- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 88 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/8Hi7drgWXz0?si=nL6XN0yd3a_WSRnM"
Бүгін Алматы қаласында американдық 'Тонал Соул' джаз тобының келуіне орай Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында, студенттерге арналған шеберлік сағаты өтті.Толығырақ тілші материалында.
Өнердің- өрісі кең демекші, шеберлік сағаттың басты мақсаты студенттерді жан-жақты дамыту.Музыкалық тұрғыдан тәжірибие алмасып, мәдениетімізді өркендету.
ВЕНЕРА АЛПЫСБАЕВА, МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ «Бұл шеберлік сағаттың басты мақсаты әрине бұл студенттер арасындағы тәжірбие алмасу, бұл профессияналды түрде Американың стильдік жағынан, айтылу манерасы жағынан, өнері жағынан біздің балаларды баулу және сонымен қатар біздің студенттер өз өнерлерін паш етеді. Жалпы енді өздерінің білімдерін шыңдау мақсатында, әншідік өнерін шыңдау мақсатында, инструмент аспапта ойнау өнерін шыңдау мақсатында жасалынып жатқан шара.Сондықтан мен ойлаймын, біздің балалар бүгінгі шеберлік сағаттан өздеріне біраз нәрсені жиып алады жәнеде мәдени түрғыдан профессияналды түрғыдан бүгін бір әдемі тамаша коллабрация болады».
Тонал Соул джаздың суырып салма рухын, хип-хоптың ырғақты серпінін және соул музыкасының эмоционалды тереңдігін бір арнаға біріктіретін әйелдер тобы.Топ продюссерінің айтуынша олар Қазақстанға әйелдер көшбасшылығын мерекелеу үшін келген, сонымен қатар бірнеше қалаларды аралап, тұрғындарды көңілді әндерімен қуантуда.
ДЖЭЙСИ КАПРИС, ӘНШІ, ПРОДЮСЕР; «Бүгін біз осы университетте студенттермен шеберлік сыныбын өткізіп, музыканы бірге жасап, олардың не істей алатынын, музыкалық тұрғыдан не істей алатынын тыңдап, әңгімелерімізбен бөлісеміз. Сондықтан біз осында көңіл көтеруді, араласуды және байланыс орнатуды асыға күтеміз. Сондай-ақ, бұл Қазақстанға тамаша сапар болды, біз мақтан тұтамыз, осында келіп, музыка, азық-түлік, тарих сияқты тамаша мәдениетпен танысу біз үшін үлкен құрмет болды және біз жақын арада қайтып келе аламыз деп үміттенеміз».
Музыкадан басқа, Tonal Soul сахнаны маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу үшін пайдалануға сонымен қатар, әйелдер мен жастарды әлеуметтік теңдік, зорлық-зомбылық пен қылмыстың алдын алу, құқықтарды кеңейту және жан-жақты әлеуметтік даму секілді маңызды тақырыптарға үн қосуға шақырды. Айта кетейік, 22 қыркүйек танымал топ Қазақстанға ерекше құрмет ретінде Арбатта қазақ тілінде ән шырқайтын болады.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 223 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/hse87dq1R7U?si=FovDm_-xsLp4WFtl"
Қазақ әдебиеті әлемінің алыбы,балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына - 100 жыл. Ғасырға толған ұлы той жазушының туған өлкесі Нарынқол өңірінде тойлануда. Ұлы даланы дүбірге бөлеген мерейтойға арнамызда қатысып жатыр.
Ұлтымыздың руханияты мен мәдениетіне қалам тербеген заңғар жазушының шығармашылығымен сусындамаған қазақ жоқ. Тіпті, әдеби әлемі “ЮНЕСКО”, “ТҮРКІСОЙ” көлемінде аталып өтуде. Балалық шағындағы бастан өткерген өмірі шығармасына арқау болып,әр кейіпкері бала жанының сүйікті кейіпкерлеріне айналды. “Менің атым Қожа” шығармасы экрандалып,кино өнерінің де құнды қазынасын толықтырды. Шоқтығы биік шығармасынан үзінді қойылып, бүгінгі тойдың шымылдығын түрді.
Алты алашқа ортақ жазушының ғасыр тойы қазақ әдебиетінің,мәдениетінің өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтардың басын қосты. Бала Қожаның кейіпкерін сомдап,сол бейнемен көрерменінің көкейінде қалған Нұрлан Сегізбаев та жазушының рухына тағзым ете келген.
