- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 642
https://www.youtube.com/embed/IWUC-Ri1ZA8?si=jKQaMYLzGPNK_i2C"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 524
https://www.youtube.com/embed/XtDteWkOEZw?si=XyMoSqvXWNF3Y77V"
Айдың күннің аманында Маңғыстаудағы 50-ге жуық отбасы бір аптадан бері ішерге су таппай шөлден кеуіп отыр. Атамекен ауылындағы жұрт құрылыс мекемесі жер астына құбыр төсеу үшін су келіп тұрған желіні кесіп кетті дейді. Салдарынан көпшілік тіршілік нәріне зар болып отыр.
Көшеге құбыр жүргізу үшін қазу жұмыстары барысында техника ауыз судың құбырын кесіп кеткен. Салдарынан тұрғын үйге келетін су көшеге аққан. Мердігер мекеме өз жұмыстарына салғырт қарағандықтан ауыл тұрғындары бір аптадан бері ауыз сусыз отыр.
ЗАМИРА САРБАЕВА, АТАМЕКЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Мінеки дренаж қоямыз деп мына жолдың бәрін қазды. Ол дренаждың бізге не қатысы бар білмейміз. Бетіне шығып тұр қазған трубасының бәрі. Бір метр қылып қазған трубасының бәрі бетінде тұр. Оны не үшін 1 метр қылып қазды трубасы бетінде тұрса. Енді біз не істеуіміз керек. Судың тұрсы мынау. Енді суымыз жоқ бір апта болды сусыз отырмыз».
Құбыр төсеу жұмыстары жер асты суын көлге құю үшін жасалып жатқан шаруа. Бас- аяғы екі шақырымды құрайтын жұмысқа жергілікті бюджеттен 7 млн теңге қаржы бөлінген.
ЕРЛАН ҚАЙНАРОВ, АТАМЕКЕН АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: «Тапсырыс беруші ретінде, осы ауылдық округтың әкімі ретінде тұрғындармен кездесіп, мердігер мекеме мен тұрғындар арасында мен кепіл бола аламын әкім ретінде аптаның соңына дейін орын алған кемшіліктердің барлығы жойылып , мердігер компания тарапынан қалпына келтіру жұмыстары толықтай жүзеге асырылатын болады».
«Бүгін кешке, болмаса ертең максимум бүкіл мына үй жақтарға барып тұрған линия жалғанады. Сосын мына үйлерге су беріледі».
Мәселе көтерілген аумаққа мердігер мекеме өкілі мен ауыл әкімі де келді. Мердігер мекеме құбырды жүргізу жұмыстары аяқталған соң, көше жолдарын да ретке келтіріп береміз деп уәдесін берді. Уәде орындала ма, ол алдағы уақыттың еншісіндегі дүние.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 552
https://www.youtube.com/embed/I4W5tbpneA4?si=oTuDZsggfY6HSg2D"
Әлеуметтік жетімдікті алдын алу,баршаға ортақ міндеттің бірі. Жесірі мен жетімін жылатпаған халқымызда әу бастан айтулы мәселеге ерекше мән берген. Десекте қазіргі қоғамда бұл жағдайдың ақуалы мәз емес. Алматы қаласындағы аналар үйіне барып,ондағы тұрғындармен жүздесіп қайтқан едік.
Бұл Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты аналар үйі.Мұнда тағдырдың тәлкегін көрген нәзік жандылар тұрып жатыр. Әлеуметтік жетімдікті алдын алып,жас аналардың қоғамның қатарына қосылуына септігін тигізіп отырған мемкемеде жанжақты қолдау көрсетіледі.
МАЙГҮЛ ІЛИЯСҚЫЗЫ «АНАЛАР ҮЙІНІҢ» ПСИХОЛОГ МАМАНЫ
Аналар үйінде сала мамандары қолдан келгенше қолдау көрсетеді. Психологиялық зерттеулер жүргізіп,отбасылық жанжалдан опық жеген аналарды демейді.
АЙНҰР СҰЛТАНБЕКҚЫЗЫ
Кезкелген адам үшін денсаулық басты мәселе.Аналар үйіне тұрақты түрде көмек қолын созатын Алматы қалалық №10 емхананың ұжымы бұл жолы да тегін тексеру шараларын жүргізді.
МАҚСАТ ЖОЛБАРЫСҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №10 ЕМХАНАНЫҢ ОТБАСЫЛЫҚ БӨЛІМНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
МАЙГҮЛ ІЛИЯСҚЫЗЫ «АНАЛАР ҮЙІНІҢ» ПСИХОЛОГ МАМАНЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 633
https://www.youtube.com/embed/xQeE9aSWxgM?si=XsgOAj80MXeDV-es"
Ауылдық жерде оқитын оқушылар назарына! Тек ауыл оқушыларына арналған пәндік олимпиада басталды. Білім додасы төрт кезеңнен тұрады, олар қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан айларына жоспарланған. Егер, сіз ауылдық мектепте оқитын болсаңыз, маңызды шараны өткізіп алмаңыз! Бұл өз біліміңді сынап көруге арналған таптырмас мүмкіндік.
