
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 129 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/1TgBJ5zUg_M?si=7h2Vt96obJWJYXZ3"
Бүгін Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Көкөзек ауылында «KTEG Kazakhstan» ЖШС зауытының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа кәсіпорын-өңірдегі ең ірі өндірістік нысандардың бірі болмақ. Жалпы инвестиция көлемі — 70 миллиард теңге, бұл қаржының барлығы компанияның жеке капиталы есебінен құйылған. Зауыт жобалық қуатына шыққан соң Еуразия мен ТМД нарығына сапалы өнім жеткізуді қолға алмақ. Зауыт арқылы Қазақстан бюджетіне жыл сайын шамамен 25 миллиард теңге салық түседі деп күтілуде. Шараға арнайы келген Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бұл жобаның өңір үшін маңыздылығын сөз етті.
МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Бүгін біз KTЕG компаниясының үлкен жобасының ашылуына қатысып отырмыз. Ол енді бізе тек өңірге ғана әсер емес жалпы ауданға облысқа, Республикаға да әсері бар.Өйткені бұл импортты азайтуға мүмкіндік береді.Бүгінгі күнге Алматы облысы 100 пайыз темекі өндірісін шығарып келе жатыр осы Қазақстанда. Бұл компания KTEG тек қана темекі өндірісі емес, бұлардың басқа да салалары бар фармацевтика, дәрі шөптер сол жағынан да ары қарай қарым-қатынас құруға үлкен мүмкіндіктеріміз бар».
Бұл — Оңтүстік Кореяның KT&G корпорациясының Қазақстандағы алғашқы жобасы және ол толығымен жеке инвестициялар арқылы жүзеге асырылды. Сондай-ақ, зауыттағы өндіріс процесі толықтай автоматтандырылған, халықаралық сапа стандарттарының талаптарына сәйкес келеді. Шикізатты сатып алудан бастап, дайын өнімді орауға дейінгі барлық кезеңде қатаң бақылау жүйесі жұмыс істейді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 134 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/gyInMgvlj24?si=GngZOcNsiW3Y-eSq"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 148 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/8IYb7lcUTGw?si=0ZvGoJ55xB6_dJkF"
Бас Прокуратураның бастамасымен есірткіге жол жоқ акциясы кеңінен тарап, барлық құзырлы органдармен жастар арасында қызу қолдау тауып отыр.Мақсат, зиянды заттардан жас ұрпақтың бойын аулақ ұстау. Осыған орай Жетісу облысына қарасты Алакөл аудандық прокуратурасы аталмыш акцияның маңыздылығын алға тартып, халықтың қаражатын алдау арқылы қағып жүрген алаяқтардан сақ болуға шақырды.
ЕРЛАН ҚАСЫМБАЕВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ АЛАКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ
Бас прокуратураның бұл бастамасына елімізге танымал өнер жұлдыздары да қолдау білдіруде.
СЕРЖАН МОЛДАСАНҰЛЫ ПРОДЮСЕР
РОЛАН ҚАЗРЕТОВ ӘНШІ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 145 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/xTRDJVq_JnU?si=y2G1cVacFSAISD5W"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 135 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/YVAuaIGVoW0?si=unKiZX197goyPB6D"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 155 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/tElaI1wYfMI?si=srNaAj8HFSufwweO"
Қазақстандағы азаматтық авиация саласы сын көтермейді. Авиаотын тапшылығы мен қымбат билет бағасы және халықаралық стандарттарға сай емес әуежайлар. Сенат депутаты Сүйіндік Алдашев бүгін жоғары палата депутаттарының отырысында осы мәселерді көтерді. Бұл өзекті проблеманы шешуге Үкіметтің араласуын сұрайды.
