БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Елде SIM-карта алудың талаптары күшейді
arrow_forwardАлматылық "Қайрат" - әлемнің үздік футзал клубы атағына үміткер
arrow_forwardКәсіпкерлерге арналған бірыңғай байланыс орталығы іске қосылады
arrow_forwardСОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Елде SIM-карта алудың талаптары күшейді
07-01-2026 Hits:8 Жаңалықтар
sitemanager

Елімізде SIM-картаға қатысты жаңа талап күшіне енді. Бұдан былай телефон нөмірі биометриялық тексеруден өтпейінше жұмыс істемейді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. ҚазАқпараттың жазуынша, енді әр SIM-карта нақты бір адамға тіркелуі керек. Байланыс картасын бұрынғыдай дүкеннен сатып алуға болады. Бірақ оны іске қосу үшін бет-әлпетті тану арқылы тіркелу қажет. Смартфоны барлар мұны оператордың қосымшасы арқылы жасай алады. Ал интернеті жоқ немесе батырмалы телефон ұстайтындар байланыс орталығына барып тіркеледі. Жаңа ереже бойынша бір адам ең көбі 10 SIM-карта ғана ала алады. Бұл өзгеріс интернет-алаяқтықты азайту үшін енгізілді. Себебі соңғы уақытта алаяқтар тіркелмеген нөмірлерді жиі пайдаланған. Мәселен, өткен айда Алматыда Ресей азаматы 300 SIM-картамен ұсталды.
Read moreАлматылық "Қайрат" - әлемнің үздік футзал клубы атағына үміткер
06-01-2026 Hits:24 Жаңалықтар
sitemanager

Алматылық "Қайрат" футзал клубы беделді халықаралық Futsal Planet Awards 2025 сыйлығының номинанттары қатарына енді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Команда "Әлемнің үздік футзал клубы" атағына таласады. Алматылық ұжым бұл номинацияда Испания, Аргентина, Бразилия, Италия, Таиланд және Уругвайдың алдыңғы қатарлы клубтарымен бәсекеге түседі. Жүлде иегері 7 қаңтар күні анықталады. Ал ақпанның 23-і "Қайрат" Чемпиондар лигасының ширек финалында Испанияның "Картахена" клубымен бірінші кездесуін өткізеді. Матч Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.
Read moreКәсіпкерлерге арналған бірыңғай байланыс орталығы іске қосылады
05-01-2026 Hits:16 Жаңалықтар
sitemanager

Елімізде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Даму» қорының жанында «Бәйтерек» холдингінің «Бірыңғай байланыс орталығы» жұмыс істей бастайды. Енді кәсіпкерлер холдингтің барлық еншілес компаниясына қатысты сұрақтарына жауапты бір жерден алады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. ҚазАқпараттың жазуынша, 1408 бірыңғай нөмірі бұрын тек «Даму» қорының бағдарламалары бойынша ғана консультация берсе, енді басқа да мемлекеттік бағдарламалар бойынша да ақпараттандырады. Атап айтқанда: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ«Экспорт-кредит агенттігі» АҚ«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ«Қазақстанның тұрғын үй компаниясы» АҚ — заң мәселелері бойынша«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ«ҚазАгроҚаржы» АҚ секілді холдингтің еншілес компаниялары сұраққа жауап беруге дайын Байланыс орталығының операторлары қазір жұмыс істеп тұрған бағдарламаларды таңдауға көмектеседі және қажет болған жағдайда нақты мамандарға қосады. "Бірыңғай байланыс орталығы" — кәсіпкерлерге ақпарат іздеуге және даму институттарымен өзара іс-қимылды неғұрлым ыңғайлы және түсінікті етуге, ізденуге аз уақыт жұмсауға бағытталған. Жоба «Бәйтерек» холдингінің цифрландыру стратегиясы аясында жүзеге асырылып жатыр және клиенттерге деген сервисті дамытудағы маңызды қадам", — делінген Экономика министрлігі таратқан хабарламада.
Read moreҚазақстанда 2025 жылы қанша көлік шығарылды
03-01-2026 Hits:21 Жаңалықтар
sitemanager

Елімізде былтыр қанша көлік шығарылғаны белгілі болды. Тіпті Ұлттық статистика бюросы бұл деректі рекордтық көрсеткішке балап отыр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Бюро дерегіне сүйенсек, 2025 жылдың 11 айында Қазақстанда 2,03 триллион теңгеге 146 163 көлік көлік шығарылған. Бір қараша айында 311,1 млрд теңгеге 22 580 дана техника шығарылыпты. Бұл өткен жылдағы ең жақсы айлық көрсеткіш. 2024 жылдың қараша айымен салыстырғанда шығарылым көлемі 25,5%-ға өсті. "Әсіресе жеңіл автомобильдер көп шығарылды. Бір айда қазақстандық кәсіпорындар 20 730 жеңіл автокөлік, 807 жүк көлігі, 646 автобус, 310 тіркеме және жартылай тіркеме жасап шығарды. Сондай-ақ 87 арнайы мақсаттағы көлік шығарды", - дейді министрлік. Нәтижесінде Chery, Changan және Haval халықаралық брендтерінің жаппай өндірісі іске қосылды. Олар Қазақстанда жергілікті деңгейде өндіріледі. "2025 жылдың 11 айында Қазақстанда 2,03 триллион теңгеге 146 163 дана көлік өндірілді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,7%-ға артық", - дейді көлік министрлігі. Бүгінде автомобиль жасау саласы бүкіл машина жасау секторының 41,7%-ін құрайды.
Read moreЖаңа жыл мерекесі күндері Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет атқаруда
31-12-2025 Hits:37 Жаңалықтар
sitemanager