СЕРІКЖАН ДАМЫСХАН «ДАРЫН» РҒПО ӘДІСКЕРІ: «Олимпиадаға ауылдық жерлерде орналасқан соңғы екі оқу жылында ауыл мектептерінің 9-11 сыныптарында оқитын барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Олимпиаданың өткен жылғы жеңімпаздары пәндер сәйкестігі бойынша биылғы олимпиаданың республикалық кезеңіне барлық кезеңдерге қатысу шартын сақтай отырып, конкурстан тыс қатыса алады. Қатысу үшін барлық ниет білдірушілер ағымдағы жылдың 4-20 қыркүйек аралығында оқитын мектептерінде компьютер немесе ноутбук арқылы тіркелуге болады».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 578
https://www.youtube.com/embed/uftPMljr8Cs?si=xAPJpiSB1diGr9ob"
Отбасы күніне орай, ақ халатты абзал жандар ашық есік күнін ұйымдастырды.Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Дәрігерлер таңның атысымен емханада тіркеуде тұрған барлық азаматтарды қабылдап, ашық есік күнін өткізді. Тұрғындарға барлық маман аяғынан тік тұрып көмек көрсетті.
ЖАНСАЯ ЕРКІНБЕКҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №10 ЕМХАНАНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ДӘРІГЕРІ
Ұлт саулығы басты мәселе. Емхана мамандары «Oтбасы күні» мерекесінің құрметіне орай, азаматтарды тыңғылықты түрде медициналық тексерулерден өткізіп, тегін кеңес берді. Сондай-ақ ауруды асқындырмай, дер кезінде дәрігерлерге көрінуге шақырды.
МАЙРА ПИЯЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №10 ЕМХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
АЯКӨЗ ЖАНДАРҚҰЛОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 547
https://www.youtube.com/embed/OyeqV9A-UzY?si=tXx6munwHAhEleLr"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 636
https://www.youtube.com/embed/iF8JnEz_hy4?si=2ihrlfQMSagMM5xN"
Арыстанбек Мұхамедиұлының 3,5 миллиард теңгеден асатын нысандары мемлекетке қайтарылып жатыр. Бас прокуратура мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру саласында тексеру жүргізді.Олардың ішінде бұрынғы Мәдениет министрі Мұхамедиұлымен байланысты компанияларға сатылған 3,5 миллиард теңгеден астам сомаға тағы үш объекті мемлекет меншігіне қайтару туралы сот талқылаулары жүріп жатыр.
САЯН ӘБДЕНОВ ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕМИ ӨКІЛІ «Мәселен, 2019 жылы бұрынғы Мәдениет министрі Мұхамедиұлымен үлестес жеке компанияның пайдасына 332 млн теңгеге Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі іске асырылды. Алматы қаласында орналасқан кәсіпорын сатылғанға дейін 662 млн теңгеге бағаланды. Бұл ретте, мүліктік кешеннің нақты нарықтыққұны 1,213 млрд теңгені құрады, сомадағы айырмашылық кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің төмендеуінен көрінді. Алматы қаласы прокуратурасының талап қоюы бойынша сот кәсіпорынды сатып алу-сату шартын жарамсыз деп таныды. Сонымен қатар, Астана мен Алматыда прокурорлардың талап қоюлары бойынша бұрынғы Мәдениет министрі Мұхамедиұлымен байланысты компанияларға бұрын сатылған 3,5 млрд теңгеден астам сомаға тағы үш объектіні мемлекет меншігіне қайтару туралы сот талқылаулары жүруде. Тексеру қорытындысы бойынша Бас прокуратураның ұсынуы бойынша жүйелі кемшіліктер мен олқылықтар үшін мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 35 лауазымды адамы, оның ішінде өңірлік департаменттердің бірінші басшылары жазаланды».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 1112
https://www.youtube.com/embed/Ij9IgGtT7Dk?si=QR_r-VAwpbamMMln"
5 қыркүйек – қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, Тіл білімінің негізін қалаушы, ғалым, ұлт ұстазы- Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.Қайраткердің дүние есігін ашқан күні елімізде – Тілдер күні болып бекітілген.Осыған орай, Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүлшоғы қойылып, республикалық конференция өтті.
Аталған іс-шараға қоғам қайраткерлері, ғалымдар, тілтанушылар, музей қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты.
