- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 246 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/-H4Y7gmoWbg?si=CcScBAMbIRdWBbCF"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Эльвира Азимованың баяндауынша, былтыр Конституциялық Сотқа бес мыңнан астам өтініш, оның 99 пайызы азаматтардан келіп түскен. Азаматтар өз өтініштерінде сот актілеріне, лауазымды тұлғалар мен судьялардың іс-әрекеттерінің заңдылығына, қылмыстық жазаның түрлері мен шарттарына, қылмыстық қудалау кезінде адам құқықтарының сақталуына, еңбек және әкімшілік-құқықтық қатынастарда құқықтың қорғалуына қатысты мәселелерді көтерген. конституциялық іс жүргізу аясында азаматтарға кепілді заң көмегін беру шарттары, сондай-ақ құқықтық мониторинг пен заң шығару қызметі шеңберінде Конституциялық Сот қабылдаған шешімдерді және сот практикасының шолуын ескеру туралы ұсыныстар қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 255 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/kT_kDtCfFz4?si=jNfJ_vPMd2KezLec"
Шетелдік көліктерді заңсыз тіркегендер ұсталды. Көкшетау қалалық халыққа қызмет көрсету орталығынан ілік тапқан қаржы мониторинг агенттігі 68 көліктің жалған тіркелгенін айтады.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІНІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Бұл істі ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті тергеді. "Азаматтарға арналған үкіметтің" Көкшетау қалалық ХҚКО-ның бұрынғы маманымен алдын ала сөз байласып, екі азаматтың жалған төлем құжаттарын қолданып, алымдарды төлемей шетелден келген көліктерді жаппай бастапқы тіркеуді ұйымдастырған. Жалған төлем-есеп айырысу құжаттары арқылы 68 көліктің заңсыз тіркелгені анықталды. Бастапқы тіркеу үшін алым төлемеу түріндегі мемлекетке келтірілген шығын шамамен 449 млн теңге. ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 351 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/gwtpbhi82rU?si=c07TJ1-NhbiHQwdi"
Қазақы нақышта тігілген заманауи киімдер қазір сәнге айналып келеді. Эстафетаның басында бастауыш оқушылары тұр. Олар мектепке оюлы кәжекей мен тақия киіп келуді дағдыға айналдырған.
Мына бүлдіршіндер Ақтау қаласының №19 мектеп-гимназиясының 3ші сынып оқушылары. Олардың осындай сәнді үлгіде қазақша киімдерді киіп, білім алып жатқандарына 1 ай асқан.
ШОЛПАН ҚОШМАНОВА АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ №19 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ: «Бұл бастама қазіргі кезде ұлттық идеялогиямызды дәріптеу. Сондықтан ұл-қыздарымыз тек қана қонаққа барғанда кимейді бұл киімді. Мектепте де киіп отырады. Бұны біз қуана-қуана қабылдадық. Балаларда мәз болып киіп жүр. Бұл бастаманы Бұл бастамаға ата-аналар қарсы болған жоқ. Бәрі бір ауыздан қолдады».
РАЯНА ЕКІБАЙ ОҚУШЫ: «Маған ұлттық киім киген ұнайды. Себебі басқа сыныптардан ерекше болып жүреміз. Өйткені барлығымыз бірдей киім киеміз. Сол себепті ұнайды.Бұл киім ыңғайсыз болған жоқ. Өйткені бұл қазақтың ұлттық киімі».
Білім үйінде 3 мыңнан аса оқушы бар. Бұл эстафетаны бастауыш сынып оқушылары бастаған. Мектеп директорының сөзінше алдағы уақыттарда басқа оқушылар мен оқытушылар да классикалық киім үлгісін заманауи этно-стильге ауыстыруды жоспарлауда.
МАДИНА АБДИЕВА АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ №19 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Ұлттық белгілері бар түрлі галстуктар, түрлі көйлек сыртынан киетін кәжекейлері қазір ойластырып жатыр. Және жоғарғы сыныптың ұл-қыздарымен де осы идеяны алып кетсек деген қызығушылық туындап жатыр. Ата-ана болсын, мұғалім болсын, оқушы болсын олардың әр қайсысының бізге пікірі мен ойы біз үшін құнды. Сондықтан бірге тәрбиелеп отырғандықтан олардың кез-келген көтеріп отқан дұрыс идеясы болса оны құптауға біз әрқашанда дайынбыз».
Бұл бастаманың басты мақсаты – ұлттық құндылығымызды жастарға насихаттау, зерделеу, жаңашылдықты қалыптастыру.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 233 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/i_Xjz5ntJbw?si=3xBcv_cXwmeMKF4x"
Солтүстік өңірлерде аяз әлсірейді. Бірақ, бұл жаппай елімізде күн жылынады деген сөз емес. Оңтүстік және оңтүстік аймақта -23 градусқа дейін суық болады. Бүгін Жетісу облысында күн күрт суытып, қарлы боран соғып тұр. Салдарынан облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелді. Жауапты мамандар асығыс шаруаңыз болмаса, алыс сапарға шықпауға кеңес береді.
