап отыр. Қызды сыйлау, қызды құрметтеуді балабақшадан бастап баланың миына құю керек. Себебі қыз – ол болашақ ана. Егер біз болашақ ананы қорғамайтын болсақ, онда мемлекеттік болашағы жоқ деген сөз. Ол күлетін, ойыншыққа айналдыратын дүние емес. Бұл мемлекеттің қауіпсіздігі». Біз дамыған, жетілген, мәдениетті қоғамда тұратын болсақ, мәдениетті болуымыз керек деген депутаттар қазақ жігіттеріне Парламент төрінен үндеу жасады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 551
https://www.youtube.com/embed/kx7ZUVKQR7U?si=F-FE82K5uRWKnbp3"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 556
https://www.youtube.com/embed/F2coYDh4QF0?si=D2p7YUMOKIB8l-GL"
Қазынашылық комитетіне аудит жүргізген Жоғары аудиторлық палата бюджет қаражатын басқару және төлемдерді жүргізу бөлігінде жүйелі кемшіліктерді анықтады. Комитет бюджет кодексінің нормаларын өрескел бұзған. 2021-2023 жылдарды екі жыл бойы қазынашылық комитеттегілер бағалы қағаздарды бастапқыда жоспарланған көлемнен артық шығарып отырған. Қайта республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қаражат қалдығының болжамы оң болған дейді жоғары аудиторлық палата.Нәтижесінде бюджетке келген шығын 124 млрд теңгені құрайды.
АРДАҚ ТЕҢГЕБАЕВ ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТА МҮШЕСІ «Жүргізілген аудит нәтижесінде бюджет қаражатын басқару және төлемдерді жүргізу бөлігінде жүйелі кемшіліктер анықталды. Жобаларды қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде қосалқы мердігерлер үшін мемлекеттік сатып алу шоттарын ашу мемлекеттік кірістер органдары жүргізген тәуекелдерді талдау нәтижелерін үнемі ескере бермейді. Бұл жағдай жобаларға жосықсыз қосалқы мердігерлерге қатысуға жол береді. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу шоттарынан төлемдерді ақшаны түпкілікті алушылардың банк шоттарына аударуды аумақтық қазынашылық органдары олардың тауарларды, жұмысты немесе көрсетілетін қызметтерді өндіруші мәртебесін растамай іске асырған».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 742
https://www.youtube.com/embed/F3qHK7OAt-w?si=Jw-GQBttxPW6wLCp"
Ақтауды үздіксіз ауызсумен қамту үшін тартылып кеткен су каналдарды тереңдету жұмыстары басталды. Егер, аталмыш шаруа жүзеге аспай қалса шаһар тұрғындары тіршілік нәріне биылдағыдай тағыда ауыз суға зар болуы әбден мүмкін. Қазір эксковаторлар канал түбін тереңдетіп жатыр.
Теңіз суының тартылуы бүтін бір қалаға кесірін тигізіп тұр. Биыл ала жаздай судың кестемен берілуіне де басты себеп-Каспийдің кері кетуі. Сол тартылған күйінде қалды. Арнасы толмай тұр. Тіпті қала әкімдігі төтенше жағдай жариялады. Дүрбелең қайталанбауы үшін Маңғыстау атом энергетика комбанитына қарасты су каналдарын тереңдету жұмыстары қолға алынды. Бұл өз кезегінде қаланы тұрақты түрде ауызсу мен ғана емес электр қуатымен де қамтамасыз етуге әсер етеді.
САМАТ ҚЫЛЫШБАЙ, АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ «Қала әкімдігі мен мердігер мекеме арасында келісім-шарт жасақталып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аяқталу мерзімі 2025 жылдың қаңтар айында».
Каналдың жалпы ұзындығы шамамен 560, ал ені орта есеппен 20 метр. Мамандар канал тереңдігін кем дегенде 3 метрге дейін қазуы қажет. Мұның барлығы қытымыр қыста су мұз болып қатып қалмауы үшін жасалуда.
АЛЕКСЕЙ ГАТИН, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ «Қазіргі уақытта жұмыстарды орындау үшін үш экскаватор жұмылдырылған. Олардың біреуі 18 метрлік ұзын жабдықпен жабдықталған. Сонымен қатар технологиялық жолды дайындау үшін стандартты жабдықтары бар техника қолданылуда».
Құрылыс жұмыстарының аяқталу уақыты - 2025 жылдың қаңтар айы. Демек Ақтау қаласында ауыз су мәселесі келер жылдың көктемінде тұрақталады, дейді мамандар.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 607
https://www.youtube.com/embed/eFnL61qpzOU?si=SwpIBI_1RR7DyfhL"
Алматы облысы Кеген ауылының орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш-бюст қойылды. Ескерткіш қою туралы бастаманы 2024 жылдың қаңтар айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген болатын.