РАЙХАН ИМАХАМБЕТ, А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ МУЗЕЙ ҮЙІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: «Мемлекеттің бекітуімен – Қазақстан халқының тілдер күні.Осы мереке неге А.Байтұрсынұлының туған күніне орайластырды деп ойлайсыздар? Әлбетте, Ахмет Байтұрсынұлы Қазақ Тіл білімінің атасы, қазақа керек тіл білімі мен ұлттық әдебитанудың негізін салушы болғандықтан, ол кісінің туған күніне арнайы орайластырған осы Тілдер мерекесінің дәстүрлі өтіп келе жатқанына 10 жылдай болады. 01:25\ 01:55 Тілдер мерекесі не үшін керек дегенде осы қазақтың елін ,жерім Отаным деп түрлі ұлыстар тұрып жатса, сол кісілерге ортақ тіл болатын қазақтың ана тілі, қазақтың тілі,мемлекеттік тіл.Мемлекеттік тілдің негіздеушісі ретінде Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың ұлттық жазуын салғандықтан ол кісінің үйінде осы жиынның өтуі үндесімі жарасқан табиғи құбылыс деп қабылдаймын».
Сонымен қатар, аталмыш шарада «Ахмет. Алаш ардақтысы» кітабының тұсауы кесілді.
ӘСИМА РЫСҚҰЛБЕКОВА, АЛМАТЫ КІТАП БАСПАСЫНЫҢ БАСПА БӨЛІМІ БОЙЫНША ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ «Бүгін ұлт ағартушысы, ұлт ардақтысы – Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай 152 жасқа толып отыр.Байтұрсынов музей үйінде керемет іш-шара өтіп жатыр. Біз де Алматы кітап баспасы осы іс-шараға арнайы қатысуға келіп отырмыз.Себібі біз биылғы жылы 00:39\ арнайы Ахмет Байтұрсынұлына арнап «Алаш Ардақтысы» деген кітапты шығарып отырмыз.Бұл кітаптың авторы осы музей меңгрушісі Райхан ханым.Кітаптың мазмұына келер болсақ:Осы уақытқа дейін жарияланбаған Байтұрсыновтың орыс тілінде аударылған өлеңдері енгізілді және еш жерде жарияланбаған мұрағаттық қолжазбалары сонымен қатар тарихи мұрағаттары сақталған Байтұрсыновтың қолжазбалық мұралы енді».
Тіл пәндерін оқытуда балалардың тілді жетік меңгеруіне және тілдік сауаттылығын терең, жан-жақты дамытуына Ахмет Байтұрсынұлының үлесі зор.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 553
https://www.youtube.com/embed/WP1mKiUp_2g?si=yqfTCGDr_WbI1M1L"
Алматыда футболдан баспасөз мәслихаты өтті. Ертең, 6 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы ойынын Алматыдағы Орталық стадионда Норвегияға қарсы өткізеді. Бас бапкер команданың дайындығы туралы айтты.
Баспасөз мәслихатында ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов спортшылардың дайындығы, осыған дейін жарақат алған футболшылардың ойынға қатысу-қатыспауына байланысты пікір білдірді. Сондай-ақ әлем чемпионатының іріктеу ойындарына ілігу керектігін атап өтті.
СТАНИСЛАВ ЧЕРЧЕСОВ ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ «Кез келген спортшының міндеті – максимумға жету. Біз енді С лигасында емес, В лигасындамыз. Мұндағы қарсыластарымыз қағаз жүзінде бізден әлдеқайда күшті. Мұны мойындау керек, бірақ бұл ештеңені білдірмейді. Ертең біз бәрін жаңадан бастаймыз және Ұлттар лигасы арқылы әлем чемпионатының іріктеу ойындарына дайындалу үшін бар күшімізді саламыз. Максимнің жарақаты Рамазанның жарақатынан ауыр. Екеуі де құрамаға келді,жаттығу жасап үлгерді. Жарақатының қандай деңгейде екенін мен нақты айта алмаймын, бүгін кешке дәрігерлер тексеріп, соңғы сөзді сол мамандар айтады. Ойнауға болады десе ертең алаңнан көресіздер».
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Норвегияға қарсы алдағы матч туралы пікір білдіріп, ойыншылардың тактикалық дайындығына тоқталды.
АСХАТ ТАҒЫБЕРГЕН ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ «Ойын тактикасы деген Қазақстан футбол спортшыларының проблемасы шығар деп ойлаймын. Алдыңғы жылдары аз ойнап жүріп нәтиже көрсетіп жүрдік. Ұлттық құраманың ойындары ерекше болды. Біз тек ойынмен емес, жүрекпен ойнаймыз. Алдағы ойындарда жеңіске жетеміз деген сенімдеміз. Әр цикл басталған сайын бізден нәтиже күтпейді».