АҚМАРАЛ СМАҒҰЛОВА «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ: «Еліміздің батысында антициклонның әсері сақталады, жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республиканың қалған бөлігінде, атмосфералық фронттардың өтуімен еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын көбінесе қар түрінде, тұман және көктайғақ болжанады.Еліміздің батысындағы температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, ауа температурасы республиканың солтүстігі мен орталығында - түнде 22-35 аяздан 10-23 аязға дейін жоғарылайды, шығыста түнде 12-22 аяздан 23-38 аязға дейін төмендейді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 8-23 аязға дейін аздаған төмендейді».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 262 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/8Ezir7L-nM0?si=HeAyuml5C4DY0qyk"
Еліміздің Премьер-Министрі Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Орал қаласының коммуналдық-энергетикалық секторындағы бірқатар нысандарды аралап, инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.Сапар барысында Үкімет басшысы 1961 жылдан бері жұмыс істеп тұрған «Батыс Су Арнасы» сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорнында болды. Орал қаласы ауыз суды негізінен Жайық өзені және жерасты көздерінен алады. Премьер-Министрге 2023 жылы 6 су ұңғымасының құрылысы аяқталғаны туралы баяндалды. Олжас Бектенов өңір басшылығының назарын тұрғындар тарапынан, әсіресе жаз айларында ауыз су тапшылығына қатысты арыз-шағымдарға көңіл бөліп,
су тазарту жүйесін жаңғыртуды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.
БАҚЫТЖАН АКИМГУЖИН «ЖАЙЫҚЖЫЛУҚУАТ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 217 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/XxexKNIWTSs?si=T6HW2QIVPf3nu6bQ"
Бүгін Алматы қаласы мен басқа да облыстардың колледж білім алушылары арасында «XXI ғасырдың бухгалтері: Менің кәсібім – менің мақтанышым!» атты қалалық байқау өтті. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Экономика және қаржы саласындағы ең сұранысқа ие мамандықтың болашақ мамандары бүгінгі байқауда арнайы пәндер мен кәсіби модульдерді зерделеу кезінде алынған кәсіби құзіреттіліктерінің меңгеру деңгейін анықтады.
АЙДАР ЕРБОЛАТҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛМАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: «Меніңше, ХХІ ғасырдың мемлекеттік қызметшілері, ең алдымен, мақсатты да бастамашыл, тұрғындармен тіл табыса алатын, жұмысына адал болуы керек. Себебі, Президентіміз айтқандай, біз қазір мемлекеттік қызметтегі кадрларды жаңарту курсындамыз. Яғни, әр облыста өңірлік кадрлық резервтер қалыптасады. Содан кейін ең дарынды, ынталы кадрлар қала әкімдігі мен оның бөлімдерінде ғана емес, аудандарда да жұмыс істеуге тартылады».
Былтырғы жылы байқау бірінші рет өткізілсе де, көп облыстардан сұраныстар түсе бастаған. Биыл жарысқа Жетісу облысы мен Абай облысының білімгерлері және Алматы қаласының колледж студенттері бақ сынады.
ҒАЛЫМ ІЛЕСХАНҰЛЫ АМБК ДИРЕКТОРЫ: «Мамандықтарды даярлау ретінде тек қана жұмысшы мамандарын даярлаумен қатар, орта буындағы мамандарды да даярлаймыз. Бүгінгі сіздердің куә болып отқан байқауларыңыз орта буын бухгалтер мамандығына арнап істеп жатырмыз. Негізгі мақсатымыз – білім алып жатқан студенттеріміз өз білімін шыңдау және оны көрсете білу. Бәйгеге түсіп, білімін алға шығарып, дәлелдеп беру».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 254 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/CvZZMK_2hdQ?si=4zbsCK89cI8faGnz"
Ақмола облысының аумағында орналасқан жүзден астам елді мекен интернет желісінен жұрдай. Айта-айта ауыздары талған ауылдық ағайындар ғаламтордың ғажайып құдіретінен күдерін үзе бастапты.
Ақмола облысындағы 600-ге жуық елді мекеннің 400 астамы 2G, 206-сы 3G, 227-сі 4G интернетпен қамтылған. Жыл соңына дейін тұрғындар саны жүзден кем болмайтын ауылға Kazsat интернетін тарту көзделген. Әзірге, тек 31 елді мекенде ғана жүзеге асқан. Кей жерлерде байланыс пен интернет сапасының сын көтермейтіні де жасырын емес. Айталық, былтыр 42 ауылдың тұрғындарынан шағым түсіп, нәтижесінде 3 байланыс операторына 64 миллион теңге көлемінде айыппұл салыныпты.