НҰРЛАН СЕГІЗБАЕВ АКТЕР
Рухани кеште жазушының 4 томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді. Асылдың артында қалған ұрпақтарымен де тілдесудің сәті түсті. Жан сарайында әкенің әлеміне деген сағыныштың сайрап жатқанын аңғардық.
САМАЛ СОҚПАҚБАЕВ Б.СОҚПАҚБАЕВТЫҢ ҚЫЗЫ
Мерейтой екі күнге жалғасады.Нар тұлғаның туған өлкесі Нарынқол өңірінде ескерткіші ашылады.Азулы ақындар айтыс өнерімен сусындатып, ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтеді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 89 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/6Wot1Nogno4?si=2zOXPi8sERn_Pinx"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 84 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/FqTw0ScySCk?si=AMoNd4no__5r8gkm"
Алматы облысының көрікті жерлеріне жеткізетін жолдың сапасы мүлдем сын көтермейді. Жалпы, еліміз бойынша автожолдардың хәлі тым мүшкіл. Себебі, не техникасы не тәжірибиесі жоқ компаниялар жол салуда. Салдарынан халық жапа шегіп жатыр. Осылай деген Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев, үкімет басшысына сауал жолдады.
ЖАНБОЛАТ ЖӨРГЕНБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Өңірлерде жүріп жатқан жол-құрылысында тиісті тәжірибесі жоқ компаниялар, бір күндік немесе басқа объектілерді салуда тәжірибесі бар, бірақ автомобиль жолдарын салуда тәжірибесі жоқ компаниялар келеді. Олар кейіннен қосалқы мердігерлер ретінде жолдарды жөндеуде,салуда үлкен тәжірибесі бар компанияларды тартады. Осы қалыптасқан үрдіс айтарлықтай кедергі келтіріп отырғаны анық. Осы орайда, тапсырыс берушілердің талаптары заң бойынша қарастырылмайды және мердігерлерге шарттық міндеттемелерді орындау немесе кемшіліктерді жою үшін мерзімдер береді. Аталмыш кемшіліктерді пайдалана отырып, жосықсыз мердігерлер мемлекеттік сатып алуларға қатысуды және конкурстарда жеңіске жетуді жалғастыруда. Осыған байланысты, Сізден ҚР Қаржы министрлігіне электрондық депозитарийді дұрыс жүргізу бойынша бақылауды күшейтуді тапсыруыңызды сұраймыз, өйткені көптеген компаниялардың расталған жұмыс тәжірибесі сатып алу нысанасына сәйкес келмейді, осылайша объектілерді салу мерзімдері үзіліп, бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалуда».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 95 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/UEr9Q9y63WU?si=ETXVXIcORWRkiqLu"
Алматы облысында күзгі егін орағы басталды. Диқаншылар жиын-терім жұмыстарына кірісіп кетті. Дала жұмыстарының барысын көріп үшін, Балқаш ауданына барып қайтқан болатынбыз.Келесі бейне материалға назар аударсақ.
Ерінбей еңбек еткен жанға қасиетті Жер -ананың берер өнімі мол. Тек, тіршілік тірегін тиімді пайдалана білу керек. Әсіресе, Жер ырысын маңдай терімен сауып келе жатқан диқаншылардың әр жылда алатын өнімі маңызды. Өздеріңіз көріп тұрған мына шаруашылық «Бірлік» шаруа қожалығы.Ауа райының қолайлы сәтін қалт жібермей, әр еңбек күнін ұтымды пайдалануды мақсат еткен диқандар қауымы қызу еңбекке кірісіп, қырманды ақ маржанға толтыру қамына кірісті. Егіс алқабында да, қырман басында да – қарбалас тірлік жүріп жатыр.
АЛМАС ҚЫСТАУБАЕВ «БІРЛІК-АГРОФИРМАСЫ» ЖШС БАСШЫСЫ
Күріш өсірудің қыр-сырына қанық қожалық, егіс алқабында жұмыс кідіріссіз жүріп жатыр. Аталған шаруашылық көктем айларында өздеріне тиесілі суармалы жерге ақ алтынды сепкен болатын.Жаз бойы күтімде болған күріш алқабын шаубуға білек сыбана кірісіп жатыр. Бұған қолда бар техниканың жеткілікті әрі толықтай жұмыс істеуі сеп болуда. Шаруашылықтың басшысы Алмас Қыстаубаевтың айтуы бойынша дала жұмыстарына әлі де мамандар тапшы. Дей тұрғанмен диқаншыларға қолдан келгенше жағдай жасалады.
