- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 227
https://www.youtube.com/embed/V8RLOtMW1jU?si=iQl_lf9zvdGWZom1"
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтында Еуропаның жетекші интервенциялық кардиологымен жүрек тамырларының зақымдануының күрделі формалары – сол жақ коронарлық артерия діңі, жүрек тамырларының кальциленген зақымданулары бойынша шеберлік сабағы өтуде.
ҒЗИ-ның мамандарының сөзінше, коронарография жасау кезінде пациенттердің 10-20% - жүрек тамырларының созылмалы окклюзиясы анықталады. Коронарлық артерияның созылмалы окклюзиясында жүрек бұлшық етін қанмен қамтамасыз ететін тамыр толығымен жабылып қалады. Яғни, соның салдарынан жүрек жеткілікті оттегін ала алмайды. Бұл өмір сапасының төмендеуі мен ентігуге алып келеді.
ГҮЛНАРА ЕРМАХАНҚЫЗЫ КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР ҒЗИ-НЫҢ ЕМДЕУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:
«Бүгінгі өтіп жатқан шеберлік-класс соңғы буын ROTA PRO жүрек тамырларын ротаблациялау жүйесін пайдалана отырып өткізілді. Бұл жүйе Қазақстанда алғаш рет қолданылуда. Бұндай жаңашылдық бізге ең күрделі патологиялары бар науқастарды емдеуге көмектеседі. Коронарлық артериялардың кальциленген зақымданулары және созылмалы жалпы окклюзиялары бар пациенттерге тері арқылы коронарлық араласулар жүргізілді. Осы екі күннің ішінде алтыға жуық пациентке ота жасалды. Сондай ақ, шеберлік класықа Алматы қаласының интервенциялық кардиологтары қатысты».
Созылмалы жалпы окклюзиялар мен коронарлық артериялардың кальциленген зақымдануларын емдеудегі жаңа тенденциялар туралы демонстрациялық операциялар мен теориялық сабақтарды өткізумен тәжірибе алмасу мамандарға жаңа жабдықта жұмыс істеуді үйренуге, кәсіби қызметте қажетті дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік береді.
JULIAN STRANGE БРИСТОЛЬ ЖҮРЕК ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ИНТЕРВЕНЦИЯЛЫҚ КАРДИОЛОГЫ:
«Коронарлық артериялардың күрделі және кальциленген зақымдануы коронарлық стенттеу кезінде асқыну қаупін арттыруы мүмкін, сондықтан оңтайлы техника мен құралдарды таңдау бұл процедураның маңызды аспектісі болып табылады. Қазіргі таңда пациенттерге ота жасау үшін ең жақсы мүмкіндіктерді пайдалана алуымыз керек. Сіздермен бірге қол жетімді операцияларды іс тәжірибеде бірге жасадық. Алдымен кальциленген артерияны бұрғылап, содан кейін 6 айдан астам жабылған қоймалық артерияларды аштық. Операция кезінде жылдар бойғы жиналған аурудан біраз асқыну секілді қиындықтар болды. Бірақ, біздің ең басты міндетіміз пациенттер үшін мүмкіндігінше қауіпсіз ота жасау»
Бірнеше жылдық асқыну ауруларына ота жасатқан пациенттермен де тілдестік. Солардың бірі Татьяна Валентиновна. Оған жасалған операцияға төрт сағат уақыт кеткен.
ТАТЬЯНА ВАЛЕНТИНОВНА ЕМДЕЛУШІ:
«2009 жылы маған жүрек-қан тамырларын айналып өту операциясын жасаған болатын. Одан бері өзімді қалыпты сезіндім. Кейін тынысым тарылып, қан қысымым көтерілетін болды. Кейін, осы жерде тексеріле келе маған операция жасаған кезінде үш шунт орнатылғанын білдім. Оның ішінде тек бір шунт жұмыс істейді де, екі шунт бітеліп қалған. Дәрігерім Алексей Колесниковтың арқасында мен қазір өзімді жақсы сезінемін. Бәрі ойдағыдай өтті. Енді үйге шығатын күнімізді күтеміз».