Жаңа жыл қарсаңында және мерекелік күндері Алматы қаласында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев мәлімдеді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Оның айтуынша, адамдар көп жиналатын орындарда, қала көшелерінде және тұрғын алаптарда полиция жасақтары мен патрульдік экипаждардың саны арттырылған. «Алматы полициясы күшейтілген қызмет атқару режиміне көшті. Қызметкерлеріміз көшелерде, қоғамдық орындарда және жолдарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қала тұрғындары мен қонақтарының мерекені тыныш әрі қауіпсіз өткізуі үшін тәулік бойы қызмет етуде», – деді Серік Шумаев. Мереке күндері құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтауға, сондай-ақ балалар мен кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда. «Қала тұрғындарын қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға, тұрғын аулаларда тыныштықты бұзбауға, балалар мен қарттардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Әрбір саналы әрекет – қаламыздағы тыныштық пен тәртіптің кепілі», – деп атап өтті спикер. Сонымен қатар, полиция тарапынан профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, құқық бұзушылықтың әрбір дерегіне жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидатына сәйкес заң аясында тиісті шаралар қабылданатыны айтылды. Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Read moreҚазақстан онлайн қызметтер сапасы бойынша үздік 10 елдің қатарына кірді
26-12-2025 Hits:38 Жаңалықтар
sitemanager

Қазақстан онлайн қызметтер сапасы бойынша биыл ТОП-10 елдің қатарына кірді. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Министрлік дерегіне сүйенсек, 2025 жылы Қазақстанда екі суперкомпьютер іске қосылған. Олардың бірі әлемдегі 500 суперкомпьютер арасында 86-шы, ал екіншісі 103-і орынды иеленді. "2025 жылы Қазақстанда екі суперкомпьютер іске қосылды. Олардың бірі әлемдегі 500 суперкомпьютер арасында 86-шы, ал екіншісі 103-і орынды иеленді", - деді ведомство басшысы Жаслан Мәдиев. Ол сондай-ақ Astana Hub қазір Қазақстанның 20 өңірінде жұмыс істеп тұрғанын және шетелге шыққанын атап өтті: хабтар АҚШ-та, Қытайда, БАӘ-де және Ұлыбританияда ашылған.
Read moreРұқсат құжаттары мен лицензияларды ұзарту енді SMS арқылы еске салынады
24-12-2025 Hits:42 Жаңалықтар
sitemanager

eLicense.kz порталында пайдаланушыларға рұқсат құжаттары мен лицензиялардың мерзімі аяқталатыны туралы хабарлау функциясы енгізілді. Енді жүйе құжат мерзімі бітуге 30 күн қалғанда автоматты түрде SMS-хабарламалар жібереді. Бұл пайдаланушыларға алдын ала дайындалып, өз қызметінде кідірістердің алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. ҚазАқпараттың жазуынша, бұрын пайдаланушылар рұқсат құжаттары мен лицензиялардың мерзімін өздері бақылауы тиіс болатын. Жаңа хабарландыру қызметі мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану тиімділігін арттырып, пайдаланушыға құжаттарды уақытында ұзарту үшін алдын ала әрекет жасауға мүмкіндік береді. "SMS-хабарламаларды автоматты түрде жіберу функциясы тек мерзімі белгіленген рұқсат құжаттары мен лицензияларға қатысты қызметтер үшін іске асырылған. Хабарламалар электрондық үкіметтің SMS-шлюзі арқылы 1414 қысқа нөмірінен жіберіледі", — делінген хабарламада. Хабарлама мысалы: «Құрметті пайдаланушы, Сіздің рұқсатыңыздың (рұқсат немесе лицензияның бірегей нөмірі) қолданылу мерзімі 30 күннен кейін аяқталады. Толық ақпарат алу үшін жеке кабинетке кіріңіз». МАҢЫЗДЫ! Пайдаланушылардың назарына: SMS-хабарламалар eLicense.kz порталының ресми хабарландыруы болып табылады. Хабарлама пайдаланушының өтініш берген кезде көрсеткен телефон нөміріне жіберіледі. Сонымен қатар, нөмірдің дұрыстығы алдын ала Мобильді азаматтар базасымен (МАБ) сәйкестендіру сервисі арқылы тексеріледі. Осылайша, пайдаланушылар eLicense.kz порталында рұқсат құжаттары мен лицензияларын уақытында жаңарта алады. SMS-хабарламалармен қатар, порталдағы кейбір мемлекеттік қызметтерде рұқсат құжаттарын проактивті түрде қайта рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл процесс автоматты түрде жүзеге асады, мемлекеттік органдардың қатысуын немесе қосымша әрекеттерді қажет етпейді. Проактивті қайта рәсімдеу лицензия иесінің негізгі деректерін, мысалы, аты-жөні немесе ұйым атауы өзгерген жағдайда қолданылады. Мұндай қызметтерге мыналар жатады: — Пестицидтердің мемлекеттік тіркеуі; — Шығу тегінің, элиталық тұқымдардың, бірінші, екінші және үшінші репродукция тұқымдарының, сондай-ақ тұқым сатушылардың аттестациясы; — II категориялы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру; — I категориялы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру; — Бағдарламалық қамтамасыз ету мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенімді бағдарламалар мен өнімдер тізіліміне қосу немесе шығару. Жаңа функционал Қазақстан Республикасы Ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды.
Read moreҚазақстандықтар 2026 жылдан бастап жеке куәлікті тегін алады
22-12-2025 Hits:44 Жаңалықтар
sitemanager