Бюсттің ашылу рәсімі Заманбек Нұрқаділов атындағы өнер мектебінің алаңында ұйымдастырылды. Президенттің пәрменінен кейін,Заманбек Нұрқаділовтың құрметіне өнер мектебінің аты берілген еді.Енді міне заманымыздың заңғар азаматына көпшіліктің көптен күткен сәті орын алды. Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, танымал тұлғалар мен қайраткердің отбасы мүшелері қатысты.Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов бюстің ашылу рәсімін орындады.
БЕКЖАН ТҰРЫС ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, АКТЕР
Заманбек Нұрқаділов Алматының алғашқы әкімі болды, сондай-ақ Алматы облысын басқарды, Мәжіліс депутаты және төтенше жағдайлар министрі қызметін атқарды. Халқының шынайы ықыласына бөленген тұлғаны көпшілік сағынады,оның батылдығымен жасаған жақсылығын еш ұмытпайды.Жас ұрпаққа өнеге болсын деген ниетпен туған өлкесінен ескерткіш бюстті ашып отыр.Бюсттің авторлары – мүсінші Айдос Бүркітбаев пен Тимур Нұрмұхаметов.Заманбек Қалабайұлы атындағы өнер мектепбі ауылдық қара домалақтар үшін маңызды өнер ошағы.Мұнда балалар бос уақыттарын ұтымды пайдаланып, өнердің түрлі салаларымен шұғылданатын болады.
ГҮЛНАЗ ЖҰМАШОВА З.НҰРҚАДІЛОВ АТЫНДАҒЫ ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Салтанатты рәсімнен кейін қатысушыларға Нұрқаділовтың өмірі мен қызметі туралы "Тек өзім туралы емес" атты кітабының 300 дана тиражы таратылды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 620
https://www.youtube.com/embed/zOPsculEaAE?si=JyjL7nKEFawcHyqt"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 589
https://www.youtube.com/embed/ULErPIUgizs?si=hPJE3B1yJgr_-hHu"
Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері Қарағанды қаласындағы аудандардың бірінде жұмыс істеген есірткі зертханасын жою бойынша арнайы операция жүргізді. Іс-шара барысында саяжай аумағында ақ түсті ұнтақ тәріздес зат толтырылған 6 ағаш бөшке табылды. Кейінірек бұл бөшкелер BMW X5 көлігіне тиелгені анықталды. Көлікті 39 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны басқарған. Үйге тінту жүргізу барысында 1 тоннадан астам прекурсор және 10 келіден астам дайын есірткі — альфа-PVP тәркіленді.
ҒАЛЫМЖАН БЕКБОЛАТОВ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ; «Жүргізілген арнайы операция нәтижесінде 500мың дозаға жуық синтетикалық есірткі қара нарыққа шығарылуына жол берілмеді. Қылмыстық іске қатысы бар тұлға уақытша ұстау изоляторына қамалды.Тәркіленген заттар бойынша сараптама тағайындалып қосымша тергеу амалдары жүргізілуде».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 529
https://www.youtube.com/embed/2tRcaL3-t-U?si=rnTqaJT25vBWonLR"
Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы қарашада құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып: шекара кеңістігінде 5 785 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушы ұсталды, соның ішінде:17 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды.Осылайша19 шетел азаматымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.
Мемлекеттік шекара арқылы 1 313 заңсыз алып өту деректерінің алды алынды, соның ішінде: 26 – есірткі заттары, 62 – қарулар мен оқ-дәрілер, 35 – діни әдебиетттер, 414 – жалпы сомасы 50 миллион теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары, 644 – жалпы сомасы 3,5 миллиард теңгеден астам халық тұтыну тауарлары,сондай-ақ жалпы сомасы 3 миллиард теңгеден астам шетел валютасы тәркіленген.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 713
https://www.youtube.com/embed/Iy5ITq57GCg?si=8JVn8a50Q3Sf9M7X"
Қазақстандық ғылымның жетістігі. Отандық ғалымдар әзірлеген қатерлі ісікке қарсы препарат сынақтың екі бастапқы кезеңінен де сәтті өтті. Қазақ ғалымдары ойлап тапқан дәрі-дәрмекті бірінші рет қабылдаған он бес онкологиялық науқастың жағдайы бірден тұрақтанып, олардың алтауында ісіктің өсуі тоқтап, ал біреуінде ол тіпті 30%-ға азайыпты. Қазіргі уақытта дәрігерлер препараттың «уыттылығы жоқ» деген анықтамын күтіп отыр, ол расталғаннан кейін дәрінің дозасын арттыратын болады. Бұл туралы үкімет басшысы Олжас Бектеновтің Назарбаев Университетінің ғалымдарымен кездесуінде айтылды.