АЛМАС ҚЫСТАУБАЕВ «БІРЛІК-АГРОФИРМАСЫ» ЖШС БАСШЫСЫ
Шаруа қожалығы сапалы өнім алу үшін ғалымдармен тығыз байланыс орнатқан.Жаңа күріштің сорттарын әкеліп, тәуекелге барып отырады.Нәтежиесі жаман емес.
ЖАНАТ АЙМАҚОВ «БІРЛІК-АГРОФИРМАСЫ» ЖШС АГРОНОМЫ
Мамандардың айтуы бойынша күріштің янтарь мен регуль сортының айырмашылығы шығымында.Сондай-ақ пісу мерзімінде.Дегенмен шаруашылық иелері көздеген межеге жетуді жоспарлап отыр. Егіс алқабынан орылып,қамбаға түскен ақ алтын,күріш зауытында ақталып жатыр.
АЛМАС ҚЫСТАУБАЕВ «БІРЛІК-АГРОФИРМАСЫ» ЖШС БАСШЫСЫ
Ерінбей еңбек етсең, береке болады. «Бірлік» шаруа қожалығының негізгі ұраны да осы.Қамба асқа толсын.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 80 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/oTtnKjNSLEw?si=oInLJZib5GuIzXh1"
БҚО Қаражар ауылының мектебінің іргесі қаланып жұмысын бастағалы 65 жыл болған. Кәзіргі таңда 10 бала оқитын білім ошағында шағын орталық жұмыс істейді.
Ауыл тұрғындары мектеп пен орталық бала санының аздығына байланысты жабылуы мүмкін деген үреймен өмір сүруде. Білім ошағы апатты жағдайда. Қыста суық. Ғимаратты көмірмен жылытады.
АЛМАЗ ІЗТІЛЕУОВ ҚАРАЖАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Қаражар Переметный ауылынан 6 шақырым қашықта орналасқан. Тұрғындар жыл он екі ай бойы жол азабын тартуда. Әсіресе, ауылдық ағайынға балшық пен боранда қиын.
АЛМАЗ ІЗТІЛЕУОВ ҚАРАЖАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Ауылдың негізгі тірегі -мектеп. Білім ордасы жабылса ауыл да қаңырап бос қалады. Бәйтерек ауданының білім беру бөлімінің басшысы Қаражардағы мектеп пен орталық жабылмайды деп хабарлады.
АЙНАГҮЛ БАЯНОВА БҚО БӘЙТЕРЕК АУДАНЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
«Бәйтерек ауданында 5 бастауыш мектеп бар. Оның бірі- Қаражар ауылында орналасқан. Мектепті жылыту үшін көмір жағады. Ғимарат ескі, апатты деп айтуға болады. Төтеншеліктер мектепке газ жүргізуге рұқсат бермей отыр. Біздер оқушыларды ыстық тамақпен қамту ісі жолға қойдық. Локалды интернеті бар. Бала санының аздығына байланысты жаңадан мектеп сала алмаймыз. Ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда Қаражардың орта буында оқитын 28 оқушысы Камен мектебінде білім алады. Қаражар бастауыш мектебі жұмысын жалғастырады».
2019 жылы Қаражар мен Переметный тас жолына қиыршық тас төселіп, аз-маз жөнделіпті. Аудан орталығының әкімі биыл осы жолдың жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда деп хабарлады. Жөндеу жұмыстарының құжаты мемлекеттік сараптамадан өтуі тиіс.
АЛЕКСЕЙ ГЕРАСИМОВ ПЕРЕМЕТНЫЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: «Переметный-Қаражар тас жолының тозығы жетті. Оны жөндейтін уақыт келді. Жол ауданның тұрғын үй коммуналды шаруашылығының баласында. Биыл осы жолдың жобалық құжаты дайындалып жатыр. Қаражат болса, келер жылы Қаражардың жолын күрделі жөндеу жоспарланып отыр».