Елімізде 2026 жылдан бастап жеке куәлік пен туу туралы куәлікті алу тегін болмақ. Мұндай ақпаратты Спутник жазды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Мәліметке сүйенсек, көптеген мемлекеттік қызмет пен алымның бағасы АЕК-ке байланысты болғандықтан, құжаттарды ресімдеу 10%-ға өседі. Яғни, 2026 жылы жеке куәлікті растайтын құжаттардың құны өзгереді. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4325 теңгеге дейін өседі. 2025 жылы АЕК 3932 теңгені құрады. Көптеген мемлекеттік қызмет пен алымның бағасы АЕК-ке байланысты болғандықтан, құжаттарды ресімдеу 10%-ға өседі. Мысалы, төлқұжат ересек адам үшін 8 АЕК немесе 34 600 теңге тұрады. Балалар үшін 4 АЕК немесе 17 300 теңге тұрады. Сонымен қатар, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан азаматтары жеке куәлікті тегін ала алады. Бұл қағида жеке куәлікті бірінші рет алатын және мерзімі аяқталғаннан кейін жаңартатын азаматтар үшін жарамды. "Бірінші рет берілетін жеке куәлік тегін болады. Сонымен қатар, жеке куәліктің мерзімі аяқталғаннан кейін оны ауыстырған кезде де мемлекеттік алымсыз беріледі", - деді көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов. Жалпы, жеке куәліктің құны 0,2 АЕК немесе 865 теңге болады. Ал туу туралы куәліктер 1 қаңтардан бастап Қазақстан азаматтары үшін тегін болады.
Read moreБелгілі актер Асаналі Әшімов өмірден озды
21-12-2025 Hits:55 Жаңалықтар
sitemanager

Кино және театр актері, режиссер, педагог, профессор, Қазақ КСР және КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов 88 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Белгілі актер Асанәлі Әшімов 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылмада дүниеге келген. Президент 88 жасында көз жұмған Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. "Асанәлі Әшімов бүкіл саналы ғұмырын театр және кино саласына арнап, төл мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты. Ол көптеген образдарды шебер сомдап, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді. Cахна саңлағы әрі кәсіби киногер ретінде соңына өшпес із қалдырды. Жас өнерпаздарға бағыт-бағдар беріп, рухани сабақтастықтың сақталуына зор еңбек сіңірді. Өрелі өнердің туын биік ұстап, өнегелі ғұмыр кешкен Асанәлі Әшімовтің жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде сақталады", – деп жазылған жеделхатта. 1956 - 1961 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін актер мамандығы бойынша тәмамдаған Асанәлі Әшімов Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры сахнасында М. Әуезовтің «Абайында» Керім, «Еңлік-Кебегінде» Кебек, «Қара қыпшақ Қобыландысында» Айшуақ, «Таңғы жаңғырығында» Жарасбай, Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Қодар, Қ.Мұхамеджанов, Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Иосиф Татаевич, Шекспирдің «Юлий Цезарінде» Юлий Цезарь, М.Фриштің «Дон Жуанның думанында» Дон Жуан, Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Еламан, И. Вовнянконың «Апатында» бас кейіпкер, тағы да басқа көптеген қойылымда көрнекті актердің айшықты өнегесі мен өрнекті ізі жатыр. Ал, А. Әшімовтің қара шаңырақ сахнасындағы соңғы күрделі жұмысы Г. Гауптманның «Ымырттағы махаббат» драмасындағы доктор Клаузен және тағы басқа көптеген образды сомдады. Асанәлі Әшімов – қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актерлердің бірі болып есептеледі. Оның кинодағы Бекежан («Қыз Жібек», 1971), Шадияров (“Атаманның ақыры», 1971, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының, 1972), Мәмбет («Сарқырама», 1973), Қасымханов («Трансібір экспресі»), 1977, бүкілодақтық 11-кинофестивальдің жүлдесі, 1978), Кемел («Нан дәмі»), Нұрғазы («Алатаудың ай мүйізі»), Қаражал («Жаушы», 1980), Шыңғыс хан («Бұлғар даласынан ескен жылы жел», 1998) рөлдері нағыз актерлік шеберліктің үлгісі іспетті. Әшімов режиссер ретінде кең танылды. Ол сахналаған Н.Гогольдің «Ревизор» (1979, өзі Дуанбасының рөлін ойнады), Ғ.Мүсіреповтың «Амангелді», И. Оразбаевтің «Мен ішпеген у бар ма?!» (екеуі де 1987), С. Ванустың «Сұлтан болсам егер мен» (1988), жылы Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» (1989) спектакльдері мен ол түсірген «Жылан жылы» (1981, Цой Гук Инмен бірге; 1982 жылы Таллинде өткен бүкілодақтық 15-кинофестивальдің дипломына ие болды), «Шоқан Уәлиханов» (1984; 4 сериялы телефильм, өзі Шыңғыстың рөлін ойнады), «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» (1995) фильмдер Әшімовтің режиссерлік шығармашылығының да кең ауқымын көрсетеді.
Read moreЕлімізде жетім балалардың құқын қорғау жүйесі жетілдірілді
18-12-2025 Hits:56 Жаңалықтар
sitemanager

