Келесі жылы ақпан айынан бастап еліміздегі 18 жасқа толған барлық бала Ұлттық қордан ақша шеше алады
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 378 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/OGm8DwQ_UNc?si=N-AQeXiLNwPksv21"
Келесі жылы ақпан айынан бастап еліміздегі 18 жасқа толған барлық бала Ұлттық қордан ақша шеше алады. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ұлттық қор-балаларға» заң жобасын таныстырған Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты. Айта кетейік, елімізде 18 жасқа дейінгі балалар саны шамамен 7 миллион адамды құрайды. Бірақ, бұл көрсеткіш келесі жылдың ақпанына дейін өзгереді.
ДӘУРЕН ТЕМІРБЕКОВ ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «Ешқайда барудың қажет жоқ. Тиісті шоттар автоматты түрді БЖЗҚ ашылатын болады. 18 жасқа толғаннан кейін ол үшін кәмелетке толған балалар арнайы шотты уәкілетті операторларда ашуы керек. Электронды портал желісінде тиісті өтінім береді. Сол өтінім арқылы БЖЗҚ арнайы шотына аударылатын болады. 18 жасқа дейін автоматты түрде жіберіледі»
Ұлттық қордан балаларға берілетін бұл қаражат тек екі мақсатта жұмсалады: бірі –білім алуға, екіншісі тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған.
Бұдан былай Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдер арасында электрондық сауда көлемі артатын болады
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 348 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Cr7kdnOdwtA?si=rq0hKEFTt4imP0cG"
Бұдан былай Шанхай Ынтымақсатық ұйымына мүше елдер арасында электрондық сауда көлемі артатын болады. Оған кедендік кедергілердің жойылуы себеп болмақ. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов бүгін Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтіп жатқан отырыста осындай ұсыныс ұсынды. Сандарды сөйлететін болсақ, аймақішілік сауда 20 жылдан астам уақыт ішінде 100 есеге жуық өскен. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы шамамен 20%-ға өсіп, 61 млрд ақш долларына жеткен. Осыған байланысты Үкімет басшысы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы кеңістігіндегі сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мен дамытудың маңыздылығын атап өтті.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР МИНИСТРІ: «Электрондық сауда келешегі зор салалардың біріне айналып отыр. Түрлі бағалаулар бойынша, ШЫҰ елдерінде электрондық сатудан түскен жалпы табыс биыл шамамен $1,5 трлн-ды құрауы мүмкін. Біз ең әуелі, кедендік рәсімдерді жеңілдету арқылы, электрондық коммерцияны қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. «Қазақстан “Бір белдеу, бір жол” жаһандық жобасын жүзеге асыруға белсенді қатысып келеді. Бұл бастама Транскаспий халықаралық көлік бағытымен бірге “Шығыс-Батыс” және “Солтүстік-Оңтүстік” дәліздерінің мүмкіндіктерін ашу үшін қажетті алғышарттардың бірі болып табылады»
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов барлық жиынға қатысушыларды 2024 жылдың ақпан айында өтетін Digital Almaty цифрлық форумына қатысуға шақырды. Ол келелі кеңес ШЫҰ кеңістігінде цифрлық хабты қалыптастыруға арналатын болады.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 343 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/dZAejxjktQw?si=rQHWf_YvyLtjfT6Z"
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Жетісу облысына барды. Сапар аясында Президент өңірдегі бірқатар мәдени, туристік, өндірістік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласындағы тұрғын үй құрылысының жай-күйімен және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысады.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 367 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Yn0ebvTZdgY?si=YyeFELpNqzMWlwZz"
Республика күнінің құрметіне орай,көптеген игі бастамалар орын алды.Парламент Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаевтың бастамасымен бас қаламызда қайырымдылық шара ұйымдастырылды.Онда көпшілікке үлгі болып жүрген мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше құрмет көрсетілді.
Арбаға таңылса да,тағдырына налымаған Қарлығаш бимен айналысып,өзгеге үлгі болып жүрген азаматша.Өмірге құштарлығы сонша басына түскен қиындық,оның сағын сындыра алмады. Қазақтың қайсар қызы арбадағы биден Қазақстанның атынан шығып,алғашқы әлем чемпионы атанды.
ҚАРЛЫҒАШ СӘРСЕНБАЕВА АРБАДАҒЫ БИДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Сенатор Жанболат Жөргенбаевтың бастамасымен орын алған шараға Астана қаласының мәслихаты мен жастар театры қолдау көрсетті. Егемендігіміздің бастау алған күнінің құрметіне орай, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдан келгенше қолдау көрсетіліп,оларға қажетті заттар сыйға тартылды.