Қаражар ауылының қара жолы мен мектептің күрделі жөндеуі қаражатқа келіп тіреліп отыр.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 67 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/P5bOJ02y1nk?si=h1mf_lsjlSE2wPsF"
Ақмола облысына қарасты Есіл ауданында 21 отбасы жақын арада қоныс тойларын тойламақ. Көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге облыс әкімі Марат Ахметжанов салтанатты түрде жекеменшік сектордан 3 бөлмелі үйдің кілттерін табыстады. Жылдар бойы апатты деп танылған баспаналарда тұрып келген отбасылар 3 айда үйлі болды.
Көктемгі су тасқынынан зардап шеккендердің бірі – Қыстаубаевтар отбасы. Жарты ғасыр бұрын салынған үйінің ішіне шамамен 60 см-ге дейін су көтерілген. Салдарынан үй де, ондағы мүлік те жарамсыз болып қалған. Бүгінгі таңда жаңа баспананың иесі болғаныма қуаныштымын,-дейді көпбалалы әке.
БӘРИ ҚЫСТАУБАЕВ ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Жаңа үйлерді көріп қуанып жатырмыз. Су тасқыны кезінде бәрі бізге қамқор болды. Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа алғысым шексіз! +скл+Үйіміз жақсы, сыйлы, әдемі.Жаңа үйімізді биіктек жерге салды, соған қуанып жатырмыз».
Сондай-ақ, топан судан зардап шеккен 16 отбасына елдімекеннің кез-келген шағын ауданынан қалаған пәтерін алу мүмкіндігі беріліп, баспаналы болды. Ал, апатты деп танылған 40-қа жуық ескі үйлер сүрілмек.
МАРАТ АХМЕТЖАНОВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Біз осындай сын сағатта бәріміз бірігіп, осы су тасқынында болдық. Жаппай бір адамдай, бір ел болып бәріміз. Ауызбіршілік көрсетіп тасқынға тосқауыл қойып, бүгін міне жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жатырмыз. Президенттің үндеуіне құлақ салып келіп осы міне жақсы бір көше салынды. Биыл бағдарлама өзгеріп жатыр. Енді осындай жаңа үйлерді салып, оны мұқтаж адамдарға табыстау бағдарламасы басталып жатыр.Осы жерге тағы да, тағы да қосымша үйлер салынады. Бұл жоспарымызда бар. Қаражат бөлінді».
Жалпы, аймақта зардап шеккен 200-ге жуық отбасының жарамсыз деп танылған мүліктеріне арнайы өтемақы төленді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 78 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/r_Kp9KHYGAU?si=ZiHid6_CBWsO-CzN"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 98 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/3VbimeIF4yo?si=F1vVH16F6gHYornI"
Референдум — еліміздің даму сатысындағы маңызды мәселелелер бойынша өткізілетін бүкілхалықтық дауыс беру шарасы. Елімізде атом электр стансасын салу мәселесі осы референдум арқылы шешілетін болады. Қазіргі таңда бұл бағытта барлық өңірде референдумға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум 6 қазанда өтетінін айтқан болатын.Қазір айтулы маңызды мәселені ұйымдастыру үшін еліміздің әр аймағында қызу дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданында аумақтық референдум комиссиясының мүшелері бас қосты.
МЕЙРАМГҮЛ ҚАЗЫБЕКҚЫЗЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Отырыста атом электр станциясын салу мәселесі азаматтардың пікірін ескеру мақсатында жалпыұлттық референдум арқылы шешілетіні сөз болды.Маңызды шараны барлық заңдылықтарды сақтай отырып,ұйымдастырудың тетіктері талқыланды.
МЕЙРАМГҮЛ ҚАЗЫБЕКҚЫЗЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Сарапшылардың пікірінше экономикамыз күн өткен сайын қуатты энергияны қажет етеді. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұрғанын алға тартуда. АЭС-ті салуға елімізде екі өңір қарастырылған болатын.Бірі Абай облысындағы Курчатов болса,екіншісі Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Үлкен елдімекені.
НҰРЛАН ЕРТАСҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Қазір әлем бойынша 31 мемлекет атом электр станциясын пайдаланып отыр. Олардың қатарында АҚШ, Франция, ҚХР, Жапония, Ресей және Оңтүстік Корея,Канада мен Украина, Германия, Швеция, Испания, Үндістан және Бельгия елдері бар.АЭС салу мәселесі елімізде де бірнеше жылдардан бері қозғалып келеді. Тоқ етері алдағы 6-қазанда өтетін референдум барысында шешілетін болады.