Қазақстанда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар кешенді шешім қабылданды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Ведомство дерегінше, Мемлекет басшысы қол қойған жаңа заң балалардың мүддесін қорғауға бағытталған жүйелі өзгерістерді көздейді және ол 2026 жылғы 4 ақпанда күшіне енеді. Заң нормаларына сәйкес, бала тәрбиесі барысында қамқоршының, қорғаншының немесе асырап алған ата-ананың соттылығы бар екені анықталса, сондай-ақ олардың психикалық немесе наркологиялық диспансерде есепте тұрғаны белгілі болса, мұндай тұлғалар бала тәрбиелеу құқығынан дереу айырылады. Бұдан бөлек, үстінен қылмыстық іс қозғалған азаматтарға бала асырап алуға, қамқоршы немесе патронат тәрбиеші болуға тыйым салынады. Жаңа талаптар балаларды ықтимал қауіп-қатерден қорғауға және олардың қауіпсіз ортада тәрбиеленуін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, заңнамаға алғаш рет қамқоршылар, қорғаншылар, патронат тәрбиешілер мен асырап алған ата-аналар үшін жыл сайын сенімділікті растау міндеті енгізілді. Енді олар денсаулық жағдайы, тұрғылықты мекенжайы және соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді тұрақты түрде ұсынуы тиіс. Сондай-ақ, бала алдымен жақын туыстарына, ал ондай мүмкіндік болмаған жағдайда ерлі-зайыпты отбасыларға берілуі тиіс деген тәртіп заңмен нақты бекітілді. Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова қабылданған өзгерістердің маңызын атап өтті. "Жетім балалардың құқықтарын қорғау – үнемі жүйелі назарды талап ететін маңызды сала. Биыл қабылданған шаралар қолданыстағы тетіктерді күшейтіп, қамқоршылық органдарының жұмысын баланың мүддесі мен қауіпсіздігін басшылыққа ала отырып ұйымдастыруға мүмкіндік берді", – деді ол. Биылғы маңызды жаңалықтардың бірі – кәсіби қабылдаушы отбасы институтының енгізілуі. Бұл модель баланың тұрақты тұратын жері анықталғанға дейін оны қауіпсіз әрі отбасылық ортада уақытша тәрбиелеуге бағытталған. Сонымен қатар тәлімгерлік жүйе де дамып келеді. Қазіргі уақытта еліміздің 20 өңірінде 360-тан астам азамат жетім балаларға тәлімгерлік етуде. 2025 жылдан бастап балаларды мемлекеттік мекемелерге орналастыру тәртібі де қайта қаралды. Енді бала анықталған жағдайда, ол алдымен үш күнге дейін медициналық ұйымға жіберіліп, денсаулығы мен қажеттіліктері жан-жақты бағаланады. Сондай-ақ алғаш рет қамқоршылық органдары үшін нақты штат нормативі бекітілді. Енді әр 5 мың балаға кемінде бір маманнан келуі тиіс. Бұл шешім мамандар санын 3,3 есеге, яғни 303-тен 1028 адамға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Өңірлерде қамқоршылық саласын басқарудың жаңа құрылымдары қалыптастырылып жатыр. Қазіргі таңда Ақтөбе облысы мен Астана қаласында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармалар жұмысын бастаған. Алдағы уақытта мұндай бөлімшелер Шымкент қаласында, сондай-ақ Ақмола, Қостанай және Жамбыл облыстарында ашылмақ. Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 20 мыңнан астам жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Олардың 82 пайызы отбасылық тәрбие жағдайында өсіп келеді.
Read moreТәуелсіздік күні елімізде 7 егіз дүниеге келді
17-12-2025 Hits:57 Жаңалықтар
sitemanager

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні еліміздің медициналық ұйымдарында 725 сәби, оның ішінде 7 егіз дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Бұл күні 362 ұл бала өмірге келсе, дүние есігін ашқан қыз баланың саны 363. "Тәуелсіздік күнінде балалардың дүниеге келуі — ел үшін де, қуанышы атап өтетін отбасылар үшін де ерекше оқиға. Перзентханалардың медицина қызметкерлері мереке күні аналар мен жаңа туған нәрестелерге сапалы және уақтылы көмек көрсетіп, жауапкершілік пен біліктіліктің жоғары деңгейін растады", — делінген хабарламада. Ата-аналарды отбасыларындағы толығуларымен құттықтаймыз және жаңа туған нәрестелерге мықты денсаулық, бақытты балалық шақ және тәуелсіз Қазақстанда жарқын болашақ тілейміз.
Read moreЗейнетақы жинағының жеткіліктілік шегі жарияланды
10-12-2025 Hits:78 Жаңалықтар
sitemanager

Зейнетақы жинақтарының 2026 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегі жарияланды. Бұл туралы Спутник жазды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 2026 жылғы төменгі жеткіліктілік шегін есептеу кезінде "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңында айқындалған 2026 жылға арналған келесі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер пайдаланылды: ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге; зейнетақының ең төменгі мөлшері – 69 049 теңге; ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге. "Нәтижесінде 2026 жылы ТЖШ мөлшері орта есеппен 10%-ға өсті, бұл жалпы инфляцияның ағымдағы және болжамды мәндеріне сәйкес келеді", - деп жазылған хабарламада. Еске салайық, ТЖШ – бұл салымшыны ай сайынғы зейнетақының ең төменгі мөлшерінен төмен емес мөлшерде қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері.
Read moreАлдағы күндері -35 градусқа дейін аяз болады
08-12-2025 Hits:74 Жаңалықтар
sitemanager

Еліміздің бірқатар өңірлерінде күн райы күр суытпақ. Тіпті -35 градусқа дейін аяз жүреді деп болжануда. Мұндай деректі синоптиктер жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Казгидрометтің дерегіне сүйенсек, 9 желтоқсанда солтүстік антициклон солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарды тез басып өтеді. Суық ауа массаларының әсерінен жауын-шашын тоқтап, алдымен елдің солтүстік жартысында, содан кейін бүкіл Қазақстан бойынша температура күрт төмендейді. Температураның түнде төмендеуі: солтүстікте -22 -30 Цельсий градусқа дейін; шығыста -27-35 Цельсий градусқа дейін; оңтүстікте және оңтүстік-шығыста -10 -20 Цельсий градусқа дейін. Сонымен қатар, "ҚазАвтоЖол" бірнеше күннен бері жол қозғалысына шектеулер енгізілгені туралы ескертіп жатыр. Оған қолайсыз ауа райы себеп. 8 желтоқсанда 15 аймақта қар жауады деп күтіліп отыр. Сондықтан жүргізушілерге жылдамдық шектеулері мен қауіпсіздік ережелерін сақтауға, сондай-ақ жол жағдайының нашарлауына назар аударуға шақырды.
Read moreКредитті мерзімінен бұрын өтеу кезінде нені білу керек
03-12-2025 Hits:83 Жаңалықтар
sitemanager