Бас бапкер ғана ауысты. Ауысқан жоққой көбісі. Бір отбасы ретінде халқымыз, еліміз, жеріміз үшін. Намысын қорғауға тырысамыз.
Бас бапкер журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, қазақ тілін үйреніп жүргендігін мәлімдеді. Ертеңгі ойын, ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовтің жаңа лауызымына келген кездегі алғашқы ойыны болмақ.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 565
https://www.youtube.com/embed/gnEM7kMMdXM?si=tFRwVHaZsvzxNIJg"
Ресторан бизнесі туралы заңға өзгеріс енгізіледі. Бұдан былай дәмханаларда көрсетілген қызмет үшін жалпы соманың 10%-ын алуға тыйым салынуы ықтимал. Тамақтану орындарына қатысты жаңа заңда осындай норма болуы мүмкін екенін айтады сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев. Ал, даяшы көрсеткен қызмет көңіліңізден шықса, өз еркіңізбен шайпұл беруге еш тиым жоқ.
АРМАН ШАҚҚАЛИЕВ ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ: «Бұған дейін жарияланбаған ақпаратты бөлісейін: қазір біз ішкі сауда ережелеріне өзгерістер дайындап жатырмыз. Біздің ойымызша, егер сізге қызметтер ұсынылса, оның құны көрсетілсе, қосымша ақы алынбауы керек. Бұл шайпұл мен әртүрлі жарналарды мәжбүрлеп төлеуге қатысты болып отыр. Бүгінде түбіртекте 10% міндетті атрибут ретінде көрсетілген. Біз атрибут ретінде көрсетілген осы шайпұлды алып тастауды көздейтін өзгерістерді дайындап жатырмыз. Яғни (көрсетілген қызмет үшін алынатын) 10%-ды алып тастаймыз. Егер (түбіртек) қызметтің жалпы сомасы көрсетілсе, сіз неге 2 рет төлеуіңіз керек... Алайда сізге көрсетілген қызмет ұнаса, онда өз еркіңізбен шайпұл төлей аласыз».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 485
https://www.youtube.com/embed/d8Gsx9I7Tcs?si=Zvenuk3fIVsVFzoX"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 547
https://www.youtube.com/embed/JDB-zr4Ht4Y?si=UFjvZxEUdg33U_VI"
Қойнауы мұнай мен көгілдір отынға толы Маңғыстауда көлікке құятын газ тапшы. Жүргізушілердің бекеттердің маңында ұзын-сонар кезекке тұрып, сағаттап күтуден басқа амалы жоқ.
Маңғыстаулық жүргізушілер бір аптадан бері көгілдір отын таппай қиналып жүр. Ұзын-сонар кезекте тұрған көлік иелері қойнауы мұнай мен газға толы өңірде мұндай жағдайға тап боламыз деп ойламадық деп отыр.Жұрт уақыт жоқ заманда шаруасынан қалып, газы бар бекеттердегі кезекке тұруға мәжбүр.
АЗАМАТ БӘЙІМБЕТОВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ Газ жоқ, очередь қырғын. Ақшұқыр жақта да 100-дей машина тұрды кеше. Тұрып-тұрып құя алмай кеттік. Біз жақындағанда бітіп қалды. Кеше Ақшұқырда 3 сағат тұрдым. Міне бүгін мына жақта 1 сағаттан асты.Жұмыстан сұранған жоқпыз, өтірік айтып кеттік қазір келеміз деп. Жұмыстан жібермейдіғо. Мен үшін құйып жүрсің ба деп. Бензин қалта көтермейді.
Ал, жергілікті биліктің өкілдері тапшылыққа көлігі бар туристердің көп келуі мен газбен жабдықталған машинаның артуы себеп дейді.Газ тапшылығы әсіресе Жаңаөзен мен Ақтауда, Мұнайлы, Түпқараған, Маңғыстау аудандарында байқалады.
АБАЙ ЕСТІБАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ Айдың соңына қарай бізге бөлінетін газдың көлемі азайғаннан жолдың бойында тұрған заправкалар сұранысқа байланысты газ азайып, бітіп жатады. Сондықтан автокөлік иелері газ алған заправкаларға жиналып кезек пайда болады.Енді автозаправка иелері зауыттан отгрузкаларын жоспар бойынша алып жатыр. Айдың басында логистикалық сұрақтар бойынша шамалы кідіреді. Бірақ 5-сі, 6-сы күндері реттелу керек.
Жалпы Маңғыстауда көгілдір отынмен жүретін көлік саны 183 мыңнан асады.
Еще материалы
Страница 61 из 243

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.