НҰРЛАН ЕРТАСҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 89 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/_4ITXYUYLW0?si=MH4VcX7I6IuCmUs2"
Әр адам,әр жасөспірім еліміз үшін маңызды тұлға. Болашағымыз,ел ертеңінің тұтқасы балаларымыз күйзеліске түскен жағдайда тез арада жәрдемдесу мақсатында Алматы қаласы,Бостандық аудандық «SENIM» психологиялық қолдау көрсету орталығы өз жұмысын бастады.
Орталық алғашқы жұмыс күнін архитектура,дизайн және инженерия колледжі қабырғасынан бастады. Бостандық ауданы әкімшілігі және білім басқармасының қолдауымен бастау алған игі шарада жастарды жан жақты қолдау тақырыбында тағылымды ойлар айтылды.
СӘКЕН АРАЛБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОСТАНДЫҚ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Ауданның ең үздік психолог мамандарының басын біріктерген жоба құқықтық көмек,психологиялық қажеттілік туындаған білім ошақтарына көмек көрсететін болады. Әр айдың соңғы бейсенбісінде білікті мамандар жиналып бір күнін осы іске арнамақ.
АСЫЛ АСҚАРҚЫЗЫ «SENIM» ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГЫ
Бұл игі бастама тек Бостандық ауданында ғана емес психолог қажеттілігі туындаған қаладағы барлық ата-ана,балалар үшін есіктері айқара ашық. Арт терапия,ертегі,қуыршақ сынды терапиялар балалардың мәселесіне қарай тағайындалады.
АЙГҮЛ ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БОСТАНДЫҚ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Еліміздің өскелең жастарының озық ойлы,бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына орталықтың тигізер пайдасы мол.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 105 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/hW8ZWIRdHLM?si=m6gUJooUTeTImk0n"
Жөргектегі тәрбиесі жер көкке сыйғызбай әскерге барып, отанымды қорғаймын деген балаларға қиянат жасалуда. Осылай деген Мәжіліс депутаты Нартай Аралбай қазақ армиясының қазіргі ахуалын Парламент қабырғасында көтерді. Әскердегі әлімжеттікті тыятын уақыт келді дейді мәжілісмен.
Жалындаған жастық шағында әскерге барып, Отан алдындағы борышын өтеу,ер азамат үшін міндет. Алайда, сарбаздың рухын көтеретін орын соңғы жылдары неге «өлім» ошағына айналды? «Әскер» десе үрейленіп, қорқатын, ол жаққа бауыр еті баласын жібергісі келмейтін ата-аналар қатары артыпты. Депутат әскери прокуратураның дерегін мысал етті. Айталық, соңғы төрт жылда әскерде 86 суицид тіркелген, 20 әскери адам өз-өзіне қол салуға оқталған. Иә, сандар қорқынышты.
НАРТАЙ АРАЛБАЙҰЛЫ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Бейбіт күнде сарбаздарымыз түрлі дене жарақатын алып, кейбіреуі қайтыс болып жатыр. Бұл бір емес, бірнеше рет қайталанған жағдай. Осының салдарынан айыппұл салмақ түгілі айып тақсаң да ешкім бауыр еті баласын жастар жан тапсырған орта – әскер қатарына жібергісі келмейді. Әскери прокуратураның дерегінше, соңғы үш жылда Қазақстанда 270 әскери қызметкер қайтыс болған, ал соңғы төрт жылда әскерде 86 суицид тіркелген, 20 әскери адам өз-өзіне қол салуға оқталған. 2023 жылғы тамызда әскери бөлімшелердің бірінде командир әскерге жаңадан келген сарбазды орындықпен ұрып, соққыға жыққан. 2024 жылдың маусым айында Жамбыл облысының бір әскери бөлімшесінде әскерге келгеніне бір-ақ ай болған сарбаз ес-түссіз жансақтау бөліміне түскен. Ал таяуда орын алған жағдай бүкіл отандасымыздың ашу-ызасын туғызды. Ұлттық ұланның жауынгері Ербаян Мұхтар басынан алған жарақаттан бес ай бойы ес-түссіз жатыр. Жауаптылар болса қашанғыдай жауапкершіліктен жалтарып «Ербаян дәретханаға құлап, жарақаттанды» дейді. Бұған кім сенеді? Жарақаттың салдарынан сарбаздың басының жартысын алып тастауға тура келген. Енді оған тұрақты күтім қажет. Осы тұста тағы бір түйткіл бар, әскери қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы төмен. Олардың айлығы шайлығына жетпейтіні, әлеуметтік жағдайларының төмен екені әмбеге аян. Бұл жағдайды түзету де кезек күттірмейтін мәселе».