Қазақстанда азаматтар несиені мерзімінен бұрын өтеу кезінде нені білуі, нені ескеруі керек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыз алушыларға кредитті мерзімінен бұрын өтеу тәртібін еске салды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Спутниктің жазуынша, ішінара өтеу кезінде кредит мерзімін қысқартуға немесе төлем мөлшерін азайтуға болады. Мерзімінен бұрын қарызды өтеу қарыз алушыға пайыздық төлемдерді азайтуға және борыштық міндеттемелерді тезірек орындауға мүмкіндік береді. Бұл төлем екі жолмен жүзеге асуы мүмкін: Толық өтеу – барлық берешекті біржолата жабу; Ішінара өтеу – белгіленген кестеден тыс қосымша соманы төлеу арқылы. Ішінара өтеу кезінде қарыз алушы ай сайынғы төлемді сақтап, кредит мерзімін қысқартуды немесе төлем мөлшерін азайтуды таңдай алады. "Қаржы ұйымдары заңнама шеңберінде мерзімінен бұрын өтеудің ішкі тәртібін, яғни ең төменгі сомаларды, өтініш беру мерзімдерін және есептік күндерді белгілеуге құқылы", - деп жазылған хабарламада. Қарыз алушыларға банкпен алдын ала қайта есептеу әдісін, қаражатты есептен шығару тәртібін, сақтандыру сыйлықақыларын қайтару ерекшеліктерін және ипотека бойынша ауыртпалықты алу процесін келісу ұсынылады. Естеріңізге сала кетейік, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында 2025 жылғы 31 тамызда мерзімінен бұрын өтеу үшін айыппұл санкциялары заңды тұлғаларға ғана қолданылатын норма күшіне енді. Жеке тұлғалар кредиттерді кез келген уақытта тұрақсыздық айыбын төлемей мерзімінен бұрын өтей алады. Бұл норма барлық шартқа, соның ішінде бұрын жасалған шарттарға қолданылады.
Read moreҚазақстанда жедел жәрдем қызметіне түсетін қоңырау төмендеген
02-12-2025 Hits:81 Жаңалықтар
sitemanager