Сонымен қатар, клиниканың рентгенхирургтары орта қақпақшасының ауыр стенозымен 90 жастағы науқасқа TAVI операциясын жасады. Мұндай науқастарға қолқа қақпағын ауыстыру үшін кардиохирургиялық операциялар жасауға болмайды, өйткені олардың кенеттен қайтыс болу қаупі жоғары. TAVI - қолқа қақпағын жасанды биологиялық клапанмен ауыстырудың заманауи, аз инвазивті әдісі. Операциядан кейін науқас өзін жақсы сезінеді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 450
https://www.youtube.com/embed/IdDdsc75GCg?si=Xur9-fUJ3GUEN4-x"
Биыл еліміздің мақтанышы ақын, компазитор Кенен Әзірбаевқа 140 жыл толып отыр. Дара тұлғаның тұғыры жыл өткен сайын биіктеп келеді.Өйткені оның мол мұрасы қазақ өнерінде өміршеңдігімен ерекшеленеді. Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Кенен әнші, ақын, жырау, күйші ретіндегі алуан арналы шығармаларын өзі өмір сүрген заманының жанды шежіресі деуге болады. Ол өз ғұмырында жүзден аса ән шығарған. Сондай-ақ екі жүздей лирикалық, дидактикалық арнаулар мен толғаулардың авторы. Оның репертуарында оңдаған эпикалық жыр-дастан болған.Ол ән мен жырдың кенші атанған Жетісудың ғана емес, исі қазақтың әншілік-күйшілік, ақындық-жыршылық, сал-серілік дәстүрін терең игерген өнер тарланы.Тау тұлғаның 140 жылдығына орай, түрлі кездесулер орын алып,әсерлі әңгімелер айтылуда. Бұл жолғы басқосу Алматы облысы Қарасай ауданында орын алды.Шараға Кенен Әзірбаевтың қызы Төрткен анамызбен,ұлы Бақытжан және өзге де ұрпақтары шақыртылған.
ДИНАГҮЛ ӘБДИЕВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КЕНЕН ӘЗІРБАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ
Кененнің дарын тегеуріні қазақтың ән өнерін әуендік интонациялық жағынан байытып, әннің түр-тұлғасын жаңа биіктерге көтеріп, тақырып аясына тарихи-әлеуметтік тың мазмұн дарытып, соны өрістерге алып шықты. Оның «Бозторғай», « Көкшолақ», «Ой, бұлбұл», «Он алтыншы жыл» сияқты әндері әуендік толымды жаңалықтарына қоса, бітім-құрылысы мен тақырыбы тұрғысынан да өзіндік төл сипатымен дараланады. Шарға арнайы келген эстрада мен классика және дәстүрлі әндерді орындап жүрген жұлдыздар Кенен Әзірбаевтың әндерін шырқады.
БАҚЫТЖАН КЕНЕНҰЛЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 237
https://www.youtube.com/embed/hUkN8w9c7iA?si=hCprg5v0GuM72zG1"
Қоғамда кездесіп жататын дау дамайдың түрі көп. Алайда жанды жаралайтын туыстар арасындағы келіспеушіліктің туындауы өте қиын жағдай. Жақын санаған нағашыларынан жатбауырлық көрдік деген жиендері арнамызға хабарласып шағымдарын білдірген еді. Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Ақ сүт беріп еміренген төл перзенттерінің де,өзін өсіріп жеткізген туыстарының да қамын ойлаған марқұм Салимбаева Бибірамның балаларының айтуынша, аналары табан еті маңдай терімен тірнектеп жүріп сауда орнын ашқан. Алайда марқұм тағдырдың жазуымен дүние салған соң артында қалған сауда орнына нағашылар мен жиендер арасында дау туындаған.
АБЗАЛ САЛИМБАЕВ
Бұған дейін өткен сот отырысына денсаулық жағдайымен қатыса алмадым деген Абзал істі қайта қарауға өтінім берген.
АБЗАЛ САЛИМБАЕВ
МЕРУЕРТ ҚОЙДАРОВА ЗАҢГЕР,ҚОРҒАУШЫ
Мәселеге орай қарсы тараптың пікірін білуге тырыстық. Қолымнан келгенше өтініштерін орындап жатырмын дегенмен, сұқбат беруге келісімін бермеді.
Осылайша біраз уақыттан бері даулы мәселеге айналған жағдай алдағы күндері өтетін сот төрелігінің еншісінде.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 245
https://www.youtube.com/embed/NDn8EDDVD8I?si=BqmUL_7w4lpZOqoG"
Көріпкел ол кешке оянады деді. Бишімбаев Салтанат есін жимаған соң көріпкелге қоңырау шалғанын айтты. Соған сеніп, кешке дейін оянуын күттім дейді. Қоғамдық резонанс тудырған экс-шенеуніктің соты бүгін Астанада қайта жалғасты. Сотта күдіктіден жауап алынды.