БАУЫРЖАН РАПИКОВ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МҰРАҒАТТАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Әр оператордың өзінің елді мекендеріндегі олқылықтары бар. Не себепті салынды, өйткені бұл операторлардың сол елді мекендердегі өздерінің алған міндеттемелеріне сәйкес қызмет көрсетпеулері.Бұл бизнес болғандықтан операторлар да өз құқығын қорғауға міндетті. Олардың сондай құқықтары бар. Сол себептен көп мәселелер сот арқылы шешіледі».
Қазіргі таңда интернет және байланыс сапасын жақсарту үшін құрылғыларды ауыстыру, жаңғырту жұмыстары жалғасуда.
БАУЫРЖАН РАПИКОВ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МҰРАҒАТТАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Жобаны іске асыру цифрлық алшақтықты азайтуға және ауылдық аймақтардағы цифрлық сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал етеді. Қазіргі уақытта Интернетке қосылу 10 пилоттық жоба республикада іске қосылған. Сол пилоттық жобалардың нәтижесі бойынша интернет жылдамдығы 150-200 мбит шамасында орта есеппен болып тұр. Бізге бұл жобаға кірген елді мекен Майшұқыр, Қорғалжын ауданында. Қазір сол Майшұқыр ауылындағы 32 бала оқитын мектепте интернет жылдамдығы жоғары Starlink жұмыс істеп тұр».
Көкшетау қаласының тұрғындары алдағы уақытта 5G интернетпен толық қамтылады. Әзірге, жылдам интернет желісі қаланың 7 нүктесінде іске қосылған. Ал ғаламтордың қандай екенін көрмеген кей бір ауылдық аймақтардың күтуден басқа амалы жоқ.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 222 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/qxj3DmbUReY?si=B_kl5-eDhgjliiWV"
Қызылордалық тұрғындар тұрып жатқан үйлерінің қауіпті жағдайына шағым білдірді.Айтуларынша кіреберістегі еденнің плитасы опырылып құлаған. Тозығы жеткен баспананың мұңын айтып,бармаған жерлері жоқ. Қабырғалары сөгіліп, жертөлелері үнемі ылғал тартып,нәжістің исі шығатын көрінеді.
РЫСБИКЕ КҮЛПЕЙІСОВА ТҰРҒЫН:
«Үй 1962 жылы салынған. Мен мұнда 1972 жылдан бері тұрамын. Сол кезден бастап бізде бірде-бір рет күрделі жөндеу жүргізілген жоқ. Біз газ баллондарын өзіміз сатып аламыз. Тұрғын үйде 36 отбасы тұрады. Біз өз күшімізбен пешті өзгерте алмаймыз. Шамасы, пеш жарамсыз болып қалды».
Қарашаның базынасын қала әкімшілігі біледі.Бірақ әзірге уәдемен ғана шектеліп отыр. Алайда тұрғындар мұндай үйде тұру қауіпті деп санайды. Олар қажетті сараптама жүргізуді және тұрғын үйдің жай-күйін бағалауды сұрап отыр.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 387 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/FBRK7yY9wd8?si=xy6b4FZ91JlwJBKH"
Арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты,қырандай күшті қанатты мен жастарға сенемін! Мағжан Жұмабаев сенім артқан бүгінгі жастардың жүрегіне отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда түрлі жобалар жүзеге асуда. Осыған орай Патриотизм-ұлттық рухтың асқақ белгісі атты жас патриоттар академия күні қарсаңында өткен шараға қатысып қайтқан едік.
Қазақстандық жас патриоттар академиясы жас ұрпақтың бойында еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін сіңдіріп, жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерді, өзін-өзі жетілдіру мен дамыту тұрғысынан тәрбиелеу мақсатында құрылған. Бүгінгі шарада бірқатар жас буын аталмыш академия қабырғасына қабылданды.
ДІЛДӘШ РЫСҚҰЛБЕКҚЫЗЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАС ПАТРИОТТАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
Балдәурен Республикалық оқу-сауықтыру орталығы мен академия арасында тығыз қарым қатынас орнаған. Жастарымыздың болашаққа бағдарын айқындап,отанымыз үшін бар күш жігерін аямауға тәрбиелеп отырған орталықтардың ойлары бір межеде тоғысқан.