ЕРЛАН КАНАЛИМОВ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
АМАНЖОЛ ӘЛТАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Айтулы шараның өтуіне мұрындық болған депутат, өмірге құштар жандардың ерлігі көпшілікке өнеге болсын деген ниетпен бастама көтеріп отыр. Оның пікірінше мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамның толық мүшесі, әрі назардан тыс қалмауы керек. Керісінше олардың өмірге деген өжеттігі мен белсенділігі баршаға ой салмақ.
ЖАНБОЛАТ ЖӨРГЕНБАЕВ ҚР СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 377 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/gNya50esxHk?si=o4j2wGMT6curFQjZ"
Алматы облысы,Қарасай ауданында еліміздің бірлігі жарасқан ұлттарының достығын,жетістіктерімізді,стратегиялық мүддемізді айшықтайтын Республика күні мерекесі аталып өтті.
ЖАСҰЛАН ЕСТЕНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: «Қадірменді қауым,құрметті жерлестер! Басты мейрам ынтымағымызды нығайтып, асқар асулар бағындыруға жетелей берсін. Әр шаңыраққа қуаныш пен шаттық, мол бақыт әкелсін. Егемендігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз ғұмырлы,туымыз тұғырлы болсын. Мереке құтты болсын»!
Елдігімізді әлем алдында паш еткен айтулы мерекеде асық ату,тоғызқұмалақ ұлттық ойындарымыз дәріптеліп,көрмеге қойылған қолөнер бұйымдары көпшіліктің көңілін бір көтеріп тастады.
ҚАЙРАТ БАЙБАҚТИНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Мынау тыныштық заманда өмір сүріп жатырмыз. Соның барлығы елдің ауыз біршілігі мен ынтымағы деп айтсақ болады. Үлкен азаматтардың қызметте жүріп дұрыс жұмыс істеп ертеңгі күнімізге болашағымыды жарқын қылуымызға атсалысуымыз керек. Мына мемлкетіміздің іргесі тыныш болып,кеңбайтақ даламыз мына ұрпаққа бұйырып тұғырымызды биік көтеріп туымызды тік ұстап жүретін салиқалы ұрпақ нәсіп етсін».
Бұл күні Өзбек,Ұйғыр,Түрік этномәдени орталықтары құрылып қазақ еліне деген ықыластарын танытып ән-билерімен мерекелік шашу шашты.
ИЛИМДАР КАМИЛОВ ТҮРІК ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Қазақ елі,қазақ жері қасиетті жер. Көріп тұрсыз мына жақта барлық ұлттар қатысып жатыр. Себебі біз Қазақстанның азаматтарымыз. Қазақстанымыздың қанатиы қатая берсін. Берекелі мерекелі болайық. Байрағымыз күнге жетсін. Соған бәріміз ағайын болып бірігіп еңбек қылу керек».
Білім,денсаулық сақтау саласында қызмет атқарып еліміздің дамуына зор үлестерін қосқан аудан азаматтары марапатталып,еңбектері еленді.Елдігіміздің тұғыры мықты,тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 343 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/wcgYYGozHTw?si=m5RvFtIzonxycXlC"
Палестиналықтардың мыңдаған адамы Газа қаласындағы Хан-Юнис лагерінде тұрып жатыр. Жергілікті дәрігерлердің айтуынша, науқастар халық санының артуына және санитарлық жағдайдың нашарлығына байланысты ауру белгілерімен келеді.
Жергілікті билік, көмектің аздығы мен анклавқа түсетін дәрілердің шектеулілігін ескере отырып жақын арада денсаулық сақтау саласында дағдарыс басталуы мүмкіндігін жоққа шығармайды. Соджуд Наджм, оның күйеуі мен үш баласы басқа да төрт отбасымен бірге бір шатырда тұрады. Көрпе жетіспегендіктен жерде ұйықтайды.
СОДЖУД НАДЖМ – ГАЗА ТҰРҒЫНЫ: "Мен балалардың қолы мен денесін ең болмағанда құмнан тазарту үшін бөтелкедегі сумен шаямын. Толық шомылдыруға мүмкіндік жоқ. Таза киім де жоқ. Оларды отырғызуға болатын таза еден жоқ. Түнімен жөтеліп шығады. Үлкен ұлымның астмасы бар".
Ал 7 қазанда тұтқынға алынған израильдік адамдардың отбасылары туған-туыстарын босатуға шақырады. Орит Мейр өзінің 21 жасар ұлының тағдырынан әлі күнге дейін бейхабар. Ол ХАМАС қарулы содырлары шабуыл жасап, жүздеген жастарды өлтірген ашық аспан астындағы музыкалық фестивальде болған. Ол содырлардың желіге салған барлық видеоларын қарап шыққан. Ол жерден ұлын көрмепті.