Елімізде жедел жәрдем қызметіне түсетін қоңырау саны биыл төмендеген. Соңғы 10 айдағы көрсеткіш бойынша алғашқы жәрдем бригадалары 6,6 миллионнан астам шақыртуға қызмет көрсетіп отыр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сүйенсек, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қоңыраулар саны 0,1%-ға төмендеген. "Жеделділіктің бірінші санаты бойынша сын-қатерлер 356 мыңнан асты, өткен жылғы көрсеткіш 0,5%-ға ұлғайды, екінші санат бойынша сын-қатерлер 1,8%-ға өсті және 2,1 млн-нан астам құрады", - деп жазылған хабарламада. Жеделділіктің үшінші санатындағы шақыртулардың үлесі бұрынғы деңгейде қалып, есепті кезеңде 1,9 млн-нан сәл астам құрады. Бұл ретте төртінші санат бойынша — шұғыл ден қоюды талап етпейтіндер бойынша өтініштердің үлесі төмендеді, алайда оларға қызмет көрсету құрылымы өзгерді. Биыл емханалар жанындағы мобильдік бригадалар жеделділігінің төртінші санатына шақыртулардың саны 1, 08 млн құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштің 23,2%-на аз. Сонымен қатар, жедел жәрдем станцияларының бригадалары жеделділіктің 4-санаты бойынша 1 183 590 шақыртуға қызмет көрсетті. Жалпы, республика бойынша жедел жәрдем қызметі 20 дербес станциядан, 96 қалалық қосалқы станциядан және 212 аудандық бөлімшеден тұрады.
Read moreЕлімізде 1 желтоқсаннан бастап не өзгереді?!
Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап қандай өзгерістер болады? Спутник бірқатар заңи өзгерістер мен тың жаңалықтар және ескертулер топтамасын құрастырған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Көлік автолизингке беріледі 1 желтоқсаннан бастап жеке тұлғаларға автокөлік лизингке беріледі деп жоспарланып отыр. Бұған дейін сауда және интеграция министрлігі бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарған болатын. Автокөлік лизингі – бұл мүлікті ұзақ мерзімге жалға алу формасы. Ондайда көлікті белгілі бір уақытқа пайдалануға беріледі. Жалға алушы ай сайын төлем жасайды. Бірақ көлік лизингтік компанияның иелігінде қалады. Жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін клиентке бірнеше ұсыныс жасалады. Олар: көлікті қайтару; қалдық бағамен жекеменшікке сатып алу; жаңа келісімшартпен басқа көлікті жалға алу. Осылайша көліктің толық бағасын емес, амортизациясына ғана төлеп, міне беруге мүмкіндік болады. Ал келісімшарт типтік үлгіде тек жаңа көліктерге рәсімделеді. Шина ауыстырмағандар айыппұл төлейді Көлік мінетіндер қыстың басты талабын ұмытпауы қажет. Заң бойынша 1 желтоқсаннан бастап қысқы шинаға өту қажет. Бұл талап 1 наурызға дейін сақталады. Ал оны бұзғандарға айыппұл салынады. Айыппұлдың мөлшері: 5 АЕК (2025 жылы – 19 660 теңге, 2026 жылы – 21 625 теңге); құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 10 АЕК (2025 жылы – 39 320 теңге, 2026 жылы – 43 250 теңге). Телефония мен жеткізу қызметтері қымбаттайды "Транстелеком" компаниясы желтоқсанда телефония қызметінің бағасын өзгертеді. Жаңартылған бағаға сәйкес, телефония үшін ай сайынғы абоненттік төлем қалаларда 990 теңге, ал ауылдарда 650 теңге болады. Қосымша мәселелер туындаған жағдайда 191 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласуға мүмкіндік бар. "CDEK" компаниясы да бірқатар жеткізу қызметіне, атап айтқанда, Қазақстаннан Ресейге, ЕАЭО елдеріне және ел ішінде жөнелтуді қоса алғандағы негізгі бағыттарға бағаның көтерілгенін хабарлады. "Шексіз әлем" қызметі тоқтатылады 1 желтоқсаннан бастап Tele2 және Altel ұялы байланыс операторлары роумингте "Шексіз әлем" қызметін ұсынуды тоқтатады. Бұл қызмет мессенджерлерді, әлеуметтік желілерді және навигациялық карталарды шектеусіз пайдалануға мүмкіндік берген. Оны өшіргеннен кейін абоненттерге халықаралық пакеттерге енгізілген гигабайттар ғана қолжетімді болады. Сонымен қатар операторлар БАӘ, Қытай, Чехия және Оңтүстік Корея сияқты танымал туристік бағыттардағы байланыс тарифтерін қайта қарады. Енді қызмет құны таңдалған пакетке және елге…
Елімізде криптовалюта айырбастау пункттері ашылады
Қазақстанда криптовалюта айырбастау пункттері ашылады. Бұл туралы Спутник жазды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Дерекке сүйенсек, еліміздегі криптовалюта "Астана" халықаралық қаржы орталығы аясында реттелген. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов криптовалюта айырбастау пункттерін ашу тәртібін түсіндірді. Осы уақытқа дейін кәсіпкерлерден криптовалюта айырбастау пункттерін ашуға 72 өтінім түскен. Бірақ барлығы банк туралы заңның қабылданғанын күтіп отыр. Ол құжатты күні кеше мәжіліс депутаттары сенаттың қарауына жіберіп қойды. "Заң желтоқсанның соңына дейін қабылданады. Одан кейін нормативтік-құқықтық актілерді рәсімдеуге үш ай беріледі. Соның ішінде өтінім беру, қарау және лицензия беру шаралары бар. Ал криптовалюта айырбастау пунктері ашылғаннан кейін криптовалютаны емін-еркін айырбастауға болады, кәдімгідей долларды қалай айырбастаймыз, тура солай криптовалютаны айырбастауға мүмкіндік болады",-деді Шолпанқұлов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында. Оның айтуынша, криптовалюта айырбастау пункттеріне қатысты талаптар болады. Атап айтқанда, ақша айналымы банктер арқылы өтуі керек. Ал крипто әмиян халықаралық қаржы орталығында тіркелуі шарт. Айта кетері, қазіргі кезде Қазақстандағы криптовалюта "Астана" халықаралық қаржы орталығы аясында реттелген. Биыл қаңтар-қыркүйек айларында ол жақта криптоактивтердің жалпы айналымы 5,4 млрд долларды құрады. Ал жаңа заңмен криптовалютаны республика аумағында реттеу тетіктері енгізіледі.
Қазақстандықтар енді бір уақытта бірнеше кредит ала алмайды