ЖАРҚЫНАЙ ҚАЖЫМҰҚАНОВА БАЛДӘУРЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КЕШЕН БАСШЫСЫ
Еліміздің ертеңін қалыптастыратын жастарымызды әскери саладан да рухани тұрғыдан да тәрбиелеу үшін атқарылып жатқан бүгінгі шараның маңызды екенін ескерсек,осы жолда тер төгіп жүрген елім деген азаматтар жемісін жемек.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 247 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/BQA-kWfMS0c?si=KqihzMZ0oTE9STEu"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 250 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/qSVkAcDV-GI?si=i2CDUR1O_vguQbiY"
Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесінің бірі. Ғасыр дертіне айналған жемқорлықтың дендеуі бүкіл саланың тұралап қалуына септігін тигізбек. Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр бағытта жүзеге асырылып келеді. Мәселен білім саласында орын алатын келеңсіздіктерді алдын алу маңызды.Бүгін айтулы тақырыпқа арналған арнайы бас қосу ұйымдастырылды.Мақсат, жеңұшынан жалғасатын жемқорлықпен күресті кешенді түрде жүзеге асыру. Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары қатысты. Сала маманы Антикор қорқытып-үркітетін орган емес, керісінше жемқорлықты алдын алуға және болдырмауға қызмет жасайтын орган екенін еске салды.
ЖАРҚЫН ҒАЛЫМОВ ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: «Жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөнінде іс-шаралар кешенін жүргізу қашанда маңызды деп ойлаймын.Бүгінде білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында ақпараттық, ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізілуде.Жемқорлыққа жол бермеуіміз маңызды».
Білім жүйесіне жемқорлыққа қарсы имунитетті қалыптастыру кезек күттірмейтін мәселе.Өйткені сапасыз білім, мәңгүрт ұрпақ тәрбиелейді.
БОЛАТЖАН БОЗЫМБАЕВ АЭМК ДИРЕКТОРЫ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 252 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/-_r7WXBCQ0k?si=v0x4PhRHWieH7zex"
Ақпан айы – Алатаудан арындап ұшқан мұзбалақ ақын, қазақ поэзиясының Хан Тәңірі – Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған болатын. Бүгінде еліміздің әр өңірінде ақын өлеңдері жатқа оқылып, бірқатар танымдық-тәрбиелік бағдарламалар өткізілуде.
Ақиық ақынның артындағы жас ұрпағына қалдырған асыл мұралары қайта жаңғырып, жарыса шырқалуда. Бүгінде оқушыны оқытып жүрген оқытушылар да ұлы тұлғаның шығармаларына рухани қолдау көрсетіп, жырларын жарыса айтып, жарысты жандандыра түсті. Ондағы мақсат - Мұқағали Мақатаев шығармаларын ұстаздар арасында насихаттау.
ШАЯХМЕТ ИМАШҰЛЫ ҚР КИНО ҚАЙРАТКЕРІ, МҰҚАҒАЛИТАНУШЫ: «Мұқағали ағамыздың әруағы риза болсын әрқашанда. Қазақ айтады: «тіл түзелмей, мін түзелмейді. Біз тілімізді түзеудің бірден бір төте жолы – көркем сөз оқулары, поэзия оқулары. Ол енді Абай болсын, Мұқағали болсын тіл үйренудің төте жолы – поэзия деген құдіретті күш».
Айтулы кешке құрметті қонақ болып ұлы ақынның жақындары да қатысты. Тау тұлғаның тән тебірентер өлең шумақтарын естіп, ұстаздарға алғыстарын жаудырды.
ЖҰЛДЫЗ МҰҚАҒАЛИҰЛЫ М.МАҚАТАЕВТЫҢ ҰЛЫ: «Әр жерде, жер жерде тойланып жатыр әкеміздің туған күні. Әкеміздің құдіреті деп білеміз. Соған арттағы ұрпақтың поэзияға деген ықыласы артпаса, кеміген жоқ. Соған куә болып жүрміз»
БАҚЫТГҮЛ ҚЫДЫРБАЙҚЫЗЫ М.МАҚАТАЕВТЫҢ КЕЛІНІ, М.МАҚАТАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРДЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: «Атамыздың өз сөзімен айтатын болсақ: күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарған ұлы жырдың жаратушысы, ұлы ақын, ұлы тұлға. Ол кісінің артында қалдырған жырлары, шығармашылығы уақыт өткен сайын халықтың жүрегінен орын алып жатыр. Оған дәлел, халықтың бір ай бойы сол атамыздың шығармашылығына үлкен поэзия кештерін өткізу, айлық өткізу. Бұл халықтың ақынның шығармашылығына деген махаббаты, үлкен сүйіспеншілігі»
Поэзия әлеміне жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған М.Мақатаев – күллі қазақ халқының мақтанышы. «Өлсе өлер Мұқағали, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» деп ішкі жан дүниесін әсем бейнелей білген ақын өлеңдері – мәңгілік қазына болып қала береді.
Тағы басқа мақалалар...
86 ішінен 192 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.