Депутат Нұргүл Тау болса, үй ала алмай жүрген жастар жайын айтты. Сандарды сөйлетсек. 4,5 миллион адам үйге мұқтаж. Оның 1,3 миллионы жастар. Ал, 2 миллионнан астам азамат үй жалдап тұрып жатыр. Олардың біраз бөлігі студенттер. Біз айтпасақ та мәлім, пәтерді жалдау бағасы күннен-күнге шарықтап барады. Сондықтан, депутат үй мәселесін шешу үшін шетелдік тәжірбиені енгізуді ұсынады.
НҰРГҮЛ ТАУ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Бүгінгі таңда бір азаматтың мойнында бірнеше несиесі бар отандастарымыз аз емес. Бұл мәселе Мәжіліс қабырғасында да көтерілді. Осылайша, көптеген отандастарымыз алғашында үй үшін несие алса, содан кейін сол үйге жөндеу жұмыстарына несие алады. Бұл мәселені шешу үшін тұрғын үйлердегі пәтерлерді толықтай жөндеу жұмыстарынан кейін пайдалануға беру ұсынылады. Бұл тәжірибе Аустрия, Германия және Франция елдерінде тиімді қолданылып келеді. Бұл ретте, әр пәтердің жөнделу бағасы салымшымен алдын ала шартта белгіленетін болса, мүлік бағасының шарықтауын алдын алуға болады деп есептейміз».
Парламент қабырғасында депутаттар көтерген бұл мәселе түгел дерлік әлеуметтік проблема. Сол жағдайларды шешіп реттеу, ол мемлекеттік органның құзіретінде. Осыны алға тартқан депутат Ринат Зайытов меморгандар жұмысын сынап, шенеуніктерге халыққа жақын болуға кеңес берді.
РИНАТ ЗАЙЫТОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Өңірлердегі және алып мегаполистердегі шолақ белсенді, орташа деңгейдегі қызметкерлердің «өзім білемдікке» салып заң бұзуы азаятын емес. Оған мысалымыз да, дәлеліміз де жетіп артылады. Бұған тоқтау қоятын Бас прокуратура, Жоғарғы Сот пен министрлердің есігі халық келгенде бір ашылған емес. Бұл қалай? «Естуші Үкімет» қағидатын ұстануды тапсырған Мемлекет басшысының сөзі ескерілуге де татымағаны ма? Өкініштісі сол. Бұл заңдарды орындауда мемлекеттік органдар салғырттық танытып отыр. Сонда, жалғыз баласы жаламен сотталған ана, жарының жұмбақ қазасы, жылдап тергелмеген әйел, әскердегі ұлы мүгедек болып қалған әке, кәсібінен заңсыз айырылған кәсіпкер, жалғыз баспанасы алаяқтарға қолды болған отбасы, сот шешімін орындата алмай жүрген жәбірленушілер т.с.с. мыңдаған қорғансыз халық әділдікті қайдан таппақ? Білсеңіздер айтыңыздаршы! Қазақта: «Байды құдай ұрарда – байлығына мас болар, Биді құдай ұрарда – бұқараға қас болар» - деген ескерту бар. Халықтан қашпаңыздар».
Айтпақшы, мәжіліс депутаттары бүгін белсенді. Жаппай әлеуметтік сұрақтарды талқылап жатыр. Олар ауылдық жерлердегі халықтың әсіресе, ауыл шаруашылығына ұзақ жыл тер төккен азаматтардың зейнетақысын көтеруді ұсынды. Алайда, бұл тек ұсыныс қана. Оның қолдау табуы немесе таппауы белгісіз.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 78 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/nnmpx-M5Bz4?si=DL6kfHfXLemGHg88"
Тағы басқа мақалалар...
9 ішінен 195 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.