СҮЙІНДІК АЛДАШЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Өкінішке орай, авиаотынды сатудың және оны бағасын белгілеудің ашықтық жоқ. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың бұл мәселені реттеуге біріңғай көзқарасы жоқ. Жерүсті қызмет көрсету аумағымен әуежай инфрақұрылым бірқатар өңірлерде апатты жағдайда және қайта құруды қажет етеді. Сонымен қатар әуежай тарифтері 2014 жылдан бері қайта қаралмағынын айта кеткен жөн».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 159 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/22IQF74aeiE?si=0gIU4riAqx4LoI8Z"
Ұрпаққа патриоттық тәрбие беру – бұл кез келген мемлекеттің болашағын қалыптастырудағы ең маңызды міндеттерінің бірі. Патриотизм – адамзаттың өз Отанына, халқына, мәдениетіне, тарихына деген сүйіспеншілігі мен адалдығы.Осы орайда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастарылған музыкалық әдеби көркем қойылымның куәсі болып қайттық.Іс-шараның мақсаты -жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімін ояту, елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
АСҚАР САРБАҒЫСОВ, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ №86 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫ: «Бүгінгі аталмыш мектепте өтіп жатқан іс-шара бастауыш сынып төртінші сынып арасында өтті.Бұл шараның негізгі тақырыбы- Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған ұрпақтар сабақтастығына байланысты, жалпы біздің ата-бабамыздың жүріп отқан Ұлы жеңісті күндерін мынау өскелең ұрпаққа паш ету, соларға баяндау мақсатында жасалған іс-шара болатын, яғни ата-бабаларымыздың ерлігін жариялау мақсатындажасалған іс-шара. Жалпы негізгі мұндай іс-шаралардың өскелең ұрпаққа, оқушыларымызға берері үлкен өйткені бұл жерде ата-бабамыздың рухына тағзым жасау арқылы патриоттық тәрбиені күшейту».
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – бұл тек мерейтой ғана емес, бұл – тарихтан сабақ алу, ата-бабаларымыздың ерлігін еске алу, бейбітшіліктің қадірін бағалау және оны сақтауға үлес қосу мүмкіндігі. Біз ұрпақтан-ұрпаққа Ұлы Жеңістің рухын жеткізіп, ата-бабаларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпауымыз керек. Ұлы Жеңіс – мәңгілікке біздің жүрегімізде, жадымызда сақталары сөзсіз.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 342 рет қаралды
Алматы қаласы, Наурызбай ауданындағы "№207 мектеп-лицей" КММ-де жаратылыстану-математика пәндер бірлестігінің онкүндігі ұйымдастырылды. Осы шара аясында "Оқыту үдерісіндегі жасанды интеллекттінің тиімді мүмкіндіктері" тақырыбымен қалалық семинар өтті.
Бұл семинардың мақсаты - білім беру процесінде жасанды интеллект пен ақпараттық технологияларды қолданудың тиімді әдістерін зерттеу және білім алушылардың қабылдау психологиясына ықпал жасайтын инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы оқытудың сапасын арттыру тәжірибесімен алмасу.
Іс-шараға Алматы қаласының 8 ауданындағы білім беру ұйымдарынан жас мамандар қатысты. Семинарды мектеп-лицей директоры А.Елеманова ашып, жас мамандарға бұл семинардың маңыздылығын, бүгінгі күні оқыту үдерісіндегі жасанды интеллекттінің тиімді мүмкіндіктері тек қана математика, информатика, физика пәндерінде ғана емес, барлық оқу пәндерінде өзекті екенін атап өтті.
Қалалық семинарға білім беру ұйымдарынан келген жас мамандар ашық сабақтарға қатысып, №207 мектеп-лицейдің жас мамандарының өткізген сабақтарындағы жаңашылдығын, сабақтағы зерттеулеріне, іздемпаздылығына ризашылықтарын білдірді.
Осылайша қатысушылар кәсіби даму бағытында жаңа қадамдар жасады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 146 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/61742ZiWb30?si=bvNUuZ_Bcx-SNiJ_"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 152 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/JKF498ET-e0?si=e64r2CofZuzVBtn1"
Алматы қаласының тұрғындары қазақ өнерінің ірі тұлғасы Асанәлі Әшімовпен кездесті. «Алаштың Асанәлісі» деп аталған шараға назар аударсақ.
Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, даңқты актер Асанәлі Әшімұлы шығармашыл жастармен жүздесіп, өмір жолы мен өнердегі өнегесі туралы ой бөлісті. Шараның мақсаты — қазақ өнерінің абыз актерін жастарға жақынырақ таныстырып, оның өмірлік тәлімі мен өнердегі шеберлігін ұрпақ санасына сіңіру. «Алаштың Асанәлісі» деп аталған кездесу «ARTist» авторлық жобасы аясында болды. Өнерсүйер қауым үшін ерекше мәнге ие бұл шара №4 кітапханада өтті. Жүздесуге келген жастар Асанәлі Әшімовтің актерлік шеберлігіне, өмірлік ұстанымына қатысты сұрақтар қойып, шынайы әрі әсерлі әңгіме тыңдады.
ӘЛИЯ ІҢКӘРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ОКЖ-НІҢ №4 КІТАПХАНА ЖЕТЕКШІСІ «Бұрынғы жүйеде оқырмандар тек кітап оқып отыратын болса, кітапханада өнерге, руханиятқа қатысты талқыланатын болады. Авторлық жобаның басты өзегі осы. Алдағы уақытта басқа да өнер адамдарын шақыруды жолпарлап отырмыз. Ол сурет өнері немесе бізге белгілі өнерлерден бөлек жаңа өнерлер шықты ғой қазір new арт деп жатыр. Сондай өнерпаздарды кітапханаға шақыруды жоспарлап отырмыз».
Айта кету керек, Асанәлі Әшімов - қазақ киносы мен театрының жарық жұлдызы. Оның «Қыз Жібек» фильміндегі Бекежан, «Атаманның ақыры» фильміндегі Шадияров секілді рөлдері - қазақ кинематографиясының алтын қорына енген. Әлемдік кино кеңістігінде ел мәдениетін танытқан тұлғаның шығармашылық жолы - жас буын үшін үлкен өнеге.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 162 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/sAus1VpaHYM?si=vflC5M_d-EfAEk3v"
Елімізде эндаумент- қорлар туралы жеке заң пайда болады. Заң жүйесінде ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар мен сыбайлас жемқорлыққа барған шенеуніктер бұл қорға құрылтайшы бола алмайды. Бүгін мәжіліс Нысаналы капиталға қатысты заңды бірінші оқылымда мақұлдады. Эндаумент-қордың активтері құрамына ақшалай қаражат, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік және зияткерлік меншік кіре алады. Оған мүлікті шектеусіз мерзімге, кем дегенде 10 жылға дейін беруге болады. Берілген мүліктің құны сақталады, тек оны басқарудан түскен инвестициялық табысты ғана жұмсауға рұқсат етіледі.
МАҚСАТ ТОЛЫҚБАЙ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бізде мына эндоумент фондтың құрылтайшысы боолуға жеке немесе заңды тұлғалар құқы бар. Сонымен қатар бұрын сыбайлас жеиқорлық, ауыр, аса ауыр қылмыстар үшін сотталған тұлғаларға шектеулер қарастырылмаған. Эндаумент фонд бұл ең алдымен қоғамдық сенімге негізделген қайырымдылық туралы деп маральдық этикалық тұрғыда алғанда қордың құрылтайшылары адалдық, қоғам алдындағы беделдігі зор маңызға ие болу керек сияқты болып көрінеді. Жемқорлық, ауыр қылмыстар жасағандарға ешқандай шектеу болмай ма? Кез келген қор құра бере ала ма?»
ЛАУРА МЕРСАЛИМОВА ҚР ӘДІЛЕТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «Заң жобасында да және қолданыстағы заңда да тиісті нысаналы капитал қорының құрылтайшысына қойылатын арнайы талаптар көзделмеген. Бірақ, сіз айтқан мәселе маңызды. Сондықтан құрылтайшыға шектеу қою мүмкіндігін Кониститутцияның 39 бабында көзделген талаптарын, Кониститутциялық кеңестің позицияларын ескере отырып, талқылауға мүмкін деп айтамыз».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 142 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/apvQ_8nyLYA?si=WyJ9AoF_hUK6moca"
Тағы басқа мақалалар...
13 ішінен 234 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.