ДОС САРБАСОВ ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ, NU БИОЛОГИЯ ПРОФЕССОРЫ «Біз қатерлі ісікке қарсы аппаратты 2022-2023 жылдары сынай бастадық, рұқсат құжаттарын алдық. Клиникалық сынақтың 1-ші және 2-ші кезеңдерін өткіздік. Қазір біз жоғары дозаны алуға қол жеткіздік. Сынақтар Қазақ онкология және радиология институтында өтуде. Біз глюкозаны сіңіретін рак клеткаларын жоямыз. Халықаралық патентіміз бар. Бақылау тобында болған 5 пациенттің жағдайын тұрақтандыруға әсер етті. Ісік өскен жоқ, бір науқаста ісік 30%-ға азайды. Істі соңына дейін жеткізіп, 2-3 жыл ішінде жобаны аяқтауымыз керек».
Айтпақшы, отандық ғалымдар жетістігі мұнымен шектелмейді. Жақында елімізде миокард инфарктісі мен жүректің ишемиялық ауруын емдеуге арналған катетерлер шығарылатын болады. Оның Орталық Азияда баламасы жоқ. Осындай хирургтардың тың идеяларын коммерцияландыратын Астанада орталық та ашылмақ. Ол 2025 жылдың ақпанына жоспарлануда.
СЕЙІТЖАН СЫПАБЕКОВ GALAMAT GROUP БАСШЫСЫ «Қазір бізбен 27 емхана жұмыс істеп жатыр. Келесі жылы 40-тан астам жоспарлап отырмыз. Бұл өндірістің экспортын 3 жыл ішінде 7 мемлекетке, осы стендетрді Өзбекстан, Орта Азия, Иран, Моңғолия, Кавказ басқа да көп елдерге экспаорттауға дайынбыз.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 540
https://www.youtube.com/embed/k_kaiTqaG08?si=X0qPrV2VQagdsjdn"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 591
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің базасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалын ресми түрде ашты. Аталған іс-шара Ресей Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында жүзеге асты.
Іс-шараға ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев пен ОмМУ ректоры Сергей Замятин қатысты.
Ресейдегі тұңғыш ашылған қазақстандық жоғары оқу орнының филиалы талапкерлерді 2025 жылдың қыркүйегінен бастап қабылдайды. Қазақстан мен Ресей Үкіметі студенттерді оқыту үшін 200 білім беру грантын бөлуді қарастырған.
ҚазҰУ филиалы «Халықаралық құқық», «Қазақ филологиясы» және «Кеден ісі» сияқты білім беру бағдарламалары бойынша бакалавр біліктілігі бойынша мамандар мен магистранттарды даярлайды. Болашақта қос дипломды білім беру бағдарламасы жүзеге асырылмақ.
Дәрістер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі, сондай-ақ шетелдік ғалымдарды білім беру процесіне тарту көзделіп отыр.
Ресей Федерациясында жетекші қазақстандық ЖОО филиалының ашылуы Еуразиялық интеграция шеңберінде екі елдің ғылыми және білім беру әлеуетін дамытуға және одан әрі ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Бүгінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалдары Түркияның Ыстамбұл және Қырғызстанның Бішкек қалаларында жұмыс істеп тұр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 692
https://www.youtube.com/embed/qEnkt9dheKc?si=1o2BxZDN-KqOMqA_"
Қытайдың танымал жазушысы, қандасымыз, жазушы, аудармашы Ақбар Мәжіттің 70 жылдығына орай Қазақстан Жазушылар Одағы мен «Қонаев Университеті» бірлесіп халықаралық конференция өткізді.
ӨМІРӘЛІ ЖАЛАИРИ ҚОНАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ; «Ақбар Мәжіт деген біздің қандасымыз осы, Қазақстан мен ҚХР-ның арасындағы көпір болып отыр.Бұл кісінің еңбектері бізге белгілі әсіресе Ақсақ құлан, содан кейін ең үлкен еңбегі Мұққали деген үлкен бабамыз болған Шыңғыс ханның оң қолы сол кісі туралы үлкен кітап жазды. Сол себептен ен ол үлкен жазушы 70 жасынитойлап жатырмыз.Ол тойлауға лайықты».
Еске сала кетейік, Акбар Мәжит - ҚХР Жазушылар одағының «Қытай жазушылары» журналының бас редакторы, шығармаларын Қытай тілінде жазады, қазіргі уақытта 28 кітаптың авторы, соның ішінде Абай шығармаларының аудармалары да бар.
Еще материалы
Страница 53 из 248

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.