Бүгін сотта Бишімбаев Салтанатпен болған соңғы әңгімесі туралы баяндады. Марқұмның қалай соққы алғанын, араларында жанжал неден туындағанын айтты. Күдіктінің нұсқасы бойынша олар сол күні концертке барған. Бірақ, соңына дейін отырмай, екеуі болмашыға сөзге келіп, кетіп қалған. Салтанат киім ілген ілгіштің нөмірін жоғалтып алып, сырт киімін кимей ашуланып далаға шығып кетті. Сондықтан, мен ініме хабарласып Қазақстан концерт залынан оның сырт киімін алып кетуін өтіндім дейді. Содан жанжал ары қарай мейрамханада жалғасты, өзі менің жағамнан алды. Ашуға булыққан мен оны шапалақпен тартып жібергенім рас, алайда қасақана адам өлтірмедім деді.
ҚУАНДЫҚ БИШІМБАЕВ КҮДІКТІ: «Салтанат тепе-теңдігін жоғалтып, дәретханаға қарай құлай бастады. Ол қабырғаға соғылды, ұшып түсті, қабырға оң жақта еді. Құлап бара жатқанда қолымен итеріліп, бетімен дәретханаға құлап түсті. Соққы өте қатты болды, бах еткен дауыс шықты да, дәретханаға беті солқ етіп құлап, одан ары еденге құлап түсті».
Жедел-жәрдем шақыртайын ба деген сауалыма ол жауап бермеді дейді. Айтуынша, сондықтан көріпкелге хабарласқан. Ол кешке қарай оянады деп сендірген. Содан дем алып алуын күттім деп әңгімесін осы сарында жалғасытырып жатқанда жәбірленшуші тарап Салтанаттың ағасының денсаулығы сыр беріп, сот 10 минутқа үзіліс жариялады.Сот отырысы түстен кейін қайта жалғасты. Онда прокурор марқұмның ұялы телефонын да айғақ ретінде пайдалаунды ұсынды. Айта кетейік, экс-министр өз әйелін өлтірді деген күдікпен тергеліп жатыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 250
https://www.youtube.com/embed/V2fmeimUC-Y?si=hWxgMiAHhHt16Eab"
БҚО 12 мың тұрғыны бар Подстепное ауылының жағдайы мәз емес. Елдімекеннің жартысын су алған. Ауылға қатынас қиындаған,қуантарлығы адам шығыны жоқ.
Баспаналарын су басып естері ауған тұрғындар өздеріне келе алмай отыр. Апаттан еш хабарсыз болған олар,бала-шағамызбен әзер шықтық, ешкім көмекке келмеді,-деп шағымдарын жеткізді.
САНДУҒАШ РАХМЕТОВА ПОДСТЕПНОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Орын алған жағдайға байланысты БҚО-да 4 мың адам қауіпсіз аумаққа көшірілген. Оның 2 мыңы - бала. Қазір үйлері суға кеткен тұрғындар ауылдағы колледж жатақханасына орналастырылған.
САҒЫНГҮЛ ҚҰСАЙЫНОВА ПОДСТЕПНОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Қиын қыстауда қалған қараша халыққа дәрігерлер тарапынанда қызметтер көрсетілуде.
АЯГӨЗ АЙБЕКҚЫЗЫ ДӘРІГЕР-ТЕРАПЕВТ
РУСЛАН ҚАДЫРЖАНОВ ТЕРЕКТІ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Елдімекеннің жартысына жайылған су қалған аумаққа қауіп төндірмес үшін тұрғындар өз күштерімен құм толтырылған қапшық төсеп жанталасуда.
САҒИДОЛЛА ИЗДЕЛЕЕВ ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Жағдайды тұрақтандыру үшін 40 техника, 20 мотопомпа, 150 жеке құрам жұмылдырылған. Тасқынның әсерін азайту үшін төтеншеліктер қарғын суды жолдың екінші бетіндегі сайға ағызбақшы болғанымен, Таити ауданы тұрғындарының үйлеріне қауіп төндіре ме деген қауіп туындаған.