ОРИТ МЕЙР – ИЗРАИЛЬ ТҰРҒЫНЫ: "Сол күннен бері ұлымды уайымдап жүрмін. Тірі ме, өлі ме білмеймін. Тірі болса қарны тоқ болса екен деп ойлаймын. Өзімде ас ішіп, ұйықтаудан қалдым".
Ал БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығысты талқылаған отырыс өтті.Онда Иран елшісі өз елінің соғыс қимылдарына қатысы жоқ екенін және АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің айыптауы қате екенін мәлімдеді. Бұл ретте Иордания сыртқы істер министрі журналистерге қақтығыстың таралуы «үлкен қауіп» екенін айтты.
Ал Израиль СІМ басшысы БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришті сынға алып, оны отставкаға кетуге шақырды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 487 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/h60qxzbEXw8?si=n3V7iTKAAQ5Yk-tb"
Тәрбие тал бесіктен басталады.Жастардың санасына Отан деген ұлы ұғымды ұғындырамыз десек, бала кезінен ел мен жерді сүюге тәрбиелеуіміз керек. Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты №150 бөбекжайда орын алған ертеңгілік, Республика күні мерекесінің құрметіне арналды. Онда, «Менің Қазақстаным» тақырыбында ұлық мейрам ұлықталды. 2022 жылдан бастап, Республика күні ұлттық мереке ретінде аталып өтілуде. Ұлт үшін маңызы зор датаға Ел Президенті ерекше мәртебе берді. Себебі 25 қазан Тәуелсіздік бастау алған тарихи күн.
САЛТАНАТ НҰҒМАНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНДЫҚ № 150 БАЛАБАҚШАНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 360 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/JYaNBYPNFwo?si=pGCeaBTuUP3cnC7W"
Австралияның Дарвин қаласында «күн» автокөліктерімен жарыс басталды. Бұл күн батареясымен жұмыс істейтін электромобильдер.
Түрлі елдерден келген қатысушылар Аделаиданың оңтүстік қаласына дейін бүкіл Австралияны кесіп өтуі тиіс.
КЭТРИН ФЛАНДРС – SOLAR CAR ӨКІЛІ: "Біздің көліктерде кондиционер жоқ. Сыртқы температураға қарағанда іші ыстық. Шамамен 50 градус болар. Желдеткіш бар, бірақ мен жұмысыма берілгенде ыстықты сезінбеймін де".
Жарыстың мақсаты - мәреге тезірек жету. Бір аптаның ішінде командалар «күн» көліктерімен үш мың шақырымды бағындырады. Жарысқа негізінен университет командалары қатысады. Бірақ ірі автокөлік брендтері де жиі келеді. Олар үшін жарыс - электромобильдер саласындағы болашақ технологияларға арналған сынақ полигоны.
ИОАН ПИК – ДЖОНСОН - SOLAR CAR ӨКІЛІ: "Біз - 3000 шақырымды игеруіміз керек. Бұл солтүстіктен оңтүстікке қарай бүкіл Австралия. Біз күн қуатымен қозғаламыз. Ал оның негізінде өте жеңіл және өте аэродинамикалық құрылым жатыр".
Жолда командалар төтенше жағдайларға жиі тап болып жатады. Жолда қалып жатса улы жыландар мен қауіпті жәндіктер, жыртқыштар мекендейтін жерлерде түнеуге тура келеді. Күндіз ауа температурасы 40-тан асса, кешке салқын самал болады. Жарысқа автокөліктердің екі түрі қатысады. Біріншісі - Challenger класындағы бір орынды электромобильдер. Олар максималды аэродинамикалық және электрлік тиімділікті ескере отырып құрастырылған.
РИЧАРД ХОПКИНС – SUNSWIFT RACING КОМАНДАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: "Электр көліктерімен жүреміз деп кім ойлаған.1987 жылы бұл ертегі сияқты көрінетін. Австралияда бұл қалыпты жағдай, әлемнің қалған бөлігін қуып жетеміз. Күн батареясындағы автомобильдер - бұл келесі қадам".
Биыл автокөліктерде Bridgestone шиналарының прототиптері тестіленеді, олардың 63%-ы қайталама шикізаттан тұрады. Олардың міндеті - жүріс қорын ұлғайту арқылы үйкелісті қысқарту.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 385 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/SFE_-SXn9EM?si=pZ2ORvSXfkb2Ex-l"
Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен 25 қазан Республика күніне орай «DASTUR FEST» көрмесі өткізілді. Көрменің салтанатты ашылуында Батырлар тобы арнайы трюктерімен өнер көрсетсе, Ұлттық шапандар тобы қазақи нақышта киімдер тігіп, елге дәріптеп жүрген бренд иелері өз өнімдерімен ортаға шықты.