Қазақстандықтар енді бір уақыттың ішінде бірнеше кредитке өтінім беріп, ала алмайды. Депутаттардың нормативтік актілерді нақтылауға және азаматтар мен бизнестің мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталған екінші оқылымға қатысты ұсыныстарын жұмыс тобы қолдады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі жазды. Негізгі бастамалардың қатарында заңды және жеке тұлғалардың шотына сыйақы есептеуге тыйым салуды алып тастау бар. "Жеке тұлғалардың бірнеше банктен немесе микроқаржы ұйымынан бір сағат ішінде несие алуға өтініш беруіне қойылған шектеу сақталды", - деп жазылған хабарламада. Несие бюролары алаяқтыққа қарсы Антифрод орталығына енгізіледі және алаяқтық әрекеттерді тексеру үшін жеке тұлғалардың екі немесе одан да көп банкке берген несие өтінімдері туралы ақпаратты бір сағат ішінде бөлісуге міндетті болады. Бастапқы биометриялық мәліметтерді алу және электронды цифрлық қолтаңбаны беру тек клиенттің жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
Қазақстанда сәби өлімі төмендеді
Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиев еліміздің нәрестелер өлімін төмендетудегі елеулі ілгерілеуі туралы айтты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. "Биылғы жылдың 9 айында нәресте өлімінің көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,3% — ға төмендеген. Бұл 1000 тірі туғандағы көрсеткішке шаққанда 5,84 пайыз деген сөз. Ал былтыр бұл көрсеткіш — 7,24% болған", — делінген хабарламада. Тимур Сұлтанғазиев мұндай нәтижелер алғашқы медициналық көмекті дамыту, ана мен бала денсаулығын сақтау қызметтерін нығайту, жаңа туған нәрестелерді бақылаудың заманауи хаттамаларын енгізу бойынша жүйелі жұмыстардың арқасында мүмкін болғанын атап өтті. Сондай-ақ, бірінші вице-министрдің айтуынша, үш өңірде: Атырау, Абай және Жетісу облыстарында неонаталдық өлім көрсеткіштерін жақсарту үшін әлеует бар. Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін шаралар қабылданып отыр. Қол жеткізілген жетістіктерге қарамастан, Денсаулық сақтау министрлігі балалардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмысты жалғастырады. "Әр баланың денсаулығы — біздің басымдығымыз. Біз еліміздің әр өңірінде заманауи және сапалы медициналық қызметтер қолжетімді болатындай оң өзгерістерді көріп, жұмысты жалғастырамыз", — деп атап өтті бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиев. Десе де ТМД елдерінің ішінде сәби өлімінің тіркелуі бойынша Қазақстан алдыңғы қатардан түспей келеді. Сәбидің дүниеге келу деректері өскенімен, олардың шетінеп кету көріністері көбейіп келе жатқаны алаңдатады. Статистикаға шақсақ, бала туу көрсеткіші екі пайызға артса, тиісінше сәби өлімі бір пайызға көбейген. Бұл дерек елдің демографиялық ахуалын көрсетсе керек.
Қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады
Қазақстан азаматтары қандай елдерге визасыз бара алады және ол мемлекеттерде қанша күнге дейін еркін бола алады. Мұндай ақпаратты ҚазАқпарат жазды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Агенттік дерегіне сүйенсек, шетелге шығу тәртібі сапардың мақсатына және азаматтың дипломатиялық, қызметтік немесе жалпы азаматтық паспортына байланысты өзгереді. Бұл материалда жалпы азаматтық паспортпен, яғни қарапайым туристік немесе қонаққа бару мақсатындағы сапарларға арналған визалық талаптарды қарастырылған. Осы санатқа визасыз баруға болатын бірнеше мемлекет кіреді. Ең ұзақ визасыз болу мерзімі Грузияда, онда Қазақстан азаматтары бір жылға дейін еркін жүре алады. Сонымен қатар қазақстандықтар Албания, Колумбия, Әзербайжан, Беларусь, Моңғолия, Ресей, Сент-Китс пен Невис, Бразилия, Гаити, Косово, Молдова, Украина, Аргентина, Эквадор, Намибия, Гамбия, Сент-Винсент және Гренадинада 90 күнге дейін визасыз бола алады. Түркия мен Туниске де визасыз баруға болады. Бұл елдерде 180 күннің ішінде 90 күнге дейін тұруға рұқсат берілген. Яғни жарты жыл ішінде елден бірнеше рет шығып қайта кіруге болады, алайда болу күндері қосылып есептеледі. Жиынтық көрсеткіш 90 күнге жеткенде визасыз кіру мүмкіндігі тоқтатылады. Визасыз 30 күнге дейін Босния және Герцеговина, Бразилия, Вьетнам, Қатар, Қытай, Малайзия, Мальдив аралдары, БАӘ, Сейшел аралдары, Сербия, Тәжікстан, Өзбекстан, Филиппин, Оңтүстік Корея, Доминикан Республикасы, Ямайка, Вануату, Микронезия, Тонга, Оман елдеріне бара аласыз. Мароккода 180 күннің ішінде 30 күн болуға рұқсат. Визасыз 14 күнге Гонконг пен Иранға кіре аласыз. 180 күнге – Армения, Антигуа және Барбуда елі жібереді. Барбадос визасыз 28 күнге қабылдайды, Кук аралдары – 31 күнге, Таиланд – 60 күнге. Кейбір елдерге келген бойда виза алу қажет. Мұндай елдерге Бангладеш, Шығыс Тимор, Камбоджа, Индонезия, Шри-Ланка, Ямайка, Палау, Тимор-Лешти, Тувалу, Мальдив аралдары, Бурунди, Мысыр, Комор аралдары, Намибия, Маршалл аралдары, Самоа, Бангладеш, Мадагаскар жатады. Сондай-ақ кейбір бағыттарда сапарға шығардан 2-7 күн бұрын онлайн электронды виза рәсімдеу мүмкіндігі бар. Мысалы, Оңтүстік Кореяда 30 күнге дейін болу үшін алдын ала K-ETA электронды рұқсаты қажет. Үндістанға қажетті күндерге арналған туристік e-visa талап етіледі. Вьетнамда Ханой, Халонг және жағажайларды зерттеу үшін 30 күндік Е-visa керек…
Әскерге шақыру толық автоматтандырылады