ЕЛУБЕК ЖАНҰЗАҚОВ ПОДСТЕПНОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Осылай деп наразылық тудырған тұрғындардың пікіріне мамандардың жауабы мынадай
РАШИД БЛЯЛОВ БҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Өңірде көлік қатынасы қиындаған елдімекендерге азық-түлік тікұшақтың көмегімен жүзеге асырылуда. Жағдай күрделеніп Теректі ауданының Ұзынкөл және Бәйтерек ауданының Махамбет ауылдарында тасқын су басты. Орын алып жатқан қиындықтар қатаң бақылауға алынып отыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 282
https://www.youtube.com/embed/-Z6zUsJy4GU?si=G1hX582JVlB-ACr5"
Көктем келеді. Үкіметтің көп уәдесі көлкіп суға кетеді. Осылай деп үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың жұмысын сынаған депутат Мақсат Толықбаев мемлекет тек үймен ғана қамтымай, зардап шеккендерге жан-жақты көмекті көрсетуі керек дейді. Ал, қорасы мен малының құжаты жоқтар сонда қайтпек деп Премьер-Министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады. Айтпақшы, депутаттар алдағы уақытта да осы өңірлерге қайта барып, жағдайды бақылауда ұстамақ.
МАҚСАТ ТОЛЫҚБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Рас, Мемлекет басшысының: “Ешкім назардан тыс қалмайды, зардап шеккен тұрғындарға түгел көмек көрсетіледі”, – дегені, дертке дауа, көңілге медет. Бірақ комиссия шығынды есептеп, үйлер салынғанша кемі 4-5 ай уақыт кетеді. Осы кезде малмен жан бағып отырған ағайын төрт-түлігін тастап қайда барады? Малы өрісте, өздері аудандағы колледжде жайбарақат жатады дейсіз бе? Ертең ел-жұрттың есін шығаратын тағы бір мәселе бар! Алыстағы ауылдарда суға кеткен кейбір үйлердің әлі күнге дейін құжаты жоқ. Қора-қопсысы мен құлағында сырғасы жоқ малдары туралы айтпай-ақ қояйын. Қазақ ауылдағы қорасына қашан құжат рәсімдетіп еді? Оларды қайтеміз? Далада қала ма? Осы жағын да ойластыру керек».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 219
https://www.youtube.com/embed/Ody0g-BYnNc?si=0XDzDiCxbMsXTAGE"
Су тасқыны туралы Парламентте отырып бос сөз айтудың керегі жоқ. Пленарлық отырыстан кейін мәжілісмендер су алып жатқан өңірлерге аттанып, халықтың хәлін біледі. «Депутаттар елмен бірге»- деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.Бүгін төменгі палата энергетика саласына қатысты заң жобасын қарады. Жаңа құжатқа сәйкес енді энергетика саласы қатаң бақылауға алынатын болды. Делдалдар жойылады. Бірақ, одан электр энергия тарифі арзандап кетеді деген сөз емес. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Парламент бүгін бірқатар заң жобасын жұмысқа алды. Алайда, оның арасында су тасқыны туралы әңгіме жоқ. Елдің әр өңірі тасқын астында қалып жатқанда, қашан осы мәселені талқылаймыз деп депутат Ринат Зайытов төрағадан сұрап еді, бұл сұрақ спикерге еш ұнамай қалғандай.
РИНАТ ЗАЙЫТОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Күн тәртібі бойынша бірден ертеңінде талқылаушы едік, шахтадағы апат бойынша да, су тасқыны бойынша талқылау қашан болады».
ЕРЛАН ҚОШАНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Депутаттық сауалыңыз болса, отырыс соңына жарияласаңыз болады».
Мәжіліс деупататтары энергетикаға қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жаңа құжатқа сәйкес енді энергиямен жабдықтаушы ұйымдар толық жойылады. Бүгінде, нарықта олардың екі түрі жұмыс істеуде. Бірі: реттелген, екіншісі реттелмеген. Сол екіншісі реттелмегендер ойына келген тарифті қойып отырған көрінеді. Нәтижесінде, жылына 1 млрд теңгеге дейін пайда тауып отыр екен. Енді ондай делдалдар толық жойылады. Біріңғай жүйе енгізіледі. Бірақ, одан тариф төмендей ме жоқ па ол жағы белгісіз. Депутаттар бұл заң тозығы жетіп, әбден ескірген жылу электр орталықтарына қандай да пайдасы бола ма деп үміттенеді.