Ұлттық киім мен кимешек киген апалар тобы халық алдында дәстүріміздегі әйелдер киім үлгісін дәріптеліп,темір ұстасының киімдері көпшілік назарына ұсынылды. Сондай ақ Қазақ дәстүріндегі табақ тарту әдісін нағыз маман жұртшылыққа таныстырып өтті. Көрменің ашылу салтанатында ҚМДБ Төрағасы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық ықыласы мен сәлемін наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы жиналған көпшілікке жеткізді.
КЕНЖЕӘЛІ ҚАЖЫ ҚОҢЫРАТБАЙҰЛЫ ҚМДБ НАИБ МҮФТИІ
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ел мұсылмандарының қара шаңырағы. Муфтият қашан да ата-бабадан мұра болған мұсылмандық мектепті ұстанып, салт-дәстүрімізді дәріптеп келеді. Мысалы, муфтият бұған дейін «Дін мен Дәстүр” атты бірінші және екінші кітабын шығарса, жуырда «Дін мен Дәстүр» үшінші кітабы жарық көрмек. Сондай-ақ, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен муфтияттан арнайы «Дін мен Дәстүр» бөлімі ашылды. Бұл бағыт – жамағат арасында құстың қос қанатындай болған осы қос ұғымды насихаттауға күш салмақ деді Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан
ТӨЛЕБИ ОСПАН
«DASTUR FEST» көрмесіне келген көпшілікке ақ жаулықты аналар шашу шашып, келіндер қонақтарға бауырсақ дәмін ұсынды. Көрменің келесі кезеңі әжелердің жүн түту, сабау, жіп иіру секілді салт-дәстүрлермен жалғасын тапты.Жиналған қауым алдында баланың тұсау кесу дәстүрі орындалып,«Оқырманмен ой бөліс» жобасы аясында ғалым, PhD доктор Азамат Жамашевтың, PhD докторанты Сырым Шакизаданың, ұстаз Ерлан Ақтаевтың оқырмандармен кездесуі өткізілді
Ұлттық мереке қарсаңында ұйымдастырылған «Дәстүр Фест» көрмесінің басты мақсаты – халық арасында Дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу болатын.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 382 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/yPQ-e1lnw_Q?si=57LqwR2ffkmrdpnL"
Ақтауда жантүршігерлік жағдай орын алды. 34 жастағы ер адам жеделсаты астында қалып, оқиға орнында қаза тапты. Қайғылы оқиға 24 қазанда түнгі мезгілде 3-ші шағын аудандағы ғимараттардың бірінде болған. Оқиғаның қалай болғаны видеоға түсіп қалған. Бұл жағдай дүкендердің бірінің ғимаратында тіркелген. Екі адам сөрелерден нан түсіріп жатқан. Бір кезде лифт құлап кетіп, ерлердің бірін шахтаға тартып әкетеді.Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі басқа зардап шеккендер түспегенін хабарлады.
ӘЙГЕРІМ ИБАТУЛЛАЕВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: «34 жастағы ер адамға жеделсаты құлады. Аталған дерек ҚР ҚК 156-бабы 3-бөлігі бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТТБТ-де тіркелді. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 345 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/4G3_bQQn_rg?si=ZXZTP472QEWWUOGp"
Ақмола облысының прокуратурасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заңдылықтың сақталуын тексеру барысында көлік құралдары басқармасына медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарда жүргізуші куәліктерінің болу фактілерін анықтады. Прокурорлық тексерістен кейін 120 адам көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылады.Басқа бұзушылықтар үшін прокурорлар полиция органдарымен бірлесіп, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 97 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.
МЕРУЕРТ БАЙБОЛОВА АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ: «Олардың бәрінде көлік құралдарын жүргізу құқығына ие жүргізуші куәлігі бар. Бірақ, көлікті басқаруға тыйым салынатын ауруына байланысты диспансерлік есепте тұрғандар анықталды. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша аталған тұлғаларды көлік құралын басқару құқығын тоқтату жөнінде шаралар қабылданады».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 376 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/FFxLMyA9ph4?si=AVqrQJQ2JiFcsda3"
Риддер жылу электр орталығы қарызсыз мемлекет меншігіне қайтарылды. Кәсіпорынның бұрынғы иелері 5,5 млрд теңгеден астам борышын толық төлеген. Оның ішінде жалақы және салық міндеттемелері бойынша берешегі де бар. Бұл туралы қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов айтты.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Риддер ЖЭО-ның бұрынғы лауазымды тұлғалары жөндеу жұмыстарына арналған қаражатты ұрлаған, нәтижесінде қала тұрғындары жылу энергиясын беру кезінде станция бірнеше рет істен шыққан. Жылу электр орталығының бұрынғы басшыларына қатысты мемлекетке аса ірі мөлшерде, 4,1 млрд теңге сомасында залал келтірді деген күдікпен, алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды».
Тағы басқа мақалалар...
157 ішінен 194 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.