- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 292 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ik-gortfeag?si=5aRktU9SdRlIpuZl"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 294 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/AzUGqeUzi8o?si=swwOROODp2z6TnF7"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 282 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/7D9DFJhEvUU?si=KBXl6N8_x6s5sdLI"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 278 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/KBdSnOocgzQ?si=W55OXNADDB2dJ5RW"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 282 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/f5y0-0f_bqc?si=qYFdxnnZnHVYu7CQ"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 272 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Pa1FuiaSEIY?si=_ALdBHkYtNvlvztS"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 287 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/sw3AcW_O4l4?si=panYndAAanEnh7In"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 290 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/BZ3QNbAK6pc?si=uXCIOB-bifIOOA7y"
Қайтқан қаржыда қайыр бар! Елімізде қайтарылған активтер қаражаты есебінен 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда. Оның ішінде 9 білім беру нысаны, 3 спорттық нысан, денсаулық сақтау саласында 162 жоба, сумен жабдықтау саласында 159 жоба осыларды қоса алғанда, 400-ден аса жоба іске асырылып жатыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Барлық жоба Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Айталық, Астанада ескі стадионның орнына Қ.Мұңайтпасов атындағы жаңа стадион салынып жатыр. Жабық спорт ғимараты мүгедектігі бар азаматтарға арналған орындарды қосқанда, 3598 орынға есептелген.
Ал, Алматыда қайтарылған қаражат есебінен сумен жабдықтау жүйесін салу бойынша 9 жоба жүзеге асырылып отыр. Шымкент қаласындағы «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» кешенінің тәрбиеленушілері үшін қайтарылған қаражатқа 300 орындық жатақхана салынады. Солтүстік Қазақстан облысында да бүгінде өңірді сумен жабдықтауды жақсартуға бағытталған жобалар жүзеге асырылып жатыр. Ақмола облысында денсаулық сақтау, сумен жабдықтау және спорт саласында 38 жоба жүзеге асырылуда.
Атырау облысында денсаулық сақтау, білім беру және сумен жабдықтау салаларында бір нысаннан салынады. Жетісу облысында білім беру, денсаулық сақтау және сумен жабдықтау салаларында 22 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл бағытта жұмыс алдағы уақытта тағы жалғасын табатын болады.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 307 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/bE5LbmhzyeY?si=BuxWhJw2XmMKBzFH"
Алматыда «Арыстан» базары сүріліп жатыр.«Ақсай-4» шағынауданындағы жалпы көлемі 2000 шаршы метрден асатын базар соттың шешімімен сүріледі, деп хабарлайды Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы.Бұрындары жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында «Арыстан» базарының бір бөлігі еш рұқсат құжаттарынсыз тұрғызылғаны анықталды. Яғни, 20-ға жуық саудагер жер телімін заңсыз иемденіп, сауда нысанының бастапқы жобасын бұзып, өз бетінше кеңейтіп алған.
Тексеріс барысында тазалық талаптары мен қауіпсіздік нормалары сақталмағаны да анықталды.2024 жылғы 1 наурызда сот базардың ауданы 2125,62 шаршы метр болатын бір бөлігін бұзу туралы шешім шығарды, 2024 жылғы 19 шілдеде Алматы қалалық соты бірінші шешімді өзгеріссіз қалдырды.Қазіргі уақытта, Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен сүру жұмыстары басталды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 297 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/v3qhncJftUw?si=yFdt_8Vov0TXqUSd"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 329 рет қаралды
Еліміз бойынша алғашқы қазақ мектебі болып ZAMAN мектебі халықаралық бакалавриат (IB) бағдарламасының ТОЛЫҚ cертификатын алды. Мектеп бастауыш білім беру деңгейіндегі Primary Years Programme (PYP), орта буын Middle Years Programme (MP) және жоғары сыныптарға арналған Diploma Programme (DP) аккредиттеуінен сәтті өтті. Сәйкесінше, қазақ балалары әлемнің үздік білім тәжірибесін мектеп табалдырығынан аттағаннан-ақ ҚАЗАҚ тілінде оқуға жол ашылды.
Бұл жетістік – Қазақстандағы қазақ тілінде білім беретін мектептердің халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайтын маңызды қадам. 1968 жылы Женевада негізі қаланған бұл бағдарлама қазіргі таңда 150-ден астам елдегі 5 мыңнан аса мектепте енгізілген.
IB – бұл жай ғана академиялық бағдарлама емес. Ол оқушыларды білім алуға, әлемдегі және еліміздегі ауқымды мәселелерді анықтап, оларды шешуге үйретеді. IB бағдарламасы арқылы 3 жастан 19 жасқа дейінгі оқушылар білімдерін халықаралық деңгейде көрсете алады. Мектепте оқушылар тек сапалы білім алып қана қоймай, сонымен қатар өз бетінше талдау жасайтын, креативті ойлайтын және көпұлтты әрі көпмәдениетті ортада тиімді қарым-қатынас жасай алатын көшбасшы, жобалық менеджер ретінде қалыптасады.
IB бағдарламасының мақсаты – зияткерлік әрі жаһандық көшбасшыларды даярлау, оларды қазіргі заманның қарқынды өзгерістеріне бейімделуге үйрету. Еліміздегі бірнеше мектеп бұл бағдарлама бойынша сертификатталған, дегенмен алғашқы болып ҚАЗАҚ тілінде бастауыш мектептен жоғарғы сыныптарға дейін толық аккредиттеуден алғашқы болып ZAMAN мектебі өтті.