АМАНЖОЛ ӘЛТАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Жақында сіздің министрлік 2032 жылға дейін 26 гигабайттық қуаттылықты енгізу жоспарын жариялады. Онда Көкшетаудағы, Семейдегі және Өскемендегі 3 ЖЭС-тан басқа энергия көздері туралы ақпарат жоқ. Жалпы еліміздегі ЖЭС-тардың алды сіз екеуіміз тумай тұрғанда салынған. Ал негізгі дені екеуіміздің сәби кезімізде салынған ЖЭС-лар. Ыңыршағы ауып, қалтылдап өлгелі тұрған, яғни ескірген әрі тиімсіз ЖЭС-ларды жаңғырту мәселесі қалай қолға алынып жатыр? Жылпы сіздерде ЖЭС-ларын жаңғыртудың стратегиялық жоспары бар ма?»
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жауапты қысқа қайырды. Электр желісін дамытудың схемасын депутаттарға беретінін айтты. Сөзінше, құжатта интерактивті карта бар. Онда барлығы ашық жазылған. Ал, депутат Ерлан Сайыров еліміздегі гидроэлектр станцияларының тағдырына алаңдайды. Олар шет ел инвесторларының иелігіне өтіп кетмей ме деген мәселені көтерді.
ЕРЛАН САЙЫРОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Ақпарат құралдарында Өскемен және Шүлбі ГЭС-терін Самұрық-Қазына қорынан Самұрық-Энерго компаниясына беру жөніндегі шешім шықты. Осыдан үш жыл бұрын Қазақстан мен Катар мемлекетінің бір қоры арасындағы осы ГЭС-терді инвестицияға айырбастау жөніндегі жоба болған. Ол жобаның артында сөйтсек, сол кездегі Ескі Қазақстанның өкілдері тұр екен. Қазір осы Өскемен және Шүлбі Самұрық-Қазына қорынан Самұрық-Энерго компаниясына өткізу сол қадамның жалғасы емес пе? Тағы да сіздер, ақалай-мақалай жасап, халықтың меншігін тағы біреуге өткізгелі жатқан жоқсыздар ма?»
Өз кезегінде министр, алаңдауға еш негіз жоқ деп сендірді. Гидроэлектр станцияларының жеке адамдарға сатылмайтынына кепілдік беремін деді. Ал, Атом электр станциясын салу не салмауға қатысты референдум қашан өтетіні әлі белгісіз. Оны орталық сайлау комиссиясы шешеді деді. Энергетиктердің жалақысы туралы мәселе көтеріліп еді, алайда жалақыны өсіреміз деген сөз болмады. Айтпақшы, депутаттар жарықты ойына келетін бағамен сататын жеке меншік трансформатор иелеріне тосқауыл қоюды сұрап еді. Оған министр, ұрлық фактісі болса, қарауға дайынбыз. Бастысы өз назарыма аламын деп сендірді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 227
https://www.youtube.com/embed/9bi9k_YcxDs?si=RUYbDNn3WfrrUmvY"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларымен кездесу өткізді. Қазақстан Президенті қазіргі уақытта Шанхай ынтымақтастық ұйымының Астанадағы саммитіне дайындық жүріп жатқанын айтып, аталған іс-шараның еліміз үшін мәні зор екеніне назар аударды. Президент ШЫҰ кеңістігіндегі ұжымдық қауіпсіздіктің рөлі артып келе жатқанын ескере отырып, ұйымға мүше елдердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кездесулері айрықша өзекті екенін тілге тиек етті.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Өткен жылы әлемде өңірлік және жергілікті деңгейде 183 қақтығыс болды. Жанжалдардың саны шамамен 30 пайызға артқан. Бұл – соңғы отыз жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Сарапшылар қақтығыстар мен зорлық-зомбылық әрекеттерінің жаһандық циклы белең алып келе жатыр деп санайды. Осы ретте халықаралық терроризмнен де төнетін қауіп күшейіп келеді».