Қорғаныс министрлігі цифрлық жүйелер әскери қызметке шақырудың барлық негізгі кезеңдерін жеңілдеткенін мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Астанада өткен баспасөз турында Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев журналистер мен блогерлерді аталған жобаның негізгі артықшылықтарымен таныстырды. Жиында әскери есепке алу және мерзімді әскери қызметке шақыру жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу нәтижесінде процестерді оңтайландыру және азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру мүмкіндігі пайда болғаны айтылды. "Интеграциялық шлюз автоматтандырылған жұмылдыру ресурстарын есепке алу» ақпараттық жүйесі арқылы жеке әскери есепке алу жүргізіледі және мемлекеттік органдар арасындағы дерек алмасу жеделдетіледі. Бұл ретте «е-Медосмотр» жүйесінің де айтарлықтай артықшылықтары бар. Бұл жүйе медициналық тексеруден өту үдерісін автоматтандырады, яғни азаматтардың әскери қызметке шақырылуына дейінгі кезеңді толық цифрландырылған түрде өткізеді", — деді Қорғаныс министрінің орынбасары. Қалалық жинақтау пунктінде Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің өкілдері журналистерге «Интеграциялық шлюз автоматтандырылған жұмылдыру ресурстарын есепке алу» және «е-Медосмотр» ақпараттық жүйелерінің интерфейстерін көрсетті. Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Арман Сарин «Smart военкомат» жобасы бірнеше жылдық жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті. Мемлекеттік деректер базаларымен интеграция арқасында азаматтардың әскери есепке қойылуы автоматтандырылған, ал 17 жасқа толған жасөспірімдер автоматты түрде жергілікті әскери басқару органдарына тіркеледі. Баспасөз турын ұйымдастырушылар «Smart военкомат» жобасын енгізу азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттырғанын, әкімшілік жүктемені төмендеткенін және мемлекеттік қызметтерге деген сенімді нығайтқанын атап өтті. Сондай-ақ, азаматтардың әскери қызметке шақырудан босатылуы немесе кейінге қалдырылуы үшін ешқандай анықтама мен құжат жинаудың қажеті жоқ. Электрондық түрде шығарылған шақыру бұйрықтары автоматты түрде қаржы ұйымдарына жіберіледі, бұл өз кезегінде кредиттік демалыстарды рәсімдеуге мүмкіндік береді.
"Қайрат" футбол клубының Чемпиондар лигасындағы келесі ойындары Астанада өтеді
Алматылық "Қайрат" футбол клубының Чемпиондар лигасындағы келесі ойындары енді Астанадағы "Астана Арена" стадионында өткізіледі. Әрі билет бағасы да төмен бағада сатылмақ, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. "Қайрат" футбол клубы УЕФА-мен бірлесе отырып, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде "Олимпиакос" (9 желтоқсан), "Брюгге" (20 қаңтар) командаларына қарсы өз алаңындағы матчтарын Астанада өткізетінін хабарлады. "Алматыдағы Орталық стадионда матчты қыста өткізу тәжірибесі көрсеткендей, төмен температура, шатырдың жоқтығы, қар жауу қаупі жанкүйерлер үшін қолайсыздық туғызып, алаң қызметін қиындатады. Көрермендерге жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау үшін матч жабық стадионда өтеді", - делінген клуб мәлімдемесінде. Сондай-ақ алматылық клуб билет бағасы 15 000 – 50 000 теңге аралығында болатынын мәлімдеді. Билеттер 28 қарашадан бастап Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшаларында сатыла бастайды. Бір адамға екі билеттен артық рәсімдеуге болмайды. Айта кетейік, "Қайраттың" өз алаңындағы "Реал Мадрид" және "Пафос" командаларына қарсы ойындарда билет құны 30-250 мың теңге аралығында сатылған болатын.
Қазақстан мобильді интернет бойынша әлемде нешінші орында?!
Елдегі мобильді интернет жылдамдығы қаншалықты деңгейде? Ал әлем бойынша нешінші орынға кіреміз? Мұндай мәліметті Speedtest Global Index жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 2025 жылдың екінші жартыжылдығында ең жылдам интернеті бар елдердің рейтингісі бойынша Қазақстан 45-орынға жайғасқан. Бұл өткен рейтингпен салыстырғанда 1 орынға жоғары. Салыстырмалы түрде Қазақстан Канада (46-орын), Италия (50), Испания (52), Германия (56), Ұлыбритания (57), Жапония (64) сынды дамыған мемлекеттерді артқа тастаған. Ал қалалар тізімінде Астана мен Алматы қатар тұр. Мобильді интернет жылдамдығы бойынша Астана бес позицияға төмендеп, 62-орынға түссе, Алматы екі сатыға шегініп, 63-орынды иеленген. Астанадағы орташа жүктеу жылдамдығы — секундына 132,13 мегабит, ал Алматыда — 130,72 мегабит. Фиксацияланған кеңжолақты интернет жылдамдығы рейтингінде жағдай нашарлау. Қазақстан әлемдік рейтингте 89-шы орында тұр. Десек те, бұл оған дейінгі нәтижеден 1 сатыға жоғары. Мұнда екінші жарты жылдықтағы орташа жылдамдық 82,47 мегабит/с болған. Ал мобильді интернет жылдамдығы бойынша үздік мемлекеттер төмендегідей: 1. Біріккен Араб Әмірліктері — 652,87 Мбит/с; 2. Қатар — 515,23 Мбит/с; 3. Кувейт — 384,40 Мбит/с. 4. Бразилия — 251,55 Мбит/с. 5. Болгария — 237,03 Мбит/с.
Қазақстандағы ақылы жолдар қанша миллион табыс алып келгені белгілі болды
Елдегі ақылы жолдардыңы қанша миллион теңге табыс алып келгені жарияланды. Жыл басынан бері көлік жүргізушілер еліміздің ақылы жолдары арқылы 62 млн астам рет жүрген, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. "ҚазАвтожол" ұлттық компаниясы жыл басынан бері көліктер көп жүрген ақылы жолдардың тізімін жариялады. Жыл басынан бері көлік жүргізушілер еліміздің ақылы жолдары арқылы 62 млн астам рет жүрген, дейді компаниядағылар. Қазақстандықтар биыл көп жүрген жолдардың ондығына мына учаскелер кірді: Алматы – Қонаев (10 млн) Шымкент – Өзбекстан шекарасы (7,8 млн) Шымкент – Тараз (5,5 млн) Тараз – Қайнар (4,6 млн) Шымкент – Қызылорда (4 млн) Астана – Теміртау (3,8 млн) Қонаев – Талдықорған (3,3 млн) Астана – Щучинск (3,27 млн) Щучинск – Көкшетау (2,82 млн) Астана – Павлодар (2,1 млн) "Бұл сапалы жол инфрақұрылымына деген сұраныстың артуын көрсетеді. Ақылы жолдар тек жылдам қозғалысты қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар қалалар мен елдер арасындағы сенімді байланысты орнатып, аймақтардың экономикалық дамуына септігін тигізеді", - дейді компания мамандары.
- 1
- 2
- 3