"IB бағдарламасы білімнің дамуына, мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыруға үлкен серпін береді. Оқушылар үшін бұл бағдарлама – теңдесі жоқ мүмкіндік, себебі IB дипломы әлемнің үздік университеттерінде білім алуға жол ашады. ZAMAN мектебінде IB бағдарламасы қазақстандық және халықаралық білім беру әдістемелерін біріктіріп, жан-жақты оқытуды қамтамасыз етеді. Сабақтар қазақ және ағылшын тілдерінде жүргізіледі, бұл оқушыларға жаһандық білім кеңістігінде бәсекеге қабілетті болуға көмектеседі. Мектепте IB бағдарламасы бойынша оқыту тәжірибесі бар жоғары білікті мұғалімдер жұмыс істейді", – деп атап өтті мектептің негізін қалаушы Гаухар Нурова.
2025 жылдың қаңтар айында мектеп Middle Years Programme (MYP) бағдарламасы бойынша авторизация алды, ал маусым ауында жоғары деңгейдегі Diploma Programme (DP) бағдарламасының авторизациясын алып отыр. IB бағдарламасының барлық деңгейлерін алу – мектептің әлем бойынша санаулы білім ордасы кіретін IB Continuum қатарына кіретінін растайды. Бұл мектептің дамуы ғана емес, қазақ тілінде отандық білім беру сапасын арттыру жолындағы аса маңызды қадамдардың бірі.
Қазақстанда IB бағдарламасымен оқытатын мектептердің саны әлі де аз, ал ZAMAN мектебі – халықаралық стандарттарды енгізіп, оқушыларына жаңа мүмкіндіктер ашқан алғашқы білім ордаларының бірі. Мектептің халықаралық жетістіктері – қазақ тілінде білім беретін мектептердің заманауи білім беру жүйесіне бейімделуінің және жаһандық білім беру қауымдастығына интеграциялануының айқын дәлелі.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 310 рет қаралды
Ақтау қаласында 19–20 маусым күндері II Каспий маңы елдерінің пәнаралық эндохирургиялық конгресі өтеді. Эндохирургия саласындағы жылдың ең ірі әрі мазмұнды оқиғаларының бірі өңір медицинасының дамуына да оң әсерін тигізеді деп күтілуде. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Қазақстан эндохирургиялық қауымдастығының президенті Владимир Котлобовский мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, конгресс аясында Қазақстан, Түркия, Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия және басқа да елдерден келген жетекші хирургтар, ғалымдар мен медициналық ұйым өкілдері бас қосады.
"Медициналық ұйым өкілдері эндохирургиядағы соңғы технологиялар, күрделі оталар, инновациялық әдістер және кәсіби стандарттарды ортаға салып, тәжірибе бөліседі. Биылғы іс-шараның ерекшелігі – Ақтау қаласының 2025 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесін иеленуі. Бұл мәртебе аймақтағы ғылым, білім мен мәдениет салаларындағы ықпалдастыққа тың серпін беріп отыр. Аймақ елдері арасындағы кәсіби достықты нығайтудың ең жақсы үлгісі – дәл осындай алаңдар. Ақтау қаласында осындай жоғары деңгейдегі конгрестің өтуі – үлкен мәртебе әрі тарихи оқиға", - деді Владимир Котлобовский.
Брифинг барысында медицина ғылымдарының докторы Серік Тоқпанов практикалық шеберлік сабақтары мен ғылыми бағдарлама аясында талқыланатын тақырыптарды баяндады.
"Конгресс алдында яғни 17–18 маусым күндері Ақтаудағы клиникалық базаларда преконгресс шеберлік сабақтары өтеді. Ал 19–20 маусымда «Достық үйінде» негізгі күн тәртібі басталады. Бағдарламада — 3D HD, ICG, 4K визуализациямен жоғары технологиялық лапароскопиялық операциялардың тікелей көрсетілімі, отандық және шетелдік сарапшылардың ғылыми баяндамалары, балалар, әйелдер, урологиялық, абдоминальды және эндокриндік хирургия бағытындағы дөңгелек үстелдер мен пікірталастар, хирургтар мен медбикелерге арналған симуляциялық тренингтер мен оқыту сессиялары бар. Біз конгресс барысында дәрігерлердің жаңа буынын, жас хирургтарды оқытуға басымдық береміз", - деді Серік Тоқпанов.
Медицина ғылымдарының кандидаты, ұйымдастыру комитетінің мүшесі Сергей Ахундовтың айтуынша, конгрестің ғылыми ауқымы аса кең.
"Конгресс аясында бірнеше ірі іс-шаралар қатар өтеді. Оларды атап айтқанда, халықаралық бариатриялық хирургтар клубының (IBC) Орталық Азиядағы алғашқы саммиті, IBC Қазақстан филиалының тұңғыш симпозиумы және Қазақстан эндохирургиялық қауымдастығының 8-съезі. Дәл осы ірі шараларда бірегей ғылыми зерттеулер, клиникалық бақылау нәтижелері ұсынылып, аймақтық стандарттар мен клиникалық протоколдар талқыланады. Конгресске хирургтар, гинекологтар, урологтар, эндокринологтар, анестезиологтар, балалар дәрігерлері, операциялық мейібикелер мен резиденттер де шақырылады", - деді Сергей Ахундов.
Айта кетейік, конгресске қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. Тіркеу сілтемесі: https://medq.kz/events/4124
Тағы басқа мақалалар...
12 ішінен 243 беті

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.