Мемлекет басшысының айтуынша, таяуда көптеген бейбіт тұрғынның өмірін жалмаған Мәскеу облысындағы қайғылы оқиға лаңкестердің зорлық-зомбылықтың ең қатігез әрі зұлым тәсілдерін қолданатынын көрсетті.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Қазақстан лаңкестік әрекетті қатаң айыптайтынын бірден мәлімдеді және Ресеймен бірге екенін білдірді. Екі елдің арнаулы қызметтері терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұдайы байланыста. Мәскеу облысындағы лаңкестік әрекетті бүкіл әлем, соның ішінде бүгін өздеріңіз өкілі ретінде келіп отырған елдер де қатаң айыптады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі кінәлілердің бәрін жауапқа тарту қажет екенін, сондай-ақ терроризммен күрес мәселесінде халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Ең бастысы, болған істен дұрыс қорытынды шығарып, нақты шаралар қабылдау керек. Азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, террорлық қауіп-қатерлерге лайықты төтеп беруге тиіспіз».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 285
https://www.youtube.com/embed/A7k9fMQtAME?si=6uKhiTaeQlACLk-k"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 467
https://www.youtube.com/embed/OGBQ5JK1ZLs?si=ma62-aSB66gvL5x0"
Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды.Осыған орай аталмыш тақырыпты қаузаған форум ұйымдастырылған болатын. Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы жүзеге асырылуда.Аталмыш құжаттың басты мақсаты адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған. Алматыда орын алып отырған форумда соған бағытталып отыр.
Қазіргі жастарда барлығы бар, тек ата мен әженің қарапайым, тәрбиесі жетіспейді.
САЛТАНАТ ҚҰСАЙЫНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ НАУРЫЗБАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
«Ақыл кенін арқалаған аталар мен ақ жаулықты әжелер» форумында бабаларымыздан келе жатқан рухани дәстүрлеріміз, құндылықтарымыз насихатталды. Халқымыздағы әдептілікке бастау болған ырымдар мен тыйымдардың мәні ашып, ата-әжелерден берілетін құндылықтар сөз болды.
АЛИЯ ЕЛЕМАНОВА АЛАМТЫ ҚАЛАЛЫҚ №207 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Білім шаңырағының ауласында «тоғызқұмалақ», «арқан тартыс», «асық ату», «қол күрес» ойындары ұйымдастырылды.Сонымен қатар ұлттық өнермен таныстыру мақсатында шаш өру, құрақ тігу, кесте тігу, тоқыма тоқу, ағашқа сурет салу секілді ұлттық құндылық тақырыбындағы көрме келушілердің назарына ұсынылды.
САНДУҒАШ МҰСАБАЕВА «SEN» ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 193
https://www.youtube.com/embed/PaTwl6DgDg0?si=9fUT25Yqurvtr85s"
Алматы полицейлері адам ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті. Қылмыстық топ мүшелері белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды ұрлап, оларды заңсыз бас бостандығынан айырған. Ол аздай бұл адамдардың атынан қайтарымсыз несие алған. Күдіктілер Алматыдағы жеке тұрғын үйлердің бірінен ұсталды. Алдын ала болжам бойынша келген шығын көлемі 200 млн теңгеден асады.
ШЫҢҒЫС АЛЕКЕШЕВ ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі мен жинақталған дәлелдемелер жиынтығы бойынша күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны, оны басқарып, қатысқаны үшін екі қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық топтың барлық жеті мүшесі ұсталып, қамаққа алынды. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа да ақпарат тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 227
https://www.youtube.com/embed/rDhD5u-DvV4?si=I-oUxl0kDvEqOLuV"
Көлік тіркеуге қатысты заңсыздықтар әлі де анықталып жатыр. Жалған құжат арқылы Еуропадан Қазақстанға 83 жүк көлігін әкелгендер ұсталды. Олар Қостанай облысының тұрғындары. Әбден бармақ басты, көз қысты әрекетке бейімделіп алғандар 2020 жылдан бастап үш жыл бойы Қазақстан аумағына жалған құжатпен еш кедергісіз жүк көліктерін тасып отырған. Салдарынан мемлекетке келген шығын 591 млн теңгені құрады. Бүгінде күдіктілердің бар мүлкі тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеу басталды.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Салық кодексіне сәйкес, шығарылған күні расталған жүк көліктері үшін төленетін сома 2500 АЕК болатын еді, бірақ күдіктілер жалған құжат арқылы 350 АЕК төлеген. Күдіктілердің тұрғылықты жері мен қызметтік үйлеріне тінту кезінде халықаралық жүкқұжаттар, шот-фактуралармен кедендік төлемдерді төлеу түбіртектері, көлік құралдарын сатып алу келісімшарттары, декларациялар анықталып, тәркіленген. Сот санкциясымен жоғарыда аталған көліктерге, сондай-ақ күдіктілердің 1 млрд теңгеге жуық мүлкіне тыйым салынды. Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу жалғасуда».
Еще материалы
Страница 71 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.